«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қойнауын пайдалану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы жобасына салыстырмалы кесте

Қатты пайдалы қазбалардың анық есепке алуды қамтамасыз етпеу, өндірілген көмірсутектердің

жүктеу 1.76 Mb.
бет12/13
Дата07.03.2018
өлшемі1.76 Mb.
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13

Қатты пайдалы қазбалардың анық есепке алуды қамтамасыз етпеу, өндірілген көмірсутектердің анық есепке алуды қамтамасыз етпеу –

жиырма бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

Түзету жер қойнауын пайдалану саласын реттеуде өзгерістерге және пайдалы қазбалар запастарын есептеудің халықаралық стандарттарына ауысуға байланысты енгізіледі.

353-бап

353-бап. Жер қойнауын пайдалану объектiлерiн жою және консервациялау жөнiндегi талаптарды бұзу

      Жер қойнауын пайдалану объектiлерiн жою және консервациялау жөнiндегi талаптарды бұзу –

      шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – отыз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

353-бап. Жер қойнауын пайдалану объектiлерiн жою және консервациялау тәртібін бұзу»

Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімдерде жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялары жүргізу салдарын жою бойынша міндеттемелерді орындамау

шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – отыз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне - бір жүз елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының кодексіне сәйкес жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялардың салдарын жоюға, жою бойынша өз міндеттемелерін орындауды қамтамасыз етуді беруге міндетті. Жер қойнауын пайдалану құқығы қатты пайдалы қазбаларды барлаудың тиісті учаскесінде тоқтатылған тұлға жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялардың салдарын жоюды жер қойнауын пайдалану құқығы тоқтатылғаннан кейін алты айдан кешіктірмей аяқтауға міндетті.

Көрсетілген тұлғаның өтініші бойынша құзыретті орган жоюды, егер жоюды жүргізу ауа райының және (немесе) табиғи-климаттық жағдайларға орай мүмкін емес немесе едәуір қиындатқанда, алты айға дейінгі кезеңге ұзартады,

Жер қойнауын пайдалану құқығы өндірудің тиісті учаскесінде тоқтатылған тұлға жер қойнауын пайдалану құқығы осындай тоқтатылған кезден бастап алты айдан кешіктірмей жоюға кірісуге міндетті

Жер қойнауын пайдаланушы тау жұмыстарының жоспарына өзгерістер енгізілген жағдайда кешенді сараптаманың соңғы оң қорытындысын алған кезден бастап үш жылдан кешіктірмей, қатты пайдалы қазбаларды өндіру жөніндегі операциялар салдарының шамамен алғандағы есептемесіне өзгерістер қоса алғанда, жою жоспарына өзгерістер енгізуге міндетті.

354-бап

354-бап. Жер қойнауын қорғауды

мемлекеттiк бақылау органдарына минералдық шикiзатты пайдалану туралы геологиялық ақпаратты ұсынудан бас тарту немесе жалтару

      Жер қойнауын қорғауды мемлекеттiк бақылау органдарына жер қойнауын пайдаланудың, өндiрiлген және қайта өңделген минералдық шикiзаттың жай-күйi туралы уақтылы, толық және анық ақпаратты беруден бас тарту немесе жалтару –

      шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – алты, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – он, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне қырық айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      354-бап. Мемлекеттік бақылау органдарына жер қойнауын пайдалану туралы ақпаратты, геологиялық ақпаратты ұсынудан бас тарту немесе жалтару

Мемлекеттік бақылау органдарына жер қойнауын пайдаланудың, өндірілген пайдалы қазбалардың жай-күйі туралы уақтылы, толық және анық ақпаратты беруден бас тарту немесе жалтару –

шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – алты, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – он, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне – қырық айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

354 -бабын осы құрамның басқа құқық бұзушылық қағидаларын қамтуға байланысты алып тастау ұсынылады, соның ішінде ӘҚБтК 349-бабын түзетулерге байланысты алып тастау ұсынылады.

356-баптың 1-ден 5-ке және 10-тармақтары

356-бап. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялар жүргiзу қағидаларын бұзу

       1. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялар жүргiзу қағидаларын, сондай-ақ жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiмшарттардың талаптарын бұзу –

      шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – алпыс бес, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бір жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      2. Жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiмшарттыңқоршаған ортаны қорғау мәселелерi жөнiндегi экологиялық талаптары мен шарттарын орындамау -

      шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – алпыс бес, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бір жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      3. Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасында көзделген мұнай операцияларын жүргізу шарттарын бұзу, сондай-ақ өндіру жөніндегі жұмыстарды жүргізуге арналған іздестіру, бағалау жұмыстары жобаларының және жобалау құжаттарының талаптарын бұзу –

      шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бір жүз елу, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – үш жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      4. Белгіленген тәртіппен бекітілген іздестіру жұмыстарының жобасынсыз, бағалау жұмыстарының жобасынсыз және өндіру жөніндегі жұмыстарды жүргізуге арналған жобалау құжатынсызіздестіру, бағалау жұмыстарын және өндіру жөніндегі жұмыстарды жүргізу –

      шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – екі жүз елу, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бес жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      5. Авариялық жағдайлар қатері төнген немесе туындаған, персоналдың өміріне немесе халықтың денсаулығына және қоршаған ортаға қатер төнген жағдайларды қоспағанда, мұнай және газ саласындағы уәкілетті органның рұқсатынсыз немесе рұқсат шарттарын сақтамастан, ілеспе және (немесе) табиғи газды жағу –

      шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – екі жүз елу, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бес жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

6. Жер қойнауын пайдаланушының ілеспе және (немесе) табиғи газды кәдеге асырусыз және (немесе) қайта өңдеусіз көмірсутек шикізатын өндіру жөніндегі жұмыстарды жүргізуі –

шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – екі жүз елу, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бес жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

...

 9. "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларды қоспағанда, теңізде мұнай және газ саласындағы уәкілетті органның рұқсатынсыз немесе рұқсатының шарттарын сақтамастан мұнай операцияларын жүргізу –

      шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – екі жүз елу, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бес жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      10. Теңізде ғылыми зерттеулер жүргізу тәртібін бұзу –

      шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бір жүз елу, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – үш жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

11.Мұнайдың төгілуін жою және ескерту бойынша ұйымдастыру жоспарымен бекітілген теңізге мұнайдың төгілу қауіпіне байланысты теңізге қызметті жүзеге асыратын, жеке және заңды тұлғалар, теңізге мұнай операциясын жүргізуді жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушыда жоқ

      Жеке тұлғаларға жүз елу, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – екі жүз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне –төрт жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

12.Теңізде мұнай операциясын жүргізу жеке материалдарсыз және жабдықтарсыз, бірінші және екінші деңгейдегі теңізде төгілу салдарынан жою үшін қажетті немесе арнайы ұйымдармен келісімшарт жасасқан меншік материалдарсыз және жабдықсыз теңізде мұнай операциясын жүргізу

жеке тұлғаларға жүз елу, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – екі жүз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне –төрт жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады

356-бап. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялар жүргiзу қағидаларын бұзу

1. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу қағидаларын бұзу –

шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – алпыс бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Жер қойнауын пайдалану кезінде экологиялық талаптарды орындамау –

шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – алпыс бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

3. Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы Қазақстан Республикасы заңнамасында көзделген көмірсутектер саласында жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу шарттарын бұзу, сондай-ақ көмірсутектерін барлау және өндіру жөніндегі жобалық құжаттардың талаптарын бұзу –

шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – үш жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

4. Жер қойнауын пайдалану саласындағы белгілеген тәртіпте бекітілген жобалық құжаттарсыз іздеу, бағалау жұмыстарын және өңдеу жұмыстарын жүргізу –

шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бес жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – екі мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

5. «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінде көзделген жағдайларды қоспағанда, көмірсутек саласындағы уәкілетті органның рұқсатынсыз немесе рұқсат шарттарын сақтамастан ілеспе және (немесе) табиғи газды жағу, –

шағын кәсіпкерлік субъектілеріне екі жүз елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бес жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – екі мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

6. Жер қойнауын пайдаланушының ілеспе және (немесе) шикі газды кәдеге асырусыз және қайта өңдеусіз көмірсутектерді өндіру жөніндегі жұмыстарды жүргізуі –

шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бес жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – екі мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

тоғызыншы бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

«9. Көмірсутегі саласындағы уәкілетті органның рұқсатынсыз немесе рұқсатының шарттарын сақтамастан «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Кодексімен көзделген жағдайларды қоспағанда, көмірсутектерді теңізде барлау және (немесе) өндіру жүргізу –

шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бес жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – екі мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

10. алып тасталсын.

11. Теңізде көмірсутектерді барлау және (немесе) өндіру жөнінде операцияларды жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушыларда, теңізге мұнайдың төгілуі тәуекелімен байланысты теңізге қызметін жүзеге асыратын және ескерту жөнінде бекітілген ұйымдастырылған жоспарды теңізге қызметін жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлғаларда мұнайдың төгілуінің тәуекелінің алдын алу және оны жою жөніндегі ұйымның бекітілген жоспарының болмауы –

Жеке тұлғаларға – бір жүз елу, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – төрт жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – екі мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

12. Теңізге бірінші және екінші деңгейдегі мұнайдың төгілуі салдарын жою үшін қажетті өзінің жеке материалдары мен жабдықтарынсыз не мамандандырылған ұйыммен жасалған шартсыз теңізде көмірсутектерді барлау және (немесе) өндіру жөнінде операцияларды жүргізу –

жеке тұлғаларға – бір жүз елу, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – төрт жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – екі мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

Түзетулер жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт талаптарын бұзғаны үшін қос (әкімшілік және азаматтық-құқықтық) жауаптылықты алып тастау бөлігінде әкімшілік жауаптылық туралы заңнаманың ережелерін қайта қарау қажеттілігіне байланысты, сондай-ақ жер қойнауын пайдалану саласында рұқсат беру рәсімдері мен құжаттарды қысқартуға байланысты ұсынылады.

687-баптың 1-бөлігі

687-бап. Жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi орган

1. Жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi орган осы Кодекстiң 140 (бірінші бөлігінде), 344, 345, 346, 348, 349, 350, 352, 353, 354, 355, 356 (бірінші бөлігінде), 391, 392 (бірінші және екінші бөліктерінде), 393, 394, 395 (бірінші бөлігінде), 396 (бірінші бөлігінде)-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.

687-бап. Жер қойнауын зердлеу жөнiндегi уәкiлеттi орган

      1. Жер қойнауын зерделеу жөніндегі уәкілетті орган осы Кодекстің 344, 349, 350, 353 (бірінші және екінші бөліктерінде), 352, 353, 354, 355, 391, 392 (бірінші және екінші бөліктері), 393, 394, 395 (бірінші бөлігінде) 393, 394, 395 (бірініш бөлігінде), 396, (бірінші бөлігінде) баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды.

Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарау ведомстволық бағыныстылығы туралы бапқа түзетулер кейбір материалдық нормаларды – әкімшілік жауаптылық негіздерін алып тастауға немесе толықтыруға байланысты енгізілуде.

жаңа 687-1-бап

687-1-бап. Жоқ

687-1-бап. Жер қойнауын пайдалану саласындағы уәкілетті орган

1. Жер қойнауын пайдалану саласындағы уәкілетті орган осы Кодекстің 346, 349, 353-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды.»;

2. Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органның басшысы әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және әкімшілік жаза қолдануға құқылы.

Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органға жер қойнауын пайдалану саласындағы заңнаманы бұзғаны үшін әкімшілік жауаптылыққа тарту бойынша өкілеттіктер беру қажеттілігіне байланысты 687-1-баппен толықтырылады.

688-баптың 1-тармағы

688-бап. Мұнай және газ саласындағы уәкілетті орган

      1. Мұнай және газ саласындағы уәкілетті орган осы Кодекстің 170 (бірінші, екінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы және сегізінші бөліктерінде), 356 (үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы және он үшінші бөліктерінде), 464 (бірінші бөлігінде)-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды.

      2. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және әкімшілік жазалар қолдануға мұнай және газ саласындағы уәкілетті орган ведомствосының лауазымды адамдары мен аумақтық бөлімшелерінің басшылары құқылы.

688–бап. Көмірсутек саласындағы уәкілетті орган

1. Көмірсутек саласындағы уәкілетті орган осы Кодекстің 170 (бірінші, екінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы және сегізінші бөліктерінде), 345, 348, 349, 350 (екінші және үшінші бөліктерінде) 353, 356 (бірінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы және он үшінші бөліктерінде), 464 (бірінші бөлігінде) баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды.

2. Көмірсутек саласындағы уәкілетті орган ведомствосы лауазымдық тұлғалары және оның аумақтық органдарының және аумақтық бөлімшелерінің басшылары әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және әкімшілік жаза қолдануға құқылы.

Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарау ведомстволық бағыныстылығы туралы бапқа түзетулер кейбір материалдық нормаларды – әкімшілік жауаптылық негіздерін алып тастауға немесе толықтыруға байланысты енгізілуде.

жаңа 688-1-бап

688-1-бап. Жоқ.

688-1-бап. Уран саласындағы уәкілетті орган

1. Уран саласындағы уәкілетті орган 345, 346, 349, 350 (бірінші және үшінші бөліктерінде), 353-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды.

2. Ведомствоның лауазымдық тұлғалары әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және әкімшілік жазалар қолдануға құқылы.

Уран саласындағы уәкілетті органға жер қойнауы саласындағы заңнамасын бұзған үшін әкімшілік жауапкершілікке тарту өкілеттікті беруге байланысты 688-1-баппен толықтырылады№

697-баптың 1-тармағы

697-бап. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлетті орган

      1. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган осы Кодекстiң 139 (бiрiншi бөлiгiнде), 140 (екiншi бөлiгiнде), 230 (шаруашылық және өзге де қызметтiң экологиялық жағынан қауiптi түрлерiн жүзеге асыратын тұлғалар жасаған құқық бұзушылықтар бойынша екiншi бөлiгiнде), 297 (бiрiншi бөлiгiнде), 324, 325, 326 (бiрiншi және екінші бөлiктерiнде), 327, 328, 329,

330, 331, 332, 333 (бірінші бөлігінде), 334, 335, 336, 337, 344, 344-1, 344-2, 346, 347, 351, 352, 353, 356(екiншi бөлiгiнде), 358, 374, 377, 379, 391, 392 (бiрiншi бөлігінде), 393 (бiрiншi бөлiгiнде), 394, 395 (бiрiншi бөлiгiнде), 396 (бiрiншi бөлiгiнде), 397 (бiрiншi, екінші және үшінші бөліктерінде), 399 (бiрiншi бөлiгiнде), 464 (бірінші бөлігінде)-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.

697-бап. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлетті орган

1. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган осы Кодекстің 139 (бірінші бөлігінде), 230 (шаруашылық және өзге де қызметтің экологиялық жағынан қауіпті түрлерін жүзеге асыратын тұлғалар жасаған құқық бұзушылықтар бойынша екінші бөлігінде), 297 (бірініш бөлігінде), 324, 325, 326 (бірінші және екінші бөліктерінде), 327, 328, 329, 330, 331, 332, 333 (бірінші бөлігінде), 334, 335, 336, 337, 344, 344-1, 344-2, 346, 347, 351, 352, 353, 356 (бірінші бөлігінде), 358, 374, 377, 379, 391, 392 (бірінші бөлігінде), 393 (бірінші бөлігінде), 394, 395 (бірінші бөлігінде), 396 (бірінші бөлігінде), 397 (бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде), 399 (бірінші бөлігінде), 464 (бірінші бөлігінде) баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарайды.

Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарау ведомстволық бағыныстылығы туралы бапқа түзетулер кейбір материалдық нормаларды – әкімшілік жауаптылық негіздерін алып тастауға немесе толықтыруға байланысты енгізілуде.

804-баптың 1-тармағы 42)тармақшасы

804-бап. Лауазымды тұлғалар, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаларды толтыру құқығы бар.

1. сотпен қаралатын әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер жөнінде әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаларды уәкілеттілер құруға құқылы:

42) мұнай және газ саласында уәкілетті орган 170 (жетінші, тоғызыншы, оныншы, он бірінші, он екінші), 171 (екінші және үшінші бөліктерінде) тауарлық немесе сұйылтылған мұнай газын көтерме бағасын іске асыруды арттыру бойынша) 356 (он төртінші бөлікте) 463

804-бап. Лауазымды тұлғалар, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаларды толтыру құқығы бар.

1. сотпен қаралатын әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер жөнінде әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаларды уәкілеттілер құруға құқылы:

42) көмірсутектер саласында уәкілетті орган 170 (жетінші, тоғызыншы, оныншы, он бірінші және он екінші бөліктері), 171 (екінші және үшінші бөліктері) (тауарлық немесе сұйылтылған мұнай газын көтерме саудада өткізудің шекті бағаларын асыру бойынша) 356 (он төртінші бөлік), 463-баптар;

2015 жылғы 29 қазандағы Кәсіпкерлік кодекс

Тақырып

24-тарау. Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау

3-параграф. Индустриялық-инновациялық қызмет субъектiлерiн мемлекеттiк қолдау

267-бап. Жер учаскелерiн және жер қойнауын пайдалану құқықтарын беру

24-тарау. Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау

3-параграф. Индустриялық-инновациялық қызмет субъектiлерiн мемлекеттiк қолдау

267-бап. Жер учаскелерiн беру

138-баптың 3) тармақшасы

138-бап. Бақылау жүзеге асырылатын кәсіпкерлік субъектілері қызметінің салалары

      Бақылау:

...

3) жер қойнауын пайдалану саласындағы келiсiмшарттар талаптарын орындаудың сақталуына;

...

7)мұнай операциялар жүргізу саласында

138-бап. Бақылау жүзеге асырылатын кәсіпкерлік субъектілері қызметінің салалары

      Бақылау:

...

3) жер қойнауын пайдаланушылардыңжер қойнауын пайдалануға арналған келiсiмшарттар мен лицензиялар талаптарын орындауының сақталуына;

...

7)уранды өндіру жөнінде және (немесе)көмірсутектер саласындағы жер қойнауын пайдалану операциялар жүргізу саласында

Түзету Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы кодекс жобасының ережелерімен үйлестіру мақсатында ұсынылады (жер қойнауын пайжалануға лицензия енгізу)

257-баптың 2-тармағының 10) тармақшасы

257-бап. Индустриялық-инновациялық қызмет субъектiлерiн мемлекеттiк қолдау шаралары

...

      2. Индустриялық-инновациялық қызмет субъектiлерiн мемлекеттiк қолдау шараларына:

...
10) жер учаскелерiн және жер қойнауын пайдалану құқықтарын беру;

257-бап. Индустриялық-инновациялық қызмет субъектiлерiн мемлекеттiк қолдау шаралары

...

      2. Индустриялық-инновациялық қызмет субъектiлерiн мемлекеттiк қолдау шараларына:

...
10) жер учаскелерiн беру;

Түзету Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы кодекс жобасының ережелерімен (жер қойнауын пайдалану құқықтарын беру Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы кодексте көзделген негіздер және тәртіппен ғана жүзеге асыру мүмкін) үйлестіру мақсатында ұсынылады.

267-бап

267-бап. Жер учаскелерiн және жер қойнауын пайдалану құқықтарын беру

      Индустриялық-инновациялық қызмет субъектiлерiне жер учаскелерiн және жер қойнауын пайдалану құқықтарын беру:

      1) Қазақстан Республикасының Жер кодексiне сәйкес уақытша жер пайдалану құқығында жер учаскелерiн бөлу;

      2) "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тiкелей келiссөздер негiзiнде конкурс өткiзбестен, өндiрiстiк қызметке (технологиялық циклға) байланысты пайдалы қазбаларды барлауға, өндiруге, бiрлескен барлау мен өндiруге арналған операцияларды жүргiзуге арналған жер қойнауын пайдалану құқығын беру арқылы жүзеге асырылады.

267-бап. Жер учаскелерiн беру

      Индустриялық-инновациялық қызмет субъектiлерiне жер учаскелерiн беруҚазақстан Республикасының Жер кодексiне сәйкес уақытша жер пайдалану құқығында жер учаскелерiн бөлуарқылы жүзеге асырылады.

Түзету Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы кодекс жобасының ережелерімен (жер қойнауын пайдалану құқықтарын беру Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы кодексте көзделген негіздер және тәртіппен ғана жүзеге асыру мүмкін) үйлестіру мақсатында ұсынылады.

281-баптың 2-тармағы

281-бап. Инвестицияларды мемлекеттiк қолдаудың мақсаты

...

      2. Инвестицияларды мемлекеттiк қолдау инвестициялық преференциялар беру болып табылады.

281-бап. Инвестицияларды мемлекеттiк қолдаудың мақсаты

...

      2. Инвестицияларды мемлекеттiк қолдау инвестициялық преференциялар беру болып табылады.

Қатты пайдалы қазбаларды өңдеу туралы келісім бойынша мемлекеттік преференциялар түрлері, оларды беру талаптары мен тәртібі «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының кодексімен айқындалады.

Түзету Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы кодекс жобасының ережелерімен (ҚПҚ қайта өңдеу туралы келісім негізінде жер қойнауын пайдалану саласында преференциялар беру) үйлестіру мақсатында ұсынылады.

1998 жылғы 20 қарашадағы «Аудиторлық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңы

1-баптың 15-тармақшасы

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар

      Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:

      1) аккредиттелген кәсiби аудиторлық ұйым (бұдан әрi - кәсiби ұйым) - аудиторлар мен аудиторлық ұйымдарды біріктіретін коммерциялық емес ұйым;

...

14) уәкiлеттi мемлекеттiк орган (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) - аудиторлық қызмет саласында реттеу мен аудиторлық және кәсiби ұйымдардың қызметiне бақылауды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган. 

15) жоқ.

15) жер қойнауын пайдаланушының шығыстары туралы мәліметтердің аудиті – жер қойнауын пайдаланушының пайдалы қазбаларды барлау және өндіру жөніндегі операцияларға арналған шығыстарының аудиті

Түзетулер «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» ҚР кодексіне құзыретті органға есептілікте қамтылған және аудитор растаған жер қойнауы учаскесін пайдалануға байланысты жұмыстарға шығыстар туралы мәліметтерді құзыретті органға беру қажеттілігін енгізуге байланысты ұсынылады.

3-баптың 2-тармағының 4-3) тармақшасы

3-бап. Аудиторлық қызмет

      1. Аудиторлық қызметтi жүзеге асыруға лицензиясы бар аудиторлық ұйымдар аудиторлық қызметпен айналысу құқығына ие болады.

      2. Аудиторлық ұйымдар аудиттен басқа, өз қызметiнiң бейiнi бойынша мынадай қызметтердi де көрсете алады:
      1) аудит стандарттарына сәйкес өз қызметiнiң бейiнi бойынша iлеспе қызметтер;
      2) бухгалтерлiк есептi қалпына келтiру және жүргiзу, қаржылық есептiлiктi жасау;
      3) iшкi аудит;
      4) салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер жөнiндегi заңнаманы қолдану және салық есебiн жүргiзу мәселелерi бойынша консультация беру;
      4-1) салықтар бойынша аудит жүргізу және салықтар бойынша аудиторлық қорытынды жасау;
      4-2) квазимемлекеттік сектор субъектілеріне арнайы мақсаттағы аудит жүргізу;

4-3) Жоқ.

  5) алғашқы статистикалық деректерді қалыптастыру;

4-3) жер қойнауын пайдаланушының шығыстары туралы мәліметтердің аудитін жүргізу;

5) алғашқы статистикалық деректерді қалыптастыру;

Түзетулер «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» ҚР кодексіне құзыретті органға есептілікте қамтылған және аудитор растаған жер қойнауы учаскесін пайдалануға байланысты жұмыстарға шығыстар туралы мәліметтерді құзыретті органға беру қажеттілігін енгізуге байланысты ұсынылады.

5-баптың 2-тармағы

5-бап. Аудит және оның түрлерi

...

2. Міндетті аудитке: 

акционерлік қоғамдар;

қадағалау кеңесі бар, білім беру және денсаулық сақтау салаларындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындар;

сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары, сақтандыру холдингтері және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) сақтандыру холдингі ірі қатысушысы болып табылатын ұйымдар, сақтандыру брокері;

бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры және инвестициялық портфельді басқарушылар;

инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушылары;

жер қойнауын пайдаланушылар; 

банктер, банк холдингтері мен ірі қатысушылары банк және (немесе) банк холдингтері болып табылатын ұйымдар;

«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінде көзделген жағдайларда көмірсутектерді барлау және өндіруге немесе қатты пайдалы қазбаларды барлау және өндіру жөніндегі операцияларды жүргізуге жер қойнауын пайдалану құқығына ие заңды тұлғалар;

банктер, банк холдингтері мен ірі қатысушылары банк және (немесе) банк холдингтері болып табылатын ұйымдар;

Түзетулер міндетті аудит көмірсутектерді барлауға және өндіруге немесе қатты пайдалы қазбаларды барлауға және өндіруге қатысты талап етілуі мүмкін болуына байланысты ұсынылады.

«Концессиялар туралы» 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы

2-баптың 1-тармағы

2-бап. Қазақстан Республикасының концессиялар туралы заңнамасы

1. Қазақстан Республикасының концессиялар туралы заңнамасы Конституцияға негізделеді және Қазақстан РеспубликасыныңАзаматтықкодексінен, «Мемлекеттік-жекешелік әріптестіктуралы» Қазақстан Республикасының Заңынан, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.

      Осы Заңның ережелерi жер қойнауын пайдалану саласындағы концессияға байланысты қатынастарға қолданылмайды. Жер қойнауын пайдалану саласындағы концессияға байланысты қатынастар "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан РеспубликасыныңЗаңынасәйкес реттелiп, жүзеге асырылады.

Жобалық қаржыландыру қолданылатын концессия осы Заңға сәйкес және «Жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру туралы» Қазақстан РеспубликасыныңЗаңындакөзделген талаптар сақтала отырып реттеледі және жүзеге асырылады.

2-бап. Қазақстан Республикасының концессиялар туралы заңнамасы

1. Қазақстан Республикасының концессиялар туралы заңнамасы Конституцияға негізделеді және Қазақстан РеспубликасыныңАзаматтықкодексінен, «Мемлекеттік-жекешелік әріптестіктуралы» Қазақстан Республикасының Заңынан, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.

     Осы Заңның ережелерi жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізумен байланысты қатынастарға қолданылмайды. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізумен байланысты қатынастар «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының кодексіне сәйкес реттелiп, жүзеге асырылады.

Жобалық қаржыландыру қолданылатын концессия осы Заңға сәйкес және «Жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру туралы» Қазақстан РеспубликасыныңЗаңындакөзделген талаптар сақтала отырып реттеледі және жүзеге асырылады.

Түзету бланкеттік норманы жер қойнауын пайдалану саласындағы қатынастарты реттейтін заңнамалық актіге сәйкестікке келтіру мақсатында ұсынылады.

«Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы

72-баптың 6-тармағының 2 бөлігі

72-бап. Мемлекеттiк қорық аймақтарын күзету мен пайдаланудың ерекшелiктерi

...

      6. Мемлекеттiк қорық аймақтарының аумақтарында Қазақстан РеспубликасыныңЭкологиялық кодексiнде белгiленген арнайы экологиялық талаптарды ескере отырып, уәкiлеттi органның келiсiмi бойынша геологиялық зерттеулерге, пайдалы қазбаларды барлауға рұқсат берiледi.

      Пайдалы қазбаларды қазуға қоршаған ортаны қорғау саласындағы өкiлеттi мемлекеттiк органның ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен арнайы экологиялық талаптарды ескере отырып, уәкiлеттi органның келiсiмiмен, жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi органның ұсынуымен Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмi бойынша ерекше жағдайларда жол берiледi.

72-бап. Мемлекеттiк қорық аймақтарын күзету мен пайдаланудың ерекшелiктерi

...

      6. Мемлекеттiк қорық аймақтарының аумақтарында Қазақстан РеспубликасыныңЭкологиялық кодексiнде белгiленген арнайы экологиялық талаптарды ескере отырып, уәкiлеттi органның келiсiмi бойынша геологиялық зерттеулерге, пайдалы қазбаларды барлауға рұқсат берiледi.

      Пайдалы қазбаларды өндіруде Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінде белгіленген арнайы экологиялық талаптарды ескере отырып, уәкілетті органның келісімімен жер қойнауын зерделеу жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның ұсынуымен Қазақстан Республикасының Үкiметiнің шешімі бойынша ерекше жағдайларда жол беріледі

«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» ҚР кодексі жобасының нормаларымен сәйкестікке келтіру.

«Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздігі туралы» 2012 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы

15-баптың 1-тармағының 27) тармақшасы

27) жер қойнауын зерделеу және пайдалану жөніндегі уәкілетті орган – жер қойнауын геологиялық зерделеу, ұтымды және кешенді пайдалану саласындағы мемлекеттік саясат пен бақылаудың, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жер қойнауын пайдалану саласында өзге де функциялардың іске асырылуын қамтамасыз ететін орталық атқарушы орган;

27) жер қойнауын зерделеу жөніндегі уәкілетті орган – жер қойнауын геологиялық зерделеу саласындағы мемлекеттік саясат пен бақылаудың, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жер қойнауын пайдалану саласында өзге де функциялардың іске асырылуын қамтамасыз ететін орталық атқарушы орган;

«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» ҚР кодексі жобасының нормаларымен сәйкестікке келтіру.

«Ұлттық әл-ауқат қоры туралы» 2012 жылғы 1 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңы

18-баптың 2-тармағы

18-бап. Қордың ұлттық әл-ауқатты қамтамасыз етугеарналған ерекше өкілеттіктері

      1. Ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігі мен орнықтылығын арттыру, ұлттық әл-ауқатты қамтамасыз ету мақсатында Қордың мынадай ерекше өкілеттіктері:

      1) жеке тұлға немесе мемлекеттiк емес заңды тұлға стратегиялық объектiнi иелiктен шығару бойынша мәміле жасасуға ниет бiлдiрген, сондай-ақ стратегиялық объектiге өндiрiп алу қолданылған немесе оңалтуды немесе банкроттықты басқарушы стратегиялық объектiнi иелiктен шығарған не кепiл ұстаушы кепiлге қойылған мүлiктi (стратегиялық объектiнi) соттан тыс тәртiппен өткізген, не стратегиялық объектiге сот актiсiнің негiзiнде өндiрiп алу қолданылған жағдайларда Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмi бойынша стратегиялық объектiлерге ие болуға басым құқығы;
      2) акцияларының пакеттерi (жарғылық капиталда қатысу үлестері, пайлары) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес стратегиялық объектiлерге жатқызылған ұйымдар немесе республика экономикасы үшiн маңызды стратегиялық мәні бар ұйымдар банкрот болған кезде Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмi бойынша мүліктік массаны сатып алуға басым құқығы;

3) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен банктердің акцияларын иемденуге құқығы бар.

2. «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тәртіппен және шарттарда жер қойнауын пайдалану құқығына және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектіге ие тұлғаның жер қойнауын пайдалану құқығын (оның бір бөлігін) және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектіні иеліктен шығару ниеті болған жағдайда мемлекет Қор, ұлттық компания немесе уәкілетті мемлекеттік орган арқылы жер қойнауын пайдалану құқығын (оның бір бөлігін) және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектіні иемденудің басым құқығына ие болады.

18-бап. Қордың ұлттық әл-ауқатты қамтамасыз етугеарналған ерекше өкілеттіктері

      1. Ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігі мен орнықтылығын арттыру, ұлттық әл-ауқатты қамтамасыз ету мақсатында Қордың мынадай ерекше өкілеттіктері:

      1) жеке тұлға немесе мемлекеттiк емес заңды тұлға стратегиялық объектiнi иелiктен шығару бойынша мәміле жасасуға ниет бiлдiрген, сондай-ақ стратегиялық объектiге өндiрiп алу қолданылған немесе оңалтуды немесе банкроттықты басқарушы стратегиялық объектiнi иелiктен шығарған не кепiл ұстаушы кепiлге қойылған мүлiктi (стратегиялық объектiнi) соттан тыс тәртiппен өткізген, не стратегиялық объектiге сот актiсiнің негiзiнде өндiрiп алу қолданылған жағдайларда Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмi бойынша стратегиялық объектiлерге ие болуға басым құқығы;
      2) акцияларының пакеттерi (жарғылық капиталда қатысу үлестері, пайлары) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес стратегиялық объектiлерге жатқызылған ұйымдар немесе республика экономикасы үшiн маңызды стратегиялық мәні бар ұйымдар банкрот болған кезде Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмi бойынша мүліктік массаны сатып алуға басым құқығы;

3) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен банктердің акцияларын иемденуге құқығы бар.

2. «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының кодексінде көзделген тәртіппен және шарттарда жер қойнауын пайдалану құқығына және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектіге ие тұлғаның жер қойнауын пайдалану құқығын (оның бір бөлігін) және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектіні иеліктен шығару ниеті болған жағдайда мемлекет Қор, ұлттық компания немесе уәкілетті мемлекеттік орган арқылы жер қойнауын пайдалану құқығын (оның бір бөлігін) және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектіні иемденудің басым құқығына ие болады

Түзету бланкеттік норманы жер қойнауын пайдалану саласындағы қатынастарты реттейтін заңнамалық актіге сәйкестікке келтіру мақсатында ұсынылады.

«Магистральдық құбыр туралы» 2012 жылғы 22 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы

1-баптың

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

      Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

18-1) жоқ;

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

      Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

18-1) терминал меншік иесі – магистральдың мұнай құбыры объектілерінің құрамына кірмейтін, резервуарлар болып табылатын өнеркәсіп объектісіне, сондай-ақ мұнайды көлікке (теміржол цисерналары, автоцистерналары, танкерлер және басқалары) немесе мұнай құбырына қабылдау және (немесе) жөнелтуге арналған платформаға иелік ететін заңды немесе жеке тұлға;

...

Мұнайды өндіру және айналымды біртұтас дерекқор базасына есептеуді қалыптастыру үшін

8- баптың 3-тармағы

8- бап. Магистральдық құбырлар саласындағы мемлекеттік бақылау

3.Ай сайын айдың он бесінші күнінен кеш емес кейінгі есеппен магистральдық құбырлардың меншік иесі немесе заң негізінде магистральдық құбырлары бар тұлғалар уәкілетті органға көлем мен тасымалдау бағыттарын көрсетумен мұнайды тасымалдау кестесін нақты орындау туралы есеп ұсынады.

8- бап. Магистральдық құбырлар саласындағы мемлекеттік бақылау

3. Магистральдық құбыр меншік иесіне не өзгедегі заңды негізде магистральдық құбырға иеленуші тұлға уәкілетті органға жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ведомстволық статистикалық бақылау немесе әкімшілік есепке алу үшін мұнайды тасымалдау жөнінде қажетті мәліметтерді ұсынады.

Мұнайды өндіру және айналымды біртұтас дерекқор базасына есептеуді қалыптастыру үшін

25-баптың 3-1 -тармақшалары

25-бап. Өнімді магистральдық құбырмен тасымалдау жөніндегі қызметтерді ұсыну

  3-1. Мұнай тасымалдауға арналған магистралдық құбырлар "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес есепке алудың бақылау аспаптарымен жарақтандырылуға тиіс.

4. Оператор магистральдық құбырмен тасымалданатын өнімді маршрут соңындағы алушыға өнім тасымалдау кезіндегі техникалық шығындарды шегере отырып тапсырады.

25-бап. Өнімді магистральдық құбырмен тасымалдау жөніндегі қызметтерді ұсыну

  3-1.Мұнай тасымалдауға арналған магистралдық құбырлар жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес есепке алудың бақылау аспаптарымен жарақтандырылуға тиіс.

4. Оператор магистральдық құбырмен тасымалданатын өнімді маршрут соңындағы алушыға өнім тасымалдау кезіндегі техникалық шығындарды шегере отырып тапсырады.

Түзету бланкеттік норманы жер қойнауын пайдалану саласындағы қатынастарты реттейтін заңнамалық актіге сәйкестікке келтіру мақсатында ұсынылады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13

©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет