«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қойнауын пайдалану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы жобасына салыстырмалы кесте


-бап. Қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсатты қайта ресiмдеу тәртiбi



жүктеу 1.76 Mb.
бет9/13
Дата07.03.2018
өлшемі1.76 Mb.
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13

78-бап. Қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсатты қайта ресiмдеу тәртiбi

  1. Рұқсатты қайта ресімдеу мына құжаттар болған кезде жүзеге асырылады:


2)заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеу туралы анықтама (қайта тіркеу)

3) салық төлеушінің куәлігі;

  1. жоқ

78-бап. Қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсатты қайта ресiмдеу тәртiбi

  1. Рұқсатты қайта ресімдеу мына құжаттар болған кезде жүзеге асырылады:


2) алып тасталсын

3)алып тасталсын

5) эмиссияға қайта рәсімделетін рұқсат берілген табиғатты пайдалану обектісіне (объектілеріне) меншік иесі құқығының ауысатынын растайтын құжаттар көшірмесі

Редакциялық түзетулер Салық заңнамасымен қайшылықтарды алып тастау.

Редакциялық түзетулер

Мемлекеттік қызметті тез көрсету және кәсіпкерлер үшін әкімшілік кедергіні төмендетуге бағытталған.




114-баптың 9), 11), 12), 13) және 14) тармақшалары

114-бап. Мемлекеттiк экологиялық бақылаудың бағыттары

Мыналарға:

...

9) пайдалы қазбалардың өнеркәсiптiк қорларын өндiрiп алу шамасына қарай немесе басқа да бүлдiретiн процестер мен жұмыстардан босатылған жерлердiң нысаналы мақсатына сай одан әрi пайдалану үшiн жарамды жағдайға келтiрiлуiне;



...

11) жер қойнауының ластанудан, су басудан және кен орны мен басқа да қоршаған орта объектiлерiнiң бүлiнуiне әкеп соғатын техногендiк процестерден сақталуына;

12) жер қойнауын пайдалану объектiлерiнiң консервациялануы мен жойылуына;

13) жер қойнауын пайдалану және минералдық шикiзатты өңдеу кезiнде экологиялық нормалар мен ережелердiң сақталуына;

14) минералдық шикiзатты өндiру мен өңдеу кезiнде қоршаған ортаны қорғау мәселелерi жөнiндегi жобалық шешiмдердiң сақталуына;

 ...


114-бап. Мемлекеттiк экологиялық бақылаудың бағыттары

Мыналарға:

...

9) жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялардың аяқталу шамасына қарай немесе басқа да бүлдiретiн процестер мен жұмыстардан босатылған жерлердiң Қазақстан Республикасы жер заңнамасы талаптарына сәйкес одан әрi пайдалану үшiн жарамды жағдайға келтiрiлуiне;



...

11) жер қойнауының ластанудан, су басудан және кен орны мен қоршаған орта объектiлерiнiң бүлiнуiне әкеп соғатын техногендiк процестерден сақталуына;

12) жер қойнауы учаскелерінiң және жер қойнауы объектілерінің консервациялануына және жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу салдарының жойылуына;

13) жер қойнауын пайдалану және пайдалы қазбаларды өңдеу кезiнде экологиялық нормалар мен ережелердiң сақталуына;

14) пайдалы қазбаларды өндiру мен өңдеу кезiнде қоршаған ортаны қорғау мәселелерi жөнiндегi жобалық шешiмдердiң сақталуына;     

 ...




«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» ҚР Кодекс жобасының нормаларымен корреспондтеу мақсатында.Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізуді аяқтағаннан кейінжер қойнауын пайдаланушы жою іс шараларын (оның ішінде рекультивациялау) жүргізеді.

«Кен орындар»ластанудан қорғайтын қоршаған ортаның объектісі бола алмайды –объекті болып кен орындар табылады.

Жер қойнауы туралы Кодекс жобасының мазмұнынан шығатын «Кен орындарды бұзу» сөйлемі мағынасынан айырылды.

Өзгерістер, ҚР ЭМ 114-баптың 12) тармақшасына ұсынылатын, Кодекс жобасында пайдаланатын терминологиясына сәйкес келтіру мақсатында енгізіледі.

Сөйтіп, Кодекс жобасымен жер қойнауын пайдалану объектілері мен жер қойнау учаскелерін консервациялау көзделді; «жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялар жүргізу салдарына» қатысты жою жүргізіледі.

«минералды шикізат»термині жер қойнауы туралы Кодекс жобасынан алынып тасталды.





117-баптың 1-тармағы

117-бап. Мемлекеттiк экологиялық бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың құқықтары

1. Мемлекеттiк экологиялық бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдар:

...

5) қоршаған ортаға және (немесе) халықтың денсаулығына аса ірі залал келтiруге әкеп соққан, табиғат пайдаланушы экологиялық нормалар мен талаптарды, экологиялық рұқсатта көзделген табиғат пайдалану шарттарын бұзған жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен лицензияны тоқтата тұру немесе одан айыру және (немесе) табиғи ресурстарды пайдалану және алу шартын (келiсiмшартты) бұзу жөнінде, табиғат пайдалануға экологиялық және өзге де рұқсаттарды тоқтата тұру немесе одан айыру жөнiндеұсыныстар енгiзуге;



      11) мердiгер барлау, өндiру, бiрлескен барлау мен өндiру жүргiзудi не барлаумен және (немесе) өндiрумен байланысты емес жер асты құрылыстарын салуды және (немесе) пайдалануды тоқтата тұру туралы шешiм қабылдауға әкеп соққан себептердi жоюдан бас тартқан жағдайда не осы себептердi жою үшiн жеткiлiктi мерзiм iшiнде оларды жоймаса; жер қойнауын пайдаланушы Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасында көзделген шараларды қолданбаған кезде; жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды тоқтата тұруға әкеп соққан себептердi жою мүмкiн болмағанда; мердiгер келiсiмшартта не бағдарламалық жұмыстарда белгiленген мiндеттердi елеулi түрде бұзған кезде жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзуге арналған келiсiмшарттың қолданылуын тоқтату туралы өз құзыретi шегiнде құзыреттi органға ұсыныс енгiзуге құқылы.

117-бап. Мемлекеттiк экологиялық бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың құқықтары

1. Мемлекеттiк экологиялық бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдар:

...

5) қоршаған ортаға және (немесе) халықтың денсаулығына аса ірі залал келтiруге әкеп соққан, табиғат пайдаланушы экологиялық нормалар мен талаптарды, экологиялық рұқсатта көзделген табиғат пайдалану шарттарын бұзған жағдайларда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен табиғат пайдалануға экологиялық және өзге де рұқсаттарды тоқтата тұру немесе одан айыру жөнiнде ұсыныстар енгiзуге;



      11) Алып тасталсын.



Лицензияның немесе келісімшарттың қолданысын тоқтату үшін негіздер «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» ҚР кодексінде белгіленген.

Қызметті тоқтата тұру немесе оған тыйым салу ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексіне және ҚР Азаматтық кодексіне сәйкес жүзеге асырылуға тиіс (яғни, тиісті әкімшілік санкцияны салу жолмен немесе азаматтық талаптар бойынша сот шешімі негізінде).

Сонымен бірге, Экологиялық кодекстің 117-баптың 1-тармағы лауазымдық тұлғаның міндетін емес құқығын белгілейді.

Соған байланысты, мемлекеттік экологиялық бақылауды жүзеге асыратын лауазымдық тұлғаның құқығын заңнамалық белгілеу, жер қойнауын пайдалану саласындағы құзыретті органның қандай да ұсыныстарын енгізуі артық болып саналады, себебі ҚР заңнамасында ешбір зат бір мемлекеттік органның лауазымдық тұлғасына басқа мемлекеттік органмен бірлесіп әрекетт қылуға тыйым салмайды (ұсыныстарды енгізу, ұсыным мен басқа түрде, ақпаратты хабарлау жолмен)





142-баптың 5-тармағы


142-бап. Табиғи ресурстар мониторингi

...


5. Пайдалануды қамтамасыз ету және олардың өзгеруін уақтылы анықтау, теріс процестер салдарларын бағалау, олардың алдын алу және жою үшін жер қойнауының жай-күйін байқау, оның ішінде Жерді ғарыштан қашықтықтан зондтау деректерін пайдалана отырып байқау жүйесін білдіреді. Жер қойнауы мониторингінің деректері Жер қойнауының мемлекеттік кадастрында жинақталады.



142-бап. Табиғи ресурстар мониторингi

...


5. Жер қойнауының мониторингі жер қойнауының мемлекеттік қорын тиімді басқаруда қамтамасыз ету және олардың өзгеруін уақтылы анықтау, теріс процестер салдарларын бағалау, олардың алдын алу және жою үшін жер қойнауының жай-күйін байқау, оның ішінде Жерді ғарыштан қашықтықтан зондтау деректерін пайдалана отырып байқау жүйесін білдіреді. Жер қойнауы мониторингінің деректері Жер қойнауының бірыңғай мемлекеттік кадастрында жинақталады.…

«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» ҚР кодексінде пайдаланылатын терминологияға сәйкестікке келтіру мақсатында, «тиімді пайдалану» термині «тиімді басқару», ал «Жер қойнауының мемлекеттік кадастры» «Жер қойнауының бірыңғай мемлекеттік кадастрында» ауыстырылды.




150-баптың 4) тармақшасы

150-бап. Кадастрлардың бiрыңғай жүйесiнiң құрылымы мен мазмұны

      Кадастрлардың бiрыңғай жүйесiнiң құрылымын мына есепке алу объектiлерi құрайды, олар бойынша мониторингтi мына арнайы уәкiлеттi мемлекеттiк органдар жүзеге асырады:

...

4) кен орындарының жәнепайдалы қазбалар көрiнiстерiнiң, техногендiк минералдық түзiлiмдердiң мемлекеттiк кадастры бойынша - жер қойнауын зерттеу және пайдалану саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган - жалпы республика бойынша, ал оның аумақтық органдары - әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктер шегiнде;...



150-бап. Кадастрлардың бiрыңғай жүйесiнiң құрылымы мен мазмұны

      Кадастрлардың бiрыңғай жүйесiнiң құрылымын мына есепке алу объектiлерi құрайды, олар бойынша мониторингтi мына арнайы уәкiлеттi мемлекеттiк органдар жүзеге асырады:

...

4) Жер қойнауының мемлекеттік қорының бірыңғай кадастры бойынша - жер қойнауын зерделеу саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган - жалпы республика бойынша, ал оның аумақтық органдары - әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктер шегiнде;






«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» ҚР кодексінің 57-бабына сәйкестікке келтіру мақсатында ұсынылады, жер қойнауының бірыңғай мемлекеттік кадастрын енгізу көзделді.





154-баптың 1-тармағы 5 абзацы

154-бап. Қалдықтардың мемлекеттiк кадастрын жүргiзу

      1. Табиғат пайдаланушылар қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органға мына құжаттаманы:

      1) қауiптi қалдықтардың паспортын;

      4) мыналарды:

    облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органының қалдықтарды жинақтауға және жоюға арналған жер учаскесiн бөлу туралы шешiмiн;

      қалдықтарды орналастыру объектiлерiн құруға арналған мемлекеттiк экологиялық, санитарлық-эпидемиологиялық сараптамалар мен Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес жүргiзiлген сараптаманың оң қорытындыларын қамтитын, қалдықтарды орналастыру объектiсi бойынша кадастр iсiн ұсынады.



154-бап. Қалдықтардың мемлекеттiк кадастрын жүргiзу

      1. Табиғат пайдаланушылар қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органға мына құжаттаманы:

      1) қауiптi қалдықтардың паспортын;

      4) мыналарды:

    облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органының қалдықтарды жинақтауға және жоюға арналған жер учаскесiн бөлу туралы шешiмiн;

      қалдықтарды орналастыру объектiлерiн құруға арналған мемлекеттiк экологиялық және санитарлық-эпидемиологиялық сараптаманың оң қорытындыларын ұсынады




Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамада қалдықтарды орналастыру объектілерін құруға мемлекеттік сараптаманы жоюға байланысты алып тастау ұсынылады.

МЭС және СЭС ғана қалдырылды.





156-баптың 1 және 3-тармақтары

156-бап. Зиянды заттарды, радиоактивтi қалдықтарды көмудiң және сарқынды суларды жер қойнауына ағызудың мемлекеттiк кадастры

      1. Зиянды заттарды, радиоактивтi қалдықтарды көму мен сарқынды суларды жер қойнауына ағызудың мемлекеттiк кадастрын (бұдан әрi - Көмудiң мемлекеттiк кадастры) жүргiзу - Қазақстан Республикасының аумағында зиянды заттарды, радиоактивтi қалдықтарды көму мен сарқынды суларды жер қойнауына ағызу объектiлерi бар табиғат пайдаланушылар үшiн мiндеттi болып табылады.

...

      3. Көмудiң мемлекеттiк кадастрының деректерi жер қойнауы туралы бiртұтас цифрлы ақпараттар жүйесiне енгiзiледi және жер қойнауы мемлекеттiк мониторингiнiң құрамдас бөлiгi болып табылады.



156-бап. Зиянды заттарды, радиоактивтi қалдықтарды көмудiң және сарқынды суларды жер қойнауына ағызудың мемлекеттiк кадастры

1. Зиянды заттарды, радиоактивтi қалдықтарды көму мен сарқынды суларды жер қойнауына ағызудың мемлекеттiк кадастрын (бұдан әрi - Көмудiң мемлекеттiк кадастры) жүргiзу - Қазақстан Республикасының аумағында зиянды заттарды, радиоактивтi қалдықтарды көму мен сарқынды суларды жер қойнауына ағызудың барлық объектілер бойынша мiндеттi болып табылады.

...

      3. Көмудiң мемлекеттiк кадастрының деректерi Жер қойнауының мемлекеттік қорының бірыңғай кадастріне енгiзiледi және жер қойнауы мемлекеттiк мониторингiнiң құрамдас бөлiгi болып табылады.




Редакциялық түзету – қолданыстағы редакция табиғат пайдаланушылар мемлекеттік кадастр жүргізуді болжайды, алайда соңғыны табиғат пайдаланушылар жүргізе алмайды, оны уәкілетті мемлекеттік орган зиянды заттарды, радиоактивті қалдықтарды көму және сарқынды суларды жер қойнауына ағызу объектілеріне қатысты жүргізеді.

«Орны» сөзі толықтырылды, себебі ҚР ЭМ терминологиясы «тастау орны» ретінде, «тастау объектісі» ретінде де көзделген.

Сондай ақ жер қойнауын бірыңғай мемлекеттік кадастрын енгізу көзделді, «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» ҚР кодексінің 57-бабына сәйкестікке келтіру мақсатында түзетулер ұсынылады.





195-баптың 3-тармағы

195-бап. Экологиялық талаптарды әзiрлеудiң және бекiтудiң тәртiбi

...


3. Жер ресурстарын, жер қойнауы мен минералдық ресурстарды, жер асты және жер үстi суларын, орман және өсiмдiктер дүниесiнiң өзге де ресурстарын, жануарлар дүниесiнiң ресурстарын пайдалану кезiндегi экологиялық талаптар тиiсiнше жер ресурстарын басқару жөнiндегi орталық атқарушы органмен, жер қойнауын зерделеу және пайдалану жөнiндегi, су қорын пайдалану және қорғау саласындағы, орман шаруашылығы саласындағы, жануарлар дүниесiн қорғау, молайту және пайдалану саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органдармен, сондай-ақ халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттiк органмен келiсiм бойынша белгiленедi.

...


195-бап. Экологиялық талаптарды әзiрлеудiң және бекiтудiң тәртiбi

...


3. Жер ресурстарын, жер қойнауын, жер асты және жер үстi суларын, орман және өсiмдiктер дүниесiнiң өзге де ресурстарын, жануарлар дүниесiнiң ресурстарын пайдалану кезiндегi экологиялық талаптар тиiсiнше жер ресурстарын басқару жөнiндегi орталық атқарушы органмен, жер қойнауын зерделеу жөнiндегi, су қорын пайдалану және қорғау саласындағы, орман шаруашылығы саласындағы, жануарлар дүниесiн қорғау, молайту және пайдалану саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органдармен, сондай-ақ халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттiк органмен келiсiм бойынша белгiленедi.



«Минералдық ресурстар» терминін жоюға байланысты түзету ұсынылады. одан басқа, жер қойнауын пайдалану олардың барлық ресурстарын пайдалануды болжайды.
«Жер қойнауы және жер қойнауын пйдалану туралы» ҚР кодексінің нромаларымен үйлестіру мақсатында, оған сәйкес тиісті мемлекеттік органның құзыретіне жер қойнауын зерделеу ғана кіреді.





207-баптың 2-тармағы

207-бап. Табиғи ресурстарды пайдалану кезiндегiэкологиялық талаптар

...


      2. Табиғи экологиялық жүйелердiң бұзылуына, тiрi организмдердiң генетикалық қорының жойылуына, халықтың өмiрi мен денсаулығына қауiптi қоршаған ортаның басқа да өзгерiстерiне әкеп соғатын шаруашылық және өзге де қызметке тыйым салынады.


207-бап. Табиғи ресурстарды пайдалану кезiндегiэкологиялық талаптар

...


      2. Табиғи экологиялық жүйелердiң, тiрi организмдердiң генетикалық қорының жойылу қатерін, халықтың өмiрi мен денсаулығына қауiптi қоршаған ортаның басқа да өзгерiстерiн туындатып шаруашылық және өзге де қызметке тыйым салынады



Жер қойнауын пайдалану кезінде табиғи экологиялық жүйелердің бұзылуы мүмкін. Кез келген ұсақ тоған – бұл табиғи экожүйе. Осы норманы экожүйеге бірқалыпты әсер ету белгілі бір жағдайларды сақтаған кезде рұқсат етілетінін ескере отырып, нақтылау қажеттігімен байланысты өзгерістер ұсынылады.




217-баптың 2, тармағы

217-бап. Жердi пайдалану кезiндегi экологиялық талаптар

2. Табиғат пайдаланушылар пайдалы қазбаларды қазу, геологиялық-барлау, құрылыс және басқа да жұмыстарды жүргiзу кезiнде:

      1) иеленiп отырған жер учаскелерiн оларды одан әрi мақсатына сай пайдалануға жарамды күйде ұстауға;

...



217-бап. Жердi пайдалану кезiндегi экологиялық талаптар

      


2. Табиғат пайдаланушылар жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды, құрылыс, геологиялық барлау және басқа да жұмыстарды жүргiзу кезiнде:

...


Терминологияны анықтау мақсатында өзгерістер ұсынылады (жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасында бұрын көрсетілген тармақта ескерілмеген, жер қойнауы кеңістігін жабатын және пайдаланатын «пайдалы қазбаларды әзірлеу» термині жоқ, сондықтан «жер қойнауын пайдалану жөніндегі операция» термин атауымен ауыстыруды ұсынады), сондай -ақ жерді мақсатты пайдалану мәселелері ҚР ЭМ емес, ҚР жер заңнамасымен реттеледі.



219-баптың 1 және 3-тармақтары

219-бап. Жер қойнауын пайдалану кезiндегi жалпы экологиялық талаптар

      1. Жер қойнауын пайдалану кезiндегi жалпы экологиялық талаптар:

...

2) кен орнын игерудiң арнаулы әдiстерiн қолдану есебiнен жердiң үстiңгi қабатын сақтау;



...

4) барлау, өндiру кезiнде, сондай-ақ барлаумен және өндiрумен байланысты емес жер асты құрылыстарын салу мен пайдалануға беру кезiнде қауiптi техногендiк процестердiң пайда болуынан сақтандыру шараларын қолдану;

...

      3. Жер қойнауын пайдаланушы:



...

      2) жер қойнауының ұтымды пайдаланылуын, қызметкерлердiң, халықтың және қоршаған ортаның қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн жұмыстарды жүргiзуге арналған технологиялық схемалар мен жобаларды сақтауға мiндеттi.




219-бап. Жер қойнауын пайдалану кезінде жалпы экологиялық талаптар

1. Жер қойнауын пайдалану кезінде жалпы экологиялық талаптар мыналар:



2) жердің тұтастығын сақтау мақастында техникалық, технологиялық және экологиялық тиімділікті ескере отырып, кен орнын игерудің арнаулы әдістерін қолдану;

...


4) жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде қауіпті техногендік процестердің көріністердің пайда болуынан сақтандыру шараларын қолдану;

3. . Жер қойнауын пайдаланушы:



...

2) жер қойнауының ұтымды пайдаланылуын, жұмыскерлердің, халықтың және қоршаған ортаның қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн жұмыстарды жүргiзуге арналған технологиялық схемалар мен жобаларды сақтауға, ал көмірсутекті барлау және өндіруді жүргізу кезінде жер қойнауын тиімді пайдалануға да мiндеттi.



ҚР Экологиялық кодекстің 219– бабының 1– тармағының 2) тармақшасымен белгіленген талаптар–« кен орнын игерудiң арнаулы әдiстерiн қолдану есебiнен жердiң үстiңгi қабатын сақтау» – саланың реалиясына сәйкес келмейді.

Кен орындарды игеру тәсілі, кен орындарды игеруде арнайы әдістерді қолдану (тәсіл) және факторлардың орасан көлемін ескерумен таңдалады (мысалы мындай, жерасты газдандыру және балқыту, химиялық және бактериялық сілтісіздендіру, төгілетін кен орындарды драгалық және гидравликалық игеру), технологиялық көзқарасы ретінде де, дәл осындай қоршаған ортаны қорғау және қауіпсіздікті қамтамсыз ететін көзқарасынан да әрдайым лайықты бола алмайды.

Барлық жағдайда кен орындарды арнайы әдіспен игеру талаптары негізсіз және қате болып саналады.Осы себептер бойынша жердің тұтастығын сақтау мақсатында кен орындарды арнайы әдіспен игеруді қолдану үшін талап тек технологиялық, экологиялық көзқарасынан және азаматтық қорғау талаптарын қадағалау тиімді болған жағдайда ғана, көрсетілген норманы осылайша анықтау ұсынылады.

Сондай -ақ ҚПҚ үшін «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» пайдаланатын ҚР Кодексінде терминологияға сәйкес келтіру мақсатында түзетулер және ҚПҚ үшін «жер қойнауын тиімді пайдалану» түсінігін жою ұсынылады.




220-баптың 3-тармағы

220-бап. Жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзу кезiндегi экологиялық талаптар

3. Мыналарға:

      1) құрылыс салуға бөлiнген учаскенiң шегiнен тыс жерлерде өсiмдiктердi және топырақ жабынын зақымдауға;

      2) жер қойнауын пайдалану қалдықтарын жерүстi су объектiлерiне және жер қойнауына төгуге тыйым салынады




220-бап. Жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзу кезiндегi экологиялық талаптар

3. Мыналарға:

1) жер қойнауын пайдалану объектілерінің құрылысына және (немесе) оларды орналастыруға бөлінген учаскелердің шегінен тыс жерлерде өсімдіктерді және топырақ жабынын зақымдауға;

2) өндіріс қалдықтарын жер үсті су объектілеріне және жер қойнауына тастауға;



3-тармақ «құрылыс» болып табылмайтын, жер қойнауын пайдалану объектілерін орналастыру үшін топырақ қабатын алып тастауға рұқсат беру қажеттігіне байланысты; заңнамада «жер қойнауын пайдалану қалдықтары» терминінің болмауына байланысты «өндіріс қалдықтары» деген сөзге ауыстырылуына байланысты ұсынылады.



221-бап.

221-бап. Жер асты суларын барлау және (немесе) шығару кезiндегi экологиялық талаптар

      1. Жер асты суларын өндiруге арналған келiсiмшарт, сондай-ақ суды арнайы пайдалануға оған қол қойылғанға дейiн рұқсат алу қоршаған ортаны қорғау және халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органдармен келiсiледi.

      2. Жер асты сулары кенiн игерудi жүзеге асыру негiзге алынатын жоба (технологиялық схема) мемлекеттiк экологиялық сараптамадан өткiзiлуге тиiс.

      3. Табиғат пайдаланушылар барлау және (немесе) су шығару кезiнде өз есебiнен жерасты сулары кенiн игерудiң жаңа тәсiлдерi мен технологиялық схемаларын iздестiру және қолданыстағыларды жетiлдiру жөнiндегi ғылыми-зерттеу және жобалау-конструкторлық жұмыстарды жүргiзуге, технологиялық жабдықты, үздiксiз және мерзiмдi бақылау құралдарын жетiлдiруге, жер асты суларының ұтымды пайдаланылуын және оның тартылу мен ластанудан сақталуын, жер қойнауы мен қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз етуге мiндеттi.

      4. Келiсiмшарт талаптарында және суды пайдалануға арнайы рұқсатта көзделмеген мақсатта немесе осы талаптарды бұза отырып жер асты суларының кенiн игеруге тыйым салынады.

      5. Жер асты суларының кенiн барлау мен игеру келiсiмшарт және суды арнайы пайдалануға арналған рұқсат талаптарына сәйкес, сондай-ақ Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасында көзделген нормалар мен талаптар сақталып жүзеге асырылуға тиiс.

      6. Жер асты суларына барлау және (немесе) оны шығару жұмыстарын жүргiзетiн табиғат пайдаланушылар:

      1) жер асты суларының кенiн ұтымды барлау мен игеруге, сөйтiп судың толық кешендi зерделенуiне және ұңғымаларды пайдаланудағы кемшiлiктер есебiнен судың орны толмас шығын болмауына және олардың сапалық қасиетiнiң жойылмауына қол жеткiзiлуiн;

      2) су тұтқыш жиектердiң ластану ықтималдығын болғызбауды;

      3) егер бұл жобада көзделмеген болса, әртүрлi жиектегi судың араласып кету, бiр жиектен екiншi жиекке құйылу ықтималдығын болғызбауды;

      4) жер асты суларының бақылаусыз, реттелмей шығарылуына жол берiлмеуiн, ал авариялық жағдайларда судың шығын болуын жою жөнiнде жедел шаралар қабылдануын;

      5) пайдалы құрауыштары бар жер асты суларының кешендi пайдаланылуын;

      6) атмосфералық ауаның, жердiң беткi қабатының, ормандардың, сулардың және басқа да табиғи объектiлердiң, сондай-ақ ғимараттар мен құрылыстардың жер қойнауын пайдаланумен байланысты жұмыстардың зиянды әсерiнен қорғалуын;

      7) барлау және (немесе) өндiру процесiнде жарамсыз күйге келтiрiлген жер учаскелерiнде кешендi қалпына келтiру жұмыстарының жүргiзiлуiн қамтамасыз етуге тиiс.

      7. Жер қойнауын пайдаланушы гидрогеологиялық, оның iшiнде өздiгiнен ағып шығатын және барлау ұңғымаларын, сондай-ақ пайдалануға жарамсыз немесе пайдаланылуы тоқтатылған ұңғымаларды реттегiш құрылғылармен жабдықтауға, консервациялауға немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен жоюға тиiс.

      8. Егер жер қойнауы басқа пайдалы қазбаларды барлау және өндiру үшiн пайдаланылған кезде су тұтқыш жиектер ашылса, табиғат пайдаланушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен жер асты сулары объектiлерiн қорғау жөнiнде шаралар қабылдауы қажет және бұл жөнiнде қоршаған ортаны қорғау, су қорын пайдалану және қорғау саласындағы, жер қойнауын зерделеу мен пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органдарға және санитарлық-эпидемиологиялық қызметтiң мемлекеттiк органына хабарлауға тиiс.

      9. Жер астының ашылған су тұтқыш жиектерi олардың ластануын болғызбайтындай сенiмдi оқшаулаумен қамтамасыз етiлуге тиiс.

      10. Шаруашылық-ауыз сумен жабдықтау көздерi ретiнде пайдаланылуы мүмкiн су тұтқыш жиектер ашылған кезiнде бұрғылау мен цемент ерiтiндiлерiн дайындау үшiн (өңдеу үшiн) қолданылатын химиялық реагенттердiң қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органмен және санитарлық-эпидемиологиялық қызметтiң мемлекеттiк органымен келiсiлген уыттылық сипаттамасы болуға тиiс.

      11. Қазақстан Республикасының Су кодексiнде және Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, ауыз суға жарамды сапасы бар жер асты суларын шаруашылық-ауыз сумен жабдықтауға байланыссыз қажеттiлiктер үшiн пайдалануға жол берiлмейдi.

      12. Жер асты суларының су тартқыштарын оларды суды реттейтiн құрылғылармен, су өлшегiш аспаптармен жабдықтамай, сондай-ақ санитарлық қорғау аймақтарын белгiлемей және жер асты сулары объектiлерiнiң жай-күйi көрсеткiштерiн қадағалайтын бекеттер құрмай пайдалануға беруге тыйым салынады.

      13. Табиғат пайдаланушылар қоршаған ортаны қорғау саласындағы, жер қойнауын зерделеу мен пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi органдармен, санитарлық-эпидемиологиялық қызметтiң мемлекеттiк органымен келiсiм бойынша су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкiлеттi орган белгiлеген жер асты сулары объектiлерiне зиянды әсер етудiң жол берiлетiн шектi нормативтерiн сақтауға мiндеттi.

      14. Жер асты сулары объектiлерiн пайдалануға байланысты су тартқыштарды орналастыру, жобалау, салу, пайдалануға беру және пайдалану кезiнде олардың жоғарғы қабаттағы су объектiлерi мен қоршаған ортаға зиянды әсерiн (аумақты су басуын, шөлейттенуiн, жердiң батпақтануын, топырақтың көшуi мен шөгуiн) болғызбайтын шаралар көзделуге тиiс.

      15. Табиғат пайдаланушылар жер асты суларының мемлекеттiк есебiн, оның пайдаланылуын бақылау және қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ету мақсатында:

      1) жер асты сулары объектiлерiнен алынатын және оларға ағызып жiберiлетiн судың бастапқы есебiн қоршаған ортаны қорғау, су қорын қорғау және пайдалану саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органдардың келiсiмi бойынша жер қойнауын зерделеу мен пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлеген тәртiппен және мерзiмде жүргiзедi;

      2) су тарту және су құю құрылыстарын су шығындарын өлшейтiн құралдармен жабдықтайды, сондай-ақ өздiгiнен ағатын ұңғымаларға реттегiш құрылғылар орнатады;

      3) жер асты сулары кен орындарының ағымдағы игерiлуiне бақылау, ұңғымалардың жұмысын жедел бақылау және кен орындарын игерудiң бекiтiлген жобасы немесе технологиялық схемаға сәйкес, технологиялық режимнiң орындалуына бақылау жасайды. Бақылаудың мерзiмдiлiгi игеру жобасында (технологиялық схемада) белгiленедi;

      4) мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган бекітетін статистикалық әдіснамаға сәйкес жер асты суларын пайдалану туралы алғашқы статистикалық деректерді табыс етеді.


221-бап. Алып тасталсын.

Жерасты суларын пайдалану жер қойнауын пайдалану болып табылмайтындықтан, ал жерасты суларын пайдалануға байланысты қызметтің басқа түрлеріне қойылатын экологиялық және өзге талаптар Экологиялық және Су кодексінде көрсетілгендіктен, бұл бапты алып тастау ұсынылады.

Соған байланысты, жерасты суларын пайдалану енді жер қойнауын пайдалану болып саналмайды, жер қойнауын пайдалану кезінде экологиялық талаптардың мәселелеріне арналған Экологиялық кодекстің 32 тараудан 221- бабын мәні бойынша алып тастауды ұсынады, және рұқсат беру жүйесіне жерасты суларды барлау және өндірудің келісімшарттық моделінен ауысуына байланысты қажетті өзгерістер есебінен суды пайдалану кезінде Экологиялық талаптардың 33 тараудың жаңа 224-1- бабына оның ережелерін ауыстыру.






224-1 бабы

224-1-бап. Жоқ


224-1 бап. Жерасты суларын пайдалану кезіндегі экологиялық талаптар

  1. Қазақстан Республикасының Су кодексіне сәйкес арнайы суды пайдалануға рұқсат беру жерасты суларын алу және пайдалану үшін негіз болып табылады.

  2. Тәулігіне екі мың текше метр жер асты суларын алу және пайдалану негізге алынатын жоба (технологиялық схема) мемлекеттік экологиялық сараптамадан өткізілуге тиіс.

  3. Табиғатты пайдаланушылар барлау жүргізу, су шығару және (немесе) тәулігіне екі мың текше метр көлемінде жерасты суларын пайдалану кезінде өз есебінен жерасты сулары кенін игерудің жаңа тәсілдері мен технологиялық схемаларын іздестіру және қолданыстағыларды жетілдіру жөніндегі ғылыми-зерттеу және жобалау-конструкторлық жұмыстарды жүргізуге, технологиялық жабдықты, үздіксіз және мерзімді бақылау құралдарын жетілдіруге, жер асты суларының ұтымды пайдаланылуын және оның тартылу мен ластанудан сақталуын, жер қойнауы мен қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз етуге міндетті.

  4. Келісімшарт талаптарында және суды пайдалануға арнайы рұқсатта көзделмеген мақсатта немесе осы талаптарды бұза отырып жер асты суларын шығаруға және (немесе) пайдалануға тыйым салынады.

  5. Жер асты суларының кенін барлау, шығару және (немесе) пайдалану келісімшарт және суды арнайы пайдалануға арналған рұқсат талаптарына сәйкес, сондай-ақ Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасында көзделген нормалар мен талаптар сақталып жүзеге асырылуға тиіс.

  6. Жер асты суларына барлау, оны шығару және (немесе) пайдалану жұмыстарын жүргізетін табиғат пайдаланушылар:

1) жер асты суларының кенін ұтымды барлау мен оны шығаруға және (немесе) пайдалануға толық кешенді зерделенуіне және ұңғымаларды пайдаланудағы кемшіліктер есебінен судың орны толмас шығын болмауына және олардың сапалық қасиетінің жойылмауына қол жеткізілуін;

2) су тұтқыш жиектердің ластану ықтималдығын болғызбауды;

3) егер ол жобада көзделмеген болса, әртүрлі жиектегі судың араласып кету, бір жиектен екінші жиекке құйылу ықтималдығын болғызбауды;

4) жер асты суларының бақылаусыз, реттелмей шығарылуына жол берілмеуін, ал авариялық жағдайларда судың шығын болуын жою жөнінде жедел шаралар қабылдануын;

5) пайдалы құрауыштары бар жер асты суларының кешенді пайдаланылуын;

6) атмосфералық ауаның, жердің беткі қабатының, ормандардың, сулардың және басқа да табиғи объектілердің, сондай-ақ ғимараттар мен құрылыстардың су пайдаланумен байланысты жұмыстардың зиянды әсерінен қорғалуын;

7) барлау, шығару және (немесе) пайдалану процесінде жарамсыз күйге келтірілген жер учаскелерінде кешенді қалпына келтіру жұмыстарының жүргізілуін қамтамасыз етуге тиіс.

7. Жер қойнауын пайдаланушы гидрогеологиялық, оның ішінде өздігінен ағып шығатын және барлау ұңғымаларын, сондай-ақ пайдалануға жарамсыз немесе пайдаланылуы тоқтатылған ұңғымаларды реттегіш құрылғылармен жабдықтауға, консервациялауға немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жоюға тиіс.

8. Егер жер қойнауы басқа пайдалы қазбаларды барлау және өндіру үшін пайдаланылған кезде су тұтқыш жиектер ашылса, табиғат пайдаланушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәтіппен жер асты сулары объектілерін қорғау жөнінде шаралар қабылдауы қажет және бұл жөнінде қоршаған ортаны, су қорын пайдалану және қорғау саласындағы, жер қойнауын зерделеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органдарға және санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің мемлекеттік органына хабарлауға тиіс.

9. Жер астының ашылған су тұтқыш жиектері олардың ластануын болғызбайтындай сенімді оқшаулаумен қамтамасыз етілуге тиіс.

10. Шаруашылық-ауыз сумен жабдықтау көздері ретінде пайдаланылуы мүмкін су тұтқыш жиектер ашылған кезінде бұрғылау мен цемент ерітінділерін дайындау үшін (өңдеу үшін) қолданылатын химиялық реагенттердің қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен және санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің мемлекеттік органымен келісілген уыттылық сипаттамасы болуға тиіс.

11. Қазақстан Республикасының Су кодексіне және Қазақстан Республикасының «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану» туралы кодексінде көзделген жағдайларды қоспағанда, ауыз суға жарамды сапасы бар жер асты суларын шаруашылық-ауыз сумен жабдықтауға байланыссыз қажеттіліктер үшін пайдалануға жол берілмейді.

12. Жер асты суларының су тартқыштарын оларды суды реттейтін құрылғылармен, су өлшегіш аспаптармен жабдықтамай, сондай-ақ санитарлық қорғау аймақтарын белгілемей және жер асты сулары объектілерінің жай-күйі көрсеткіштерін қадағалайтын бекеттер құрмай пайдалануға беруге тыйым салынды.

13. Табиғат пайдаланушылар қоршаған ортаны қорғау саласындағы, жер қойнауын зерделеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органдармен, санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің мемлекеттік органымен келісім бойынша су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкілетті орган белгілеген жер асты сулары объектілеріне зиянды әсер етудің жол берілетін шекті нормативтерін сақтауға міндетті.

14. Жер асты сулары объектілерін пайдалануға байланысты су тартқыштарды орналастыру, жобалау, салу, пайдалануға беру және пайдалану кезінде олардың жоғарғы қабаттағы су объектілері мен қоршаған ортаға зиянды әсерін (аумақты су басуын, шөлейттенуін, жердің батпақтануын, топырақтың көшуі мен шөгуін) болғызбайтын шаралар көзделуге тиіс.

15. Табиғат пайдаланушылар жер асты суларының мемлекеттік есебін, оның пайдаланылуын бақылау және қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ету мақсатында:

1) жер асты сулары объектілерінен алынатын және оларға ағызып жіберілетін судың бастапқы есебінен қоршаған ортаны қорғау, су қорын қорғау және пайдалану саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдардың келісімі бойынша жер қойнауын зерделеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген тәртіппен және мерзімде жүргізеді;

2) су тарту және су құю құрылыстарын су шығындарын өлшейтін құралдармен жабдықтайды, сондай-ақ өздігінен ағатын ұңғымаларға реттегіш құрылғылар орнатады;

3) жер асты сулары кен орындарының ағымдағы игерілуіне бақылау, ұңғымалардың жұмысын жедел бақылау және кен орындарын игерудің бекітілген жобасы немесе технологиялық схемаға сәйкес, технологиялық режімнің орындалуына бақылау жасайды. Бақылаудың мерзімділігі игеру жобасында (технологиялық схемада) белгіленеді;

4) мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган бекітетін статистикалық әдіснамаға сәйкес жер асты суларын пайдалану туралы алғашқы статистикалық деректерді табыс етеді.



Соған байланысты, жерасты суларын пайдалану енді жер қойнауын пайдалану болып саналмайды, Экологиялық кодекстің 221- бабының ережесі рұқсат беру жүйесіне жерасты суларды барлау және өндірудің келісімшарттық моделінен ауысуына байланысты қажетті өзгерістер есебінен 224-1- бабына ауыстырылды.





225-баптың 2 –тармағы





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет