«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қойнауын пайдалану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы жобасына салыстырмалы кесте


-тарау. Өнімді магистральдық құбырмен тасымалдау жөніндегі қызметтерді ұсыну



жүктеу 1.76 Mb.
бет13/13
Дата07.03.2018
өлшемі1.76 Mb.
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13

6-тарау. Өнімді магистральдық құбырмен тасымалдау жөніндегі қызметтерді ұсыну





25-1-бап. Жоқ.

25-1-бап. Терминал меншік иелелерінің өнімді сақтау, қабылдау және (немесе) жөнелту бойынша қызметтер көрсетуді ұсынуы

1. Терминал меншік иелері мұнай тасымалының жұмыс істеп тұрған маршруттары бойынша, өнім сақтайтын резервуарлар болып табылатын өзінің өнеркәсіптік объектісімен, сондай-ақ мұнайды қабылдау және (немесе) жөнелту үшін көлікке (теміржол цисерналары, автоцистерналары, танкерлерге және басқаларына) немесе мұнай құбырына арналған платформалармен мұнайды сақтау, қабылдау және (немесе) жөнелту бойынша қызметтер көрсетуді мұнайды сақтау, қабылдау және (немесе) жөнелту шартына, терминал меншік иесінің ішкі құжаттарына және Қазақстан Республикасының заңына сәйкес ұсынады.

2. Терминал меншік иелері өздерінің өнеркәсіп объектілерін жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес есепке алу құралдарымен жарақтандырады.».

3. Терминал меншік иесі магистральдық құбыр саласындағы уәкілетті органға жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ведомстволық статистикалық бақылау немесе әкімшілік есепке алу үшін қажетті әкімшілік мәлімттер немесе алғашқы статистикалық мәліметтер ұсынуға міндетті.

Мұнайды өндіру және айналымды біртұтас дерекқор базасына есептеуді қалыптастыру үшін

«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы» 2013 жылғы 16 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы



53-баптың 5-тармағы

53-бап. Континенттік қайраң режимі

...
      5. Континенттік қайраң режимін сақтауды бақылау жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкілетті органға және Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне жүктеледі.



53-бап. Континенттік қайраң режимі

...
     5. Континенттік қайраң режимін сақтауды бақылау жер қойнауын зерделеу жөніндегі уәкілетті органға және Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне жүктеледі.



«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» ҚР кодексі жобасының нормаларымен сәйкестікке келтіру



54-баптың 2-тармағы

54-бап. Континенттік қайраң режимін бұзу

      1. Континенттік қайраңда теңіз түбі мен жер қойнауының табиғи ресурстарына барлау жүргізуге және оларды игеруге, оның ішінде жасанды аралдарды, қондырғылар мен құрылыстарды жасауға және пайдалануға, оларды консервациялау мен бөлшектеуге, қалдықтар мен өзге де материалдарды көмуге, сондай-ақ теңізде ғылыми зерттеулерді жүргізуге байланысты қызметті жүзеге асыру тәртібін бұзу континенттік қайраң режимін бұзу болып танылады.

      2. Континенттік қайраң режимінің бұзылуына байланысты құқық бұзушылықтар анықталған жағдайда, жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкілетті орган және Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті осы Заңға сәйкес заңсыз іс-әрекеттерді тоқтату үшін қажетті шаралар қолданады.


54-бап. Континенттік қайраң режимін бұзу

      1. Континенттік қайраңда теңіз түбі мен жер қойнауының табиғи ресурстарына барлау жүргізуге және оларды игеруге, оның ішінде жасанды аралдарды, қондырғылар мен құрылыстарды жасауға және пайдалануға, оларды консервациялау мен бөлшектеуге, қалдықтар мен өзге де материалдарды көмуге, сондай-ақ теңізде ғылыми зерттеулерді жүргізуге байланысты қызметті жүзеге асыру тәртібін бұзу континенттік қайраң режимін бұзу болып танылады.

     2. Континенттік қайраң режимінің бұзылуына байланысты құқық бұзушылықтар анықталған жағдайда, жер қойнауын зерделеу жөніндегі уәкілетті орган және Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті осы Заңға сәйкес заңсыз іс-әрекеттерді тоқтату үшін қажетті шаралар қолданады.


«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» ҚР кодексі жобасының нормаларымен сәйкестікке келтіру.

«Азаматтық қорғау туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы



73-баптың 1-тармағы

73-бап. Өнеркәсiптiк қауiпсiздiк сараптамасы

1. Өнеркәсіптік қауіпсіздік сараптамасына:


     1) осы Заңның 71-бабының 2-тармағынада көрсетілген қауіпті техникалық құрылғылар;
     2) қауіпті өндірістік объектілерде қолданылатын құрылыс материалдарын қоспағанда, қауіпті өндірістік объектілерде қолданылатын технологиялар, техникалық құрылғылар, материалдар;

  3) қауіпті өндірістік объектінің өнеркәсіптік қауіпсіздік декларациясы;

4) қауіпті өндірістік объектілердің өндірістік ғимараттары, технологиялық құрылыстары;
    5) аттестат алу кезінде мәлімделген жұмыс түрлеріне, өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне заңды тұлғалар;
      6) алып тасталды - ҚР 28.10.2015 № 366-V Заңымен.
7) Жоқ.



73-бап. Өнеркәсiптiк қауiпсiздiк сараптамасы

1. Өнеркәсіптік қауіпсіздік сараптамасына:

1) осы Заңның 71-бабының 2-тармағынада көрсетілген қауіпті техникалық құрылғылар;
2) қауіпті өндірістік объектілерде қолданылатын құрылыс материалдарын қоспағанда, қауіпті өндірістік объектілерде қолданылатын технологиялар, техникалық құрылғылар, материалдар;

3) қауіпті өндірістік объектінің өнеркәсіптік қауіпсіздік декларациясы;

4) қауіпті өндірістік объектілердің өндірістік ғимараттары, технологиялық құрылыстары;

5) аттестат алу кезінде мәлімделген жұмыс түрлеріне, өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне заңды тұлғалар;


6) алып тасталды - ҚР 28.10.2015 № 366-V Заңымен.
7) «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының кодексіне сәйкес өнеркәсіп қауіпсіздігі саласындағы сараптама жасалуы тиіс жобалау құжаттары жатады.


«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» ҚР кодексінің нормаларымен үйлестіру мақсатында, оған сәйкес кейбір жобалық құжаттар үшін өнерксіптік қауіпсіздік саласындағы сараптама көзделген.


«Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы



28-баптың 1- тармағы 5) тармақшасын

28-бап. Лицензиялау саласы

1.Лицензиялауға келесі салада қызметі немесе әрекет (операциялар) жеке түрлері жатады

5) жоқ


28-бап. Лицензиялау саласы

1.Лицензиялауға келесі салада қызметі немесе әрекет (операциялар) жеке түрлері жатады

5) көмірсутектер;


Пайдаланатын түсініктерді біркелкілікті сақтау мақсатында редакциялық түзетулер.



30-баптың 1 және 2 тармақтары

30-бап. Лицензияға лицензияны және (немесе) қосымшаны беру туралы өтініштерін қарау мерзімі

1. Атом энергиясын пайдалану саласындағы, қаржы саласындағы және қаржы ресурстарын шоғырландыруға байланысты қызмет, білім беру, мұнай және газ саласындағы лицензияларды және (немесе) лицензияға қосымшаларды қоспағанда, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны не оларды беруден уәжді бас тартуды лицензиар он бес жұмыс күнінен кешіктірмей береді.

      2. Атом энергиясын пайдалану саласындағы, қаржы саласындағы және қаржы ресурстарын шоғырландыруға байланысты қызмет, білім беру, мұнай және газ саласындағы лицензия және (немесе) лицензияға қосымша не оларды беруден уәжді бас тарту Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес белгіленген тиісті құжаттармен қоса өтініш ұсынылған күннен бастап отыз жұмыс күнінен кешіктірілмей беріледі.


30-бап. Лицензияға лицензияны және (немесе) қосымшаны беру туралы өтініштерін қарау мерзімі

1. Атом энергиясын пайдалану саласындағы, қаржы саласындағы және қаржы ресурстарын шоғырландыруға байланысты қызмет, білім беру, көмірсутектер саласындағы лицензияларды және (немесе) лицензияға қосымшаларды қоспағанда, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны не оларды беруден уәжді бас тартуды лицензиар он бес жұмыс күнінен кешіктірмей береді.

2. Атом энергиясын пайдалану саласындағы, қаржы саласындағы және қаржы ресурстарын шоғырландыруға байланысты қызмет, білім беру, көмірсутектер саласындағы лицензия және (немесе) лицензияға қосымша не оларды беруден дәлелді бас тарту Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес белгіленген тиісті құжаттармен қоса өтініш ұсынылған күннен бастап отыз жұмыс күнінен кешіктірілмей беріледі.


Пайдаланатын түсініктерді біркелкілікті сақтау мақсатында редакциялық түзетулер.



34-баптың 9-тармағы

34-бап. Заңды тұлға –лицензиаттың қайта құру жағдайда лицензияға лицензия қызметі мен (немесе) қосымшалары

9. Осы баптың 4 және 5-тармақтарында көзделген негіздер бойынша лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны лицензиар осы баптың 4 және 5-тармақтарында көзделген негіздер бойынша осы баптың 4-тармағының үшінші бөлігінде және 5-тармағының үшінші бөлігінде белгіленген тиісті құжаттармен қоса өтініш берілген күннен бастап, отыз жұмыс күнінен кешіктірілмей қайта ресімделетін атом энергиясын пайдалану, қаржы саласындағы және қаржы ресурстарын шоғырландыруға байланысты қызмет, экспорттық бақылауға жататын өнімнің импорты және экспорты, білім беру, мұнай және газ саласындағы лицензияларды және (немесе) лицензияға қосымшаларды қоспағанда, он бес жұмыс күнінен кешіктірмей қайта ресімдейді.



34-бап. Заңды тұлға –лицензиаттың қайта құру жағдайда лицензияға лицензия қызметі мен (немесе) қосымшалары

9. Осы баптың 4 және 5-тармақтарында көзделген негіздер бойынша лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны лицензиар осы баптың 4 және 5-тармақтарында көзделген негіздер бойынша осы баптың 4-тармағының үшінші бөлігінде және 5-тармағының үшінші бөлігінде белгіленген тиісті құжаттармен қоса өтініш берілген күннен бастап, отыз жұмыс күнінен кешіктірілмей қайта ресімделетін атом энергиясын пайдалану, қаржы саласындағы және қаржы ресурстарын шоғырландыруға байланысты қызмет, экспорттық бақылауға жататын өнімнің импорты және экспорты, білім беру, көмірсутектер саласындағы лицензияларды және (немесе) лицензияға қосымшаларды қоспағанда, он бес жұмыс күнінен кешіктірмей қайта ресімдейді.



Пайдаланатын түсініктерді біркелкілікті сақтау мақсатында редакциялық түзетулер



1 қосымшаның 8 жолдың тақырыбы

Мұнай және газ саласындағы қызметті лицензиялау

Көмірсутек саласындағы қызметті лицензиялау

Пайдаланатын түсініктерді біркелкілікті сақтау мақсатында редакциялық түзетулер




1 қосымшаның 8 жолы

8.
 

Мұнай және газ саласындағы тау-кен өндірістерін (көмірсутек шикізаты), мұнай-химия өндірістерін жобалауға (технологиялық) және (немесе) пайдалануға, магистральдық газ құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай өнімдері құбырларын пайдалануға арналған лицензия 

1. Мұнайды, газды, мұнай-газ конденсатын өндiру
2. Көмірсутекті шикізат кен орындарында технологиялық жұмыстарды жүргізу (кәсіпшілік зерттеулер, сейсмикалық барлау жұмыстары; геофизикалық жұмыстар).
3. Мұнай; газ; газ конденсаты; айдама ұңғымаларындағы атқылау-жару жұмыстары.
4. Құрлықтағы; теңiздегі; iшкi су айдындарындағы көмірсутекті шикізат кен орындарында ұңғымаларды бұрғылау.
5. Кен орындарында ұңғымаларды жерасты жөндеу (ағымдағы; күрделі).
6. Көмірсутекті шикізат кен орындарында ұңғымаларды цементтеу; сынау; игеру; сынаудан өткізу.
7. Көмірсутекті шикізат кен орындарында ұңғымаларды консервациялау; жою.
8. Мұнай қабаттарының мұнай беруiн арттыру және ұңғымалардың өнiмдiлiгiн ұлғайту.
9. Құрлықтағы; теңiздегі көмірсутекті шикізат кен орындарында мұнайдың төгiлуiн болғызбау және жою жөнiндегi жұмыстар.
10. Мұнай-химия өндiрiстерiн жобалау (технологиялық) және (немесе) пайдалану.
11. Көмірсутекті шикізат кен орындарына арналған жобалардың жобалық құжаттарын; технологиялық регламенттерін; техникалық-экономикалық негiздемесiн жасау.
12. Магистральдық газ құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай өнiмдерi құбырларын пайдалану. 

Иеліктен шығарылмайтын; 1-сынып
 



8.
 

Мұнай және газ саласындағы тау-кен өндірістерін (көмірсутектер), мұнай-химия өндірістерін жобалауға (технологиялық) және (немесе) пайдалануға, магистральдық газ құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай өнімдері құбырларын пайдалануға арналған лицензия 

1. Мұнайды, газды, мұнай-газ конденсатын өндiру
2. Көмірсутектер кен орындарында технологиялық жұмыстарды жүргізу (кәсіпшілік зерттеулер, сейсмикалық барлау жұмыстары; геофизикалық жұмыстар).
3. Мұнай; газ; газ конденсаты; айдама ұңғымаларындағы атқылау-жару жұмыстары.
4. Құрлықтағы; теңiздегі; iшкi су айдындарындағы көмірсутектер кен орындарында ұңғымаларды бұрғылау.
5. Кен орындарында ұңғымаларды жерасты жөндеу (ағымдағы; күрделі).
6. Көмірсутектер кен орындарында ұңғымаларды цементтеу; сынау; игеру; сынаудан өткізу.
7. Көмірсутектер кен орындарында ұңғымаларды консервациялау; жою.
8. Мұнай қабаттарының мұнай беруiн арттыру және ұңғымалардың өнiмдiлiгiн ұлғайту.
9. Құрлықтағы; теңiздегі көмірсутектер кен орындарында мұнайдың төгiлуiн болғызбау және жою жөнiндегi жұмыстар.
10. Мұнай-химия өндiрiстерiн жобалау (технологиялық) және (немесе) пайдалану.
11. Көмірсутектер кен орындарына арналған жобалардың жобалық құжаттарын; технологиялық регламенттерін; техникалық-экономикалық негiздемесiн жасау.
12. Магистральдық газ құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай өнiмдерi құбырларын пайдалану. 

Иеліктен шығарылмайтын; 1-сынып
 




Пайдаланатын түсініктерді біркелкілікті сақтау мақсатында редакциялық түзетулер







2-қосымшаның, 96-жолы




96.
 

Жер қойнауын пайдаланушының жасанды аралдарды, бөгеттерді, құрылыстар мен қондырғыларды, сондай-ақ мұнай операцияларына байланысты өзге де объектілерді пайдалану процесінде өртке қарсы қорғауды қамтамасыз ету тәртібін мемлекеттік бақылау жөніндегі органдармен келісуі  

Жасанды аралдарды, бөгеттерді, құрылыстар мен қондырғыларды, сондай-ақ мұнай операцияларына байланысты өзге де объектілерді пайдалану процесінде өртке қарсы қорғауды қамтамасыз ету тәртібін келісу-хат
 






96.
 

Жер қойнауын пайдаланушының жасанды аралдарды, бөгеттерді, құрылыстар мен қондырғыларды, сондай-ақ көмірсутектерді барлау және (немесе) өндіру операцияларына байланысты өзге де объектілерді пайдалану процесінде өртке қарсы қорғауды қамтамасыз ету тәртібін мемлекеттік бақылау жөніндегі органдармен келісуі  

Жасанды аралдарды, бөгеттерді, құрылыстар мен қондырғыларды, сондай-ақ мұнай операцияларына байланысты өзге де объектілерді пайдалану процесінде өртке қарсы қорғауды қамтамасыз ету тәртібін келісу-хат
 







Пайдаланатын түсініктерді біркелкілікті сақтау мақсатында редакциялық түзетулер




2-қосымша, 270-жол

270.
 

Тәулігіне екі мың және одан да көп текше метр көлеміндегі өндірістік-техникалық жерасты суларын пайдалы қазбаны өндірудің технологиялық схемасына сәйкес қаттарға айдау үшін барлау мен өндіруге не тау-кен қазбаларын пайдалану кезінде су деңгейін төмендету мақсатында жерасты суларын өндіруге рұқсат беру
 

Тәулігіне екі мың және одан да көп текше метр көлеміндегі өндірістік-техникалық жерасты суларын пайдалы қазбаны өндірудің технологиялық схемасына сәйкес қаттарға айдау үшін барлау мен өндіруге не тау-кен қазбаларын пайдалану кезінде су деңгейін төмендету мақсатында жерасты суларын өндіруге рұқсат 




270

Жерасты суларын барлауға рұқсат беру

Жерасты суларын барлауға рұқсат







Соған байланысты, жер асты суларын барлау жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті орган жүзеге асырады, ал жер асты суларын пайдалану мәселелері (өндіру) Су кодексі шеңберінде реттеледі, арнайы қолданатын су пайдалану тәртібінде.









2-қосымшаның, 283-2-жолы

28

.
 

Теңiздегі орналастыруға құрылыстарды салуға немесе рұқсат беру


 

Теңiздегі құрылыстарды салуға немесе орналастыруға рұқсат



283
 

Теңiздегі объектілерді салуға немесе орналастыруға рұқсат беру
 

Теңiздегі объектілерді салуға немесе орналастыруға рұқсат






Түзету Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы кодексі жобасының сәйкестікке келтіру



2-қосымшаның, 285, 286, 287-жолдары

285.
 

Теңiзде мұнай-газ құбырларын салу, монтаждау және төсеу жөніндегі жұмыстарға рұқсат беру
 

Теңiзде мұнай-газ құбырларын салу, мо

таждау және төсеу жөніндегі жұмыстарға рұқсат
 


286.
 

Теңізде іздестіру, барлау, пайдалану кезіндегі ұңғыманы немесе басқа да ұңғыманы бұрғылауға рұқсат беру
 

Теңізде іздестіру, барлау, пайдалану кезіндегі ұңғыманы немесе басқа да ұңғыманы бұрғылауға рұқсат
 




287.
 

Ұңғыма объектісін сынау кезінде ілеспе және (немесе) табиғи газды алау етіп жағуға
рұқсат беру
 

Ұңғыма объектісін сынау кезінде ілеспе және (немесе) табиғи газды алау етіп жағуға
рұқсат
 







285, 286 және 287 жолдар алып тасталсын

Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы кодексі жобасына сәйкестікке келтіру



2 қосымша 289- жол

289.
 

Кен орнын сынау үшін пайдалануда, технологиялық жабдықты іске қосу, пайдалану, оған техникалық қызмет көрсету және жөндеу жұмыстары кезінде газды технологиялық тұрғыдан еріксіз жағуда ілеспе және (немесе) табиғи газды алау етіп жағуға рұқсаттар беру
 

Кен орнын сынау үшін пайдалануда, технологиялық жабдықты іске қосу, пайдалану, оған техникалық қызмет көрсету және жөндеу жұмыстары кезінде газды технологиялық тұрғыдан еріксіз жағуда ілеспе және (немесе) табиғи газды алау етіп жағуға рұқсат 




289

Шикі газды алау етіп жағуға рұқсаттар беру

Шикі газды алау етіп жағуға рұқсат






Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы кодексі жобасына сәйкестікке келтіру



2-қосымша, 309-жол

309.
 

Пайдалы қазбалардың кен орындарын игеру жобасын бекіту

Пайдалы қазбалардың кен орындарын игеру жобасын бекіту туралы хат-шешім




309

Көмірсутектердің кен орындарын әзірлеу жобасын бекіту

Көмірсутектердің кен орындарын әзірлеу жобасын бекіту туралы хат-шешім







Түзетулер көмірсутектер кен орындарын игеруге байланысты емес рұқсат беру жүйесінің әкімшілік тосқауылдарын, мемлекет тарапынан келісулер мен рұқсаттар алу рәсімдерін жою мақсатында ұсынылады.



«Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» 2015 жылғы 31 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы



2-баптың 6-тармағы

 2-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттік-жекешелікәріптестік саласындағы заңнамасы

...
      6. Жер қойнауын пайдалану саласындағы мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын іске асыруға байланысты қатынастар осы Заңмен және «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының
Заңымен реттеледі.



 2-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттік-жекешелікәріптестік саласындағы заңнамасы

...
     6. Жер қойнауын пайдалану саласындағы мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын іске асыруға байланысты қатынастар осы Заңмен және Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы Қазақстан Республикасының кодексімен реттеледі.


Түзету бланкеттік норманы жер қойнауын пайдалану саласныдағы қатынастарды реттейтін заңнамалық актіге сәйкестікке келтіру мақсатында ұсынылады.





Қазақстан Республикасының

Инвестициялар және даму министрі


Ж. Қасымбек


















Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет