Қазақстан республикасының Ұлттық банкі басқармасының Қаулысы



бет2/5
Дата14.03.2018
өлшемі0.77 Mb.
#20963
1   2   3   4   5

Банк ақша аударуға берiлетiн өтiнiште осы Ереженiң N 2 қосымшасындағы нысанда көрсетiлген деректемелерден басқа осы өтiнiштi өңдеу үшiн оған қажет болатын ақша жiберушi туралы қосымша мәлiметтердi қосуға құқылы. Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жағдайларда банк ақша жiберушi туралы басқа да мәлiметтердi толтыруды талап етедi. Қазақстан Республикасынан тыс резидент еместiң пайдасына ақша төлемдерi мен аударымдарын жүзеге асыру кезiнде банк ақша аудару үшiн берiлген өтiнiште бенефициардың СТН көрсетудi талап етпеуге құқылы.

30. Ақша аударуға жазылған күнi көрсетiлген төлем тапсырмасы-өтiнiшiн алушы-банк он күнтiзбелiк күн iшiнде қабылдайды.

Ақша аударуға төлем тапсырмасынан немесе өтiнiшiнен басқа ақша жөнелтушi Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес алушы-банктiң талабы бойынша төлемнiң дәлелдiлiгiн растайтын құжаттар ұсынуға мiндеттi.

31. Қызмет көрсететiн алушы-банкпен келiсiм бойынша ақша жөнелтушi ақша аударуға төлем тапсырма-өтiнiшiнде валюталау күнiн көрсетуiне болады.

3-тарау. Төлемдiк талап-тапсырма

32. Төлемдiк талап-тапсырма ақша жөнелтушiге жеткiзiлген тауарларға, орындалған жұмысқа, көрсетiлген қызметке ақы төлеу туралы көрсетiлген талапты растайтын құжаттар негiзiнде ұсынылатын бенефициардың талабын бiлдiредi.

ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.12.00 ж. N 488 қаулысымен 33-тармақ жаңа редакцияда ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 31.01.03 ж. N 20 қаулысымен 33-тармақ толықтырылды

33. Бенефициар төлемдiк талап-тапсырманы белгiленген нысандағы бланкiде (N 3 қосымша) бенефициардың банкiне немесе тiкелей ақша жөнелтушiнiң банкiне ұсынуға құқылы.

Бенефициар бенефициардың банкiне бiрнеше төлемдiк талап-тапсырмаларды ұсынған жағдайда, оларға төлемдiк талап-тапсырмалардың тiзiлiмi белгiленген нысандағы бланкiде (N 4 қосымша) қоса берiледi.

Төлемдiк талап-тапсырманың "төлемнiң мақсаты" бағанында бенефициар төлемдiк талап-тапсырманы ұсынуға негiз болатын құжаттар деректемелерiн және өзге де деректемелерiн, егер олар Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң нормативтiк құқықтық актiлерiнде тiкелей көзделсе көрсетуге мiндеттi.

34. Төлемдiк талап-тапсырма тiзiлiммен бiрге бенефициардың банкiне ұсынылады, ол бенефициардың барлық деректемелерi толтырылуының толықтығын тексерiп, төлемдiк талап-тапсырманы осы Ережеде белгiленген тәртiппен ақша жөнелтушiнiң банкiне жiбередi.

35. Бенефициарға және ақша жөнелтушiге бiр алушы-банк қызмет көрсеткен, сондай-ақ төлемдiк талап-тапсырманы бенефициардың банкiсiз ақша жөнелтушiнiң банкiне ұсынған жағдайда тiзiлiмдi қоса беру қажет емес.

ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.12.00 ж. N 488 ; 2005.27.08. № 95 (бұр. ред. қара) қаулыларымен 36-тармақ өзгертілді



36. Жазылған күнi көрсетiлген төлемдiк талап-тапсырма мен қоса берiлген тiзiлiмдi бенефициар отыз күнтiзбелiк күн iшiнде бенефициардың банкiне ұсынуы мүмкiн немесе төлемдiк талап-тапсырма ақша жөнелтушiнiң банкiне ұсынылуы мүмкiн.

37. Ақша жөнелтушiнiң акцептеуiн талап етпейтiн төлемдiк талап-тапсырмаларды қоспағанда, ақша жөнелтушi банк тек ақша жөнелтушiнiң акцептi болған жағдайда ғана төлемдiк талап-тапсырманы орындауға тиiс.

Ақша жөнелтушiнiң акцепт туралы белгi қою үшiн төлемдiк талап-тапсырма бланкiсiнiң бет жағында орын жетiспеген жағдайда, осы жазба бланктiң сырт жағына жасалады.

38. Егер жөнелтушi ақша жөнелтушiнiң банкiне төлемдiк талап-тапсырманы оған ақша жөнелтушiнiң өзiнiң банк есепшотынан ақшаны акцепсiз алуға келiсiмi бар құжаттарды қосып ұсынса, ондай төлемдiк талап-тапсырма ақша жөнелтушiнiң акцептеуiн талап етпейдi.

4-тарау. Инкассалық өкiм

39. Заң актiлерiнде көзделген жағдайларда ақша жөнелтушiнiң банк есепшоттарынан ақша жөнелтушiнiң келiсiмiнсiз ақша алу үшiн пайдаланылатын төлем құжаты белгiленген нысандағы бланкте (N 5 қосымша) ұсынылған инкассалық өкiм, сондай-ақ салық қызметi органдарының және кеден органдарының (N 6 қосымша) инкассалық өкiмi болып табылады.

ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.12.00 ж. N 488 қаулысымен 40-тармақ жаңа редакцияда

40. Ақшаны өндiрiп алушы ақша жөнелтушiнiң банкiне осы өндiрiп алудың дәлелдiгiн растайтын орындалатын парақтардың немесе сот шешiмдерi, үкiмдерi, анықтамалары және қаулылары бойынша берiлетiн бұйрықтардың не ақшаны өндiрiп алу туралы сот бұйрығының түпнұсқаларын қоса инкассалық өкiмдi немесе соттың мөрiмен расталған олардың көшiрмелерiн ұсынады.

Ақша жөнелтушiнiң банк есепшотынан оның келiсiмiнсiз ақша алудың дәлелдiгiн растайтын орындалатын құжат, егер орындалатын құжаттың мәтiнiнде өзгеше белгiленбесе, банкке көрсету үшiн тек бiр инкассалық өкiмнiң негiзi ғана болып табылады. Салық қызметi және кеден органдарының инкассалық өкiмдерi осы өндiрiп алудың дәлелдiгiн растайтын орындалатын құжаттарсыз ұсынылады.

41. Инкассалық өкiмде ақша жөнелтушiнiң банк есепшотынан оның келiсiмiнсiз ақша (оның күнi және номерi) алу (өндiрiп алу) құқығы көзделетiн заң актiлерiне сiлтемемен төлемнiң мақсаты көрсетiледi.

Орындалатын құжатта көрсетiлген ақша төлемiнiң/аударымының сомасы инкассалық өкiмде көрсетiлген сомамен сәйкес келуi тиiс.

ҚР ҰБ Басқармасының 31.01.03 ж. N 20; 24.01.04 ж. N 13 (бұр. ред. қара); 2005.27.08. № 95 (бұр. ред. қара); 2006.12.08. № 74 (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр. ред. қара) қаулыларымен 42-тармақ өзгертілді

42. Салық және кеден қызметi органдарының инкассалық өкiмiнде бюджеттiк жiктеу коды, операция түрi қосымша көрсетiледi.

Операциялар түрi жолында тиiсiнше кодтар көрсетiледi:

03 - салық органының бюджетке берешегі бар салық төлеушiнiң банктiк шотына қойылған инкассалық өкiмi;

04 - салық органының дебитордың банктiк шотына қойылған инкассалық өкiмi;

05 - кеден органының бюджетке берешегi бар салық төлеушiнiң банктiк шотына қойылған инкассалық өкiмi;

07 - міндетті зейнетақы жарналары бойынша берешегі бар агенттің банктік шотына салық органы берген инкассалық өкім;



09 - әлеуметтік аударымдар бойынша берешегі бар төлеушінің банктік шотына ұсынылған салық органының инкассалық өкімі.

Салық органының міндетті зейнетақы жарнасы бойынша берешекті өндіріп алуға арналған инкассалық өкімінде «бенефициар» бағанында Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық көрсетіледі, «бенефициар банк» бағанында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің тиісті бөлімшесі көрсетіледі.

"Бенефициар" бағанында әлеуметтік аударымдар бойынша берешекті өндіріп алуға арналған салық органының инкассалық өкімінде Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры, "бенефициар банк" бағанында - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің тиісті бөлімшенің атауы және "делдал банк" бағанында - Мемлекеттік зейнетақы төлеу жөніндегі орталық көрсетіледі.

Салық органдары зейнетақы жарналары немесе әлеуметтік аударымдар бойынша берешекті өндіріп алуға арналған инкассалық өкіммен бір мезгілде алушы-банкке тізімдерді ұсынады. 50-ден астам позициясы (аты-жөндері) бар тізімді алушы-банкке электрондық тасымалдағыштардағы тізімнің көшірмесін қоса бере отырып ұсынады.

43. Өндiрiп алудың, сондай-ақ ақша жөнелтушiнiң келiсiмiнсiз қаражатты есептен шығару үшiн негiздемеге сiлтеме жасау дұрыстығына өндiрiп алушы жауап бередi. Банктер ақша жөнелтушiлердiң олардың келiсiмiнсiз банк есепшоттардан қаражатты есептен шығаруға қарсылықтарын қарамайды.

5-тарау. Төлем құжаттарын электрондық жазбамен ұсыну

44. Төлем құжатында хабарланатын оның бейнесiн немесе ақпаратты беру жолымен төлем құжаттарын алмастырудың электрондық жүйелерiн пайдалану және бағдарламалық-криптографиялық қорғау мен электрондық сандық қол қою туралы шарт (келiсiм) негiзiнде, бенефициар мен оның банкi арасында не ақша жөнелтушi мен оның банкi арасында бұндай ұсыну көзделген болса, егер өзгеше Ұлттық Банктiң нормативтiк құқықтық актiлерiнде көзделмесе, электрондық тәсiлмен жасалуы мүмкiн.

Төлем құжаттарын алмастырудың электрондық жүйелерiн пайдалану туралы шартта (келiсiмде) төлем құжатын төлеу, акцепт, акцептен бас тарту, керi қайтарып алу және банк төлем құжаттарын өңдеуге байланысты басқа да мәселелер туралы ережелер болуы мүмкiн.

6-тарау. Санкцияланған нұсқау және қорғау



iс-қимылдарының тәртiбi

ҚР ҰБ Басқармасының 27.10.03 ж. N 372 (бұр. ред. қара); 24.01.04 ж. N 13 (бұр. ред. қара) қаулыларымен 45-тармақ өзгертілді

45. Санкцияланбаған нұсқау деп алушы-банк пен жөнелтушi арасындағы шартта көзделген санкцияланбаған төлемдерден келiсiлген қорғау iс-қимылдары тәртiбiне сәйкес, сондай-ақ егер жүргiзiлетiн төлем оны жасауға өкiлеттiгi бар адамның нұсқауымен жасалса және ол Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмесе, алушы-банк алған жөнелтушiнiң нұсқауы саналады.

Егер алушы-банк нұсқаудың санкцияланғандығына жоғарыда айтылған талаптарды бұза отырып, оны орындауға қабылдаса, нұсқау санкцияланбаған болып саналады.

46. Санкцияланбаған төлемдерден қорғау iс-қимылдарының тәртiбi мынадай жағдайларда келiсiлген болып табылады:

1) алушы-банк ұсынған қорғау iс-қимылдарының тәртiбiне жөнелтушi жазбаша келiсiм бергеннен кейiн. Мұндай келiсiм қорғау iс-қимылдарының тәртiбi көзделген алушы-банк пен жөнелтушiнiң шартта қол қоюы болып табылады;

2) алушы-банк ұсынған, ал жөнелтушi қабыл алмаған және алушы-банк үшiн қолайлы басқа қорғау iс-қимылдарының тәртiбiн ұсынғаннан кейiн. Мұндайда, жөнелтушi өз атынан жөнелтiлген және қорғау iс-қимылдарының белгiленген тәртiбiне сәйкес алушы-банк орындауға қабылдаған нұсқаудың санкцияланғандығы үшiн өзiне жауапкершiлiк және мiндеттеме алады.

47. Осы тараудың ережесi төлем құжатын керi қайтарып алу немесе оның орындалуын тоқтата тұру өкiмiне де қолданылады.

7-тарау. Санкцияланбаған нұсқауды орындаудың салдары

48. Жөнелтушi нұсқаудың дұрыс орындалуын анықтауға мiндеттi және олар санкцияланбаған нұсқауды орындаған жағдайда, алушы-банкке ол туралы олардың арасындағы шартта көзделген мерзiмнен кешiктiрмей хабарлайды. Егер алушы-банк көрсетiлген мерзiмде санкцияланбаған нұсқау туралы жөнелтушiнiң хабарламасын алмаған болса, онда жөнелтуші алушы-банк алдында шартқа немесе Қазақстан Республикасының заңдар актiлерiне сәйкес алушы-банкке келтiрген нақты шығындарға жауап бередi.

ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.12.00 ж. N 488 қаулысымен 49-тармақ жаңа редакцияда

49. Егер алушы-банк санкцияланбаған нұсқау туралы жөнелтушiден уақтылы хабар алып, санкцияланбаған нұсқауды орындаған жағдайда, ол жөнелтушiге олардың арасында жасалған шартта көзделген тәртiппен осы нұсқауды орындауға байланысты нақты шығындардың орнын толтырады.

8-тарау. Нұсқауды керi қайтарып алу және

оның орындалуын тоқтата тұру

50. Акцептелмеген өкiм акцепт жасау мерзiмi өткенге дейiн қайтарып алынуы мүмкiн.

Өкiмнiң орындалуын тоқтата тұру немесе нұсқауды кері қайтару оны банк-алушы орындағанға дейiн ғана болады.

ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.12.00 ж. N 488 қаулысымен 51-тармақ жаңа редакцияда

51. Нұсқауды жөнелтушi алушы-банкке нұсқауды керi қайтару өкiмiн белгiленген нысандағы бланкiде (N 7 қосымша) жiберу жолымен қайтарып алуы мүмкiн. Осындай өкiмнiң орындалу мерзiмi жөнелтушi және алушы-банк арасында жасалған шартта белгiленедi.

Жөнелтушi және алушы-банк арасында жасалған шартта нұсқауды керi қайтару туралы өкiмдi электрондық тәсiлмен беру көзделуi мүмкiн.

52. Нұсқауды керi қайтарып алу туралы нұсқауда алушы-банк белгiлеген төлем құжатының күнi, оның номерi, сомасы және төлем құжатының басқа да деректемелерi көрсетiлуi тиiс. Электрондық тәсiлмен берiлген төлем құжатын керi қайтарып алу туралы өкiм, жөнелтушi мен алушы банк арасындағы шартта белгiленген санкцияланбаған төлемдерден қорғау iс-қимылдарының тәртiбiн сақтаған жағдайда ғана жөнелтiлдi деп саналады.

Төлем құжатын керi қайтарып алу туралы оның орындалуын тоқтата тұру жөнiндегi өкiмдi қағаз жазбада ресiмдегенде төлем құжатын жөнелтушiнiң мөрi және төлем құжатына қол қоюға құқығы бар уәкiлеттi адамдарының қолы болуы тиiс.

53. Алушы-банк Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына және жөнелтушi мен алушы-банк арасындағы шарттың талаптарына сәйкес келмейтiн нұсқауды керi қайтарып алу туралы өкiмдi орындауға қабылдамауы тиiс.

ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.12.00 ж. N 488 қаулысымен 54-тармақ жаңа редакцияда

54. Жөнелтушiнiң орындалмаған нұсқауды керi қайтару туралы өкiмiн уақтылы алған кезде алушы-банк осы нұсқау бойынша ақша аударуға құқығы болмайды және ол бiр мезгiлде жөнелтушiге алынған өкiмнiң орындалуы туралы хабарды жiбере отырып, осы өкiмдi алған күннен кейiн келетiн жұмыс күнiнен кешiктiрмей нұсқауды қайтаруы тиiс.

55. Жөнелтушi нұсқаудың орындалуын тоқтата тұру туралы өкiмдi алушы-банкке жiберу жолымен нұсқауды тоқтата тұруы мүмкiн (N 8 қосымша).

ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2005.27.08. № 95 (бұр. ред. қара) қаулысымен 56-тармақ өзгертілді

56. Нұсқаудың орындалуын тоқтата тұру осы Ережелерде көзделген тәртiпке, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес жүзеге асырылады.

57. Акцептелген нұсқаудың орындалуы Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген жағдайларда мiндеттi түрде тоқтатылуы тиiс.

3-бөлiм. Кредиттiк аударымдар

1-тарау. Жалпы ережелер

58. Осы бөлiмнiң нормалары Қазақстан Республикасының резидент емес-банктердiң қатысуымен ақша төлемдерi мен аударымдарына байланысты қатынастарға қолданылмайды.

Мұндай қатынастар тиiстi шарттармен және банк iс-тәжiрибесiнде қолданылатын iскерлiк айналым дәстүрлерiмен реттеледi.

2-тарау. Төлем тапсырмасының акцептi

59. Алушы-банктiң төлем тапсырмасын акцептеуi жөнелтушiнiң төлем тапсырмасын орындау оның мiндетi екенiн және акцептелген төлем тапсырмасының мөлшерiнде жөнелтушiнiң банк есепшотынан ақша сомасын және оны орындауға байланысты шығасын алуға алушы-банктiң құқығы туғандығын бiлдiредi.

60. Алушы-банк тапсырманы акцептегенге дейiн оны жөнелтушi алушы-банк тапсырманы акцептегеннен кейiн оны орындауға қажеттi ақша сомасын өзiнiң банк есепшотында қамтамасыз етуге мiндеттi. Қажеттi ақша сомасын қамтамасыз ету жөнелтушiге берiлген алушы-банктiң займы есебiнен, не жөнелтушiнiң банк есепшоты бойынша күндiзгi зайымынан, егер бұл арадағы шартта көзделген болса, жасалуы мүмкiн.

61. Мына талаптардың бiреуi болғанда алушы-банк төлем тапсырмасын акцептеген болып табылады:

1) алушы-банк жөнелтушiге акцептеу туралы хабарлама немесе төлем құжатының ақысы ретiнде қолма-қол ақшаны қабылдау туралы хабарлама жiбердi;

2) алушы-банк жөнелтушiнiң төлем тапсырмасы негiзiнде оның ақшасын алды (банк есепшотын дебеттедi);

3) алушы-банк төлем тапсырмасын алған күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде жөнелтушi акцептеу туралы немесе акцептеуден бас тарту туралы алушы-банктiң хабарламасын алған жоқ (хабарламай-ақ қабылдады);

4) Қазақстан Республикасының заңдарында немесе алушы-банк пен жөнелтушi арасындағы шартта көзделген басқа жағдайларда.

62. Мына талаптардың бiреуi болғанда бенефициар банкi төлем тапсырмасын акцептеген болып табылады:

1) бенефициар банкi жөнелтушіге акцептеу туралы хабарлама жiбередi;

2) бенефициар банкi, егер ол бiр уақытта алушы-банк болып табылса, оның төлем тапсырмасының негiзiнде жөнелтушiнiң ақшасын алды (банк есепшотын дебеттедi);

3) бенефициар банкi бенефициардың банк есепшотын кредиттеу жолымен бенефициарға ақша аударымын жүзеге асырды;

4) жөнелтушi бенефициар банктен акцепт туралы немесе акцептен бас тартқаны туралы банк бенефициардың төлем тапсырмасын алған күннен кейiн үш жұмыс күнi iшiнде алмағанда (үндемегенi туралы);

5) Қазақстан Республикасында қолданылып жүрген заңдарда қарастырылған немесе бенефициар банк арасындағы кейбiр жағдайларда.

63. Жөнелтушi мен алушы-банк арасындағы шартта акцептiн төлем тапсырмасы қабылданған кезде болу мүмкiндiгi де қарастырылады.

2-тарау. Акцептiң төлем тапсырмасынан бас тарту

64. Алушы-банк акцептiң төлем тапсырмасынан бас тартуы мынадай жағдайда жүргiзiледi:

1) жөнелтушi ақша аударымын жүзеге асыру үшiн қажеттi ақша сомасымен қамтамасыз етпегенде;

2) егер төлем тапсырмасының қолдан жасалғандық белгiлерi болса, соның iшiнде, егер төлем тапсырмасы жөнелтушi мен алушы-банк арасындағы шартта көрсетiлген санкцияланбаған төлемдерден қорғау тәртiбi бұзылып берiлгенде;

3) жөнелтушi төлем тапсырмасын құрастырғанда және төлем тапсырмасын көрсеткенде, осы Ережеде белгiленген нұсқаманы және Қазақстан Республикасында қолданылып жүрген басқа да заңдарды, сондай-ақ жөнелтушi мен алушы-банк арасындағы шарт талабын сақтамағанда;

4) Қазақстан Республикасында қолданылып жүрген заңдардың басқа да талаптарын және (немесе) шарт жағдайларын сақтамағанда.

Акцептеудiң төлем тапсырмасынан бас тартқан алушы-банк төлем тапсырмасын алған күнi, үш жұмыс күнiнен кешiктiрмей жазбаша немесе электронды хабарлама жiбередi.

Бас тарту туралы хабарламаны жiберу тәртiбi алушы-банк пен жөнелтушi арасындағы шартта көрсетiлуi қажет. Акцептен бас тарту күнi деп хабарламаның жiберiлген күнi саналады.

ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.12.00 ж. N 488 қаулысымен 65-тармақ өзгертілді

65. Акцептiң төлем тапсырмасын орындау мүмкiн емес жағдайлар:

1)

2) егер бенефициар банк алған төлем тапсырмасында көрсетiлген бенефициар деректемелерi осы бенефициарға бiрдейлестiрiлмегенде.



66. Егер алушы-банк бенефициар банк болып саналмаса, төлем тапсырмасын орындамайды, мұндайда жөнелтушiнiң банк есепшотында алушы-банктiң төлем жасауға жеткiлiктi ақша сомасы болып және алушы-банк акцептен бас тарту туралы мерзiмiнде уақтылы хабарламаса, алушы-банк жөнелтушiге өзара шартта көрсетiлген мөлшерде, егер Қазақстан Республикасында қолданылып жүрген заңдарға қайшы келмесе, аударым ақша сомасынан айыппұл төлеуге мiндеттi.

Егер алушы-банк негiзсiз акцептiң төлем тапсырысынан бас тартса, онда ол жөнелтушi мен алушы-банк арасындағы шартта көрсетiлгендей, немесе Қазақстан Республикасында қолданылып жүрген заңдармен жауап бередi.

3-тарау. Акцептелген төлем тапсырысы бойынша төлем

67. Жөнелтушi алушы-банктiң акцептелген төлем тапсырмасы сомасына төлем жүргiзуге мiндеттi және, оны орындауға немесе өзара шартқа сәйкес, санкцияланған өтем тапсырысынан бас тартуына байланысты қаражатын өтейдi. Мұндай жағдайда төлем жүргiзу мiндетi алушы-банктiң жөнелтушi төлем тапсырмасын орындау кезiнен басталады.

68. Алушы-банкi жөнелтушiнiң банк есепшотын дебеттеген жағдайда, жөнелтушiнiң алушы-банкке төлемi жүргiзiледi.

69. Егер жөнелтушi банк болса, онда төлем мынадай жолдармен жүргiзiледi:

1) жөнелтушiнiң корреспонденттiк есепшоты алушы-банкте кредиттелсе және оған көшiрмесi жiберiлсе;

2) жөнелтушiнiң корреспонденттiк есепшоты алушы-банкте дебеттелсе;

3) жөнелтушiнiң корреспонденттiк есепшоты және Ұлттық Банктегi алушы-банкi арқылы төлемдi жүзеге асырса;

4) төлемдi ақша аударымы жүйесi арқылы жүзеге асыру, осы жүйеде түпкiлiктi төлем ережесi болып белгiленгенде;

5) жөнелтушi мен алушы-банк арасындағы екi жақты келiсiмге сәйкес, өзара есепке алынып төлем жүргiзгенде.

4-тарау. Алушы-банктiң төлем тапсырмаларын



орындау кезiндегi iс-қимылы

ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.12.00 ж. N 488 қаулысымен 70-тармақ өзгертілді

70. Жөнелтушiнiң төлем тапсырмасын акцептеген Алушы-банк оны Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына және төлем тапсырмасының өзiнде көрсетiлген талаптарға сәйкес орындайды.

71. Егер жөнелтушiнiң төлем тапсырмасында басқадай көрсетiлмесе, онда алушы-банк оның төлем тапсырмасын делдал банктiң онан әрi орындауына жiберуге құқылы.

ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2006.12.08. № 74 қаулысымен 72-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)



72. Төлем тапсырмасын орындау мүмкін болмаған жағдайда, делдал банк ақша жіберушінің банкіне бұл жөнінде осындай нұсқау алған күннен кейінгі келесі операциялық күннен кешіктірмей олардың арасындағы шартта белгіленген тәсілмен хабарлайды және оған төлем тапсырмасы негізінде ақшаны қайтарады.

73. Егер алушы-банк жөнелтушiден тиiстi өкiлеттiк алмаса, онда оның құқығы жоқ:

1) жөнелтушiнiң төлем тапсырмасын орындауға байланысты келтiрген қызметi мен шығындарына берiлетiн комиссиялық соманы осы төлем тапсырмасы сомасынан ұстау арқылы төлеттiруге;

2) келесi алушы-банкке төлем тапсырмасы сомасы есебiнен комиссиялық төлеттiру құқын беруге.

74. Алушы-банк, жөнелтушi төлем тапсырмасын анықтаған, делдал-банктi анықтаған, аударымды жүзеге асыру мүмкiн еместiгiн, дәлелдеген осы Ереженiң 68-тармағын ескерген, егер осы төлем тапсырмасының мерзiмi өткенше, ол жөнелтушiден алдағы iс-әрекеттерiн сұрап, оған төлем тапсырмасын орындауға не iстейтiнiн көрсеткен төлем тапсырмасын орындауға не iстейтiнiн көрсеткен өз мiндеттерiн орындаған болып есептеледi.

75. Егер алушы-банк төлемдi орындауда осы Ереженiң талабын бұзғандықтан бенефициардың ақша аударымы кешiгуiне әкеп соқса, онда банк, көрсетiлген кешiктiруге тiкелей кiнәлi ретiнде, араларындағы шартта көрсетiлген немесе Қазақстан Республикасында қолданылып жүрген заңға сәйкес қатысушыға (қатысушыларға) тұрақсыздық айыбын төлейдi.

76. Егер тапсырманы орындау кезiне дейiн алушы-банк Қазақстан Республикасында қолданылып жүрген заң актiлерi талаптарына сәйкес, тәртiп бойынша бiрiншi кезектегілердi орындауға мiндеттi, сонан кейiн жөнелтушiнiң банк есепшотында тапсырманы орындауға қажеттi ақша сомасы жоқ болса, алушы-банктiң төлем тапсырмасын орындамауға және оның акцептiнен бас тартуға құқылы.

Мұндайда бұл банк жөнелтушiнiң төлем тапсырмасын орындамады деген жауапкершiлiктен босатылады.

5-тарау. Валюталау күнiндегi төлем тапсырмасы

77. Акцептiк төлем тапсырмасындағы шарттардың бiрi валюталау күнi белгiленгенде алушы-банк жөнелтушiнiң банктiк есепшотынан олардың акцептелген төлем тапсырмасы көлемiнде ақша сомасын алуға құқы бар.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©kzref.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет