Танымал әнші Дильназ Ахмадиева ұлының әкесімен шетелде жолығып қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/dilnaz_akhmadiyeva/

Өнер иесі жеке парақшасына видео жүктеп, қазіргі сүйіктісімен және ұлы үшеуі шетелде демалып жүргенін көрсетті. Айтуынша, бұрынғы жолдасы да сол жақта жүрген көрінеді. 

“Менің қазіргі азаматым мен ұлымның әкесі Әзілхан жақсы араласады. Ұлым екеуміз де өзімізді жақсы сезінеміз. Бізде бәрі жақсы. Осындай қарым-қатынасты көптен бері армандадым. Тек өз-өзімен жұмыс істегенде ғана осыны түсіне бастадым. Бұл өте керемет жағдай. Себебі тұрмыстық өмірде біз адами қарым-қатынастың не екенін ұмытып та кетеміз. Ұлым да әкесін көріп, мәз болды", – деп жан сырын ақтарды әнші. 

  • Полицияға 20 рет арызданған тараздық бұрынғы күйеуінің қысымынан құтқаруды сұрайды: Ал экс жары бұған әйелдің әкесіз өскенін кінәлады

  • “Бұрынғыдан 10 есе көп табамын”: Емшектегі баласын тастап шетелде үй тазалаушы болып орналасқан әйел табысы туралы айтты

Желі қолданушылары әншіден өзімен қалай жұмыс істегенін сұрады. “Сізге соның қажеті бар ма еді?” деген оқырман сұрағын да жауапсыз қалдырмады. 

“Менде бәрі жақсы болған еді. Бірақ кейде адам өзіне не керек екенін білмейсің. Сондай кезде қателік жібересің. Таңдаудан шатасасың. Менің өмірім де идеал емес. Қате қадам басқан жерім көп. Сондай кезде өзіңмен жұмыс істеуді бастайсың. Өзіңе есеп беру, өткенге оралу ешқандай мамандық пен жасты талап етпейді. Кез келген адамға сананы трансформациялауға кеңес беремін. Ол көптеген түйінді мәселені шешеді”, – деп түсіндірді өнер иесі. 

Фото: https://www.instagram.com/dilnaz_akhmadiyeva/

Еске салайық, әнші ұлының диагнозы туралы айтқанын жазған едік. 


Автор: Ербол Нурланов

Ербол — талантливый фотограф, зафиксировавший красоту природы и городской жизни Казахстана. Его работы придают нашим материалам визуальное великолепие.