Қазақстан республикасының Ұлттық банкі №27 баспасөзрелиз І



Дата07.04.2019
өлшемі236.5 Kb.
#86614


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ

ҰЛТТЫҚ БАНКІ

27 БАСПАСӨЗ Р Е Л И З І



2012 жылғы 4 шілде

Қаржы нарығындағы ахуал туралы



  1. Инфляция

Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің ресми деректері бойынша инфляция 2012 жылғы маусымда 0,3% (2011 жылғы маусымда – 0,3%) деңгейінде қалыптасты. Азық-түлік тауарларының бағасы 0,2% (0,2%), азық-түлікке жатпайтын тауарлар – 0,2% (0,7%) және ақылы қызмет көрсету 0,4% (0,2%) өсті.

Азық-түлік тауарлары нарығында өткен айда көп дәрежеде жемістер мен көкөністер 1,1%-ға, оның ішінде картоп 7,1%-ға, сәбіз 5,6%-ға, пияз 2,6%-ға, ет және ет өнімдері 0,8%-ға, оның ішінде қой еті 1,5%-ға, сиыр еті 1,2%-ға, шошқа еті және жылқы еті 0,7%-дан қымбаттады. Жұмыртқаның бағасы 7,1%-ға, жарма 3,3%-ға, қант 0,6%-ға, май және тоң май 0,6%-ға төмендеді.

Азық-түлікке жатпайтын тауарлар тобында киім және аяқ киім бағасы 0,2%-ға, жуатын және тазартатын құралдар 0,4%-ға, дәрі-дәрмектер 0,2%-ға көтерілді. Бензин және дизель отынының құны тиісінше 0,2% және 0,3%-ға төмендеді.

Ақылы қызмет көрсету тобында тұрғын үй-коммуналдық саласындағы қызметке ақы төлеу 0,4%-ға өсті. Бұл ретте тасымалданатын газ үшін тарифтер 2,3%-ға, орталықтан жылыту 1,0%-ға, қоқысты жинау 0,7%-ға, тұрғын үйді ұстау 0,5%-ға өсті. Өткен айда көлік қызметінің бағасы 0,4%-ға, оның ішінде автомобиль көлігі қызметтері 0,6%-ға, әуе көлігі қызметтері 0,9%-ға, мейрамхана және қонақ үй қызметтері 0,6%-ға, медициналық қызмет 0,5%-ға көтерілді.

2012 жылғы қаңтар-маусымда инфляция 2,7% (2011 жылғы қаңтар-маусымда – 5,1%) болды. Азық-түлік тауарлары 2012 жылдың басынан бастап 2,5% (8,0%), азық-түлікке жатпайтын тауарлар 1,8% (2,5%), ақылы қызмет көрсету 3,9% (4,1%) қымбаттады.
1-график
2011 және 2012 жж. қаңтар-маусымдағы инфляция және оның құрамдас бөліктері

2012 жылғы маусымда инфляция жылдық көрсетуде 4,9% (2011 жылғы желтоқсанда – 7,4%) болды. Соңғы 12 айда азық-түлік тауарлары 3,6%-ға (9,1%), азық-түлікке жатпайтын тауарлар – 4,6%-ға (5,3%), ақылы қызмет көрсету – 7,1%-ға (7,3%) қымбаттады.

Тұтыну нарығындағы баға ахуалы тұрақты және басқарылатын болып қалуда және инфляцияның ұлғаю әлеуеті де тиісінше барынша төмен. Төмендегідей факторлар инфляцияға әсер ететін негізгі факторлар болып табылады.

Монетарлық факторлар. 2011 жылы ақша массасының өсуі бар болғаны 15% құрады, ал ақша базасы 10,3%-ға кеңейді. Бұл ретте ЖІӨ нақты өсуі 25% (2012 жылғы 5 айда ақша массасы бар болғаны 6%-ға, ақша базасы 16,5%-ға өсті) асты. Жылдың соңына дейін үрдіс сақталады деп күтіледі, сондықтан да монетарлық факторлардың әсері барынша төмен болып қалады. Бұған Ұлттық Банктің ақша нарығындағы өтімділікті реттеу жөніндегі шаралары да ықпал ететін болады.

Халықтың ақшалай кірістері. Соңғы 10 жыл бойы халықтың ақшалай кірісінің және жалақысының өсуінің номиналды қарқыны жылына шамамен 18%-ды (2012 жылғы қаңтар-сәуірде 2011 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда халықтың кірісі 18,4%-ға, жалақысы 17,1%-ға өсті) құрады. Тұтынушылық сұраныстың жоғары болуына қарамастан, нарықта тауарлар мен қызметтер дефициті байқалмайды. Бұл халықтың әл-ауқатының тұтыну нарығына толық көлемде шығарылмауымен, кірісінің бір бөлігін халық жинақ ақша түрінде (2011 жылы халықтың салымдары 22,6%-ға, 2012 жылғы қаңтар-мамырда 8,3%-ға өсті) сіңіруімен байланысты. Халық кірісінің оң динамикасы инфляциялық процестер тұрғысынан қауіп туғызбайды.

Сыртқы факторлар. Соңғы уақытта әлемдік тауар нарықтарында, әсіресе азық-түлік нарығында бағаның тұрақты түрде төмендеуі байқалады, бұл инфляцияның деңгейіне қолайлы әсер етеді.

Мәселен, соңғы 12 айда энергия тасымалдауыштар, бидай, қант, ет өнімдері, өсімдік майының әлемдік бағаларының біртіндеп төмендеу үрдісі байқалады. Жекелеген тауарлар позициялары бойынша бағалар орташа жылдық мәндерден жоғары, бұл одан әрі төмендеу әлеуетін білдіреді.

Қазақстанның негізгі сауда әріптес елдеріндегі тұтыну нарығындағы ахуал да тұрақты. Ресейдегі жылдық инфляция жылдың басынан бері 6,1%-дан 3,6%-ға дейін, Қытайда 4,1%-дан 3%-ға дейін, Еуроаймақта 2,7%-дан 2,4%-ға дейін, АҚШ-та 3,0%-дан 1,7%-ға дейін төмендеді.

Сыртқы факторлар тарапынан төмен әлеует Қазақстан экономикасындағы ағымдағы инфляциялық үрдістердің сақталуына ықпал ететін болады. Осылайша, қазіргі уақытта инфляцияның өсуіне ешқандай объективті себеп жоқ. Ұлттық Банк болашақта да Үкіметпен бірлесіп айтарлықтай осал тұстарды анықтап, қажетті алдын алу шараларын қабылдау үшін тұтыну нарығындағы ахуалға үнемі талдау жасап, мониторинг жүргізе беретін болады. Бұл елдің тұтыну нарығында тұрақтылықты сақтап, 2012 жылдың қорытындысы бойынша инфляцияны жоспарланған 6-8% дәліздің төменгі шегінде ұстап тұруға мүмкіндік береді.




  1. Төлем балансы және жалпы сыртқы борыш

2012 жылғы 1-тоқсанда ағымдағы операциялар шотының профициті 2011 жылғы 1-тоқсандағы осындай көрсеткішпен салыстырғанда 54,5%-ға ұлғайып, 3,5 млрд. АҚШ долл. немесе республиканың ЖІӨ-нің 9,0%-н (2011 жылғы 1-тоқсанда 6,5%) құрады.

2012 жылғы 1-тоқсанда brent сұрыпты мұнайдың әлемдік бағасы тоқсанда орташа алғанда бір баррель үшін 118,6 АҚШ долл. құрай отырып, бір баррель үшін 109,54-тен 126,16 АҚШ долл. дейін ауытқыды, бұл 2011 жылғы 1-тоқсандағы оның орташа деңгейінен 13,1%-ға (бір баррель үшін 104,9 АҚШ долл.) жоғары. Энергия тасымалдауыштардың әлемдік бағасының жоғары деңгейі, сондай-ақ нақты жеткізулер көлемінің өсуі тауарлар экспортының 30,9%-ға өсімін қамтамасыз етті, ол 2012 жылғы 1-тоқсанда 22,0 млрд. АҚШ долл. құрады. Тауарлар импорты 36,6%-ға ұлғайып, 10,0 млрд. АҚШ долл. асты.

Тауарлардың ресми экспорты 21,9 млрд. АҚШ долл. деңгейінде қалыптасты, оның ішінде 13,7 млрд. АҚШ долл. (немесе 62,8%) мұнай және газ конденсатының экспортына тиесілі. Қара металдар экспортының құны 22,7%-ға, түсті металдар экспортының құны 44,5%-ға ұлғайды. Бұл ретте қара және түсті металдар экспортының өсімі жеткізулер санының өсуімен ғана қамтамасыз етілді.

Ресми сауда статистикасы тіркеген тауарлар импорты 37,3%-ға ұлғайып, 9,0 млрд. АҚШ долл. құрады. Өсу импорттың негізгі номенклатурасының барлық топтары бойынша байқалды. 2012 жылғы 1-тоқсанда импорттағы ең көп үлес салмағы тиесілі инвестициялық тауарлар импортының өсімі (37,6%) 71,8% құрады. Аралық тұтыну тауарлары бойынша ұлғаю 13,0%-ды, ал тұтыну тауарлары бойынша 30,2% құрады. Бұл ретте азық-түлік тұтыну тауарларын әкелу 4,7%, ал азық-түлікке жатпайтын тауарларды әкелу құны 52,4% ұлғайды. Тауарлар экспорты сияқты импорт құнының ұлғаюы негізінен нақты көлемдерді өсірумен қамтамасыз етілді.

Нәтижесінде сауда балансының оң сальдосы 2012 жылғы 1-тоқсанда 26,5%-ға өсіп, 11,9 млрд. АҚШ долл. сомасында қалыптасты, қызметтермен, кірістермен және трансферттермен операциялар бойынша ресурстардың нетто-әкетілуін толықтырды.

Қызметтер балансының дефициті 2012 жылғы 1-тоқсанда 2011 жылғы 1-тоқсандағы осындай көрсеткішпен салыстырғанда 64,6%-ға ұлғая отырып, 1,6 млрд. АҚШ долл. құрады, бұл республиканың мұнай-газ кен орындарының инфрақұрылымын одан әрі дамытумен байланысты болды.

Инвестициялық кірістер балансының 2012 жылғы 1-тоқсанда 6,1 млрд. АҚШ долл. болып қалыптасқан дефицитіне бұрынғыша шетелдік тікелей инвесторларға 5,8 млрд. АҚШ долл. сомада төленген кірістер себепші болды (4,4% өскен). Бұл ретте тікелей инвестициялау қатынастарымен байланысты емес кредиторларға сыйақылар төлеу 2012 жылғы 1-тоқсанда 2,0% төмендеді.

Қаржылық шот бойынша 99,7 млн. АҚШ долл. шамалы нетто-әкету 2012 жылғы 1-тоқсанда елге капитал әкелудің іс жүзінде төлем балансының ағымдағы операциялары бойынша айтарлықтай профицитпен ішінара негізделген елден капиталдың әкетілуін теңестірді.

Шетелге тікелей инвестициялар бойынша 0,6 млрд. АҚШ долл. нетто-әкетілу Қазақстан кәсіпорындарының шетелдік филиалдар мен еншілес ұйымдардың акционерлік капиталын ұлғайтқанын көрсетеді. Сонымен қатар, 2012 жылғы 1-тоқсанда Қазақстан акционерлерінің шетелдік филиалдары алдындағы борыштық міндеттемелерінің шамалы өскені (105 млн. АҚШ долл.) байқалады.

Қазақстанға шетелдік тікелей инвестициялардың (ШТИ) жалпы ағыны 2011 жылғы 1-тоқсандағы 5,3 млрд. АҚШ долл. салыстырғанда 5,9 млрд. АҚШ долл. құрады. Акционерлік капиталдың 0,7 млрд. АҚШ долларынан 2012 жылғы 1-тоқсанда 2,1 млрд. АҚШ долл. дейін өсуі «Қазақтелеком» АҚ-ның «Қазақтелеком» ААҚ-ның GSM Қазақстан» ЖШС-на 49 пайыз қатысу үлесін Еуропа телекоммуникациялық холдингіне 1,5 млрд. АҚШ долл. сатуымен түсіндіріледі. Сонымен қатар, 2012 жылғы 1-тоқсанда шетелдік тікелей инвесторлар алдындағы фирмааралық берешектің жиынтық операциялық өсуі 2011 жылғы 1-тоқсандағы 3,1 млрд. АҚШ долл. салыстырғанда 4,2 млрд. АҚШ долл. құрады. Фирмааралық берешектің осы өсуіне ағымдағы жылдың кейінгі тоқсандарында төленетін кірістерді (оның ішінде өткен кезеңдердің) айтарлықтай бөлу ықпал етті. Кірістерді соншалықты белсенді бөлу нәтижесінде қайта инвестициялар тікелей инвесторлар алдындағы 1,0 млрд. АҚШ долл. борышты өтеуді шегергенде және Қазақстан кәсіпорындарының оларға талаптарын 0,1 млрд. АҚШ долл. ұлғайта отырып, 0,5 млрд. АҚШ долл. қысқарды. Қазақстанға ШТИ таза түсуі 2012 жылғы 1-тоқсанда 4,8 млрд. АҚШ долл. құрады.

Қорытындысында тікелей инвестициялау операциялары бойынша оң баланс 2012 жылғы 1-тоқсанда 4,2 млрд. АҚШ долл. құрады.

3,9 млрд. АҚШ долл. портфельдік инвестициялар бойынша нетто-әкетілу Қазақстан резиденттерінің бағалы қағаздар нысанындағы шетелдік активтерінің өсуімен (3,8 млрд. АҚШ долл.) толық қамтамасыз етілді, ол өз кезегінде банктер мен басқа секторлардың сыртқы активтері қысқарған кезде Ұлттық қор портфелінің 4,5 млрд. АҚШ долл. өсуі есебінен қалыптасты.

Мемлекеттік басқару секторы мен банктік емес сектор кәсіпорындарының борыштық міндеттемелерінің өсуі банктердің сыртқы міндеттемелерінің олардың резидент еместер алдындағы борыштық бағалы қағаздар бойынша өз міндеттемелерін өтеуі нәтижесінде төмендеуімен теңестірілді. Нәтижесінде портфельдік міндеттемелердің нетто-әкетілуі есепті кезеңде небәрі 20 млн. АҚШ долл. құрады.

Резидент еместерден банктік емес сектордың кәсіпорындары тартқан несиелер мен қарыздар бойынша міндеттемелердің таза ағыны және банктердің резидент еместерге берілген несиелер мен қарыздар бойынша активтерінің төмендеуі басқа орта- және ұзақ мерзімді инвестициялар бойынша 0,5 млрд. АҚШ долл. нетто-әкетілуді қамтамасыз етті.



Жалпы сыртқы борыш. 2012 жылғы 31 наурызда жалпы сыртқы борыш 129,3 млрд. АҚШ долл. құрады, оның ішінде 5,2 млрд. АҚШ долл. немесе 4% мемлекеттік сектордың (Үкіметтің және Ұлттық Банктің міндеттемелері) сыртқы борышын құрайды, фирмааралық берешектің үлесіне 63,4 млрд. АҚШ долл. немесе 49%, банк секторына – 14,8 млрд. АҚШ долл. немесе 11% тиесілі.

2012 жылғы 1-тоқсанда жалпы сыртқы борыш 5,4 млрд. АҚШ долл. ұлғайды, негізінен «Басқа секторлардың» (фирмааралық берешекті қоса алғанда) сыртқы берешегі есебінен, оларға 5,1 млрд. АҚШ долл. өсу тиесілі.

Үкімет міндеттемелерінің аздап өсімі, негізінен резидент еместердің Қаржы министрлігінің қазынашылық облигацияларын қайталама бағалы қағаздар нарығында белсенді сатып алуы (167,2 млн. АҚШ долл.) есебінен болды, ол халықаралық қаржы ұйымдарынан қарыздар бойынша борышты өтеумен (48,0 млн. АҚШ долл.) ішінара нивелирленді.

Ұлттық Банк міндеттемелерінің ұлғаюына резидент еместер депозиттерінің ағыны себепші болды, ал Ұлттық Банктің резидент еместердің қолындағы ноттарының көлемі іс жүзінде есепті кезеңде нөлге дейін қысқарды.

Банктердің сыртқы борышының өсуі, негізінен «БТА Банк» АҚ еурооблигациялары бойынша сыйақыны төлеу жөніндегі мерзімі өткен берешегінің ұлғаюымен байланысты.

«Басқа секторлардың» 2012 жылғы 1-тоқсанда сыртқы борышының ұлғаюы, басым түрде, фирмааралық берешектің өсуі (3,5 млрд. АҚШ долл.) есебінен орын алды, оған Қазақстанда шетелдік компаниялардың филиалдары арқылы іске асырылатын жобаларға қаржыландыру ағынынан бөлек, республика кәсіпорындарының қарыздарды тартуы мен бұдан әрі игеруі, сондай-ақ бір бөлігі кейінгі кезеңде шетелдік инвесторларға төленуге жататын (1,2 млрд. АҚШ доллары) жарияланған дивидендтер көлемінің ұлғаюы ықпал етті.

Осылайша, 2012 жылғы 31 наурызда «Басқа секторлардың» сыртқы борышы 109,3 млрд. АҚШ долл. құрады, оның ішінде фирмааралық берешек – 63,4 млрд. АҚШ долл., басқа (үлестес емес) резидент еместер алдындағы міндеттемелер – 45,8 млрд. АҚШ долл. болды.

Тауарлар мен қызметтер экспортына (ТҚЭ) қатысты сыртқы борыштың салыстырмалы өлшемдері жақсаруын жалғастырып отыр, бұл ТҚЭ үдемелі өсуіне байланысты. Атап айтқанда, 2012 жылғы 31 наурызда жалпы сыртқы борыштың ТҚЭ-ге арақатынасы 2011 жылдың соңындағы 133,2%-ға қарсы 131,5%-ды құрады.

Алайда, 2012 жылғы 1-тоқсанда сыртқы борыштың өсу қарқыны ЖІӨ өсу қарқынынан асып түскендіктен, осы көрсеткішке қатысты салыстырмалы өлшемдер шамалы нашарлады. Мәселен, жалпы сыртқы борыштың ЖІӨ қатынасы 2012 жылғы 31 наурызда 2011 жылдың соңындағы 66,6% қарсы 67,9% құрады.

Ел активтерінің өсуі міндеттемелердің өсімінен асып кетуіне байланысты Қазақстанның таза сыртқы борышы 2012 жылғы 1-тоқсанда 1,7 млрд. АҚШ долл. қысқарып, 2012 жылғы 31 наурызда 11,9 млрд. АҚШ долл. құрады

2012 жылғы 31 наурызда бастапқы өтеу мерзімі бойынша қысқа мерзімді сыртқы борыштан 3,1 есе асқан Ұлттық Банктің халықаралық резервтері сыртқы активтердің, әсіресе валюталық өтімділігі проблемаларын реттеу бөлігінде маңызды құрамдас бөлігі болып табылады.
3. Халықаралық резервтер және ақша агрегаттары (алдын ала деректер)

2012 жылғы маусымда Ұлттық Банктің халықаралық резервтері төмендеді. Ұлттық Банктің жалпы халықаралық резервтері 32,3 млрд. АҚШ долл. дейін 5,8%-ға төмендеді. Ұлттық Банктің таза халықаралық резервтері 5,8%-ға азайып, 31,8 млрд. АҚШ долл. құрады. Ұлттық Банктегі банктердің шетел валютасындағы корреспонденттік шоттарындағы қалдықтардың төмендеуі және шетел валютасындағы бағалы қағаздарды қайта бағалау сондай-ақ халықаралық резервтердің төмендеуіне ықпал етті. Нәтижесінде таза валюта қорлары (ЕАВ) 2012 жылғы маусымда 7,2%-ға төмендеді. Алтындағы активтер жүргізілген операциялар және оның әлемдік нарықтардағы бағасының шамалы ұлғаюы нәтижесінде 1,7%-ға өсті.

2012 жылғы маусымда Ұлттық қордың шетел валютасындағы активтерін (алдын ала деректер бойынша 51,4 млрд. АҚШ долл.) қоса алғанда, тұтастай елдің халықаралық резервтері 83,7 млрд. АҚШ долл. дейін 2,6%-ға төмендеді (2012 жылғы 6 айда 14,6%-ға өсу).

2012 жылғы маусымда ақша базасы 4,5%-ға кеңейіп, 3454,7 млрд. теңгені құрады. Тар ақша базасы, яғни екінші деңгейдегі банктердің Ұлттық Банктегі мерзімді депозиттерін есептемегендегі ақша базасы 3310,6 млрд. теңгеге дейін 6,9%-ға кеңейді.

2012 жылғы мамырда ақша массасы 10334,9 млрд. теңгеге дейін 0,6%-ға азайды (жыл басынан бастап 6,0%-ға өсу). Айналыстағы қолма-қол ақша көлемі 1350,1 млрд. теңгеге дейін 0,6% ұлғайды (жыл басынан бастап азаю – 1,1%), банк жүйесіндегі депозиттер 8984,8 млрд. теңгеге дейін 0,7%-ға төмендеді (жыл басынан бері 7,1%-ға өсу). Ақша массасының құрылымындағы депозиттер үлесі 2012 жылғы сәуірдегі 87,1%-дан 2012 жылғы мамырдағы 86,9%-ға дейін азайды. Айналыстағы қолма-қол ақшаның депозиттердің қысқаруы аясында өсуі депозиттер үлесі төмендеуінің негізгі себебі болды.

Ақша мультипликаторы 2012 жылғы сәуірдегі 2,98-ден ақша базасының ақша массасының төмендеуіне қатысты тарылуының жоғары қарқынының салдарынан 2012 жылғы мамырдың нәтижелері бойынша 3,13-ке дейін өсті.




  1. Валюта нарығы

2012 жылғы маусымда теңгенің АҚШ долларына қатысты бағамы 1 АҚШ доллары үшін 148,02–149,42 теңге диапазонында өзгерді. 2012 жылғы маусымда теңге 0,9% әлсіреп, айдың соңында теңгенің биржалық бағамы бір АҚШ долларына 149,42 теңге болды.

2012 жылғы маусымда Қазақстан Қор Биржасында қосымша сауда-саттық мәмілелерін ескергенде биржалық операциялардың көлемі 2012 жылғы мамырмен салыстырғанда 6,9% азайып, 4,1 млрд. АҚШ долл. құрады. Биржадан тыс валюта нарығында операциялардың көлемі 9,7% өсіп, 2,7 млрд. АҚШ долл. құрады.

Тұтастай алғанда ішкі валюта нарығындағы операциялардың көлемі 1,0% азайып, 6,8 млрд. АҚШ долл. болды. 2012 жылғы маусымда Ұлттық Банк басым түрде ішкі валюта нарығында шетел валютасын нетто-сатушы ретінде болды.

Негізгі сауда әріптес елдер валюталарының ауытқуына байланысты тәуекелдерді барынша азайту мақсатында Ұлттық Банк осы елдердің, бірінші кезекте Ресейдің валюта нарығындағы жағдайға тұрақты мониторинг пен талдау жүргізеді.

Ұзақ мерзімді кезеңде теңге мен рубльдің айырбастау бағамдарының динамикасы ұқсас келеді, өйткені екі елде де бағамның қалыптастырылуына ықпал ететін негізгі фактор әлемнің энергия тасымалдауыш нарығындағы жағдай болып табылады. Алайда қысқа мерзімді перспективада теңге біраз кешігумен және төмендеу амплитудасымен рубльдің қозғалысын қайталайды.

Соңғы 12 ай ішінде теңге мен рубль жалпы екі валютаның да әлсіреуі үрдісімен бір бағытта қозғалыс жасады. Рубльдің әлсіреу қарқыны теңгенің әлсіреу қарқынынан әлдеқайда жоғары болды. 2011 жылғы шілдеден бастап 2012 жылғы маусымға дейінгі кезеңде Ресей рублі 17% артық әлсіреді, ал қазақстандық теңге – 2%-ға ғана. Теңгенің ауытқу құбылмалылығы мен тереңдігі Ресей рубліне қарағанда шамалы болып қалуда. Көрсетілген кезеңде Ресей рублінің ауытқулары орташа мәнінің +/-10% құрады, теңгенің ауытқуы тек +/-1,5% ғана. Соңғы 12 ай ішінде теңгенің құбылмалылығы Ресей рублінің құбылмалылығына қарағанда 8 еседен артық төмен болды.

Теңгенің айырбастау бағамының қысқа мерзімді ауытқулары аясында ағымдығы жылы қазақстандық өндірушілердің бәсекеге қабілеттілігі ұзақ мерзімді аспектіде нашарламайды. Сауда әріптес елдердің валютасына қатысты теңгенің нақты көрсетуде әлсіреуі байқалады (2012 жылғы қаңтар-сәуірде Ресей рублінен – 6,6%-ға, Қытай юанінен 2,0%-ға, АҚШ долларынан – 0,2%-ға).

Осылайша, Ұлттық Банкте валюта саясатындағы ағымдағы бағамды ауыстыру үшін негіздемелер жоқ. Ұлттық Банк теңгенің басқарылатын өзгермелілігі шеңберінде теңгенің күрт әрі тұрақсыздықты туындататын ауытқуларының алдын алуға бағытталған валюта саясатын жүргізуді жалғастыра береді.




  1. Мемлекеттік бағалы қағаздар нарығы

2012 жылғы маусымда Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздарын орналастыру бойынша 5 аукцион өткізілді. Онда 5 жылдық МЕОКАМ (16,5 млрд. теңге), 6, 10 және 20-жылдық МЕУКАМ (16,4 млрд. теңге, 19,4 млрд. теңге және 3,9 млрд. теңге), 17-жылдық МЕУЖКАМ (10,0 млрд. теңге) орналастырылды.

Орналастырылған бағалы қағаздар бойынша тиімді кірістілік 5 жылдық МЕОКАМ бойынша – 4,24%, 6, 10 және 20 жылдық МЕУКАМ бойынша – 4,53%, 5,00% және 5,15%, тиісінше, 17 жылдық МЕУЖКАМ бойынша – инфляция деңгейінен 0,01% құрады.

Қаржы министрлігі бағалы қағаздарының айналыстағы көлемі 2012 жылғы маусымның соңында алдыңғы аймен салыстырғанда 1,6% ұлғайып, 2376,5 млрд. теңге болды.

Қазақстан Ұлттық Банкінің қысқа мерзімді ноттары. Ұлттық Банктің ноттары эмиссиясының көлемі 2012 жылғы маусымда 2012 жылғы мамырмен салыстырғанда 15,7% азайып, 63,8 млрд. теңгені құрады.

Бұл ретте 3 айлық ноттарды орналастыру бойынша 2 аукцион (8,9 млрд. теңге, 6,5 млрд. теңге), 6 айлық ноттарды орналастыру бойынша 1 аукцион (34,2 млрд. теңге), 9 айлық ноттарды орналастыру бойынша 1 аукцион (14,1 млрд. теңге) өткізілді.

Орналастырылған ноттар бойынша тиімді кірістілік 3 айлық бойынша – 1,07%, және 1,05%, 6 айлық бойынша – 1,51%, 9 айлық бойынша – 1,82% құрады.

Айналыстағы ноттардың көлемі 2012 жылғы маусымның соңында 2012 жылғы мамырмен салыстырғанда 18,0% азайды және 449,5 млрд. теңге болды.




  1. Банкаралық ақша нарығы

2012 жылғы мамырда орналастырылған банкаралық депозиттердің жалпы көлемі 2012 жылғы сәуірмен салыстырғанда 6,9% ұлғайып, баламасы 1928,1 млрд. теңге болды.

Орналастырылған теңгедегі банкаралық депозиттердің көлемі 7,9% азайып, 755,5 млрд. теңге (орналастырылған депозиттердің жалпы көлемінің 39,2%) болды. Бұл ретте орналастырылған теңгедегі банкаралық депозиттер бойынша орташа алынған сыйақы мөлшерлемесі 2012 жылғы мамырда 0,63%-дан 0,64%-ға дейін өсті.

Ұлттық Банк банктерден тартқан депозиттердің көлемі 2012 жылғы мамырда сәуірмен салыстырғанда 741,3 млрд. теңгеге дейін 9,0%-ға азайды.

2012 жылғы мамырда 2012 жылғы сәуірмен салыстырғанда орналастырылған доллардағы депозиттердің көлемі 10,9% ұлғайды және 6,7 млрд. АҚШ долл. (орналастырылған депозиттердің жалпы көлемінің 51,5%) құрады. Орналастырылған доллардағы депозиттер бойынша орташа алынған сыйақы мөлшерлемесі 2012 жылғы мамырда 0,11%-дан 0,27%-ға дейін өсті.

Еурода орналастырылған депозиттердің көлемі 2012 жылғы мамырда 0,6 млрд. еуроны (орналастырылған депозиттердің жалпы көлемінің 6,1%) құрап, үш есеге дерлік ұлғайды. Орналастырылған еуродағы депозиттер бойынша орташа алынған сыйақы мөлшерлемесі 0,16%-дан 0,19%-ға дейін өсті.

Рубльдегі депозиттерге орналастыру көлемі шамалы болып қалуда – орналастырылған депозиттердің жалпы көлемінің 3,2%.

Шетел валютасындағы банкаралық депозиттердің үлесі 2012 жылғы мамырда орналастырылған депозиттердің жалпы көлемінің 54,5%-нан 60,8%-на дейін өсті. Шетел валютасында резидент емес банктерде орналастырылған депозиттердің үлесі орналастырылған банкаралық депозиттердің жалпы көлемінен 54,2%-дан 59,5%-ға дейін ұлғайды.


  1. Депозит нарығы

Резиденттердің депозиттік ұйымдардағы депозиттерінің жалпы көлемі 2012 жылғы мамырда 0,7%-ға 8984,8 млрд. теңгеге дейін төмендеді (жыл басынан ұлғаю 7,1%). Заңды тұлғалардың депозиттері бір айда 1,3%-ға 6029,1 млрд. теңгеге дейін төмендеді, жеке тұлғалардың депозиттері 0,4%-ға 2955,7 млрд. теңгеге дейін ұлғайды.

2012 жылғы мамырда шетел валютасындағы депозиттердің көлемі 3,8%-ға 2874,7 млрд. теңгеге дейін төмендеді, ұлттық валютада – 0,8%-ға 6110,1 млрд. теңгеге дейін өсті. Теңгедегі депозиттердің үлес салмағы 2012 жылғы сәуірмен салыстырғанда 2012 жылғы мамырда 67,0%-дан 68,0%-ға дейін өсті.

Банктердегі халықтың салымдары (резидент еместерді қоса есептегенде) 2012 жылғы мамырда 0,4%-ға 2986,6 млрд. теңгеге дейін өсті. Халықтың салымдары құрылымында теңгедегі депозиттер 1,9%-ға 1771,6 млрд. теңгеге дейін ұлғайды, шетел валютасындағы депозиттер 1,6%-ға 1215,1 млрд. теңгеге дейін төмендеді. Нәтижесінде теңгедегі депозиттердің үлес салмағы 2012 жылғы сәуірдегі 58,5%-бен салыстырғанда 59,3%-ға дейін ұлғайды.

2012 жылғы мамырда банктік емес заңды тұлғалардың теңгедегі мерзімді депозиттері бойынша орташа алынған сыйақы мөлшерлемесі 2,1% (2012 жылғы сәуірде – 2,2%), ал жеке тұлғалардың депозиттері бойынша – 8,6% (8,3%) болды.




  1. Кредит нарығы

2012 жылғы мамырда банктердің экономиканы кредиттеуінің жалпы көлемі 9167,4 млрд. теңгені құрап, 1,1%-ға ұлғайды (жыл басынан өсім 4,0%).

2012 жылғы мамырда ұлттық валютадағы кредиттердің көлемі 6144,1 млрд. теңгеге дейін 1,7% өсті, шетел валютасында - 3023,4 млрд. теңгені құрап, өзгеріссіз қалды. Теңгедегі кредиттердің үлес салмағы 2012 жылғы сәуірмен салыстырғанда 2012 жылғы мамырда 66,6%-дан 67,0%-ға дейін өсті.

2012 жылғы мамырда ұзақ мерзімді кредиттеу 7401,4 млрд. теңгеге дейін 2,3% өсті, қысқа мерзімді кредиттеу 1766,0 млрд. теңгеге дейін 3,4%-ға төмендеді. Нәтижесінде ұзақ мерзімді кредиттердің үлес салмағы 2012 жылғы сәуірмен салыстырғанда 2012 жылғы мамырда 79,8%-дан 80,7%-ға дейін өсті.

2012 жылғы мамырда заңды тұлғаларға кредиттер 6691,4 млрд. теңгені құрап, 0,9%-ға өсті, жеке тұлғаларға – 2476,0 млрд. теңгеге дейін 1,9%-ға ұлғайды. Жеке тұлғаларға берілген кредиттердің үлес салмағы 2012 жылғы сәуірмен салыстырғанда 2012 жылғы мамырда 26,8%-дан 27,0%-ға дейін өсті.

2012 жылғы мамырда шағын кәсіпкерлік субъектілерін кредиттеу 1327,7 млрд. теңгеге дейін 0,7% ұлғайды, бұл экономикаға берілген кредиттердің жалпы көлемінің 14,5% құрайды.

Банктердің экономикаға берілген кредиттерінің неғұрлым айтарлықтай сомасы салалық бөлуде сауда (жалпы көлемдегі үлесі – 20,8%), құрылыс (14,5%), өнеркәсіп (12,7%) және ауыл шаруашылығы (3,2%) сияқты салаларға тиесілі.



2012 жылғы мамырда банктік емес заңды тұлғаларға ұлттық валютада берілген кредиттер бойынша орташа алынған сыйақы мөлшерлемесі 11,4% (2012 жылғы сәуірде – 11,3%), жеке тұлғаларға – 20,7% (19,9%) құрады.


Каталог: images -> stories -> NBRK
NBRK -> 16 баспасөз релизі қаржы нарығындағы ахуал туралы
NBRK -> Қазақстан республикасының Ұлттық банкі №8 баспас ө зрелиз І
NBRK -> Қазақстан республикасының Ұлттық банкі №40 баспасөзрелиз І
NBRK -> Қазақстан республикасының Ұлттық банкі №22 баспасөз релизі
NBRK -> Қазақстан республикасы ақша-кредит саясатының 2012 жылға арналған негізгі бағыттары кіріспе
NBRK -> Конкурс «Менің Қазақстаным»
NBRK -> 66 баспасөз релизі қаржы нарығындағы ахуал туралы
NBRK -> Қазақстан республикасының Ұлттық банкі қарағанды филиалы
NBRK -> Ұлттық банкі №25 баспас ө зрелиз І


Достарыңызбен бөлісу:




©kzref.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет