«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қойнауын пайдалану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы жобасына салыстырмалы кесте


– бап. Қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат беру және қарау, өтініштерді беру мерзімдері



жүктеу 1.76 Mb.
бет8/13
Дата07.03.2018
өлшемі1.76 Mb.
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13

74– бап. Қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат беру және қарау, өтініштерді беру мерзімдері.


2. I және II санаттарының объектілері үшін рұқсат беретін орган өтініш тіркелген күннен бастап он бес жұмыс күннен кем емес мерзімге, III санаттарының объектілері үшін бес жұмыс күннен кем емес мерзімге Кодекс талаптарына сәйкес және оның толықтығына өтінішін қарайды.

Белгіленген мерзімнің өтуі бойынша өтініш қарауға қабылданады немесе ұсынылған материалдардың жеткіліксіздіктің салдарынан қабыл алмайды және (немесе) осы Кодекстің талаптарына сәйкес еместікке байланысты

Өтінішті қабыл алмағаннан кезде табиғат пайдаланушы қабыл алмау себебінің себептемелі бас тартудың негіздемесін жібереді.

3.Қабылданған өтініштерді объектілер үшін рұқсат беретін органдармен қаралады:

1) I санаты өтінішті тіркеген күнінен бастап екі айдан көп емес мерзімде;

2)II санаты өтінішті тіркеген күнінен бастап бір айдан көп емес мерзімде;

3) III санаты өтінішті тіркеген күнінен бастап он жұмыс күннен көп емес мерзімде;

4) IV санаты өтінішті тіркеген күнінен бастап бес жұмыс күннен көп емес мерзімде;



74– бап. Қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат беру және қарау, өтініштерді беру мерзімдері.


2. Шаруашылық және өзге де қызметтің I, II және III санаттарының объектілері үшін рұқсат беретін орган өтінім тіркелген күннен бастап бес жұмыс күнінен кем емес мерзімде өтінімді оның толықтығы тұрғысынан қарайды.

Белгіленген мерзім өткеннен кейін өтінім қарауға қабылданады не ұсынылған материалдардың жеткіліксіздігі салдарынан қабылданбайды.

Өтінім қабылданбаған кезінде табиғат пайдаланушыға қабылданбау себептері дәлелді түрде негізделіп бас тарту жіберіледі.

3. Рұқсат беретін орган қабылданған өтінімдерді:

1) шаруашылық және өзге де қызметтің I санаттағы объектілері үшін өтінім тіркелген күннен бастап он бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде;

2) шаруашылық және өзге де қызметтің II және III санаттағы объектілері үшін өтінім тіркеген күннен бастап он жұмыс күнінен аспайтын мерзімде;

3) шаруашылық және өзге де қызметтің IV санаттағы объектісі үшін өтінім тіркеген күннен бастап бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде қарайды.


Түзетулер рұқсатты беру мерзімін құсқартуға жіберілген.Ұсынылып отырған өзгертулер инвестициялық ахуалды құруға жіберілген.



77 –баптың

1-тармағы


77-бап. Қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат беруден бас тарту, оны тоқтата тұру, жою, одан айыру


1. Қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат беретiн органдар мынадай:

3) жоқ

77-бап. Қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат беруден бас тарту, оны тоқтата тұру, жою, одан айыру


1. Қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат беретiн органдар мынадай:

3) қоршаған ортаға эмиссия нормативтерінің қолжетімділігін қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасымен белгіленген экологиялық талаптар мен нормаларға қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспары сәйкес келмеген жағдайларда рұқсат беруден бас тартады.

Редакциялық түзетулер рұқсат беру үшін негіздемесімен көзделген, оның ішінде табиғатты қорғау іс- шаралары, Экологиялық кодекстің 75-бабымен синхрондау және сәйкестіктерді келтіруге бағытталған.




77-баптың 4-тармағы

77-бап. Қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат беруден бас тарту, оны тоқтата тұру, жою, одан айыру

 4. Қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат берген орган оны жаңа рұқсат берiлген күннен бастап жояды.

77-бап. Қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат беруден бас тарту, оны тоқтата тұру, жою, одан айыру

4. Қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат берген орган жаңа берілген рұқсат күшіне енген күннен бастап не табиғат пайдаланушының жазбаша өтінімі негізінде жояды.


Редакциялық түзетулер Осы талаптар бар қайшылықтарды алып тастайды. Инвестициялық ортаны жақсарту үшін Осы түзетулер табиғат пайдаланушыларға қажеттілік бойынша шешімді өз бетімен қабылдауды ұсынады. Мысалға, тәжірибеде бір немесе сол объектіге табиғат пайдаланушыдан әртүрлі деңгйедегі уәкілетті органнан бір және сол объектісі бойынша екі рұқсаттары бар. Осындай жағдайлар табиғат пайдаланушының объектілердің бір санаттан екінші бір санатқа ауысқан кезінде туындайды.



78-баптың 1-тармағы

78-бап. Қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсатты қайта ресiмдеу тәртiбi

1. Қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсатты қайта ресiмдеу қоршаған ортаға жүктемені арттыруға әкеп соқтырмайтын, табиғат пайдаланушының атауын немесе ұйымдық-құқықтық нысанын өзгерткен, ол қайта ұйымдастырылған жағдайларда бір ай мерзімде жүзеге асырылады.

78-бап. Қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсатты қайта ресiмдеу тәртiбi


1. Қоршаған ортаға эмиссияға рұқсатты қайта рәсімдеу мұның өзі табиғат пайдаланушының атауын немесе ұйымдық-құқықтық нысанын өзгерткен, ол қайта ұйымдастырылған жағдайларда күнтізбелік он бес күн ішінде жүзеге асады, сондай-ақ обектінің (обектілердің) осындай рұқсат берілген меншік иесі ауысқан жағдайда он бес жұмыс күн ішінде жүзеге асырылады, қоршаған ортаға жүктемені арттыруға әкеп соқтырмайды.

Инвестициялық ортаны жақсарту үшін мерзімдерді қысқарту және оңтайландыру.Инвестициялық ортаны жақсарту (объектінің жеке меншіктің ауысу жағдайында рұқсатты қайта рәсімдеу мүмкіндігі).



78-баптың

2-тармағының




  1. және 5) тармақшалары

1 -тармақ




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет