Ќазаќстан республикасыныѕ Ўлттыќ банкі туралы


функциялары       61-бап. Қазақстан Ұлттық Банкiнiң (реттеу мен



бет4/4
Дата14.03.2018
өлшемі0.6 Mb.
#20984
1   2   3   4

функциялары

      61-бап. Қазақстан Ұлттық Банкiнiң (реттеу мен


               қадағалауды жүзеге асыру принциптерi

      Қазақстан Ұлттық Банкi қаржылық ұйымдардың қызметiн реттеу мен қадағалауға қатысады, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес ықпал ету шараларын және санкциялар қолданады. Қазақстан Ұлттық Банкi банктерге және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарға өз құзыретi шегiнде санкция қолданған кезде бұл туралы уәкілеттi органға хабарлайды.


      Қазақстан Ұлттық Банкiнiң реттеушi функциялары Қазақстан Республикасы қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге жәрдемдесуге бағытталған.
      Қазақстан Ұлттық Банкi қаржылық ұйымдардың жедел қызметiне араласпайды.
      Қазақстан Ұлттық Банкi өз функцияларын орындау үшiн мемлекеттiк органдардан, қаржылық және өзге де ұйымдардан, сондай-ақ олардың қауымдастықтарынан (одақтарынан) қажеттi статистикалық есептілiктi және қажет болған жағдайда өзге де қосымша ақпаратты сұратуға әрi алуға құқылы.
      Ескерту. 61-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2005.07.08. N 69 Заңымен.  

       62-бап. Қазақстан Ұлттық Банкiнiң қаржылық ұйымдардың


               қызметiн реттеу мен қадағалау жөнiндегi негiзгi
               өкiлеттiктерi 

      Қазақстан Ұлттық Банкi осы Заңға және Қазақстан Республикасының өзге де заң актiлерiне сәйкес қаржылық ұйымдарға лицензия берудi, оларды бақылау мен қадағалауды жүзеге асырады.


      Осы мақсаттарда Қазақстан Ұлттық Банкi:
      1) қаржылық ұйымдар мен олардың клиенттерi орындауға мiндеттi нормативтiк құқықтық актiлердi қабылдауға;
      2) Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген жағдайларда қаржылық ұйымдардың банк операцияларын жүргiзуiне лицензиялар берудiң шарттары мен тәртiбiн айқындауға;
      2-1) банк операцияларын жүргiзу тәртiбiн, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде көзделген жағдайларда уәкiлеттi органға қорытынды беру шарттары мен тәртiбiн айқындауға;
      3) Қазақстан Ұлттық Банкiнiң құзыретiне жатқызылған мәселелер бойынша қаржылық ұйымдар мен өзге де тұлғалардың қызметiн тексерудi жүзеге асыруға;
      4) Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген жағдайларда мемлекеттiк органдардан, ұйымдардан және азаматтардан өзiнiң бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыруға қажеттi мәлiметтер алуға өкiлеттi.
      Қазақстан Ұлттық Банкi уәкiлеттi органмен, басқа мемлекеттердiң орталық банктерiмен және қадағалау органдарымен ынтымақтастық жасайды және өздерiнiң бақылау функцияларын жүзеге асыруға қажеттi ақпарат алмасуға құқылы.
      Ескерту. 62-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 1996.12.07. N 50-I Заңымен, 1997.07.11. N 154 Заңымен, 2001.03.02. N 162 Заңымен, 2003.07.09. N 482 Заңымен, 2003 жылғы 10 шілдедегі N 483 Заңымен (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), Қазақстан Республикасының 2005.07.08. N 69, 2006.07.05. N 165 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

      62-1-бап


      Ескерту. 62-1-бап алып тасталды - Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 10 шілдедегі N 483 Заңымен (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi).

       62-2-бап. Қазақстан Ұлттық Банкiнiң бақылау


                функцияларын жүзеге асыру

      Қазақстан Ұлттық Банкi осы Заңға және Қазақстан Республикасының басқа да заңнамалық актiлерiне сәйкес реттелуi өзiнiң құзыретiне жатқызылған мәселелер бойынша:


      1) Қазақстан Ұлттық Банкiнiң нормативтiк құқықтық актiлерiнде көзделген жағдайларда банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар үй-жайларының техникалық жарақтануын және жабдықтарын алдын ала қарап шығу;
      2) бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiктi белгiлеу;
      3) тексерiлетiн орынға барып немесе құжаттық нысанда:
      қаржы ұйымдарына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында валюталық операцияларды және валюталық құндылықтарды пайдалануға байланысты қызметтi жүзеге асыратын тұлғаларға олардың Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтауы тұрғысынан; Қазақстан Ұлттық Банкiнiң лицензиясы негiзiнде банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың қызметiн тұтастай немесе жекелеген мәселелер бойынша, сондай-ақ олардың Қазақстан Ұлттық Банкiне табыс ететiн есептерi мен мәлiметтерiнiң дұрыстығын зерделеу үшiн тексеру жүргiзу арқылы бақылау функцияларын жүзеге асырады.
      Ескерту. 62-2-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2006.07.05. N 165 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      62-3-бап. Қазақстан Ұлттық Банкiнiң тексерулер


               ұйымдастыру мен жүргiзу тәртiбiнiң
               ерекшелiктерi

      1. Қазақстан Ұлттық Банкi қаржы ұйымдарының (олардың филиалдарының), сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында валюталық операцияларды және валюталық құндылықтарды пайдалануға байланысты қызметтi жүзеге асыратын тұлғалардың қызметiн тексерудi осы бапта көзделген ерекшелiктердi ескере отырып, Қазақстан Республикасының кәсiпкерлiк пен лицензиялау мәселелерiн реттейтiн заңнамалық актiлерiне сәйкес дербес не басқа мемлекеттiк органдардың және (немесе) ұйымдардың мамандарын тарта отырып жүргiзедi.


      2. Қазақстан Ұлттық Банкi жүргiзетiн тексерулер мынадай түрлерге бөлiнедi:
      1) жоспарлы - қаржы ұйымдарын (олардың филиалдарын), сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында валюталық операцияларды және валюталық құндылықтарды пайдалануға байланысты қызметтi жүзеге асыратын басқа да тұлғаларды Қазақстан Ұлттық Банкiнiң тексеру жоспарларына сәйкес жылына бiр реттен асырмай тексеру;
      2) жоспардан тыс - жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiнде жазылған фактiлер, бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдар бойынша, Қазақстан Республикасының басқа мемлекеттiк органдарынан сауалдар түскен кезде, Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптары бұзылғаны туралы айғақтайтын ақпарат пен материалдар алған кезде, Қазақстан Республикасының ұлттық және экономикалық қауiпсiздiгiне, оның қаржы жүйесiнiң тұрақтылығына қатер төнген кезде тағайындалатын, сондай-ақ бұдан бұрын анықталған Қазақстан Республикасы заңнамасын бұзушылықтардың жойылуын бақылау мақсатындағы тексеру.
      3. Тексеру жоспарлары тоқсан сайын жасалады және оны Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Төрағасы бекiтедi.
      4. Қазақстан Ұлттық Банкi тексеру жүргiзу басталарда тексерушi топқа тексерiлетiн тұлға ұсынуға мiндеттi құжаттардың (мәлiметтердiң) тiзбесiн көрсете отырып, алдағы тексеру туралы тексерiлетiн тұлғаны жазбаша хабардар етуге құқылы.
      Тексеру тағайындау туралы Қазақстан Ұлттық Банкi Төрағасының орынбасары не Қазақстан Ұлттық Банкi аумақтық филиалының басшысы бекiткен актiнi тексерiлетiн тұлғаға тапсырған кез тексеру жүргiзудiң басталуы болып есептеледi.
      5. Тексеру Қазақстан Ұлттық Банкiнiң тексеру тағайындау туралы актiсiнiң негiзiнде жүргiзiледi.
      Тексеру тағайындау туралы актiде:
      1) актiнiң нөмiрi және жылы, айы, күнi;
      2) тексеру тағайындаған органның атауы;
      3) тексеру жүргiзуге уәкiлеттi адамның (адамдардың) тегi, аты, әкесiнiң аты және лауазымы;
      4) өзiне қатысты тексеру жүргiзу тағайындалған, тексерiлетiн тұлғаның атауы, оның орналасқан жерi, сәйкестендiру нөмiрi, сондай-ақ өз құзыретi шегiнде құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласында статистикалық қызметті жүзеге асыратын мемлекеттiк органда тексерулердi тiркеу үшiн талап етiлетiн басқа да мәлiметтер;
      5) тексеру түрi (жоспарлы, жоспардан тыс);
      6) тексерiлуге жататын мәселелер;
      7) тексеру жүргiзу мерзiмi;
      8) тексеру жүргiзудiң құқықтық негiздерi, оның iшiнде мiндеттi талаптары тексерiлуге жататын нормативтiк құқықтық актiлер;
      9) жеке және заңды тұлғалардың жазбаша өтiнiштерi бойынша және бұрын анықталған Қазақстан Республикасы заңнамасын бұзушылықтардың жойылуын бақылау мақсатындағы тексерулердi қоспағанда, тексеру кезеңi;
      10) лауазымын, тегiн, аты-жөнiн көрсете отырып, актiге қол қоюға уәкiлеттi адамның қолы және мөр көрсетiледi.
      6. Тексеру тағайындау туралы акт өз құзыретi шегiнде құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласында статистикалық қызметтi жүзеге асыратын мемлекеттiк органда Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен мiндеттi түрде тiркеледi.
      7. Объектiге тексеру үшiн келген Қазақстан Ұлттық Банкiнiң лауазымды адамдары өз құзыретi шегiнде құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласында статистикалық қызметтi жүзеге асыратын мемлекеттiк органда тiркелгенi туралы белгiсi бар тексеру тағайындау туралы актiнi және қызметтiк куәлiгiн көрсетуге мiндеттi.
      8. Тексеру тағайындау туралы актiнi қабылдаудан бас тартылған немесе тексерудi жүзеге асыратын Қазақстан Ұлттық Банкiнiң лауазымды адамдарының тексеру жүргiзуге қажеттi материалдарды пайдалануына кедергi келтiрiлген жағдайда тиiстi акт жасалады. Актiге тексерудi жүзеге асыратын Қазақстан Ұлттық Банкiнiң лауазымды адамы және тексерiлетiн тұлғаның уәкiлеттi қызметкерi қол қояды.
      9. Тексеру тағайындау туралы актiде көрсетiлген лауазымды адам (адамдар) ғана тексеру жүргiзе алады.
      10. Тексерiлетiн тұлға Қазақстан Ұлттық Банкiнiң тексеру тағайындау туралы актiсiн алғаннан кейiн келесi күннен кешiктiрмей тексерушi топ басшысының атына:
      1) тексеру жүргiзудi қамтамасыз етуге жауапты басшы және оны алмастыратын адам туралы;
      2) тексерiлетiн тұлғаның қажеттi құжаттар (мәлiметтер) дайындауға, оларды тексерушi топқа (адамға) уақтылы беруге жауапты мамандары туралы ақпаратты көрсете отырып, хат табыс етедi.
      11. Тексеру жүргiзiлетiн кезеңде тексерiлетiн тұлға тексерушi топқа (адамға):
      1) алғашқы талап етуi бойынша тексеруге қатысты кез келген қажеттi құжаттарды (мәлiметтердi) қағаз және электрондық жеткiзгiштерде не олардың көшiрмелерiн тексеру нәтижелерi туралы актiге қоса тiркеу үшiн алуын, сондай-ақ тексеру жүргiзу үшiн қажеттi кез келген ақпарат көздерiне қол жеткiзуiн;
      2) автоматтандырылған дерекқорға (ақпараттық жүйелерге) тексеру мәнiне сәйкес қол жеткiзуiн;
      3) қажет болған кезде кез келген лауазымды адамдар мен қызметкерлердiң жүргiзiлетiн тексеруге, олардың қызметтiк мiндеттерiне және (немесе) тексерiлетiн тұлғаның қызметiне қатысты мәселелер бойынша түсiндiрме (ауызша немесе жазбаша) беруiн;
      4) тексерiлетiн тұлғаның ғимаратынан жеке үй-жай берiлуiн (болған жағдайда), оған еркiн кiру мүмкiндiгiн қамтамасыз етуге мiндеттi.
      12. Тексерiлетiн тұлғаның осы баптың 11-тармағында көрсетiлген талаптардың бiрiн бұзуы тексерiлетiн тұлғаға не оның басшысына Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген ықпал ету шаралары мен санкцияларды қолдануға негiз болып табылады.
      13. Тексеру жүргiзу мерзiмi күнтiзбелiк отыз күннен аспауға тиiс, жекелеген мәселелердi қосымша зерделеу қажет болған не тексерудiң едәуiр көлемiне байланысты ерекше жағдайларда Қазақстан Ұлттық Банкi Төрағасының орынбасары не Қазақстан Ұлттық Банкi аумақтық филиалының басшысы тексеру жүргiзу мерзiмiн ұзартуы мүмкiн, бiрақ бұл күнтiзбелiк отыз күннен аспауы керек.
      Тексеру мерзiмi ұзартылған жағдайда, өз құзыретi шегiнде құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласында статистикалық қызметтi жүзеге асыратын мемлекеттiк органда тiркей отырып, тексерудi ұзарту туралы қосымша акт ресiмделедi, онда тексеру тағайындау туралы алдыңғы актiнiң тiркеу нөмiрi мен жылы, айы, күнi және ұзарту себебi көрсетiледi.
      14. Тексеру нәтижелерi бойынша тексерушi топ (адам) тексеру нәтижелерi туралы акт жасайды.
      Тексеру нәтижелерi туралы актiде:
      1) актiнiң жасалған жылы, айы, күнi мен орны;
      2) тексеру жүргiзген органның атауы;
      3) тексеру жүргiзуге негiз болған тексеру тағайындау туралы актiнiң күнi мен нөмiрi;
      4) тексеру жүргiзген адамның (адамдардың) тегi, аты, әкесiнiң аты және лауазымы;
      5) тексерiлетiн тұлғаның атауы, оның орналасқан жерi, сәйкестендiру нөмiрi, ал тексеру жүргiзген кезде тексерiлетiн тұлғаның өкiлi қатысқан жағдайда оның тегi, аты, әкесiнiң аты, лауазымы;
      6) тексеру жүргiзiлген орын және кезең;
      7) тексеру нәтижелерi туралы, оның iшiнде анықталған бұзушылықтар, олардың сипаты туралы мәлiметтер;
      8) тексерiлетiн тұлға өкiлiнiң, сондай-ақ тексеру жүргiзу кезiнде қатысқан жағдайда басқа да тұлғалардың актiмен танысуы немесе танысудан бас тартуы туралы мәлiметтер, олардың қолы немесе қол қоюдан бас тартуы;
      9) тексеру жүргiзген лауазымды адамның (адамдардың) қолы көрсетiледi.
      Тексеру нәтижелерi туралы актiге тексеру нәтижелерiне байланысты қажеттi құжаттар (мәлiметтер) немесе олардың көшiрмелерi қоса берiлуi мүмкін.
      Тексеру жүргiзу мерзiмi аяқталуынан кешiктiрмей тексерушi топ (адам) тексерiлетiн тұлға басшысының атына, тексерiлетiн тұлғада түпнұсқасы болатын құжаттардың көшiрмелерiн қоспағанда, танысу және қол қою үшiн тексерудiң нәтижелерi туралы актiнiң екi данасын қосымшаларының көшiрмелерiмен қоса жiбередi.
      Тексерiлетiн тұлғаның басшысы (оның орынбасары) не тексеру жүргiзудi қамтамасыз етуге жауапты басшы тексеру нәтижелерi туралы актiнiң бiрiншi данасын қабылдайды, актiнiң екiншi данасының әрбiр парағына қол қояды, оның соңғы парағына лауазымын, тегiн, атын, әкесiнiң атын көрсете отырып, алған күнi туралы белгi қояды және тексеру нәтижелерi туралы актiнi алған күннен кейiнгi келесi күнiнен кешiктiрмей, тексеру нәтижелерi бойынша ескертулерi және (немесе) қарсылықтары болса көрсете отырып, Қазақстан Ұлттық Банкiнiң тексерушi тобына (адамына) екiншi дананы табыс етедi.
      15. Тексерiлетiн тұлғаның басшысына (оның орынбасарына) тексеру тағайындау туралы актiде көрсетiлген тексерудi аяқтау мерзiмiнен кешiктiрiлмей тексеру нәтижелерi туралы актiнiң жiберiлген күнi тексеру мерзiмiнiң аяқталуы деп есептеледi.
      16. Қазақстан Ұлттық Банкi Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес ықпал ету шаралары мен санкцияларды қолданған жағдайда тексерiлетiн тұлға анықталған бұзушылықтарды жою жөнiнде қабылданған шаралар туралы жазбаша есептi (ақпаратты) Қазақстан Ұлттық Банкi белгiлеген мерзiмде оған табыс етуге мiндеттi.
      17. Тексеру жүргiзген кезде Қазақстан Ұлттық Банкiнiң лауазымды адамдары тексерiлетiн тұлға құжаттарының сақталуын қамтамасыз етуге және алынған ақпараттың құпиялығын сақтауға, тексерiлетiн тұлғаның және оның клиенттерiнiң құқықтары мен заңды мүдделерiне нұқсан келтiруге тiкелей не жанама әкеп соғатын iс-әрекеттерден тартынуға тиiс.
      Ескерту. 62-3-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2006.07.05. N 165 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 12.01.2007. N 224 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

      63-бап. 


      Ескерту. 63-бап алып тасталды - Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 10 шілдедегі N 483 Заңымен (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi).

      64-бап. 


      Ескерту. 64-бап алып тасталды - Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 10 шілдедегі N 483 Заңымен (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi). 

  12 Тарау. Қазақстан Ұлттық Банкiнiң есеп беруi

      65-бап. Қаржы жылы

      Қазақстан Ұлттық Банкiнiң қаржы жылы күнтiзбелiк есептеу бойынша 1 қаңтардан басталып, 31 желтоқсанда аяқталады. 

      66-бап. Есеп беру

      Қазақстан Ұлттық Банкi жыл сайын Қазақстан Республикасы Президентiнiң бекiтуiне жылдық есеп берiп отырады. 


      Қазақстан Республикасының Президентi Қазақстан Ұлттық Банкiнiң жылдық есебiн қарап, оны бекiту туралы шешiм қабылдайды.
      Қазақстан Ұлттық Банкi келiсiлген мерзiмде Қазақстан Республикасының жиынтық қаржы балансын жасау үшiн бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi органға Қазақстан Ұлттық Банкiнiң жылдық бухгалтерлiк балансын және кiрiстерi мен шығыстары туралы есебiн берiп отырады.
      Ескерту. 66-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасы Президентінің 1995.12.05. N 2672 заң күші бар Жарлығымен, өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 436 Заңымен, 2003 жылғы 10 шілдедегі N 483 Заңымен (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), 2006.07.05. N 165 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

      67-бап. Жылдық есеп

      Қазақстан Ұлттық Банкiнiң жылдық есебi:
      - ақша-кредит саясаты және қаржы рыногының жай-күйi туралы баяндаманы; 
      - Қазақстан Ұлттық Банкiнiң өткен жылғы қызметi туралы есептi;
      - Қазақстан Ұлттық Банкiнiң жылдық шоғырландырылған қаржылық есептiлiгiн;
      Ескерту. 67-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995.12.05. N 2672 заң күші бар Жарлығымен, Қазақстан Республикасының 1997.07.11. N 154 Заңымен, 1999.07.16. N 436 Заңымен, 2003 жылғы 10 шілдедегі N 483 Заңымен (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), Қазақстан Республикасының 2005.07.08. N 69 Заңымен.

      68-бап. Қазақстан Ұлттық Банкiнiң қызметiн тексеру

      Қазақстан Ұлттық Банкi Басқармасының шешiмi негiзiнде Қазақстан Ұлттық Банкiнiң қызметiн тексерудi, оның iшiнде қаржылық есептiлiк аудитiн құрылтайшыларының құрамына мемлекеттiң орталық банкiне аудит жүргiзу тәжiрибесi бар аудиторлық ұйым - Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (ЭЫДҰ) мүшесi кiретiн аудиторлық ұйым жыл сайын жүзеге асырады. 
      Тексерiс кезiнде алынған әрбiр ақпарат құпия деп саналады және аудиторлық ұйым оны үшiншi жаққа жеткiзгенi үшiн жауап бередi.
      Қазақстан Ұлттық Банкiнiң және оның ұйымдарының қызметiне жасалған кез келген мемлекеттiк органның тексерiсi Қазақстан Республикасы Президентiнiң келiсiмiмен не болмаса тапсыруы бойынша ғана жүзеге асырылады. 
      Ескерту. 68-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасы Президентінің 1995.12.05. N 2672 заң күші бар Жарлығымен, Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 10 шілдедегі N 483 Заңымен (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), Қазақстан Республикасының 2005.07.08. N 69 Заңымен.

  13 Тарау. Қорытынды ережелер

      69-бап. Қазақстан Ұлттық Банкiнiң таратылуы

      Қазақстан Ұлттық Банкi Қазақстан Республикасының тиiстi Заңын қабылдау жолымен таратылуы мүмкiн, Қазақстан Ұлттық Банкi таратылған жағдайда оның мүлкi тиiстi Заңда көрсетiлген банк құқығын иеленушiге бередi.


      Ескерту. 69-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасы Президентінің 1995.12.05. N 2672 заң күші бар Жарлығымен

      70-бап. Ақпарат алу жөнiндегi өкiлеттiк

      Қадағалау мен бақылау жөнiнде Қазақстан Ұлттық Банкiне жүктелген функциялардың сапалы уақтылы орындалуын қамтамасыз ету, осы Заңның талаптарын iске асыру мақсатында Қазақстан Ұлттық Банкi банкте, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарда шоты бар Қазақстан Республикасы аумағындағы кез келген жеке және заңды тұлғадан қажеттi ақпарат алуға құқылы, бұл ретте алынған мәлiметтер жария етiлмеуге тиiс.
      Ескерту. 70-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 10 шілдедегі N 483 Заңымен (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi).

      70-1-бап. Қазақстан Ұлттық Банкi көрсететiн


                қызметтердiң өтемдiлiгi

      Қазақстан Ұлттық Банкi банк операцияларын және басқа да қызметтердi ақылы негiзде атқаруға құқылы. Қазақстан Ұлттық Банкi көрсететiн қызметтері үшiн ақының түрлерi мен мөлшерлерiн өз бетiнше белгiлейдi. 


      Қазақстан Ұлттық Банкi, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын, өзге де қорлар мен ұйымдарды басқару жөнiндегi қызметтердi қоспағанда, Қазақстан Республикасының Yкiметi мен бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi органға көрсетiлетiн банктiк және өзге де қызметтер үшiн ақы алмайды.
      Ескерту. 70-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1997.07.11. N 154 Заңымен, бап жаңа редакцияда - 2001.05.03. N 182 Заңымен, өзгерту енгiзiлдi - 2003 жылғы 10 шілдедегі N 483 Заңымен (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), 2006.07.05. N 165 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

      71-бап. Наразылық пен қуынымның ескiру мерзiмi

      Қазақстан Ұлттық Банкiнiң кредит шарттарының тиiсiнше орындалмауы жөнiнде заемшыларға қоятын талаптарына наразылық пен қуынымның ескеру мерзiмi қолданылмайды.
      Ескерту. 71-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасы Президентінің 1995.12.05. N 2672 заң күші бар Жарлығымен

      72-бап. Қазақстан Ұлттық Банкiнiң жауапкершiлiгi


              және дауларды шешу тәртiбi

      Қазақстан Ұлттық Банкi өзiнiң мiндеттемелерiн орындамағаны үшiн Қазақстан Республикасында қолданылып жүрген заңдарда белгiленген тәртiппен жауап бередi. 


      Қазақстан Ұлттық Банкi, банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар және олардың құрылтайшылары (қатысушысы), заңды және жеке тұлғалар арасында осы Заңды орындау үшiн туындайтын барлық даулар Қазақстан Республикасының заңдарына және Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттарға сәйкес сот тәртiбiмен шешiледi. 
      Заңды және жеке тұлғаларға өзінің бақылау және қадағалау қызметіне байланысты заңсыз іс-әрекетімен немесе әрекетсіздігімен зиян келтірілгені үшін Ұлттық Банк және оның лауазымды адамдары Қазақстан Республикасының заң актілерімен көзделген жауаптылықта болады.
      Ескерту. 72-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасы Президентінің 1995.12.05. N 2672 заң күші бар Жарлығымен   Қазақстан Республикасының 1997.07.11. N 154 Заңымен, 1997.12.08. N 200 Заңымен, 1999.07.16. N 436 Заңымен, 2001.03.02. N 162 Заңымен

      73-бап. 


      Ескерту. 73-бап алып тасталды - Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 10 шілдедегі N 483 Заңымен (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi).

      74-бап. Осы Заңның күшiне енуi

      Осы Заң жарияланған күннен бастап күшiне енедi.
      Ескерту. 74-баптың атауы өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 1997.07.11. N 154 Заңымен

      Қазақстан Республикасының


      Президентi

      


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©kzref.org 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет