Ќазаќстан республикасыныѕ Ўлттыќ банкі туралы


бойынша сыйақы ставкалары



бет3/4
Дата14.03.2018
өлшемі0.6 Mb.
#20984
1   2   3   4

              бойынша сыйақы ставкалары 

      Қазақстан Ұлттық Банкi жүзеге асырылатын ақша-кредит саясаты шеңберiнде қаржы рыногындағы рыноктық сыйақы ставкаларына әсер ету мақсатында ақша-кредит саясатының негiзгi операциялары бойынша сыйақы ставкаларын белгiлейдi.

      Ескерту. 34-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 1997.07.11. N 154 Заңымен, 2003 жылғы 10 шілдедегі N 483 Заңымен (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi).

      35-бап. Қарыздар 

      Қазақстан Ұлттық Банкi ақша-кредит саясатының қабылданған бағдарларына сәйкес банктердiң қарыз алуының жалпы көлемiн реттейдi.
      Банктерге берiлетiн қарыздарды беру мен өтеу тәртiбiн, талаптарын, түрлерiн, мерзiмдерiн және лимиттерiн Қазақстан Ұлттық Банкi айқындайды.
      Қазақстан Ұлттық Банкi қарыздарды өтiмдiлiгі жоғары және қауiпсiз бағалы қағаздармен және басқа активтермен қамтамасыз ете отырып та, қамтамасыз етпей де бiр жылдан аспайтын мерзiмге бередi. Бұл мерзiмдi Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Басқармасы ұзартуы мүмкiн. Бұл орайда Қазақстан Ұлттық Банкi соңғы инстанциядағы қарыз берушi ретiнде банктерге қарыздарды Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Басқармасы белгiлеген тәртiппен, шарттарда және мерзiмдерде беруге құқылы.
      Қазақстан Ұлттық Банкiнiң нормативтiк құқықтық актiлерiнде көзделген мүлiк Қазақстан Ұлттық Банкiнiң қарыздары бойынша мiндеттемелердiң орындалуын қамтамасыз ету үшiн кепiл заты бола алады.     
      Ескерту. 35-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасы Президентінің 1996.01.27. N 2830 заң күші бар Жарлығымен, Қазақстан Республикасының 1997.07.11. N 154 Заңымен, бап жаңа редакцияда - 2003 жылғы 10 шілдедегі N 483 Заңымен (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi).

      36-бап. Валюталық интервенциялар 

      Қазақстан Ұлттық Банкiнiң валюталық интервенциялары Қазақстан теңгесiнiң бағамына әсер ету мақсатында банкаралық немесе биржалық рыноктарда шетел валютасын сатып алу-сату және валюталық мәмiлелердiң басқа да түрлерiн жүргiзу жолымен дербес жүзеге асырылады.
      Қазақстан Ұлттық Банкiнiң валюталық интервенциялары жалпы ақша-кредит саясаты шеңберiнде жүргiзiледi.     
      Ескерту. 36-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 10 шілдедегі N 483 Заңымен (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi).

      36-1-бап. Депозиттер 

      Депозиттердi тарту мен өтеу тәртiбiн, талаптарын, мерзiмдерiн және тарту лимиттерiн Қазақстан Ұлттық Банкi айқындайды.
      Қазақстан Ұлттық Банкi ұлттық валютамен де, шетел валютасымен де депозиттер тартуға құқылы.
      Ескерту. 36-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 10 шілдедегі N 483 Заңымен (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi).

      36-2-бап. Қазақстан Ұлттық Банкiнiң қысқа мерзiмдi


                ноталары 

      Қазақстан Ұлттық Банкiнiң қысқа мерзiмдi ноталары - Қазақстан Ұлттық Банкi эмиссиялайтын мемлекеттiк бағалы қағаздар.


      Қысқа мерзiмдi ноталарды шығару, орналастыру, айналысқа жiберу және өтеу тәртiбi мен талаптарын Қазақстан Ұлттық Банкi айқындайды.
      Қазақстан Ұлттық Банкi ақша-кредит саясатының мақсаттарына сәйкес қысқа мерзiмдi ноталарды ұлттық валютамен де, шетел валютасымен де шығаруды жүзеге асыруға құқылы.
      Ескерту. 36-2-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 10 шілдедегі N 483 Заңымен (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi).

      36-3-бап. Коммерциялық вексельдердi қайта есепке алу

      Қазақстан Ұлттық Банкi коммерциялық вексельдердi қайта есепке алу тәртiбiн және Қазақстан Ұлттық Банкiнiң коммерциялық вексельдердi қайта есепке алуға қабылдауы үшiн қойылатын талаптарды белгiлейдi.
      Ескерту. 36-3-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 10 шілдедегі N 483 Заңымен.

      37-бап. Банк операциялары бойынша сандық шектеулер

      Қазақстан Ұлттық Банкiнiң тiкелей сандық шектеулерi деп операциялардың жекелеген түрлерi және мәмiлелерi бойынша ставкалардың ең жоғары деңгейлерi, кредит берудi тiкелей шектеу, сыйақы ставкаларын тұмшалау, жекелеген салалардың дамуын ынталандыру немесе тежеу мақсатында кредиттiң нақты түрлерiн тiкелей реттеу ұғынылады.
      Қазақстан Ұлттық Банкi инфляциялық процестердi жанама ақша-кредиттiк реттеу әдiстерiмен тоқтату болмаған жағдайда тiкелей сандық шектеулер қолдануға құқылы.
      Ескерту. 37-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 1997.07.11. N 154 Заңымен

  7 Тарау. Ақша айналысы және ақша бiрлiгi

      38-бап. Ақша бiрлiгi

      Қазақстан Республикасының ақша бiрлiгi (ұлттық валютасы) Қазақстан теңгесi болып табылады. Қазақстан теңгесi 100 тиыннан тұрады.


      Қазақстан Республикасының айналыстағы ақша белгiлерi банкноттар мен тиындардан тұрады.
      Банкноттар мен тиындардың көрсетiлген құнының құрылымын Қазақстан Ұлттық Банкi белгiлейдi.

      39-бап. Төлем құралы

      Қазақстан Ұлттық Банкiнiң заң актiлерiнде, нормативтiк құқықтық актiлерiнде көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасында бiрден-бiр заңды төлем құралы Қазақстан теңгесi болып табылады.
      Ескерту. 39-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 1997.07.11. N 154 Заңымен

      40-бап. Банкноттар мен монеталарды шығару

      Банкноттар мен монеталар шығаруды, олардың Қазақстан Республикасының аумағындағы айналысын ұйымдастыруды және айналыстан алуды тек қана Қазақстан Ұлттық Банкi жүзеге асырады.
      Қазақстан Ұлттық Банкi банкноттар мен монеталарды заңды және жеке тұлғаларға сату арқылы айналысқа шығаруды жүзеге асырады.
      Ескерту. 40-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2005.07.08. N 69 Заңымен

      41-бап. Ақша бiрлiгiнiң қамтамасыз етiлуi

      Қазақстан Ұлттық Банкiнiң банкноттары мен тиындары Қазақстан Ұлттық Банкiнiң сөзсiз мiндеттемелерi болып табылады және оның барлық активтерiмен қамтамасыз етiледi.
      Қазақстан Ұлттық Банкi алтын-валюта активтерiнiң көлемi туралы бұқаралық ақпарат құралдарында ұдайы хабар жариялап тұрады.
      Ескерту. 41-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 1997.07.11. N 154 Заңымен

      42-бап. Банкноттар мен тиындарды жасап шығару


              және олардың сипаттамасы

      Қазақстан Ұлттық Банкi банкноттар мен тиындардың қажеттi мөлшерiне дiлгерлiктi анықтайды, олардың жасалып шығарылуын қамтамасыз етедi, қолдағы ақшаны сақтау, жою және инкассациялау тәртiбiн белгiлейдi.


      Монеталар мынадай түрлерге бөлiнедi:
      инвестициялық монеталар - инвестициялау және жинақтау объектiсi болып табылатын, қымбат металдардан жасалған монеталар;
      коллекциялық монеталар - коллекциялау және жинақтау объектiсi болып табылатын, қымбат металдардан, сол сияқты қымбат емес металдардан жасалған, шектеулi таралыммен дайындалған мерекелiк, естелiк және өзге де арнайы соғылған монеталар;
      айналыстағы монеталар - қымбат емес металдардан дайындалған және қолма-қол ақша айналысына арналған монеталар.
      Қазақстан Республикасында шығарылған банкноттар мен тиындардың көрсетiлген құндық құрамы, нысаны және өрнектi кескiндемесi болуға тиiс. Банкноттар мен тиындардың аталған сипаттамалары баспасөзде жарияланады.
      Ескерту. 42-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 1997.07.11. N 154, Қазақстан Республикасының 2005.07.08. N 69 Заңдарымен. 

      43-бап. Банкноттар мен тиындардың қабылдауға


              қойылатын талаптар

      Қазақстан Ұлттық Банкiнiң айналысқа шығарған банкноттары мен тиындары олардың белгiленген құнымен Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында төлемдердiң барлық түрлерi бойынша, сондай-ақ банк шоттарына, енгiзу және ақша аудару үшiн қабылдауға мiндеттi, олар Қазақстан Республикасының барлық банктерiнде шектеусiз ұсатылады және айырбасталады. 


      Қазақстан Ұлттық Банкiнен басқа ешкiм Қазақстан Ұлттық Банкi шығарған банкноттар мен тиындарды жарамсыз деп жариялай алмайды.
      Ескерту. 43-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 436 Заңымен

      43-1-бап. Қазақстан Ұлттық Банкiнiң банкноттар мен


                 монеталарды сатуы және сатып алуы

      Қазақстан Ұлттық Банкiнiң банкноттар мен айналыстағы монеталарды сатуы, сатып алуы олардың белгіленген құны бойынша жүзеге асырылады.


      Қазақстан Ұлттық Банкiнiң инвестициялық және коллекциялық монеталарды сатуы және сатып алуы Қазақстан Ұлттық Банкiнiң нормативтiк құқықтық актiлерiнде белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.
      Ескерту. 43-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2005.07.08. N 69 Заңымен. 

      44-бап. Ақша бiрлiгiн айырбастау құқығы

      Ақша бiрлiгiн айырбастауға Қазақстан Республикасы Президентiнiң құқығы бар. Қазақстан Республикасының Президентi Қазақстан Республикасы ақша бiрлiгiнiң қолданылу тәртiбiн, мерзiмiн және шарттарын белгiлейдi.
      Ескерту. 44-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасы Президентінің 1995.12.05. N 2672 заң күші бар Жарлығымен

      45-бап. Банкноттар мен тиындарды ауыстыру

      Қазақстан Ұлттық Банкi банкноттар мен тиындардың бұрын қолданыста болғандардың төлемдiлiгiн анықтау және оларды айырбастау тәртiбiн белгiлейдi әрi бұл жөнiнде баспасөзде жарияланады. 

       46-бап. Тозған және бүлiнген банкноттар

      Тозған және бүлiнген, өзiнiң толық көлемiнiң кемiнде жетпiс процентi сақталған банкноттарды Қазақстан Ұлттық Банкi және Қазақстан Республикасының банктерi шектеусiз айырбастайды.
      Тозған және бүлiнген, елу процентiнен астамы сақталған банкноттарды Қазақстан Ұлттық Банкi қабылдайды және өзi белгiлеген ережелерге сәйкес айырбастайды.
      Қазақстан Ұлттық Банкi жоғалған немесе жойылған банкноттар мен монеталарды өтеуге мiндеттi емес.
      Ескерту. 46-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 436 Заңымен, бап жаңа редакцияда - 2003 жылғы 10 шілдедегі N 483 Заңымен (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi).

      47-бап. Банкноттар мен тиындарды құқыққа қайшы


              жасағаны үшiн жауапкершiлiк

      Банкноттар мен тиындарды құқыққа қайшы жасап шығаруға, сондай-ақ қолдағы ақшаны санкциясыз эмиссиясын iске асыруға кiнәлi адамдар Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес қылмыстық және мүлiктiк жауаптылыққа тартылады.


      Ескерту. 47-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 1997.07.11. N 154 Заңымен

      47-1-бап. Кассалық қызмет көрсетуді ұйымдастыру

      Қазақстанның Ұлттық Банкі банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар мен олардың клиенттеріне кассалық қызмет көрсетуді ұйымдастыру, сондай-ақ банктердің, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың қолма-қол ақшаны сақтауы, тасымалдауы және есепке алуы жөніндегі негізгі талаптарды белгілейді.
      Ескерту. Жаңа 47-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2000.03.29. N 42 Заңымен, өзгерту енгiзiлдi - 2003 жылғы 10 шілдедегі N 483 Заңымен (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi).

  8 тарау. Ақша төлемі мен аударымын ұйымдастыру

      48-бап. Қазақстан Ұлттық Банкiнiң ақша төлемдерi мен
               аударымдарын және төлем жүйелерiн
               ұйымдастырудағы және реттеудегi өкілеттiктерi

      Қазақстан Ұлттық Банкi ақша төлемдерi мен аударымдарын ұйымдастырады, үйлестiредi, реттейдi және:


      1) ақша төлемдерiн және (немесе) аударымдарын жүзеге асыру ережелерiн және тәсiлдерi қолданылуының ерекшелiктерiн, төлем нұсқауларының мазмұнына қойылатын негiзгi талаптарды;
      2) қолма-қол ақшаны пайдалана отырып, төлемдердi жүзеге асыру тәртiбi мен шарттарын белгiлейдi.
      Қазақстан Ұлттық Банкi Қазақстан Республикасының аумағында төлем жүйелерінің жұмыс iстеуiнiң тиiмдiлігі мен сенiмділiгiн қамтамасыз етуге бағытталған нормативтiк құқықтық актілердi қабылдайды.
      Төлем жүйелерiнің жұмыс iстеуiн қадағалауды жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Ұлттық Банкi:
      төлем жүйелерiн ұйымдастыру және олардың жұмыс iстеу шарттары мен тәртiбiн айқындайтын нормативтiк құқықтық актiлердi қабылдауға;
      төлем жүйелерiнiң жұмыс iстеуiнiң мониторингiн жүзеге асыруға және оны жүргізу тәртiбiн белгілеуге;
      төлем жүйелерiн ұйымдастыруды және олардың жұмыс iстеуiн тексеруге;
      төлем жүйелерiнiң қатысушыларынан және операторларынан ақпарат алуға;
      Қазақстан Ұлттық Банкінің нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкес төлем жүйелерiне қатысушылардың қызметiн тексерудi жүзеге асыруға құқылы.
      Қазақстан Ұлттық Банкi өзiнiң құзыретi шегiнде халықаралық (мемлекетаралық) төлемдер жүйесiн ұйымдастыруға қатысуға құқылы.
      Ескерту. 48-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2005.07.08. N 69 Заңымен

       48-1-бап.

      Ескерту. 48-1-бап алынып тасталды - Қазақстан Республикасының 2005.07.08. N 69 Заңымен

      49-бап. Шоттар

      Қазақстан Ұлттық Банкi шоттардың түрлерiн және құқықтық тәртiбiн, банктiк шоттарды ашу, пайдалану және жабу тәртiбi мен шарттарын белгiлейдi.

      50-бап. Ақша төлемi мен аударымын жүзеге асыру


              тәсiлдерi

      Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын ақша төлемi мен аударымын жүзеге асыру тәсiлдерi Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде және соларға сәйкес қабылданған нормативтiк құқықтық актiлерiнде белгіленедi. 


      Ескерту. 50-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 436 Заңымен

      51-бап.


      Ескерту. 51-бап алынып тасталды - Қазақстан Республикасының 1997.07.11. N 154 Заңымен

  9 Тарау. Қазақстан Ұлттық Банкiнiң операциялары

      52-бап. Қазақстан Ұлттық Банкiндегi банк шоттарының
              иелерi

      Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Басқармасы белгiлеген тәртiппен Қазақстан Ұлттық Банкiнде банк шоттарын ашқан заңды тұлғалар және банктер ондағы банк шоттарының иелерi болып есептеледi.


      Ескерту. 52-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 436 Заңымен.  

      52-1-бап. Қазақстан Ұлттық Банкiнiң ұлттық валютамен


                операциялары және мәмiлелерi

      Қазақстанның Ұлттық Банкi ұлттық валютамен мынадай операциялар жүргiзедi:


      1) осы Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Ұлттық Банкiнде ашылған банк шоттарының иелерiне бiр жылдан аспайтын мерзімге өтімділігі жоғары, тәуекелсіз бағалы қағаздармен және басқа да активтермен қамтамасыз етiлген кредиттер бередi; 
      2) өтеу мерзiмi бiр жылдан аспайтын вексельдердiң бiрiншi сыныпты эмитенттерiнiң коммерциялық вексельдерiн қайта есепке алады;
      3) мемлекеттiк бағалы қағаздарды сатып алады және сатады; 
      4) Қазақстанның Ұлттық Банкi кредиттердi қамтамасыз ету үшiн жарамды деп есептейтiн депозиттiк сертификаттарды, борыштық бағалы қағаздарды сатып алады және сатады;
      5) депозиттердi қабылдайды, ақша төлемi мен аударымдарын жүзеге асырады, бағалы қағаздар мен өзге де құндылықтарды сақтауға және басқаруға қабылдайды;
      6) туынды қаржы құралдарымен операцияны жүзеге асырады;
      7) қажет болған жағдайда Қазақстан Республикасының аумағындағы және одан тыс жерлердегi банктер мен қаржы ұйымдарында шоттар ашады;
      8) чек жазып бередi және вексельдер бередi;
      9) егер осы Заңда тікелей тыйым салынбаған болса, басқа банк операцияларын, сондай-ақ өз міндеттеріне сәйкес өз атынан мәмілелерді жүзеге асырады.
      Ескерту. Жаңа 52-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 436 Заңымен, өзгерту енгізілді - 2003 жылғы 10 шілдедегі N 483 Заңымен (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), 2006.07.05. N 165 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен. 

      53-бап.


      Ескерту. 53-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 1997.07.11. N 154 Заңымен, 2003 жылғы 10 шілдедегі N 483 Заңымен (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi).

      54-бап. Қазақстан Ұлттық Банкiнiң операциялары


              бойынша шектеулер

      Қазақстан Ұлттық Банкiнiң:


      - осы Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, ұйымдарға қызмет көрсету, сондай-ақ заңды тұлғалардың акцияларын сатып алуға;
      - қолданылып жүрген заңдарда рұқсат етiлгендердi қоспағанда саудамен және басқа да қызметпен шұғылдануға; 
      - Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде тiкелей көзделген жағдайларды қоспағанда, қамтамасыз етiлмеген кредиттер беруге;
      - берiлген кредиттердi ұзарту немесе мерзiмi өткен вексельдердi жаңартуға рұқсат беру.
      Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген жағдайлардан ерекшелiк тек қана Қазақстан Ұлттық Банкi Басқармасының арнайы шешiмi бойынша жасалуы мүмкiн.
      Ескерту. 54-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасы Президентінің 1996.01.27. N 2830 заң күші бар Жарлығымен,  1997.07.11. N 154 Заңымен, 1999.07.16. N 436 Заңымен

  10 Тарау. Қазақстан Ұлттық Банкiнiң сыртқы


экономикалық қатынастар саласындағы қызметi.
Валюталық құндылықтармен жүргiзiлетiн  операциялар

      Ескерту. 10-тараудың атауы өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 1997.07.11. N 154 Заңымен

      55-бап. 
      Ескерту. 55-бап алып тасталды - Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 10 шілдедегі N 483 Заңымен (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi).

      56-бап. Валюталық реттеу және валюталық бақылау



      Қазақстан Ұлттық Банкi:
      а) Қазақстан Республикасында шет ел валютасының және шет ел валютасындағы бағалы қағаздар айналысының аясы мен тәртiбiн белгiлейдi, шет ел валютасында операциялар жүргiзуге қажеттi шектеулер енгiзедi, соның iшiнде осындай операциялар мен сыйақы ставкаларының көлемiне де енгiзiледi; 
      б) резиденттердiң және резидент еместердiң Қазақстан Республикасында валюталық операциялар жүргiзу ережелерiн белгiлейдi; 
      в) валюталық құндылықтарды Қазақстан Республикасына әкелу және Қазақстан Республикасынан әкету және жiберу тәртiбiн белгiлейдi, сондай-ақ Қазақстан Республикасы резиденттерінің шетел банктерiнде шоттар ашу тәртiбiн айқындайды;
      г) Қазақстан Республикасының валюталық заңдарына сәйкес валюталық операцияларды, валюталық құндылықтарды пайдалануға байланысты қызметті лицензиялау, тiркеу және олар туралы хабарлау, айырбастау пункттерiн тiркеу тәртiбiн белгiлейдi, сондай-ақ айырбастау пунктiнiң тiркеу куәлiктерiн бередi және олардың қолданылуын тоқтата тұрады;
      д) Қазақстан Ұлттық Банкiнiң басқармасы айқындайтын тiзбеге сәйкес Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының шетел валюталарына ресми бағамын белгiлейдi;  
      е) алтын-валюта активтерiн құрайды және солармен операциялар жасайды; 
      ж) мемлекеттiк органдармен келiсiм бойынша олардың құзыретiне сәйкес Қазақстан Республикасындағы резиденттер мен резидент еместер орындауға мiндеттi валюталық операциялар бойынша есепке алудың және есептiлiктiң тәртiбi мен нысандарын белгілейдi;
      з) (алынып тасталды - 2005.07.08. N 69 Заңымен)
      и) банктер мен өзге тұлғалардың Қазақстан Республикасының банктiк және валюталық заңдарын бұзу фактiлерi анықталған жағдайда, банктiк және валюталық заңдарда көзделген санкцияларды қолдануға құқылы; 
      к) халықаралық есеп айырысуды ұйымдастырады, шет елдермен қаржы - валюталық және кредиттiк-есеп айырысу қатынастарын жетiлдiредi; 
      л) жасасылған мемлекеттiк шарттарға сәйкес шетелдiк және халықаралық ұйымдармен шет ел валютасын тартады;
      м) (алынып тасталды - 2005.07.08. N 69 Заңымен)
      н) (алынып тасталды - 2005.07.08. N 69 Заңымен)
      о) (алынып тасталды - 2006.07.05. N 165 Заңымен)
      Қазақстан Ұлттық Банкi валюталық реттеу және валюталық бақылау жөнiнде Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген басқа да функцияларды орындауға құқылы.
      Ескерту. 56-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасы Президентінің 1995.08.02. N 2396 Жарлығымен, 1996.07.03. N 18 Заңымен, 1997.07.11. N 154 Заңымен, 1999.07.16. N 436 Заңымен, 2001.03.02. N 162 Заңымен, 2003 жылғы 10 шілдедегі N 483 Заңымен (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), 2005.07.08. N 69 Заңымен, 2006.07.05. N 165 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2007.01.12. N 222 (ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      57-бап. Валюталық құндылықтармен және бағалы


              металдармен жасалатын операциялар

      Қазақстан Ұлттық Банкi валюта құндылықтарымен және бағалы металдарымен мынадай операцияларды жүзеге асыруға: 


      - шет ел валютасын сатып алуға және сатуға; 
      - шет мемлекеттердiң үкiметтерi немесе халықаралық қаржы ұйымдары шығарған және Қазақстан Республикасының Үкiметi шетел валютасымен кепiлдiк берген бағалы қағаздарды сатып алуға, сатуға немесе олармен операциялар жүргiзуге; 
      - өздерi тiркелген мемлекеттердiң заңдары бойынша тиiстi құқығы бар банктерде, шет елдердiң орталық банктерi мен банктерiнде, қаржы институттарында, сондай-ақ халықаралық қаржы ұйымдарында шот ашуға; 
      - өздерi тiркелген мемлекеттердiң заңдары бойынша тиiстi құқығы бар шетелдiк орталық банк, банктер мен басқа да қаржы институттары, шет елдер үкiметi мен олардың агенттерi, сондай-ақ халықаралық қаржы ұйымдары үшiн шот ашып, оны жүргiзуге, өкiл немесе корреспондент ретiнде iс-әрекет жасауға; 
      - аффинирленген алтынды, бағалы металдарды, асыл тастарды және одан жасалған бұйымдарды қабылдау мен сақтауды жүзеге асыруға; 
      - Қазақстан Республикасының аумағында және сыртқы рынокта аффинирленген алтын мен басқа да бағалы металдарды сатып алу мен сату жөнiнде операциялар жүргiзуге; 
       - қолданылып жүрген заңдарына белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасына валюталық құндылықтар мен бағалы металдарды әкелуге, сондай-ақ оларды шет ел банктерiндегi және мамандандырылған қаржы ұйымдарындағы өз шоттарына орналастыру үшiн шет елдерге шығаруға құқылы; 
      - ең төменгі деңгейін Қазақстан Ұлттық Банкінің Басқармасы айқындайтын кредиттік рейтинг бар эмитенттер шығарған бағалы қағаздарды сатып алуға, сатуға немесе олармен операциялар жүргізуге; 
      - ақша рыногының банкаралық депозиттер, репо және кері репо, депозиттік сертификаттар, коммерциялық қағаздар және ең төменгі деңгейін Қазақстан Ұлттық Банкінің Басқармасы айқындайтын кредиттік рейтингі бар эмитенттер шығарған басқа да борыштық міндеттемелер сияқты құралдарымен операцияларды жүзеге асыруға; 
      - форвард операциялары, своп операциялары және кредиттік рейтингін Қазақстан Ұлттық Банкінің Басқармасы айқындайтын деңгейден төмен емес қарсы әріптестермен опцион операциялары сияқты туынды қаржы құралдарымен операцияларды жүзеге асыруға; 
      - Қазақстан Ұлттық Банкі Басқармасының шешімі бойынша басқа да операцияларды жүзеге асыруға құқылы.
      Ескерту. 57-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасы Президентінің 1995.12.05. N 2672 заң күші бар Жарлығымен,  1997.07.11. N 154 Заңымен, 1999.07.16. N 436 Заңымен, 2001.03.02. N 162, 2006.07.05. N 165 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен. 

      58-бап. Алтын-валюта активтерi



      Қазақстан Ұлттық Банкiнiң алтын-валюта активтерi Қазақстан теңгесiнiң сыртқы және iшкi тұрлаулылығын қамтамасыз ету үшiн жасалады, және пайдаланылады әрi олар: 
      - аффинирленген алтыннан; 
      - Қазақстан Ұлттық Банкiнде сақтаулы валюталық құндылықтардан; 
      - шет ел валютасындағы жай және аударым вексельдерiнен; 
      - шет елдер үкiметтерi немесе халықаралық қаржы ұйымдары шығарып, кепiлдiк берген бағалы қағаздардан; 
      - мұндай активтердiң өтiмдiлiгi мен сақталуы қамтамасыз етiлген жағдайда, шет ел валютасында деноминирленген басқа да сыртқы активтерден құралады. 
      Қазақстан Ұлттық Банкi алтын-валюта активтерiнiң құрылымын және олардың орналастырылуын анықтайды. 
      Қазақстан Ұлттық Банкi Басқармасының шешiмiмен көзделген жағдайларды қоспағанда алтын-валюта активтерiн кредиттер (заемдар, несиелер) беру нысанында пайдалануға және Қазақстан Республикасының резиденттерi мен резидентi еместерге кепiлдiктер немесе басқадай мiндеттемелер ұсынуға жол берiлмейдi. 
      Қазақстан Ұлттық Банкiнiң алтын-валюта активтерiнiң құрылымын ұлғайту және өзгерту: 
      бағалы металдар мен асыл тастарға қатысты қатынастарды реттейтiн Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес қазақстандық және басқа осындай металл өндiрушiлерден (сатушылардан) тазартылған алтын сатып алу; 
      Қазақстан теңгесiне (естелiк және кәдесый тиындарын қоса) шет ел валютасын және Қазақстан Республикасының, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң резиденттерi мен резидентi еместерге шет ел валютасын сатып алу жолымен; 
      Қазақстан Ұлттық Банкiнiң шет ел валютасымен жүзеге асыратын депозит, салым, дилинг операцияларынан және шет ел валютасында деноминирленген бағалы қағаздар операцияларынан, сондай-ақ шет ел валютасымен беретiн кредиттерiнен түсетiн комиссиялық және басқа сыйақылар; 
      Қазақстан Ұлттық Банкiнiң тазартылған алтын, күмiс, платина және платина тобындағы басқа металдарды сату, салу және басқа операциялар жүргiзуiнен алынған шет ел валютасындағы түсiмдер; 
      Қазақстан Ұлттық Банкi халықаралық қаржы ұйымдарынан, шет мемлекеттердiң орталық банктерiнен және басқа кредиторлардан алған кредиттер; 
      осы Заңға және Қазақстан Ұлттық Банкi туралы ережеге сәйкес Қазақстан Ұлттық Банкi көрсеткен консультациялық, баспа-ақпараттық және басқа да қызметтен алынған шет ел валютасындағы түсiмдер есебiнен жүргiзiледi. 
      Алтын-валюта активтерiн азайтуды Қазақстан Ұлттық Банкi мынадай жолмен жүргiзедi: 
      айырбас бағамы саясатын қоса ақша-кредит саясатын жүргiзу мақсатында iшкi валюта нарығында валюта сату әрi iшкi валюта нарығында шет ел валютасына деген сұраным мен ұсынымның арасындағы алалықты бәсеңдетуге; 
      шет елдегi дипломатиялық және басқа да өкiлдiктердi ұстау мен iссапар шығындарын, сондай-ақ Қазақстан Ұлттық Банкiнiң мемлекеттiк сыртқы қарызына қызмет көрсетудi қоса өнiм (жұмыс, көрсетiлетiн қызмет) импортын төлеу үшiн мемлекеттiк бюджеттiң қаражаты мен Қазақстан Ұлттық Банкi сметасы (бюджетi) есебiнен теңгенi шет ел валютасына айырбастауды жүзеге асыру; 
      басқа шет ел валютасын сатып алу үшiн шет ел валютасын сату; 
      Қазақстан Ұлттық Банкiнiң алған кредитi бойынша негiзгi соманы, және сыйақыны, сондай-ақ комиссиялық және басқа iлеспе шығындарын қайтару;
      шығынды алтын-валюта активтерiн қалыптастырылған провизиялар (резервтер) есебiнен есептеп шығару.
      Ескерту. 58-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасы Президентінің 1995.12.05. N 2672 заң күші бар Жарлығымен, Қазақстан Республикасының 1997.07.11. N 154 Заңымен, 1999.07.16. N 436 Заңымен, 2003 жылғы 10 шілдедегі N 483 Заңымен (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi).

      59-бап. Алтын-валюта активтерiнiң өтiмдiлiгi және


               олардың сақталуы

      Қазақстан Ұлттық Банкi алтын-валюта активтерiнiң өтiмдiлiгiн және сақталуын, сондай-ақ тәуекел қалыпты деңгейде болған кезде ұзақ мерзiмдi перспективада кiрiстiлiгiн қамтамасыз ете отырып, олармен операциялар жасайды.


      Қазақстан Ұлттық Банкi алтын-валюта активтерiн ұлттық валютаның тұрақтылығын  және айырбасталуын қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасының мiндеттемелерi бойынша төлемдердi жүзеге асыру үшiн қажеттi деңгейде ұстап тұруға тиiс.
      Ескерту. 59-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2005.07.08. N 69, 2006.07.05. N 165 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.  

      60-бап. Алтын-валюта активтерiн қайта бағалау шоты

      Қазақстан Ұлттық Банкiнiң активтерiн немесе мiндеттемелерiн бағалау өзгерiстерінің салдары болып табылатын алтын-валюта активтерi бойынша бағамдық айырмалар олар пайда болған есептi кезеңнiң iске асырылмаған кiрiстерi немесе шығыстарының шоттарына жатқызылады. Қаржы жылы iшiнде Қазақстан Ұлттық Банкiнiң нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкес есептелген, iске асырылған кiрiс/шығыс сомасы есептi кезеңінің кiрiстерi мен шығыстарының тиiстi шоттарына жiберiледi. Қаржы жылының аяқталу нәтижелерi бойынша iске асырылмаған кiрiстер мен шығыстар тиiстi қайта бағалау шоттарына жатқызылады. Қайта бағалау шоттарында алтын валюта активтерінің түрлерi бойынша қалдық қалмаған жағдайда туындайтын терiс бағамдық айырма есептi кезеңнiң шығыстарына жатқызылады.
      Алтын-валюта активтерiн қайта бағалаудан iске асырылған кiрiстер толық көлемiнде резервтiк капиталды ұлғайтуға жiберiледi.
      Ескерту. 60-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2005.07.08. N 69 Заңымен

 11 Тарау. Қазақстан Ұлттық Банкiнiң бақылау және қадағалау




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©kzref.org 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет