Қазақстан республикасының Ұлттық банкі қарағанды филиалы



жүктеу 364.83 Kb.
бет2/2
Дата21.04.2019
өлшемі364.83 Kb.
1   2
Банк секторы

2011 жылғы мамырда Комитетке банк қызметінің мәселелері бойынша 242 өтініш келіп түсті.

Мынадай мәселелер халық үшін өзекті болып қалуда:

- заемдарды өтеу бойынша мерзімін ұзарту мүмкіндігін беру, ипотекалық заемдар бойынша сыйақы ставкасын азайту жағына қарай қайта қарау және заемдар бойынша өсімпұлды алып тастау арқылы заемдарды қайта құрылымдау;

- заемдар бойынша борыштарды кешіру, оның ішінде мемлекеттік көмек көрсетуді қоса;

- заем бойынша сыйақы ставкаларын көтеру;

- кепілге салынған мүлікті сотпен /соттан тыс сату;

- заем бойынша ай сайынғы төлемді, сыйақы мөлшерін, есептелген өсімпұлды есептеудің дұрыстығын тексеру;


  • салымдарды қайтару;

  • пластикалық карталармен жасалатын операциялар.

Жеке және заңды тұлғалардың барлық жоғарыда аталған және өзге де сұратулары бойынша тиісті түсіндірмелер берілді.

Есепті кезеңде жеке тұлғалардың өтініштерін қарау нәтижесі бойынша Комитет мыналардың қызметтерінде бұзушылықтарды анықтады:



«Темiрбанк» АҚ:

- Қарағанды облыстық сотының Азаматтық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының тұрғын үйден шығару және сауда-саттықты тану туралы ұйғарымын, пәтерді сауда-саттықта сатып алғаны туралы растауды, банктік заем шартын және оған қосымша келісімді, ипотекалық куәлігін қарау нәтижелері бойынша жарамсыз болуына байланысты және кепілге салынған жылжымайтын мүлікті (пәтерді) сатудың мерзімін ұзартуда Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) Басқармасының 2005 жылғы 30 қыркүйектегі № 359 қаулысымен бекітілген Екінші деңгейдегі банктерде тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерінің болуына қойылатын талаптар жөніндегі нұсқаулықтың 10-тармағы және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007 жылғы 23 ақпандағы № 49 қаулысымен бекітілген Кредиттеу жөніндегі құжаттамасын жүргізу ережесінің 8-тармағы 17, 19-21) тармақшаларының бұзылғаны айқындалды, осыған сәйкес банкке қатысты жазбаша ұйғарым түрінде шектеулі ықпал ету шарасы қолданылды;



«Банк ЦентрКредит» АҚ:

- жеке тұлғаның өтінішін қарау үшін Комитет сұратқан ақпарат пен құжаттарды белгіленген мерзімде бермеуіне байланысты банкке қатысты жазбаша ұйғарым түрінде шектеулі ықпал ету шарасы қолданылды.

Есепті кезеңде жеке тұлғалардың өткен есепті кезеңдерінде келіп түскен өтініштерін қарау нәтижесі бойынша Комитет мыналардың қызметтерінде бұзушылықтарды анықтады:

«Метрокомбанк» АҚ:

- банктік заем шарттарында көрсетілген ставка мөлшерінен асырып сыйақы ставкасы бойынша есептелетін сыйақыны есептеу бөлігінде банктік заем шарттарының талаптары бұзылған, осыған сәйкес банкке қатысты жазбаша ұйғарым түрінде шектеулі ықпал ету шарасы қолданылды;



«Қазақстан Халық Банкі» АҚ:

- алушының зейнетақы төлемдерін есепке алу үшін заңсыз комиссия ұстау бөлігінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 4 шілдедегі № 661 қаулысымен бекітілген Жинақтаушы зейнетақы қорларынан мiндеттi зейнетақы жарналарының, ерiктi кәсіптік зейнетақы жарналарының есебiнен қалыптасқан зейнетақы жинақтарынан төленетін зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру ережесі 13-тармағы бұзылды, осыған сәйкес банкке қатысты жазбаша ұйғарым түрінде шектеулі ықпал ету шарасы қолданылды.

Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар

2011 жылғы мамырда Комитетке банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар қызметінің мәселелері бойынша 29 өтініш келіп түсті.

Есепті айда келіп түскен өтініштер мынадай мәселелерге қатысты болды:

- заемдарды мерзімін ұзарту және ай сайынғы төлемді азайту жолымен қайта құрылымдау;

- заемдарды қайта қаржыландыру;

- кепілге салынған мүлікті сотпен /соттан тыс сату.

Жеке және заңды тұлғалардың барлық жоғарыда аталған және өзге де сұратулары бойынша тиісті түсіндірмелер берілді.

Сақтандыру нарығы

2011 жылғы мамырда Комитетке сақтандыру қызметінің мәселелері бойынша 17 өтініш келіп түсті, оның ішінде:

міндетті сақтандыру бойынша – 12 өтініш;

ерікті сақтандыру бойынша – 1 өтініш;

сақтандыру сыныбы көрсетілмеген – 4 өтініш.

Өтініштердің негізгі бөлігі сақтандыру ұйымдарының міндетті және ерікті сақтандыру түрлері бойынша сақтандыру төлемдерін жүзеге асырмау, уақтылы және толық емес жүзеге асыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының сақтандыру заңнамасы нормалары бойынша түсініктемелер бері мәселелеріне қатысты болды.

Жеке және заңды тұлғалардың барлық жоғарыда аталған және өзге де сұратулары бойынша тиісті түсіндірмелер берілді.

Бағалы қағаздар нарығыг

2011 жылғы мамырда Комитетке сақтандыру қызметінің мәселелері бойынша 5 өтініш келіп түсті.

Өтініштер акцияларды тіркеу, айырбастау және акция құнын есептеу тәртібі, сондай-ақ дивиденттер төлемеу бөлігінде Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы бойынша түсініктемелер алуға қатысты болды.

Жеке және заңды тұлғалардың барлық жоғарыда аталған және өзге де сұратулары бойынша тиісті түсіндірмелер берілді.

Есепті кезеңде жеке тұлғалардың өтініштерін қарау нәтижесі бойынша Комитет мыналардың қызметтерінде бұзушылықтарды анықтады:

«Еуразиялық энергетикалық корпорациясы» АҚ:

- акционердің сұратуына құжаттар бермеу бөлігінде «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 14-бабы 7) тармақшасының талаптары бұзылды, осыған байланысты компанияға қатысты жазбаша ұйғарым түрінде шектеулі ықпал ету шараларын қолдану туралы мәселе қаралуда.


Жинақтаушы зейнетақы жүйесі

2011 жылғы мамырда Комитетке ЖЗҚ қызметінің мәселелері бойынша 33 өтініш келіп түсті.

Есепті кезеңде қаралып отырған шағымдар мен өтініштердің елеулі бөлігі мынадай мәселелерге қатысты болды:

- салымшының ниетін білдірусіз не зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартты жасамастан жинақталған зейнетақы қаражатын аудару;

- жинақталған зейнетақы қаражатын бір қордан басқасына аудару нәтижесінде оның азаюы;

- жинақталған зейнетақы қаражатын төлеуден бас тарту.

Жеке және заңды тұлғалардың барлық жоғарыда аталған және өзге де сұратулары бойынша тиісті түсіндірмелер берілді.




Каталог: images -> stories -> NBRK
NBRK -> 16 баспасөз релизі қаржы нарығындағы ахуал туралы
NBRK -> Қазақстан республикасының Ұлттық банкі №8 баспас ө зрелиз І
NBRK -> Қазақстан республикасының Ұлттық банкі №40 баспасөзрелиз І
NBRK -> Қазақстан республикасының Ұлттық банкі №22 баспасөз релизі
NBRK -> Қазақстан республикасы ақша-кредит саясатының 2012 жылға арналған негізгі бағыттары кіріспе
NBRK -> Конкурс «Менің Қазақстаным»
NBRK -> 66 баспасөз релизі қаржы нарығындағы ахуал туралы
NBRK -> Қазақстан республикасының Ұлттық банкі №27 баспасөзрелиз І
NBRK -> Ұлттық банкі №25 баспас ө зрелиз І


Достарыңызбен бөлісу:
1   2


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет