Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне



жүктеу 3.3 Mb.
бет8/17
Дата21.04.2019
өлшемі3.3 Mb.
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   17

Іс-қимылдары жоспарында көрсетілген мерзімдер азаматтық авиация пайдаланушысы немесе ұйымы оларды өзгерту қажеттігі туралы негіздемені ұсынған жағдайда азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органмен ұзартылуы мүмкін.

...............



Редакциясын жақсарту мақсатында.

Редакциясын жақсарту мақсатында.





16-3-баптың

7-тармағы



 16-3-бап. Тұрақты қадағалауды жүзеге асыру кезінде анықталған, белгіленген талаптарды бұзушылықтар деңгейі және бұзушылықтарды жою жөніндегі шаралар
................

7. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган азаматтық авиация пайдаланушысының немесе ұйымының түзету іс-қимылдарының жоспарын ұсынуын және (немесе) жоспарда белгіленген мерзімдерде түзету іс-қимылдарын орындауын бақылайды.



Көрсетілген жоспар азаматтық авиация пайдаланушысы немесе ұйымы инспекторлық нұсқаманы алған кезден бастап он күндік мерзімде азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға ұсынылуы тиіс.

................



16-3-бап. Тұрақты қадағалауды жүзеге асыру кезінде анықталған, белгіленген талаптарды бұзушылықтар деңгейі және бұзушылықтарды жою жөніндегі шаралар
...............

7. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган азаматтық авиация пайдаланушысының немесе ұйымының түзету іс-қимылдарының жоспарын ұсынуын және (немесе) жоспарда белгіленген мерзімдерде түзету іс-қимылдарын орындауын, қажет болған жағдайда инспекциялық тексеру жүргізу жолымен, бақылайды.



Егер азаматтық авиация пайдаланушысы немесе ұйымы тиімді түзету іс-қимылдарының жоспарын ұсынбаса және (немесе) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган қабылдаған немесе ұзартқан мерзімдерде түзету іс-қимылдарын орындамаса екінші деңгейдегі бұзушылықтар бірінші деңгейдегі бұзушылықтарға айналады және осы баптың 5-тармағында көзделген шаралар қабылданады.

...............


ИКАО ұсынымдарына сәйкестікке келтіру мақсатында редакциялық нақтылау.


Азаматтық авиацияның пайдаланушылары мен ұйымдарының заңнама талаптарын сақтамауыныі салдарын белгілеу мақсатында.




16-4-баптың атауы

16-4-бап. Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуді бақылау


16-4-бап. Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуді және авиациялық қауіпсіздікті бақылау


Редакциялық айқындау



16-4-баптың 1-тармағы

16-4-бап. Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуді бақылау
1. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган қызметі азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның сертификаттауына жатпайтын, бірақ осы Заңның 10-2-бабында көзделген қызметке жататын жеке және (немесе) заңды тұлғалардың ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуіне бақылауды жүзеге асырады.

16-4-бап. Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуді және авиациялық қауіпсіздікті бақылау
1. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган қызметі азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның сертификаттауына жатпайтын, бірақ осы Заңның 10-2-бабында көзделген қызметке жататын жеке және (немесе) заңды тұлғалардың ұшу қауіпсіздігін және авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуіне бақылауды жүзеге асырады.

Редакциялық айқындау



16-4-баптың

2-тармағының бірінші және екінші бөліктері



16-4-бап. Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуді бақылау
..............

2. Бақылау жеке және (немесе) заңды тұлғаларды жоспарлы және жоспардан тыс тексеру, әуе кемелерінің ұшу қауіпсіздігі талаптарын сақтаудағы олардың қызметін бақылау және талдау арқылы жүзеге асырылады.

Жоспарлы тексерулерді жүргізу тексеру парақтарының негізінде және тексеру жоспарында белгіленген мерзімдерде жүзеге асырылады.

.................



16-4-бап. Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуді және авиациялық қауіпсіздікті бақылау
..............

2. Бақылау жеке және (немесе) заңды тұлғаларды жоспарлы және жоспардан тыс тексеру, әуе кемелерінің ұшу қауіпсіздігі талаптарын сақтаудағы олардың қызметін бақылау және талдау, сондай-ақ авиациялық қауіпсіздігіне шолу және авиациялық қауіпсіздік жүйесіне сынақ жүргізу арқылы жүзеге асырылады.

Жоспарлы тексерулерді жүргізу нұсқамалық материалдарды пайдалана отырып және тексеру жоспарында белгіленген мерзімдерде жүзеге асырылады.

................



Халықаралық азаматтық авиация туралы Конвенцияның 17-қосымшасына және Авиациялық қауіпсіздік жөніндегі нұсқаулыққа (DOC 8973/8) сәйкестікке келтіру мақсатында

Ұшу қауіпсіздігін және авиациялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бақылау жүйесінің тиімділігі, сондай-ақ ұлттық және халықаралық стандартардың сақталуы техникалық экспеттерге өздерінің нақты функцияларын қалай орындалатынын көрсететін нұсақамалық материалдармен қаматмасыз етілуі тиіс. ИКАО Қосымшалардың ережелерін орындауда мемлекеттерге көмек көрсету үшін техникалық нұсақамалық материалдарды дайрлады және жариалады.





16-5-баптың

1-тармағының бірінші бөлім




16-5-бап. Шетелдік пайдаланушылардың азаматтық әуе кемелерін перрондық тексерулер
1. Шетелдік пайдаланушылардың азаматтық әуе кемелерін перрондық тексерулерді Халықаралық азаматтық авиация ұйымы (ИКАО) стандарттарының негізінде әзірленген, нысанын азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган бекітетін тексеру парақтары негізінде мемлекеттік авиация инспекторлары жүзеге асырады.

................




16-5-бап. Шетелдік пайдаланушылардың азаматтық әуе кемелерін перрондық тексерулер
1. Шетелдік пайдаланушылардың азаматтық әуе кемелерін перрондық тексерулерді Халықаралық азаматтық авиация ұйымы (ИКАО) стандарттарының негізінде азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган әзірлейтін және бекітетін нұсқамалық материалдарды пайдалана отырып мемлекеттік авиация инспекторлары жүзеге асырады.

..............




Бұл бап ИКАО нұсқаулықтары:

1) Пайдаланушылық инспекция, сертификаттау және тұрақты қадағалау рәсімдері жөніндегі нұсқаулық (Док. 8335);

2) Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бақылауды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулық (Док. 9734 часть А) талаптарын талаптарын сақтау мақсатында жаңа редакцияда жазылған.

Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бақылау жүйесінің тиімділігі мен ұлттық және халықаралық стандартардың сақталуы техникалық экспеттерге өздерінің нақты функцияларын қалай орындалатынын көрсететін нұсақамалық материалдармен қаматмасыз етілуә тиіс. ИКАО Қосымшалардың ережелерін орындауда мемлекеттерге көмек көрсету үшін техникалық нұсақамалық материалдарды дайрлады және жариалады.





16-5-баптың

5-тармағының 3) тармақшасы



16-5-бап. Шетелдік пайдаланушылардың азаматтық әуе кемелерін перрондық тексерулер
..................

5. Шетелдік пайдаланушылардың азаматтық әуе кемелеріне инспекциялауды жүргізу барысында анықталған бұзушылықтар мынадай түрде сыныпталады:

..........

3) бірінші санаттағы бұзушылық – ұшу қауіпсіздігіне болмашы әсері бар пайдаланушы сертификатының белгіленген шарттары мен пайдаланудағы шектеулерді бұзу.

Бұзушылықтарды осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген санаттарға жатқызу шарттары тексеру парағымен айқындалады.

...............



16-5-бап. Шетелдік пайдаланушылардың азаматтық әуе кемелерін перрондық тексерулер
..............

5. Шетелдік пайдаланушылардың азаматтық әуе кемелеріне инспекциялауды жүргізу барысында анықталған бұзушылықтар мынадай түрде сыныпталады:

..............

3) бірінші санаттағы бұзушылық – ұшу қауіпсіздігіне болмашы әсері бар пайдаланушы сертификатының белгіленген шарттары мен пайдаланудағы шектеулерді бұзу.

Бұзушылықтарды осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген санаттарға жатқызу шарттары нұсқамалық материалмен айқындалады.

...............


Редакциялық нақтылау.







16-5-бап

6-тармақ


16-5-бап. Шетелдік пайдаланушылардың азаматтық әуе кемелерін перрондық тексерулер
..................

6. Үшінші санаттағы бұзушылықты анықтаған жағдайда, азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның:



1) әуе кемесін пайдалануға шектеу қоюға не Қазақстан Республикасының аумағында әуе кемесін пайдалануға дереу тыйым салуды енгізуге не анықталған бұзушылықтарды жою бойынша шұғыл түзету іс-қимылдарын қабылдауды талап етуге не әуе кемесін жерде кідіртуге;

2) перрондық тексерудің нәтижелері туралы пайдаланушыға жазбаша түрде хабар беруге және қабылданған түзету іс-қимылдары бойынша дәлелді талап етуге;

3) пайдаланушы тіркелген мемлекет пен әуе кемесі тіркелген және ұшу экипажы куәлігін берген мемлекеттің құзыретті органдарына хабарлауға, сондай-ақ пайдаланушы қабылдаған түзету іс-қимылдарын келісу туралы құзыретті органдардан растауды сұратуға құқығы бар.

..................



16-5-бап. Шетелдік пайдаланушылардың азаматтық әуе кемелерін перрондық тексерулер
..............

6. Үшінші санаттағы бұзушылықты анықтаған жағдайда, азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган:



1) анықталған сәйкессіздіктер туралы пайдаланушыға жазбаша түрде хабар береді және қабылданған түзету іс-қимылдары бойынша дәлелді талап етеді;

2) пайдаланушы мемлекетінің құзыретті органдарына, қажет болған жағдайда әуе кемесі тіркелген және ұшу экипажы куәлігін берген мемлекетке хабарлауға, сондай-ақ пайдаланушы қабылдаған түзету іс-қимылдарын келісу туралы құзыретті органдардан растауды сұратуға құқығы бар;

3) әуе кемесін пайдалануға шектеу қояды не Қазақстан Республикасының аумағында әуе кемесін пайдалануға дереу тыйым салуды енгізуге не анықталған бұзушылықтарды жою бойынша шұғыл түзету іс-қимылдарын қабылдауды талап етеді не осы баптың 7-тармағының талаптарына сәйкес әуе кемесін жерде кідіртеді.

...................



Түзетулер азаматтық авиция саласындағы уәкілетті органның іс-әрекетінің бірізділігін ескере отырып редакциясын жақсарту мақсатында енгізілуде.






16-6-баптың

1-тармағы




16-6-бап. Мемлекеттік авиация инспекторы
1. Азаматтық және эксперименттік авиация саласында мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыруға уәкілетті азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның лауазымды адамы мемлекеттік авиация инспекторы болып табылады.

Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру кезінде мемлекеттік авиация инспекторының қызметіне жеке және (немесе) заңды тұлғалардың, мемлекеттік органдардың араласуына жол берілмейді.

.................


16-6-бап. Мемлекеттік авиация инспекторы
1. Азаматтық және эксперименттік авиация саласында мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыруға уәкілетті азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның лауазымды адамы мемлекеттік авиация инспекторы болып табылады. Мемлекеттік авиация инспекторларының санатына:

бас мемлекеттік авиация инспекторы;

аға мемлекеттік авиация инспекторы;

мемлекеттік авиация инспекторы жатады.

Лауазымды адамдарды мемлекеттік авиация инспекторының санатына жатқызу тәртібін азаматтық авиация саласында басқаруды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган айқындайды.

Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру кезінде мемлекеттік авиация инспекторының қызметіне жеке және (немесе) заңды тұлғалардың, мемлекеттік органдардың араласуына жол берілмейді.

.................

Мемлекеттік авиациялық инспекторлардың санатын заңнамамен айқындау мақсатында.






16-6-баптың

2-тармағының

3-1) тармақшасы (Жаңа тармақша),



16-6-бап. Мемлекеттік авиация инспекторы
...............

2. Мемлекеттік авиация инспекторларының өз міндеттерін орындау кезінде:

................

Жоқ

.................



16-6-бап. Мемлекеттік авиация инспекторы
..............

2. Мемлекеттік авиация инспекторларының өз міндеттерін орындау кезінде:

................

3-1) анықталған сәйкессіздіктерді тиісті түрде жойғанға дейін инспекциялаудағы азаматтық авиация пайдаланушысының немесе ұйымының және (немесе) авиация персоналының нақты әрекетін дереу тоқтатуға, соның ішінде ұшу қауіпсіздігіне қауіп төндіретін азаматтық әуе кемесінің ұшуды орындауына тыйым салуға;

.................



Егер авиациялық персоналдың қызметі немесе әуе кемесін пайдалану ұшудың қауіпсіздігіне тікелей қауіп төндіретін болса, мемлекеттік авиациялық инспекторлар жоспарлы немесе жоспардан тыс тексеру нәтижелері бойынша әуе кемесін пайдалануды немесе авиациялық персоналдың қызметін шұғыл тоқтата туруға құқықтарын бекіту ИКАО стандартары мен ұсынылатын практикасының талаптарынан туындайды.



16-6-баптың

2-тармағының

3-2) тармақшасы (Жаңа тармақша),



16-6-бап. Мемлекеттік авиация инспекторы
...............
Жоқ

.................



16-6-бап. Мемлекеттік авиация инспекторы
..............

3-2) инспекциялық тексеріс кезінде инспекциялаудағы азаматтық авиация пайдаланушысының немесе ұйымының қызметіне кедергі келтірместен, аудио-, фото- және бейнетехника құралдарының қолдануға;

.................



Инспекциялық тексеріс кезінде инспекциялаудағы азаматтық авиация пайдаланушысының немесе ұйымының және (немесе) авиация персоанлының қызметіне кедергі келтірместен, аудиотехника және бейнетехника құралдарының қолдану құқықтарын бекіту ИКАО стандартары мен ұсынылатын практикасының талаптарынан туындайды.



16-6-баптың

3-тармағының

5) тармақшасы



16-6-бап. Мемлекеттік авиация инспекторы
...............

3. Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуына бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру кезінде мемлекеттік авиация инспекторлары:

...............

5) авиация персоналы куәлігінің, кеме, ұшу құжаттамасының, сертификаттардың, рұқсаттардың және берілуі осы Заңда көзделген құжаттардың болуын, сондай-ақ шетелдік кемелерді қоса алғанда, азаматтық әуе кемелерінің Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерінің ұшуға жарамдылығы талаптарына және тексеру парағына сәйкес Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) стандарттарына сәйкестігін тексеруге міндетті.

.................


16-6-бап. Мемлекеттік авиация инспекторы
..............

3. Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуына бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру кезінде мемлекеттік авиация инспекторлары:

..............

5) авиация персоналы куәлігінің, кеме, ұшу құжаттамасының, сертификаттардың, рұқсаттардың және берілуі осы Заңда көзделген құжаттардың болуын, сондай-ақ шетелдік кемелерді қоса алғанда, азаматтық әуе кемелерінің Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерінің ұшуға жарамдылығы талаптарына және Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) стандарттарына сәйкестігін тексеруге міндетті.

.................

Енгізілетін өзгерістерге байланысты редакциялық айқындау.





16-8-бап

(Жаңа бап)


Жоқ

16-8-бап. Белгілі бір функциялар мен міндеттерді беру туралы келісім
1. Конвенцияның 83 bis-бабына сәйкес жасалған келісімнің негізінде азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган әуе кемесі тіркелген мемлекет ретінде белгілі бір функциялар мен міндеттерді бұл әуе кемесі экипажсыз пайдаланылатын шет мемлекеттің құзыретті органдарына беруге, сондай-ақ Қазақстан Республикасы пайдаланушысының оны экипажсыз пайдалануы кезінде әуе кемесі тіркелген мемлекеттің оған берген функциялары мен міндеттерін қабылдауға құқылы.

Осы тармақтың қолданыс күші тиетін пайдаланушылар мемлекеттердің құзыретті органдары арасында жасалған функциялар мен міндеттерді беру туралы келісімнің куәландырылған дәл көшірмесін оның барлық қолданыс мерзімі ішінде әуе кемесінің бортында ұстауға міндетті.

2. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган Конвенцияның 83 bis-бабына сәйкес пайдаланушының мемлекеті берген немесе растаған ұшу жарамдылығы куәлігін (сертификатын), радиоаппаратураны пайдалануға рұқсатын және экипаж мүшелерінің куәліктерін жарамды деп таниды.

3. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган шет мемлекеттің құзыретті органдарымен жасасқан келісімдері Конвенцияның 83 bis-бабына сәйкес ИКАО-да тіркеуге жатады.

Халықаралық азаматтық авиация конвенциясының (Чикаог, 1944) 83 bis-бабына сәйкестікке келтіру мақсатында.



17-баптың

1-тармағы




17-бап. Әуе кеңiстiгiн пайдалануды ұйымдастыру негiздерi
1. Әуе кеңiстiгiн пайдалануды ұйымдастыру әуе кемелерінің ұшуын (әуе қозғалысын) қауiпсiз, үнемдi және тұрақты орындауды, сондай-ақ әуе кеңiстiгiн пайдалануға байланысты қызметтi қамтамасыз етудi көздейдi.

Әуе кеңiстiгiн пайдалануды ұйымдастыру:

1) әуе кеңiстiгiнiң құрылымын белгiлеуді;

2) осы Заңның 25-бабында белгiленген басымдықтарға сәйкес әуе кеңiстiгiн пайдалануды жоспарлауды және үйлестiруді;

3) бақыланатын әуе кеңiстiгiн пайдаланудың рұқсат беру тәртiбiн айқындауды және қамтамасыз етуді;

4) бақыланбайтын әуе кеңiстiгiн пайдаланудың хабарламалық тәртiбiн айқындауды және қамтамасыз етуді;

5) әуе қозғалысын ұйымдастыруды, олар:

әуе қозғалысына қызмет көрсетуді (аэронавигациялық қызмет көрсетуді), әуе қозғалысын басқаруды;

әуе қозғалысының ағындарын ұйымдастыруды;

әуе қозғалысына қызмет көрсетудi қамтамасыз ету, әуе қозғалысын басқару мақсатында әуе кеңiстiгiн ұйымдастыруды және әуе қозғалысының ағындарын ұйымдастыруды білдіреді;

6) Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану қағидаларының сақталуын бақылауды және қадағалауды қамтиды.

.....................



17-бап. Әуе кеңiстiгiн пайдалануды ұйымдастыру негiздерi
1. Әуе кеңiстiгiн пайдалануды ұйымдастыру әуе кемелерінің ұшуын (әуе қозғалысын) қауiпсiз, үнемді және тұрақты орындауды, сондай-ақ әуе кеңiстiгiн пайдалануға байланысты қызметті қамтамасыз етуді көздейді.

Әуе кеңiстiгiн пайдалануды ұйымдастыру:

1) Әуе кеңiстiгiнiң құрылымы мен сыныптамасын айқындауды;

2) осы Заңның 25-бабында белгіленген басымдықтарға сәйкес әуе кеңiстiгiн пайдалануды жоспарлауды және үйлестіруді;

3) әуе кеңiстiгiн пайдаланудың рұқсат беру не хабарламалық тәртiбiн айқындауды және қамтамасыз етуді;

4) әуе қозғалысын ұйымдастыруды, олар:

әуе қозғалысына қызмет көрсетуді (аэронавигациялық қызмет көрсетуді), әуе қозғалысын басқаруды;

әуе қозғалысының ағындарын ұйымдастыруды;

5) Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану қағидаларының сақталуын бақылауды және қадағалауды;

6) аэронавигациялық ақпаратпен қамтамасыз етуді;

7) метеорологиялық қамтамасыз етуді;

8) байланысты, навигация мен бақылауды қамтамасыз етуді қамтиды.
............

Редакциялық жақсарту.

Әуе кеңістігін қауіпсіз пайдалануға арналған қызмет түрлерін көрсету.




17-баптың

2-тармағы




17-бап. Әуе кеңiстiгiн пайдалануды ұйымдастыру негiздерi
..............

2. Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану қағидаларын оның пайдаланушыларының барлығы өздерінің жауапкершілігі аймақтары шегінде сақтауын қамтамасыз етуді:

1) әуе трассаларында, жергілікті әуе желілерінде және әуеайлақтар аумағында - азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға анықталған бұзушылықтар туралы хабарлай отырып, аэронавигациялық ұйымның әуе қозғалысына қызмет көрсету органдары;

2) мемлекеттік авиация ұшуының арнайы аймақтары мен басқа да аудандарында - әуе қозғалысын басқару органдары;

3) әуе трассаларынан және жергілікті әуе желілерінен тыс, әуе кеңістігінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан ұшып өту кезінде аэронавигациялық ұйымның әуе қозғалысын басқару органдары немесе әуе қозғалысына қызмет көрсету органдары мемлекеттік авиация саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша жүзеге асырады.

.......................


17-бап. Әуе кеңiстiгiн пайдалануды ұйымдастыру негiздерi
...............

Алып тасталсын

.....................



Әуе кеңістігін пайдалану қағидаларының сақталуын қамтамасыз ету тетіктері Әуе кеңістігін пайдалану қағидаларының өзінде ескерту ұсынылады.





17-баптың

3-тармағы



17-бап. Әуе кеңiстiгiн пайдалануды ұйымдастыру негiздерi
..............

3. Әуе кеңiстiгiн пайдалануды ұйымдастыруды азаматтық авиация және мемлекеттік авиация салаларындағы уәкiлеттi органдар, сондай-ақ осы Заңда және Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану қағидаларында айқындалған тәртiппен олар үшiн белгiленген аймақтар мен аудандарда әуе қозғалысына қызмет көрсету және әуе қозғалысын басқару органдары жүзеге асырады.

.................


17-бап. Әуе кеңiстiгiн пайдалануды ұйымдастыру негiздерi

...............

3. Әуе кеңiстiгiн пайдалануды ұйымдастыруды азаматтық авиация және мемлекеттік авиация салаларындағы уәкiлеттi органдар, сондай-ақ осы Заңда және Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану қағидаларында айқындалған тәртiппен олар үшiн белгiленген аймақтар мен аудандарда әуе қозғалысына қызмет көрсету және әуе қозғалысын басқару органдары жүзеге асырады. Әуе кеңістігін икемді пайдалануды қамтамасыз ету үшін азаматтық-әскери үйлестірілімнің қағидаттары мен тәртібі Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану қағидаларында белгіленеді.

..............


«Әуе қозғалысын ұйымдастыру кезінде азаматтық және әскери органдардың ынтымақтастығы» ИКАО 330 AN циркулярының ережелерін енгізу мақсатында.






17-баптың

4-1-тармағы



(Жаңа тармақ)

17-бап. Әуе кеңiстiгiн пайдалануды ұйымдастыру негiздерi
..............

Жоқ

.................



17-бап. Әуе кеңiстiгiн пайдалануды ұйымдастыру негiздерi
..............

4-1. Әуе қозғалысының ағындарын ұйымдастыруды, әуе қозғалысына қызмет көрсетуші органның өтінім берілген өткізу қабілетігін ескере отырып азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның ведомстволық бағынысындағы  мемлекеттік кәсіпорын болып табылатын аэронавигациялық ұйым жүзеге асырады.

.................


Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияға 11-қосымшасының «Әуе қозғалысына қызмет көрсету» 3.7.5.3 стандартын іске асыру мақсатында





17-баптың

4-2-тармағы



(Жаңа тармақ)

17-бап. Әуе кеңiстiгiн пайдалануды ұйымдастыру негiздерi
..............

Жоқ

.................



17-бап. Әуе кеңiстiгiн пайдалануды ұйымдастыру негiздерi
..............

4-2. Әуе қозғалысына қызмет көрсету қажеттілігі азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган бекітетін әуе қозғалысына қызмет көрсетуга қажеттілікті бағалау әдістемесіне сәйкес және:

1) тиісті әуе қозғалысының үлгілерін;

2) әуе қозғалысының қарқындылығын;

3) метеорологиялық жағдайды;

4) осы аудан немесе осы жер үшін қатысы болуы мүмкін басқада факторларды ескере отырып айқындалады.

..............



Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияға 11-қосымшасының «Әуе қозғалысына қызмет көрсету» 2.4.1 стандартын іске асыру мақсатында



17-баптың

5-тармағы



17-бап. Әуе кеңiстiгiн пайдалануды ұйымдастыру негiздерi
..............

5. Мемлекеттiк және (немесе) эксперименттік авиация ұшуының арнайы аймақтары мен аудандарын, сондай-ақ сыныпталмайтын әуеайлақтардың аудандарын қоспағанда, Қазақстан Республикасының бақыланатын әуе кеңiстiгiнде әуе қозғалысына қызмет көрсетудi азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның ведомстволық бағынысындағы мемлекеттік кәсіпорын болып табылатын аэронавигациялық ұйым жүзеге асырады.

Жекелеген әуеайлақтардың ауданында әуе қозғалысына қызмет көрсетудi жеке меншік нысандағы аэронавигациялық ұйым жүзеге асыруы мүмкін.

.......................



17-бап. Әуе кеңiстiгiн пайдалануды ұйымдастыру негiздерi
...............

5. Мемлекеттік және (немесе) эксперименттік авиация ұшуының арнайы аймақтары мен аудандарын, сондай-ақ сыныпталмайтын әуеайлақтардың (тікұшақ айлақтарының) аудандарын қоспағанда, Қазақстан Республикасының бақыланатын әуе кеңiстiгiнде әуе қозғалысына қызмет көрсетуді азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның ведомстволық бағынысындағы мемлекеттік кәсіпорын болып табылатын аэронавигациялық ұйым жүзеге асырады.

Жекелеген әуеайлақтардың (тікұшақ айлақтарының) ауданында әуе қозғалысына қызмет көрсетуді жеке меншік нысандағы аэронавигациялық ұйым жүзеге асыруы мүмкін.

.....................



Тікұшақ айлақтарын дамытуға байланысты толықтыру.

Тікұшақ айлақтарын дамытуға байланысты толықтыру.






19-баптың

2 - тармағы



19-бап. Әуе кеңiстiгiнiң құрылымы мен сыныптамасы
.................

2. Әуе кеңістігін пайдалануға байланысты қызметті жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының әуе кеңістігінде әуе қозғалысына қызмет көрсету аудандары, әуеайлақтар мен әуетораптар аудандары, әуе трассалары, жергілікті әуе желілері, әуе кемелерінің ұшуына арналған маршруттар мен арнайы аймақтар, бақыланбайтын әуе кеңістігі аудандары, тыйым салынған аймақтар, қауіпті аймақтар, әуе кемелерінің ұшуына шектеу қойылған аймақтар және әуе кеңістігіндегі қызметті жүзеге асыру үшін белгіленетін басқа да арнайы элементтер белгіленеді, бұлардың жиынтығы Қазақстан Республикасы әуе кеңістігінің құрылымын құрайды.

Әуе кеңістігінің құрылымы Әуе кемелерін пайдаланушыларды аэронавигациялық ақпаратпен қамтамасыз ету қағидаларына сәйкес аэронавигациялық ақпарат құжаттарында жарияланады.

..................



19-бап. Әуе кеңiстiгiнiң құрылымы мен сыныптамасы
.................

2. Әуе кеңістігін пайдалануға байланысты қызметті жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының әуе кеңістігінде әуе қозғалысына қызмет көрсету аудандары, әуеайлақтар мен әуетораптар аудандары, әуе трассалары, жергілікті әуе желілері, әуе кемелерінің ұшуына арналған маршруттар мен арнайы аймақтар, бақыланбайтын әуе кеңістігі аудандары, тыйым салынған аймақтар, қауіпті аймақтар, әуе кемелерінің ұшуына шектеу қойылған аймақтар және әуе кеңістігіндегі қызметті жүзеге асыру үшін белгіленетін басқа да арнайы элементтер белгіленеді, бұлардың жиынтығы Қазақстан Республикасы әуе кеңістігінің құрылымын құрайды.

Әуе кеңістігінің құрылымы Азаматтық авиацияны аэронавигациялық ақпаратпен қамтамасыз ету қағидаларына сәйкес аэронавигациялық ақпарат құжаттарында жарияланады.

................


Қағиданың атауының өзгеруі.






19-баптың

4 - тармағы



19-бап. Әуе кеңiстiгiнiң құрылымы мен сыныптамасы
..............

4. Әуе кеңістігінің сыныптамасы ұшу түріне, әуе кемелерін өзара эшелондауға, әуе қозғалысына қызмет көрсету түріне, әуе кемелерінің ұшу жылдамдығы бойынша шектеулерге, радиобайланысқа қойылатын талаптарға, әуе қозғалысына қызмет көрсету және (немесе) әуе қозғалысын басқару органдарының ұшуға рұқсат беруінің қажеттігіне байланысты белгіленеді.



19-бап. Әуе кеңiстiгiнiң құрылымы мен сыныптамасы
..............

4. Қазақстан Республикасының әуе кеңістігінің сыныптамасы әуе қозғалысына қызмет көрсету мақсатында Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдаланушылардың сұранысынан, ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету қажеттігінен, олардың экономикалық тиімділігінен айқындалады және аэронавигациялық ақпарат құжаттарында жарияланады.



Редакциясын жеңілдету. Әуе кеңістігінің сыныптамасы жарияланатын құжатты айқындау.



20-баптың

2-тармағының

2) тармақшасы

(Жаңа тармақша)


20-бап. Әуе кеңiстiгiнде аэронавигациялық қызмет көрсетуді ұсыну
...............

2. Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдаланушыларға ұсынылатын аэронавигациялық қызмет көрсету:

..............

2) iздестiру-құтқару жұмыстарын жүргiзу үшін әуе кемелерi;

................


20-бап. Әуе кеңiстiгiнде аэронавигациялық қызмет көрсетуді ұсыну
...............

2. Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдаланушыларға ұсынылатын аэронавигациялық қызмет көрсету:

...........

2) iздестiру-құтқару жұмыстарын жүргізу үшін әуе кемелері, сондай-ақ iздестiру-құтқару жұмыстарын жүргізу бойынша жаттығуларға қосылған әуе кемелері;

..............

Ақысыз аэронавигациялық қызмет көрсетудің негізін нақтылау.







20-баптың

2-тармағының

5-1) тармақшасы (Жаңа тармақша)


20-бап. Әуе кеңiстiгiнде аэронавигациялық қызмет көрсетуді ұсыну
...............

2. Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдаланушыларға ұсынылатын аэронавигациялық қызмет көрсету:

.............

Жоқ
................


20-бап. Әуе кеңiстiгiнде аэронавигациялық қызмет көрсетуді ұсыну
...............

2. Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдаланушыларға ұсынылатын аэронавигациялық қызмет көрсету:

................

5-1) жеңіл және аса жеңіл әуе кемелері;

..............



Шағын авиацияны дамытуды қолдау мақсатында.






20-баптың

3-тармағы



20-бап. Әуе кеңiстiгiнде аэронавигациялық қызмет көрсетуді ұсыну
...............

3. Ұсынылатын аэронавигациялық қызмет көрсетулер үшін әуе кеңістігін пайдаланушылардан төлемақы алуды аэронавигациялық ұйым жүзеге асырады. Аэронавигациялық қызмет көрсетуге кіретін қызметтерді ұсынуға қатысушы ұйымдармен құқықтық қатынастарды реттеу шарттар негізінде жүзеге асырылады.



20-бап. Әуе кеңiстiгiнде аэронавигациялық қызмет көрсетуді ұсыну
...............

3. Ұсынылатын аэронавигациялық қызмет көрсетулер үшін әуе кеңістігін пайдаланушылардан төлемақы алуды аэронавигациялық қызмет көрсетудің жеткізушісі жүзеге асырады. Аэронавигациялық қызмет көрсетуге кіретін қызметтерді ұсынуға қатысушы ұйымдармен құқықтық қатынастарды реттеу шарттар негізінде жүзеге асырылады.


Аэронавигациялық ұйымнығ атауының өзгеруі.






21-баптың

1 – тармағы



21-бап. Аэронавигациялық ақпаратпен қамтамасыз ету
1. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның ведомстволық бағынысындағы мемлекеттік кәсіпорын болып табылатын аэронавигациялық ұйым Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) стандарттарына және Әуе кемелерін пайдаланушыларды аэронавигациялық ақпаратпен қамтамасыз ету қағидаларына сәйкес аэронавигациялық ақпарат ұсынуды қамтамасыз етеді.

.....................



21-бап. Аэронавигациялық ақпаратпен қамтамасыз ету
1. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның ведомстволық бағынысындағы мемлекеттік кәсіпорын болып табылатын аэронавигациялық қызмет көрсетуді жеткізуші Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) стандарттарына және Азаматтық авиацияны аэронавигациялық ақпаратпен қамтамасыз ету қағидаларына сәйкес аэронавигациялық ақпарат ұсынуды қамтамасыз етеді.

.....................


Аэронавигациялық ұйымның атауының өзгеруі

Жаңа ұғымның енгізілуіне байланысты Қағиданың атауы нақтылау.




21-баптың

2 - тармағы



21-бап. Аэронавигациялық ақпаратпен қамтамасыз ету
..............

2. Аэронавигациялық ақпарат көздері болып табылатын жеке және заңды тұлғалар Әуе кемелерін пайдаланушыларды аэронавигациялық ақпаратпен қамтамасыз ету қағидаларына сәйкес ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажетті ақпаратты өтеусіз негізде беруге міндетті және мұндай ақпараттың дәйектілігі, нақтылығы және уақтылы берілуі үшін жауаптылықта болады.

.....................


21-бап. Аэронавигациялық ақпаратпен қамтамасыз ету
...............

2. Аэронавигациялық ақпарат көздері болып табылатын жеке және заңды тұлғалар Азаматтық авиацияны аэронавигациялық ақпаратпен қамтамасыз ету қағидаларына сәйкес ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажетті ақпаратты өтеусіз негізде беруге міндетті және мұндай ақпараттың дәйектілігі, нақтылығы және уақтылы берілуі үшін жауаптылықта болады.

.....................

Жаңа ұғымның енгізілуіне байланысты Қағиданың атауы нақтылау.





22-баптың

2 – тармағының екінші бөлігі



22-бап. Әуе қозғалысына қызмет көрсету түрлері
....................

2. Әуе қозғалысына диспетчерлік қызмет көрсету:

...............

Әуе кемелерін эшелондауға қойылатын талаптарды қамтитын әуе кемелеріне диспетчерлік қызмет көрсетуді қамтамасыз ету тәртібі Қазақстан Республикасының әуе кеңістігінде ұшудың негізгі қағидаларында айқындалады.

.................


22-бап. Әуе қозғалысына қызмет көрсету түрлері
....................

2. Әуе қозғалысына диспетчерлік қызмет көрсету:

................

Әуе кемелерін эшелондауға қойылатын талаптарды қамтитын әуе кемелеріне диспетчерлік қызмет көрсетуді қамтамасыз ету тәртібі Әуе қозғалысын ұйымдастыру және қызмет көрсету жөніндегі нұсқаулықта айқындалады.

......................


Диспетчерлік қызмет көрсету тәртібін егжей-тегжейлеу нұсқамада айқындалады.







22-баптың

3 - тармағы



22-бап. Әуе қозғалысына қызмет көрсету түрлері
....................

3. Әуе қозғалысына қызмет көрсету органдары беретін диспетчерлік рұқсаттар әуе қозғалысына диспетчерлік қызмет көрсетуді қамтамасыз етуге қойылатын талаптарға негізделеді. Мұндай рұқсат пайдаланушылардың (әуе кемесі экипажының) әуе қозғалысына қызмет көрсету органына ұшу жоспарын беруі арқылы сұратылады.



Диспетчерлік рұқсаттың нысаны мен мазмұны Қазақстан Республикасының әуе кеңістігінде ұшудың негізгі қағидаларында белгіленеді.

......................



22-бап. Әуе қозғалысына қызмет көрсету түрлері
....................

3. Әуе қозғалысына қызмет көрсету органдары беретін диспетчерлік рұқсаттар әуе қозғалысына диспетчерлік қызмет көрсетуді қамтамасыз етуге қойылатын талаптарға негізделеді.


.....................

Диспетчерлік қызмет көрсету тәртібін егжей-тегжейлеу нұсқамада айқындалады.







23-бап (Жаңа редакция)


23-бап. Ұшуды орындау қағидалары
Әуе кемелерінің Қазақстан Республикасы аумағының үстінен ұшуы Қазақстан Республикасының әуе кеңістігінде ұшудың негізгі қағидаларына сәйкес орындалады.

Ұшуды орындау кезінде әуе кемесінде Қазақстан Республикасының әуе кеңістігінде ұшудың негізгі қағидаларында көзделген кеме құжаттары болуға тиіс.



23-бап. Ұшуды орындау қағидалары
Әуе кемелерінің Қазақстан Республикасы аумағының үстінен ұшуы азаматтық және мемлекеттік авиация салаларындағы ұшуды жүргізу қағидаларына сәйкес орындалады.

Ұшуды орындау кезінде әуе кемесінде азаматтық және мемлекеттік авиация салаларындағы ұшуды жүргізу қағидаларында көзделген кеме құжаттары болуға тиіс.



Нормативтік тәжірибенің талдауы көрсетілген құжаттың (ҰНҚ) қажетсіз екені көрсетеді. ИКАО ұсынымдарынан шығатыны халықаралық ұшулар жүзеге асырылатын аудандарда әскери әуе кемелерінің ұшулары азаматтық авиацияның ұшуларына кедергі келтірмей жүзеге асрыулары тиіс. Осыған байланысты ҰНҚ ережелерін азаматтық және мемлекеттік авиация (қатысты бөлігіне) ұшуларын жүргізу қағидаларына көшіру ұсынылады.

Авиация түрлерінің ерекшелігіне байланысты кемеде сақталатын құжаттардың тізбесін авиацияның нақты түрлеріне қоданылатын ұшу қаңидаларында айқындау ұсынылады.





25-бап (Жаңа редакция)

25-бап. Әуе кеңістігін пайдаланудағы басымдықтар
Әуе кеңiстiгiнің бір бөлігін пайдалануға мүдделі екі немесе одан да көп әуе кеңістігін пайдаланушы болған кезде оны пайдалану құқығы хронологиялық тәртіппен жазылған мынадай басымдықтарға сәйкес берiледi:

1) әуе шабуылына тойтарыс беру немесе әуе кеңiстiгiнде Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк шекарасын бұзуды, әуе кеңiстiгiн пайдалану тәртiбiнің бұзылуын болғызбау және тоқтату, Қазақстан Республикасының егемендiгiне, аумақтық тұтастығына және қауiпсiздiгiне қарсы күш қолдануды немесе күш қолдану қатерін жою;

2) адамдардың өмiрi мен денсаулығына қауіп төндiретiн немесе елеулі материалдық залал келтiру қаупін тудыратын дүлей зілзалалар және өзге де зілзалалар, апаттар, авариялар, авариялық және өзге де жағдайлар кезінде көмек көрсету;

3) ғарыш аппараттары мен олардың экипаждарын ұшыру, қондыру, iздестiру және эвакуациялау;

4) Қазақстан Республикасының аса маңызды ұшуын ұйымдастыру және қамтамасыз ету қағидаларына сәйкес орындалатын ұшу;

5) мемлекеттік авиация саласындағы уәкілетті органның жоспарлы оқу-жаттығулар өткізуі, сондай-ақ әуе кемелерінің ұшуы немесе Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларына сәйкес жүзеге асырылатын өзге де қызмет;

6) жолаушыларды, жүктердi және почта жөнелтілімдерін тасымалдайтын тұрақты рейстер;

7) Қазақстан Республикасының, сондай-ақ басқа да мемлекеттердің мемлекеттік авиациясының ұшуы;

8) эксперименттiк және ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргiзу;

9) тұрақты емес әуемен тасымалдау және авиациялық жұмыстарды орындау;

10) оқыту, көрсету, мәдени-ағарту іс-шараларын өткізу, сондай-ақ пайдаланушының жеке мақсаттағы ұшуы.


25-бап. Әуе кеңістігін пайдаланудағы басымдықтар
Қазақстан Республикасының әуе кеңістігі ведомстволық тиесілігі бойынша бөлінбейтін дара және оны пайдалану бойынша барлық әуе кеңістігін пайдаланушыларға тең құқықпен қол жетімді болып табылады.

Бір уақытта екі немесе одан да көп пайдаланушылар әуе кеңістігін пайдалану қажеттігі туындаған жағдайда оны пайдалануға бірінші кезектегі құқық мемлекеттік басымдықтарға сәйкес пайдаланушыларға мынадай тізбекте беріледі:

1) әуе шабуылына тойтарыс беру немесе әуе кеңiстiгiнде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік шекарасын бұзуды, әуе кеңiстiгiн пайдалану тәртiбiнің бұзылуын болғызбау және тоқтату, Қазақстан Республикасының егемендiгiне, аумақтық тұтастығына және қауiпсiздiгiне қарсы күш қолдануды немесе күш қолдану қатерін жою;



2) Қазақстан Республикасының әуе кеңістігінде террорлық актілер жасау үшін пайдаланылуы мүмкін әуе кемесінің құқыққа қайшы әрекетін тоқтату;

3) адамдардың өмiрi мен денсаулығына қауіп төндiретiн немесе елеулі материалдық залал келтіру қаупін тудыратын дүлей зілзалалар және өзге де зілзалалар, апаттар, авариялар, авариялық және өзге де жағдайлар кезінде көмек көрсету;

4) ғарыш аппараттары мен олардың экипаждарын ұшыру, қондыру, iздестiру және эвакуациялау;

5) Қазақстан Республикасының аса маңызды ұшуын ұйымдастыру және қамтамасыз ету қағидаларына сәйкес орындалатын ұшу;

6) мемлекеттік авиация саласындағы уәкілетті органның жоспарлы оқу-жаттығулар өткізуі, сондай-ақ әуе кемелерінің ұшуы немесе Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларына сәйкес жүзеге асырылатын өзге де қызмет;

7) жолаушыларды, жүктерді және почта жөнелтілімдерін тасымалдайтын тұрақты рейстер;

8) Қазақстан Республикасының, сондай-ақ басқа да мемлекеттердің мемлекеттік авиациясының ұшуы;

9) эксперименттік және ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу;

10) тұрақты емес әуемен тасымалдау және авиациялық жұмыстарды орындау;

11) оқыту, көрсету, мәдени-ағарту іс-шараларын өткізу, сондай-ақ пайдаланушының жеке мақсаттағы ұшуы.

«Әуе қозғалысын ұйымдастыру кезінде азаматтық және әскери органдардың ынтымақтастығы» ИКАО 330 AN циркулярының ережелерін енгізу мақсатында (әуе кеңістігін икемді пайдалану тұжырымдамасын).




26-бап (Жаңа редакция)

26-бап. Әуе кеңістігін пайдалануға тыйым салу
Осы Заңның 18-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында және 25-бабының 1) - 5) тармақшаларында көзделген қызметті жүзеге асырған жағдайларда мемлекеттік авиация саласындағы уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану қағидаларында белгіленген тәртіппен әуе кемелерінің ұшуы үшін Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн немесе оның жекелеген аудандарын пайдалануға тыйым салады.

26-бап. Әуе кеңістігін пайдалануға тыйым салу немесе шектеу
Осы Заңның 18-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында және 25-бабының 1) - 5) тармақшаларында көзделген қызметті жүзеге асырған жағдайларда мемлекеттік авиация саласындағы уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану қағидаларында белгіленген тәртіппен әуе кемелерінің ұшуы үшін Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн немесе оның жекелеген аудандарын пайдалануға тыйым салады немесе шектейді.

Әуе кеңістігін пайдалануда тек қана тыйм салып қана қоймай белгілі бір шарттармен шектеуде қойылуы мүмкін (мысалы әуе кемесінің шуылдық сипаттары бойынша қорықтар аймақтарының үстінен)



27-баптың

1-тармағының бірінші бөлігі



27-бап. Әуе кеңістігін пайдалану тәртібін бұзу
1. Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы заңнамасының талаптарын бұза отырып жүзеге асырылатын Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалануға байланысты қызмет Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану тәртiбiн бұзу болып танылады.

............



27-бап. Әуе кеңістігін пайдалану тәртібін бұзу
Алып тасталсын

................


Ұшу қауіпсіздігі мен мемлекеттік қауіпсіздікті қамтамасыз етудің нақты аражігін ажырату қажет.






27-баптың

1-тармағының екінші бөлігінің

5) тармақшасы


27-бап. Әуе кеңістігін пайдалану тәртібін бұзу
...........

Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану тәртiбiн бұзуға:

.............

5) мәжбүрлi түрде қону және қосалқы әуеайлаққа жіберу жағдайларынан басқа, әуе кемелерінің ұшу жоспарында көрсетілмеген әуеайлаққа қонуы;

................



27-бап. Әуе кеңістігін пайдалану тәртібін бұзу
..............

Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану тәртiбiн бұзуға:

...........

Алып тасталсын

................



Ұшу қауіпсіздігі мен мемлекеттік қауіпсіздікті қамтамасыз етудің нақты аражігін ажырату қажет.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   17


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет