Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне


) бір және сол үлгідегі барлық әуе кемелерінің сериясын немесе үлгісін пайдаланудан уақытша тоқтата тұру туралы шешім қабылданса



жүктеу 3.3 Mb.
бет11/17
Дата21.04.2019
өлшемі3.3 Mb.
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   17

1) бір және сол үлгідегі барлық әуе кемелерінің сериясын немесе үлгісін пайдаланудан уақытша тоқтата тұру туралы шешім қабылданса;

2) ұшу жарамдылығын ұстауға ықпалы бар авиациялық оқиға немесе әуе кемесіне зақымдалу болса;

3) әуе кемесін пайдалану, ұшуға жарамдылығы тексеру және бақылау процессінде кемшіліктер анықталса;

4) әуе кемесінің немесе оның компонентінің қызмет ету мерзімі бітсе немесе ресурстары аяқталса;

5) пайдаланушы сертификаты немесе авиациялық жұмыстарды орындау құқығына арналған куәлікті тоқтатылса немесе қайтарылып алынса тоқта тұрады.

Ұшуға жарамдылығы сертификатының қолданысын тоқтата тұру уақытша сипатта болады және оның негізінде тоқтата тұру туралы шешім қабылданған себептерді жойғанға дейін күші сақталады.

Ұшуға жарамдылығы сертификатының қолданылуын азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган мынадай жағдайларда:

1) әуе кемесінің үлгі сертификатын қайтарып алу шешім қабылданса;

2) әуе кемесін пайдалануға мүмкін емес авиациялық оқиға немесе зақымдалу болса;

3) ұшуға жарамдылығы сертификатын тоқтата тұру соңғы тізбектелген алты айдан астам сақталса;

4) әуе кемесі ұшуға жарамдылығы сертификатының қолданысын тоқтатылған мерзім бойы пайдаланылуда болса қайтарып алады.

Әуе кемесінің ұшуға жарамдылықта ұсталуын тексеру:

1) пайдаланушының әуе кемесіне техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі есептері мен пайдалану құжаттамасын және әуе кемесінің техникалық жай-күйі жөніндегі басқа да есептер мен құжаттарды тексеруді;

2) әуе кемесін қарап тексеруді;

3) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның бақылауымен әуе кемесіне ұшу сынақтарын қажет болған кезде жүргізуді қамтиды.

................


Ұшу жарамдылық сертификатын тоқтата тұрудың негіздерін нақтылау мақсатында редакциялық айқындау.






47-баптың

8-1 - тармағы (Жаңа тармақ)



47-бап. Әуе кемелерін пайдалануға рұқсат ету және ұшуға жарамдылықта ұстау
.............

Жоқ


47-бап. Әуе кемелерін пайдалануға рұқсат ету және ұшуға жарамдылықта ұстау
.............

8-1. Арнайы ұшуға рұқсат қолданыстағы ұшуға жарамдылығы сертификаты жоқ, бірақ пайдаланушы мен азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның бағалауы негізінде белгіленген төмендегі жағдайлар кезінде және мынадай мақсаттарда:

1) жаңа әуе кемелерін өндіргеннен кейінгі ұшу сынақтарында;

2) пайдаланушылық (жөндеу) құжаттамаларына сәйкес техникалық қызмет көрсетуден және (немесе) жөндеуден кейінгі ұшу сынақтарында;

3) әуе кемесін жеткізуде немесе экспортта;

4) тапсырыс берушінің немесе азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның бағалауы үшін әуе кемесінің ұшуында;

5) көрмелер мен авиа шоуларда;

6) техникалық қызмет көрсету, жөндеу орынына немесе сақтау орынына әуе кемесінің ұшуында;

7) кәдімгі қашықтықтағы ұшудан тыс судың үстіндегі немесе қону үшін тиісті жағдайы немесе тиісті мөлшерде отыны жоқ аймақтардағы жердің үстіндегі ұшулар үшін әуе кемесінің барынша сертификатталған ұшу салмағымен ұшуында;

8) рекордтарға жеткенде, авиациялық жарыстарға және оған ұқсас жарыстарға қатысқанда;

9) заңнамаға сәйкес ұшуға жарамдылығы сертификаты немесе басқа оған ұқсас құжат талап етілмейтін Қазақстан Республикасының аумағындағы әуе кемелерінің қызметінде немесе әуе кемелерінің үлгілерінде қауіпсіз ұшуларды орындай алатын әуе кемесіне беріледі.

Арнайы ұшуға рұқсат Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемесінің ұшуға жарамдылығын сертификаттау және сертификат беру қағидаларына сәйкес 30 күнтізбелік күннен аспайтын мерзімге беріледі.

Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган арнайы ұшуға рұқсат беру кезінде оны пайдалануға қажетті шектеулерді белгілеуге құқылы. Арнайы ұшуды орындаған кезде әуе кемесінің бортында жолаушылар тасымалдауға тыйым салынады.

...............


Арнайы ұшуға рұқсат берудің негіздерін нақтылау мақсатында редакциялық айқындау






47-баптың

9-тармағы



47-бап. Әуе кемелерін пайдалануға рұқсат ету және ұшуға жарамдылықта ұстау
.............

9. Егер азаматтық әуе кемелерінде радиомен хабарлау аппаратурасы орнатылған болса, азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган осындай аппаратураны пайдалануға рұқсат береді.

...................


47-бап. Әуе кемелерін пайдалануға рұқсат ету және ұшуға жарамдылықта ұстау
.............

9. Егер азаматтық әуе кемелерінде радиомен хабарлау аппаратурасы орнатылған болса, азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемесінің ұшуға жарамдылығын сертификаттау және сертификат беру қағидаларына сәйкес осындай аппаратураны пайдалануға рұқсат береді.

.................


Редакциялық айқындау







47-баптың

11-тармағы



47-бап. Әуе кемелерін пайдалануға рұқсат ету және ұшуға жарамдылықта ұстау
.............

11. Әрбір әуе кемесінде борт журналы жүргізіледі, оған әуе кемесі туралы, әуе кемесін пайдалану процесінде анықталған ақаулар туралы деректер енгізіледі.

Борт журналының нысаны мен мазмұны Қазақстан Республикасының әуе кеңістігінде ұшудың негізгі қағидаларында белгіленеді.

..........



47-бап. Әуе кемелерін пайдалануға рұқсат ету және ұшуға жарамдылықта ұстау
.............

11. Әрбір әуе кемесінде борт журналы жүргізіледі, оған әуе кемесі туралы, әуе кемесін пайдалану процесінде анықталған ақаулар туралы деректер енгізіледі.

Борт журналының нысаны мен мазмұны тиісті авиация түрлерінде Қазақстан Республикасының ұшуды жүргізу қағидаларында белгіленеді.

................



Ұсынылып отырған ұшудың негізігі қағиадаларын алып тастауға байланысты әуе кемелерінің сыныптамасына қатысты ережелерді тиісті авиация түрлеріндегі ұшуды жүргізу қағидаларына көшіру ұсынылуда.







47-баптың

12-тармағы



47-бап. Әуе кемелерін пайдалануға рұқсат ету және ұшуға жарамдылықта ұстау
.............

12. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерінің мемлекеттік тізілімінен шығарылған азаматтық әуе кемесінің экспорты үшін ұшуға жарамдылықтың экспорттық сертификатын береді.



47-бап. Әуе кемелерін пайдалануға рұқсат ету және ұшуға жарамдылықта ұстау
.............

12. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемесінің ұшуға жарамдылығын сертификаттау және сертификат беру қағидаларына сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерінің мемлекеттік тізілімінен шығарылған азаматтық әуе кемесінің экспорты үшін ұшуға жарамдылықтың экспорттық сертификатын береді.


Редакциялық айқындау.






48-баптың

1-тармағы



48-бап. Азаматтық әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету және оларды жөндеу
..............

1. Азаматтық әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсетуді және оларды жөндеуді Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерін техникалық пайдалану және жөндеу қағидаларына сәйкес авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі сертификатталған ұйымдар, осы Заңның 54-бабына сәйкес берілген қолданыстағы куәлігі немесе шет мемлекет берген және осы Заңның 55-бабына сәйкес танылған куәлігі бар авиация персоналы жүргізеді.

..................


48-бап. Азаматтық әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету және оларды жөндеу
..............

1. Азаматтық әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсетуді және оларды жөндеуді Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерін техникалық пайдалану және жөндеу қағидаларына сәйкес авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі сертификатталған ұйымдар жүргізеді. Коммерциялық әуе тасымалдарын жүзеге асырмайтын жеңіл және аса жеңіл азаматтық әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсетуді және оларды жөндеуді, осы Заңның 54-бабына сәйкес берілген қолданыстағы куәлігі немесе шет мемлекет берген және осы Заңның 55-бабына сәйкес танылған куәлігі бар авиация персоналы орындайды.

..................


Қабылданған халықаралық тәжирибеге және ИКАО Ковенциясының 6-Қосымшасына (1 және 2-бөліктері) сәйкес



48-баптың

2-тармағының бірінші бөлігі



48-бап. Азаматтық әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету және оларды жөндеу
..............

2. Азаматтық әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету техникалық қызмет көрсету бағдарламалары (регламенттері) бойынша жүзеге асырылады.

..................


48-бап. Азаматтық әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету және оларды жөндеу
..............

2. Азаматтық әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету азаматтық әуе кемесін тіркеуші мемлекетпен бекітілген техникалық қызмет көрсету бағдарламалары (регламенттері) бойынша жүзеге асырылады.

..................


Конвенцияға 6-Қосымшаның 8.3.1.-тармағына сәйкес пайдаланушы тіркеуші мемлекет бекіткен техникалық қызмет көрсету жөніндегі бағдарламаның болуын қамтамасыз етеді.





48-баптың

5-тармағы



48-бап. Азаматтық әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету және оларды жөндеу
..............

5. Шет мемлекеттердің авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі сертификатталған ұйымдар техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жұмыстарына олардың сертификаттарын азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган танығаннан кейін жіберіледі. Шетелдік ұйымдардың авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі сертификаттарын танудың тәртібін азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган белгілейді.

6. Авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі сертификатталған ұйым әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету кезінде ұшу қауіпсіздігін басқару жөніндегі үлгі нұсқаулыққа сәйкес, орындалатын жұмыстың ауқымына және күрделілігіне қарай ұшу қауіпсіздігін басқару жүйесін енгізуге міндетті.


48-бап. Азаматтық әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету және оларды жөндеу
..............

5. Шет мемлекеттердің авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі сертификатталған ұйымдар техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жұмыстарына олардың сертификаттарын азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган танығаннан кейін жіберіледі. Шетелдік ұйымдардың авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі сертификаттарын танудың тәртібі Азаматтық авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі ұйымдарды сертификаттау және сертификат беру қағидаларында белгіленеді.

6. Авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі сертификатталған ұйым орындалатын жұмыстың ауқымына және күрделілігіне қарай ұшу қауіпсіздігін басқару жүйесін енгізуге міндетті.

Артық нормативтік құқықытық актілерді алып тастау мақсатында редакциялық айқындау.






48-баптың

6-тармағы



48-бап. Азаматтық әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету және оларды жөндеу
..............

6. Авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі сертификатталған ұйым әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету кезінде ұшу қауіпсіздігін басқару жөніндегі үлгі нұсқаулыққа сәйкес, орындалатын жұмыстың ауқымына және күрделілігіне қарай ұшу қауіпсіздігін басқару жүйесін енгізуге міндетті.

48-бап. Азаматтық әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету және оларды жөндеу
..............


Алып тасталсын

Осы норманың осы заңның 12-2-бабына (жаңа бап) ауыстыруға байланысты.






49-баптың

2-тармағы



49-бап. Әуе кемелерiне салынатын белгiлемелер
..............

2. Әуе кемелерiне мемлекеттiк және тiркелетін танылым белгiлерiнен басқа қосымша белгiлер (рәмiздер, жазбалар, эмблемалар) салынады.

Қосымша белгiлер әуе кемелеріне мемлекеттiк және тiркелетін танылым белгiлерiнiң көзбен көргенде танылуын қиындатпайтындай етiп салынады.

....................



49-бап. Әуе кемелерiне салынатын белгiлемелер
..............

2. Әуе кемелерiне мемлекеттiк және тiркелетін танылым белгiлерiнен басқа қосымша белгiлер (рәмiздер, жазбалар, эмблемалар) салынуы мүмкін.

Қосымша белгiлер әуе кемелеріне мемлекеттiк және тiркелетін танылым белгiлерiнiң көзбен көргенде танылуын қиындатпайтындай етiп салынады.

....................


Редакциялық айқындау.






51-баптың

1-тармағы





51-бап. Әуе кемесiн жалдау
1. Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерінің мемлекеттік тізілімінде тіркелген әуе кемесiнiң меншiк иесi болып табылатын Қазақстан Республикасының азаматтары немесе ұйымдары кемені экипажымен қоса немесе экипажсыз Қазақстан Республикасының пайдаланушысына немесе шетелдiк пайдаланушыға жалға беруге құқылы.

Қазақстан Республикасының пайдаланушысы Қазақстан Республикасының немесе шет мемлекеттің азаматтарына немесе ұйымдарына тиесілі әуе кемесін экипажымен қоса немесе экипажсыз жалға алуға құқылы.

...............


51-бап. Әуе кемесiн жалдау
1. Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерінің мемлекеттік тізілімінде тіркелген әуе кемесiнiң меншiк иесi болып табылатын Қазақстан Республикасының азаматтары немесе ұйымдары кемені экипажымен қоса немесе экипажсыз Қазақстан Республикасының пайдаланушысына немесе шетелдiк пайдаланушыға жалға беруге құқылы.

Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы Қазақстан Республикасы заңнамаларында көзделген талаптарға сай Қазақстан Республикасының пайдаланушысы Қазақстан Республикасының немесе шет мемлекеттің азаматтарына немесе ұйымдарына тиесілі әуе кемесін экипажымен қоса немесе экипажсыз жалға алуға құқылы.

............


Редакциялық айқындау.





51-баптың

1-1-тармағы (Жаңа тармақ)



51-бап. Әуе кемесiн жалдау

...........



Жоқ

.................




51-бап. Әуе кемесiн жалдау
............

1-1. Шет мемлекеттің ұйымына жататын әуе кемесін Қазақстан Республикасының пайдаланушысы экипажсыз жалға алуы немесе Қазақстан Республикасының әуе кемесін шетелдік пайдаланушының экипажсыз жалға алуы тек Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияның 83 bis –бабының шеңберінде азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган мен осы әуе кемесі тіркелген шет мемлекеттің құзыретті органы арасында жасалған келісім болған кезде ғана жүзеге асырылады. Мұндай келісім Халықаралық азаматтық авиация ұйымында (ИКАО) тіркелуге тиіс.

...........



ИКАО 8335 құжатының V-бөлімі 1-тарауына сәйкес соңғы жылдары әуе кемелерін жалға алу тәжірибесі кең өріс алды. Жалға алу келісімдердің үлкен бөлігі жеке адамадардың немесе авиакомпаниялардың бір мемлекетте тіркелген және басқа мемлекеттің пайдаланушысына жалға берілген әуе кемелеріне қатысты. «Құрғақ» жалға беру дегеніміз әуе кемелері жалғ алушының пайдаланушылық сертификатына сәйкес пайдаланылатын әуе кемелерін жалға беру. Әдетте бұл әуе кемені экипажсыз жалға беру, бұл ретте әуе кемесі жалға алушының жедел және коммерциялық бақылауында пайдаланылады және авиакомпанияның шарты белгілерін мен жалға алушының коммерциялық құқықтары қолданылады.

«Сулы» жалға беру әдетте әуе кемесі жалға берушінің пайдаланушылық сертификатына сәйкес пайдаланылатын әуе кемесін жалға беру. Әдетте бұл әуе кемені экипажымен жалға беру, бұл ретте әуе кемесі авиакомпанияның шарты белгілерін мен жалға алушының коммерциялық құқықтары қолданыла отырып жалға алушының коммерциялық бақылауында пайдаланылады.

«Құрғақ» жалға беру тәртібі ИКАО 8335 құжатының V-бөлімі 2-тарауымен регламентелген.

«Сулық» жалға беру тәртібі ИКАО 8335 құжатының V-бөлімі 3-тарауымен регламентелген.

Кейде «сулы» жалға беруді, егер пайдаланушы ақауы бар әуе кемесін алмастыруды қаласа және ондай тасымалды орындауға басқа пайдаланушымен келісім-шарт жасауға мәжбүр болса, қысқа мерзімге ұйымдастырады.

Қазақстан нарығында шетел тасымалдаушыларының экспанциясын болдырмау мақсатында және отандық тасымалдаушыларды қолдау мақсатында бір жылдың ішінде «сулы» жалға беруді 2 айдан асыпайтын мерзімге пайдалануға рұқсат етеледі.






51-баптың

1-2-тармағы (Жаңа тармақ)



51-бап. Әуе кемесiн жалдау

...........



Жоқ

.................




51-бап. Әуе кемесiн жалдау
............

1-2. Қазақстан Республикасының пайдаланушысының Қазақстан Республикасының азаматтары мен ұйымдарына жататын әуе кемесін экипажымен қоса жалға алуы келісім-шартың қолданыс мерзімінде пайдаланушы сертификатына (авиациялық жұмысты орындауға арналған куәлікке) енгізбестен жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасының пайдаланушысының шет мемлекеттің пайдаланушысына жататын әуе кемесін экипажымен қоса жалға алуы азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның рұқсаты бойынша бес әуе кемелеріне дейінгі паркі бар жалға алушы үшін бір әуе кемесінен артық емес және бес әуе кемелерінен асатын паркі бар жалға алушы үшін тұрақты және тұрақсыз ұшуларды жүзеге асыру үшін пайдаланылатын барлық әуе кемелер паркінің жиырма пайызынан аспайтын пропорцияда және пайдаланушы сертификатына енгізбестен бір жылдың ішінде екі айдан аспайтын мерзімге жол беріледі. Әуе кемесі жалға алушының пайдалануындағы әуе кемелерінің жолаушы сыйымдылығымен бірдей болуы тиіс.

Бұл ретте рейсті нақты қай тасымалдаушы орындайтындығы жөнінде жолаушылар хабарлануы тиіс.

Жалға алынған әуе кемесіне ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі талаптарға сәйкессіздік анықталған, жалға алушы немесе жалға беруші тараптан тиімді пайдаланушылық бақылау, не болмаса пайдаланушы сертификатын және ұшу жарамдылық сертификатын берген мемлекет тарапынан қадағалау болмаған жағдайда азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган Қазақстан Республикасының пайдаланушысынан әуе кемесін экипажымен қоса жалға алуға берген бұрынғы рұқсатын кез келген уақытта қайтарып алуға құқылы.

...........



ИКАО 8335 құжатының V-бөлімі 1-тарауына сәйкес соңғы жылдары әуе кемелерін жалға алу тәжірибесі кең өріс алды. Жалға алу келісімдердің үлкен бөлігі жеке адамадардың немесе авиакомпаниялардың бір мемлекетте тіркелген және басқа мемлекеттің пайдаланушысына жалға берілген әуе кемелеріне қатысты. «Құрғақ» жалға беру дегеніміз әуе кемелері жалғ алушының пайдаланушылық сертификатына сәйкес пайдаланылатын әуе кемелерін жалға беру. Әдетте бұл әуе кемені экипажсыз жалға беру, бұл ретте әуе кемесі жалға алушының жедел және коммерциялық бақылауында пайдаланылады және авиакомпанияның шарты белгілерін мен жалға алушының коммерциялық құқықтары қолданылады.

«Сулы» жалға беру әдетте әуе кемесі жалға берушінің пайдаланушылық сертификатына сәйкес пайдаланылатын әуе кемесін жалға беру. Әдетте бұл әуе кемені экипажымен жалға беру, бұл ретте әуе кемесі авиакомпанияның шарты белгілерін мен жалға алушының коммерциялық құқықтары қолданыла отырып жалға алушының коммерциялық бақылауында пайдаланылады.

«Құрғақ» жалға беру тәртібі ИКАО 8335 құжатының V-бөлімі 2-тарауымен регламентелген.

«Сулық» жалға беру тәртібі ИКАО 8335 құжатының V-бөлімі 3-тарауымен регламентелген.


Кейде «сулы» жалға беруді, егер пайдаланушы ақауы бар әуе кемесін алмастыруды қаласа және ондай тасымалды орындауға басқа пайдаланушымен келісім-шарт жасауға мәжбүр болса, қысқа мерзімге ұйымдастырады.

Қазақстан нарығында шетел тасымалдаушыларының экспанциясын болдырмау мақсатында және отандық тасымалдаушыларды қолдау мақсатында бір жылдың ішінде «сулы» жалға беруді 2 айдан асыпайтын мерзімге пайдалануға рұқсат етеледі.





51-баптың

3-тармағы



51-бап. Әуе кемесiн жалдау
...............

3. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган мен Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияға сәйкес шетелдік пайдаланушы тіркелген шет мемлекеттің құзыретті органы арасында жасалған келісім болмаса, Қазақстан Республикасының әуе кемесін шетелдік пайдаланушыға экипажсыз жалға беруге жол берілмейді. Мұндай келісім Халықаралық азаматтық авиация ұйымында (ИКАО) тіркелуге тиіс.

..........



51-бап. Әуе кемесiн жалдау
............
Алып тасталсын



Жаңа 1-1 – тармақпен толықтыру енгізуге байланысты




51-баптың

4-тармағы



51-бап. Әуе кемесiн жалдау
...............

4. Шетелдік пайдаланушыға экипажсыз жалға берілген Қазақстан Республикасы әуе кемесінің пайдаланылуын бақылау және қадағалау осы баптың 3-тармағында көрсетілген келісімнің негізінде жүзеге асырылады.

51-бап. Әуе кемесiн жалдау
............
Алып тасталсын



Жаңа 1-1 – тармақпен толықтыру енгізуге байланысты




53-баптың

2-тармағы



53-бап. Авиация персоналының сыныптамасы
.............

2. Азаматтық, мемлекеттiк және эксперименттік авиация персоналы лауазымдарының тiзбелерi азаматтық және мемлекеттік авиация саласындағы уәкілетті органдардың бірлескен бұйрығымен белгіленеді. 

..............


53-бап. Авиация персоналының сыныптамасы
.............

2. Мемлекеттiк авиация персоналы лауазымдарының тiзбелерi мемлекеттік авиация саласындағы уәкілетті органның бұйрығымен белгіленеді. 

..............


Еңбек кодексінің 138-1, 138-2, 138-3 – баптарына сәйкес ұлттық біліктілік шеңбері бекітіледі және оның негізінде салалық біліктілік шеңберлері әзірленеді. Салаық біліктілік шеңберлерінің негізінде азаматтық аваиция ұйымдары авиация персоналының лауазымын еркін айқындайды.

ИКАО 1-Қосымшасының 1.2.-тармағында куәлік берілетін авиация персоналы лауазымдарының тізбесі көрсетілген.





54-баптың

1-тармағы




54-бап. Азаматтық авиацияның авиация персоналын кәсіптік даярлау және қызмет түрлеріне жіберу
1. Азаматтық авиацияның авиация персоналын кәсіптік даярлау бастапқы даярлауды, қайта даярлауды және кәсіптік деңгейде ұстауды қамтиды.

Авиация персоналын бастапқы даярлау және қайта даярлау авиациялық оқу орталықтарында жүзеге асырылады.

Кәсіптік деңгейін ұстау авиациялық оқу орталықтарында және (немесе) азаматтық авиация ұйымдарында жүзеге асырылады.

Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган авиация персоналының біліктілік деңгейін айқындауға құқығы бар жеке тұлғалардың тізбесін айқындайды. Мұндай адамдар азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган белгілейтін біліктілік талаптарына сәйкес келуі тиіс.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   17


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет