Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтауға



жүктеу 189.79 Kb.
Дата21.04.2019
өлшемі189.79 Kb.

Источник: ИС ПАРАГРАФ, 14.04.2011 22:49:46
Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтауға

ұсынудың және оларды тапсырудың тәртібі туралы нұсқаулықты,

Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары құжаттарының

үлгілерін және Қазақстан Республикасының мемлекеттік

наградалары белгілерінің сипаттамасын бекіту туралы Қазақстан

Республикасы Президентінің 1999 жылғы 8 қарашадағы № 90 Өкімі

 

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабына сәйкес және Қазақстанның мемлекеттік наградаларымен наградтауға ұсынуды, оларды есепке алу мен сақтауды ретке келтіру мақсатында:



1. Ұсынылып отырған:

1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтауға ұсынудың және оларды тапсырудың тәртібі туралы нұсқаулық (№ 1 қосымша);

2) Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары құжаттарының үлгілері (№ 2 қосымша);

3) Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары белгілерінің сипаттамасы бекітілсін (№ 3 қосымша).

2. Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің Басшысы Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларын және олардың құжаттарын есепке алу мен сақтау тәртібі туралы нұсқаулықты әзірлеп, бекітсін.

3. Осы Жарлықтың 2-тармағында көзделген Нұсқаулықтың талаптары мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар үшін, өздеріне қатысты бөліктерінде, міндетті деп белгіленсін.



Қазақстан Республикасының

Президенті

 

Н. Назарбаев

 

1 қосымша



Қазақстан Республикасы Президентінiң

1999 жылғы 8 қарашадағы

90 өкiмiмен бекітілді



 

Қазақстан Республикасының мемлекеттік

наградаларымен наградтауға ұсынудың және

оларды тапсырудың тәртiбi туралы

Нұсқаулық

1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен

наградтауға ұсынудың тәртібі

1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтауға ұсыну «Қазақстан Республикасының мемлекеттiк наградалары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.

Награданың түрi наградтауға ұсынылған адамның сiңiрген еңбегiнiң сипаты мен дәрежесi, ең жоғары дәрежелi ерекшелiк белгiлерi - «Алтын Қыран» орденi «Халық қаһарманы» және «Қазақстанның Еңбек Ері» атақтарының, Қазақстан Республикасы ордендерiнiң, медальдарының, құрметті атақтары мен Құрмет грамотасының мәртебелерi ескерiле отырып белгіленедi.

2. «Алтын Қыран» орденiмен наградтауға кандидатураларды Қазақстан Республикасының Президенті айқындайды.

Өзге мемлекеттік наградалармен наградтау жөнiнде Қазақстан Республикасының Президентiне Қазақстан Республикасының Парламентi, Yкiметi, министрлiктер, агенттіктер, өзге де орталық және жергілікті атқарушы органдар, шығармашылық одақтар мен басқа да ұйымдар ұсыныстар бередi.

Наградтауға кандидатураларды еңбек ұжымдары қарап, ұсына алады. Бұл жөнiнде награда қағазына жазылады.

3. Дәрежелерi бар наградалардан басқа бiр наградаға екiншi рет қайталап ұсынуға жол берілмейді.

Көп балалы аналарды наградтауды және қаһармандық ерлік жасауға, қиын-қыстау жағдаяттарға байланысты айрықша жағдайларды қоспағанда, кезекті наградаға бұдан бұрынғы наградтаудан кейiн кемiнде бес жыл өткен соң ғана ұсынуға болады.

4. Мемлекеттiк наградаға ұсынылушының әрқайсысына белгіленген үлгідегі награда қағазы толтырылады (№ 1 және № 2 нысандары қоса беріліп отыр).

Награда қағазында (№ 1 нысан) наградталушының жеке басын, оның жұмыс істеген саладағы және осы ұжымдағы жалпы еңбек өтiлiн, сiңiрген нақты еңбегін сипаттайтын деректер, жұмысының тиiмдiлiгi мен сапасы туралы мәлiметтер баяндалады; өндiрiсте еңбек ететiндерге - жұмысының негiзгi нәтижелерi, сондай-ақ ол аталып өтуi мүмкiн награда көрсетіледi.

Награда қағазына ұйым басшысы қол қояды.

Бiрiншi басшының награда қағазына жоғары тұрған органның басшылығы қол қояды.

Награда қағаздары оларға басшылығы қол қойған ұйымдардың мөрлерiмен тиянақталады. Тиiстi наградаға ұсынылған көп балалы анаға белгiленген үлгiдегi награда қағазы (№ 2 нысан) толтырылады.

Награда қағаздарын: жұмыс iстейтiн аналарға жұмыс орны, жеке-дара еңбек ететіндер мен жұмыс істемейтiн аналарға жергiлiктi атқарушы органдар толтырады және олардың қойған қолымен және мөрлерiмен куәландырылады.

Награда қағаздары (№ 2 нысан) ана мен балалардың жеке құжаттарының негізiнде толтырылады, ал хабарсыз кеткен немесе «Қазақстан Республикасының мемлекеттiк наградалары туралы» Заңның 28-бабында көрсетiлген жағдайларда қаза тапқан балаларға анықтамалар немесе тиiстi органдардың басқа да дәлелдейтiн құжаттары ұсынылады.

Балаларды растайтын анықтамалар бiр жыл iшiнде жарамды.



Награда қағаздары компьютерлік техниканы қолдана отырып толтырылады.

«Халық қаһарманы», «Қазақстанның Еңбек Ері» атақтарына және құрметті атақтарға ұсынылғандардың награда қағаздарымен бірге 3х4 көлемді екі фотосуреті қоса жіберіліп, олардың сыртқы бетіне тектері мен аты-жөні көрсетілуге тиіс.

Дұрыс толтырылмаған және Мемлекеттік наградалар жөніндегі комиссияның отырысына дейін отыз күннен кем мерзімде келіп түскен награда құжаттары қарауға қабылданбайды.

5. Наградтауға кандидатураны еңбек ұжымы ұсынған жағдайда, награда қағазы мен наградтау туралы еңбек ұжымының өтiнiмi келiп түскен материалдарды қарап, ұсыным әзiрлейтiн тиісті атқарушы органдарға немесе министрліктерге, мемлекеттік комитеттерге, шығармашылық одақтарға, қоғамдық ұйымдарға, әскери ведомстволарға және басқа органдарға жiберiледi.

6. Қазақстан Республикасы Президентiнiң атына:

- меншiк нысандарына қарамастан ұйымдардың, жергiлiктi мемлекеттiк органдардың қызметкерлерiне, аймақтық қоғамдық бiрлестiктердiң өкiлдерiне - облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi;

- орталық мемлекеттiк органдардың, Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретін органдардың, республикалық шығармашылық одақтар мен қоғамдық ұйымдардың қызметкерлерiне - осы ұйымдардың басшылары;

- орталық мемлекеттiк органдардың, Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн органдардың бiрiншi басшыларына, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi мен мәслихаттарының хатшыларына - Қазақстан Республикасының Парламентi мен Үкiметi ұсыныстар бередi;

- наградтауға ұсынылғандардың әрқайсысына ұсыныс жеке дайындалады.

7. Қорғаныс министрлiгiнiң, Iшкi iстер министрлiгiнiң, Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң, Республикалық ұланның, Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметінiң әскери қызметшілерi мен қызметкерлерiн, сондай-ақ осы органдардың азаматтық контингентiн наградтау туралы ұсыныс жасау тәртiбiн осы органдардың басшылығы белгiлейдi.

8. Қазақстан Республикасының шет елдерде жұмыс істейтiн азаматтарын, сондай-ақ шетел азаматтарын және шет елдерде тұратын азаматтығы жоқ адамдарды наградтау туралы ұсынысты Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi немесе республиканың Сыртқы істер министрлiгiмен келiсе отырып, басқа да министрлiктер, мемлекеттiк комитеттер, өзге де орталық атқарушы органдар бередi.

9. Республика аумағында тұратын шетел азаматтарын наградтауға ұсыну жалпы негiздерде жүргiзiледi.

10. Наградтауды алдын ала қарап, ұсыныстар әзiрлеу үшiн Қазақстан Республикасы Президентінiң жанынан Мемлекеттiк наградалар жөнiндегi комиссия құрылады.

Комиссияның наградтау жөнiндегi өтiнімдердi қарау нәтижелерi туралы кандидатураны ұсынған органға ауызша түрде хабарланады.

Комиссияның наградтау немесе наградтамау жөнiндегi шешiмiне азаматтардың арыздары мен өтiнiштерi қаралмайды.

11. Қазақстан Республикасы Президентiнiң мемлекеттiк наградалармен наградтау туралы Жарлықтары «Қазақстан Республикасының президентi мен Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң актiлер жинағында», республикалық және жергiлiктi баспасөзде жарияланып, теледидар мен радио арқылы беріледi.

2. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк

наградаларын тапсыру тәртiбi

12. Мемлекеттiк наградаларды тапсыру салтанатты және жария жағдайда, Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығы күшiне енгеннен бастап екi ай мерзiмнен кешiктірмей жүргізіледі.

Қазақстан Республикасының мемлекеттiк наградаларын Қазақстан Республикасының Президентi тапсырады.

Қазақстан Республикасы Президентiнiң тапсыруы бойынша мемлекеттiк наградаларды сондай-ақ:

- Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк хатшысы;

- облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi, министрлер, Қазақстан Республикасының елшiлерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президентi соған уәкiлдiк берген басқа адамдар тапсыра алады.

13. Наградаларды тапсыру Қазақстан Республикасы Президентiнiң Резиденциясында, республикалық, облыстық, қалалық атқарушы органдарында, еңбек ұжымдарының жиналыстарында, сондай-ақ әскери бөлiмдер мен бөлiмшелерде жүргiзiледi.

Қазақстан Республикасының мемлекеттiк наградасы наградталушының жеке өзiне тапсырылады. Награда тапсырылар алдында Қазақстан Республикасы Президентiнiң наградтау туралы Жарлығы жария етiледi.

14. Наградталушының әрқайсысына мемлекеттiк награда табыс етiлуiмен бiр мезгiлде наградталғандығы туралы мынадай құжаттар да:

- «Алтын Қыран» орденiмен наградталған адамға - орден кiтапшасы;

- «Халық қаhарманы» атағы берiлген адамға - «Халық қаhарманының» кiтапшасы;

- «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы берілген адамға - «Қазақстанның Еңбек Ерінің» кітапшасы»;

- медальмен наградталған адамға - медальдiң куәлiгi;

- құрметтi атақ берiлген адамға - құрметтi атақтың куәлiгi берiледi.

Көп балалы анаға наградамен бiрге орден кiтапшасы табыс етiледі.

15. Барлық награда құжаттары Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігінде толтырылады.

Наградтау туралы құжаттар мерзiмсiз болып табылады. Наградтау туралы құжатқа қандай да бiр түзету енгiзуге болмайды. Наградталушының тегi, аты, әкесiнiң аты өзгеруiне байланысты наградтау туралы құжат айырбастауға жатпайды.



«Халық қаһарманының», «Қазақстанның Еңбек Ерінің» кітапшаларына және құрметтi атақтардың куәлiктерiне наградталушылардың фотосуреттерi жапсырылып, олар мөрмен куәландырылады.

16. Мемлекеттік награда тапсырылғанға дейін награда тапсырылатын жерде наградталғандардың тізім (№ 3 нысан) толтырылады, оған награда тапсырылғаннан кейін оны алғаны туралы наградталушы жеке өзі қол қояды.



Тізім награданы тапсырған адамның қойған қолымен және оны тапсырған органның мөрімен бекітіледі.

Наградталушының тегін, атын, әкесiнiң атын жазуда әрiп айырмашылығы байқалған жағдайда түзету актiсi (№ 6 нысан) жасалып, оған жергiлiктi атқарушы орган басшысының қолы қойылып, тапсыру хаттамасына тiркеледi.

17. Мемлекеттiк награда тапсырылып болғаннан кейiн тапсыру хаттамасы (№ 4 нысан) жасалып, ол награда тапсырған адамның қойған қолымен, тапсырған органның мөрiмен бекiтiледi.

Наградталушы қайтыс болып, мемлекеттік награда оған тiрi кезiнде тапсырылмаған жағдайда немесе ол қайтыс болғаннан кейiн наградталса, награда мен оның құжаттары естелiк ретінде сақтау үшiн наградталушының отбасына берiледi. Бұл жөнiнде хаттама рәсiмделiп (№ 5 нысан), ол Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгіне жiберiледi.

Егер наградталушы сырқаттығына, мүгедектiгіне байланысты тапсыруға келе алмаған жағдайда оған награда оның үйiнде немесе ол емделiп жатқан мекемеде тапсырылуы мүмкiн.

Наградталушының мекен-жайы өзгерген жағдайда (облыстан, республикадан тысқары жерге кетуiне байланысты) жергiлiктi жерлерде награда тапсырудың мүмкiндiгі болмаған наградталушылардың тiзiмi жасалып (№ 7 нысан), Қазақстан Республикасы Президентінiң Әкiмшiлiгіне жiберiледi.

18. Мемлекеттік наградаларды жергілікті жерде тапсыруды ұйымдастыру мен өткiзу жауапкершiлiгi облыстық, Астана және Алматы қалаларының атқарушы органдарына жүктеледi.

19. Қазақстан Республикасының ордендерiн, медальдарын және басқа да ерекшелiк белгiлерiн тағып жүрудiң тәртiбi «Қазақстан Республикасының мемлекеттiк наградалары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 32 және 33-баптарының шарттарымен реттеледi.

Наградталушыда бұрынғы КСРО мен басқа шет мемлекеттердiң мемлекеттік наградалары бар болған жағдайда, КСРО мен шет мемлекеттердiң наградалары Қазақстан Республикасының наградаларынан кейiн, жоғарыда аталған Заңның 11 және 18-баптарында белгiленген ретпен орналастырылады.

Наградталған адамдар ордендер мен медальдардың орнына наградалардың белгіленген үлгiдегi символдарын таға алады.

20. Қажет болған жағдайда наградаға құқықты қалпына келтiру наградтауға ұсыныс беруге құқылы органдардың өтiнiмi бойынша жүзеге асырылады.

Мемлекеттiк наградалар мен олардың құжаттарының көшiрмелерiн беру тәртiбi «Қазақстан Республикасының мемлекеттiк наградалары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 38-бабының шарттарымен реттеледi. Қажет болған жағдайда наградталушы жоғалғандарының орнына наградалар мен олардың құжаттарының көшiрмелерiн беру жөнiнде жергiлiктi атқарушы органға өтініш беруiне болады. Өтiнiшке наградталғандығы туралы құжат, жоғалу жағдаяттары жөнiндегi мемлекеттiк органның немесе мекеменiң құжаты қоса тiркеледi. Жергілiктi атқарушы орган өтiнiштi қарағаннан кейiн, өз шешiмiн, наградталушының өтiнiшi мен оған тiркелген құжаттарды қарап, Мемлекеттiк наградалар жөнiндегi комиссияға ұсыныс беру үшiн облыстық атқарушы органға жiбередi.

Наградтау туралы құжаттың көшiрмесi қолданылып жүрген бланкiге толтырылып, оған «көшiрме» деген сөз жазылады.

21. Жарамсыз күйге түскен мемлекеттік наградалар мен наградтау туралы құжаттарды айырбастау айрықша жағдайларда ғана, бүлiнген белгі мен оның құжаты қоса жiберiлген, наградталушының өтiнiшi және жергілiктi атқарушы органның өтiнiмi бойынша Мемлекеттiк наградалар жөнiндегi комиссияның шешімімен жүргізілуі мүмкін.

                                               1 нысан

 

                                         Қазақстан Республикасы

                                          ____________________

                                                (облысы)

 

Награда қағазы

 

     1. Тегі, аты, әкесінің аты ________________________



     _________________________________________________________________

     2. Қызметі, жұмыс не қызмет орны (кәсіпорынның, мекеменің, ұйымның,

министрліктің, мемлекеттік комитеттің бөлімшесінің атауы дәл көрсетілуі

керек)


     _________________________________________________________________

     _________________________________________________________________

     _________________________________________________________________

     3. Жынысы ____________________ 4. Туған жылы мен туған жері

     _________________________________________________________________

     5. Ұлты ____________________

     6. Білімі________________________________

     7. Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы ________________________________

     _________________________________________________________________

     8. Қазақстан Республикасының қандай мемлекеттік наградаларымен

     наградталған және наградталған уақыты: _________________________

     _________________________________________________________________

     _________________________________________________________________

     9. Үйінің мекен-жайы: ___________________________________________

     _________________________________________________________________

     10. Жалпы жұмыс өтілі _______  11. Саладағы жұмыс өтілі _______

     12. Осы еңбек ұжымындағы жұмыс өтілі ____________________________

     13. Наградталушының нақты айрықша еңбегін сипаттайтын мінездеме:

     Кандидатура _____________________________________________________

     _________________________________________________________________

     (кәсіпорынның, мекеменің, ұйымның атауы,

     _________________________________________________________________

    талқылау болған уақыт, хаттаманың №)

     ____________________________________ талқыланып, ұсынылған.

     Мына наградаға ұсынылады ________________________________________

                                     (награданың түрі)

     Кәсіпорынның, мекеменің,         Республикалық органның

         ұйымның басшысы            облыстық атқарушы органның

                                             басшысы

     _______________________        ____________________

           (қолы)                          (қолы)

     _______________________        ____________________

        (тегі, аты-жөні)              (тегі, аты-жөні)

     М.О.                               М.О.

          ________ жылғы "____"____________________________

                                (толтырылған айы, күні)

Ескерту. Наградталушының тегі, аты және әкесінің аты жеке басының куәлігі бойынша толтырылып, қазақ және орыс тілдеріндегі транскрипциясы міндетті түрде көрсетіледі.

                                          2 нысан



 

                                   Қазақстан Республикасы

                                   ______________________

                                          (облысы)

 

Мемлекеттік наградаға ұсынылған көп балалы

анаға арналған

Награда қағазы

 

     1. Тегі, аты, әкесінің аты ______________________________________



     2. Туған жылы ______________ Туған жері _________________________

     3. Ұлты _________________________________________________________

     4. Кәсібі немесе қызметі мен жұмыс орны _________________________

     5. Көп бала тәрбиелеп өсіргені үшін бұрын қандай наградалармен

     наградталды _____________________________________________________

     _________________________________________________________________

     6. Ананың балалары жөніндегі мәліметтер:

     _________________________________________________________________

     NN     Тегі  Аты      Әкесінің  Туған     Балалары

     р/с                     аты      жылы     қазір қайда

                                               тұрады

     _________________________________________________________________

1.

2.


3.

4.


5.

6.


7.

8.


9.

10.


11.

     7. Соңғы баланың туған жылы мен айы _____________________________

     8. Ананың үйінің мекен-жайы _____________________________________

     9. ____________________________________________________ ұсынылады

                      (награданың түрі)

 

Көп балалы ананың отбасы мен балаларына



Қысқаша мінездеме

 

     Кәсіпорын, мекеме, жергілікті



     атқару органы басшысының қолы

     (қатыстылығына қарай)

М.О.

     Атқарушы органның шешімі _______________________________________



     ________________________________________________________________

     ________________________________________________________________

М.О.

     ________________________________________________________________



                          (ауданның, қаланың)

     ________________________________________________________________

                                   қолы

     _______жылғы "_____"________________

     ________________________________________________________________

                                               3 НЫСАН

 

__________________________          ___________________________

 награда тапсырылған орын            награда тапсырылған уақыт



(облыс, қала, аудан)

 

Қазақстан Республикасы Президентінің



200 __ жылғы ___________ № ____ Жарлығы бойынша

НАГРАДТАЛҒАНДАРДЫҢ ТІЗІМІ

 


р/с



Тегі,

аты,

әкесі-

нің аты

Награ-

даның

түрі

Орденнің,

Алтын

жұлдыздың

нөмірі

Орден кітапшасы-

ның, медаль, құр-

метті атақ куә-

лігінің нөмірі

Наград-

талушы-

ның

қолы

 1

2

3

4

5

6

 

Мәліметтердің дұрыстығын және наградталушының қойған қолын растаймын

______________________________________________

       (тегі, аты, әкесінің аты, лауазымы)



______________________________________________

                        (қолы)

 

М.О.

 

«___»_______________ __ж.

 

 

                                  4 Нысан



 

                          Қазақстан Республикасы

                          _____________________

                                 облысы

 

Қазақстан Республикасының мемлекеттік

наградаларын тапсырудың

Хаттамасы

 

     ___________________         _____________________



      тапсырылған орны            тапсырылған уақыты

 

     Мен,  ___________________________________________________________



                        тапсырушының қызметі, тегі, аты-жөні

     _________________________________________________________________

     Қазақстан Республикасы Президентінің атынан наградталғандарға

     мемлекеттік наградаларды тапсырдым:

                             Қазақстан Республикасы Президентінің

                             __________________________ Жарлығы

                             бойынша

                             награданың түрі

     _______________________________      _______________________

     Тегі, аты-жөні (Жарлық бойынша)       қызметі (Жарлық бойынша)

М.О.

                               ___________________________



                                  (тапсырушының қолы)

 

                                             5 Нысан



 

                                      Қазақстан Республикасы

                                       ____________________

                                              (облысы)

 

Қайтыс болған наградталушының отбасына мемлекеттік награданы

табыс етудің (қайтыс болғаннан кейін)

Хаттамасы

 

     _____________________________



        тапсырылған күні

     Мен, ____________________________________________________________

                  (табыс етушінің қызметі, тегі мен аты-жөні)

     _________________________________________________________________

 

     Қазақстан Республикасы Президентінің ______ жылғы "____"_________



     Жарлығы бойынша марқұм (қайтыс болғаннан кейін)_________________

     _________________________________________________________________

           наградталушының тегі, аты, әкесінің аты

     _________________________________________________________________

                   награданың, құжаттың түрі

     оның ____________________________________________________________

          еріне, әйеліне, ұлына, қызына, асыраушысына, қамқоршысына,

     _________________________________________________________________

         әкесіне, анасына, ағасына, інісіне, әпкесіне, қарындасына

     _________________________________________________________________

                   тегі, аты, әкесінің аты

     табыс еттім.

     ____________________

     (табыс етушінің қолы)

М.О.

                                                6 Нысан



 

                                        Қазақстан Республикасы

                                        _____________________

                                               (облысы)

 

Наградталушылардың тектеріне, аттары мен әкесінің

аттарына түзетулер енгізу туралы

Акт

 

     Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларын тапсыруға әзірлік

     кезінде мынадай айырмашылықтар анықталды:

                               Қазақстан Республикасы

                               Президентінің

                               _____________________ Жарлығы

                                награданың түрі

 

     Былай болып кеткен:            Былай болуға тиіс:



                               ______________________

                                        Әкім

 

                                         7 Нысан



 

                                    Қазақстан Республикасы

                                    ______________________

                                      (облысы)

 

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарымен

наградталып, бірақ мемлекеттік наградаларды тапсырудың

мүмкіндігі болмаған адамдардың

Тізімі

 

«Қазақстанның Еңбек Ері» Алтын жұлдызы

 

Айрықша ерекшелік белгісі - «Қазақстанның Еңбек Ері» Алтын жұлдызы ордендік тағанға жалғастырушы шығыршалар арқылы бекітілген алқа. Алқа алтынның қорытпасынан жеті сәулелі көлемді жұлдыз түрінде орындалған. Оның бет жағы көтеріңкі, тегіс екі қырлы сәулелері бар, алмас қырларын еске салатын бедерлі суретпен әрленген.

Жұлдыздың ортасында төменгі жағы бедерлі лентамен аяқталатын бидай масағының гүлдестесімен көмкерілген шеңбер орналасқан. Шеңбердің ортасында ашық кітап орналасқан, оның оң жақ бетінде металл балқымасымен металлургиялық шөміштің көлемді бейнесі, сол жақ бетінде - компьютердің көлемді бейнесі көрініс тапқан.

Жұлдыздың сәулелері бойымен тереңдетілген бедерлі сыртқы бетіндегі ойықтың тегіс орталық бөлігінде «Қазақстанның Еңбек Ері» жазуы орналасқан. Жұлдыздың жоғарғы сәулесінің ұшында - тұтас ойылған көзді құлақша бар.

«Қазақстанның Еңбек Ері» Алтын жұлдызының тағаны Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы түстес қатқал лентамен қапталған бес бұрышты металл жапырақшасы пішіндес. Тағанның биіктігі 41 мм, ені 34 мм.

Қатқыл лентаның үстіне, тағанды бойлай сәуле түріндегі жапсырма орнатылған, оның төменгі бөлігіне түссіз фианит бекітілген.

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 
Каталог: images -> stories -> contents
contents -> Конверттерді ашу хаттамасы
contents -> Конкурсқа қатысуға жіберу туралы хаттама Б. Аманшин атындағы қазақ орта мектебі
contents -> Әуе кемелерінің халықаралық ұшуын қамтамасыз етуге арналған әуежайларды ашу және жабу қағидасын бекіту туралы
contents -> Мемлекеттік меншік болып табылатын темір жолдармен
contents -> Кеме жүргізушілерін шағын көлемді кемені басқару құқығына аттестаттау қағидасы
contents -> Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерінің ұшуын орнитологиялық қамтамасыз ету қағидасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 27 маусымдағы №713 Қаулысы «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі
contents -> Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Америка Құрама Штаттарының Үкіметі арасындағы Ауғанстан Ислам Республикасының қауіпсіздігін


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет