«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қойнауын пайдалану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы жобасына салыстырмалы кесте



жүктеу 1.76 Mb.
бет2/13
Дата07.03.2018
өлшемі1.76 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13



43-баптың 3 -тармағы

43-бап. Жер учаскесiне құқық беру тәртiбi


3. Жер учаскелерiне меншiк және (немесе) жер пайдалану құқықтарының өздеріне берілуіне мүдделi жеке және заңды тұлғалар өтініш берушіге өтініштің берілгенін растайтын құжатты беретін, жер учаскесi орналасқан жер бойынша облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергiлiктi атқарушы органына, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкiмiне өтiнiш бередi.

      Өтiнiште: жер учаскесiн пайдалану мақсаты; оның болжамды көлемi; орналасқан жерi; сұралып отырған пайдалану құқығы; басқа жер учаскесiнiң (осы Кодекстiң 50-бабының 2-тармағында көрсетілген жер учаскелерi бойынша) болуы (болмауы) көр сетiлуге тиiс.

Пайдалы қазбалар шығарылатын жағдайда өтiнiшке жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiмшарттың көшiрмесi қоса берiледi.

      Сұралып отырған жер учаскесін аумақтық аймақтарға бөлуге сәйкес мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша пайдалану мүмкіндігін айқындау үшін жер учаскесiне құқық беру туралы өтiнiш жер учаскесі орналасқан жер бойынша облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың уәкілетті органдарына үш жұмыс күні ішінде келіп түседі.



43-бап. Жер учаскесiне құқық беру тәртiбi


3. Жер учаскелерiне меншiк және (немесе) жер пайдалану құқықтарының өздеріне берілуіне мүдделi жеке және заңды тұлғалар өтініш берушіге өтініштің берілгенін растайтын құжатты беретін, жер учаскесi орналасқан жер бойынша облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергiлiктi атқарушы органына, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкiмiне өтiнiш бередi.

      Өтiнiште: жер учаскесiн пайдалану мақсаты; оның болжамды көлемi; орналасқан жерi; сұралып отырған пайдалану құқығы; басқа жер учаскесiнiң (осы Кодекстiң 50-бабының 2-тармағында көрсетілген жер учаскелерi бойынша) болуы (болмауы) көрсетiлуге тиiс.



Пайдалы қазбаларды өндіру, жер қойнауының кеңістігін пайдалану, стрательдік мақсаты үшін жер учаскесін берген жағдайда, өтінішке жер қойнауын пайдалануға арналған тиісті лицензияның немесе жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың көшірмесі қоса беріледі.

Сұралып отырған жер учаскесін аумақтық аймақтарға бөлуге сәйкес мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша пайдалану мүмкіндігін айқындау үшін жер учаскесiне құқық беру туралы өтiнiш жер учаскесі орналасқан жер бойынша облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, iрмесi қоса берiледi. облыстық маңызы бар қалалардың уәкілетті органдарына үш жұмыс күні ішінде келіп түседі.




Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы Кодекс жобасында

пайдаланатын терминологияға сәйкес келтірілген.






48-баптың 1-тармағының 8) тармақшасы

48-бап. Мемлекеттiк меншiктегi жер учаскелерiне құқықтарды сауда-саттықта (конкурстарда, аукциондарда) алу

1. Жер учаскесі немесе жер учаскесін жалдау құқығы: 

...

8) Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес жасалған келісімшарттың негізінде жер қойнауын пайдалану мақсаттары үшін;





48-бап. Мемлекеттiк меншiктегi жер учаскелерiне құқықтарды сауда-саттықта (конкурстарда, аукциондарда) алу

1. Жер учаскесі немесе жер учаскесін жалдау құқығы: 

...

8) «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының кодексіне сәйкес жер қойнауын пайдалануға арналған лицензия немесе жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың негізінде жер қойнауын пайдалану мақсаттары үшін, сондай-ақ пайдалы қазбаларды өндіру және жер қойнауының кеңістігін пайдалану жөніндегі операциялар жүргізуге қажетті инженерлік, көліктік және өзге де инфрақұрылымды салу және (немесе) орналастыру үшін






Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы кодекс жобасы жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт ретінде, сондай-ақлицензия ретінде де көзделеді.

Бұдан басқа, қазіргі уақытта жер қойнауын пайдалану құқығын іске асыру үшін қажетті құрылыстарды және объектілерді орналастыру үшін жерге құқық беріледі,оның ішінде өнеркәсіптік және өндірістік объектілері

автомобильдік және теміржол,электр беру сызығы, инфрақұрылыс объектілері Кодекстің 48-бабына сәйкес жүзеге асырылады яғни сауда саттықта (конкурстарда, аукциондарда).
Бірақ жер қойнауын пайдалану операцияларын осы объектілерсіз жүзеге асыру мүмкін емес.

Жер қойнауын пайдалану мақсаты үшін учаскелерді тендер өткізбей-ақ беріледі, ал жер қойнауын пайдалану мақсаты үшін қажетті объектілер үшін – тендерде өткізумен болады.

Осы жағдай тәжірибеде жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларын жүргізуге қиындық тудырады.




49-2-баптың 1-тармағы

49-2-бап. Жерді резервте қалдыру

1. Жерді резервте қалдыру елді мекендердің дамуын қамтамасыз ету, жоспарланып отырған инженерлік, көліктік және әлеуметтік инфрақұрылымдар объектілерін, стратегиялық объектілерді, қорғаныс және қауіпсіздік, ғарыш қызметі объектілерін орналастыру, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру, оның ішінде қорғаныш ағаш екпелерін егу мақсатында, жайылымдық және шабындық алқаптарды халықтың жеке ауласын ұстау және бақша өсіру жөніндегі мұқтажын қанағаттандыру мақсатында пайдалану үшін, сондай-ақ пайдалы қазбалардың кен орындарын игеру үшін мемлекет меншігіндегі жерлерде резервтік аумақтар құру жолымен жүзеге асырылады.

...


49-2-бап. Жерді резервте қалдыру

1. Жерді резервте қалдыру елді мекендердің дамуын қамтамасыз ету, жоспарланып отырған инженерлік, көліктік және әлеуметтік инфрақұрылымдар объектілерін, стратегиялық объектілерді, қорғаныс және қауіпсіздік, ғарыш қызметі объектілерін орналастыру, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру, оның ішінде қорғаныш ағаш екпелерін егу мақсатында, халықтың жеке ауласын күтіп ұстау және бақша өсіру жөніндегі мұқтажын қанағаттандыру мақсатында жайылымдық және шабындық алқаптарды пайдалану үшін, сондай-ақ жер қойнауын пайдалану мақсаттары үшін мемлекет меншігіндегі жерлерде резервтік аумақтар құру арқылы жүзеге асырылады.




Түзетулер жерді резервке қою туралы нормаларын жер қойнауы және қойнауын пайдалану туралы кодекс жобасының ережелеріне сәйкестендіру үшін ұсынылады

(бірыңғай терминологияны пайдалану Кодекс кен орындарды әзірлеу үшін ғана емес, мемлекеттік жер қойнау қорымен басқару бағдарламасы бойынша да резервтеу мүмкіндігін көздейді).






49-2-баптың 2-тармағы

49-2-бап. Жерді резервте қалдыру

2. Аумақтарды қала құрылысы үшін жоспарлаудың белгіленген тәртіппен бекітілген кешенді схемалары, елді мекендердің бас жоспарлары, автомобиль жолдары мен теміржолдар өтуінің жобалары (схемалары), Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттары жерді резервте қалдыру үшін негіздер болып табылады.

...


49-2-бап. Жерді резервте қалдыру

2. Аумақтарды қала құрылысы үшін жоспарлаудың белгіленген тәртіппен бекітілген кешенді схемалары, елді мекендердің бас жоспарлары, автомобиль жолдары мен теміржолдар өтуінің жобалары (схемалары), Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттары жерді резервте қалдыру үшін негіздер болып табылады.

...

Жер қойнауын пайдалану мақсаты үшін жерді резервте қалдыру Жер қойнауының мемлекеттік қорын басқару бағдарламасының және «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының кодексіне сәйкес жер қойнауын пайдалану мақсатында жерді резервте қалдыру үшін негіз болып табылатын өзге де құжаттардың негізінде жүзеге асырылады.

...



Түзетулер жерді резервке қою туралы нормаларын жер қойнауы және қойнауын пайдалану туралы кодекс жобасының ережелеріне сәйкестендіру ұсынылады.

Осылайша, резервке қою жер қойнауының мемлекеттік қорын басқару бағдарламасымен көзделуі мүмкін.

Бұдан басқа, Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы Кодекс жобасымен жер қойнауын пайдаланушы өндіру кезеңіне ауыстырған кезде жерді резервке қою міндеті көзделген.





49-2-баптың 4-тармағы

49-2-бап. Жерді резервте қалдыру

4. Жергілікті атқарушы органдардың жерді резервте қалдыру туралы шешімінде резервте қалдырудың мақсаттары мен мерзімдері, жердің жалпы алаңы мен санаты, сондай-ақ жерді пайдалануда қойылатын шектеулер көрсетілуге тиіс. Жер пайдалану немесе шектеулі нысаналы пайдалану құқығымен бұрын берілген жер учаскелерін резервте қалдыру кезінде жер пайдаланушылар мен сервитут иелері көрсетіледі.

...


49-2-бап. Жерді резервте қалдыру

4. Жергілікті атқарушы органдардың жерді резервте қалдыру туралы шешімінде резервте қалдырудың негіздері, мақсаттары мен мерзімдері, жердің жалпы алаңы мен санаты, сондай-ақ жерді пайдалануда қойылатын шектеулер көрсетілуге тиіс. Жер пайдалану немесе шектеулі нысаналы пайдалану құқығында бұрын берілген жер учаскелерін резервте қалдыру кезінде жер пайдаланушылар және сервитуттардың иелері көрсетіледі.



Түзетулер жергілікті атқарушы органдардың жерді резервте қалдыру туралы шешімінде анықтау үшін ұсынылады.



49-2-баптың 6-тармағы

49-2-бап. Жерді резервте қалдыру

6. Жерді резервте қалдыру жер учаскелері резервте қалдырылған жердің құрамына енгізілген жер пайдаланушылардың жер пайдалану құқығын тоқтатуға әкеп соқтырмайды.

Резервте қалдырылған жердің құрамындағы жер учаскелері жердің аймақтарға бөлінуіне сәйкес олардың қандай да бір санатқа тиесілігіне және рұқсатпен пайдаланылуына қарай, уақытша объектілерді орналастыру үшін немесе құрылыс салумен байланысты емес мақсаттар үшін резервте қалдыру мерзімінен аспайтын мерзімге уақытша жер пайдалануға берілуі мүмкін.


49-2-бап. Жерді резервте қалдыру

6. Жерді резервте қалдыру жер учаскелері резервте қалдырылған жердің құрамына енгізілген жер пайдаланушылардың жер пайдалану құқығын тоқтатуға әкеп соқтырмайды.

Резервте қалдырылған жердің құрамындағы жер учаскелері жердің аймақтарға бөлінуіне сәйкес оның қандай да бір санатқа тиесілігіне және рұқсатпен пайдаланылуын негізге ала отырып, уақытша объектілерді орналастыру үшін немесе құрылыс салумен байланысты емес мақсаттар үшін резервке қалдырылған мақсаттарда жер учаскелерін беру басталғанға дейінгі мерзімге уақытша жер пайдалануға берілуі мүмкін.


Жер кодексінің 26- бабының 6-тармағымен корреспонденттеу мақсатында өзгертуді ұсынады.

6-тармақта норманың мағынасын бұрмалайтын «резервтеу мерзімінен аспайтын» фраза пайдаланылады.





64-баптың 1-тармағының 3) тармақшасы

64-бап. Жер учаскелерiнiң меншiк иелерi мен жер пайдаланушылардың жер учаскелерiн пайдалануға құқықтары

1. Егер осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заң актiлерiнде өзгеше белгiленбесе, жер учаскелерi меншiк иелерi мен жер пайдаланушылардың:

...

3) өз шаруашылығының қажеттерi үшiн жер учаскесiнде бар құмды, сазды, қиыршық тасты және басқа да кең таралған пайдалы қазбаларды, шымтезектi, екпелердi, жер үстi және жер асты суларын, кейiннен мәмiлелер жасасу ниетiн көздемей, белгiленген тәртiппен пайдалану, сондай-ақ жердiң өзге де пайдалы қасиеттерiн пайдалану; 



...


64-бап. Жер учаскелерiнiң меншiк иелерi мен жер пайдаланушылардың жер учаскелерiн пайдалануға құқықтары

1. Егер осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заң актiлерiнде өзгеше белгiленбесе, жер учаскелерi меншiк иелерi мен жер пайдаланушылардың:

...

3) өз шаруашылығының мұқтажы үшiн жер учаскесiнде бар екпелердi, жер үстi және жер асты суларын, кейiннен мәмiлелер жасасу ниетiн көздемей, белгiленген тәртiппен пайдалану, сондай-ақ жердiң өзге де пайдалы қасиеттерiн пайдалану



...

Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы Кодекс терминологисын сәйкестендіру мақсатында редакциялық түзетулер жасалды.

Жер кодексінің 64-бабында өз жер уческелеріне жер уческелер иелерінің құқықтары бекітілген

(яғни жер үстін және жер қыртысын пайдалануға байланысты). Жер асты сулар мен пайдалы қазбалар жер үстінде емес, жер қойнауында орналасқан, сондықтан редакциялық түзету жер уческелер иелерінің және жер пайдаланушылардың тиесілі жер учаскесінің астындағы жер қойнауы пайдалану құқытары бойынша дұрыс жазылуына бағытталған.




69-баптың 1-тармағы

69-бап. Көршi немесе өзге де жер учаскесiн шектеулi пайдалану құқығы

1. Жеке меншiк иесi немесе жер пайдаланушы - көршi жер учаскесiне жеке меншiк немесе жер пайдалану құқығының субъектiсiнен, ал қажет болған жағдайда өзге учаскеге де жеке меншiк немесе жер пайдалану құқығының субъектiлерiнен осы учаскелердi шектеулi пайдалану құқығын (жекеше сервитут) табыстауды талап етуге құқылы.




69-бап. Көршi немесе өзге де жер учаскесiн шектеулi пайдалану құқығы

1. Барлау немесе геологиялық зерттеу бойынша операцияларды жүргізетін жеке меншік иесі, жерді пайдаланушы немесе жер қойнауын пайдаланушы көршi жер учаскесiне жеке меншiк немесе жер пайдалану құқығының субъектiсiнен, ал қажет болған жағдайда өзге учаскеге де жеке меншiк немесе жер пайдалану құқығының субъектiлерiнен осы учаскелердi шектеулi пайдалану құқығын (жекеше сервитут) табыстауды талап етуге құқылы.



69-бапқа енгізілетін өзгертулер жер қойнауын пайдалану құқығын жүзеге асыру кезінде жер уческесіне сервитутты қолдануға мүмкіндік береді (барлау жүргізгенде жер қойнауын пйдаланушы жер пайдаланушы болмаған жағдайды қоса алғанда).



69-баптың 2-тармағы

69-бап. Көршi немесе өзге де жер учаскесiн шектеулi пайдалану құқығы

...


2. Көршi немесе өзге де жер учаскесiн шектеулi пайдалану құқығы (жекеше сервитут):

1) егер жеке меншiк иесiнiң немесе жер пайдаланушының өз учаскесiне басқа жолмен өтуi мүмкiн болмаса, өте қиын болса немесе шамадан тыс шығындарды керек етсе, көршi немесе өзге де жер учаскесi арқылы жаяу және (немесе) көлікпен жүрiп өтудi;


2) көршi немесе өзге де учаскеге сервитут белгiленбейiнше қамтамасыз етуге болмайтын, электр таратудың, байланыстың қажеттi желiлерiн тартуды және (немесе) пайдалануды, сумен, субұрғышпен, жылумен жабдықтауды, газбен жабдықтауды, мелиорацияны және жеке меншiк иесiнiң немесе жер пайдаланушының басқа да қажеттерiн қамтамасыз ету үшiн белгiленуi мүмкiн.

69-бап. Көршi немесе өзге де жер учаскесiн шектеулi пайдалану құқығы

...


2. Көршi немесе өзге де жер учаскесiн шектеулi пайдалану құқығы (жекеше сервитут):

1) егер жеке меншiк иесiнiң немесе жер пайдаланушының өз учаскесiне басқа жолмен өтуi (барлау немесе геологиялық зерделеу жөніндегі операцияларды жүргізетін жер қойнауын пайдаланушының – барлау немесе геологиялық зерделеу жөніндегі операцияларды жүргізу үшін өз аумағына) мүмкiн болмаса, өте қиын болса немесе шамадан тыс шығындарды керек етсе, көршi немесе өзге де жер учаскесi арқылы жаяу және (немесе) көлікпен жүрiп өтудi;

2) көршi немесе өзге де учаскеге сервитут белгiленбейiнше қамтамасыз етуге болмайтын, электр таратудың, байланыстың қажеттi желiлерiн тартуды және (немесе) пайдалануды, сумен, субұрғышпен, жылумен жабдықтауды, газбен жабдықтауды, мелиорацияны және жеке меншiк иесiнiң, жер пайдаланушының немесе барлау немесе геологиялық зерделеу жөніндегі операцияларды жүргізетін жер қойнауын пайдаланушының басқа да қажеттерiн қамтамасыз ету үшiн белгiленуi мүмкiн.


69-бапқа енгізілетін өзгертулер жер қойнауын пайдалану құқығын жүзеге асыру кезінде жер уческесіне сервитутты қолдануға мүмкіндік береді (барлау жүргізгенде жер қойнауын пйдаланушы жер пайдаланушы болмаған жағдайды қоса алғанда)



69-баптың 3-тармағы

69-бап. Көршi немесе өзге де жер учаскесiн шектеулi пайдалану құқығы

...


3. Көршi немесе өзге де учаскеге жекеше сервитут осы учаскелерге жеке меншiк құқығы немесе жер пайдалану құқығы субъектiлерiмен жасалатын шарт бойынша белгiленедi.

Жер учаскесiн шектеулi құқықпен пайдаланушы құқық субъектiсi жеке меншiк иесiне немесе жер пайдаланушыға сервитутпен байланысты келтiрiлген барлық шығынды өтеуге тиiс.



69-бап. Көршi немесе өзге де жер учаскесiн шектеулi пайдалану құқығы

...


3. Көршi немесе өзге де учаскеге жекеше сервитут осы учаскелерге жеке меншiк құқығы немесе жер пайдалану құқығы субъектiлерiмен жасалатын шарт (жеке сервитутты белгілеу туралы шарт) бойынша немесе сот шешімі бойынша белгiленедi.

Жер учаскесiн (жеке сервитутпен) шектеулi құқықпен пайдаланушы құқық субъектiсi жеке меншiк иесiне немесе жер пайдаланушыға сервитутпен байланысты жеке сервитутты белгілеу туралы шартпен немесе сот шешімімен айқындалатын мөлшерде келтiрiлген барлық шығынды өтеуге тиiс.



Жеке сервитутты беруге негіз тек келісімшарт емес, соттың шешімі де болуы тиіс. Жер кодексінің 69-бабының 1-тармағын қараңыз – «талап етуге құқылы», егер ие/жер пайдаланушы келісімшартты жасаудан бас тартса, талап арыз беру құқығын білдіреді.

Егер тараптар келісімге келе алмайтын жағдайда, шығындардың мөлшері сотпен айқындалуы мүмкін.





69-баптың 4-тармағы

69-бап. Көршi немесе өзге де жер учаскесiн шектеулi пайдалану құқығы

...


4. Қауымдық сервитуттар, егер бұл мемлекеттiң және жергiлiктi халықтың мүдделерiн қамтамасыз ету үшiн қажет болса, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімдерінің шешімдері негізінде жер учаскелерiн алып қоймастан, олардың жер учаскелерін беру жөніндегі құзыреті шегінде белгiленуi мүмкiн.

...


7-1) жок.

69-бап. Көршi немесе өзге де жер учаскесiн шектеулi пайдалану құқығы

...


4. Қауымдық сервитуттар, егер бұл мемлекеттiң және жергiлiктi халықтың мүдделерiн қамтамасыз ету үшiн немесе пайдалы қазбаларды барлауды немесе геологиялық зерделеуді жүргізу мақсатында қажет болса, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімдерінің шешімдері негізінде жер учаскелерiн алып қоймастан, олардың жер учаскелерін беру жөніндегі құзыреті шегінде белгiленуi мүмкiн.

...


7-1) пайдалы қазбаларды барлау жүргізу немесе геологиялық зерттеу мақсатында жер учаскесін немесе оның бөлігін уақытша пайдалану

Барлау және геологиялық зерделеу жүргізу мақсатында қоғамдық сервитут бекіту қамтамасыз ету қажеттігіне байланысты өзгерту ұсынылады, (себебі, жеке сервитут бойынша әрқашан келісімге келу мүмкін емес, және жер иеленуші осы жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізуге кедергі болуы мүмкін, бұл жағдайда минерал-шикізат базасын толтыру деген жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану заңнамасының міндеттерін жүзеге асыруға теріс ықпал етеді).



69-баптың 5-тармағы

69-бап. Көршi немесе өзге де жер учаскесiн шектеулi пайдалану құқығы

...


5. Егер Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде өзгеше белгiленбесе, жекеше сервитут ауыртпалығын көтерушi жер учаскесiнiң меншiк иесi немесе оның жер пайдаланушысы солардың мүддесiне орай сервитут белгiленген тұлғалардан мөлшерлес төлемақы талап етуге құқылы.

69-бап. Көршi немесе өзге де жер учаскесiн шектеулi пайдалану құқығы

...


5. Егер Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде өзгеше белгiленбесе, жекеше сервитут ауыртпалығын көтерушi жер учаскесiнiң меншiк иесi немесе оның жер пайдаланушысы солардың мүддесiне орай сервитут белгiленген тұлғалардан мөлшерлес төлемақы талап етуге құқылы. Жекеше сервитут үшін төлемақы мөлшері жеке сервитутты белгілеу туралы шартпен немесе сот шешімімен айқындалады.»;


Тараптар төлем мөлшері бойынша келісімге келе алмайтын жағдайда, даудың сотта шешілу мүмкіндігін көздеу ұсынылады.



69-баптың 6-тармағы

69-бап. Көршi немесе өзге де жер учаскесiн шектеулi пайдалану құқығы

...


6. Мемлекет меншiгiндегi және жер пайдалануға берiлмеген жер учаскелерi бойынша сервитут белгiленген кезде, сервитут үшiн төлемақы бюджетке түседi.


69-бап. Көршi немесе өзге де жер учаскесiн шектеулi пайдалану құқығы

...


6. Пайдалы қазбаларды барлау немесе геологиялық зерттеу жүргізу мақсаттары үшін белгіленген сервитуттарды қоспағанда, мемлекет меншiгiндегi және жер пайдалануға берiлмеген жер учаскелерi бойынша жеке сервитут белгiленген кезде, сервитут үшiн төлемақы бюджетке түседi.»;



Бұл тармақта қоғамдық сервитут туралы айтылады (жеке сервитут – жеке меншік жер учаскелер бойынша), сондықтан тармақтың бірінші сөйлемі «қоғамдық» деген сөзбен толықтырылды. Сондай-ақ саланың инвестициялық тартымдылығын арттыру мақсатында, жер пайдалануға берілмеген мемлекеттік жерлерде жер қойнауын пайдалану мақсатындағы қоғамдық сервитуттарды бекіту үшін төлем алмауды ұсынылады (жер қойнауын пайдаланушылар жалдау төлемі мен минималды шығындар бойынша шығынға батады).



69-баптың 7-тармағы

69-бап. Көршi немесе өзге де жер учаскесiн шектеулi пайдалану құқығы

...


7. Егер сервитутты белгiлеу жер учаскесiн пайдалануда елеулi қиындықтарға әкеп соғатын болса, қауымдық сервитут ауыртпалығын көтерушi жер учаскесiнiң меншiк иесi немесе оның жер пайдаланушысы қауымдық сервитутты белгiлеген мемлекеттік органнан мөлшерлес төлемақы талап етуге құқылы.

      Қауымдық сервитут белгілеу жер учаскесін пайдалану мүмкін болмай қалатын жағдайға әкеп соқса, жер учаскесінің меншік иесі немесе жер пайдаланушы меншік немесе жер пайдалану құқығы тоқтатылған кездегі шығынды қауымдық сервитутты белгілеген мемлекеттік органнан толық көлемде өткізе отырып, өзінен осы жер учаскесін алып қоюды, соның ішінде сатып алу арқылы алып қоюды не онымен құны тең жер учаскесін беруді немесе ол мүмкін болмаған жағдайда - басқа жер учаскесін оның құнын немесе оған құқықтарды жердің бағасына есептеп және шеккен шығындарды өтей отырып, беруді талап етуге құқылы.



Жок.

69-бап. Көршi немесе өзге де жер учаскесiн шектеулi пайдалану құқығы

...


7. Егер сервитутты белгiлеу жер учаскесiн пайдалануда елеулi қиындықтарға әкеп соғатын болса, жер учаскесі жария сервитут түріндегі ауыртпалықпен бірге меншікке немесе жер пайдалануға берілген адамдарды қоспағанда, қауымдық сервитут ауыртпалығын көтерушi жер учаскесiнiң меншiк иесi немесе оның жер пайдаланушысы қауымдық сервитутты белгiлеген мемлекеттік органнан мөлшерлес төлемақы талап етуге құқылы.

Қауымдық сервитут белгілеу жер учаскесін пайдалану мүмкін болмай қалатын жағдайға әкеп соқса, жер учаскесінің меншік иесі немесе жер пайдаланушы меншік немесе жер пайдалану құқығы тоқтатылған кездегі шығынды қауымдық сервитутты белгілеген мемлекеттік органнан толық көлемде өткізе отырып, өзінен осы жер учаскесін алып қоюды, соның ішінде сатып алу арқылы алып қоюды не онымен құны тең жер учаскесін беруді немесе ол мүмкін болмаған жағдайда - басқа жер учаскесін оның құнын немесе оған құқықтарды жердің бағасына есептеп және шеккен шығындарды өтей отырып, беруді талап етуге құқылы.



Пайдалы қазбаларды барлау немесе геологиялық зерделеу жөніндегі операцияларды жүргізу мақсатында жария сервитут белгіленген жағдайда осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген төлемақы төлеу және (немесе) осы тармақты екінші бөлігінде көзделген залалды өтеуді тиісті жер қойнауын пайдаланушы жүргізеді.


Нақтылаушы түзету – ауыртпалығымен сервитут түрінде алған тұлға, төлемді талап етуге құқылы емес.

Барлауға және геологиялық зерделеуге қоғамдық сервитут тетігін енгізуі мемлекет бюджетіне қосымша жүктемеге келтірмеуі тиіс, сондықтан тиісті шығындыларды жер қойнауын пайдаланушы өтейді.





70-бап

70-бап. Уақытша (маусымдық) пайдаланылатын мал айдау жолдары

1. Уақытша (маусымдық) пайдаланылатын мал айдау жолдарын жеке меншiк иелерiнен немесе жер пайдаланушылардан жердi алып қоймай, жерiнен жол өтетiн жеке меншiк иелерiмен немесе жер пайдаланушылармен келiсе отырып, аудандық (аудан аумағында) немесе облыстық (екi немесе одан көп аудандардың аумағында) атқарушы органдар белгiлей алады.

2. Мал иелерi малды жолмен айдап өткен кезде келтiрiлген шығын үшiн жеке меншiк иелерiнiң немесе жер пайдаланушылардың алдында жауаптылықта болады.



70-бап. Уақытша (маусымдық) пайдаланылатын мал айдау жолдары

1. Уақытша (маусымдық) пайдаланылатын мал айдау жолдарын жеке меншiк иелерiнен немесе жер пайдаланушылардан жердi алып қоймай, жерiнен жол өтетiн жеке меншiк иелерiмен немесе жер пайдаланушылармен, сондай-ақ мал айдау тас жолы пайдалы қазбаларды барлау және геологиялық зерделеу жөніндегі операциялар жүргізілетін аумақ арқылы өткен жағдайда, жер қойнауын пайдаланушыларменкелiсе отырып,аудандық (аудан аумағында) немесе облыстық (екi немесе одан көп аудандар аумағында) атқарушы органдар белгiлеуі мүмкін.

2. Мал иелерi малды тас жолмен айдап өткен кезде келтiрiлген шығын үшiн жеке меншiк иелерi, жер пайдаланушылар және сервитуттарды иеленушілер алдында жауаптылықта болады.


Жер қойнауын пайдалану бойынша жұмыстар жүргізудің қауіпсіздігін және жер қойнауын пайдаланушыларды залал мүмкіндігінен қорғауды қамтамасыз ету мақсатында толықтыру енгізіледі.




71-баптың 5-тармағы

71-бап. Жер учаскелерiн iздестiру жұмыстары үшiн пайдалану

...


5. Жоқ

71-бап. Жер учаскелерiн iздестiру жұмыстары үшiн пайдалану

5. Осы баптың қолданысы пайдалы қазбаларды барлау және геологиялық зерделеу жұмыстарын жүргізу кезінде іздестіру жұмыстарын жүргізуге қолданылмайды.

Барлау және геологиялық зерделеу жүргізу саласындағы ерекшеліктерді реттейтін жаңа 71-1-бапты енгізуге байланысты ұсынылады.



71-1-бап

71-1-бап. Жоқ

71-1-бап. Жер учаскелерін пайдалы қазбаларды барлау және геологиялық зерделеу үшін пайдалану

1. Пайдалы қазбаларды барлау немесе геологиялық зерделеу бойынша операцияларды жер қойнауын пайдаланушылар мемлекеттік меншіктегі және жер пайдалануға берілмеген жерлерде мұндай жерлерді меншікке немесе жер пайдалануға алмай-ақ жария сервитут негізінде жүргізу мүмкін.

Жеке меншіктегі немесе жер пайдаланудағы жер учаскелерінде пайдалы қазбаларды барлау немесе геологиялық зерделеу бойынша операцияларды жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылар мұндай учаскелерде қажетті жұмыстарды меншік иелерінен немесе жер пайдаланушылардан жер учаскелерін алмай-ақ жеке немесе жария сервитут негізінде жүргізе алады.

2. Пайдалы қазбаларды барлау немесе геологиялық зерделеу бойынша операцияларды жүргізу үшін белгіленетін жария сервитут жер қойнауын пайдаланушының өтініші бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған тиісті лицензияның немесе жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың негізінде облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органының, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімінің шешімімен ресімделеді.

3. Пайдалы қазбаларды барлау немесе геологиялық зерделеу бойынша жұмыстарды жүргізу мерзімі мен орны, жерлерді рекультивациялау бойынша міндеттер және өзге де талаптар – жеке сервитут белгілеу туралы шартта, ал жеке сервитут белгілеу туралы шарт болмағанда сот шешімімен айқындалады.

4. Егер жеке сервитут белгілеу туралы шартта өзгеше көзделмесе, жер қойнауын пайдаланушы меншік иелеріне және жер пайдаланушыларға сервитут үшін төлемақы төлегенге және жасалған жеке сервитут белгілеу туралы шартқа немесе сот шешіміне сәйкес залалды өтегенге дейін геологиялық зерделеу немесе пайдалы қазбаларды барлау бойынша жұмыстарға кірісуге құқылы емес

Барлау және геологиялық зерделеу жер учаскесін ұсынусыз, сервитут негізінде өткізілуі тиіс.

Барлау және геологиялық зерделеу мақсатында қоғамдық сервитут бекітілетін тетік басқа мақсаттарда барлау жұмастарын жүргізуден ерекше болып табылады.

Барлау/геологиялық зерделеуге сервитут жергілікті атқарушы органның рұқсаты негізінде туындамай, жер қойнауы саласындағы құзыретті орган тиісті лицензия беру немесе келісімшарт жасау негізінді туындайды, және жергілікті атқарушы органның актімен рәсімделеді. Осыған байланысты жер учаскелерін барлау және геологиялық зерделеу үшін пайдалану сұрақтары бөлек 71-1-бабына енгізілген.




90-бап

90-бап. Жекелеген санаттардағы жерлердi алып қоюды шектеу

Суармалы ауыл шаруашылығы алқаптарын, ауыл шаруашылығы, биологиялық және ирригациялық-мелиорациялық, балық шаруашылығы бейініндегі ғылыми-зерттеу және оқу орындарының тәжiрибелiк алаңдарының, орман және су қорларының жерлерiн алып қоюға ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құрумен және кеңейтумен, халықаралық мiндеттемелердi орындаумен, учаскенiң астынан бағалы пайдалы қазбалар кен орнының табылуымен, жолдарды, жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін, электр беру желiлерiн, байланыс желiлерi мен магистральдық құбырларды, елдi мекендердiң ортақ пайдаланудағы инженерлiк-коммуникациялық желiлерiн, сондай-ақ ықтимал орналастырудың басқа нұсқалары болмаған кезде мемлекеттiк маңызы бар объектiлердi салумен байланысты ерекше жағдайларда жол берiледi.



90-бап. Жеке санаттағы жердің құрамынан жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығаруды шектеу

Суармалы ауыл шаруашылығы алқаптарының құрамынан жер учаскелерін, ауыл шаруашылығы, биологиялық және ирригациялық-мелиорациялық, балық шаруашылығы бейініндегі ғылыми-зерттеу және оқу орындарының тәжiрибелiк алаңдарының, орман және су қорларының жерлерiн мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығаруға ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құрумен және кеңейтумен, халықаралық мiндеттемелердi орындаумен, учаскенiң астынан бағалы пайдалы қазбалар кен орнының табылуымен, жолдарды, жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін, электр беру желiлерiн, байланыс желiлерi мен магистральдық құбырларды, елдi мекендердiң ортақ пайдаланудағы инженерлiк-коммуникациялық желiлерiн, сондай-ақ ықтимал орналастырудың басқа нұсқалары болмаған кезде мемлекеттiк маңызы бар объектiлердi салумен байланысты ерекше жағдайларда жол берiледi.





Редакцияны айқындау

Алып қою – бұл жеке меншік иесінде немесе жер пайдаланушыда жер учаскесіне меншік құқығын немесе жер пайдалану құқығын Қазақстан Республикасының Жер кодексінде және заңдарында көзделген тәртіппен және шарттармен тоқтатуға бағытталған мемлекеттік органдардың әрекеті.

ҚР ЖК 81-бабында осындай алып қоюға жол берілетін жағдайлардың толық тізбесі айқындалған:

1) меншiк иесiнiң немесе жер пайдаланушының мiндеттемелерi бойынша өндiрiп алу жүргiзу;

2) жер учаскесі мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару;

3) мақсатына сай пайдаланылмай отырған немесе ҚР заңдарын бұза отырып қолданылған жер учаскесiн мәжбүрлеп алып қою; 

4) радиоактивті ластануға ұшыраған жер учаскесін мәжбүрлеп иеліктен шығару;

5) тәркiлеу.

90-баптың мазмұнында мемлекеттік мұқтаждықтар үшін ғана жер учаскелерін алып қою туралы ғана сөз етілгені көзделген (кері жағдайда, мысалы суарылатын ауылшаруашылық алқаптарын тәркілеу немесе өндіріп алу мүмкін болмайды, оның заңдық мәні жоқ). Сондай-ақ, ҚР ЖК жаңа редакциясындаірі кен орындарды табу кезінде тек мемлекеттік мұқтаждықтар үшін жер учаскелерін алу негізін көздейді.


2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Су кодексі



Кодекс мәтіні




Бүкіл мәтін бойынша «жер қойнауын зерделеу мен пайдалану жөнiндегi» деген сөздер «жер қойнауын зерделеу жөніндегі» деген сөздермен ауыстырылсын.


«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің жобасы нормаларына сәйкес келтіру.



1-баптың 11-1) тармақшасы


11-1) жоқ



...

11-1) жерасты сулары –жер қойнауындағы сулардың шоғырланымдары;



Су кодексінде «шаруашылық-ауыз су жерасты сулар», «минералды жерасты сулар» және «өндірістік-техникалық жерасты сулар» сияқты ұғымдар қамтылған, алайда іс жүзінде жерасты сулар деген не екені айқындалмаған. Осыған орай «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» қолданыстағы Заңда пайдаланылатын «жерасты сулар» ұғымын Су кодексінде бекіту ұсынылады.



1-баптың 15) тармақшасы

15) құбырлы сүзгіш құдық - оларды құрғату мақсатында су сақтағыштың тау жынысында бітелетін құбырлардың кесіндісінің қасындағы тесігі

15) құбырлы сүзгіш құдық - су бетінің бірінші су тұтқылу жиегіне бекітілетін бірқатар тесігі бар құбыр кесіндісі

Арнайы су пайдалануға рұқсатсыз жер асты суларын алуға жіберуге рұқсат ететін жағдайлар көзделген, Су Кодексінің 66-бабының 4-тармағының 1)тамрақшасы жаңа редакциясымен корреспонденттеу мақсатында редакцияны айқындау.



1-баптың 17) тармақшасы

17) – 1 жоқ

17)–1 өнеркәсіптік жерасты сулары – құрамындағы пайдалы қазбаларды алу үшін пайдаланатын, жер асты сулары (сирек эелементтер, галогендер және басқалары);


Кейбір жағдайларда жерасты сулары олардын пайдалы қазбаларды алу үшін пайдаланылады. Бұл жағдайда, осы қызмет түрі су пайдалануға жатпайды, соған байланысты аталған суларға жеке анықтама беру қажет.



1-бабының 58-1) тармақшасы

58-1) жоқ

58-1) жылы су – 200С-тан жоғары температурасы бар жер асты сулары;

Қазақстанда әртүрлі мақсаттар үшін көп пайдаланатын көптеген жерасты жылы сулары бар, соған байланысты оларды пайдалану құқығын беру кезінде талаптарды анықтау үшін осы суларды жеке анықтама беру қажет.



1-баптың 59) тармақша

59) шахта құдығы - сумен жабдықтау мақсатында жерасты суларын алу үшiн құрылған тереңдiгi көлденең кесiктен үлкенiрек тiк тау-кен қазындысы, атмосфералық және су  беттерінің жер бетімен жіберу және тау жынысын құрғату

59) шахта құдығы -  су бетінің бірінші су тұтқыш жиегінен жер асты суларын алу үшін, сумен жабдықтау, тау-кен жыныстарын құрғату және жер бетінен атмосфералық және жерүсті суларын бұру мақсатында құрылған тереңдігі көлденең кесігінен үлкенірек тік тау-кен қазындысы;

Су Кодексінің 66-бабының 4-тармағының 1)-тармақшасы жаңа редакциямен корреспонденттеу мақсатында редакцияны анықтау, арнайы су пайдалануға рұқсатсыз жер асты суларды алуға жіберетін жағдайлар келтірілген.



5-бап



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет