Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі



Дата24.11.2022
өлшемі24.78 Kb.
#179375
түріОқулық
Байланысты:
ММОК 223 Нұрқасынов Қуан, Муптухан Нұржан Эссе МЕШ


Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
Эссе

Тақырыбы: Жаңартылған мазмұндағы 5-сынып математика оқулықтарында мәтінді есептердің қолданбалы аспектілерін талдау

Орындаған: Нұрқасынов Қ., Муптухан Н.
Тексерген: Есенова М.И.
Алматы, 2022
ММОК 223 группасының магистранттары:
Нұрқасынов Қуаныш, Муптухан Нұржан
Алдамұратова Т.А., Байшоланова Қ.С., Байшоланов Е.С., 2017
Алматы «Атамұра» 2017
Қозғалысқа берілген мәтінді есептер 5-сынып

Мәтінді есеп деген не?


Қозғалысқа байланысты мәтінді есепті шығару жолы?

Мәтіндік есептер дегеніміз - аты айтып тұрғандай, мәтін арқылы берілген, теңдеу құруға негізделген есептер болып табылады. Мұны кейде мәселе есептер, кейде сөздік есептер деп те атайды. Бұл есептердің ішінде біраз басқатырғыштары да бар. Өзінің алға қойған дидактикалық мақсаттарына қарай есептерді үш түрге (классификация) бөлуге болады:


1) танымдық есептер: бұлар арқылы жаңа білім алынады;
2)машықтану есептері: бұлар арқылы орнықты білім дағдылары қалыптасады;
3)шығармашылық мақсаттағы есептер: ойлауды қажет ететін дамыту есептері.
Мәтінді есептерді шығару кез - келген есепті шығара білуге үйретеді:
а) есеп мазмұнын талдай отырып, ондағы белгілі және белгісізді ажырата білуге үйретеді;
б) берілген мәліметтер мен белгісіздің арасындағы байланысты тағайындай білуге үйретеді;
в) есептің шығару жоспарын құру;
г) есептегі белігілі мен белгісіз арасындағы байланысты теңдеу, теңдік арқылы математика тіліне аудару;
д) сәйкес амалдарды орындау (сәйкес теңдеулерді шешу) есептің сұрағына жауап қайтару;
е) есептің дұрыстығын тексеру.
Мектепте кездесетін осындай есептердің төрт түрін атап айтуға болады:
1) төртінші пропорционалды табуға арналған есептер;
2) пропорционал бөлуге арналған есептер;
3) екі айырма арқылы санды табуға арналған есептер;
4) санның бөлігін және керісінше санды табуға арналған есептер.
Жалпы мәтінді есептерді көбінесе арифметикалық және алгебралық тәсілмен шығарады:

  • арифметикалық тәсіл. Бұл жағдайда барлық логикалық операциялар нақты сандар арасында арифметикалық амалдарды қолдана алу білімін пайдаланылып негізгі тұжырымға сүйенеді. Арифметикалық тәсіл есепті талқылай білуге, өз ойын анық және нақты айта білуге үйретеді;

  • алгебралық тәсіл. Мұнда есеп теңдеу құру арқылы шығарылады. Алгебралық тәсілде есеп математика тіліне аударылып, оның математикалық моделі жасалады.

Сабақтың тақырыбы: Қозғалысқа байланысты есептер шығару (слайд)


Сабақтың мақсаттары. Балаларда:

  • бірлесе жұмыс істеуге және қозғалысқа берілген есептерді шығару дағдысын тиянақтау;

  • есептерді, теңдеулерді шешу кезінде, санды өрнектердің мәнін табуда есептеу дағдыларын жетілдіру;

  • талқылау, талдау, қорытынды жасау біліктілігін дамыту.

Қозғалысқа байланысты есептердің түрлері:
Есептерді әрбір түріне сәйкестендіріп бөліп жазыңыздар
1 (1-бөлім, 127 есеп 61 бет)
Аңшы иті қоянды 16 м/с жылдамдықпен қуды. Қоян одан 12 м/с жылдамдықпен қашты. Ит қоянға 13 секундта қуып жетті. Алғашқыда қоян иттен қандай қашықтықта болды? Есептің шешу өрнегіндегі 4 санының мағынасы қандай?
=16 м/c
=12 м/c
t =13 c
S=?
Шешуі:
S=V*t
V= = 16м/c 12м/c = 4 м/c
S= 4м/c 13 c = 52 м
Жауабы: S=52 м; есептің шешу өрнегіндегі 4 саны қуып жету жылдамдығын білдіреді

2 (1-бөлім, 213 есеп 86 бет)


Бір жерден бірдей уақытта бір бағытта мотоциклші және велосипедші шықты. Бірдей уақыт аралығында мотоциклші 93 км, ал велосипедші 39 км жүрді.
1) Олар неше сағат жүрді?
2) Велосипедшінің қалыс қалу жылдамдығын табыңыз.
=39 км/сағ
=93 км/сағ
t = ?
=?
Шешуі:
t =3 сағ
=39/3=13 км/сағ
=93/3=31 км/сағ
= 31 км/сағ 13 км/сағ = 18 км/сағ
Жауабы: t =3 сағ
= 18 км/сағ

3 (1-бөлім, 314 есеп 118 бет)


Ұзындықтары бірдей екі пойыз бір-біріне қарама-қарсы жүріп келеді. Бірінші пойыздың жылдамдығы 54 км/сағ, ал екінші пойыздың жылдамдығы 36 км/сағ. Бірінші пойызда отырған жолаушының тұсынан екінші пойыз 14 секундта өтті. Пойыздардың әрқайсысының ұзындығы неше метр?
= 54 км/сағ
= 36 км/сағ
t=14 c
S=?
Шешуі:

S=25м * 14м =350 м
Жауабы: S=350 м

4 (1-бөлім, 330 есеп 123 бет)


Меншікті жылдамдығы 32 км/сағ теплоходтың ағыс жылдамдығы 3 км/сағ өзенде:
1) ағыспен жүзгендегі жылдамдығын табыңыз;
2) ағысқа қарсы жүзгендегі жылдамдығын табыңыз;
= 32 км/сағ
= 3 км/сағ
, =?
Шешуі:
= + = 32 км/сағ + 3 км/сағ =35 км/сағ
= = 32 км/сағ 3 км/сағ = 29 км/сағ
Жауабы: = 35 км/сағ
= 29 км/сағ

5 (1-бөлім, 337 есеп 124 бет)


Өзен ағысының жылдамдығы 3 км/сағ. Осы өзенде жүзген байдарка қайығының ағыспен жүзгендегі жылдамдығы ағысқа қарсы жүзгендегі жылдамдығынан қанша артық?
= 3 км/сағ
3 км/сағ * 2 = 6 км/сағ
Жауабы: 6 км/сағ

6 (1-бөлім, 339 есеп 125 бет)


Катер ағыс жылдамдығы 2 км/сағ өзенде жүзіп, 120 км қашықтағы айлаққа барып қайтты. Катердің меншікті жылдамдығы 22 км/сағ.

  • Егер катер айлаққа барарда ағыспен жүзсе, ол айлаққа қанша уақытта барды?

  • Катер қанша уақытта айлақтан қайтты?

  • Катер қанша уақытта айлаққа барып қайтты?

= 2 км/сағ
S = 120 км
= 22 км/сағ
, , = ?
Шешуі:
( + ) * = S ( ) * = S
=120 км/(22+2) км/сағ = 5 сағ =120 км/(22 2) км/сағ = 6 сағ
= + =5 сағ + 6 сағ =11 сағ
Жауабы: = 5 сағ
= 6 сағ
= 11 сағ

7 (1-бөлім, 343 есеп 125 бет)


1) Катер 105 км қашықтықты ағыспен 5 сағат жүзді, ал ағысқа қарсы 7 сағат жүзді. Катер осы жылдамдықпен 108 км қашықтықты көлде неше сағат жүзеді?
2) Моторлы қайық 36 км қашықтықты ағыспен 2 сағат, ағысқа қарсы 3 сағат жүзді. Сал осы қашықтықты неше сағат жүзеді?
Шешуі:
1)
2 = 36
= 18 км/сағ
Жауабы: = 108/18 = 6 сағ

2)


2 = 30
= 15 км/сағ
Жауабы: = 36/3 = 12 сағ

8 (1-бөлім, 345 есеп 126 бет)


Өзен жағасындағы А айлағынан қайық және онымен бір уақытта оған қарсы В айлағынан катер шықты. Қайықтың меншікті жылдамдығы 8 км/сағ, катердің меншікті жылдамдығы 17 км/сағ. А айлағы мен В айлағының арақашықтығы 72 км. 2 сағаттан соң қайық катерден неше километр қашықтықта болады? Не себепті ағыс жылдамдығы берілмеді?
= 8 км/сағ
= 17 км/сағ
S = 72 км
t = 2 сағ
=?
Шешуі:

(17 км/сағ + 8 км/сағ) * 2 сағ = 50 км
= 72 км 50 км = 22 км
Жауабы: = 22 км; себебі: ағыс жылдамдығы есептің бір жылдамдыққа қосылса, екіншісінен алынады, яғни есептеу барысында қысқарып 0-ге тең болады

9 (1-бөлім, 346 есеп 126 бет)


Ағыспен жүзген катер 42 км қашықтыққа барған соң, оны қуып жету үшін соңынан теплоход шықты. Катердің меншікті жылдамдығы 18 км/сағ, ал теплоходтың меншікті жылдамдығы 32 км/сағ. Ағыс жылдамдығы 2 км/сағ. Теплоход катерді қанша уақыттан соң қуып жетеді?
Есептің мазмұнында қандай шама артық берілді?
S = 42 км
= 18 км/сағ
= 32 км/сағ
= 2 км/сағ
t=?
Шешуі:


32 км/сағ 18 км/сағ =14 км/сағ
t=42 км /14 км/сағ = 3 сағ
Жауабы: t=3 сағ; есептің мазмұнында

10 (1-бөлім, 347 есеп 126 бет)


Қайықтың меншікті жылдамдығы ағыс жылдамдығынан 5 есе артық. Қайық өзенде ағыспен жүзіп отырып, 3 сағатта 36 км қашықтыққа барады. Қайық өзенде ағысқа қарсы жүзіп, 2 сағатта неше километр қашықтыққа барады?
= 5x км/сағ
= x км/сағ
( )*2 = ?
Шешуі:
( )*3 = 36
5x+x=12
6x=12
х=2 км/сағ; 5x=10 км/сағ
( )*2 =(10 2)*2 = 16 км
Жауабы: S = 16 км

11 (1-бөлім, 348 есеп 126 бет)


Бала өзенде ағыспен 73 м/мин жылдамдықпен жүзіп бара жатты. Ағыс жылдамдығы 25 м/мин. Кенеттен баланың қалпағы суға түсіп кетті. Бала оны 3 минуттан соң білді. Сол кезде қалпақ баладан неше метр қашықтықта болды? Есепті екі тәсілмен шығарыңыз.
= 73 м/мин
= 25 м/мин
t = 3 мин

Шешуі:
1 әдіс



(73 25)*3=144 км
2 әдіс


73*3 = 219 км


25*3 = 75 км
219 75=144 км

Достарыңызбен бөлісу:




©kzref.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет