Ќазаќстан республикасыныњ Ѓылым жєне білім министрлігі



жүктеу 1.18 Mb.
бет1/6
Дата21.04.2019
өлшемі1.18 Mb.
түріБағдарламасы
  1   2   3   4   5   6


Оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігінің №289 бұйрығымен бекітілген «Биология» мамандығы бойынша мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандартына сәйкес жасалған.

Құрастырған:

а.ш.ғ.д., профессор _________________ Тулеубаев Ж.С.


Емтихан бағдарламасы «Биология және БОӘ» кафедрасының мәжілісінде талқыланды.


Хаттама №____ «____» ___________2018ж.

Кафедра меңгерушісі а.ш.ғ.д., проф. ______________ Тулеубаев Ж.С.

Емтихан бағдарламасы «Химия-биология» факультетінің оқу-әдістемелік бюросында мақұлданған.

Оқу әдістемелік бюросының төрайымы _______________ Таубаева Р.С.


Хаттама №____ «____» ___________ 2018ж.

Емтихан бағдарламасы университеттің әдістемелік кеңесінде талқыланған.


Хаттама №____ «____» ___________ 2018ж.

Магистратураға түсу кезінде тапсырылатын емтихан бағдраламасының мазмұны
1. Түсу емтиханын өткізудің мақсаты мен міндеттері

6М011300-Биология мамандығына түсушілер үшін емтихан мамандық бойынша ҚР МЖМБС, типтік оқу жоспарында көрсетілген мерзімінде өткізіледі. Магистратураға түсушілер мамандық бойынша емтиханды оқу жұмыс жоспарымен барлық талапқа сай тапсыру керек.



Түсу емтиханның мақсаты: Мамандық бойынша түсушілердің білімдерін анықтау; теория жүзінде алған білімін тәжірибеден нақты және анық қолдануға, қоғамның өзекті мәселелерін талдауға қабілетті болуын бағалау.

Түсу емтиханның міндеттері: Түсуші бакалаврлардың құзыреттілік деңгейін анықтау. Ол үшін:

- магистратурада оқу үшін негізгі талаптарына сай бакалаврлардың дайындық деңгейлерін анықтау;

- мамандық бойынша бекітілген бағдарламасына сай пәндері бойынша бакалаврларды дайындау деңгейін бағалау;

- түсушінің магистратурада оқу үшін қажетті білімін бағалау.

Түсушілер емтиханда интегративті жауап берулері, әртүрлі оқу пәндерін оқу барысында алған білімдерін, сонымен қатар сараптама мен баға беру қабілеттерін көрсету қажет.

2. Емтихан бағдарламасына енгізілген пәндер тізімі

6М011300-Биология мамандығы бойынша магистратураға түсушілерге арналған емтихан бағдарламасының құрамына келесі пәндер енгізілген:

- Зоология;

- Ботаника;

- Адам және жануарлар анатомиясы мен физиологиясы;

- Генетика;

- Эволюциялық ілім;

- Биологияны оқыту әдістемесі;

- Биологияға кіріспе;
3. Түсу емтиханның формасы мен өткізуін ұйымдастыру

6М011300-Биология мамандығы бойынша түсу емтихан міндетті және элективті компоненттер пәндері бойынша емтихан сұрақтары тест бойынша жүргізіледі. Түсу емтиханға қатысуға бакалавр бойынша оқу жоспарын барлық жұмыс және жеке оқу жоспары мен жұмыс оқу бағдарламалары бойынша толық оқу үрдісін аяқтаған бакалаврларға рұқсат беріледі.



Оқу үдерісінің аяқталуының негізгі критерийі Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің 2012 жылғы 23 тамызда №1080 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті жоғары білім берудің стандарты талаптарына сай оқудың теориялық, оқу және кәсіби практика бойынша қажетті мөлшерін игергені болады. Түсу емтиханын өткізу үшін мамандық бойынша мемлекеттік қабылдау комиссиясы құрылады. ЖОО басшысының бұйрығымен бекітілген қабылдау комиссия құрамына кафедра меңгерушісі мен профессорлар, доценттер, жоғары білікті мамандардан құрылған комиссия мүшелері кіреді. Түсу емтихан бағдарламасына кіретін пәндер құрамы мен сұрақтар мазмұны жыл сайын жаңартылады және кафедра отырысында бекітіледі.
4. Білімді бағалау критерийлері
Білім алушылардың білімі, шеберлігі, дағдылары келесі жүйе бойынша бағаланады.

Әріптік жүйе бойынша баға

Баллдардың сандық эквиваленті

Пайыздық көрсеткіші

Дәстүрлі жүйе бойынша баға

A

4,0

95-100

Өте жақсы

A-

3,67

90-94

B+

3,33

85-89

Жақсы

B

3,0

80-84

B-

2,67

75-79

C+

2,33

70-74

Қанағаттанарлық

C

2,0

65-69

C-

1,67

60-64

D+

1,33

55-59

D

1,0

50-54

F

0

0-49

Қанағаттанарлықсыз


Аталған бөлімді толытру барысында білім алушыда алған бағасы туралы нақты түсінігі болуы үшін әрбір бағаға қойылатын талапқа толық сипаттама беру қажет. 1 кестеде бағалау критерийлерінің үлгісі келтерелген.

Кесте 1

Баға

Критерий

А бағасы

Оқытылған материал бойынша терең әрі толық білімді; қарастылып жатқан ұғымдардың, құбылыстар мен заңдылықтардың теориялардың, олардың өзара байланысының мәнін толық түсінуді көрсете біледі. Оқытылған материал негізінде толық әрі дұрыс жауапты құрастыра біледі; негізгі ережелерді белгілеп, жауапты нақты мысалдармен және деректермен толықтыра алады; Қорытындыны жалпылау, дәлелджі талдау жасай алады. Пәнаралық және пән ішіндегі (бұрын алынған білім негізінде) байланыстырады орната біледі. Түсіндіруде шығармашылық қабілетін танытады.

А - бағасы

Сұрақтың мазмұны бағдарламаның талаптарына сәйкес толық, жүйелі түрде баяндай алады. Бағдарламада ұсынылған негізгі және қосымша әдебиетті терең игерген, өз ойын жеңіл түрде мазмұндай біледі. Талқыланып жатқан мәселеге кең, әрі жан-жақты талдау жасай біледі. Елеулі нақты қателердің болмауы. Қорытындысы дәлелді және нақты материалға негізделген. Жауап беру кезінде білім алушының өздігінен түзетілген, сұраққа байланысты тақырыптан 1-2 жеңіл желпі үйлеспеушілік пен қателердің бар болуы.

В+ бағасы

Оқытылған материалды толық біледі. Оқытылған теориялар негізінде толық әрі дұрыс жауаптың болуы; оқытылған материалды баяндауда, ұғымдарға анықтама беруде, ғылыми терминдерді қолдануда немесе қорытынды жасуда кейбір үйлеспеушілікпен қателердің болуы. Студент жіберген қателерін оқытушының көмегімен түзете алады. Жалпы оқытылған материалды меңгеріп, нақты мысалдармен дәлелдей алады.

В бағасы

Оқытылған материалдардан негізгі ережелерді өз бетімен атап көрсете біледі; Негізгі ережередің мағынасын аша алады, жауабында логикалық, жүйелі бірізділік бар. Дәлелдер мен мысалдар негізінде жалпылау, қорытынды жасай білу, пән ішіндегі байланыстарды орната білу. Практикада алған білімді, ғылыми терминдерді қолдана білу. Бірақ әдебиетпен, оқулықпен жұмыс істеуде жеткілікті дағдысы жоқ. Баяндау кезінде кейбір жіберген қателерін оқытуышның жетекші сұрақтарына жауап беру арқылы өз жауабын түзей алады.

В- бағасы

Жалпы студент берілген сұраққа дұрыс жауап береді, бірақ жауап беру үдерісінде маңызды басты деректердің жоқтығы, негізгі материалды меңгергенімен, оны саралай талдауда қиналып, мысалдармен нақты дәлелдей алмайды. Баяндау кезінде кейбір жіберген қателерін оқытушының жетекші сұрақтарына жауап беру арқылы өз жауабын түзей алады.

С+ бағасы

Жауабы толық, бірақ жүйелі емес. Жауабында тақырыпқа байланысты елеулі ауытқулар бар. Негізгі ұғымдарды анықтауда жіберген қателерін түзетуге қиналған жағдайда қойылады.

С бағасы

Студент берілген сұраққа толық жауап бермейді, тақырыптың, негізгі ережелердің мағынасын кеңінен аша алмайды. Қосымша сұрақтарға жауап бере алмайды.

С - бағасы

Студент берілген сұраққа толық жауап бермейді, тақырыптың, негізгі ережелерді ерекшелей алмайды, сұрақтың басты идеялары ашылмайды. Сөздік қорының жеткіліксіздігі, материалды толық меңгермегендігі байқалады.

D+ бағасы

Көптеген маңызды фактілер келтірілмейді; қорытынды жасалмайды; фактілер қарастырылып жатқан мәселеге сәйкес келмейді, олар салыстырып қарастырылмайды. Негізгі мәселені көрсете алмау (қате болсада). Көп елеулі қателер бар. Студент жауабында талқыланып жатқан мәселенің іргелі, әрі негізгі мәселелермен байланысты түсінігінің жоқтығы. Білім алушы оқытушының көмегінен кейін ғана жауабын түзетуі.

D бағасы

Студент нашар жауап береді, тақырыпты толық маңгермеген, жауаптарында елеулі қателер байқалады. Қосымша сұрақтарға жауап бере алмайды.

F бағасы

Студент өте нашар жауап береді, сұрақтың мағынасын түсінбейді, сөйлеу мәнері төмен, көптеген қателер байқалады. Оқытушының жетекші сұрақтарын түсінбейді. Оқу материалдарын меңгерген жағдайда қойылады.

Зоология.

Жануарлар дүниесі. Бір клеткалы жануарлар. Тамыраяқты-талшықтылар типі. Споралылар типі. Книдоспоралылар типі. Микроспоралылар типі. Инфузория типі.

Көп клеткалы жануарлар тармағы. Тақталылар типі. Губкалар типі. Ішекқуыстылар типі. Ескектілер типі. Жалпақ құрттар типі. Немертиндер типі. Жұмыр құрттар типі. Скребнилер типі. Буылтық құрттар типі. Моллюскалар типі.

Буынаяқтылар типі. Шаянтәрізділер класы. Көпаяқтылар класы. Насекомдар класы. Трилобиттер класы. Өрмекші тәрізділер класы.

Онихофоралар типі. Қармалаушылар типі. Тікентерілер типі. Погонофоралар типі. Қылтанақжақтылар типі. Гемихордалылар типі.

Хордалылар типі.


Ботаника.

Өсімдіктер анатомиясы мен морфологиясы. Өсімдіктердің клеткалық құрылысы. Өсімдіктер ұлпасы. Ұрық және өскін - гүлді өсімдіктер онтогенезінің бастапқы кезеңі. Тамыр және тамырлар жүйесі. Өркен және өркендер жүйесі. Өсімдіктердің көбеюі және ұрпақ беруі. Өсімдіктердің экологиялық топтары және тіршілік формалары. Жастық және маусымдік өзгерістер.

Өсімдіктер систематикасы. Прокариоттар. Бактериялар. Вирустар. Көк-жасыл балдырлар. Эукариоттар. Балдырлар. Саңырауқұлақтар. Қыналар. Жоғарғы сатыдағы өсімдліктер. Мүктәрізділер. Плаундар. Қырықбуындар. Папоротниктер. Жалаңаш тұқымдылар. Жабықтұқымдылар.

Адам және жануарлар анатомиясы мен физиологиясы.

Тірек-қимыл аппараты. Ішкі органдар туралы ілім - Спланхнология. Тамырлар туралы ілім - Ангиология. Ішкі секреция бездері - Эндокринология. Нерв жүйесі мен сезім мүшелері - Неврология және эстезиология.

Қозғыш құрылымдар физиологиясы. Нерв жүйесінің жалпы физиологиясы. Орталық нерв жүйесінің интеграциялаушы қызметтері. Сенсорлық жүйелер физиологиясы. Ішкі сөл ініс бездердің физиологиясы. Қан жүйесінің негізгі қызметтері. Жүрек-тамыр жүйесі. Тыныс алу жүйесінің физиологиясы. Организмде заттар мен энергияның алмасуы. Сыртқа шығу процестері.
Генетика.

Тұқым қуалаушылықтың материалдық негіздері. Белгілердің тұқым қуалауының заңдылықтары мен тұқым қуалаушылықтың принцептері. Өзгергіштік, оның себептері мен зерттеу әдістері. Молекулалық генетиканың негіздері. Генетикалық инженерия. Онтогенездің генетикалық негіздері. Популяциялар генетикасы және эволюцияның генетикалық негіздері. Адам генетикасы. Селекцияның генетикалық негіздері.


Эволюциялық ілім.

Эволюциялық идеялардың даму тарихы. Дарвин дәуіріне дейінгі кезеңде эволюциялық идеялардың қалыптасуы және дамуы. Ж.Б.Ламарктың эволюциялық концепциясы. Ч.Дарвиннің эволюциялық теориясының қалыптасуындағы жалпы алғы шарттар. Ч.Дарвиннің эволюциялық теориясы. Ч.Дарвиннен кейінгі дәуірде эволюция ілімінің дамуы. Органикалық эволюция объективті процесс. Эволюцияны зерттеу әдістері. Микроэволюция ілімі.

Популяция – эволюцияның элементарлы құрылымы. Популяцияның генетикалық құрылымының өзгеруі – эволюцияның элементарлы құбылысы. Эволюцияның элементарлы факторлары. Табиғи сұрыптау – эволюцияның қозғаушы және бағыттаушы факторлары. Адаптациялардың пайда болуы табиғи сұрыптау әсерінің нәтижесі. Түр – эволюция процестерінің негізгі дәуірі. Түрдің пайда болуы – микроэволюция нәтижесі. Макроэволция пробемалары. Филогенетикалық топтардың эволюциясы. Мүшелердің және функциялардың эволюциясы. Онтогенез эволюциясы. Биосфера эволюциясы. Ноосфера. Эволюция ілімінің проблемалары және перспективалары.
Биологияны оқыту әдістемесі.

Биологияны оқыту әдістемесінің пәні. Отандық биологияны оқыту әдістемесінің пайда болуы мен дамуының тарихы. Биология пәні бойынша жүргізілетін оқу-тәрбие жұмыстарының міндеттері. Қазіргі мектеп биология курсын құрудың негізгі принцептері, мазмұны және жүйесі. Биологияны оқыту әдістері мен әдістемелік тәсілдері. Биологияны оқу жұмысын ұйымдастыру формалары. Биология пәні бойынша сабақтан тыс өткізілетін жұмыстар. Биологияны оқытудың материалдық базасы.


Биологияға кіріспе.

Биология ғылымы, оның салалары. Тіршілік және оның жер бетінде пайда болуы. Тіршілік ету әртүрлі формалары. Тірі ағзалардын қурамы және қызметі. Организмның бір тұтастығы. Организмның жеке дамуы. Адамның шығу тегі. Түр және түрдің пайда болуы. Организм және орта. Биосфера. Организм және орта. Бейімделу.  Өсімдіктерге жалпы сипаттама. Ботаника ғылымы негіздері. Жануарлар әлеміне сипаттама. Зоология ғылымы негіздері. Жертану және өлкентану. 


Магистратураға түсушілерге арналған емтихан сұрақтары
Зоология.

1. Жануарлардың салыстырмалы анатомиясының негізін салушы:

2. Қарапайымдылардың клетка қабықшасы:

3. Жер қыртысында қиыршық құм, әк, бор құрылуына негіз болған қарапайымдылар:

4. Қабыршақты амебалар отрядының латынша атауы:

5. Талшықтыларда гольджи аппаратына ұқсас энергия қорын жинайтын органоид:

6. Көп талшықтылар отряд өкілдерінің денесіндегі тығыз тірек таяқшасы:

7. Кинетопластидалар отрядына жататын омыртқалылардың қанды паразиттері:

8. Амфибийлердің артқы ішегінде тіршілік ететін паразиттік талшықтылар:

9. Тек омыртқасыздардың паразиттері болып табылатын қарапайымдылар:

10. Грегариналардың микрогаметалары:

11. Кокцидия зиготаларының тығыз қабыққа оралуы:

12. Споралылардың жыныссыз көбею жолы:

13. Грегариналардың денесінің үш бөлімі:

14. Құм арасында тіршілік ететін организмдер:

15. Инфузориялардың жұтқыншақ бөлімі:

16. Инфузориялардың аталық және аналық ядроларының қосылып, ұрықтануы:

17. Инфузориялардың жынысты көбею процесі:

18. Губкаларда толық дифферецияланбаған резервтегі клеткалар:

19. Морфологиялық құрылысына қарай губкалардың типтері:

20. Губкаларда склеробластардан дамитын миниралды қаңқаны құрайтын инелер:

21. Биофильтратор болып табылатын жануарлар:

22. Губкалар типі 3 класқа бөлінеді:

23. Ішекқуыстылардың еркін жүзіп тіршілік ететін формалары:

24. Ішекқуыстылардың бекініп тіршілік ететін формалары:

25. Колониясында қызметі мен құрылысы әртүрлі особътар болатын ішекқуыстылар:

26. Сцифомедузалардың сцифистомаларының көлденең бүршіктенуі:

27. Маржан рифтерінің түрлері:

28. Трематодтардың жабыны:

29. Спороцистадан партеногенез жолымен дамиды:

30. Дигенетикалық сорғыштардың өкілдері:

31. Шошқа солитерінің дернәсілі:

32. Жалпақ таспа құрттар тудыратын ауру:

33. Жалпақ таспа құрттардың аралық иесі:

34. Буылтық құрттардың дернәсілі:

35. Целом қуысы пайда болған құрттар:

36. Буылтық құрттардың регенерациялық аймағының пайда болуы арқылы жыныссыз көбеюі:

37. Шаянтәрізділердің бас бөлігі тұрады:

38. Шаянтәрізділердің түлеу процесін реттейтін ішкі секреция бездерінің гормондары:

39. Ерінаяқтылар класс тармағына жататын көпаяқтылардың өкілі:

40. Аяқтары жіңішке әрі ұзын, хелицералары қысқыш тәрізді, өрмек және улы бездері жоқ, ағашта, үй бұрыштарында кездесетін өрмекшітәрізділер класының өкілі:

41. Күйсеуігі (төменгі жағы) жойылған ауыз аппараты:

42. Бунақденелілердің қанаты:

43. Бір жұп жарғаққанатты (алдыңғы) жоғары ұйымдасқан бунақденелілер отряды:

44. Шала түрленіп дамитын бунақденелілер:

45. Құмырсқалар жататын отряд:

46. Толық түрленіп дамитын бунақденелілер:

47. Жасырынжақты бунақденелілер:

48. Буынаяқтылардың толық түрленіп даму жолы:

49. Бунақденелілердің ұрықтанбаған жұмыртқа клеткаларынан ұрықтың дамуы:

50. Күрекаяқты былқылдақденелілердің тіршілік әрекеті:

51. Сыртқы бақалшақтары жақсы дамыған басаяқтылардың өкілі:

52. Былқылдақденелілердің жұтқыншағындағы қоректі ұсақтайтын ерекше аппарат:

53. Тіссіздердің дернәсілі:

54. Маржан түзетін былқылдақденелілер:

55. Былқылдақденелілердің физиологиялық оратылуы:

56. Ағаш құрылыстар мен кемелерді зақымдайтын қосжақтаулы зиянкестер:

57. Тақтажелбезектілердің өкілдері:

58. Онаяқты моллюскалардың сия безінен бояу-сепия дайындалатын кәсіптік өкілі:

59. Теңіз жұлдыздарының сулы сұйықтыққа толтырылған каналдар жүйесі:

60. Мшанка колониясының өсуі:

61. Қармалауыштылардың денесінің бекініп тұратын таға немесе сақина тәрізді тұғыры:

62. Мшанкалардың денесінің жоғарғы бөлімі:

63. Ланцетниктің эндостилінің қызметі:

64. Ланцетниктің желбезек саңылауы ашылады:

65. Ланцетниктің нерв түтігінің ішкі қуысы:

66. Ланцетниктің ауыз қуысын жұтқыншақтан бөліп тұратын сақина тәрізді қатпар:

67. Паразит хордалылар:

68. Ланцетниктердің жарық сезгіш мүшесі:

69. Дөңгелекауыздылардың тыныс алу мүшелері:

70. Миноганың дернәсілі:

71. Шеміршекті балықтардың тұмсық өсіндісі:

72. Акуланың тік ішегінің өсіндісі:

73. Бүтінбастылардың өкілі:

74. Шеміршекті балықтардың жұп жүзбеқанаттарының элементтері:

75. Сүйекті балықтардың гидростатикалық аппараттары:

76. Балықтардың құйрық жүзбе қанатының төменгі қалақшасының үлкен болуы:

77. Сүйекті балықтардың жиегі тісті қабыршақтары:

78. Шеміршекті балықтардың құйрық жүзбе қанатының формасы:

79. Тақта желбезектілердің қабыршағы:

80. Сүйекті балықтардың қоректі сіңіру аймағын ұлғайтуға маманданған ішек өсінді:

81. Сүйекті балықтардың бас сүйегіндегі гиомандибулярияның ми сауыты мен жақ доғаларын байланыстыруы:

82. Шеміршекті балықтардың ми сауытының жарғақты қақпағы:

83. Акуланың омыртқасының формасы:

84. Балық шаруашылықтарында қыс мезгілінде су қоймаларының бетін мұз жапқанда, балықтардың тұншығуын болдырмау үшін қолданылатын жануарлар:

85. Қос жынысты балықтар:

86. Балықтардың қозғалыс әрекеті нәтижесінде түрлі кедергілерді жеңіп миграциялауы:

87. Аналықтары шөптер ұя жасап, 100 шақты уылдырық шашатын балықтар отряды:

88. Бір өкпелі балықтардың өкілі:

89. Сілекей безі алғаш пайда болған жануарлар:

90. Қосмекенділерде пайда болған ми күмбезі:

91. Қосмекенділердің ортаңғы құлақ қуысының ауыз-жұтқыншақ қуысына ашылатын бөлімі:

92. Қосмекенділердің дернәсілдік кезеңінде көбеюге қабілеттілігі:

93. Неотения тәсілімен көбеюге қабілетті қосмекенділердің дернәсілі:

94. Жұмыртқасын дымқыл топыраққа салатын Австралия құрбақасы:

95. Регенерация құбылысы тән қосмекенділер:

96. Тірі туатын қосмекенділер:

97. Стегоцефалдарға туыстық жағынан жақын балықтар:

98. Құйрықты қосмекенділердің омыртқасының формасы:

99. Қосмекенділердің таңдай-шаршы сүйегінің ми сауытымен бірігіп кетуі:

100. Тіршілік барысында тірек аппараты тек хорда болып табылатын жануарлар:

101. Омыртқа жотасында амфицельді және опистоцельді омыртқалар бірге кездесетін жануарлар:

102. Омыртқа жотасы платицельді жануарлар:

103. Пойкилотермді жануарлардың ... .

104. Шағылыс мүшесі болмайтын жорғалаушы:

105. Өкпесінің төменгі жағында жамбасқа дейін созылған саусақ тәрізді керегесі жұқа өсінділер – ауа қапшықтары болатын жорғалаушылар:

106. Түнде тіршілік ететін, жақсы өрмелейтін және саусақтарында сорғыштары болатын кесірткелер отрядының өкілі:

107. Аптерия дегеніміз -

108. Құстардың құйрық омыртқасы -

109. Құстардың ашы ішегі мен тоқ ішегінің ұштасқан жерінде болатын өсінді:

110. Клоаканың жиегінің өсуінен пайда болған шағылыс мүшесі бар құстар:

111. Құс жұмыртқасының сары уызын шайқалудан сақтайтын жіп тәрізді зат:

112. Қазіргі замандағы ең ірі құстар:

113. Жаңа Зеландияда тіршілік ететін, қанаты мен құйрығы болмайтын құстар:

114. Қыртөсі жетілмеген құстар:

115. Аяқтары қысқа, төрт саусағы алға қарай бағытталған, жер бетінде жүре алмайтын, жақсы ұшатын құстар:

116. Жұмыртқадан шыққан балапандарының көзі ашық, денесі мамықпен жабылған, өзі жүріп жемін шоқи алатын ширақ болатын құстар:

117. Көжектері қызылшақа болып туылатын қоянтәрізділер:

118. Қыртөс сақталған сүтқоректілер -

119. Тер бездері жетілмеген сүтқоректілер:

120. Сүтқоректілерді көкірек қуысы мен құрсақ қуысын бөліп тұратын бұлшықеті:

121. Иық белдеуінде каракоиды жеке сүйек ретінде сақталған сүтқоректілер:

122. Тістері нашар маманданған және көп болатын сүтқоректілер:

123. Сүтқоректілердің өкпе бронхиолдарының ұшындағы газ алмасу жүретін көпіршіктер:

124. Мүкі тістілердің жатыны:

125. Сүтқоректілердің ұрық жетілетін орны:


Пайдаланған әдебиеттер тізімі

1. Наумов С.А. Омыртқалылар зоологиясы.-Алматы: «Мектеп»,2006ж.- 454б.

2. Жұмалиев М.Қ., Бәйімбет Ә.А. Жануарлар әлемінің биологиялық әртүрлілігі (хордалылар). А.: 2005ж.-345б.

3. Жұмалиев М., Есжанов Б.А. Жануарлар әлемінің биоалуантүрлілігі (Амфибиалар, рептилиялар). А.: 2005ж.- 350б.

4. Карташов Н.Н. Омыртқалылар зоологиясының практикумы. Алматы.: «Мектеп», 2007ж.-358б.

5. Омыртқасыздар зоологиясы. 1- кітап / К.А. Дәуітбаева.- Алматы: РБК, 2004ж.-355б.

6. Омыртқасыздар зоологиясы . 2-кітап / К.Ә. Дәуітбаева.- Алматы: РБК, 2005ж.-358б.

7. Жануарлар анатомиясы . К. Жаңабеков, Е. Мақашев.- Алматы, 1996ж.-224б.

8. Омыртқалылар зоологиясы. С.П. Наумов.- Алматы, 1979ж.-412б.

9. Зоология пәнінен практикум. Оқу құралы / А.Ж Сағидолдина Ж. Божбанов.- Алматы: ҚазҰПУ, 2010.-255б.

10 Зоология беспозвоночных : Учебник / В.А. Догель;,.- М.: Академия, 1981.-235с.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет