«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне индустриялық-инновациялық саясат мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заң жобасына салыстырмалы кесте


«Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы» 2012 жылғы 13 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы



жүктеу 1.12 Mb.
бет6/7
Дата21.04.2019
өлшемі1.12 Mb.
1   2   3   4   5   6   7

«Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы» 2012 жылғы 13 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы


65

1-баптың

1-1-тармақшасы



1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

...


1-1) Біліктілік комиссиясы – энергия аудиторларына және сарапшыларға кандидаттарды аттестаттау жөніндегі орган;

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

...


1-1) Біліктілік комиссиясы – энергия аудиторларына кандидаттарды аттестаттау жөніндегі орган;

«Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңның 64-1- бабына сәйкес, жобаларға ведомстводан тыс кешенді сараптаманы сараптама ұйымдары жүргізеді және техникалық-экономикалық негіздемелердің немесе жобалау-сметалық құжаттаманың тиісті бөлімдері (бөліктері) бойынша аттестатталған сарапшылар жүзеге асырады. «Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру» Заңында «энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы сарапшы» түсінігі энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жобаларына қатысты кешенді идарадан тыс сараптама аттестациясын өткізуге құқысы ескеріледі. Бірақ, бүгінгі таңда 2014 жылғы 29 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актілерiне мемлекеттік басқару деңгейлерi арасындағы өкiлеттiктердiң аражігін ажырату мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес сарапшыларды аттестациялау міндеті ЖАО тапсырылған.

Сонымен қатар, құрылыс жобаларының барлық бөліктеріндегі кешенді идарадан тыс сараптама сарапшылармен сәйкестік (сәйкестік емес) жобалық шешімдер мен энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру есептерін ескеру қажет. Бұндай сараптаманың қорытындысы мен бағасы жиынтық сарап тапсырыс берушінің қорытындысында көрсетіледі.



66

1 баптың

5 тармағы



1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

...


5) Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектілері – энергетикалық ресурстарды жылына шартты отынның бір мың бес жүз және одан да көп тоннаға барабар көлемінде тұтынатын дара кәсіпкерлер және заңды тұлғалар, сондай-ақ, энергетикалық ресурстарды жылына шартты отынның бiр жүз және одан да көп тоннаға барабар көлемiнде тұтынатын мемлекеттік мекемелер және квазимемлекеттік сектордың субъектілері;

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

...


5) Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектілері – энергетикалық ресурстарды жылына шартты отынның бір мың бес жүз және одан да көп тоннаға барабар көлемінде тұтынатын дара кәсіпкерлер және заңды тұлғалар, сондай-ақ, энергетикалық ресурстарды жылына шартты отынның бiр жүз және одан да көп тоннаға барабар көлемiнде тұтынатын мемлекеттік мекемелер, табиғи монополиялар және квазимемлекеттік сектордың субъектілері;

Қазіргі таңда энергия ресурстарын тұтынатын тұтынушылардың ең ірі табиғи монополия субъектілері болып табылады, сонымен қатар үлкен емес СЕМ бар. Осыған орай, МЭР-да СЕМ-мен толық қамту үшін 100 т.у.т энергия ресурстарын тұтыну планкасын төмендету қажет.

67

1-баптың

16-1) тармақшасы



1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

...


16-1) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы сарапшы (бұдан әрі – сарапшы) – Біліктілік комиссиясы аттестаттаған жеке тұлға;

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

...


Алып тасталсын.

«Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы» ҚР заңының 1 баптың 1-1 тармағының өзгеруіне байланысты

68

1-баптың

17-1) тармағы



1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

...


Жоқ

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

...


17-1) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыруды дамуты ұлттық институты - дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы тікелей не жанама түрде уәкілетті органға тиесілі заңды тұлға;

«Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру ұлттық институтының» мағынасын анықтау үшін. ҚР энергия үнемдеуді дамуына тұтас алғанда, энергосервисті компанияларға ФРГ тәжірибесі бойынша қолдау көрсетіп көмектеседі.

69

1-баптың

жаңа 17-2) тармақшасы



1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

...


Жоқ

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

...


17-2)энергия тиімділік картасы – қаржыландыру көзі, кесте және жобаларды іске асыру бойынша іс-шаралар жоспары бар энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы жобалар жиынтығы.

«Энергия тиімділік картасы» ұғымын айқындау үшін. Аталған картада энергия сервистік шарт принципі бойынша қаржыландыру үшін дайын жобалардың жиынтығы болады.

70

5 баптың

6-4) тармақшасы



5-бап. Уәкілетті органның құзыреті

Уәкілетті орган:

...

6-4) Мемлекеттік энергетикалық тізілім операторын айқындайды;



5-бап. Уәкілетті органның құзыреті

Уәкілетті орган:

...

6-4) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыруды дамуты ұлттық институт міндетін атқаратын заңды тұлғаны айқындайды;



Уәкілетті органмен энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыруды дамуты ұлттық институтын айқындау үшін.

71

5 баптың

10) тармақшасы



5-бап. Уәкілетті органның құзыреті

Уәкілетті орган:

...

10) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды, сондай-ақ технологиялық әзірлемелерді жүргізуді ұйымдастырады және үйлестіреді;



5-бап. Уәкілетті органның құзыреті

Уәкілетті орган:

...

10) энергия тиімділік картасын әзірлеу және іске асыру, энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды, сондай-ақ технологиялық әзірлемелерді жүргізуді ұйымдастырады және үйлестіреді;



Энергия тиімділік картасын әзірлеу және іске асыру уәкілетті органның құзыреті болып табылады.

72

5-баптың

13-1) тармақшасы



5-бап. Уәкілетті органның құзыреті

Уәкілетті орган:

...

13-1) оқу орталықтарына, энергия аудиторларына және сарапшыларға қойылатын біліктілік талаптарын әзірлейді және бекітеді;




5-бап. Уәкілетті органның құзыреті

Уәкілетті орган:

...

13-1) оқу орталықтарына және энергия аудиторларына қойылатын біліктілік талаптарын әзірлейді және бекітеді;




«Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы» ҚР заңының 1 баптың 1-1 тармағының өзгеруіне байланысты

73

5-баптың

13-2) тармақшасы



5-бап. Уәкілетті органның құзыреті

Уәкілетті орган:

...

13-2) энергия аудиторларының және сарапшылардың тізілімін жүргізеді;



5-бап. Уәкілетті органның құзыреті

Уәкілетті орган:

...

13-2) энергия аудиторларының тізілімін жүргізеді;



«Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы» ҚР заңының 1 баптың 1-1 тармағының өзгеруіне байланысты

74

5-баптың

13-3) тармақшасы



5-бап. Уәкілетті органның құзыреті

Уәкілетті орган:

...

13-3) энергия аудиторларына және сарапшыларға кандидаттарды аттестаттауды жүргізу тәртібін әзірлейді және бекітеді;



5-бап. Уәкілетті органның құзыреті

Уәкілетті орган:

...

13-3) энергия аудиторларына кандидаттарды аттестаттауды жүргізу тәртібін әзірлейді және бекітеді;



«Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы» ҚР заңының 1 баптың 1-1 тармағының өзгеруіне байланысты

75

5-баптың

Жаңа 13-6) тармақшасы



5-бап. Уәкілетті органның құзыреті

Уәкілетті орган:

...

Жоқ


5-бап. Уәкілетті органның құзыреті

Уәкілетті орган:

...

13-6) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыруды саласындағы энергия аудитордың аттестат нысанын бекітеді;


«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 14 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңымен энергия аудиторларына және сарапшыларға кандидаттарды аттестаттауды жүргізу көзделген, бұл рұқсат беру рәсімі болып табылады, алайда Заңмен рұқсат беру құжаты қарастырылмаған, атап айтқанда аттестат.

76

5-баптың

жаңа 13-7) тармақшасы



5-бап. Уәкілетті органның құзыреті

Уәкілетті орган:

...

Жоқ


5-бап. Уәкілетті органның құзыреті

Уәкілетті орган:

...

13-7) Энергия тиімділіг бойынша үйлердің, құрылыстардың, ғимараттардың таңбалау нысанын бекітеді;


Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы энергия үнемдеуді насихаттау мақсатында және Қазақстан Республикасының "жасыл экономикаға" көшуі жөніндегі тұжырымдамасына сәйкес.

77

5-баптың

17-1) тармақшасы



5-бап. Уәкілетті органның құзыреті

Уәкілетті орган:

...

17-1) энергия-сервистік шарттың үлгілік нысандарын бекітеді;



5-бап. Уәкілетті органның құзыреті

Уәкілетті орган:

...

17-1) энергия-сервистік шарттың үлгілік нысанын бекітеді;



Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 14 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңымен энергия-сервистік шарттың үлгілік нысандарын бекіту көзделген, алайда энергия-сервистік шарттың үлгілік бірнеше нысанын бекіту мүмкін емес.

78

5-баптың

жаңа 17-2) тармақшасы



5-бап. Уәкілетті органның құзыреті

Уәкілетті орган:

...

Жоқ


5-бап. Уәкілетті органның құзыреті

Уәкілетті орган:

...

17-2) энергия тиімділік Картасын бекітеді;


энергия тиімділік Картасын бекіту уәкілетті органның құзыреті болып табылады.

79

5-баптың

жаңа 17-3) тармақшасы



5-бап. Уәкілетті органның құзыреті

Уәкілетті орган:

...

Жоқ


5-бап. Уәкілетті органның құзыреті

Уәкілетті орган:

...

17-3) энергия тиімділік Картасының жасау және басқару, энергия тиімділік Картасына жобалардың саралау және енгізу тәртібін айқындайды;


Уәкілетті орган жобаларды сараптау және мониторингін қосатын энергия тиімділік Картасының жасау және басқару, энергия тиімділік Картасына жобалардың саралау және енгізу тәртібін айқындайды.

80

5-баптың

17-4) жаңа тармақшасы



5-бап. Уәкілетті органның құзыреті

Уәкілетті орган:

...

Жоқ


5-бап. Уәкілетті органның құзыреті

Уәкілетті орган:

...

17-4) энергия аудитінің қорытындысын талдау жүргізу тәртібін бекітеді;


Бүгінгі күні Мемлекеттік энергетикалық тізілім операторының ақпаратына сәйкес 2000 астам МЭТ субъектісі энергия аудитін өткізуге міндетті. Осылайша алдағы 5 жыл ішінде 2000 астам энергия үнемдеу жоспарлары әзірленіп, қабылданады, осылардың қорытындысы бойынша ЖІӨ энергия сиымдылық бойынша көрсеткіштеріне қол жеткізіледі. Алайда энергия аудиттің сапасын айқындау және талдау үшін энергия аудитінің қорытындысын талдау жүргізу тәртібін бекіту қажет.

81

7-баптың

1-тармағының 4-1) тармақшасы




7-бап. Қазақстан Республикасының энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылау

1. Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы мемлекеттік бақылау:

...

4-1) энергия менеджмент жүйесін құру, енгізу және ұйымдастыру;


7-бап. Қазақстан Республикасының энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылау

1. Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы мемлекеттік бақылау:

...

Алып тасталсын.


14 қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңымен энергия менеджменті жүйесінің құру, ендіру және ұйымдастыру бойынша міндеттері шығарылған.

82

9-баптың

1-тармағының

6-1) тармақшасы


9-бап. Мемлекеттік энергетикалық тізілім

1. Мемлекеттік энергетикалық тізілімге енгізілетін ақпарат:

...

6-1) ұлттық немесе халықаралық стандартының талаптарына сай энергия менеджмент жүйесіне сәйкестік сертификатының көшірмесі;


9-бап. Мемлекеттік энергетикалық тізілім

1. Мемлекеттік энергетикалық тізілімге енгізілетін ақпарат:

...

Алып тасталсын.


14 қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңымен энергия менеджменті жүйесінің құру, ендіру және ұйымдастыру бойынша міндеттері шығарылған.

83

17-баптың жаңа

8) тармақшасы




17-бап. Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы мемлекеттік қолдаудың бағыттары
Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы мемлекеттік қолдау мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылады:

...


Жоқ


17-бап. Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы мемлекеттік қолдаудың бағыттары
Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы мемлекеттік қолдау мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылады:

...


8) энергия-сервистік шарттар шеңберінде жобаларды іске асыру;

Мемлекет басшысымен бес институционалдық реформасын жүзеге асырудың 100 нақты қадамының шеңберінде 59 қадаммен мойындалған халықаралық энергия сервистік шарттар арқылы энергия үнемдеу саласына стратегиялық инвесторларды тарту бойынша мақсат қойылған.

84

20-бап

20-бап. Мемлекеттік энергетикалық тізілім операторының құқықтары мен міндеттері

1. Мемлекеттік энергетикалық тізілім операторы:



1) Мемлекеттiк энергетикалық тiзiлiм субъектiлерiнен және аккредиттеу туралы куәлігі бар заңды тұлғалардан, сондай-ақ энергия-сервистік компаниялардан Мемлекеттiк энергетикалық тiзiлiмдi қалыптастыру және жүргiзу үшiн қажеттi ақпаратты сұратуға және алуға;

2) Мемлекеттік энергетикалық тізілімді қалыптастыру бойынша ұсыныстарды уәкілетті органға енгізуге;

3) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.

2. Мемлекеттік энергетикалық тізілім операторы:

1) Мемлекеттік энергетикалық тізілімді қалыптастыру және жүргізу тәртібін сақтауға;

2) Мемлекеттік энергетикалық тізілімнің ақпаратты беруден жалтарған немесе бұрыс ақпарат берген субъектілері туралы ақпаратты уәкілетті органға беруге;

3) Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектілері жүзеге асыратын, энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шаралар тиімділігін бағалау мен талдауды жүргізуге және уәкілетті органға ақпарат ұсынуға;

4) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де міндеттерді орындауға міндетті.

20-бап. Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыруды дамыту ұлттық институтының құқықтары мен міндеттері

1. Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыруды дамыту Ұлттық институты Мемлекеттік энергетикалық тізілім операторы болып табылады.

2. Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыруды дамыту Ұлттық институты:

1) Мемлекеттiк энергетикалық тiзiлiм субъектiлерiнен және аккредиттеу туралы куәлігі бар заңды тұлғалардан, сондай-ақ энергия-сервистік компаниялардан Мемлекеттiк энергетикалық тiзiлiмдi қалыптастыру және жүргiзу үшiн қажеттi ақпаратты сұратуға және алуға құқылы;

2) Мемлекеттік энергетикалық тізілімді қалыптастыру бойынша ұсыныстарды уәкілетті органға енгізуге құқылы;

3) Мемлекеттік энергетикалық тізілімді қалыптастыру және жүргізу тәртібін сақтауға міндетті;

4) Мемлекеттік энергетикалық тізілімнің ақпаратты беруден жалтарған немесе бұрыс ақпарат берген субъектілері туралы ақпаратты уәкілетті органға беруге міндетті;

5) Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектілері жүзеге асыратын, энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шаралар тиімділігін бағалау мен талдауды жүргізуге міндетті, Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектілерінің энергия тұтыну ресурстарын талдау, алдағы өткен жылмен салыстырмалы талдау, өнімнің ішкі жалпы энергияның жұмсалу бойынша аналитикалық зерттеу және Қазақстан Республикасында энергия ресурстарының тиімді пайдалану, МЭТ субъектілерінің энергия тұтыну нормативтері және сыбағалы шығыс бойынша талдау, ҚР Заңының «Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы» тәжірибелік талдауын іске асыру, энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саясатының алға басу бойынша ұсыну, уәкілетті органға жиынтық ақпаратын беру және уәкілетті органға ақпарат ұсынуға міндетті;

6) уәкілетті органға энергия аудитінің қорытындысын талдау жүргізу бойынша уәкілетті орган белгілеген тәртіппен қызметтер көрсетеді және уәкілетті органға ақпарат ұсынады;

7) уәкілетті органға энергия тиімділік Картасын жасау және басқару бойынша қызметтерді уәкілетті орган белгілеген тәртіппен көрсетеді;

8) уәкілетті органға энергия тиімділік Картасы жобаларының саралау және қосуды жүргізу бойынша уәкілетті орган белгілеген тәртіппен қызметтер көрсетеді;

9) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласында ақпаратты, сараптау және кеңес беру қызметтерін көрсету;

10) энергия үнемдеуді іске асыруды ынталандыру үшін ақпараттық, білімдік және қаржы ресурстарын тарту үшін халақаралық ұйымдармен қызмет істеу;

11) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласында мемлекеттік қолдау механизмдерін жүзеге асыру үшін қатысу;

12) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласында сараптау қорытындылар және (немесе) ұсыныстар беру;

13) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы және міндеттерді орындауға міндетті.

Германия және Өңтүстік Кореяның ең ұздік тәжірибесі бойынша мемлекеттік энергетикалық тізілімін жүргізетін және энергия сервистік қызмет операторының функциясын іске асыратын энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыруды дамыту ұлттық институтының функцияларын заңнамалық түрде бекіту ұсынылады.

Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыруды дамыту ұлттық институты оператор ретінде өнеркәсіп, энергетика, көлік және бюджеттік сектор салаларында энергия тиміділік жобаларын іздеу, таңдау және сараптау жұмыстарын жүргізеді.

Осылайша, энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыруды дамыту ұлттық институты энергия тиімділік қоры және басқада қаржылық институттарымен қарыланатын жобаларды қамтитын энергия тиімділік картасын қалыптастырып, жүргізеді.



«Азаматтық қорғау туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі

Қазақстан Республикасының Заңы


85

75-баптың жаңа 5-тармағы

75-бап. Жарылғыш заттар мен олардың негiзiнде жасалған бұйымдарды ұдайы қолдануға, жарылыс жұмыстарын жүргiзуге рұқсат беру

...


жоқ

5. Көшкіндер жүруінің алдын алу мақсатында жару жұмыстарын жүргізу қажет тау шаңғысы курорттарының құрылысы мен пайдаланылуын жүзеге асыратын арнайы туристік аймақ қатысушысына жару жұмыстарын жүргізуге рұқсат үш жылға беріледі. Рұқсат берместен бұрын өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органмен аумақты және осындай жару жұмыстарын жүзеге асыру тәртібін келісу жүргізіледі. Жару жұмыстарын үш жыл жүргізуге рұқсат беру тәртібін өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган айқындайды.

Көшкіндердің жүруінің алдын алу мақсатында жарылыс жұмыстарын жүзеге асыру тұрақты іс-шара болып табылады. Осыған байланысты аумақ және жарылыс жұмыстарын жүзеге асыру тәртібі бойынша шектеулерді ескере отырып ұзақ мерзімге (3 жыл) осындай жарылыс жұмыстарын жүзеге асыруға рұқсаттар беру ұсынылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет