Танымал “Музарт” ансамблінің концертінде топ мүшесі, бас гитарист ауырып қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/kenzhebekmuzart/

Наурыз айында жұлдызды топ қалааралық гастролдік сапарға шыққан еді. Оқиға Қарағанды қаласында болды. 

“Концерттің ортасында бас гитарист Ерлан Құлахметтің қан қысымы көтеріліп, ауырып қалды. Бір минуттай абдырап, түсінбей қалдық. Гитара аспабының сүймелдеуінсіз бір ән шырқадық. Көп ұзамай қалпына келіп, сахнаға шыққанда “шүкір” дедік. Көрерменнің көңілі түспесін деп түсіндіріп жатқанымыз ғой. Ауырмаңыздар. Ерланға көз тиген сияқты. “Қай жігіт десе, Мейрамбектен кейінгі сұлу жігіт” деп халық сұрайтын”, – деп әзілдеді Сәкен Майғазиев. 

  • Париж сән апталығында 99% ауадан жасалған сөмке көрсетілді

  • ҚазҰУ-дағы "пәк" қыздардың тізімі – Министр даулы істе кеткен екі қатені атады

Желі қолданушылары мен концертте болған көрермен қауым жаппай тілек жаудырып жатыр. 

“Музарттың серілеріне саулық тілейміз!”, “Ақтөбеге келгенде осы жігіттің келіншегі босанып еді. Қуанышты жаңалығын сахнада тұрып естіді”, “Қарағандылықтарды бір қуанттыңыздар”, “Концертте болдық, ауырып орнынан тұрып кетті”, “Кеш керемет өтті, әндеріңізді халықпен бірге шырқадыңыздар” деп жазып жатыр тыңдарман қауым. 

Еске салайық, өнерлі топтың концерт алдындағы дайындығы елді күлдірген еді. 

 

 

 
 

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

 
 
 

 
 

 
 
 

 
 

Публикация от Сәкен Майғазы | МузАРТ (@saken_maigaziyev)


Автор: Айгерим Жумабаева

Айгерим — опытный редактор с богатым опытом в изучении и письме о культуре и истории. Ее страсть к языкам и письму помогает создавать увлекательные тексты.