Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне


жылғы 3 шiлдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi



жүктеу 3.3 Mb.
бет2/17
Дата21.04.2019
өлшемі3.3 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17

2. 2014 жылғы 3 шiлдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi




293-баптың

4 -тармағы



(Жаңа тармақ)

293-бап. Бұзақылық
.....................


Жоқ

293-бап. Бұзақылық
.....................

4. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әуе кемесін жермен жүру, биіктікті алу, қонуға бет алу кезеңдерінде әуе кемесін пайдалану қауіпсіздігіне қауіп төндіретін лазер сәулесінің көмегімен бұзақылық ниетпен жасаған іс-әрекеттер, -

екі мың айлық есептік көрсеткішке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.


Қазіргі уақытта кең таралған құқық бұзушылықтың бірі қонуға кірген немесе ұшуға көтеріліп бара жатқан ұшаққа лазер сәулесінің көмегімен қасақана шабуыл жасаумен жүргізілетін – «ұшақты лазермен шабуылдау» деп аталатын бұзушылық болып отыр, бұл кемегеде, және экипаждыңда, және жолаушылардыңда, жүктіңде қауіпсіздігіне тікелей қауіп төндіреді. Алайда Қазақстанда осы құқық бұзушылық қоғамдық қауіптіліктің аса жоғары деңгейіне ие болғанымен және тіпті зиянды салдарлардың туындауы болмаса да жазалануға тиіс болғанымен әкімшілік құқық бұзушылық не қылмыс ретінде де әлі сараланған жоқ.



293-баптың

5-тармағы



(Жаңа тармақ)

293-бап. Бұзақылық
.....................

Жоқ

293-бап. Бұзақылық
.....................

5. Абайсызда адам өлiмiне немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соққан дәл сол іс-әрекет –

он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Лазерлік бұзақылық бойынша түзетулер енгізуге байланысты және абайсызда адам өлiмiне немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соқтырғаны үшін жауаптылықты бекіту мақсатында.

10 жылға дейінгі ғана бас бостандығынан айыру ұсынылып отыр, өйткені лазерлік бұзақылықпен негізінен кәмелет жасқа толмағандар айналысады, оларға 81-баптың 7-тармағына сәйкес 10 жылдан асатын мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын қолдануға болмайды.



3. 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі



563-баптың

1-тармағының

4) тармақшасы


563-бап. Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану тәртібін бұзу
1. Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану, атап айтқанда әуе кемелерінің және басқа да ұшу аппараттарының ұшуы, Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiнде атыстың, зымырандар ұшырудың барлық түрлерiн өткiзу, жарылыс жұмыстары және материалдық объектiлердiң қозғалуымен байланысты өзге де қызметтi жүзеге асыру тәртiбiн:

..........



4) мәжбүрлі түрде қону және қосалқы әуеайлаққа жіберу жағдайларынан басқа, әуе кемелерінің ұшу жоспарында көрсетілмеген әуеайлаққа қонуы;

..................



563-бап. Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану тәртібін бұзу
1. Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану, атап айтқанда әуе кемелерінің және басқа да ұшу аппараттарының ұшуы, Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiнде атыстың, зымырандар ұшырудың барлық түрлерiн өткiзу, жарылыс жұмыстары және материалдық объектiлердiң қозғалуымен байланысты өзге де қызметтi жүзеге асыру тәртiбiн:

............


Алып тасталсын

....................



Ұшу қауіпсіздігі мен мемлекеттік қауіпсіздікті қамтамасыз етудің нақты аражігін ажырату қажет.

«Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңының 27-бабына сәйкес мәні бойынша мемлекеттік қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған, өйткені рұқсат етілмеген әуе кеңістігін пайдалану тек ұшу қауіпсіздігіне қауіп төндіріп қана қоймай, неғұрлым кең алғанда мемлекеттің қорғаудағы заңды мүдделерін бұзады, мысалы, қорғаудағы объектілердің үстіндегі тыйым салынған аймақта ұшып өту, террорлық шабуыл жасау мүмкіндігі бар ұшқышсыз аппараттардың ұшулары. Осыған байланысты тек ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысты нормаларды алып тастауға ұсыныс енгізіліп отыр, атап айтқанда:


1) әуе кемелерінің ұшу жоспарында көрсетілмеген әуеайлаққа қонуы;

2) әуе кемелерінің тік, ұзына бойына, қапталдан эшелондауды сақтамауы;

3) әуе кеңістігін пайдаланушылардың әуе қозғалысына қызмет көрсету немесе әуе қозғалысын басқару органдарының командаларын орындамауы.


Бұл авиациялық оқиғалар Авиациялық оқиғалар мен инциденттерді тексеру қағидаларында белгіленген тәртіпте текреу жүргізілуі тиіс.



563-баптың

1-тармағының

6) тармақшасы


563-бап. Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану тәртібін бұзу
1. Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану, атап айтқанда әуе кемелерінің және басқа да ұшу аппараттарының ұшуы, Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiнде атыстың, зымырандар ұшырудың барлық түрлерiн өткiзу, жарылыс жұмыстары және материалдық объектiлердiң қозғалуымен байланысты өзге де қызметтi жүзеге асыру тәртiбiн:

.........

6) ұшу қауіпсіздігіне анық қатер төну және авиациялық оқиғаны болғызбау жағдайларын қоспағанда, әуе кемелерінің тік, ұзына бойына, қапталдан эшелондауды сақтамауы, әуе трассаларынан, жергілікті әуе желілерінен, маршрут осьтерінен белгіленген нормалардан артық қашықтыққа ауытқуы;

.....................



563-бап. Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану тәртібін бұзу
1. Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану, атап айтқанда әуе кемелерінің және басқа да ұшу аппараттарының ұшуы, Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiнде атыстың, зымырандар ұшырудың барлық түрлерiн өткiзу, жарылыс жұмыстары және материалдық объектiлердiң қозғалуымен байланысты өзге де қызметтi жүзеге асыру тәртiбiн:

..........

6) ұшу қауіпсіздігіне анық қатер төну және авиациялық оқиғаны болғызбау жағдайларын қоспағанда, әуе трассаларынан, маршрут осьтерінен белгіленген нормалардан артық қашықтыққа ауытқуы;
....................


Ұшу қауіпсіздігі мен мемлекеттік қауіпсіздікті қамтамасыз етудің нақты аражігін ажырату қажет.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет