Шымкентте тағы бір үшем дүниеге келді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: otyrar.kz

Белгілі болғандай, ерлі-зайыптылардың үш баласы бар, енді отбасыларына тағы үш бала қосылды. Балалардың әкесі жанұяларында егіздер бар екенін, үшемнің дүниеге келуі Алланың сыйы екенін айтты. Жаңа туған нәрестелерді перзентханадан әдет бойынша ән және шашумен шығарды. 

  • Шымкентте 20 жастағы келіншек үшем дүниеге әкелді
  • Астаналық әйел егіз баладан кейін үшем дүниеге әкелді

"Үшем болатынын білгенде қатты таң қалдым. Әйелім үшін уайымдадым. Ал қазір бақыттымын. Барлық қазақстандықтарға көп балалы болуды тілеймін! Біздің бақытымызға келіп, қуанып жатқан барша жандарға рақмет!", — деді үшемнің әкесі Равшанбек Давлатов.

Жыл басынан бері Шымкентте үш отбасыда үшем дүниеге келді. Дәрігерлердің айтуынша, бұл босану мерзімінен бұрын болған. Сондықтан әрқайсысының салмағы бір келіден сәл асатын сәбилерді бір айға жуық аурухана қабырғасында емдеуге тура келген. Сәбилерге Мұса, Мүсілім және Атамбай есімдері қойылған.

Айта кетейік, бұған дейін Жетісу облысының тұрғыны үшем дүниеге әкеліп, көп балалы ана атанғаны туралы жазған едік. 


Автор: Айгерим Жумабаева

Айгерим — опытный редактор с богатым опытом в изучении и письме о культуре и истории. Ее страсть к языкам и письму помогает создавать увлекательные тексты.