Ќазаќстан республикасыныѕ екiншi деѕгейдегi банктерiнде жјне банк операцияларыныѕ жекелеген тїрлерiн жїзеге асыратын ўйымдарда касса операцияларын жјне банкноталарды


-1 тарау. Құндылықтарды темір жол және авиация



бет6/13
Дата14.03.2018
өлшемі1.92 Mb.
#20889
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

21-1 тарау. Құндылықтарды темір жол және авиация
көлігімен тасымалдау
      Ескерту: 21-1-тараумен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2005 жылғы 12 желтоқсандағы N 156 қаулысымен.

      185-1. Құндылықтарды автомобиль көлігімен тасымалдау мүмкін емес болғанда құндылықтарды банк филиалдарынан темір жол және авиация көліктерімен жеткізуге және әкетуге жол беріледі. Құндылықтарды тасымалдау тікелей бағыттағы поездармен және әуе кемелерімен ғана жүзеге асырылады.

      185-2. Алынған өтінімдер негізінде құндылықты жөнелтетін банктің басшысы құндылықты алатын банктің атауын, соманы, жеткізу күнін және тәсілін көрсете отырып оларды тасымалдау жөніндегі өкімге қол қояды.

      185-3. Құндылықтарды инкассаторларға беру Ереженің 178-тармағында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады. Инкассаторлар бригадасы құндылықтарды авиация көлігімен тасымалдаған кезде екі адамнан кем болмайды, ал құндылықтарды темір жол көлігімен тасымалдаған кезде - үш адамнан кем болмайды.

      185-4. Инкассаторлар бригадасын темір жол вокзалына және әуежайға инкассация қызметінің арнайы автомобильдерімен ғана апарған жөн.
      Инкассаторлар бригадасын поезд немесе әуе кемесі жөнелтілетін жерге дейін алып баратын инкассатор жүргізуші көлікке отырғызуды қадағалайды және поездың немесе әуе кемесінің жөнелтілгеніне көз жеткізгенде ғана ол жерден кетеді.

      185-5. Межелі жерге темір жол немесе авиация көлігімен келген кезде құндылықты алатын банк инкассаторлар бригадасын инкассация қызметiнiң арнайы автомобильдерімен күтіп алуды қамтамасыз етеді.

      185-6. Жеткізілген құндылықтарды банктің лауазымды тұлғалары қабылдап алады және дәл сол күні банктің кассасына есепке алынады. Банктің басшысы құндылықтарды инкассаторлардан тәуліктің кез келген уақытында қабылдап алуды қамтамасыз етеді. Инкассаторлар жеткізген, бірақ дәл сол күні банк кассаға есепке алмаған құндылықтар Ереженің 5-бөлімінің 20-тарауына сәйкес құндылықтарды жеткізген инкассаторлардың жауапкершілігінде сақталады.
21-2 тарау. Қолма-қол ақшаны және басқа да
құндылықтарды банктің клиенттеріне жеткізу
      Ескерту: 21-2-тараумен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2005 жылғы 12 желтоқсандағы N 156 қаулысымен.

      185-7. Қолма-қол ақша банк клиентіне алдын ала ұсынылған немесе банкке инкассаторлар арқылы берілген чек немесе шығыс ордері бойынша жеткізілуі мүмкін.

      185-8. Банк клиентке және инкассация қызметінің басшысына қолма-қол ақша салынған қапшықтарды пломбалау үшін пайдаланылатын, касса меңгерушісі растаған, пломбирлердің бедерi анық пломбалар үлгісін береді.
      Клиенттерге жеткізу үшін қолма-қол ақшаны алдын ала дайындау Ереженің 2-бөлімінің 5-тарауында белгіленген тәртіппен жүргізіледі.

      185-9. Инкассаторлар жеткізген қолма-қол ақшаны қабылдау үшін заңды тұлға-клиенттің басшысының бұйрығы негізінде заңды тұлғаның уәкілетті өкілдерінің ішінен кемінде үш адам болатын комиссия құрылады. Бұйрықтың көшірмесі шартпен бірге банкте сақталады. Комиссия құрамы өзгерген жағдайда бұл туралы инкассация қызметіне алдын ала хабарланады.


      Қолма-қол ақшаны алған кезде комиссия мүшелері инкассаторға бұйрықты және жеке басын куәландыратын құжатты, ал ұйымның кассирі - чектің бақылау маркасын береді. Инкассатор бақылау маркасы нөмірінің қапшыққа жапсырма құжатта көрсетілген чектің нөміріне сәйкес келуін тексереді. Чектің бақылау маркасы инкассаторға беріледі.

      185-10. Клиенттің кассирі комиссия мүшелерінің және инкассаторлардың қатысуымен ақшаны қабылдайды. Қабылдау кезінде қапшықтар (қоржындар) пломбаланған пломбадағы пломбирлер бедерінің анықтығы, олардың банк берген үлгіге сәйкестігі және қаптың (қоржынның) бүтіндігі тексеріледі.


      Қолма-қол ақша салынған қапшық (қоржын) бүтін болмаған, пломбасы бүлінген немесе оның үлгісіне сәйкес келмеген жағдайда тиісті акт жасалады.
      Комиссия мүшелері қолма-қол ақшаны бұдан әрі қабылдауды инкассаторлардың қатысуымен бумалар және түбіршектер бойынша жүргізеді.
      Бумалар және түбіршектер бойынша қабылдау кезінде артық шығу немесе кем шығу анықталған жағдайда акт (Ережеге N 7 қосымша) жасалады, оған комиссия мүшелері, кассир және инкассаторлар бригадасының басшысы қол қояды және инкассаторлардың қатысуымен клиент-заңды тұлғаның кассирі жеткізілген барлық қолма-қол ақша банкноталарын парақтап қайта санайды және монеталарды бір-бірлеп қайта санайды.
      Тараптар арасында жасалған шарттың талаптарына сәйкес клиенттің жеткізілген қолма-қол ақшаны қабылдаудың өзге де тәртібін белгілеуге рұқсат етіледі.

      185-11. Инкассатордың заңды тұлға-клиентке қолма-қол ақшаны жеткізгенін растайтын құжат жасалған шартқа сәйкес банк кассасының меңгерушісіне ұсынылған чектің бақылау маркасы не шығыс ордеріне белгі қою болып табылады.


      Клиент алмаған (қабылдамаған) қолма-қол ақшаны инкассаторлардан қабылдау белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады және жеткізілген құндылықтарды инкассалау қызметінің кітабында касса меңгерушісінің қолхатымен ресімделеді (Ережеге N 33 қосымша).
21-3 тарау. Банк клиенттерін қолма-қол ақшамен
және құндылықтармен алып жүру
      Ескерту: 21-3-тараумен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2005 жылғы 12 желтоқсандағы N 156 қаулысымен.

      185-12. Банк клиенттерін қолма-қол ақшамен және құндылықтармен алып жүру алып жүруге жасалған шарттың негізінде жүзеге асырылады. Инкассация қызметі бөлімшесінде алып жүру бойынша қызмет көрсетілетін клиенттердің тізімі жүргізіледі.

      185-13. Клиент алып жүруге өтінімді алдын ала береді, ол инкассация қызметі бөлімшесінің басшысына беріледі. Жекелеген жағдайларда, клиенттің өтініші бойынша клиенттер қолма-қол ақшаны және құндылықтарды алған сәтінде инкассация қызметі басшысының шешімі бойынша алдын ала өтінім берместен клиентті алып жүруді инкассатор жүзеге асырады.
      Инкассация қызметінің басшысы алып жүруге түскен өтінімдерге сәйкес:
      1) инкассаторлардың маршруттары және клиенттерге келу кестесін жасайды;
      2) көрсетілген жұмысты орындағаны жөнінде құжаттама ресімдейді;
      3) бригада қалыптастыруды жүзеге асырады.
      Бір клиентті алып жүру кезінде инкассаторлар бригадасының сандық құрамы кемінде екі адамнан, басқа жағдайларда - үш адамнан кем болмайды.

      185-14. Операцияны орындау басталмастан бұрын инкассаторлар бригадасының басшысы жеке басын куәландыратын құжатын көрсете отырып клиентпен танысады. Клиент барлық құжаттардың бар екендігін тексергеннен кейін, инкассатор клиентті арнайы автомобильге дейін алып барады.

      185-15. Қолма-қол ақшамен және құндылықтармен клиентті алып жүру бойынша жұмыс кезінде инкассаторлардың автомобиль салонынан шығуына үзілді-кесілді тыйым салынады. Инкассаторлар қолма-қол ақшаны және құндылықтарды алуға, орауға, тасымалдауға қатыспайды және оның ішіндегілердің толық болуына жауапкершілік атқармайды.
      Бір автомобильмен бірнеше клиентке қызмет көрсеткен кезде құндылықтардың сақталуын қамтамасыз ету үшін инкассаторлар бригадасының басшысы жүргізушімен бірге автомобиль салонында қалады, ал инкассатор (инкассаторлар) клиентті касса үй-жайына дейін алып барады.

      185-16. Қолма-қол ақшаны және құндылықтарды межелі жерге жеткізгеннен кейін клиент инкассация қызметінің келу карточкасына (Ережеге N 13 қосымша) алып келу бойынша жұмысты жүзеге асырғаны туралы қол қояды, оны клиент заңды тұлғаның кассирінің және бас бухгалтерінің/басшысының қолымен куәландырып, заңды тұлға - клиенттің мөрін қояды. Банкке келгеннен кейін инкассаторлар бригадасының басшысы инкассация қызметінің басшысына келу карточкасын береді.


6-бөлiм. Валюталық құндылықтармен
жұмыс жүргiзу ерекшелiктерi
22-тарау. Банк кассаларының валюталық
құндылықтарды қабылдауы (беруi)
      186. Банктер Ереженiң 22-тарауындағы талаптарды сақтауға мүмкiндiк бермейтiн бағдарламалық қамтамасыз ету мен технологияны пайдаланған кезде банк кассаларының валюталық құндылықтарды қабылдау және өткiзу жөнiндегi операцияларды жасау тәртiбi iшкi банктiк актiлермен бекiтiлуге тиiс.
      Әр түрлi жағдайларға және банктiң жұмыс режимiне байланысты жәй жұмыс күнi режимiмен, не ұзартылған жұмыс күнi режимiмен жұмыс iстей алатын кассалар ұйымдастырылады.

      187. Жұмыс күнi ұзартылған кассалар банктiң бiрiншi басшысының бұйрығының негiзiнде ашылады, онда жасалатын операциялар және олардың жұмыс уақыты көрсетiлген тiзбесi айқындалады. Жұмыс күн ұзартылған касса жасаған операциялар банктiң баланстық есепшоты бойынша келесi операциялық күнмен көрсетiледi.

      188. Операцияларды жүзеге асыру үшiн касса меңгерушiсі кассирлерге қабылданған және берiлген құндылықтар есебiн жүргiзу кiтабына қол қойғыза отырып қоймадан валюталық құндылықтарды береді (Ережеге 33 қосымша). Мұндайда чемодандар (инкассатор қоржыны қапшықтар және тағы басқалар) орын саны бойынша берiледi.

      189. Жұмыс күнi ұзартылған кассалар кассирлерге валюталық құндылықтар авансын берудi шығыс ордерлерi, кассирлер оларды үш дана етiп жасайды. Бiрiншi данасы бухгалтерияға берiледi, екiншiсi - құндылықтар беретiн кассирлерде қалады, ал үшiншiсi - құндылықтарды алған кассирлерге берiледi.


      Ескерту: 189-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2005 жылғы 12 желтоқсандағы N 156 қаулысымен.

      190. Касса қызметкерлерi құндылықтарды бухгалтерия қызметкерлерi ресiмдеген кассалық кiрiс және шығыс құжаттары негiзiнде қабылдайды және бередi. Мұндай құжаттарға жататындар: Ұлттық және шетелдiк қолма-қол валютаны банк кассасына есептеген кездегi кассалық кiрiс ордерi, Ұлттық және шетелдiк қолма-қол валютаны банк кассасынан алған кездегi кассалық шығыс ордерi. Баланстан тыс есепшоттарға есепке алынатын жол чектерiнiң бланкiлерi мен басқа да құндылықтар тиiсті баланстан тыс ордерлер бойынша қабылданады (берiледi). Мұндайда касса құжатында құндылықтардың әрбiр атауы бойынша комиссия ескерiле отырып, мiндеттi түрде жалпы сома көрсетiледi.

      191. Касса құжаттары тиiстi түрде ресiмделгеннен кейiн iшкi тәртiп бойынша кассаға берiледi.
      Кассир жол чектерiн берген кезде клиенттiң оның көзiнше чек иесiнiң қол қою үлгiсi үшiн әдейi белгiленген жерге әрбiр чекке қол қоюын бақылауға тиiс.

      192. Кассирлер арасында валюталық құндылықтар өткiзу қабылданған және берiлген құндылықтардың есебiн жүргiзу кiтабы бойынша (Ережеге 32 қосымша) немесе қабылданған және берiлген құндылықтардың бақылау парағы бойынша (Ережеге 34 қосымша) жүзеге асыруға болады.


      Қабылдау-өткiзу туралы жазбалар саны аз болған жағдайда кассирдiң бiрнеше жұмыс күнi үшiн бiр бақылау парағын жүргiзуiне рұқсат етiледi. Бақылау парағы пайдаланылғаннан кейiн касса меңгерушiсiне не кассаны қайта санау жұмысын басқаратын тексерушiге қайтарылады және 10 күн бойы сақталады, онан кейiн жойылады.

      193. Кассир жұмыс күнi аяқталған соң касса құжаттары бойынша құндылықтардың әрбiр атауы бойынша кiрiс (шығыс) сомасын есептейдi, бiр күн iшiндегi касса айналысы және қалған құндылықтар туралы есеп беру анықтамасын толтырады (Ережеге 5 қосымша), анықтамада көрсетiлген қалған құндылықтарды нақты бар құндылықтармен алдын ала салыстырып тексергеннен кейiн оған қол қояды.


      Дәл осындай есеп беру анықтамасын жұмыс күнi ұзартылған кассалардың кассирлерi де жасайтын болады.

      194. Кассир жұмыс күнi iшiнде қабылданған валюталық құндылықтарды жинақтап, осы Ереженiң 84, 85, 206-тармақтарында айтылған тәртiппен жинақтап, орайды және есеп беру анықтамасымен, кiрiс (шығыс) құжаттарымен бiрге касса меңгерушiсiне (арнайы бөлiнген кассирге) өткiзедi.

      195. Касса меңгерушiсi (арнайы бөлiнген кассир) өздерi қабылдаған валюталық құндылықтарды кiрiс (шығыс) құжаттарымен және есеп беру анықтамасымен салыстырып тексерiп, оған сондай-ақ қабылданған және берiлген құндылықтарды есепке алу кiтабына немесе кассирдiң бақылау парағына қол қояды.
      Касса меңгерушiсiне құндылықтарды Ереженiң 211-тармағында көзделген тәртiппен жинақталған түрде чемоданмен (арбамен, инкассатор қоржындарымен немесе қапшықтармен) өткiзген кезде есеп беру анықтамасы екi дана етiп жасалады, оның бiреуi өткiзiлетiн құндылықтарға ярлык ретiнде пайдаланылады.

      196. Кiрiс және шығыс операцияларын касса меңгерушiсi орындайтын банктерде есеп беру анықтамасы жасалмайды, ал касса айналысы бiр күн iшiндегi касса айналысы туралы жиынтық есепке енгiзiледi (Ережеге 11 қосымша).


23-тарау. Қайта санау кассасының валюталық құндылықтар
салынған инкассатор қоржындарын қайта санау тәртiбi
      197. Инкассатор қоржындарымен түскен валюталық құндылықтарды қайта есептеудi арнайы бөлiнген кассирлердiң (бақылаушылардың) бақылауымен кассаның кассирлерi жүзеге асырады.

      198. Бақылаушы қайта санау үшiн кассирге бiр қоржыннан (жөнелтiмнен) ғана беретiн болады, қабылданған және берiлген құндылықтарды (Ережеге 34 қосымша), берiлген қоржынның номерiн және кассирдiң аты-жөнiн өзiнiң бақылау парағына алдын ала жазып алады. Кассир қоржынды алғаннан кейiн оны өзiнiң бақылау парағына тiркейдi.

      199. Қоржындарды ашу және қайта санау Ереженiң 7-тарауында айтылған тәртiппен жүзеге асырылады.

      200. Кассир әрбiр қоржындағы (жөнелтiмдегi) құндылықтарды қайта санап шыққаннан кейiн қоржындағы (жөнелтiмдегi) құндылықтарды нақты номиналы бойынша әрқайсысының атауымен өзiнiң бақылау парағына жазады және бұл жөнiнде бақылаушыға хабарлайды.

      201. Валюталық құндылықтар салынған қоржынды бiр күн iшiнде бiр кассирден (бақылаушыдан) екiншiсiне өткiзу бақылау парағына қоржындар мен олардың номерлерi көрсетiлiп, қол қойғыза отырып жүзеге асырылады.

      202. Валюталық құндылықтар салынған барлық қоржынды (жөнелтiмдi) ашқаннан кейiн бақылаушы жеке-жеке әрбiр кассир бойынша қайта санауға берiлген қоржындардың (жөнелтiмдердiң) жалпы санын, қайта саналған құндылықтар сомасын (номиналы бойынша), қайта саналған құндылықтардың жалпы сомасын, жетпейтiн және артық жалпы соманы номиналы бойынша, сондай-ақ инкассоға және сараптамаға қабылданған ақша белгiлерiнiң (төлем құжаттарының) сомасын өзiнiң бақылау парақтарына жазып отырады.


      Сонан кейiн бақылаушы қайта есептелген соманың сәйкестiгiн әрбiр кассирдiң бақылау парағындағы мәлiметтермен және құндылықтардың жалпы сомасын бухгалтерия мәлiметтерiмен салыстырып тексередi. Салыстырып тексеру нәтижелерi кассирдiң және бақылаушының, сондай-ақ бухгалтерия қызметкерлерiнiң бақылау парақтарына қол қоюымен ресiмделедi.
      Сонан кейiн бақылаушылардың бақылау парақтары есеп құжаттарымен бiрге касса меңгерушiсiне (арнайы бөлiнген кассирге) берiледi.

      203. Кассирлер қайта есептелген және жинақталған валюталық құндылықтарды касса меңгерушiсiне қабылданған және берiлген ақша (құндылықтар) есебi кiтабына немесе бақылау парақтарына қол қойғыза отырып өткiзедi.


24-тарау. Қолма-қол шетел валютасын және
шетел валютасындағы төлем құжаттарын өңдеу,
жинақтау және орау тәртiбi
      204. Кассирлер қабылданған валюталық құндылықтарды атауы (төлем құжаттарын шығарған банктер және шетел ұйымдары) және олардың құны бойынша сұрыптайды.
      Кассирлер атауы және құны бойынша сұрыпталған валюталық құндылықтарды жинақтайды және жеке-жеке орайды.

      205. Атауы (төлем құжаттарын шығарған бiр банктiң, ұйымның) және құны бiрдей банкноттардың және шетел валютасындағы төлем құжаттары 100 (жүз) парақтан түбiртекке жинақталады және көлденең бандероль етiп буылады, Бандерольге банктiң атауы, банктiк бiрыңғай код, валютаның атауы (санмен және әрiппен жазылған белгiлерi), құны, парақ саны, салынған сома (номиналы бойынша), оралған күнi, құндылықтарды қайта санаған кассирдiң коды жазылады немесе оның аты жазылған мөртабан мен қолы қойылады.

      206. Шетел валютасындағы банкноттар мен төлем құжаттары бумаларға құны мен атауы бiрдей 10 (он) түбiртектен артық болмайтындай етiп жинақталады.
      Мұндайда әрбiр буманың жоғарғы және төменгi жағына картоннан жапсырма салынады.
      Жоғарғы жапсырмада банктiң атауы, банктiк бiрыңғай код, валютаның атауы (санмен және әрiппен жазылған белгiлерi) немесе жол чегiн шығарған банктiң, ұйымның атауы, құны, парақ саны, салынған сома, оралған күнi, кассирдiң коды жазылады немесе оның аты жазылған мөртабан мен қолы қойылады. Егер банкноттың құны көрiнбейтiн болса, жапсырмаға ойық жасалады.
      Әрбiр бума түйiнсiз және үзiксiз шуда жiппен крест түрiнде екi рет оралып төрт рет түйiншектелiп байланады, төменгi жапсырма жағынан шуда жiптiң екi ұшынан түйiншекке жақын жерден пломба салынады және бума кассирдiң жеке пломбирiмен пломбыланады. Бумалар сондай-ақ полиэтилен пакеттерге оралуы да мүмкiн.

      207. Бiр түбiртектi валюталық құндылықтарды полиэтилен пакеттерге ораған кезде жапсырманың қажетi жоқ.

      208. Толық түбiртек жинақтауға келмейтiн шетел валютасындағы банкноттар мен төлем құжаттары валюта атауы бiрдей, құны бiрдей немесе әр түрлi банкноттардан, төлем құжаттарынан тұратын бумаға жинақталады. Мұндайда бумадағы банкноттар мен төлем құжаттары жалпы бiрыңғай деректемелермен ресiмдемей-ақ бандероль етiлiп оралады және жапсырмалармен қамтамасыз етiледi.

      209. Атауы және құны бойынша сұрыпталған металл ақшаны кассирлер сыртқы жағында тiгiсi немесе жыртығы жоқ стандартты қапшыққа салып орайды.


      Осы банктегi жұмысқа қажеттi металл ақша алдын ала пакеттерге (тюбиктерге) салынуы мүмкiн.
      Пакеттерге (тюбиктерге) валютаның атауы (санмен және әрiппен жазылған белгiлерi) номинал бойынша салынған сома, оралған күнi, металл ақшаны қайта санаған кассирдiң коды жазылады немесе оның аты жазылған мөртабан мен қолы қойылады.

      210. Металл ақша салынған қапшықтардың ярлыктарына банктiң атауы банктiк бiрыңғай код, валютаның атауы (санмен және әрiппен жазылған белгiлерi) металл ақшаның құны, номинал бойынша салынған сома, оралған күнi, қапшықты жинақтаған кассирдiң коды жазылады немесе оның аты жазылған мөртабан мен қолы қойылады.


      Әрбiр қапшықтың аузы тiгiлiп, түйiнсiз және үзiксiз шуда жiппен байланады, шуда жiптiң ұшына матадан (картоннан) жапсырма өткiзiледi, сонан соң түйiншектелiп байланып пломбы салынады. Оны жинақтаған кассир қапшыққа пломбы салады.
      Бiр қапшыққа салынған металл ақшаның ең көп сомасын касса меңгерушiсi анықтайды, бiрақ ол салмағы жағынан 8 (сегiз) килограмнан аспауға тиiс.

      211. Қолма-қол ақша және басқа құндылықтар олардың атауы бойынша жеке папкiлерге (конверттерге, қаптарға) салынуы мүмкiн. Кассир касса айналымы және қалған құндылықтар (бақылау парағындағы) туралы есеп беру анықтамасындағы мәлiметтермен қолдағы бар ақшаны алдын-ала салыстырып тексередi. Папкiлерге (конверттерге, қапшықтарға) құндылықтар атауы (валюта коды) және салым сомасы көрсетiледi.


      Металл ақша пакеттерге (тюбиктерге, қораптарға) салынып, валюта атауы (санмен және әрiппен) және салым сомасы көрсетiледi.
      Папкiлер (конверттер, қапшықтар), пакеттер (тюбиктер, қораптар) чемоданға (арбаға, қапшыққа, инкассатор қоржынына) салынады.
      Чемоданға (арбаға, қапшыққа, инкассатор қоржынына) арнайы жасалған тесiктерге түйiнсiз және үзiксiз шуда жiп өткiзiлiп (қапшық алдын ала шуда жiппен тiгiледi), оған жапсырма ретiнде кассирдiң есеп беру анықтамасының екiншi данасы бекiтiледi және оның жеке пломбирiнiң таңбасы қойылып пломбы салынады.
25-тарау. Валюталық құндылықтарды қабылдау тәртiбi
      212. Қолма-қол шетел валютасын және шетел валютасындағы төлем құжаттарын қабылдаған кезде, құндылықтардың сақталуына жауапты адамдар, сондай-ақ барлық кассирлер буманың бүтiндiгiне және оның ресiмделуiнiң дұрыстығына, қойылған пломбир бедерiнiң анық екендiгіне көз жеткiзедi және:
      1) бумаға жинақталған банкноттар мен төлем құжаттарының санын, жапсырмалардағы жазулар бойынша, қалғанын - парақтап санап тексередi. Кассалар мен айырбастау пункттерiнiң қызметкерлерi қолма-қол шетел валютасын және шетел валютасындағы төлем құжаттарын бет бойынша санамай-ақ тек осы банктiң және эмитент банктердiң бумасымен қабылдап алуына болады;
      2) қапшыққа салынған жинақталған металл ақшаны, сондай-ақ пакетке (тюбикке) салынғандарды қапшыққа немесе бумаға бекiтiлген жапсырмадағы жазулар бойынша, қалғанын - бiр-бiрлеп қайта санау арқылы;
      3) бумаға жинақталған қатаң есептегi бланкiлердi жапсырмадағы жазулар бойынша;
      4) қалған құндылықтарды (шартты немесе номиналымен бағаланатындарын) парақтап тексередi.

      213. Бухгалтерия қызметкерi банктiң атына құндылықтар салынған жөнелтiм келгенi туралы байланыс кәсiпорнынан жазбаша хабарлама, ал авиакомпаниядан - телефонограмма алғаннан кейiн оларды хабарламалар мен сенiмхаттар тiркеу журналына жазады.


      Байланыс кәсiпорнынан валюталық құндылықтар салынған жөнелтiмдi алу үшiн банк инкассаторға (кассирге) бiр жолғы сенiмхат бередi. Корреспондент банктерден авиакомпания арқылы келген валюталық құндылықтар салынған жөнелтiмдердi (қапшықтарды) алу үшiн инкассаторға сенiмхат берiледi (Ережеге 31 қосымша).
      Егер қабылданған жөнелтiм дәл сол күнi қайта саналмайтын болса, онда оның әрқайсысына номер берiлiп жөнелтiмге жазылады және баланстан тыс кiрiс ордерлерiн жасау үшiн бухгалтерия қызметкерiне берiлетiн iлеспе құжаттарда көрсетiледi.
      Ашылған құнды пошта жiберiлiмдерiн iшiндегiсiн егжей-тегжейлi тексере отырып қабылдау керек.

      214. Орауы бөлiнген немесе басқа да ақаулары бар валюталық құндылықтар салынған жөнелтiмдi қабылдау Ереженiң 57-тармағында көрсетiлген тәртiппен жүзеге асырылады.


      Валюталық құндылықтарды қайта санау кезiнде жөнелтiмнiң кейбiреуiнен сәйкес келмеушiлiк табылған жағдайда, акт жасағаннан басқа, iлеспе құжаттарға нақты қабылданған құндылықтар көрсетiледi және сәйкес келмеушiлiк жөнiнде белгi қойылады.

      215. Валюталық құндылықтар салынған жөнелтiмдi қабылдау iлеспе құжаттарға қабылдаушы және жолдамашы адамның қолдары, банктiң мөрi қойылып ресiмделедi. Банктiң кассирi құндылықтарды өткiзгенде iлеспе құжаттарға мөр қойылмайды.


      Құндылықтар салынған жөнелтiмнің iлеспе құжаттар бухгалтерияға өткiзiледi.

      216. Құндылықтарды сақтауға жауапты адамдар валюталық құндылықтар салынған инкассатор қоржындарын Ереженiң 54-тармағында көрсетiлген тәртiппен қабылдайды, ал валюталық құндылықтар салынған қапшықтарды қабылдағанда олардың жапсырмаларының бар-жоғын және дұрыс ресiмделуiн, сондай-ақ жапсырмада көрсетiлген соманың iлеспе құжаттардағы мәлiметтермен сәйкестiгiн қосымша тексередi.


      Кассирлер валюталық құндылықтар салынған инкассатор қоржындарын (қапшықтарды) пломбылау үшiн пайдаланатын жалпы (жеке) пломбирлер таңбаларының үлгiлерiн банк кассасының меңгерушiсi куәландыруы тиiс.
      Касса меңгерушiсi кассир ұсынған пломбир таңбасының үлгiлерiн берiлген пломбирлердi тiркеу журналындағы жазбалармен сәйкестiгiн алдын ала тексередi.
      Пломбир таңбасының куәландырылған үлгiлерi аванс салынған инкассатор қоржынын жинақтайтын кассирлерде, кешкi кассада және айырбастау пунктiнде болуы тиiс.

      217. Кассирлер банктiң айырбастау пункттерiнен және клиенттерiнен жұмыс күнi iшiнде валюталық құндылықтар салынған инкассатор қоржындарын қабылдаған жағдайда, қабылданған ақша салынған қоржындарды (қапшықтарды) және бос қоржындарды есепке алу журналын екi дана етiп толтырады (Ережеге 14 қосымша) онда айырбастау пункттерiнiң қызметкерлерi тiкелей жеткiзген валюталық құндылықтар салынған қабылданған инкассатор қоржындары есепке алынады.

      218. Операциялық күн iшiнде келiп түскен валюталық құндылықтар банк белгiлеген тәртiппен операция кассасына кiрiске алынады және сол операция күнi тиiстi есепшотқа есептеледi.

      219. Инкассатор қоржындарындағы (қапшықтарындағы) валюталық құндылықтарды түскен күнi кiрiске алу мүмкiн болмаған жағдайда олар операциялық касса қоймасына келесi операция күнiне дейiн сақтауға өткiзiледi және реттелмеген жөнелтiлiм ретiнде баланстан тыс есепшотқа есепке алынады.


      Iлеспе құжаттар инкассатор қоржындарымен (қапшықтармен) бiрге сақталады.
26-тарау. Түпнұсқалығына және төлемге жарамдылығына
күмән туғызатын шетел валютасындағы қолма-қол ақшамен


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©kzref.org 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет