Қазақстан республикасының Ғылым және білім министрлігі



бет1/8
Дата26.10.2017
өлшемі1.31 Mb.
#5019
  1   2   3   4   5   6   7   8


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ
АКАДЕМИЯЛЫҚ ИННОВАЦИЯЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ҚАЛЫҚҰЛОВ Қ.М., АҒАБЕКОВ А.Ю.,

ЖАРМАХАНБЕТОВ Н.С., ИБРАИМҚҰЛОВ Қ.Қ.



Банк ісі
(оқу құралы, 1- бөлім)

ШЫМКЕНТ


2011

УДК 271


ББК 65.271я73

Қ 65


Академиялық инновациялық университетінің оқу-әдістемелік кеңесінің қаулысы бойынша іс қағазы № 3 27.01.2011 ж. баспаға ұсынған.

Пікір жазғандар:


Шалабаев И.И. – экономика ғылымдарының кандидаты, Оңтүстік Қазақстан

Облыстық Қаржы Басқармасының бастығының орынбасары;



Бигельдиева З.А. – экономика ғылымдарының кандидаты, М.О.Әуезов атындағы

ОҚМУ-нің «Салық және салық салу» кафедрасының меңгерушісі.



Қалықұлов Қ.М., Ағабеков А.Ю., Жармаханбетов Н.С., Ибраимқұлов Қ.Қ. Банк ісі: Оқу құралы (1-бөлім). Шымкент, 2011. - 93 б.

ISBN 9965-9903-7-9

Оқу құралында «Банк ісі» пәнінің теориялық сұрақтары мен тәжірибелік мәселелері тақырыптар бойынша қамтылған. Оқу құралы жоғары оқу орындарының экономикалық мамандықтарында оқитын күндізгі және сыртқы бөлім студенттеріне арналған.

УДК 271


ББК 65.271я73

Қ 65






К

ISBN 9965-9903-7-9 © Қалықұлов Қ.М., Ағабеков А.Ю.,

Жармаханбетов Н.С., Ибраимқұлов Қ.Қ.




Кіріспе
Қазақстан Республикасының банктер жүйесі ұлттық экономиканың басқа секторларымен салыстарғанда нарық талабына сай өзгерістерді жедел қабылдайтын және экономикалық базистегі өндірістік қатынастар мен өндіргіш күштердің даму зандылықтарына тез сыңай танытатын, салыстырмалы дербестігі бар ақша секторы.

Қазіргі таңда, коммерциялық банктер ел экономикасының ең маңызды және негізгі салаларын несиелей отырып, экономикалық өсу мен дамуға өлшеусіз үлес қосуда. Сонымен қатар, коммерциялық банктер экономика үшін маңызы зор – кіші кәсіпкерлік субъектілерінің ашылуына, халыққа сапалы қызмет пен өнім түрлерін ұсына алуға да ерекше үлес қосады.

Қазақстан Республикасында екі деңгейлі банктер жүйесінің дамуының жаңа кезеңі басталды. Екінші деңгейдегі банктердің халықаралық стандартқа өтуімен байланысты Ұлттық Банк және Қазақстан Республикасы Қаржылық қадағалау Агенттігі тарапынан коммерциялық банктердің қызметтерінің сандық және сапалық көрсеткіштеріне қойылатын талап күшеюде. Бұған бір жағынан банкаралық бәсекенің ықпалы әсер етсе, ал екінші жағынан шетел капиталының банк секторына енуі қозғау салды. Қазақстан экономикасына шет ел инвестицияларын тартумен қатар елімізде сыртқы экономикалық қатынастар да дамуда. Ал бұл процесс өз кезегінде банк менеджментінің сапасын халықаралық деңгейге кетеруді талап етеді. Міне осыған байланысты банктер жүйесіне теориялық әзірлігі терең және тәжірибелік қабілеті мол мамандар дайындау мәселесі де жаңа белеске көтерілді. Банктер жүйесінің инфляцияны тежеуде, нақты секторды инвестициялауда, ақша айналымын ұйымдастыруда және экономиканы макродеңгейде реттеуде атқаратын рөлі арта түсті.

Қазіргі кездегі коммерциялық банктер клиенттерге әр түрлі қызметтер яғни, несие беретін, валюталық жене депозиттік операциялармен айналысатын, кассалық есеп айырысу қызметін жүргізетін шаруашылық субъектілермен үзеңгілес, әрі серіктес ерекше кәсіпорын. Сондықтан экономиканы басқаруда мамандар үшін банк ісін ұйымдастырудың ғылыми және практикалық негізін оқып үйренудің маңызы зор. Жоғарыда аталғандай, Қазақстан Республикасы банктерінің халықаралық стандартқа көшуіне байланысты қойылатын талаптар күшейген сайын кәсіпкерлік деңгейі жоғары болашақ банкирлер дайындау жауапкершілігі де арта түспек. Бұл жауапкершілік "Банк ісі" пәнін жан-жақты, терец әрі сапалы оқытумен тікелей байланысты. .

"Банк ісі" пәнін оқыту "Банктік құқық", "Инвестицияны қаржыландыру және несиелеу", "Банктегі бухгалтерлік есеп жене аудит", "Ақша-несиелік реттеу", "Халықаралық валюталық жүйе" пәндерімен қатар оқытылады. "Банк ісі" пәнін студенттерге оқытудағы мақсат - банк қызметін өркениетті деңгейде атқара алатын, кәсіпкерлігі жоғары маман болу үшін қажетті банк ісін ұйымдастыру жөнінде ғылыми және практикалық білімдер негізін беру.

"Банк ісі" пәні экономикалық ғылымдардың дербес саласы ретінде нарықтық экономикадағы ақшаның атқаратын қызметгеріне қатысты қалыптасатын экономикалық қатынастардың мән-мазмұнын ашып білуге үйретеді. "Банк ісі" пәні теориялық жағынан "Ақша, несие, банкер" және "Қаржы нарығы және делдалдар" пәнімен мазмұндас. Сондықтан теориялық жағынан осы пәндердің жалғасы ретінде қарастыруға болады. Банктердің нарықтық экономика жағдайында рөлі өте жоғары, қаржы делдалы ретінде жалпы экономикалық процестерді реттеу ісінде маңызы зор. Банктерді қазіргі кездегі несиелік мекемелер деп те, қаржы делдалы деп те атап көрсету қалыптасқан. Әрине, банктер жүйесі экономиканың қаржы секторының дербес сегменті болғандықтан, оның қызметтерінің құрылымының және экономикалық табиғатының өзіндік ерекшеліктері бар. "Банк ісі" пәнінде коммерциялық банктердің қызметтерінің мән-мазмұнын аша түсетін әртүрлі экономикалық заңдылықтардың табиғатын зерттеп, терең түсінуге болады. Экономикалық қатынастарды реттейтін экономикалық заңдылықтар болғандықтан, банк қызметтері міндетті түрде сол заңдылықтар көлемінде жүзеге асырылуы тиіс. Банк қызметтерін реттеп отыратын және соларға негіз болып табылатын экономикалық заңдылықтар сандық және сапалық көрсеткіштерімен сипатталынады. "Банк ісі" пәнінің Қазақстанда экономикалық ғылымының дербес саласы ретінде қалыптасуының терең заңдылықтары Қазақстан Республикасының саяси жөне экономикалық дербестігі бар тәуелсіз мемлекет ретінде дамып одан әрі өркендеуінің нәтижесінде құрылған және 1993 жылы енгізілген Ұлттық төл теңге айналысына негізделген екі деңгейлі банктер жүйесінің кемелденіп, халықаралық стандартқа өту процесімен тығыз байланысты. "Банк ісі" пәнін үйренуде диалектикалық әдіс кеңінен қолданылады. Диалектикалық әдіс қандай да болмасын эқономикалық құбылысты үнемі динамикалық күйде зерттейді.

"Банк ісі" пәні экономикалық ғылымның дербес және арнайы саласы болғандықтан, бұл пәнді оқып үйренудің әдістері, тәсілдері, логикасы жалпы экономикалық ғылымды оқып үйренудің әдістерімен, тәсілдерімен, логикасымен үндес, астарлас.
1-тақырып. Коммерциялық банктер және олардың бүгінгі таңдағы экономикалық жағдайы

Түйінді сұрақтар:

1.1 Коммерциялық банктер - коммерциямен айналысатын ерекше кәсіпорын.

1.2. Банктердің түрлері мен атқаратын қызметтері

1.3. Коммерциялық банктердің міндеттері , қағидалары және негізгі қызмет ету шарттары
Нарықтық экономика жағдайындағы Қазақстан Республикасының банк жүйесі ұлттық экономиканың басқа секторларымен салыстырғанда ең маңызды динамикалық құрылымы болып табылады. Осыған байланысты болашақ банк мамандары үшін және барлық экономистер үшін банк сияқы экономикалық санат жөнінде ғылыміи түсініктер алу, оның маңыздылығы, жұмыс істеу ерекшеліктерін ұғу керекті нәрсе. Сонымен қатар банкирлердің жұмыс ұйымдастыру әдістері, қолданатын экономикалық тетіктері де болашақ банк мамандарын қызықтыратыны анық

Қазіргі таңда, коммерциялық банктер ел экономикасының ең маңызды және негізгі салаларын несиелей отырып, экономикалық өсу мен дамуға өлшеусіз үлес қосуда. Сонымен қатар, коммерциялық банктер экономика үшін маңызы зор – кіші кәсіпкерлік субъектілерінің ашылуына, халыққа сапалы қызмет пен өнім түрлерін ұсына алуға да ерекше үлес қосады.

Екінші деңгейлі банктердің банктік несиелері экономиканың негізгі салаларын несиелей отырып, халық шаруашылығының барлық салаларының дамуын ынталандыруға әсер етеді. Екінші деңгейлі банктер әртүрлі коммерциялық қызметтер көрсете отырып, Қазақстан экономикасының тұрақты дамуына, кіші кәсіпкерлік субьектілерін, ауыл шаруашылығын және әртүрлі экономикалық секторларын несиелеуіне тікелей әсер етеді. Кез-келген елдің қаржылық жүйесінде коммерциялық банк негізгі несие мекемесі ретінде саналып, халық шаруашылығы мен өндірісті дамытуға өз үлестерін қосады. Банк –бұл ақшалай қаражаттарды тарту үшін және оларды өз атынан мерзімінде қайтару , төлеу шартымен орналастыру үшін құрылатын ұйым. Банкті негізгі тағайындауы- ақшалай қаражатты несие берушіден қарыз алушыға , сатушыдан сатып алушыға ауыстырудағы делдалдық.

Ежелгі ғасырлар тарихы кейінгі ұрпаққа банктердің қашан пайда болғаны туралы ғана емес, сондай-ақ олардың қандай операцияларды орындағандығы туралы да толық мәліметтер қалдырмаған секілді.

Кейбір ғалымдардың пікірінше, алғашқы Италияның жекелеген қалаларында (Венеция, Генуя) XIV-XV ғғ. пайда болған. Олардың еңбектерінде банк тауар шаруашылығының ерекше институты ретінде тауар шаруашылығының ерте кезеңінде, яғни тауар-ақша қатынастарының дамуына байланыссыз, ақша айналысын реттеу үшін пайда болған делінеді.

XVI-XVII ғғ. Венецияда, Генуяда, Миланда, Амстердамда, Гамбургте, Нюрнбергте саудагер-клиенттер арасында қолма-қол ақшасыз есеп- айырысуларды жүзеге асыру үшін жиробанктер құрылады. Жиробанктер өздерінің клиенттері арасында белгілі салмағы бар бағалы металлдардан жасалған акша бірліктері арқылы есеп айырысулар жүргізді. Өздерінің бос ақша каражаттарын жиробанктер мемлекетке, қалаларға және артықшылығы бар компанияларға ссудаға берді. Ал кейбір мамандар, банкті одан да ерте мерзімде - феодализм тұсында пайда болған деп айтады. Олар феодалдық шаруашылық тұсында банктердің төлемдегі делдалдық қызметінің қажеттігінен пайда болғандығын тілге тиек етеді. Дегенмен де, деректерге сүйене отырып, банктердің пайда болуының екі мың жылдық тарихы бар екендігін айтуға болады. Өкінішке орай, «банк» сөзінің өзі бізге оның мәнін ғана белгісіз етіп қоймай, алғашқы несиелік мекеме туралы біздің жорамалымыздың ақиқаттығына күмән туғызады.



«Банк» сөзі «banco» деген ағылшын тілінен аударғанда «айырбас орыны» дегенді білдіреді. Бұл «айырбас орыны» тауарлармен сауда жасалатын алаңдарда құрылады. Сауда мемлекеттер мен қалалардың, жекелеген тұлғалардың әр түрлі монеталарымен жасалған. Ол уақытта монеталардың біртұтас жүйесі болмағандықтан, олармен сауда-саттық барысында әр түрлі формадағы монеталар кездескен. Банктер пайда болардың алдында ақша-сауда капиталының өкілдері саудагерлердің ақшалай салымдарын қабылдап, оларды әр түрлі елдің ақшаларына айырбастауға маманданып отырған. Уақыт өте келе, айырбастаушылар бұл салымдарды, сондай-ақ өздерінің акша қаражаттарын ссудаға беріп, пайыз алу үшін пайдалана бастайды. Сөйтіп, айырбастаушылар біртіндеп банкирлерге айналады.

Банктің мәнін ашуға екі жақты тұрғыдан келуге болады: заңды және экономикалық. Бірінші жағдайда, ең бастысы «банктік операциялар» ұғымының маңызы артады. Олардың катарына банк қызметі туралы заңда корсетілген операциялар тізімі жатады.

Қай жағынан алсақ та, банктің мәнін заң тұрғысынан қарау жеткіліксіз болып табылады. Банктің мәнін айқындау оиың қызметінің заңмен қатынасын білумен ғана шектелмейді. Банктің мәнін, оған рүқсат етілген операцияларын анықтайтын заң емес, оны істің экономикалық жағы және банктің жаратылысы анықтайды.

Банктің мәнін талдағанда оның бастапқы атқарған қызметтерін (валюта айырбасы, несие беру, есеп айырысу) жоққа шығаруға болмайды. Жалпы, кез келген құбылыстың мәнін танып білуде, оның қандай операцияларды орындайтынын немесе орындағандығы туралы сұраққа жауап іздеудің қажеті шамалы, бұл жерде ең бастысы, онын сапасына және басқа институттардан өзара айырмашылынша мән берген дүрыс.

«ҚР банктер және банктік қызмет туралы» заңның 1-ші бабына сәйкес «банк - бұл осы жарғыға сай банктік қызметті жүзеге асыруға құқылы коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлға».
1.2. Банктердің түрлері мен қызметтері

Жалпы, коммерциялық банктерді мынадай белгілеріне байланысты жіктеуге болады:

1. Меншік сипатына қарай:


  • мемлекеттік;

  • акционерлік (ашық және жабық үлгідегі);

  • жеке;

  • пай қосу арқылы (жауапкершілігі шектеулі серіктестік);

  • аралас;

- кооперативтік

2. Операцияларының түрлеріне қарай:

- әмбебап, яғни экономиканың барлык салаларына бірдей және
кең көлемді банктік қызмет көрсететін банктер;

- маманданған, яғни бір ғана салаға қызмет көрсететін банктер;



  1. Аумақтық белгісіне қарай:

- халықаралық;

  • Ұлттық;

. - аймақтық;

4. Салалык белгісіне қарай:



  • өнеркәсіптік банктер;

  • сауда банктері;

  • ауылшаруашылық банктері;

  • құрылыс банктсрі;

  • басқа да.

5. Филиалдар санына карай:

  • филиалсыз;

  • көп филиалды.

Қазақстан Республикасындағы банктер, бастапқыда мәлімдеуші акцияны шығарып сатуға құқысыз, яғни жабық акционерлік қоғам формасында құрылады.

Ашық типтегі акционерлік қоғамға банктердін (жабық типтегі акционерлік қоғам формасынан) өтуі үшін, Ұлттық банктен банктік операцияларды жүзеге асыруға рұқсат қағазын алғаннан кейін бір жыл бойына Ұлттық банк тарапынан бскітілген пруденциалдық нормативтерді және басқа да міндеттемелерді орындауы қажет.

Егер банк жауапкершілігі шектеулі қоғам түрінде құрылған болса, онда оның жарғылық қорының әр құрылтайшыға тиетін үлесі құрылтайшылык құжатта анықталады және бұл банктің қатынасушылары немесе құрылтайшылары оның міндеттемелеріне өздеріне тиісті үлес шегінде ғана жауап береді.

Егер банк акционерлік қоғам формасында құрылатын болса, онда оның жарғылық капиталы акциялардың номиналдық құнының сомасында ашык түрде жазылып таратылады (егер банк ашық типтегі акционерлік қоғам түрінде болса) және құрылтайшылардың арасында жарғылық капиталдағы олардың үлесіне байланысты акциялар үлестіріліп беріледі.

Банктердің айрықша бір қызметі - ақшалай табыстар мен жинактарды жұмылдыра отырып, оларды капиталга айналдыру. Қоғамның әр түрлі таптары ақшалай табыстардың тұтынудан қалған бөлігін алдағы уақыттағы шығыстар үшін жинақтайды. Бұл ақшалай табыстар мен жинақтар өздігінен капиталға айналмайды, егер банктер немесе басқа да несиелік мекемелер болмаса, олардың жансыз капиталға айналары да сөзсіз. Банктердің немесе басқа да несиелік мекемелердің осы ақшалай табыстарды салым түрінде жұмылдыруы нәтижесінде ғана олар ссудалық капиталға айналады. Содан соң ссудалық капиталды банктер сауда және өнеркәсіптік фирмаларға беріп, осының нәтижесінде ақшалай табыстар мен жинақтар банктер көмегімен капиталга айналады.

Банктердің қызметінің біріне айналыста металл ақшалардың орнын алмастыратын несиелік құралдарды (банкнот, чек, вексель және несиелік карточка) жасау жатады.

Жоғарыда аталған қызметтерді атқара отырып, банктер ұлғаймалы ұдайы өндіріске мынадай жолдар арқылы ықпал етеді:


  • кәсіпорындарды кеңейту үшін кәсіпкерлерге ссудалар беру;

  • қолма-қолсыз ақшалар мен несиелік құралдарды пайдалану арқылы айналыс шығындарын қысқарту;

  • ақшалай жинақтар мен тұтынылған табыстардың бір бөлігін жұмылдыра отырып, оларды қосымша капиталга айналдыру.


1.3. Коммерциялық банктердің міндеттері, қағидалары және негізгі қызмет ету шарттары

Қаржылық тәуекелділіктің субъектісі ретінде банктердің екі негізгі белгісі болады. Бұл белгілер оны басқа субъектілерден айрықшалап көрсетеді:

1. Банк қызметіне борыштық міндеттемелерді екі жақты айырбастау тән. Банктер өзінің борыштық міндеттемелерін депозиттерге, жинақ ақша сертификаттарына және т.б орналастырады , ал осының негізінде жұмылдырылған қаражат қаржы нарығының өзге субъектілері шығарған борыштық міндеттемелер мен құнды қағаздарға бағытталады.

2. Банктер заңды және жеке тұлғалардың алдында, мысалы, клиетттің қаражатын шотқа және салым ақшаға орналастырғанда депозит сертификаттарын шығарғанда және т.б. тіркелген борыш сомасы бар сөзсіз міндеттемені қабылдайды. Бұл ресурстарды өз акцияларын шығарудың негізінде жұмылдыратын инвестициялық қорларға тән емес. Борыш сомасы бойынша тіркелген міндеттеме делдалдарға біршама қатер төндіреді, өйткені, ол нарық коньюнктурасына қарамастан толық төленуі керек, ал инвестициялық компания өзінің активтері мен пассивтерінің құнына қатысты өзгерістер тудырған барлық қатерді акционерлеріне бөліп береді.



Коммерциялық банк қызметінің қағидалары:

  1. Нақты қолда бар ресурстар шегінде жұмыс істеу . Коммерциялық банктер өзінің ресурстары мен несие салымдарының арасын сандық арақатынаспен қамтамасыз етіп қана қоймай, банк активтерінің сипатын жұмылдырылған ресурстардың өзіндік ерекшелігіне сәйкестендіруге ұмтылуы керек.

  2. Банктердің өз қызмет нәтижесі үшін экономикалық тұрғыдан жауап беруін ұйғаратын толық экономикалық дербестік.

  3. Банктердің клиентпен арадағы өзара байланысы нарықты қатынастың негізінде құрылады.

  4. Коммерциялық банктің жұмысы тек жанама экономикалық әдістермен реттеледі .

Банк операцияларын жүзеге асыру банктiң қызметi болып табылады. Банк қызметiн клиент мүддесi үшiн белгiлi бiр iс-әрекеттердi орындау деп сипаттауға болады. Кез келген банк өнiмiнiң негiзiнде клиенттiң қандай да болмасын қажеттiгiн қанағаттандыруы жатады.

Коммерциялық банктердiң осы операцияларын топтастыра отырып, олар атқаратын негiзгi функцияларды анықтауға болады:



  1. уақытша бос қаржыларды, жинақтарды шоғырландыру (депозиттiк операциялар);

  2. экономика мен тұрғын халықты несиелеу (активтi операциялар);

  3. несие ақшаларын шығару;

  4. нақты ақшасыз есеп айырысуларды ұйымдастыру және жүргiзу;

  5. инвестициялық қызмет;

  6. клиенттерге басқа да қаржы қызметтерiн көрсету.

Бүгiнгi таңда әмбебап сипаттағы коммерциялық банктер банк қызметiнiң жан-жақты қамтитын қызмет түрлерiн жүргiзедi. Республиканың коммерциялық банктерi қаржы, несие, есеп айырысу операцияларының барлық түрлерiмен айналысады.

Қазақстан Республикасының банк заңдарына сәйкес, коммерциялық банктер келесi операцияларды жүргiзедi:

а) заңды тұлғалардың депозиттерiн қабылдау;

б) жеке тұлғалардың депозиттерiн қабылдау;

в) клиенттердiң шотын ашу және жүргiзу, корреспонденттiк шот ашу және жүргiзу, кассалық қызмет көрсету;

г) қайтарымдылық, мерзiмдiлiк және ақы негiзiнде заңды және жеке тұлғаларға ұзақ және қысқа мерзiмдi несие беру;

д) инвестицияланатын қаражатты иеленушiлердiң немесе оларға билiк жасаушылардың тапсыруымен күрделi қаражаттарды қаржыландыру;

е) заңмен белгiленген тәртiпте өз меншiгiндегi бағалы қағаздар шығару (вексель, аккредитив, депозиттiк сертификат, акция және басқа да қарыз мiндеттемелерi)

ж ) төлем құжаттары мен бағалы қағаздарды сатып алу, сату және сақтау, олармен өзге де операциялар жүргiзу;

з) кепiлдiк операциялары: үшiншi тұлғалар үшiн ақшалай түрде атқаруды көздейтiн тапсырмалар, кепiлдiктер мен өзге де мiндеттемелер беру;

и) факторингтiк операциялар: тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) сатып алушыдан төлемсiз тәуекел етiп қабылдай отырып, төлемдi талап ету құқығына ие болу;

к) форфейтингтiк операциялар: тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) сатып алушының берешек мiндеттемесiн сатып алушыға айналым түспейтiн жолмен вексель сатып алу арқылы төлеу;

л) сейфтiк операциялар: сейф жәшiктерiн, шкафтар мен үй жайларды жалға берудi қоса клиенттердiң бағалы қағаздарын, құжаттары мен құндылықтарын сақтау жөнiндегi қызметтер;

м) сенiм (трасттық) операциялары: сенiм бiлдiрген адамның мүддесi үшiн және соның тапсыруымен ақшаларын басқару;

н) жалға берушiнiң жалға берiлетiн мүлiкке меншiк құқығын сақтай отырып мүлiктi шарт (лизинг) қолданылатын бүкiл мерзiмге жалға өткiзу;

о) банк қызметiмен байланысты кеңес беру;

п) банк операциялары бойынша брокерлiк қызмет көрсету.

Ұлттық банктiң арнайы лицензиясы болған жағдайда коммерциялық банктер басқа да операцияларды жүзеге асыруға құқылы, соның iшiнде:



  • шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру;

  • ақшаларды инкассациялау және басқа жаққа жiберу;

  • тұрғын халықтың ақшалай салымдарын Тарту;

Жоғарыда аталған операцияларды жүргiзу үшiн банктерге және басқа тұлғаларға лицензияны Ұлттық банк қана беруге құқылы.
Берілген тақырып бойынша бақылау сұрақтары:

1.Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктердің әр түрлі ұйымдық-құқықтық үлгілерінің қалыптасуы.

2. Коммерциялық банктердің Қазақстан Реслубликасында қызмет ету ерекшеліктері, оларды рекапитализациялау саясаты.

3. Екінші деңгейдегі банктердің халықаралық стандартқа көшу бағдарламасының орындалуы, коммерциялық банктер жүйесінің даму ерекшеліктері, олардың дамуының сандық көрсеткіштері.

4. Банк секторына шетел капиталының енуі жөне оны реттеу, мемлекеттік мәртебесі бар банк құру қажеттілігі.


2 - тақырып. Қазақстан Республикасында коммерциялық банкті құру, оның қызметін ұйымдастыру және басқару құрылымы
Түйінді сұрақтар:

2.1 Коммерциялық банктердi ашу, тiркеу және жабу тәртiбi

2.2 Коммерциялық банктердің функциялары

2.3.Коммерциялық банктердің қызметін ұйымдастыру және басқару құрылымы.
2.1 Коммерциялық банктердi ашу, тiркеу және жабу тәртiбi

Банктi ашу өте күрделi де ұзақ процесс болып табылады және әр елдiң арнайы заңдарымен тiркеледi. Банктi ашу, тiркеу және қызметiн тоқтату тәртiбi Қазақстан Республикасының ''Банктер және банк қызметi туралы'' Заңына сәйкес анықталады.

Қазақстан Республикасының аумағында банк құруға рұқсатты Ұлттық банк бередi. Банк ашуға рұқсат беру кезiнде Ұлттық банк жүргiзiлетiн банк операцияларының шегiн белгiлейдi.

Банк ашуға рұқсат алу үшiн келесi құжаттарды толтыру қажет:



  • банктi ашуға рұқсат беру туралы өтiнiш (өтiнiш қазақ немесе орыс тiлдерiнде берiледi және онда өтiнiш берушiнiң мекен-жайы көрсетiлуi тиiс);

  • экономикалық негiздеме;

  • жаңадан құрылатын банктiң қызмет стратегиясын, қызмет бағыты мен ауқымын ашып көрсететiн бизнес-жоспары, қаржылық перспективасы (есеп балансы, алғашқы үш қаржы жылындағы табыс пен шығын есебi, маркетинг жоспары, ресурстарын тарту жоспары);

  • құрылтай құжаттары: құрылтай шарты, жарғы, жарғы қабылдау мен банктi басқару органдарын тағайындау (сайлау) хаттамасы;

  • құрылтайшылардың қаржы жағдайының тұрақтылығы жайлы аудиторлық қорытынды;

  • жарғы қорына қаржыны аударатынын растайтын құжат;

  • банктiң басқару қызметiндегi адамдардың кәсiби бiлiктiлiгi мен жарамдылығын растайтын мәлiметтер;

  • құрылтайшылар үшiн жасалатын тәуекелдiң ең көп мөлшерi;

  • жарғы капиталының ең төменгi мөлшерi;

  • Ұлттық банктегi мiндеттi резервтердiң мөлшерi;

  • банктiң өз меншiгiндегi қаржылары мен оның мiндеттемелерi сомасының арасындағы (активтерi мен пассивтерiнiң) сәйкестiк;

  • шет елдерден несие ресурстарын тарту көлемiне шектеулер орнату;

  • Ұлттық банктiң орталықтандырылған көздерiнен алынатын несиелердiң ең көп мөлшерi.

Нормативтер мен шектеулер банктердiң қаржы жағдайларының тұрақтылығын қамтамасыз ету, оның клиенттерiнiң мүдделерiн қорғау және республиканың ақша айналымын нығайту мақсатында орнатылады.

Ұлттық банк екiншi деңгейдегi банктер қызметiне қатысты бақылау функцияларын да жүргiзедi. Банктердiң балансы, есептерi және басқа да құжаттары негiзiнде Ұлттық банк белгiлеген нормативтердiң сақталуын бақылап отырады.

Ұлттық банктiң коммерциялық банктерден алған мәлiметтерi құпия болып табылады және басқа адамдарға ашылуға жатпайды.

Екiншi деңгейдегi банктер Ұлтық банктiң нормативтiк актiлерi мен заңдарын бұзған жағдайда Ұлттық банк:



  • банктiң қаржы жағдайын сақтандыру жөнiнде, банктi қайта құру немесе тарату, басшыларды ауыстыру қажеттiгi туралы;

  • санкциялар қолдану туралы мәселенi қарауға құқылы

Санкциялар ретiнде Ұлттық банк мынадай шаралар қолданады:

а) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген негiздер бойынша айыппұл салып, өндiрiп алу;

б) Ұлттық банктегi резервтiк қордан дебитор-банктiң қарызын шығынға жазу;

в) Ұлттық банк белгiлеген жеке нормативтердi өзгерту;

г) барлық немесе жекелеген операцияларын жүргiзуге берiлген лицензияны тоқтата тұру немесе оның күшiн жою;

д) банктi консервациялау, банк ашуға берiлген рұқсатты қайтарып алу және т.б.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©kzref.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет