Ќазаќстан республикасыныѕ екiншi деѕгейдегi банктерiнде жјне банк операцияларыныѕ жекелеген тїрлерiн жїзеге асыратын ўйымдарда касса операцияларын жјне банкноталарды


-тарау. Касса қызметкерлерiнiң құндылықтарды



бет4/13
Дата14.03.2018
өлшемі1.92 Mb.
#20889
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

12-тарау. Касса қызметкерлерiнiң құндылықтарды
бiр-бiрiне беру тәртiбi
      87. Касса меңгерушiсi жұмыс күнi алдында қабылдау және беру (құндылықтарды) есебi кiтабына қол қойғызып, кассирлерге қолма-қол ақша бередi және жауапты орындаушылардың есебiне (Ережеге 20 Қосымша) берiлген қатаң есептегi қажеттi бланкiлердi күнi бойы операциялар жасауға қатаң есептегi бланкiлер есебi кiтабына қол қойғызып бередi.
      88. Касса қызметкерлерi алынған (берiлген) құндылықтарды өздерiнiң ақша (құндылықтар) қабылдау және беру есебi кiтабында уақытылы көрсетiп отыруға тиiс. Касса меңгерушiсi жауапты орындаушылардың есебiне берiлген қатаң есептегi бланкiлердi операция қызметкерлерiне қатаң есептегi бланкiлер есебi кiтабына қол қойғызып бередi.
 

      89. Толық және толық емес бумаларды, сондай-ақ банкноттардың толық емес түбiршектерiнен тұратын бумаларды касса меңгерушiсi бiр-бiрлеп қайта санамай түбiршектер бойынша тексерiп, жапсырмадағы мақсатына қарай қабылдап алады, ал толық және толық емес қапшықтарды (қалташаларды, тюбиктердi) олардың ораулары Ереженiң 11-тарауының талаптарына сәйкес келген жағдайда жапсырмадағы мақсаты бойынша қабылдап алады.


      Касса қызметкерлерi арасында қолма-қол ақшаның барлығын парақтап қайта санап, бiр-бiрлеп қайта санап бiрiктiру үшiн берiледi.
3-Бөлiм. Автоматтандырылған жүйенi қолдана отырып
клиенттерге касса арқылы қызмет көрсету

13-тарау. Банк кассаларының клиенттерге
қызмет көрсетуi
      90. Банктер салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, зейнетақы жарналарын, әлеуметтік аударымдарды, жеке тұлғалардан заңды тұлғалардың және жеке кәсіпкерлердің пайдасына сатылған тауар, көрсетілген қызмет, орындалған жұмыстар үшін төлемдерді, сондай-ақ жеке тұлғалардың банктік шоттарына кейіннен есептеу үшін төлемдерді төлеу есебіне клиенттерден ұлттық валютадағы қолма-қол ақшаны қабылдауға құқылы. Банк шотын ашпастан ақша төлемдері мен аударымдарын жүзеге асыру тәртібі Ұлттық Банктің нормативтік құқықтық актілерінде белгіленеді. Резиденттер арасындағы және резиденттер мен резидент еместер арасындағы төлемдер мен аударымдар Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
      Ескерту: 90-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2005 жылғы 12 желтоқсандағы N 156 қаулысымен.
 

      91. Клиенттерден төлемдердi банктердiң кiрiс кассалары қабылдап алады.


      Ескерту: 91-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2008.11.28 N 94 Қаулысымен.

      92. Коммуналдық төлемдерді, зейнетақы жарналарын, әлеуметтік аударымдарды, сондай-ақ салықтарды, салықтық емес және бюджетке өзге түсімдерді қабылдау Ұлттық Банктің нормативтік құқықтық актілерінде көзделген төлем құжаттары негізінде жүзеге асырылады.


      Ескерту: 92-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2005 жылғы 12 желтоқсандағы N 156 қаулысымен.

      93. Клиенттерден түсетiн тұрақты төлемдердi жүргiзу кезiнде (коммуналдық төлемдер үшiн ақы, оқу үшiн ақы және басқа) банктер мен пайдасына төлем қабылданатын заңды тұлғалардың арасында төлем қабылдауға шарт жасалуы мүмкiн. Мұндай жағдайда операцияларды орындағаны үшiн шарт талаптарына сәйкес төлем алынады.


      Шарт жасасу кезiнде төлем жасау түрлерi, кiрiс құжаттарының нысандары және оларды толтыру тәртiбi, төлемдердi қабылдау және есепке алу талаптары, ұсыну нысаны және төлем құжаттарын беру тәсiлдерi, тараптардың жауапкершiлiгi мен мiндетi, заңды тұлғалардың осы операцияларды жүргiзгенi үшiн банкке төлейтiн комиссиялық сыйақылар сомасы анық белгiленуi тиiс.
      Ескерту: 93-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2005 жылғы 12 желтоқсандағы N 156 қаулысымен.  

      94. Банктер заңды тұлғалармен қабылдау және төлем бойынша бiрлесе құрылған жүйелерде операциялар жүргiзу тәртiбi туралы шарт жасаулары мүмкiн. Мұндай жүйелерде төлем жасаушының, ақша алушының деректемелерi туралы қажеттi ақпарат және төлем сомасы жазылған электронды жазбадағы құжаттар қолданылуы мүмкiн. Осы құжаттарды төлем жасаушыға ақша алушы - заңды тұлға бередi және жүйе мүшелерi - банктер операциялар жүргiзу үшiн негiз ретiнде қабылдап алады. 

      95. Операцияларды есепке алу және қажеттi есептiк құжаттарды жинақтау үшiн "Банктiң операциялық күнi" бағдарламалық қамтамасыз етуiне қызмет жасайтын касса жұмыстарының автоматтандырылған жүйесiн (бұдан әрi - касса жұмысының жүйесi) қолдануға болады. Банк (немесе олардың филиалдары) кассалары төлемдер қабылдау бойынша операцияларды орындаған жағдайда жеке қызмет ететiн кассалық жұмыстар жүйелерi қолданылуы мүмкiн. Бұл жүйелерде операциялар жүргiзiлгенi туралы ақпарат операциялық күн аяқталғаннан кейiн байланыстың тиiстi арналары немесе ақпараттарды ара-арасында жеткiзу арқылы "банктiң операциялық күнiне" жiбередi.  

      96. Егер банктер ақша алушы - заңды тұлғамен жасасқан шарт талаптарына сәйкес электронды жазбадағы төлем құжаттарын қабылдап алса, олардағы осы жазбадағы ақпаратпен танысу үшiн қағаз құжаттар тiркелiп келуi керек. 

      97. Кассир орындаған барлық операциялар оның мазмұнын өзгертуге жол бермейтiн нысанда касса жұмысы жүйесiнiң жұмысы хаттамасында көрсетiлуi керек. Жұмыс аяқталғаннан кейiн осы хаттама операциялық күн құжаттарында сақталуға тиiс. 

      98. Егер касса касса торабының жанында болса, төлем қабылдауды жүзеге асыратын кассир касса меңгерушiсiнен өз есебiне аз номиналды банкноттар мен ұсақ металл ақшаның қажеттi сомасын қабылданған және берiлген ақша (құндылықтар) есебiн жүргiзу кiтабына қол қоя отырып алады, егер касса касса торабынан тыс жерде орналасса, банк инкассаторы арқылы банк (немесе оның филиалы) жiберген қолма-қол ақша есебiн жүргiзу кiтабына қол қоя отырып алады. 

      99. Кассир төлемдер қабылдау кезiнде мiндеттi түрде:
      1) кiрiс құжаттарының дұрыс толтырылуын тексередi;
      2) клиенттен қолма-қол ақшаны қабылдап алады және қайта санап шығады, қолма-қол ақшаның сомасын кiрiс құжатында көрсетiлген сомамен салыстырады.
      Клиент ұсынған кассалық кiрiс құжатында қажеттi деректемелер болмаған жағдайда немесе қолма-қол ақша сомасы төлем сомасынан аз болса, операция орындалмайды, ал құжат және ақша клиентке қайтарылады.

      100. Бағдарламалық қамтамасыз етудi пайдалану кезiнде кассир клиент ұсынған кiрiс құжатының мәлiметтерiн компьютерге енгiзедi. Енгiзiп болғаннан кейiн мынадай деректемелер бар түбiртек басып шығарады: банктiң атауы, төлем мақсаты, сомасы, төлем жасаушының және ақша алушының деректемелерi. Түбiртекте кассирдiң электронды қолы қойылған болуы тиiс және касса жұмысы жүйесiнiң электронды түрде қойған қолымен куәландырылады. Бағдарламалық қамтамасыз етуде электрондық қол қоюды қалыптастыру қызметi болмаған кезде түбiртекке кассир қол қояды және кассирдiң мөртабаны қойылады. 

      101. Кассир орындаған кiрiс құжаттары жұмыс аяғының соңында касса жұмысы жүйесiнiң құралдарымен өздiгiнен жинақталуы мүмкiн. Ақша алушы - заңды және жеке тұлғалардың тиiстi есепшоттарына қабылданған ақшаны есепке алу сол күнi немесе келесi күнi тiкелей немесе аралық ақпарат жазбалары арқылы "банктiң операциялық күнiне" берiлуi тиiс. Касса жұмысы жүйесiнде әрбiр ақша алушы - заңды тұлғаға келiсiлген нысанда жiберiлетiн төлемдер бойынша қосымша тiзiлiм жинақталуы мүмкiн.
      Касса жұмысы жүйесi бойынша жүргiзiлген операциялар негiзiнде жалпы кассалық ордер қалыптасады. 

      102. Төлемдердi қабылдау электронды бақылау-кассалық аппараттарды (бұдан әрi - электронды-кассалық аппарат) қолдану арқылы жүргiзiлуi мүмкiн. Электронды-кассалық аппарат бақылау таспасында операцияның реттiк номерiн, кодын, операция жүргiзiлген күндi және қабылдап алынған соманы басып шығаруды қамтамасыз етуi тиiс, ал кiрiс құжаттарында төлем мақсаты, банк атауы, касса номерi, операция жасалған күн және қабылдап алынған ақша сомасы бедерлеме қойылады.

      103. Төлемдердi қабылдау бойынша тiркеу үшiн электронды-кассалық аппаратты қолдану кезiнде кассир (кiрiс құжаты мазмұнын тексергеннен және қабылдап алынған қолма-қол ақшаны қайта санап шыққаннан кейiн) төлем сомасын клавиатурада тередi, соманың дұрыс терiлгенiне көз жеткiзiп, хабарламаға және түбiртекке төлем сомасының мақсатын көрсете отырып электронды-кассалық аппарат мөртабанының бедерiн қояды, хабарламаға және түбiртекке қол қояды және түбiртектi төлем жасаушыға бередi. 

      104. Егер электронды-кассалық аппаратқа төлем сомасын енгiзу кезiнде қате жiберiлсе кассир операция жүргiзiлгенi туралы электронды-кассалық аппараттың бақылау таспасындағы мәлiметтердi өшiредi, ал кiрiс құжатында "Төлем жасалған жоқ" деген белгi жасайды және оны өз қолымен куәландырады. Хабарлама электронды-кассалық аппараттың бақылау таспасының астына қойылады және күннiң кассалық құжаттарында сақталады, ал түбiртек төлем жасаушыға қайтарылады.


      Төлем жасаушы жаңа кiрiс құжатын толтырған кезде операция қайта ресiмделедi.

      105. Клиенттен кейiн алушының - заңды тұлғаның банктiк есепшотына есептеу үшiн қабылданған соманы клиент банктен алуға талап ете алмайды. Жоғарыда көрсетiлген соманы қайтару алушы - заңды тұлға заңда белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.

      106. Кассир жұмыс күнi аяқталғаннан кейiн электронды-кассалық аппараттан бақылау таспасын шығарып алады, оның мәлiметтерi бойынша жалпы төлем сомасын санап шығарады, оны жұмыс күнi басталғандағы өз есебiне алған ақшаны, сондай-ақ касса меңгерушiсiне өткiзiлген соманы ескере отырып, қолда бар қолма-қол ақшамен салыстырады, бақылау таспасына күнiн, банктiң атауын, электронды-кассалық аппараттың номерiн жазады және өзiнiң қолын қояды.

      107. Қолда бар қолма-қол ақша сомасы бақылау таспасында белгiленген сомамен сәйкес келмеген жағдайда кассир барлық кiрiстiк касса құжаттарын бақылау таспасындағы мәлiметтермен салыстыру арқылы алшақтық себебiн анықтайды.

      108. Қолда бар қолма-қол ақша сомасын салыстырғаннан кейiн кассир таза кассалық ордердi бiр күнде қабылданған төлем сомасы туралы хабармен толтырады, сондай-ақ оларды төлем түрлерi және төлемдердi алушы - заңды тұлғалар бойынша сұрыптайды және хабарламаны бандерольдейдi. Бандерольдердiң әрқайсысында банктiң атауы, банктiк бiрыңғай код, төлемдердi алушы - заңды тұлғалардың банктiк есепшотының номерi, кiрiс құжаттарының саны, төлемдердiң жалпы сомасы, төлемдердi қабылдаған банктiң атауы, банктiң бiрыңғай коды, кассирдiң қолы көрсетiледi. 

      109. Жұмыс күнiнiң аяғындағы ақша қалдығы қабылданған және берiлген ақшаны (құндылықтарды) есепке алу кiтабына қол қоя отырып касса меңгерушiсiне, ал кiрiс құжаттары - қабылданған соманы тиiстi есепшоттарға есептеу үшiн бухгалтерияға тапсырылады. 

      110. Егер касса аумақтық жағынан касса торабынан алыста болса және онда бiр кассир жұмыс iстейтiн болса, онда қолма-қол ақша инкассаторлар арқылы операциялық кассаға өткiзiледi (ол үшiн жұмыс күнiнiң аяғында қолма-қол ақша инкассатор қоржынына iлеспе ведомоспен бiрге салынады). 

      111. Қажет болған жағдайда күнi бойы қабылданған қолма-қол ақшаны кассир клиенттер болмаған уақыттағы үзiлiс кезiнде ақша қабылдау және беру есебiн жүргiзу кiтабына қол қойып, касса меңгерушiсiне (аға кассирге) өткiзедi. Егер мұндай үзiлiс болмаса, онда төлем қабылдауды ақша өткiзу үшiн қажеттi мерзiмге тоқтатады. Бұл уақытқа "Техникалық үзiлiс" хабарландыруын iлiп қою керек. 

      112. Клиенттерден касса жұмысы жүйесi арқылы қабылданған төлем сомасы келесi операциялық күннен кешiктiрмей немесе шартта келiскен мерзiмде тиiстi есепшоттарға есептелiнедi. Жұмыс күнiнен кейiн қабылданған төлем сомасы кешкi касса үшiн белгiленген тәртiппен есептеледi.
      Ауылдық жерлердегi банк кассалары (немесе оның филиалдары) қабылдаған төлемдер үшiн есепке алу мерзiмi банкке (филиалға) құжаттарды пошта немесе басқа байланыс арқылы жеткiзуге қажеттi уақытқа ұзартылады.
14-тарау. Төлем карточкаларын қолдану арқылы
кiрiс-шығыс операцияларын орындау тәртiбi
      113. Кассалық жұмыс жүйесiн және төлем карточкалары көмегiмен банк клиенттерiнiң есепшотын пайдалану жолымен жүзеге асырылатын "банктiң операциялық күнiн" пайдаланушы банктерде қолма-қол ақшаны есепшоттарға енгiзу және есепшоттардан алу кiрiс және шығыс ордерлерiн қолданбай-ақ жүргiзiледi.
      Банк кассаларында жүргiзiлген кiрiс және шығыс операцияларына есеп жүргiзу, есеп жүргiзу құжаттарын жинақтау және тиiстi есепшоттарда операцияларды көрсету үшiн ақпаратты "банктiң операциялық күнiнде" өткiзу кассалық жұмыс жүйесi тәсiлiмен жүргiзiледi.
      Операцияларды банктен қашықтағы филиалдардың кассалары орындаған жағдайда жеке қызмет iстейтiн кассалық жұмыс жүйесiн пайдалана алады. Осы жүйелерде жүргізiлген операциялар туралы ақпарат операциялық күн аяқталғаннан кейiн байланыс арналары немесе аралық ақпарат көздерi арқылы "банктiң операциялық күнiне" берiледi.
      Кассир орындайтын барлық операциялар оның мазмұнын өзгертуге жол бермейтiн нысанда кассалық жұмыс жүйесi жұмысының хаттамасында көрсетiлуi тиiс. Операциялық күн аяқталғаннан кейiн осы жұмыс хаттамасы операциялық күн құжаттарында сақталуы керек.
      Ескерту: 113-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2008.11.28 N 94 Қаулысымен.

      114. Операцияларды орындау кезiнде кассир банк нұсқаулығының тиiстi нұсқауларын немесе төлем жүйесiнiң тиiстi ережесiн басшылыққа алуы және клиент карточкасының дұрыстығына көз жеткiзуi керек.


      Егер төлем карточкасы дұрыс деп танылса, онда кассалық жұмыс жүйесi тәсiлдерiмен одан ақпарат алынады, ал клиент арнайы клавиатурада немесе төлем терминалының клавиатурасында өзiнiң дербес сәйкестендiрiлген кодын тередi. Егер банк төлем карточкалары жүйесiнiң қатысушысы болса және клиенттерге (шарттың мiндеттемелерiне сәйкес жүйенiң қатысушылары - басқа банктердiң алдында) қызмет көрсететiн болса, карточка ұсынушы - тұлғаның бiрыңғайлығына сәйкестендiрiлген номер қолданбай-ақ, яғни төлем жүйесiндегi жұмыс технологиясына байланысты, мысалы, дауыстық авторландыру әдiсiн, басқа да әдiстердi қолдануға болады.
      Егер карточка клиенттiң дербес сәйкестендiрiлген кодын бiрнеше рет дұрыс термеуi себебiнен дұрыс емес деп танылса немесе оның жеке басына басқа да күдiгi болса, онда кассир төлем карточкасын бөлек қоюы керек, оған тыйым салу жөнiнде тиiстi шаралар қолдануға тиiс. 

      115. Есепшотқа салынатын немесе есепшоттан алынатын ақша сомасын клиент банкомат клавиатурасында тередi, одан кейiн сәйкестендiрiлген дербес номерiн тередi. Дұрыс терiлгендiгiн клиент банкомат клавиатурасындағы сандық индикатордың көмегiмен бақылайды. Төлем терминалы көмегiмен есепшоттан ақша алынған немесе есепшотқа ақша салынған жағдайда клиент тек қана сәйкестендiрiлген дербес номердi енгiзедi, есепшоттан алынатын немесе есепшотқа салынатын соманы төлем терминалының клавиатурасында кассир тередi. 

      116. Кассир ақшаны қабылдай отырып клиент көрсеткен соманы қайта санау кезiнде шыққан нақты сомамен салыстырады. Егер бұл сомалар сәйкес келсе, кассир оларды есепшотқа аударуға бұйрық енгiзедi. Сәйкес келмеген жағдайда кассир клиентке қолда бар ақша шегiндегi салынатын соманы қайталап тексерудi ұсынады. 

      117. Клиентке ақша есепшоттағы қалдық шегiнде берiледi. Банк пен клиент арасындағы кредит беру шарты бойынша ақша есепшоттағы қалдық және/немесе шартта ескерiлген кредиттеу лимитi шегiнде берiледi. Егер клиент көрсеткен сома есепшотта бар ақша қалдығынан және/немесе кредиттеу лимитiнен асатын болса, кассир клиентке қолда бар ақша шегiндегi соманы қайта енгiзудi ұсынады. 

      118. Операция аяқталғаннан кейiн клиентке номерленген түбiртек немесе жинастырылуы жүйеде көзделген банктiң атауы, есепшот номерi, күнi, уақыты, операция коды, қабылданған және берiлген ақша сомасы және басқа қосымша деректемелерi бар операциялар бойынша көшiрменi (чектi) бередi. Операциялар бойынша түбiртекке немесе көшiрмеге (чекке) клиент қол қояды. 

      119. Егер банк төлем карточкалары жүйесiнiң қатысушысы болса және жүйеге қатысушы басқа банктер алдындағы шарттық мiндеттемелердi жүзеге асыруға сәйкес клиенттерге қызмет көрсетсе, ақша осы банктiң тиiстi есепшоттарына берiледi және аударылады. Ақшаны беру және/немесе аудару жөнiндегi операцияны орындайтын банк пен клиенттiң есепшоты ашылған банк арасында жасалатын төлемдер төлем және ақша аударымы туралы заңдарға және банктер арасында жасалған шартқа сәйкес орындалады.


15-тарау. Банкоматтар ұйымдастыру және олармен
жұмыс iстеу тәртiбi
      120. Банкоматтарда мынадай негiзгi операциялар жүргiзiледi:
      1) клиенттердi олардың есепшоттарындағы қалдықтар туралы хабардар ету;
      2) қолма-қол ақша беру;
      3) клиенттерден олардың есепшоттарына орналастыру үшiн қолма-қол ақша қабылдап алу (бұл қызметтi депозиттiк банкоматтар iске асырады). 

      121. Операцияларды орындау үшiн банкоматқа кiру төлем карточкаларын және банк клиенттерiнiң дербес сәйкестендiрiлген номерлерiн қолдану арқылы жүргiзiледi. Клиентке қолма-қол ақша беру (қабылдап алу) бойынша операцияларды орындағаннан кейiн банкоматты пайдаланатын банктiң атауы, банкоматтың номерi, күнi, сағаты, операция түрi, транзакция номерi, берiлген (қабылданған) қолма-қол ақшаның сомасы және басқа деректемелер көрсетiлген номерленген түбiртек берiлуi тиiс.


      Банкоматтарға қолма-қол ақша салу немесе инкассациялау бойынша осы Ереженiң талаптарын сақтауға болмайтын банк iшiндегi касса операцияларын автоматтандыру жүйесiндегi банкоматтарды пайдаланған жағдайда, аталған операцияларды жүргiзу тәртiбi банктiң iшкi ережелерiмен бекiтiлуге тиiс. 

      122. Банкоматтарды қолма-қол ақшамен қамтамасыз ету немесе инкассациялау бойынша операцияларды орындау үшiн банк басшысының жазбаша нұсқауымен қызметкерлердiң қызметтiк мiндеттерiн өзара бөлiсе отырып, мiндеттерiне банкоматтарға қызмет көрсету кiретiн тиiстi тобы тағайындалады. Тағайындалған қызметкерлердiң қызметтiк мiндеттерiн атқару осы Ереже негiзiнде жасалатын банктiң iшкi ережелерiнде белгiленуi тиiс.


      Банкоматқа техникалық қызмет көрсетумен тиiстi қызметкерлер немесе шарт негiзiнде қызмет көрсететiн ұйымдардың қызметкерлерi айналысады. Банкомат құлпының құпия кодын ауыстыруды банк қауiпсiздiгi қызметiнiң қызметкерлерi немесе банктің банкоматты толтыру бойынша операцияларды жүзеге асыратын арнайы тағайындалған қызметкер жүргiзедi.
      Тағайындалған қызметкерлердi банкоматқа кiргiзу үшiн оларға дербес жеке кiру карточкалары бекiтiледi.
      Ескерту: 122-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2005 жылғы 12 желтоқсандағы N 156 қаулысымен. 

      123. Әрбiр банкомат үшiн оны қорғау деңгейi мен үздiксiз жұмыс iстеуiн қамтамасыз етуге қажеттi бiр уақытта сейфке салынып және сақталатын қолма-қол ақшаға лимит белгiленедi.


      Банкоматтармен жүргiзiлетiн операцияларды есептеу үшiн банкоматтарды салу және алу операциялары есебiнiң кiтабы жүргiзiледi (Ережеге 22 қосымша). Бұл кiтапты жүргiзу жөнiндегi жауапкершiлiк касса меңгерушiсiне немесе банк басшысының бұйрығымен арнайы тағайындалған лауазымды тұлғаға жүктеледi. Ол номерленген, тiгiлiп, банк (банк филиалы) басшысы мен бас бухгалтердiң қолы қойылған және банктiң мөрiмен куәландырылған болуы керек.
      Ескерту: 123-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2005 жылғы 12 желтоқсандағы N 156 қаулысымен.

      124. Касса меңгерушiсiне немесе банк басшысының бұйрығымен арнайы тағайындалған лауазымды тұлғаға сейф кiлттерiнiң бiр жиынтығы және банкноттарды басқару модулiнiң кiлттерi бекiтiлiп берiледi. Сейф кiлттерi және банкноттарды басқару модулiнiң кiлттерi, қызметкерлердiң банкоматты пайдалануға рұқсат карточкалары, сондай-ақ банкоматтарға ақша салу және алу операциялары есебiнiң кiтабы касса меңгерушiсiнiң сейфiнде сақталады. Банкомат кiлттерiнiң түпнұсқасы және көшiрмелерi осы Ереже талаптарына сәйкес банк қауiпсiздiгi қызметiнде немесе қоймада сақталады. Құлыптың құпия кодын ауыстыруға мүмкiндiк беретiн кiлт iстен шыққанда банк қауiпсiздiгi қызметiне (банкомат құлпының құпия кодын ауыстыруға жауапты қызметкерге) берiледi.


      Кiлттер осы Ереженiң талаптарына сәйкес тiркелуi тиiс. Қызметкерлер арасында бiр-бiрiне кiлт беру тәртiбi банк басшысының жазбаша нұсқауымен белгiленедi.
      Ескерту: 124-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2005 жылғы 12 желтоқсандағы N 156 қаулысымен. 

     125. Банкоматты қолма-қол ақшамен нығайту оларға деген сұранысқа байланысты жүргiзiледi. Кассир қолма-қол ақшаның банкоматқа қажеттi лимит шегiнде белгiленген, кассетке салу үшiн арнайы соманы осы Ережеде белгiленген тәртiппен касса меңгерушiсiнен сұратады. Кассетке ақша салу, сондай-ақ оларды кассеттен алу касса үй-жайында жүргiзiледi. Қабылданған ақшаны кассир купюр бойынша қайта санап шығады, кассеттi кiлтпен жабады және пломбы салады.

      Кассетаға банктiң атауы, банкомат номерлерi, купюрлердiң номиналы және саны, салынған ақшаның сомасы, күнi, кассирдiң қолы және жеке мөртабаны көрсетiлген этикетка жапсырылады. Кассеттi толтырғаннан кейiн кассир банкоматтың тұрған жерiн, банкоматтан алынуға және банк кассасына жеткiзiлуге тиiстi кассет номерiн, банкоматқа қойылуға тиiстi кассет номерiн көрсете отырып инкассаторға жүру бағыты парағын (Ережеге 23 қосымша) ресiмдейдi және оның жұмысын инициалдауға қажеттi ақпарат ұсынады. Инкассаторларға келесі күні беру үшін алдын ала дайындалған, қолма-қол ақша салынған касеталар қоймада қолма-қол ақшадан бөлек сақталуы тиіс.

      Ескерту: 125-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2009.07.24 N 65 Қаулысымен.     

126. Банкоматты толтыру үшiн касеттер және жүру бағыты парағы инкассаторға берiледi, ол кассеттiң және пломбының бүтiндiгiн, түбiртектегi деректемелердi тексередi. Инкассаторға кассеттермен бiрге банкоматтарға ақша салу және алу бойынша операциялар кiтабына қол қойғызып, банкоматтар сейфiнiң және оны басқару модулiнiң кiлтi мен кiргiзу карточкасын бередi.
      Банкоматтарды толтыру бойынша операцияларды арнайы бөлінген кассир немесе арнайы тағайындалған банк қызметкері инкассаторлардың еріп баруымен орындауы мүмкін.
      Ескерту: 126-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2005 жылғы 12 желтоқсандағы N 156 қаулысымен. 

      127. Кассеттi жеткiзгеннен кейiн инкассатор кiргiзу карточкасын қолдана отырып, банкоматқа қызмет көрсету режимiне кiредi, жүру бағыты парағында көрсетiлген кассеттi қолма-қол ақша қалдығымен қоса алады, жаңа кассеттi қояды және жүру бағыты парағының мәлiметтерi бойынша қондырылған кассетадағы купюрлердiң номиналы мен саны туралы ақпаратты банкоматты басқару модулiне салады. Содан кейiн чектiк баспа қондырғысында банкоматтың номерiн, толтыру операциясы орындалған күн, инкассатордың бiрегейлендiрiлген карточкасын, алынған кассеттегi қолма-қол ақша қалдығын және қондырылған кассеттегi қолма-қол ақша сомасын көрсете отырып нөмiрленген түбiртектi басып шығарады.


      Банкоматты толтыру операциясы аяқталғаннан кейiн ол инициал берiледi және жұмысқа қосылады. Сонымен бiрге кассеттi ауыстыру туралы ақпарат банкоматтарды басқару жүйесiне берiледi, ал толтырылған ақша банкоматтың баланстық есепшотына берiледi. 

      128. Инкассатор банкоматтардан ақша алу және оны толтыру бойынша операциялар есебi кiтабына қол қойғызып, алынған кассеттi, кiлттердi, карточканы және банкоматтан алынған түбiртектi кассирге бередi.


      Кассир инкассатордың көзiнше жеткiзiлген кассеттiң бүтiндiгiн, этикеткасын және пломбысын тексередi және одан сомасы көрсетiлген түбiртектi алады. Одан кейiн кассир жүру бағыты парағына қол қоя отырып, кассеттi қабылдап алғанын растайды. Кассир касса меңгерушiсiнiң (бақылаушының) көзiнше кассеттен алынған қолма-қол ақшаны қайта санап шығады, сомасын түбiртекпен салыстырады, кассеттен алынған сомаға кассалық кiрiс ордерiн толтырады және бухгалтер-бақылаушыға кiрiс кассасы бойынша жазба жасау үшiн бередi, осыған сәйкес банкоматтың баланстық есепшотынан осы сома шығарылады және кассаның есепшотына есептеледi және қолма-қол ақша касса меңгерушiсiне берiледi.
      Кассеттегi қолма-қол ақша қалдығының нақты сомасы банкоматтан алынғаннан және түбiртекте көрсетiлгеннен алшақтық байқалған жағдайда тиiстi акт жасалып, касса меңгерушiсi мен кассир қол қояды.
      Байқалған алшақтық дерегi бойынша қызметтiк зерттеу жүргiзiледi. Оның құрамында қосымша банкоматқа қызмет көрсететiн техникалық қызметкер, банкомат кассетiн ауыстырған инкассатор болуы тиiс және алшақтық себептерi анықталады. Қызметтiк зерттеу нәтижелерi бойынша қолма-қол ақша жетiспейтiндiгi расталған кезде кiнәлi адамдар белгiленген тәртiппен жетiспейтiн соманың орнын толтыруға мiндеттi.
      Жұмыс күнiнiң аяғында касса меңгерушiсi банкоматқа салынған қолма-қол ақша сомасы туралы есеп бередi және инкассатордан алынған түбiртекпен бiрге күн құжаттарына тiгедi. 

      129. Мезгiл-мезгiл, айына кем дегенде бiр рет, банкоматқа ақша толтырылып тұрады. Инкассатор алынған кассетпен бiрге банкоматтың баспа қондырғысынан (банкоматтың операциялар журналы) алынған қағаз таспаны кассаға жеткiзедi. Алынған кассеттегi қолма-қол ақша сомасын банкомат есепшотындағы сома қалдығымен салыстырады және қолма-қол ақша қалдығын Ереженiң 128-тармағында көрсетiлген тәртiппен кассаға салады. Ақша қалдықтары арасында алшақтық байқалған жағдайда тиiстi акт жасалып, оған касса меңгерушiсi, кассир және техникалық қызметкер қол қояды, сонымен бiрге банкоматты басқару жүйесi берген мәлiметтер және банкомат операциялары журналынан мәліметтер пайдаланылады, қалдықтардың сәйкес келмеу себептерi анықталады. 

     130. Депозит банкоматтарын қолма-қол ақша қалдықтарымен бiрге қолданған жағдайда инкассатор клиенттiң есепшотына есепке алу үшiн ақша салынған конверттi жеткiзедi. Кассир конверттегi соманы банкоматтарды басқару жүйесiнен алынған мемориалдық ордер мәлiметтерiмен сәйкестiгiн касса меңгерушiсiнiң көзiнше салыстырады. Нақты сома мен мемориалдық ордер арасында алшақтық байқалған жағдайда клиенттiң мәлiметтерi, банкоматтың номерi, мекен-жайы, мәлiмденген және нақты сома көрсетiлген тиiстi акт жасалады. Актiге кассир және касса меңгерушiсi қол қояды. Қолма-қол ақша салған клиент актiнiң мазмұнымен танысуы керек. Осы кезде туындауы мүмкiн даулы мәселелер клиент пен банк арасындағы шартта және/немесе заңмен белгiленген тәртiппен шешiледi.

      Салыстырып болғаннан кейiн кассир конверттен нақты алынған ақша сомасына кассалық кiрiс ордерiн жазады. Касса меңгерушiсi ақшаны кассирден алады, соманы мемориалдық ордер мәлiметтерiмен салыстырады, кiрiс және мемориалдық ордерлерге қол қояды.

      Ескерту: 130-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2009.07.24 N 65 Қаулысымен.     

131. Банкоматтарға техникалық қызмет көрсету, оларды пайдалану (техникалық қызмет көрсету) жөнiндегi нұсқаулықта көрсетiлген тәртiппен жүргiзiледi. Техникалық қызмет көрсетудi және операцияларды банкомат жұмысының операциялық кезеңiнiң басталуы мен аяқталуы арасында белгiленген уақытта жүргiзу ұсынылады. 

      132. Техникалық қызмет көрсетудi және банкомат сейфiнде орналасқан модульдердi жөндеудi оны толық толтырғаннан кейiн жүргiзу керек. Банкомат жұмысындағы барлық тәртiп бұзушылық және оларды жою тәсiлдерiн формулярға немесе банкомат кемiстiгi және оларды жою әдiстерi есебiнiң тиiстi журналына жазып отыру керек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©kzref.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет