Атырау облысында судья 2,5 миллион теңге пара алып жатқан жерінде ұсталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.  

Ақпаратты жоғарғы соттың баспасөз қызметі растады. 2024 жылғы 10 қаңтарда Атырау облысы Махамбет аудандық сотының судьясына қатысты алаяқтық әрекеттер жасау фактісі бойынша материал тіркелгені хабарланды.

"2024 жылдың 15 қаңтарында облыс бойынша Ұлттық қауіпсіздік департаментінің қызметкерлері Сот әкімшілігінің ішкі қауіпсіздік басқармасымен бірлесіп, судьяны 2,5 миллион теңге пара алып жатқан жерінде ұстады. Қазіргі уақытта екі ведомствоның бірлескен іс-қимылдары арқылы сотқа дейінгі тергеу жалғасуда", — дейді жоғарғы соттың баспасөз қызметі.

Жоғарғы соттың баспасөз қызметі мен тергеу материалдарына сәйкес, параның сот төрелігін жүзеге асыруға қатысы жоқ.


Автор: Ербол Нурланов

Ербол — талантливый фотограф, зафиксировавший красоту природы и городской жизни Казахстана. Его работы придают нашим материалам визуальное великолепие.