«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қойнауын пайдалану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы жобасына салыстырмалы кесте


-бап. Арнайы су пайдалану   3. алып тасталсын



жүктеу 1.76 Mb.
бет4/13
Дата07.03.2018
өлшемі1.76 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

66-бап. Арнайы су пайдалану

  3. алып тасталсын.


Су Кодексінің 66-бабының 6-тармағымен қосарланушылықты алып тастау мақсатында, сондай-ақ жер асты суларын пайдалану мәселелері жер қойнауы туралы заңнаманың мәні бола алмайды және келісімшарттық тәртіп қолданылмайды.



66-баптың 4-тармағының 1) тармақшасы

4. Арнайы су пайдалану:

      1) мынадай су тарту құрылыстарын: тереңдiгi жиырма метрге дейiнгi шахталы және құбырлы сүзгiлi құдықтарды, сондай-ақ орталықтандырылған сумен жабдықтау үшiн пайдаланылмайтын су тұтқыш қабаттың үстiңгi бетінің бiрiншiсінен тәулiгiне барлық жағдайда елу текше метрден көп емес су алынып, деңгейi мәжбүрлi төмендетiлмей жұмыс iстейтiн шегендеу құрылыстарын пайдалану;


     


     


4. Арнайы су пайдалану:

      1) мынадай су тарту құрылысжайларын: шахталы және құбырлы сүзгiлi құдықтарды, сондай-ақ орталықтандырылған сумен жабдықтау үшiн пайдаланылмайтын су тұтқыш қабаттың үстiңгi бетінің бiрiншiсінен тәулiгiне барлық жағдайда елу текше метрден көп емес су алынып, деңгейi мәжбүрлi төмендетiлмей жұмыс iстейтiн шегендеу құрылысжайларын пайдалану;



Артық айқындау болып табылады, себебі осы нормада су іркуіш жабдықтаудың тереңдігі бойынша шектеу көзделген, атап айтқанда «орталық сумен жабдықтау үшін пайдаланбайтын біріншіден сулы деңгежиек бетіне».





66-баптың 6-тармағының 2) тармақшасы

 6. Арнайы су пайдаланудың мынадай түрлеріне рұқсаттар беріледі:

      2) тәулігіне елуден екі мың метрге дейін алу лимитімен жер қойнауы бөлігінен шаруашылық-ауыз су және өндірістік-техникалық жер асты суларын пайдалану;




6. Арнайы су пайдаланудың мынадай түрлеріне рұқсаттар беріледі:

      2) тәулігіне елу мың текше метрден бастап алу лимитімен жер қойнауы бөлігінен шаруашылық-ауыз су және өндірістік-техникалық жер асты суларын пайдалану;




Жер асты суларын пайдалану мәселелері жер қойнауы туралы заңнаманың мәні бола алмайтындығына және келісімшарттық тәртіп қолданылмайтындығына байланысты, су ресурстар жөніндегі Комитеті жер асты суларын пайдаланудың барлық жағдайына қатысты арнайы су пайдалану рұқсатын беру қолданыстағы «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Заңымен реттеледі (тәулігіне 2000 текше метрден аса). Солайша, рұқсат беру бойынша қызмет жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт жасасу талаптары тәулігіне 2000 текше метрден аса көлемде жер асты суларын өндіруге және бір органда жиналады.



66-баптың 8-тармағы

8. Жер үсті қабаты суларын тартуға және (немесе) пайдалануға, өнеркәсiптiк, шаруашылық-тұрмыстық, сорғыған және басқа да қалдық суларды жер үсті қабатындағы су объектiлерiне, су шаруашылығы құрылыстарына немесе жер бедеріне ағызуға:

1) теңгерімінде олардың көмегiмен арнайы су пайдалану жүзеге асырылатын, белгiленген талаптар мен стандарттарға сай құрылыстар немесе техникалық құрылғылары;

2) суды есепке алу құралдары;

3) сарқынды суларды беруге немесе қабылдауға өтінімдерімен қайталама су пайдаланушылардың тізбесі бар жеке немесе заңды тұлғаларға рұқсат беріледі.



4) жоқ.

5) жоқ.


8. Арнайы су пайдалануға арналған рұқсат:

1) теңгерімінде олардың көмегiмен арнайы су пайдалану жүзеге асырылатын, белгiленген талаптар мен стандарттарға сай құрылысжайлары немесе техникалық құрылғылары;

2) суды есепке алу құралдары;

3) сарқынды суларды беруге немесе қабылдауға өтінімдерімен қайталама су пайдаланушылардың тізбесі бар жеке немесе заңды тұлғаларға рұқсат беріледі.



4) шаруашылық-ауыз сумен жабдықтау үшін жер үстіндегі және (немесе) жер асты суларын алу кезінде санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкестік туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытындысы;

5) жер асты суларын алу және (немесе) пайдалану кезінде жер қойнауын зерделеу жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерімен суды пайдалану шарттарын келісуі бар жеке немесе заңды тұлғалар береді. Минералды жер асты суларын қоспағанда, тәулігіне елу текше метрге дейінгі көлемде жер асты суларын алу және (немесе) пайдалану кезінде келісу талап етілмейді;

66-баптың 6-тармағындағы өзгерістерге байланысты.



66- баптың 9-тармағы

 9. Тәулiгiне елуден eкі мың текше метрге дейін алу лимиттерімен шаруашылық-ауыз су және өндiрiстiк-техникалық мақсаттар үшін жер қойнауы бөлігінен жер асты суларын пайдалануға:

      1) теңгерімінде қолданыстағы санитариялық-эпидемиолоиялық ережелерге, нормалар мен стандарттарға сай келетін құрылыстары немесе техникалық құрылғылары болып, солардың көмегiмен жер асты су объектілерiнен суды тарту жүзеге асырылатын;

      2) суды тартуды есепке алу құралдары;

3)суды беруге өтінімдерімен қайталама су пайдаланушылардың тізбесі;

4) ҚР 2012.07.10 N 36-V Заңына сәйкес алып тасталды

 5) жерасты суларын шаруашылық-ауыз сумен жабдықтау үшін алған кезде санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытындысы;

      6) су пайдаланудың шарттарын жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi органның аумақтық бөлімшелерімен келісімі бар жеке және заңды тұлғаларға рұқсат беріледі.


9.Алып тасталсын.

66-баптың 6-тармағындағы өзгерістерге байланысты.



66-баптың10-1 -тармағы

 10-1. Уәкілетті органның өңірлік органдары тәулігіне елуден екі мың текше метрге дейін алу лимиттерімен жер қойнауы бөлігінен шаруашылық-ауыз су және өндірістік-техникалық жерасты суларын пайдалануға арналған арнайы су пайдалануға рұқсат алу үшін құжаттарды алғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органның тиісті аумақтық бөлімшесіне осы су пайдалану шарттарын келісу үшін сауал жібереді.

      Жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері бес жұмыс күні ішінде уәкілетті органның өңірлік органына оң не теріс қорытынды ұсынуға міндетті.




10-1. Уәкілетті органның өңірлік органдары тәулігіне елуден екі мың текше метрден бастап алу лимиттерімен жер қойнауы бөлігінен жер асты суларын алуға және (немесе) пайдалануға арналған арнайы су пайдалануға рұқсат алу үшін құжаттарды алғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде жер қойнауын зерделеу жөніндегі уәкілетті органның тиісті аумақтық бөлімшесіне осы су пайдалану шарттарын келісу үшін сұрау салу жібереді.      Жер қойнауын зерделеу жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері бес жұмыс күні ішінде уәкілетті органның өңірлік органына оң не теріс қорытынды ұсынуға міндетті.


Су Кодексінің 66-бабының 6 және 8-тармақтары енгізілетін түзетулерді сәйкестендіру мақсаты үшін.



90-баптың 5-тармағы

90-бап. Су объектiлерi мен су шаруашылығы құрылыстарын ауызсумен жабдықтау үшiн пайдалану

...


5. Осы Кодексте және Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, ауыз сумен жабдықтауға жарамды жер асты су объектiлерiн өзге мақсаттар үшiн пайдалануға жол берiлмейдi. 


90-бап. Су объектiлерi мен су шаруашылығы құрылыстарын ауызсумен жабдықтау үшiн пайдалану

...


5. Осы Кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда, ауыз сумен жабдықтауға жарамды жер асты су объектiлерiн өзге мақсаттар үшiн пайдалануға жол берiлмейдi.


Түзету жерасты суларын пайдалану, оның ішінде жерасты ауыз су сипатындағы суларды пайдалану мәселелері «Жер қойнауы және жер қойнауын пйдалану туралы» ҚР кодексінің реттеу нысанасы болып табылмайтынына және Су кодексінде реттелуіне байланысты ұсынылады.



120-баптың 2-тармағы

2. Жерасты сулардың учаскелері және кен орындар контурында ауыз сумен жабдықтау үшін пайдаланатын немесе пайдалануға болатын жерасты сулардың жағдайына әсер ететін мал қорымы, зират, қоқыс орны, радиоактивті және химиялық қалдықтарды және басқа да обектілерді көму (биотремиялық шұңқыр), жер қойнауын пайдалану операцияларын жүргізуге тыйым салынады

2. Ауыз сумен жабдықтау үшін пайдаланылатын немесе пайдаланылуы мүмкін болатын жер асты суларының кен орындары мен учаскелерінің контурында радиоактивті және химиялық қалдықтар көміндісін, үйінділерді, зираттарды, мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды) және жер асты суларының жай-күйіне әсер ететін басқа да объектілерді орналастыруға тыйым салынады.

Жер асты суларының көлемі су жинау үлкен кеңістікті алады (бірнеше жүз шаршы км. метр). Су жинау аумағын анықтау үшін бір қатар қымбат геологиялық зерттеулер жүргізу қажет. Жер асты сулар учаскелерінің және кен орындар контурларының шекарасын іздестіру- барлау жұмыстары барысында анықталады.



120-баптың 4-тармағы

4. Гидрогеологиялық ұңғымалар, соның iшiнде өздiгiнен төгiлетiн және барлау ұңғымалары, сондай-ақ пайдалануға жарамсыз немесе пайдаланылуы тоқтатылған ұңғымалар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен консервациялау құрылғыларымен жабдықталуға немесе жойылуға тиіс.

4. Гидрогеологиялық ұңғымалар, оның ішінде өздігінен төгілетін және барлау ұңғымалары, сондай-ақ пайдалануға жарамсыз немесе пайдаланылуы тоқтатылған ұңғымалар консервациялау құрылғылармен жабдықталуға немесе жойылуға жатады.

Гидрогеологиялық ұңғымаларды жоюды және консервациялауды ұңғымалардың иелері жүзеге асырады.

Иесіз қалған өздігінен төгілетін гидрогеологиялық ұңғымаларды жоюды және консервациялауды жер қойнауын зерделеу жөніндегі уәкілетті орган мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырады.



Гидрогеологиялық ұңғымалар жыра және жылғалар, жасанды су қоймасын құру, саздану нәтижесінде жер қорына – қоршаған ортаға, жерасты сулардың табиғи ресурстарға үлкен зиян келтіруде өздігінен төгеді, сондай -ақ радиоактивті және улы элементтермен, су беттері және жерасты фенолмен ластанады.

Сондықтан оларды жою немесе консервациялауды көздеу қажет.

Қолданыстағы редакция гидрогеологиялық ұңғымаларды жою және консервациялау кезінде мемлекеттік органдардың құзыреті мен су пайдаланушылардың нақты анықталмайды.




120-баптың 5-тармағы

5. Егер жеке және заңды тұлғалар бұрғылау және басқа да тау-кен жұмыстарын жүргiзу кезiнде суы бар жиектердi ашса, олар өздiгiнен төгiлетiн және барлау ұңғымаларын реттеушi құрылғылармен және бақылау құралдарымен жабдықтауға, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органмен, жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi органмен, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкiлеттi органмен және азаматтық қорғау саласындағы уәкiлеттi органмен келiсiлген жобалау құжаттамасына сәйкес жер асты суларын қорғау жөнiндегi басқа да шараларды қолдануға мiндеттi.

5. Жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауын пайдалану бойынша операцияларды жүргізген кезде жер асты суларын қорғау жөніндегі шараларды қолдануға міндетті.


Осы тармақтың редакциясында мағынасы келмейді. Гидрологиялық ұңғымасын бұрғылау олардың одан әрі жабдықтауды тұспалдайды. Басқа да тау немесе бұрғылау жұмыстарын жүргізу кезінде гидрологиялық саңылау болмауы мүмкін.

2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі









Барлық мәтін бойынша «жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөнiндегi» деген сөздер «жер қойнауын зерделеу жөніндегі» деген сөздермен ауыстырылсын

«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» ҚР Кодекс жобасына сәйкес

тиісті мемлекеттік органдар құзыретіне тек жер қойнауын зерделеу ғана енеді (пайдалану алып тасталды).





Мазмұны

27-бап. Ласталған заттарды тастау және шығаруға болатын нормативтер, өндіру және пайдалану қалдықтарды орналастыру нормативтері, ашық түрдегі күкіртті орналастыру нормативтері, жинақы нормативтері
32-тарау. Жер қойнауын пайдалану кезіндегі экологиялық талаптар

...


221-бап. Жер асты суларын барлау және (немесе) шығару кезiндегi экологиялық талаптар

...


224-1-бап. Жоқ


27-бап. Ластаушы заттар шығарындылары мен төгінділерінің шекті жол берілетін нормативтері, өндіріс және тұтыну қалдықтарын орналастыру нормативтері, күкіртті ашық түрде орналастыру нормативтері
32-тарау. Жер қойнауын пайдалану кезіндегі экологиялық талаптар

...


221-бап. Алып тасталсын

...


224-1-бап Жер асты суларын пайдалану кезіндегі экологиялық талаптар


Заң техникасы

ҚР СУ кодексін реттеу саласы жер асты суларды пайдалануға жатқызылады (бұдан әрі -барлау және (немсе) өндіру) және жер қойнауын пайдалануға жатпайды.





17-баптың 8-3) - тармақшалары

17-бап. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттiорганның құзыретi

      Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган:

...

8-3) жоқ


17-бап. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органның құзыретi

      Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган:





8-3) ведомстводан тыс кешенді сараптаманың құрамындағы экологиялық жобалардың сараптамасын жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың қызметін бақылауды жүзеге асырады;

Түзетулер Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 27 ақпандағы №49-VI Заңымен енгізілген түзетулерді қабылдауға байланысты туындаған сәйкес келмейтіндерді жоюға бағытталған.



17-баптың 11-1) тармақшасы

17-бап. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттiорганның құзыретi

      Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган:


11-1) жоқ

17-бап. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттiорганның құзыретi

      Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган:



11-1) табиғатты қорғау іс-шараларының жоспарын өз құзыреті шегінде келіседі;

Редакциялық түзетулер заңнамада аралықты жоюға бағытталған. Кодекстің 72 ,75 баптарының тікелей нормаларына сәйкес келтіру. 72 бап Материалдар, қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат алу үшін ұсынылады.

2. Қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат алу үшін құжаттар пакетін I ,II ,III санаттар объектілері бар табиғат пайдаланушылар үшін енгізіледі:

1)рұқсат алуға өтініш;

2)эмиссия нормативтерінің жобаларына мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындысы;

3)қоршаған ортаны қорғау жөнінде іс- шаралар жоспары.

75 бап. Эмиссиясынығ қоршаған ортасына рұқсат беру үшін негіздемелер.

2) Қазақстан Республикасы экологиялық заңнамасымен бекітілген, экологиялық нормалары мен талаптарына сәйкес қоршаған ортаны қорғау жөнінде іс- шаралар жоспары және эмиссияның қоршаған ортасына нормативтер жетістіктерін қамтамасыз етеді. Сондай- ақ ұқсас қызмет, жүзеге асыру кезінде бірдей қызмет Кодекстің 20 бабының 17-1)тармақшасына сәйкес жергілікті атқарушы органда бар.




17-баптың 29) тармақшасы 44 абзацы

17-бап. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттiорганның құзыретi

      Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган:


29) бекітеді
Мұнайдың теңізде және Қазақстан Республикасының ішкі су айдындарында авариялық төгілуін жою оңтайлы әдістерін айқындау ережесі

17-бап. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттiорганның құзыретi

      Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган:


29) бекітеді
Мұнайдың теңізде және Қазақстан Республикасының ішкі су айдындарында авариялық төгілуін жоюдың оңтайлы әдістерін айқындау қағидаларын;

Редакциялық түзетулер.

Көрсетілген тармақта ережелердің атаулары қолданыстағы ережелердің мазмұнын көрсетеді. Қолдану сөзі әдістерді қолдану практикалық мәселелеріне жатады, ал практикалық мәселелер стандарттарда көрсетіледі. Мұнайды тасу бойынша ұлттық жоспардың атауы өзгертіледі және ол сақтандырғыш аймақты және ішкі су қоймаларын, теңіздерді қамтиды. Ұлттық жоспардың дайындығын қамтамасыз ету бойынша және Қазақстан Республикасының сақтандырғыш аймақты және ішкі су қоймаларын, теңіздерді, мұнайды тасуды жою.



21 –баптың 4 тармағы

21–бап. қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмыс жасау және қызмет көрсетудің лицензиясын тоқтата тұру

4. жоқ

21–бап. қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмыс жасау және қызмет көрсетудің лицензиясын тоқтата тұру

4. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық кодексіне сәйкес қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмысты орындау және қызметтер көрсетуге арналған лицензияны тоқтата тұру.



Қазіргі уақытта лицензияны тоқтату тәртібі бір мәндік емес реттеу. Сыбайлас жемқорлықтың алғышартын жою үшін және дұрыс емес түсіндіруді болдырмау үшін айқын регламенттеу қажет.



27-бап

27-бап. Жол берілетін шекті ластағыш заттарды шығарудың және тастаудың нормативтері, өндіріс қалдықтарын орналастыру және тұтыну нормативтері, ашық түрде күкіртті орналастыру нормативтері, жиынтық эмиссиялар нормативтері

  1. Газдың жылыжай шығарындыларын қоспағанда, жол берілетін шекті ластағыш заттардың, және ластағыш заттарды шығарудың нормативтері, өндіріс қалдықтарын орналастыру және тұтыну нормативтері, ашық түрде күкіртті орналастыру нормативтері, эмиссияның жиынтық нормативтері шамалар эмиссиялар болып табылады. Олар эмиссияның әр станционарлық қайнар көзінің есеп айырысу негізінде белгіленеді және өндіріс орны осындай шартпен , қоршаған ортаның сапасын арттыру нормативтерінің жетістіктерімен қамтамасыз етеді.

2. Жол берілетін шекті ластағыш заттардың, және ластағыш заттарды шығарудың нормативтері, өндіріс қалдықтарын орналастыру және тұтыну нормативтері, ашық түрде күкіртті орналастыру нормативтері, эмиссияның жиынтық нормативтері, нормативтердің есептік мағынасынан тұратын, эмиссиялардың техникалық үлесті мағынасымен қалдықтардың станционарлық және қозғалмалы көздеріне арналған эмиссиялардың процесстер мен жабдықтар бекітілген, жобалар құрамындағы қоршаған ортадағы эмиссияға рұқсат берілгенде қолданылады.

Жол берілетін шекті ластағыш заттардың, және ластағыш заттарды шығарудың нормативтері, өндіріс қалдықтарын орналастыру және тұтыну нормативтері, ашық түрде күкіртті орналастыру нормативтері, эмиссияның жиынтық нормативтері І, ІІ, және ІІІ санатты шаруашылық және өзге қызметтегі объектілер үшін табиғат пайдаланушының өтінімі бойынша, бірақ он календарлық жылдан аспайтын келісімімен бекітіледі, ІҮ санаттағы объектілер үшін - табиғат пайдаланушының өтінімі бойынша келісілген немесе мерзімсіз кезеңге, егерде өтінімде сұрау салынған мерзім көрсетілмесе.»;




27-бап. Ластаушы заттар шығарындылар мен төгінділерінің жол берілетін шекті нормативтері, өндіріс және тұтыну қалдықтарын орналастыру нормативтері, күкіртті ашық түрде орналастыру нормативтері

1. Парниктік газдар шығарындыларын қоспағанда, ластаушы заттар шығарындылары мен төгінділерінің жол берілетін шекті нормативтері, өндіріс және тұтыну қалдықтарын орналастыру нормативтері, күкіртті ашық түрде орналастыру нормативтері қоршаған ортаның сапасының нормативтеріне қол жеткізуді қамтамасыз ететіндей шартпен эмиссияның әрбір станционарлық көзі және тұтастай кәсіпорын үшін есептеулер айырысу негізінде белгіленетін эмиссиялар шамалары болып табылады.

2. Ластаушы заттар шығарындылар мен төгінділерінің жол берілетін шекті нормативтері, өндіріс және тұтыну қалдықтарын орналастыру нормативтері, күкіртті ашық түрде орналастыру нормативтері эмиссиялар нормативтерінің есептеу мәндерін, техникалық үлестік нормативтерінің белгіленген мәндерін қамтитын станционарлық және жылжымалы көздері шығарындылардың, технологиялық процестер мен жабдықтар үшін белгіленген жобалар құрамында қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат беру кезінде пайдаланылады. Ластаушы заттар шығарындылары мен төгінділерінің жол берілетін шекті нормативтерінің, өндіріс және тұтыну қалдықтарын орналастыру нормативтерінің, күкіртті ашық түрде орналастыру нормативтерінің қолданылуы шаруашылық және өзге де қызметтің І, ІІ, және ІІІ санатты объектілер үшін табиғат пайдаланушының өтініміне сәйкес, бірақ күнтізбелік он жылдан аспайтын мерзімге белгіленеді, ІV санаттағы объектілер үшін - егер өтінімде сұралатын мерзім көрсетілмесе, табиғат пайдаланушының өтінімі бойынша келісілген немесе мерзімсіз кезеңге белгіленеді.

Аралықты жою (күкіртті орналастыру ескерілген). Табиғатты пайдаланушының өтінішіне сәйкес, бірақ І, ІІ, және ІІІ санат объектілері үшін (10 жыл) белгіленген заңнамалық максимумнан көп емес нормативтің қызмет мерзімдерін белгілеу ұсынылады.



28-баптың 1-тармағы



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет