-
|
Тақырып, 255-баптың 1, 2 және 3-тармақтары
|
255-бап. Мемлекеттік қорық аймақтарында пайдалы қазбаларды геологиялық зерттеуге, барлауға және өндіруге қойылатын арнайы экологиялық талаптар
1. Пайдалы қазбаларды геологиялық зерттеудің, барлау мен өндірудің қоршаған ортаға және мемлекеттік табиғи-қорық қоры объектілеріне ықтимал теріс әсерін болдырмау үшін табиғат пайдаланушы:
1) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдармен:
технологиялық жолдарды және электр беру желілерін жөндеу кезінде қажетті алаңдардың саны мен орналасуын, сондай-ақ табиғат пайдаланушының қызметі кезінде автокөліктің жолдан шығу қажеттілігін;
келісімшарттық аумақ бойынша көмекші технологиялық жолдардың схемасын;
өндіріс және тұтыну қалдықтарын жинақтауға, сондай-ақ жанар-жағар май материалдарын және басқа да ластаушы заттарды төгуге арналған алаңдарды орналастыру мен жабдықтауды;
жобада көзделген технологиялық алаңдарды әзірлеу үшін келісімшарттық аумақта ағаштар мен бұталарды кесу мен түбірімен қопаруды келісуі;
2) келісімшарттық аумақтың шекарасын анық белгілеу мақсатында аншлагтар қою жолымен шекараларды нақтылап айқындауы;
...
2. Мемлекеттік қорық аймақтары аумағында:
...
11) жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен келісім бойынша, арнайы бөлінген алаңдарды қоспағанда, көлік құралдарының технологиялық жолдардан шығып кетуіне, сондай-ақ жол желісінен тыс келісімшарттық аумақпен жүруіне;
12) кеңінен таралған пайдалы қазбаларды өндіруге;
13) қалдықтардың келісімшарттық аумаққа және мемлекеттік қорық аймағына көшуін (желмен, жауын-шашынмен) болдырмайтын, осы үшін арнайы бөлінген орындардан тыс жерге өндіріс және тұтыну қалдықтарын жинақтауға;
14) жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен келісім бойынша келісімшарттық аумақта, арнайы бөлінген алаңдарды қоспағанда, жанар-жағар май материалдары мен басқа да ластаушы заттарды төгуге тыйым салынады.
3. Қоршаған ортаның жай-күйін бақылау мақсатында қоршаған орта жай-күйінің өндірістік мониторингінің бағдарламасын жыл сайын жасауды және оны ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны қорғау және жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдармен келісуді қамтамасыз ету қажет, онда:
1) келісімшарттық аумақтан жиырма километрге дейінгі шеңберде артезиан ұңғымалары мен құдықтардағы судың химиялық құрамын тоқсан сайын бақылау;
2) келісімшарттық аумақта және оның шегінен тыс он километрге дейінгі шеңберде топырақтағы радиация деңгейі мен радиоактивті заттардың болуын тоқсан сайын бақылау;
3) қоршаған ортада қызмет барысында пайда болатын ластаушы заттардың шоғырлануын тоқсан сайын бақылау;
4) іс-шаралардың нақты мерзімі және оны орындаушылар, аяқтау және есептілік нысаны көзделуге тиіс.
|
255-бап. Мемлекеттік қорық аймақтарында жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларға қойылатын арнайы экологиялық талаптар
1. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізудің қоршаған ортаға және мемлекеттік табиғи-қорық қоры объектілеріне ықтимал теріс әсерін болдырмау үшін табиғат пайдаланушы:
1) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдармен:
технологиялық жолдарды және электр беру желілерін жөндеу кезінде қажетті алаңдардың саны мен орналасуын, сондай-ақ табиғат пайдаланушының қызметі кезінде автокөліктің жолдан шығу қажеттілігін;
жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу аумақтары бойынша қосалқы технологиялық жолдардың схемасы;
өндіріс және тұтыну қалдықтарын жинақтауға, сондай-ақ жанар-жағар май материалдарын және басқа да ластаушы заттарды төгуге арналған алаңдарды орналастыру мен жабдықтауды;
жобада көзделген технологиялық алаңдарды әзірлеу үшін жер қойнауын пайдалану жөнінде операцияларды жүргізу аумақтарында, ағаштарды және бұталарды кесу мен түбірімен қопаруды келісу;
2) жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу аумағының шекарасын анық белгілеу мақсатында аншлагтар қою жолымен шекараларды нақтылап айқындауы;
...
2. Мемлекеттік қорық аймақтары аумағында:
...
11) жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен келісім бойынша, арнайы бөлінген алаңдарды қоспағанда, көлік құралдарының технологиялық жолдардан шығып кетуіне, сондай-ақ жол желісінен тыс жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу аумағымен жүруіне;
12) базалық құрылыс материалдарын өндіру;
13) қалдықтардың жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу аумағына және мемлекеттік қорық аймағына көшуін (желмен, жауын-шашынмен) болдырмайтын, осы үшін арнайы бөлінген орындардан тыс жерге өндіріс және тұтыну қалдықтарын жинақтауға;
14) жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен келісім бойынша жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу аумағындағы, арнайы бөлінген алаңдарды қоспағанда, жанар-жағар май материалдары мен басқа да ластаушы заттарды төгуге тыйым салынады.
3. Қоршаған ортаның жай-күйін бақылау мақсатында қоршаған орта жай-күйінің өндірістік мониторингінің бағдарламасын жыл сайын жасауды және оны ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны қорғау және жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдармен келісуді қамтамасыз ету қажет, онда:
1) жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу аумағындағы жиырма километрге дейінгі шеңберде артезиан ұңғымалары мен құдықтардағы судың химиялық құрамын тоқсан сайын бақылау;
2) жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу аумағында және оның шегінен тыс он километрге дейінгі шеңберде топырақтағы радиация деңгейі мен радиоактивті заттардың болуын тоқсан сайын бақылау;
…
|
Өзгерістер «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» ҚР кодексінің нормаларымен үйлестіру мақсатында ұсынылады
|