Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі


Қаржы ұйымдарының басшы қызметкерлері лауазымдарына кандидаттарды тестілеуден өткізуге арналған тест сұрақтары



бет2/2
Дата14.03.2018
өлшемі454.1 Kb.
#20962
1   2

Қаржы ұйымдарының басшы қызметкерлері лауазымдарына кандидаттарды тестілеуден өткізуге арналған тест сұрақтары

(жалпы сұрақтар)
1. Азаматтық заңнама актісі қолданысқа енгiзiлгенге дейiн пайда болған қатынастарға қолданыла алады ма:
2. Мемлекеттік кәсіпорынды шаруашылық жүргізу құқығына негізделген кәсіпкерлік – бұл:
3. Заңнамаға сәйкес келмейтін мемлекеттік орган актісін шығару нәтижесінде заңды тұлғаға келтірілген шығындарды қайсысы өтейді:
4. Заңды бәсекелестiктi шектеуге немесе жоюға, негiзсiз артықшылықтар алуға, тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерiне қысым жасауға бағытталған монополистiк және қандай болса да басқа қызметке жол берiледi ме:
5. Қай сәттен бастап азаматтық әрекет қабiлеттiлiгi толық көлемiнде пайда болады:
6. Коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлға қандай ұйымдық-құқықтық нысанда құрыла алмайды:
7. Коммерциялық емес ұйым қандай ұйымдық-құқықтық нысанда құрылуы мүмкін:
8. Айналысу үшiн лицензия алу қажет болатын қызмет саласында заңды тұлғаның құқық қабiлеттiлiгi қай сәттен бастап пайда болады:
9. Құрылтайшылары қайсысының мүлкiне мiндеттемелiк құқықтарын сақтап қалады:
10. Заңды тұлғаның жарғысымен қайсысы танысуға құқылы:
11. Қандай жағдайда филиалдар мен өкілдіктер қайта тіркелуге тиіс:
12. Коммерциялық ұйым филиалының басшысы қандай құжат негізінде әрекет жасайды:
13. Қандай жағдайда бөлу балансын рәсімдеу талап етіледі:
14. Банкроттық – бұл қайсысымен танылған, оны таратуға негiз болып табылатын борышкер дәрменсiздiгi:
15. Сотпен заңды тұлғаның банкрот деп танылуы не үшін негіздеме болып табылады:
16. Заңды тұлғаны тарату кезінде оның салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер бойынша берешегі қандай кезекте өтеледi:
17. Қайсысы заңды тұлғаның (бір тұлға құрғанын қоспағанда) құрылтай құжаттары болып табылады:
18. Қайсысы заңды тұлғаның орналасқан жері болып танылады:
19. Бағалы қағаз нені куәландырады:
20. Бiр шығарылым шегiнде осы шығарылым үшiн бiрдей жағдай негiзiнде орналастырылатын және айналымда болатын, бiртектi белгiлерi мен реквизиттерi бар бағалы қағаздар – бұл:
21. Қандай бағалы қағаз бойынша құқықтар бұл қағазға берiлгенін жазу - индоссамент арқылы берiледi:
22. Мәмiле кейiнге қалдырылатын шартпен жасалды деп есептелетін мәмілеге түсінік беріңіз:
23. Өкілеттігін басқа адамға берген сенiм бiлдiрiлген өкiл бұл туралы сенiм бiлдiрушiге хабарлауға тиiс пе:
24. Жоғары қауiптiлiк көзiнiң иесi қандай жағдайда осы көз келтiрген зиян үшiн жауап бермейдi:
25. Жалпы талап арыз қою мерзiмi қандай:
26. Меншiк иесi мүлiктi күтiп ұстау ауыртпалығын бiржақты тәртiппен үшiншi тұлғаға ауыстыра алады ма:
27. Қазақстан Республикасында ақшалай мiндеттемелер қандай валютамен көрсетiледi:
28. Кепiл болушы кредитор алдында қандай көлемде жауапты болады:
29. Қандай жағдайда борышты басқа тұлғаға аударуға жол беріледі:
30. Заңнамаға сәйкес қандай зиян өтеуге жатпайды:
31. Кепiлдiк немесе кепiл болушылық шарттары қандай нысанда жасалады:
32. Сенiмхаттың ең жоғары қолданылу мерзімі:
33. Шарт талаптары қалай айқындалады:
34. Аталғандардың қайсысы міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету тәсілі болып табылады:
35. Айып төлеу туралы келiсiм қандай нысанда жасалуға тиіс:
36. Кепiлге салынған мүлiктiң кездейсоқ қирау немесе бүлiну тәуекелiн қайсысы мойнына алады:
37. Кепiлге салынған нәрсенi ауыстыруға жол беріледі ме:
38. Бiрлесiп кепiлдiк берген адамдар кредитор алдында қалай жауап бередi:
39. Қайсысы мiндеттеменi тоқтату негiзi бола алады:
40. Шартты өзгерту және бұзу туралы келiсiм қандай нысанда жасалады:
41. Шарт мерзiмi көрсетiлмей жасалған жағдайда шартты орындаудан бiржақты бас тартуға жол берiледi ме:
42. Мүлiк кепiл салушының немесе үшiншi тұлғаның иелiгiнде және пайдалануында қалатын кепiл түрi:
43. Кредитор мiндеттеменi бөлшектеп орындауды қабылдамауға құқылы ма:
44. Талаптар ортақ болған жағдайда ортақтас кредиторлардың кез-келгенi борышкерге толық көлемде талап қоюға құқылы ма:
45. Қайсысы акционерлiк қоғамның жоғары органы болып табылады:
46. Қандай жағдайда акционерлiк қоғам тәуелдi қоғам деп танылады:
47. Жоғалған бағалы қағаз бойынша ұсынушы құқығын қандай орган қалпына келтiредi:
48. Үлестік бағалы қағаз – бұл:
49. Шетел валютасымен енгiзiлген банктік салым қандай валютамен қайтарылуға тиiс:
50. Сыйақы төлеу туралы шартсыз берiлген қарыз нысанасы мерзiмiнен бұрын қайтарылуы мүмкiн бе:
51. Қарыз бойынша сыйақы кез келген уақытта мерзiмiнен бұрын төленуi мүмкiн:
52. Егер шартта қарыз бойынша сыйақыны қарыз нысанасының өзiн қайтару мерзiмдерiнен бұрын төлеу көзделсе, сыйақыны төлеу үшiн белгiленген мерзiм бұзылған жағдайда қарыз берушi қарыз алушыдан нені талап етуге құқылы:
53. Сатып алу-сату, мүлiктi жалға алу немесе өзге негiздегi мәмiлелерден туындаған кез келген мiндеттеме қарыз шартымен ресiмделуi мүмкiн бе:
54. Мемлекеттiк қарыз шарты бойынша қайсысы қарыз беруші болады:
55. Банктік қарыз шарты бойынша қарыз берушi қарыз алушыға төлемділік, мерзімділік, қайтарымдылық шарттарымен қарызға не беруге міндеттенеді:
56. Банктік қарыз шарты бойынша қайсысы қарыз беруші болады:
57. Қайсысы қаржы берілетін ақшалай талапты беру нысанасы бола алады:
58. Беру нысанасы болып табылатын ақшалай талаптың жарамсыздығы үшiн қаржы агентiнiң алдында клиент жауапты болады ма:
59. Клиент қаржы агентi оны орындауды ұсынған жағдайда беру нысанасы болып табылатын талапты борышкердің орындамағаны немесе тиiсiнше орындамағаны үшiн жауап береді ме:
60. Қаржы агентiнiң ақшалай талапты кейiн беруiне жол берiледi ме:
61. Банктiк қызмет көрсету шарты қандай болып бөлінеді:
62. Қайсысы заңды тұлғалар мен азаматтардың банктердегі ақшасына тыйым сала алады:
63. Заңды тұлғалар мен азаматтардың банктердегi ақшасын олардың келiсiмiнсiз алып қою ненің негізінде жүргізілуі мүмкін:
64. Клиенттiң банктегi ақшасы клиентке қойылған барлық талапты қанағаттандыру үшiн жеткiлiктi болған жағдайда ақшаны алу жүзеге асырылады ма:
65. Банктік шот шарты мерзімсіз болып табылады ма:
66. Банктiк шот шартына сәйкес банк клиент талап еткен кезде ақшаның болуын қамтамасыз етуге мiндеттi ме:
67. Банктiк шот шарты клиенттiң өтiнiшi бойынша кез келген уақытта бұзылуы мүмкін бе:
68. Банктiң клиентке жеке сәйкестендіру кодын бермей-ақ ақша аудару тәртiбi қайсысында белгiленедi:
69. Қайтадан кепiл салуға жол берiледi ме:
70. Егер борышкердің кепiлмен қамтамасыз етiлген мiндеттеменi бұзуы өте болмашы болып және соның салдарынан кепiл ұстаушы талаптарының мөлшерi кепiлге салынған мүлiктiң құнына көрiнеу сәйкес келмесе, кепiлге салынған мүлiктен ақы өндiрiп алудан бас тартылуы мүмкiн бе:
71. Борышкер мен кредитор бiр тұлға болса міндеттеме тоқтатылады ма:
72. Айып төлеу туралы талап бойынша кредитор өзіне келтiрiлген зиянды дәлелдеуге мiндеттi ме:
73. Тәркілеу кезінде меншік иесіне мүлік құны өтеледі ме:
74. Жалған мәмiле – бұл:
75. Қандай мүлiк сенiмгерлiк басқару объектiсi бола алады:
76. Бағалы қағаздар лизинг нысанасы бола алады ма:
77. Ұсынушыға берiлетiн бағалы қағаздар адал иеленушiден талап етiп алынуы мүмкін бе:
78. Аталған ұйымдардың қайсысы заңды тұлға болып табылмайды:
79. Заңды тұлға қандай жағдайларда қайта тіркелуі қажет:
80. Аталған заңды тұлғалар түрлерінің қайсысы коммерциялық ұйым болып табылмайды:
81. Азаматқа өзінің өмірін немесе денсаулығын сақтандыру міндеті жүктелуі мүмкін бе?
82. Сақтанушының құқыққа қайшы мүліктік мүдделерi сақтандыруға жатады ма?
83. Мүлiктi сақтандыру бойынша сақтандыру сомасы шарт жасалған кездегi оның қандай құнынан артық бола алмайды?
84. Қос сақтандыру деген не?
85. Сақтандырушылар қандай мақсаттар үшін ортақ сақтандырушылар бiрлескен қызмет туралы шарт негiзiнде жай серiктестiктер (сақтандыру пұлдары) құра алады?
86. Франшиза деген не?
87. Шартты франшиза кезінде сақтандырушы қандай жағдайда зиянды өтеуге тиіс?
88. Сақтанушы шарттың қолданылуы тоқтатылған немесе шарт тараптарының өз мiндеттемелерiн орындауын тоқтата тұрған күннен бастап қандай мерзім ішінде жинақтаушы сақтандыру шартының қолданылуын қалпына келтiруге құқылы?
89. Сақтандыру сомасының мөлшерлерi туралы мәлiметтер сақтандыру құпиясы болып табылады ма?
90. Сақтандыру тарифі туралы мәлiметтер сақтандыру құпиясы болып табылады ма?
91. Сақтанушы сақтандыру жағдайы басталғанға дейiн сақтандырылған адам болып табылмайтын пайда алушыны басқа адаммен ауыстыруға құқылы ма?
92. Шетелдiк жеке және заңды тұлғалар, сондай-ақ азаматтығы жоқ адамдар Қазақстан Республикасының азаматтары мен заңды тұлғалары үшiн азаматтық заңнамада қандай құқықтар мен мiндеттер көзделсе, нақ сондай құқықтарға және сондай мiндеттерге ие болуға құқылы ма:
93. Қай сәттен бастап азаматтық әрекет қабiлеттiлiгi пайда болады:
94. «Сақтанушы» ұғымына анықтама беріңіз:
95. Коммерциялық емес ұйым болып табылатын және мемлекеттiк бюджеттiң есебiнен ғана күтіп ұсталатын заңды тұлғаның (мемлекеттiк мекеме) құқық қабiлеттiлiгi қайсысымен айқындалады:
96. Эмиссиялық бағалы қағаздар – бұл:
97. Фьючерс – бұл:
98. Талап қою мерзiмiнің өтуі қандай жағдайда тоқтатылмайды:
99. Пайдалану құқығы дегенiмiз не:
100. Қай жағдайда кепіл тоқтатылады:

«Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы
1. Акционерлік қоғамның корпоративтік басқару кодексі:
2. Жарияланған акцияларды орналастыру ниетi бар акционерлік қоғам қандай мерзімде өз акционерлерiне оларды басымдықпен сатып алу құқығы бойынша сатып алуды ұсынуға мiндеттi:
3. Акционерлік қоғамның атқарушы органы басшысының басқа заңды тұлғаның атқарушы органы басшысының лауазымын атқаруға:
4. Акцияның номиналдық құны – бұл:
5. Акционерлік қоғамның дауыс беретін акцияларының санына кірмейтін акциялар:
6. «Миноритарлық акционер» ұғымына анықтама беріңіз:
7. Есеп комиссиясы қоғам акционерлерінің жалпы жиналысында сайланады:
8. Директорлар кеңесi мүшелерiнiң саны қанша болуға тиіс:
9. Кумулятивтік дауыс беру – бұл:
10. Қоғамның атқарушы органы қандай болуы мүмкін:
11. Қайсысы акционерлік қоғамның дауыс беретін акциялары болып табылады:
12. Пруденциялық нормативтерді орындау мақсатында жарияланған акцияларды орналастыруға ниетi бар қаржы ұйымы уәкілетті органның талабы бойынша акционерлерге оларды сатып алуды ұсынуға мiндеттi:
13. Акционерлік қоғамның Директорлар кеңесінің мүшесі «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен және (немесе) қоғамның жарғысымен өзіне жүктелген функцияларды орындауды өзге адамдарға беруге құқылы ма:
14. Мыналарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдары мен мемлекеттiк мекемелер қоғамның құрылтайшылары немесе акционерлерi бола алмайды:
15. Акционерлерге («алтын акцияның» иесіне) алда жалпы жиналыс өткізілетіні туралы жиналыс өткізілетін күннен неше күн бұрын хабарлануға тиіс:
16. Акционер өкілі арқылы акционерлердің жалпы жиналысына қатысуға және қаралатын мәселелер бойынша дауыс беруге құқылы ма:
17. Акционерлік қоғам қандай мерзiмде өзiнiң барлық кредиторына бөлiну туралы жазбаша хабарлама жiберуге мiндеттi:
18. Қоғамның акционері болып табылмайтын және директорлар кеңесiне акционердiң өкiлi ретiнде сайлауға ұсынылмаған (ұсыным берiлмеген) жеке адамдар директорлар кеңесiнің мүшелігіне сайлана алады ма:
19. Директорлар кеңесiнiң отырысы қайсысының талап етуi бойынша шақырылуы мүмкiн:
20. Жария компанияның директорлар кеңесінің отырысына міндетті түрде тәуелсіз директорлар ұсынылуға тиіс пе:
21. Қай жағдайда қайта ұйымдастырылатын қоғамның кредиторлары осы қоғам борышкер болып табылатын міндеттеменің мерзімінен бұрын тоқтатылуын және залалдардың өтелуін талап етуге құқылы:
22 Қоғам өз міндеттемелері бойынша қалай жауапкершілік атқарады:
23. Өзінің жай акцияларын бағалы қағаздардың ұйымдастырылмаған және (немесе) ұйымдастырылған нарығына орналастыруды жүзеге асыратын, осы акцияларды инвесторлардың шектеусіз тобына ұсынатын қоғам – бұл:
24. Қоғам акцияларының Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін қор биржасының тізімдер санатында болуы:
25. Қосылатын қоғам акцияларын сату бағасы қандай арақатынасқа қарай айқындалады:
26. Қай жағдайда қоғамды құру туралы шешім жеке-дара қабылданады:
27. Қоғамның артықшылықты акциялары бойынша дивидендтер төлеу қоғам органының шешімін талап етеді ме:
28. Қоғамның жай акциялары бойынша тоқсан қорытындылары бойынша дивидендтер төлеу жүзеге асырылуы мүмкін бе:
29. Артықшылықты бір акцияға дивидендтер төлеу кезеңділігі және дивидендтің мөлшері қайсысымен белгіленеді:
30. Қоғамның қай жағдайда өзінің орналастырылған акцияларын сатып алуға құқығы жоқ:
31. Қандай акционерлік қоғамдардың айырбасталатын бағалы қағаздарды шығаруға құқығы жоқ:
32. Айқын басым көпшілік – бұл мынадан кем емес мөлшердегі көпшілік:
33. Қаржы ұйымы болып табылатын қоғам акционерлеріне пруденциялық нормативтерді орындау мақсатында күн тәртібіне қоғамның жарияланған акцияларының санын ұлғайту туралы мәселе енгізілген жалпы жиналыс өткізілетіні туралы неше күн бұрын хабарлануы тиіс:
34. Қай жағдайда артықшылықты акция акционерге қоғамды басқаруға қатысу құқығын береді:
35. Акционер акционерлердің жалпы жиналысына қатысуға және қаралатын мәселелер бойынша дауыс беруге құқылы:
36. Егер осындай мәмілені жасасу және (немесе) жүзеге асыру кезінде қоғамның лауазымды адамы осындай үшінші тұлғамен келісім негізінде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұза отырып әрекет етсе, қоғамның лауазымды адамының үшінші тұлғамен жасаған мәмілесі нәтижесінде қоғамға келтірілген шығындарды қайсысы өтейді:
37. Қоғамның дауыс беретін акцияларының бес және одан да көп пайызын иеленетін акционер өз атынан қоғамның лауазымды адамына және (немесе) үшінші тұлғаға осы үшінші тұлғамен жасаған мәмілесі нәтижесінде қоғамға келтірілген шығындарды өтеуі туралы талап-арызбен сотқа жүгінуге құқылы ма:
38. Қайсысы акционерлік қоғамның лауазымды адамдарының қызметі принциптерінің біріне жатады:
39. Қоғамның лауазымды адамдары өздеріне жүктелген міндеттерді адал орындайтыны және қоғам мен акционерлердің мүдделерін мейлінше жоғары дәрежеде көрсететін әдістерді пайдаланатыны туралы ереже не болып табылады:
40. Қоғамның директорлар кеңесінің мүшелері:
41. Қоғамның аффилиирленген тұлғалары туралы ақпарат:
42. Нәтижесінде құны мынадай болатын мүлікті қоғам сатып алатын немесе иеліктен шығаратын (сатып алуы немесе иелiктен шығаруы мүмкiн) мәміле немесе өзара байланысты мәмілелердің жиынтығы ірі мәміле деп танылады:
43. Нәтижесінде қоғам өзінің орналастырылған бағалы қағаздарын сатып алуы немесе ол орналастырылған бiр түрдегi бағалы қағаздардың жалпы санының жиырма бес және одан да көп пайызы мөлшерінде сатып алған қоғамның бағалы қағаздары сатылуы ықтимал мәміле:
44. Ірі акционердің талап етуі бойынша қоғамға аудит қайсысының есебінен жүргізіледі:
45. Қоғамның мәмiле жасауына мүдделі тұлғалар деп танылатындар:
46. Қоғам өзінің аффилиирленген тұлғаларын қайсысы беретiн мәлiметтер негiзiнде есепке алады:
47. Қоғамның акционерлерi мен лауазымды адамдарының өз аффилиирленген тұлғалары туралы ақпаратты табыс ету тәртiбi қандай құжатпен белгiленедi:
48. Қоғамның аффилиирленген тұлғалары болып табылатын тұлғалар қандай мерзім ішінде өзінің аффилиирленген тұлғалары туралы мәліметті қоғамға табыс етуге міндетті:
49. Акционерлік қоғам уәкiлеттi органға өзінің аффилиирленген тұлғаларының тізімін қандай тәртіппен ұсынады:
50. «Лауазымды адамның әрекетсіздігі» болып түсінілетіндер:
51. Акционерлік қоғам артықшылықты акцияларды қандай көлемде шығаруға құқылы:

«Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы» Қазақстан Республикасының Заңы
1. Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк мақсаты:
2. Бухгалтерлiк жазбаларды жүзеге асыру үшін не негіз болып табылады:
3. Қаржылық есептiлiкке не кіреді:
4. Қаржылық есептiлiкке кім қол қояды:
5. Жылдық қаржылық есептiлiк үшiн есептi кезең:
6. Қаржы ұйымдарында және арнайы қаржы компанияларында бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік жүйесін мемлекеттік реттеуді қайсысы жүзеге асырады:
7. Бухгалтерлiк есептi жүргiзудiң және қаржылық есептiлiктi жасаудың принциптерi:
8. Жария мүдделi ұйымның басшысы бухгалтерлiк есептi өзі жүргiзуге құқылы ма:
9. Қаржылық жағдайды бағалаумен байланысты қаржылық есептiлiктің элементтерi:
10. Есеп саясаты – бұл:
11. Шоғырландырылған қаржылық есептiлiк мыналар болған кезде жасалады:
12. Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы заңнамасына сәйкес қаржылық есептiлiк кімге табыс етіледі:
13. Қазақстан Республикасында қаржылық есептiлiк қай валютада ұсынылады:
14. Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы заңнамасына сәйкес жылдық қаржылық есептiлiкті қандай ұйымдар жариялауға міндетті:
15. Қаржылық есептiлiктің депозитарийі деген не:
16. Қаржы ұйымдары жария мүдделi ұйымдарға жатады ма:
17. Ұйымда ішкі бақылауды ұйымдастыруды қайсысы қамтамасыз етеді:
8. Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік жүйесін мемлекеттік реттеуді қайсысы жүзеге асырады:
19. Кандидаттарды кәсіби бухгалтерлерге сертификаттауды қайсысы жүзеге асырады:
20. Қандай жағдайларда уәкілетті орган кәсіби ұйымды аккредиттеу туралы куәліктен айыру туралы шешім қабылдайды:


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©kzref.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет