Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану қағидасын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 желтоқсандағы №1525 қаулысына өзгеріс енгізу туралы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану


Пилотсыз ұшу аппараттарын пайдалану шарттары



жүктеу 1.28 Mb.
бет3/7
Дата21.04.2019
өлшемі1.28 Mb.
1   2   3   4   5   6   7

5. Пилотсыз ұшу аппараттарын пайдалану шарттары
      82. Ұшу жоспары ұсынылған пилотсыз ұшу аппараттарын ұшыру көрсетілген жоспарларға сәйкес орындалады.
      83. Ең жоғары жүк көтергіштігі 4 килограмнан аспайтын метеорологиялық зондтардың немесе басқарылмайтын аэростаттардың ұшуын қоспағанда, басқарылмайтын аэросттардың барлық ұшулары осы Қағиданың 84-93- тармақтарына сәйкес жүзеге асырылады.
      84. Басқарылмайтын аэростатты пайдалану 18 000 метр биіктікте немесе төмендегілерден төмен биіктікте жүзеге асырылмайды:
      1) бұлт немесе төрт октанттан көп басқа бұлыңғырлағыштар бар жерден;
      2) көлденең көру мүмкіндігі 8 километрден аз жерден.
      85. Басқарылмайтын аэростат ірі қалалардың, қалалардың немесе кенттердің халық қоныстанған аудандары үстінен немесе ұшуға қатысы жоқ адамдардың ашық жердегі шоғырлары үстінен ұшуы 300 метрден төмен емес биіктікте өтетіндей ұшырылады.
      86. Ұшуды аяқтау үшін басқарылмайтын аэростатты пайдаланушы оны қондыратын құрылғыларды іске қосады:
      1) ауа райы жағдайлары көзделген жағдайлардан нашар екені белгілі болған жағдайда;
      2) ақауы немесе кез келген басқа жағдай әрі қарай ұшуды әуе қозғалысы немесе жердегі адамдар немесе мүлік үшін қауіпті етсе;
      3) шет мемлекет аумағының үстіндегі әуе кеңістігіне кірер алдында рұқсат болмаған жағдайда.
      87. Пайдаланушы басқарылмайтын аэростатты ұшырғаннан кейін ӘҚБ БО-ға (ӘҚБ органына) дереу төмендегі ақпаратты ұсынады:
      1) аэростаттың ұшуын (мақсатын) белгілеу;
      2) ұшыру орны;
      3) нақты ұшыру уақыты;
      4) егер ол 18 000 метр немесе одан төмен биіктікте болса, 18 000 метр биіктікке өтудің есептік уақыты немесе крейсерлік эшелонға жетудің есептік уақыты, есептік орналасқан жері;
      5) әуе кеңістігін пайдалану үшін берілген өтінімде алдын ала хабарланған ақпараттағы кез келген өзгерістер.
      88. Пайдаланушы басқарылмайтын аэростатты ұшыратындығын осы Қағиданың 77-тармағына сәйкес алдын ала хабарлап, бірақ оны ұшырмайтын болса, дереу ӘҚБ БО-ға (ӘҚБ органына) хабарлайды.
      89. 18 000 метр немесе одан төмен биіктікте ұшып келе жатқан басқарылмайтын аэростат пайланушысы аэростаттың ұшу траекториясын қадағалап, аэростаттың кімнің жауапкершілік аймағында ұшып бара жатқанына қарай, ӘҚҚ немесе ӘҚБ органдарының талап етуі бойынша оның қай жерде ұшып бара жатқаны туралы хабарлама жібереді. Егер ӘҚҚ (ӘҚБ) органдары аз уақыт ішінде аэростаттың қай жерде ұшып бара жатқандығы туралы хабарламаны талап етпесе, онда пайдаланушы оның ұшып бара жатқан жерін әр екі сағат сайын тіркеп отырады.
      90. 18 000 метр биіктіктен жоғары биіктікте ұшып бара жатқан басқарылмайтын аэростатты пайдаланушы, аэростаттың ұшу барысын қадағалап, ӘҚҚ (ӘҚБ) органдарының талап етуі бойынша аэростаттың ұшып бара жатқан жері туралы хабаралама жібереді. Егер ӘҚҚ (ӘҚБ) органдары аз уақыт ішінде аэростаттың қай жерде ұшып бара жатқандығы туралы хабарлама талап етпесе, онда пайдаланушы оның ұшып бара жатқан жерін әр 2 сағат сайын тіркеп отырады.
      91. Егер осы Қағиданың 89 және 90-тармақтарына сәйкес, оның ұшып бара жатқан жерін тіркеу мүмкін болмаса, пайдаланушы соңғы тіркелген ұшып бара жатқан жерін қоса алғанда, бұл туралы дереу ӘҚҚ (ӘҚБ) органына хабарлайды. Егер тіркеу жалғастырылса, онда дереу ӘҚҚ (ӘҚБ) органына хабарланады.
      92. Пайдаланушы басқарылмайтын аэростат төмендей бастағанға дейін 1 сағат бұрын, тиісті ӘҚҚ (ӘҚБ) органына аэростат туралы мынадай ақпарат жібереді:
      1) осы сәттегі орналасқан географиялық орны;
      2) ұшудың осы сәттегі эшелоны (барометрлік биіктігі);
      3) 18 000 метр биіктіктен өтетін есептелген уақыты, орын алған жағдайда;
      4) жерге қонатын есептелген уақыты мен орны.
      93. Басқарылмайтын аэростатты пайдаланушы тиісті ӘҚҚ (ӘҚБ) органына ұшудың аяқталғаны туралы хабарлайды.
6. Әуе кеңістігін пайдалануды рұқсат ету және хабарлау тәртібі
      94. Әуе кеңістігін пайдалануды рұқсат ету тәртібі ӘҚҚ (ӘҚБ) - әуе кеңістігін пайдаланушылар әуе кеңістігін пайдалануға рұқсаты болған жағдайда, өз қызметін ұшу жоспарлары мен әуе кеңістігін пайдалануға берілген өтінімдер негізінде жүзеге асыратын, әуе кеңістігін пайдалану тәртібі болып табылады.
      ӘҚЖ БО немесе ӘҚБ БО-ның әуе кеңістігін пайдаланушыдан ұшу жоспарын (әуе кеңістігін пайдалануға берілген өтінім) қабылдауы, алынған деректерді әуе кеңістігін пайдалану жоспарларына енгізуі - әуе кеңістігін пайдалануды рұқсат ету болып табылады, олар әуе қозғалысына қызмет көрсету органдарына, (әуе қозғалысын басқару органдарына) оларға қатысты бөлігінде, Қазақстан Республикасының ӘШҚҚ әскерлерінің органдарына хабарланады.
      95. Әуе кеңістігін пайдалануды рұқсат ету тәртібі:
      1) А және С сыныбындағы әуе кеңістігінде ұшатын әуе кеңістігін пайдаланушылар үшін (осы Қағиданың 96-тармағында көрсетілген қызметті қоспағанда);
      2) әуе кеңістігінің сыныбына қарамастан, қызметін «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес жүзеге асыратын әуе кеңістігін пайдаланушылар үшін белгіленеді.
      96. А және С сыныбындағы әуе кеңістігін пайдалануды рұқсат ету тәртібі мына жағдайларда талап етілмейді:
      1) әуе шабуылына тойтарыс беру, әуе кеңістігінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын бұзуды немесе Қазақстан Республикасының аумағына қарулы басып кіруді болғызбау және тоқтату;
      2) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде көмек көрсету, ғарыш аппараттары мен олардың экипаждарын іздестіру және эвакуациялау;
      3) әуе кеңістігін пайдалану тәртібінің бұзылуын болғызбау және (немесе) тоқтату.
      97. Әуе кеңістігін пайдалану жоспарларын жүргізуді ӘҚЖ БО және ӘҚБ БО жүзеге асырады.
      98. ӘҚЖ БО әуе кеңістігін пайдалану жоспарларын мына жағдайларда жүзеге асырады:
      1) әуе кемелері ұшуды әуе қозғалысына қызмет көрсету маршруттары бойынша орындаған жағдайда;
      2) ұшуды ӘҚБ БО-мен келісу арқылы авиациялық жұмыстар аудандарында орындаған жағдайда;
      99. ӘҚБ БО әуе кеңістігін пайдалану жоспарларын жүргізуді мына жағдайларда жүзеге асырады:
      1) әуе кемелері ұшуды әуе қозғалысына қызмет көрсету маршруттарынан тыс жерде, арнайы аймақтарда және мемлекеттік авиацияның басқа да ұшу аудандарында орындаған жағдайда;
      2) пилотсыз ұшу аппараттары ұшқан жағдайда;
      3) әуе кеңістігін пайдалану жөніндегі қызметті «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес жүзеге асырған жағдайда.
      100. ӘҚЖ БО қазақстандық әуе кемесін пайдаланушыдан алған ұшу жоспарын әуе кеңістігін пайдалану жоспарына енгізеді:
      1) пайдаланушының қолданыстағы сертификаты және соған қоса берілетін арнайы ережелер (авиакомпания үшін) болған жағдайда;
      2) авиациялық жұмыстарды орындаудың қолданыстағы куәлігі және соған қоса берілетін арнайы ережелер (авиациялық жұмыстар орындауды жоспарлап отырған пайдаланушылар үшін) болған жағдайда;
      3) ұшуды орындауға құқық беретін қолданыстағы куәлігі және соған қоса берілетін арнайы ережелер (сертификатталған ең жоғарғы ұшу массасы 5700 килограмнан асатын ұшақтарды пайдаланатын жалпы мақсаттағы авиацияны пайдаланушылар үшін) болған жағдайда, сондай-ақ сертификатталған ең жоғарғы ұшу массасы 5700 кг кем емес болатын ұшақтарды және сертификатталған ең жоғарғы ұшу массасына қарамастан тікұшақтарды пайдаланатын жалпы мақсаттағы авиацияны пайдаланушылар үшін қолданыстағы ұшуға жарамдылық сертификаты болған жағдайда;
      4) қолданыстағы ұшуға жарамдылық сертификаты (әуе кемелерінің барлық пайдаланушылары үшін), ал қолданыстағы ұшуға жарамдылық
сертификаты жоқ әуе кемелері үшін - азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның арнайы ұшуды орындауға берген рұқсаты болған жағдайда;
      5) осы Қағидадағы нысанда және мазмұнда белгіленген, ұсынылған ұшу жоспарына сәйкес келген жағдайда (әуе кемелерінің барлық пайдаланушылары үшін);
      6) пайдаланушының сертификатында және (немесе) авиациялық жұмыстарды орындау куәлігінде және (немесе) ұшуларды орындауға құқық беретін куәлікте белгіленген ұшу өңірлерінің шектеулерін сақтаған жағдайда;
      7) әуе кемесінің сынақтық ұшу немесе айналып ұшуды орындауға дайындығы туралы жөндеу немесе жинақтау кәсіпорнының бірінші басшысының қолы қойылған анықтамасы болған жағдайда.
      Ескерту. 100-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 30.12.2013 № 1429 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
      Пайдаланушының алған сертификаттарының, авиациялық жұмыстарды орындауға құқық беретін куәліктердің, ұшуға жарамдылық сертификаттарының көшірмелерін азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган оларды бергеннен кейін дереу ӘҚЖ БО-ға ұсынады.
      101. ӘҚБ БО әуе кеңістігін пайдаланушыдан алған ұшу жоспарын (әуе кеңістігін пайдалануға берілген өтінімді), ұсынылған ұшу жоспары осы Қағиадада белгіленген нысан мен мазмұнға сәйкес келген жағдайда, әуе кеңістігін пайдалану жоспарына енгізеді.
      102. ӘКЖ БО әуе кеңістігінің шетелдік пайдаланушысынан алған ұшу жоспарын, ұсынылған ұшу жоспары осы Қағидада белгіленген нысан мен мазмұнға сәйкес келген жағдайда және осы Қағиданың 7-тарауына сәйкес шетелдік әуе кемелерінің халықаралық ұшуларды орындауына берілетін рұқсат болған жағдайда, әуе кеңістігін пайдалану жоспарына енгізеді.
      103. Ұшу жоспарлары, алдын ала ұсынылған ұшу жоспарлары және әуе кеңістігін пайдалануға берілген өтінімдер осы Қағидада белгіленген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда және Қағидада белгіленген мерзімдер сақталмай берілген жағдайда әуе кеңістігін пайдалану жоспарына енгізуге жатпайды. Бұл жағдайда, ӘҚЖ БО (ӘҚБ БО) ұшу жоспарының бекітілмегендігі туралы хабарламаны осы Қағиданың 3-қосымшасында белгіленген нысанда, мекен-жайларға және мерзімдерде жібереді.
      104. Әуе кеңістігін пайдалану туралы шешім қабылдаған мемлекеттік органдар, осы Қағиданың 96-тармағында көрсетілген жағдайларда, бұл туралы дереу ӘҚЖ БО мен ӘҚБ БО-ға хабарлайды.
      105. Диспетчерлік рұқсатты ӘҚҚ (ӘҚБ) органдары әуе кеңістігін пайдалану жоспарында көрсетілген алдағы ұшу туралы ақпарат негізінде немесе осы Қағиданың 96-тармағында көрсетілген жағдайларда, әуе кемесі командирінің сұрауы негізінде береді.
      106. Әуе кеңiстiгiн пайдаланудың хабарламалық тәртiбi деп әуе кеңiстiгiн пайдаланушыларға ұшуды бақыланбайтын әуе кеңістігінде диспетчерлiк қызмет көрсетусіз орындауға мүмкiндiк беру түсiндiріледi.
      Ескерту. 106-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 30.12.2013 № 1429 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
      107. Әуе кеңістігін пайдаланудың хабарламалық тәртібі  G сыныбындағы әуе кеңістігінде белгіленеді.
      G сыныбындағы әуе кеңістігінде ұшатын әуе кеңістігін пайдаланушылар тиісті ӘҚК (ӘҚБ) органдарына өзінің қызметі туралы ұшу жоспарын ұсыну жолымен ұшу басталғанға дейін кем дегенде бір сағат бұрын хабарлайды.
      Ұшу-ақпараттық қызмет көрсету әуе кемесін пайдаланушының сұрау салуы бойынша ұсынылады.
      108. G сыныбындағы әуе кеңістігінде ұшуды орындар алдында әуе кеңістігін пайдаланушыларда, Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, ұшуды орындау қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажет аэроанавигациялық және метеорологиялық ақпараттары болады.
      109. G сыныбындағы әуе кеңістігінде ұшу кезінде әуе кемесінің командирі өзі басқарып келе жатқан әуе кемесінің басқа әуе кемелерімен және ауадағы басқа да материалдық объектілері мен, сондай-ақ жер бетіндегі (су бетіндегі) кедергілері мен соқтығыспауын қамтамасыз етеді.
7. Шетелдік әуе кемелерінің халықаралық ұшуды орындауына рұқсат ету
      110. Шет мемлекеттердің әуе кемелерінің Қазақстан Республикасының әуе кеңістігінде ұшуы:
      1) Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттардың;
      2) Қазақстан Республикасының әуеайлақтарына қонбай не қона отырып, Қазақстан Республикасының аумағы арқылы коммерциялық емес мақсаттарда халықаралық тұрақты ұшуды орындауға арналған рұқсаттардың;
      3) халықаралық тұрақты емес (біржолғы) ұшуды орындауға арналған рұқсаттардың;
      4) біржолғы ұшуды орындауға берілетін арнайы (дипломатиялық) рұқсаттардың негізінде жүзеге асырылады.
      111. Қазақстан Республикасының әуеайлақтарында қонбай не қона отырып, Қазақстан Республикасының аумағы арқылы коммерциялық емес мақсаттарда халықаралық тұрақты ұшуды орындауға рұқсаттарды, азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган бекіткен Қазақстан Республикасының ішкі және халықаралық авиамаршруттарындағы тұрақты рейстердің кестесін бекіту нұсқаулығына сәйкес азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган береді.
      112. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі:
      1) мемлекеттік және эксперименттік әуе кемелерінің;
      2) осы Қағиданың 113-тармағында аталған шет мемлекеттердің лауазымды адамдарын тасымалдайтын азаматтық әуе кемелерінің;
      3) шет мемлекеттердің әскери құралымдарын, қару-жарақтары мен әскери техникасын, сондай-ақ қос мақсатта пайдаланылатын өнімдерін тасымалдау үшін әуе кемелерінің біржолғы ұшуын орындауға арналған арнайы (дипломатиялық) рұқсаттарды береді.
      113. Осы Қағиданың 112-тармағының 2) тармақшасында аталған шет мемлекеттердің лауазымды адамдары:
      1) Мемлекет басшылары;
      2) Үкімет басшылары;
      3) Парламент палаталарының спикерлері;
      4) Мемлекет хатшылары;
      5) Үкімет басшыларының орынбасарлары;
      6) министрлер;
      7) Мемлекет басшылары мен Үкімет басшыларының арнайы өкілдері;
      8) халықаралық ұйымдар басшылары;
      9) Қазақстан Республикасы Президентінің жеке қонақтары;
      10) корольдік отбасылар мүшелері;
      11) Қазақстан Республикасы Президентінің немесе Премьер-министрінің шақыруы (алдын ала уағдаласуы) бойынша Қазақстанға келетін шет мемлекеттердің үкімет комиссиялары;
      12) Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі анықтайтын өзге де адамдар.
      114. Шет мемлекеттердің әскери құралымдарын, қару-жарақтары мен әскери техникасын, сондай-ақ қосарлы мақсатта пайдаланылатын өнімдерін тасымалдау үшін әуе кемесінің бір жолғы ұшуын орындауға арналған арнайы (дипломатиялық) рұқсаттарды мемлекеттік авиация саласындағы уәкілетті органмен және азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органмен алдын ала келісе отырып, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі береді.
      Осы ұшуды азаматтық әуе кемесі орындаған жағдайда, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетін хабардар етеді.
      115. Біржолғы ұшуды орындауға арналған арнайы (дипломатиялық.) рұқсатты алу үшін Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің атына дипломатиялық өкілдіктер және шет мемлекеттердің консулдық мекемелері, шет мемлекеттердің сыртқы саяси ведомстволары, шетел мекемелері немесе Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары ресми сұрау салу жолдайды, онда төмендегідей ақпарат қамтылған:
      1) пайдаланушының толық атауы, пошталық мекенжайы;
      2) рейстің ИКАО коды мен нөмірі;
      3) әуе кемесінің үлгісі, тіркеу нөмірі, МТОW, радио арқылы шақыру белгісі;
      4) әуе кемесі тіркелген мемлекет;
      5) ұшу мақсаты, жолаушылар мен жүктің болуы;
      6) навигациялық және байланысу жабдықтарының үлгісі;
      7) бортта қару-жарақтың, оқ-дәрілердің, фотоаппаратураның болуы;
      8) жолаушыларды/жүкті жөнелту және жеткізу орны мен аралық қону орны;
      9) ұшу маршрутындағы әуе авиатрассалары, Қазақстан Республикасының әуе кеңістігіне кіру/шығу нүктелері көрсетілген, әуе кемесі қозғалысының күні, толық авиамаршруты мен кестесі (UТС);
      10) жүкті жөнелтуші, жүкті қабылдаушы (толық атауы, мекен жайы, телефоны, факсы).
      Бір-бірімен байланысты біржолғы ұшулар сериясын орындауға берілетін арнайы (дипломатиялық) рұқсат күнтізбелік 30 күннен аспайтын мерзімге беріледі.
      116. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі осы Қағиданың 112-тармағының 1), 2) тармақшаларында көрсетілген әуе кемелерінің біржолғы ұшуларды орындауын алдын ала келісу үшін сұратуды мемлекеттік авиация саласындағы уәкілетті органға және азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға жібереді.
      117. Авиация салаларындағы уәкілетті органдар біржолғы ұшуды орындауға келісім беру (келісім бермеу) туралы жауапты Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігіне жолдайды. Азаматтық немесе мемлекеттік авиация саласындағы уәкілетті орган біржолғы ұшуды орындауға келісім бермеген жағдайда, осы орган дәлелді бас тарту ұсынады.
      118. Авиация салаларындағы уәкілетті органдардың біржолғы ұшуды орындауға берген келісімі (келіспеушілігі) негізінде Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі:
      1) арнайы (дипломатиялық) рұқсат береді;
      2) арнайы (дипломатиялық) рұқсатты беруден бас тартқандығы туралы хабарлайды.
      119. «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 40-бабының 5-тармағында көзделген ережелер арнайы (дипломатиялық) рұқсатты беруден бас тартуға негіз болады.
      Осы Қағиданың 115-тармағында көзделген ақпарат толық болмаған, жағдайда сұрау салулар қаралмастан кері қайтарылады.
      120. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Қазақстан Республикасының әуе кеңістігінде біржолғы ұшуларды орындауға берілетін арнайы (дипломатиялық) рұқсаттар тізілімін жүргізеді.
      121. Азаматтық әуе кемелерінің халықаралық тұрақты емес (біржолғы) ұшуларын орындауға арналған рұқсаттарды осы Қағиданың 112-тармағындағы ережелерді ескере отырып, және азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган басшысының бұйрығымен бекітілген Халықаралық тұрақты емес ұшуды орындауға рұқсаттар берудің және рұқсаттар беруден бас тартуға арналған негіздердің қағидасына сәйкес азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган береді.
      122. Тиісті органдардың біржолғы халықаралық ұшуларды орындауға берген рұқсаттары немесе олар жойған рұқсаттар туралы ақпарат дереу ӘҚЖ БО-га және ӘҚБ БО-ға жеткізіледі.
8. Әуе қозғалысын ұйымдастыру және қызмет көрсету (әуе қозғалысын басқару)
      123. Әуе қозғалысын ұйымдастыруға мыналар кіреді:
      1) әуе қозғалысына қызмет көрсету (әуе қозғалысын басқару);
      2) әуе қозғалысының ағындарын ұйымдастыру;
      3) әуе кеңістігін ұйымдастыру.
      Әуе қозғалысына қызмет көрсетуді (әуе қозғалысын басқаруды) ӘҚҚ (ӘҚБ) органдары жүзеге асырады.
      124. Әуе қозғалысына қызмет көрсетуге мыналар кіреді:
      1) әуе қозғалысына диспетчерлік қызмет көрсету;
      2) әуе қозғалысына ұшу-ақпараттық қызмет көрсету;
      3) авариялық хабар беру.
      125. Әуе қозғалысын басқару құрамына мыналар кіретін кешенді үдеріс болып табылады:
      1) ұшуды жоспарлау;
      2) ұшуды үйлестіру;
      3) ұшуды қамтамасыз ету;
      4) әуе кемелерінің қозғалысын әуеде және жерде тікелей басқару;
      5) ұшудың белгіленген режимінің және әуе кеңістігін пайдалану тәртібінің сақталуын бақылау.
      Әуе кемелерінің қозғалысын жерде және әуеде тікелей басқаруға мыналар жатады:
      1) әуеайлақ аудандарында (қону алаңдарында) мемлекеттік авиация әуе кемелерінің ұшуын жерде және әуеде басқару басшылығы (басқару);
      2) дүлей және өзге де зілзалалар болған аудандарда, іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу аудандарында, мемлекеттік авиацияның ұшуды орындау кезінде әуе трассалары және ЖӘЖ тыс маршрут бойынша мемлекеттік авиацияның ұшулары кезіндегі әуе қозғалысын тікелей басқару әуе және ЖӘЖ трассалары бойынша ӘҚҚ органдарымен келісу арқылы жүзеге асырылады;
      3) әуе шабуылына тойтарсыс беру, әуе кеңістігінде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік шекарасын бұзуды, әуе кеңістігін пайдалану тәртібінің бұзылуын болғызбау және тоқтату, Қазақстан Республикасының егемендігіне, аумақтық тұтастығына және қауіпсіздігіне қарсы күш қолдану қатерін жою барысында авиацияны әскери басқару;
      4) мемлекеттік авиацияның арнайы бөлінген аймақтарда, полигондарда, десанттау алаңдарында жауынгерлік пайдалану міндеттерін және арнайы міндеттерді орындау барысындағы әскери басқаруы.
      126. Әуе қозғалысына диспетчерлік қызмет көрсетуге мыналар кіреді:
      1) аудандық диспетчерлік қызмет көрсету;
      2) қонуға жақында диспетчерлік қызмет көрсету;
      3) әуеайлақтың диспетчерлік қызмет көрсету.
      127. Әуе қозғалысының ағындарын ұйымдастыруды ӘҚҚ (ӘҚБ) органдарының өткізу қабілеті үстіндегі әуе қозғалысы қажеттіліктерін арттыруды реттеу үшін ӘҚЖ БО мен ӘҚБ БО жүзеге асырады.
      Әуе қозғалысының ағындарын ұйымдастыру әуе кеңістігін пайдалануды жоспарлаудың барлық кезеңдерінде қамтамасыз етіледі.
      128. Әуе кеңістігін ұйымдастыруды әуе қозғалысына қызмет көрсетуді (басқаруды) қамтамасыз ету және әуе қозғалысының ағындарын ұйымдастыру мақсатында ӘҚҚ (ӘҚБ) органдары жүзеге асырады.
      129. Әуе қозғалысын ұйымдастыру және қызмет көрсету Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
9. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын қиып өту қағидасы
      130. Халықаралық ұшу үшін ашық әуе трассалары бойынша халықаралық ұшуды орындау кезінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан ұшып өтудің әуе дәлізі әуе қозғалысына қызмет көрсету маршрутының Әуе трассасының Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы сызығымен қиылысу жеріндегі әуе кеңістігінің бір бөлігі болып табылады.
      131. Әуе кемелерінің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын оны халықаралық әуе трассалары қиып өтетін жерлерден тыс жерде ұшып өтуі мемлекеттік авиация саласындағы уәкілетті орган белгілеген арнайы әуе дәлізі бойымен жүзеге асырылады.
      132. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын ұшып өтудің әуе дәлізі әуе қозғалысына қызмет көрсету маршруты осінің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы сызығымен қиылысу нүктесінің географиялық координаттарымен белгіленеді.
      133. «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 40-бабына сәйкес және осы Қағиданың 7-тарауында белгіленген тәртіппен халықаралық ұшуды орындауға берілген рұқсат - шетелдік әуе кемелерінің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын қиып өтуінің негізі болып табылады.
      Мұндай рұқсат болмаған жағдайда Қазақстан Республикасының әуе кеңістігіне кіруге көрсетілген рұқсатты алуға мүмкіндік бермейтін барлық мәселелер шешілгенге дейін рұқсат етілмейді.
      134. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын қиып өтуге 100-200 километр қалғанда (Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын қиып өтудің есептелген уақытына дейін 10 минут бұрын) әуе кемесінің экипажы тиісті ӘҚҚ (ӘҚБ) органына рейстің нөмірін, мемлекеттік және тіркеу айыру белгісін, ұшып бара жатқан жерін, ұшу эшелонын биіктігін және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан ұшып өтудің есептелген уақытын хабарлайды.
      ӘҚҚ (ӘҚБ) органы мен шекаралас мемлекеттің ӘҚҚ (ӘҚБ) органы арасында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын қиып өту талаптарын келісу белгіленген байланыс арналары арқылы жүзеге асырылады.
      Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын қиып өту талаптары әуе кемесінің экипажына хабарланады.
      Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын қиып өту талаптарына алған әуе кемесінің экипажы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын нақты қиып өту уақыты мен ұшу эшелонын (биіктігін) ӘҚҚ (ӘҚБ) органына хабарлайды.
      135. ӘҚҚ (ӘҚБ) органы әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлері органынан Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын қиып өтуге растау алғаннан кейін әуе кемесінің экипажына ұшу эшелонын (биіктігін) және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын қиып өтудің есептелген уақытын растайды (қажет болған жағдайда өзгертеді).
      136. Егер халықаралық шарттарда (келісімдерде) өзгеше көзделмесе және ӘҚҚ (ӘҚБ) органдарынан басқа нұсқаулар берілмесе, Қазақстан Республикасында және шекаралас мемлекетте қабылданған эшелондау жүйелерінде айырмашылықтар болған жағдайда, эшелонды ауыстыру Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын қиып өткенге 30 километр қалғанда аяқталуы тиіс.
      137. Егер халықаралық ұшуды орындайтын әуе кемесі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын қиып өткеннен кейін ұшуды жалғастыра алмаса және әуе кемесінің экипажы ұшып шығу әуеайлағына қарай қайта ұшу туралы шешім қабылдаса, онда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кері маршрутта қиып өту әуе қозғалысына қызмет көрсетудің немесе ұшудың сол маршруты бойынша орындалады. ӘҚҚ (ӘҚБ) органы әуе кемесінің экипажына ұшуды орындау және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын қиып өту талаптарын хабарлап, бұл туралы ӘШҚҚ органын ақпараттандырады.
      138. Радио байланысы әуе кемесінің экипажы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын қиып өту талаптарын алғаннан кейін, ұшып келе жатқан кезде істен шыққан жағдайлардан басқа жағдайларда, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын радиобайланысы жоқ әуе кемесімен қиып өтуге тыйым салынады. Егер әуе кемесінің экипажы ұшып шығу әуеайлағына қарай қайта ұшу туралы шешім қабылдаса, онда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кері маршрутта қиып өту, ілеспе эшелонды иеленіп, әуе қозғалысына қызмет көрсетудің, ұшудың сол маршруты бойынша орындалады.
      139. Дүлей апаттар, апаттар, авариялар жағдайында, әуе кемесіндегі авариялық жағдайларда және адамдардың өміріне немесе денсаулығына қауіп төндіретін басқа да жағдайларда әуе кемелерінің Қазақстан Республикасының әуе кеңістігіне мәжбүрлі түрде ұшып кіруі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын қиып өту қағидасын бұзу болып табылмайды.
      140. Әуе кемесінің экипажы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын мәжбүрлі түрде қиып өткен жағдайда бұл туралы дереу тиісті ӘҚҚ (ӘҚБ) органына хабарлап, әрі қарай осы органның берген нұсқауы немесе (ӘҚБ) органына хабарлап, әрі қарай осы органның берген нұсқауы немесе Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің осындай қиып өту фактісін анықтау үшін көкке көтерілген әуе кемесінің кезекші командирінің нұсқаулары бойынша әрекет етеді. ӘҚҚ (ӘҚБ) органы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын мәжбүрлі қиып өту туралы ӘШҚҚ органына хабарлайды.
      141. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын белгіленген ережелерді бұзып қиып өткен әуе кемелері, «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын бұзушылар болып танылады.
Каталог: images -> stories -> contents
contents -> Конверттерді ашу хаттамасы
contents -> Конкурсқа қатысуға жіберу туралы хаттама Б. Аманшин атындағы қазақ орта мектебі
contents -> Әуе кемелерінің халықаралық ұшуын қамтамасыз етуге арналған әуежайларды ашу және жабу қағидасын бекіту туралы
contents -> Мемлекеттік меншік болып табылатын темір жолдармен
contents -> Кеме жүргізушілерін шағын көлемді кемені басқару құқығына аттестаттау қағидасы
contents -> Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерінің ұшуын орнитологиялық қамтамасыз ету қағидасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 27 маусымдағы №713 Қаулысы «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі
contents -> Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Америка Құрама Штаттарының Үкіметі арасындағы Ауғанстан Ислам Республикасының қауіпсіздігін


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет