Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану қағидасын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 желтоқсандағы №1525 қаулысына өзгеріс енгізу туралы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану


Ұшу мақсаттары және литерлердің атауы және олардың шартты



жүктеу 1.28 Mb.
бет6/7
Дата21.04.2019
өлшемі1.28 Mb.
1   2   3   4   5   6   7

Ұшу мақсаттары және литерлердің атауы және олардың шартты
белгілері
      Ескерту. 4-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 30.12.2013 № 1429 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).



гуманитарлық көмек көрсету жөніндегі ұшулар

HUM

денсаулық сақтау органдарының өтінімдері бойынша халыққа медициналық көмек көрсетуге арналған ұшулар

HOSP

медициналық көрсеткіштер бойынша өмірлеріне қауіп-қатер төніп тұрған адамдарды авариялық эвакуациялауға арналған ұшулар

МEDEVAC

іздестіру-құтқару ұшулары

SAR

«мемлекет басшысы» мәртебесі бар ұшулар

HEAD

«мемлекет басшысы» мәртебесі жоқ мемлекеттік органдармен арнайы мәлімденген ұшулар

STATE

ӘҚҰ (ӘҚБ) органдары үшін ұшу жоспарларында берілетін қауіпсіздік мақсаттағы құпия ұшулар

PROTECTED

арнайы бөлінген әуе кеңістігінде ұшуды орындайтын әуе кемесі

ALTRV

atfm қолданылатын іс-шараларынан босатылған әуе кемесінің ұшуы

ATFMX

өртті сөндіру жөніндегі ұшулар

FFR

радиотехникалық құралдар мен жарықсигналды жабдықтың үстінен ұшып өту

FLTCK

қауіпті жүктерді тасымалдауды жүзеге асыратын әуе кемесінің ұшуы

HAZMAT

ӘҚБ әскери органдарының жауапкершілік аймағындағы ұшу

MARSA

rvsm бар ұшу үшін жабдықталмаған әуе кемесінің rvsm әуе кеңістігінде ұшу

NONRVSM

сынақты ұшуы

01

авиациялық техниканың ұшып өтуі

02

авиациялық жұмыстар

03

жаттығу ұшуы

04

«А» литері

А

«ОК» литері

ОК

«ПК» литері

ПК

      Ескертпе. 01, 02, 03, 04, А, ОК, ПК шартты белгілері Қазақстан Республикасының шегіндегі ұшулар кезінде ғана қолданылады.


Қазақстан Республикасының    
әуе кеңістігін пайдалану қағидасына
5-қосымша            
Навигациялық ерекшеліктер және ұшу жоспарындағы олардың шартты
белгілері
      Ескерту. Қағида 5-қосымшамен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 30.12.2013 № 1429 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).



ерекшеліктер атауы

ұшу жоспарындағы шартты белгіленуі

RNAV ерекшеліктері

RNAV 10 (RNP 10)

A1

RNAV 5, БАРЛЫҚ РҰҚСАТ ЕТІЛГЕН ДАТЧИКТЕР

B1

RNAV 5, GNSS

B2

RNAV 5, DME/DME

B3

RNAV 5, VOR/DME

B4

RNAV 5, INS или IRS

B5

RNAV 5, LORAN C

B6

RNAV 2, БАРЛЫҚ РҰҚСАТ ЕТІЛГЕН ДАТЧИКТЕР

C1

RNAV 2, GNSS

C2

RNAV 2, DME/DME

C3

RNAV 2, DME/DME/IRU

C4

RNAV 1, БАРЛЫҚ РҰҚСАТ ЕТІЛГЕН ДАТЧИКТЕР

D1

RNAV 1, GNSS

D2

RNAV 1, DME/DME

D3

RNAV 1, DME/DME/IRU

D4

RNP ерекшеліктері

RNP 4

L1

БАЗАЛЫҚ RNP 1, БАРЛЫҚ РҰҚСАТ ЕТІЛГЕН ДАТЧИКТЕР

O1

Базовые RNP 1, GNSS

О2

Базовые RNP 1, DME/DME

O3

Базовые RNP 1, DME/DME/IRU

O4

RNP APCH

S1

RNP APCH C BARO-VNAV

S2

RNP AR APCH c RF

T1

RNP AR APCH без RF

T2

Қазақстан Республикасының    


әуе кеңістігін пайдалану қағидасына
6-қосымша            
Ұшу жоспары бланкісінің үлгісі (FPL)
      Ескерту. Қағида 6-қосымшамен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 30.12.2013 № 1429 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

      *Ескертпе:
1. Ұшу жоспары бланкісін толтыру
      Ұшу жоспары бланкісінің үлгісі 5-қосымшада келтірілген және арнайы бөлінген нөмірленген жолдардан тұрады.
      Ұшу бланкісін толтыруға қойылатын жалпы талаптар:
      1) белгіленген форматтар мен деректерді белгілеу әдісін қатаң ұстану;
      2) бірінші көзделген кеңістікке деректерді енгізу. Қосымша кеңістіктер бар болған жағдайда, бланкінің толтырылмаған жерін таза күйінде қалдыру;
      3) уақытты UTC (әлемдік үйлестірілген уақыт) бойынша төрт цифрмен көрсету;
      4) өткен есептік уақытты төрт цифр түрінде (сағаттар пен минуттар) енгізу;
      5) 1-2 жолдардың мекенжай бөлігін ӘҚҚ қызметтері толтырады.
      Ұшулар және қонулар әуеайлақтың жақын маңында орналасқан қону алаңынан орындалған жағдайда, ұшу жоспарында сол әуеайлақтың шартты белгіленуі көрсетіледі.
2. ӘҚҰ деректерін енгізу
      7-19 жолдарды төменде көрсетілген талаптарға сәйкес толтыру:
7-жол. Әуе кемесінің тану индексі
(ең көбі 7 белгі)
      Кемінде 7 әріптік-цифрлық белгіден тұратын және дефистер немесе символдарды қамтымайтын мына әуе кемелерінің тану индексінің бірін енгізу:
      1) соңынан тану индексі келетін ӘК пайдаланушыларының ИКАО коды (ӘҚҚ органымен байланысу үшін радиотелефондық шақыру ретінде көрсетілген байланыстыруды пайдаланған жағдайда);
      2) әуе кемесінің ұлттық белгісі және тіркеу нөмірі (ӘҚҚ органымен байланысу үшін радиотелефондық шақыру ретінде көрсетілген байланыстыруды пайдаланған немесе әуе кемесі байланыс құралдарымен жабдықталмаған жағдайда).
8-жол. Ұшу қағидалары және түрі
(1 немесе 2 белгі)
      Ұшу қағидалары
      Ұшу қағидаларында қолданылатын санаттарды белгілеу үшін мына әріптердің бірін енгізу:
      I – егер барлық ұшу АҰҚ бойынша жүргізіледі деп жоспарланса;
      V – егер барлық ұшу КҰҚ бойынша жүргізіледі деп жоспарланса;
      Y – егер ұшу алдымен АҰҚ бойынша жүргізілсе, ал кейіннен ұшу қағидалары бір немесе бірнеше рет өзгеретін болса;
      Z – егер ұшу алдымен КҰҚ бойынша жүргізілсе, кейіннен бір немесе бірнеше рет ұшу қағидалары өзгеретін болса.
      15-жолда ұшу қағидаларын өзгерту жоспарланған тармақ немесе тармақша көрсетіледі.
      Ұшу түрі
      Ұшу түрін белгілеу үшін мына әріптердің бірін енгізу:
      S – тұрақты әуе қатынасы үшін;
      N – тұрақты емес әуе тасымалдары үшін;
      G – жалпы сипаттағы авиация үшін;
      M – әскери ұшақтардың ұшуы үшін;
      X – жоғарыда көрсетілмеген кез келген басқа санаттар үшін.
      18-жолда STS индексінен кейін ӘҚҰ органы тарапынан ерекше назарды талап ететін ұшу мәртебесін және RMK индексінен кейін себебін көрсету.
9-жол. Әуе кемелерінің цифры мен түрі және ізінің
турбуленттілік санаты
      Әуе кемелерінің цифры (1 немесе 2 белгі)
      Әуе кемелері бірден көп болса, олардың санын енгізу.
      Әуе кемесінің түрі (2–4 белгі)
      ИКАО Doc 8643 «Әуе кемелері түрлерінің шартты белгілері» құжатында көрсетілген тиісті шартты белгілерді енгізу немесе, егер осындай шартты белгілер айқындалмаған болса, немесе бірден артық әуе кеме түрі қатармен ұшқан жағдайда ZZZZ енгізу және 18-жолда TYP белгілер тобынан кейін әуе кемесінің (кемелерінің) (санын және) түрін (түрлерін) көрсету.
      Ізінің турбуленттілік санаты (1 белгі)
      Әуе кемесі ізінің турбуленттілік санатын көрсету үшін ұзын қисық сызықтан кейін мына әріптердің бірін енгізу:
      Н – Ауыр, барынша жоғары сертификатталған ұшып көтерілу салмағы 136 000 кг немесе одан да көп әуе кемесінің түрін көрсетуге арналған;
      М – Орташа, барынша жоғары сертификатталған ұшып көтерілу салмағы 136 000 кг кем, бірақ 7000 кг аспайтын әуе кемесінің түрін көрсетуге арналған;
      L – Жеңіл, барынша жоғары сертификатталған ұшып көтерілу салмағы 7000 кг немесе одан аз әуе кемесінің түрін көрсетуге арналған.
10-жол. Әуе кемісінің және экипаждың жабдығы мен мүмкіндіктері
      Мүмкіндіктер мынадай элементтерді қамтиды:
      1) әуе кемісінің бортында жұмысқа жарамды тиісті жабдықтың болуы;
      2) ұшу экипажының біліктілігіне сәйкес келетін жабдық пен мүмкіндіктер.
      Радиобайланыс құралдары, навигациялық құралдар, қонуға кіру құралдары және мүмкіндіктері
      Мына әріптердің бірін енгізу:
      N – маршрут бойынша ұшуға арналған борттық байланыс құралдары, навигациялық құралдар және қонуға кіру құралдары болмаған жағдайда немесе бұл жабдық жұмыс істемесе;
      S – егер маршрут бойынша ұшуға арналған стандартты борттық байланыс құралдары, навигациялық құралдар және қонуға кіру құралдары болған жағдайда және олар жұмысқа жарамды болса. Стандартты жабдыққа ӨЖЖ радиотелефон, VOR және ILS жатады және (немесе) қолда бар және жұмысқа жарамды байланыс құралдары, навигациялық құралдар, қонуға кіру құралдары және мүмкіндіктерді белгілеу үшін мына әріптердің бірін немесе бірнешеуін енгізу:
      A – GBAS негізіндегі қону жүйесі;
      B – LPV (APV c SBAS);
      C – LORAN C;
      D – DME;
      E1 – FMC WPR ACARS;
      Е2 – D-FIS ACARS;
      Е3 – PDC ACARS;
      F – ADF;
      G – GNSS (NAV/индексінен кейін 18-жолда қосымша ретінде GNSS сыртқы функциялық толықтыру түрлерін көрсету);
      H – ЖЖ радиотелефон;
      I – Инерциялы навигация;
      J1 – ATN (3-ескертпені қарау) негізіндегі CPDLC арналған 2-режимдегі VDL;
      J2 – FANS 1/А негізіндегі CPDLC арналған HFDL;
      J3 – FANS 1/А негізіндегі CPDLC арналған А режиміндегі VDL;
      J4 – FANS 1/А негізіндегі CPDLC 2-режимдегі VDL;
      J5 – FANS 1/А негізіндегі CPDLC арналған SATCOM (INMARSAT);
      J6 – FANS 1/А негізіндегі CPDLC арналған SATCOM (MТSAT);
      J7 – FANS 1/А негізіндегі CPDLC арналған SATCOM (Iridium);
      K – MLS;
      L – ILS;
      M1 – ӘҚБ (INMARSAT) арналған радиотелефонды (RTF) SATCOM;
      М2 – ӘҚБ (МТSАТ) арналған радиотелефонды байланыс (RTF);
      М3 – ӘҚБ (Iridium) арналған радиотелефонды байланыс (RTF);
      O – VOR;
      Р1-Р9 – RСР үшін резервтелген;
      R – PBN үшін бекітілген (PBN/ белгілер тобынан кейін 18-жолда қосымша ретінде осы Қағидаға 5-қосымшаға сәйкес навигациялық ерекшеліктердің шартты белгілері көрсетіледі);
      T – TACAN;
      U – УЖЖ радиотелефон;
      V – ӨЖЖ радиотелефон;
      W – RVSM үшін бекітілген.
      X – MNPS үшін бекітілген;
      Y – 8,33 кГц арналарды тарату мүмкіндігі бар ӨЖЖ радиотелефон;
      Z – өзге де борттық жабдық немесе өзге де мүмкіндіктер (СОМ/, NAV/ және/немесе DAT сәйкес келетін белгілер тобынан кейін өзге де қолданылатын борттық жабдық 18-жолда қосымша ретінде көрсетіледі).
      Навигациялық сипаттамалар туралы ақпарат маршруттың рұқсаты мен тапсырмасын беру мақсатында ӘҚҚ органына беріледі.
Бақылау жабдығы және оның мүмкіндіктері
      Осы ұшу маршруты үшін борттық бақылау жабдығы болмаған немесе істен шыққан жағдайда N әрпін енгізу немесе жұмысқа жарамды борттық жабдықты және/немесе бақылау мүмкіндігін белгілеу үшін ең көбі 20 белгіден тұратын мынадай сәйкестендіргіштердің біреуін немесе бірнешеуін енгізу:
      А және С режимдеріндегі ЕШРЛ:
      A – қабылдап жауап беру – А режимі (4 цифр – 4096 код);
      С – қабылдап жауап беру – А режимі (4 цифр – 4096 код) және С режимі;
      S режиміндегі ЕШРЛ:
      Е – қабылдап жауап беру – әуе кемесінің тану индексін, барометрлік биіктік туралы деректерді және ұзартылған өздігімен шығаратын сигналды беру мүмкіндігі бар S режимі (ADS-B);
      Н – қабылдап жауап беру – әуе кемесінің тану индексін, барометрлік биіктік туралы деректерді және жетілдірілген бақылау мүмкіндігін беру мүмкіндігі бар S режимі;
      I – қабылдап жауап беру – әуе кемесінің тану индексін беру мүмкіндігі бар, бірақ барометрлік биіктік туралы деректерді беру мүмкіндігі жоқ S режимі;
      L – қабылдап жауап беру – әуе кемесінің тану индексін, барометрлік биіктік туралы деректерді, ұзартылған өздігімен шығаратын сигналды беру мүмкіндігі (ADS-B) және жетілдірілген бақылау мүмкіндігі бар S режимі;
      P – қабылдап жауап беру – барометрлік биіктік туралы деректерді беру мүмкіндігі бар, бірақ әуе кемесінің тану индексін беру мүмкіндігі жоқ S режимі;
      S – қабылдап жауап беру – әуе кемесінің тану индексін және барометрлік биіктік туралы деректерді беру мүмкіндігі бар S режимі;
      Х – қабылдап жауап беру – әуе кемесінің тану индексін және барометрлік биіктік туралы деректерді беру мүмкіндігі жоқ S режимі.
      Автоматты тәуелді радиотарату бақылауы (ADS-B):
      Бөлінген 1090 МГц жиіліктегі ADS-B «out» мүмкіндігі бар В1 - ADS-B;
      Бөлінген 1090 МГц жиіліктегі ADS-B «out» және «in» мүмкіндіктері бар В2 - ADS-B;
      U1 – UAT пайдалану кезіндегі ADS-B «out» мүмкіндігі;
      U2 – UAT пайдалану кезіндегі ADS-B «out» және «in» мүмкіндіктері;
      V1 – 4 режимді VDL пайдалану кезіндегі ADS-B «out» мүмкіндігі;
      V2 – 4 режимді VDL пайдалану кезіндегі ADS-B «out» және «in» мүмкіндіктері.
      Келісімшартты автоматты тәуелді бақылау (ADS-С):
      FANS 1/А мүмкіндіктері бар D1 - ADS-С;
      ATN мүмкіндіктері бар G1 - ADS-С.
      Жоғарыда көрсетілмеген әріптік-цифрлық белгілер резервтелген.
      Бақылауды қолданудың қосымша түрлерін SUR/белгілер тобынан кейін 18-жолда көрсету қажет.
13-жол. Әуеайлақ және ұшып шығу уақыты
(8 белгі)
      «Орналасу орнының көрсеткіштері (индекстері)» (Doc 7910) құжатында көрсетілген ұшып шығу әуеайлағының орналасу орны үшін ИКАО-ның төрт әріптік индексін енгізу.
      Егер орналасу орнының индексі берілмеген болса, ZZZZ енгізу және 18-жолда алдыңғы DEP/белгілер тобынан кейін әуеайлақ атауын немесе орналасу орнын көрсету, немесе егер әуе кемесі әуеайлақтан ұшып шықпаса, алдыңғы DEP белгілер тобынан кейін маршруттағы бірінші нүктені немесе маркерлік радиомаякты көрсету.
      Ұшу кезінде әуе кемесінің бортынан ұшу жоспарын алған кезде AFIL енгізу және 18-жолда алдыңғы DEP/белгілер тобынан кейін қосымша ұшу жоспары туралы деректерді алуға болатын ӘҚҰ органының орналасу орны үшін ИКАО-ның төрт әріптік көрсеткішін көрсету.
      Ұшып шығу алдында берілген ұшу жоспарына қалыптарды жинауды есептеу уақытын енгізу (EOBT) немесе ұшу барысында әуе кемесінен алынған ұшу жоспарына берілген ұшу жоспары жататын маршруттағы бірінші пункт үстінен ұшып өтудің нақты және есептік уақытын енгізу.
15-жол. Маршрут
      Мыналарды енгізу:
      1) Крейсерлік жылдамдық (ең көбі 5 белгі)
      Пайдаланушының таңдауы бойынша көрсетілген ұшудың бірінші немесе барлық крейсерлік учаскесі үшін шынайы әуе жылдамдығын көрсету:
      бір сағаттағы километрде – кейіннен төрт цифр жазылған К әрпімен;
      тораптарда – кейіннен төрт цифр жазылған N әрпімен;
      Маха нақты цифр арқылы, жүздікке дейінгі дәлдікпен – соңынан үш цифр жазылған М әрпімен.
      2) Крейсерлік эшелон (ең көбі 5 белгі)
      Белгіленген маршруттың бірінші немесе барлық учаскелері үшін алдын ала жоспарланған крейсерлік эшелонды мына түрде көрсету:
      кейіннен үш цифры бар F әрпі түрінде көрсетілген ұшу эшелоны;
      кейіннен төрт цифры бар S әрпімен көрсетілген ондаған метрдегі ұшу эшелоны;
      кейіннен үш цифры бар А әрпімен көрсетілген жүздеген футтағы абсолюттік биіктік;
      кейіннен төрт цифры бар М әрпімен көрсетілген ондаған метрдегі абсолюттік биіктік;
      КҰК бойынша бақыланбайтын ұшулар үшін, VFR әріптері.
      3) Маршрут (жылдамдықтың өзгеруін, эшелонды және/немесе ұшу қағидаларын қоса алғанда)
ӘҚҚ белгіленген маршруттары бойынша ұшу
      Егер ұшып шығу әуеайлағы ӘҚҚ маршрутында орналасса немесе онымен байланысты болса, ӘҚҚ бірінші маршрутының индексін енгізу немесе, егер ұшып шығу әуеайлағы ӘҚҚ маршрутында орналаспаған болса немесе онымен байланысты болмаса, ӘҚҚ маршруты индексінің соңынан келетін келесі ӘҚҚ бірінші маршрутының байланысу пунктін көрсетумен DCT әріптерін енгізу. Кейіннен ұшу жылдамдығын және/немесе эшелонын өзгертуді бастау жоспарланған немесе ӘҚҚ маршрутын өзгерту және/немесе ұшу қағидаларын өзгерту жоспарланатын әрбір пунктті көрсету.
      Егер ӘҚҚ-ның төменгі маршрутынан жоғарғы маршрутына өту жоспарланған болса және маршруттар бір бағытта орналасқан болса, өту нүктесі туралы деректерді енгізу талап етілмейді.
      ӘҚҚ маршрутының келесі пункт индексін көрсету (егер ұшу әуеайлақ ауданында жоспарланса (ӘҚҚ маршрутының пункті) – әуеайлақ атауын қайта көрсету (ӘҚҚ маршрутының пунктін), немесе екі пункт те географиялық координаталарымен айқындалғандағынын қоспағанда, егер ұшу келесі пунктке дейін белгіленген маршруттан тыс жерде өтетін болса, рет әріптерін көрсету.
      Егер екі пункт те географиялық координаталармен немесе пеленг және қашықтықпен айқындалмаған болса, келесі пункттер арасына DCT әріптерін енгізу.
Авиациялық жұмыстар бойынша ұшуды орындау кезінде ӘҚҚ
белгіленген маршруттарынан тыс ұшу
      15-жолда мынадай кодталған индекстер қолданылады:
      Ұшуды жоспарлаған кезде жергілікті әуе желілері (ЖӘЖ) бойынша, ЖӘЖ-ден тыс маршруттар бойынша, авиациялық жұмыстар бойынша ФПЛ жолдарын толтыру кириллица әліпбиін пайдаланумен орыс тілінде ИКАО ДОС 4444 2-толықтырудың талаптарына сәйкес жүргізіледі.
      ФПЛ бланкісінің 15-жолындағы «крейсерлік эшелон» бөлімін толтыру кезінде ұшуды шынайы биіктікте қадағаланатын ҰБ-да жүргізу көзделген кезде, ұшу биіктігі шынайы биіктікке сәйкес келетін, кейіннен үш цифр жазылған «И» әрпімен белгіленеді, ал қадағаланбайтын ҰБ-ны «КҰҚ» деп көрсету керек.
      ФПЛ бланкісінің 15-жолындағы «маршрут» бөлімін толтыру кезінде маршрутты көрсеткенде, кодталған индексі берілмеген нүктелер қолданылады, минуттарға дейінгі дәлдікпен картада оның географиялық координаталарын көрсетумен М 1:500 000 немесе 1:1000 000 қолданылатын атауларға сәйкес келетін нүктенің географиялық атауын (аталымын) көрсету қажет.
      Егер маршрут нүктесінің географиялық атауы (аталымы) болмаса, он секундқа дейінгі дәлдікпен оның географиялық координаталары көрсетіледі.
      Егер маршрут нүктесінің географиялық атауы «Навигациялық құралдардың және ЖӘЖ нүктелерінің әліпбилік көрсеткіші», «ҚР ЖӘЖ тізбесі» бөлімдерінде болса, оның географиялық координаталарын көрсету қажет емес.
      18-жолды толтыру кезінде ұшуды авиациялық жұмыстар бойынша орындау жоспарланса және жоспарлау кезеңінде ЕТО-ны есептеу мүмкін болмаса, ЕЕТ көрсету үшін үдемелі уақыттың орнына арнайы «0000» (төрт нөл) белгісі қолданылады. Егер қатар ҰАА-ға (ЖДП ауданына) кіру ЖӘЖ келісілмеген нүктелерінде орындалса, қатар тұрған ҰАА (ЖДП ауданы) шегіндегі географиялық координаталар нүктелері көрсетіледі.
      Ұзақтығы бір сағаттан астам уақыт бойынша ұшу маршруттары кезінде ұшу уақытының 30 минуттан аспайтын бір-бірінен алыста орналасқан маршруттар бойынша пункттерді (нүктелерді) көрсету.
      Аралық әуеайлақтарға (алаңдарға) қону кезінде қону уақыты айқындалмаған және «0» деп белгіленген жағдайда, қисық тік сызықтан кейін 15-жолда «маршрут» бөлімінде тұрақтың шамаланған уақыты көрсетіледі.
ӘҚҚ маршруты
(2–7 белгі)
      Маршрутқа немесе маршрут учаскесіне белгіленген кодталған индекс, (әуеайлақ ауданында ұшу кезінде қажет болған жағдайда – ұшып шығудың немесе келіп жетудің стандартты маршрутына белгіленген кодталған индекс).
Негізгі нүкте
(2–11 белгі)
      Нүктеге берілген кодталған индекс (2-5 белгі) немесе егер кодталған индекс берілмесе, мынадай жолдардың бірі қолданылады:
      1) тек қана градустар (7 белгі):
      бойлықты градуспен көрсететін үш цифрмен сүйемелденетін N (солтүстік) немесе S (оңтүстік) әрпінен кейін ендікті градуспен көрсететін 2 цифр, олардан кейін Е (шығыс) немесе W (батыс) әріптері келеді.
      2) Градустар мен минуттар (11 белгі):
      бойлықты градуспен, сондай-ақ минут ондықтарымен және бірліктерімен көрсететін 5 цифрдан кейін Е (шығыс ендік) немесе W (батыс бойлық) әріптерімен сүйемелденетін ендікті градуспен, сондай-ақ минут ондықтарымен және бірліктерімен көрсететін 4 цифрдан кейін N (солтүстік ендікті білдіретін) немесе S (оңтүстік ендікті білдіретін) әріптері.
      3) Негізгі нүкте арасындағы пеленг және қашықтық:
      негізгі нүкте белгісінен кейін магниттік меридианға қатысты градустарды көрсететін үш цифр түріндегі осы нүктеден басталатын пеленг жазылады, одан кейін теңіздік мильдерді көрсететін үш цифр түріндегі нүктелерден басталатын қашықтық жазылады.
Каталог: images -> stories -> contents
contents -> Конверттерді ашу хаттамасы
contents -> Конкурсқа қатысуға жіберу туралы хаттама Б. Аманшин атындағы қазақ орта мектебі
contents -> Әуе кемелерінің халықаралық ұшуын қамтамасыз етуге арналған әуежайларды ашу және жабу қағидасын бекіту туралы
contents -> Мемлекеттік меншік болып табылатын темір жолдармен
contents -> Кеме жүргізушілерін шағын көлемді кемені басқару құқығына аттестаттау қағидасы
contents -> Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерінің ұшуын орнитологиялық қамтамасыз ету қағидасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 27 маусымдағы №713 Қаулысы «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі
contents -> Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Америка Құрама Штаттарының Үкіметі арасындағы Ауғанстан Ислам Республикасының қауіпсіздігін


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет