Қазақстан Республикасының


Азаматтық істі қарау кезіндегі соттың жеке дара және алқалы құрамдарының үйлесімділігі қағидасы қалай регламентацияланған?



жүктеу 1.6 Mb.
бет5/10
Дата19.09.2017
өлшемі1.6 Mb.
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

57. Азаматтық істі қарау кезіндегі соттың жеке дара және алқалы құрамдарының үйлесімділігі қағидасы қалай регламентацияланған?

a) азаматтық істерді қарау барлық соттарда судьямен жеке дара жүзеге асырылады;

b) алқалы түрде істі қарауға кез кеген сотта жол беріледі;

c) алқалы құрамда облыстық соттың шаруашылық істер алқасындағы істері қаралады;

d) істер жеке – дара бірінші сатыдағы сотта ғана қаралады;

e) азаматты әрекетке қабілетсіз деп тану туралы істерді қоспағанда, бірінші сатыдағы соттарда, сондай-ақ апелляциялық сатыдғы соттарда азаматтық істерді соттың атынан әрекет ететін судья жеке-дара қарайды. Азаматты әрекетке қабілетсіз деп тану туралы істерді бірінші сатыдағы сотта, сондай-ақ барлық істерді апелляциялық қадағалау сатысындағы соттарда қарауды соттың алқалы құрамы жүзеге асырады.



58. Азаматтық сот ісін жүргізудің жекелеген сатыларында азаматтық іс жүргізу құқығы қағидаларының барлығы бірдей дерлік көріне ме?

a) азаматтық істерді сотта қарауға дайындау сатысында қағидалардың күші жоқ;

b) істі қозғау сатысында диспозитивтік, азаматтар мен ұйымдардың заң мен сот алдындағы теңдігі қағидасы көрінеді;

c) сотта істі қарау сатысында азаматтық сот ісін жүргізу қағидаларының барлығы түгел, толық және айқын көрінеді;

d) апелляциялық сатыдағы соттарда олар қысқартылған түрде әрекет етеді;

e) қадағалау тәртібі мен сот қаулыларын қайта қарау сатысында заңдылық, объективтік шындық қағидалары әрекет етеді.



59. Жариялылық қағидасының қандай ерекшеліктер заңмен қарастырылған?

a) іс тараптардың өтініші бойынша жабық сот отырысында қаралуы тиіс

b) заң ерекшеліктер қарастырмаған

c) соттың қарауы бойынша жабық сот отырысында қаралуы мүмкін

d) прокурордың өтінімі бойынша

e) істі ашық сот отырысыда қарау мемлекеттік құпияны қорғау мүддесіне қайшы келетін жағдайларды қоспағанда, азаматтық іс жүргізуде істі қарау және шешу ашық сот отырысында жүргізіледі.




ІІ АПТА

Азаматтық іс жұргізушілік құқықтық қатынастар және олардың субъектілері. Азаматтық процестегі тараптар.
1. Азаматтық іс жургізу құқық қабілеттілігі дегені, бұл:

    1. Азаматтық іс жургізу құқықтары мен міндеттерін сотта жузеге асару.

    2. Азаматтық іс жургізу құқықтары мен міндеттеріне ие болу және оны атқару.

    3. Азаматтық іс жургізу құқықтары мен міндеттерін орындау.

    4. Сотта құқықтарын өз іс әрекетері арқылы жузеге асару.

    5. Азаматтық іс жургізу құқықтары мен міндеттеріне ие болу қабілеттілігі

2. Азаматтық іс жүргізу әрекет қабілеттілігі дегені, бұл:

    1. Азаматтық іс жургізу құқықтары мен міндеттеріне ие болу қабілеттілігі.

    2. Сотта құқықтарын өз іс әрекетері арқылы жузеге асару.

    3. Сотта құқықтарын өз іс - әрекеттерімен жузеге асару және міндеттерін орындау.

    4. Сотта өз құқықтарына ие болып және жузеге асару қабілеттілігі.

    5. Азаматтық іс жургізу құқықтары мен міндеттеріне ие болу және он орындау.

3. Азаматтық іс жүргізу құқық қабілеттілігі қай кезде басталады.

    1. 18 жастан.

    2. 20 жастан.

    3. Туылғаннан.

    4. 16 жастан.

    5. Некеге турғаннан.

4. Азаматтық іс жүргізу әрекет қабілеттілігі қай кезде басталады.

    1. Туылғаннан.

    2. 16 жастан.

    3. 18 жастан.

    4. 15 жастан.

    5. 20 жастан.

5. Азаматтық іс жүргізу құқық қабілеттілігі қай кезде қысқартылады.

    1. 55 жаста.

    2. Қайтыс болған.

    3. Ақыл-есің немесе жүйке ауыру кемдігі кезде.

    4. Сот қабілетсіз деп шешім шығарған кезде.

    5. Пенсияға шыққан кезде.

6. Азаматтық іс жүргізу әрекет қабілеттілігі қай кезде қысқартылады.

    1. 55 жаста.

    2. ақыл – есің немесе жүйке ауыру кемдігі кезде.

    3. Пенсияға шыққан кезде.

    4. 60 жаста

    5. Жауабы жоқ.

7. Азаматтық іс жүргізу құқықтық қатынастарына түсінік беріңіздер:

a) бұл соттан тыс болатын тараптар арасындағы қатынастар;

b) бұл азаматтық істі қарау және шешу кезінде сот пен іске қатысушы тұлғалар арасында туындайтын қоғамдық қатынастар;

c) азаматтық іс жүргізу құқықтық қатынастары – бұл құқықтық қатынастардың бір түрі;

d) азаматтық іс жүргізу қатынастары – бұл азаматтық істер бойынша сот әділдігін жүзеге асыру процесінде сотпен, оның міндетті субектілерімен және азаматтық сот ісін жүргізуге қатысушы барлық тұлғалардың арасында қалыптасқан қоғамдық қатынастар. Олар азаматтық іс жүргізу құқығы нормаларының негізінде ғана пайда болады және сол нормалармен реттеледі;

e) бұл құқықтық қатынастар азаматтық іс жүргізу құқығымен реттеледі, сондықтан олар азаматтық іс жүргізу құқықтық қатынастары деп аталады.



8. Азаматтық іс жүргізу құқықтық қатынастарының айырқша белгілері қандай?

a) сот бұл қатынастардың басты, міндетті субъктісі болып табылады;

b) азаматық іс жүргізу құқықтық қатынастарын бұзылған құқығын немесе заңмен қорғалатын мүддесін сотпен қорғау үшін мүдделі тұлға сотқа жүгінген кезде пайда болады. Олар процестен тыс болмайды, тараптар арасында материалдық құқықтық қатынастар (азаматтық, отбасылық, еңбектік т.б.) болуы мүмкін;

c) азаматтық іс жүргізу құқықтық қатынастарында олардың қатысушылары арасында теңдік жоқ, олар билік және бағыныштылық қатынастары болып табылады, онда сот биліктік құзіреттері иеленді. Сотқа тек іс жүргізу құқықтарын беріп қана қоймай, сондай-ақ процестің басқа қатысушыларына қатысты міндеттер де жүктелген;

d) азаматтық іс жүргізу қатынастары тек қана құқықтық нысанында болуы мүмкін және жүйелі түрде дамитын және бір-бірін алмастырып отыратын тығыз байланысты және өзара қисынды қатынастардың жүйесін құрайды;

e) барлық аталғандар.



9. Азаматтық іс жүргізу құқықтық қатынастарының пайда болуынының алғы шарттарын атаңыз:

a) азаматтық іс жүргізу құқықтық қатынастарының пайда болуының алғы шарттарының бірі болып заңи фактілер табылады, яғни іс жүргізу құқықтары мен міндетерінің пайда болуын, өзгеруін немесе тоқтатылуын құқық нормалары ол фактілердің бар болуымен немесе жоқ болуымен байланыстарды.

b) азаматтық іс жүргізу құқықтық қатынастары пайда болуы үшін оның субъектілері азаматтық іс жүргізу құқықтық қабілеттілігіне ие болу қажет.

c) азаматтық іс жүргізу құқықтық қатынастарының заңи негізі болып табылатынын азаматтық іс жүргізу құқығының нормалары негізінде азаматтық іс жүргізу құқықтық қатынастары пайда болады;

d) азаматтық іс жүргізу құқығындағы фактілердің белгілі бір еркшеліктері бар, заңи салдары соттың және процеске қатысушы басқа тұлғалардың әрекет және әрекетсіздігін ғана тудырады. Оқиға – тұлғаның қайтыс болу фактісі іс жүргізу құқықтық қатынасуының туындауына немесе тоқтатылуына әкеліп соқтырмайды. Ол үшін сот әрекет жасауы қажет – шығып қалған тарапты құқық мирасқорымен алмастыруға жол беруі керек немесе іс бойынша іс жүргізуді қысқартуы керек;

e) барлық аталғандар.



10. Азаматтық іс жүргізу құқықтық қатынастарының субъектілерін атаңыз:

a) азамттық іс жүргізу құқықтық қатынастарының басты, міндетті субъектісі болып сот табылады. Сот - сот әділдігін жүзеге асырушы мемлекеттік билік органы, оған іс жүргізуде басшылық етуші рөлі тиісті. Іс жүргізуге қатысушылардың барлығы өздерінің іс жүргізу әрекеттерін соттың бақылауында жасайды;

b) шетел азамататры және азаматтығы жоқ тұлғалар;

c) шетел кәсіпорындары мен ұйымдары;

d) азаматтар мен ұйымдар;

e) барлық аталғандар.



11. Азаматтық іс жүргізу құқықтық қатынастарының субъектілерін қандай топтарға бөледі?

a) оларды басты және екінші дәрежедегі субъектілерге бөледі;

b) оларды үш топқа бөледі, бірінші топқа – бірінші сатыдағы соттар және апелляциялық және қадағалау сатыларындағы жоғары тұрған соттар жатқызылған; екінші топқа – іске қатысушы тұлғалар; үшінші топқа – сот әділдігін жүзеге асыруға көмектесетін тұлғалар жатқызылған;

c) оларды міндетті субъектілерге бөледі, ондай субъектелер болып сот пен тараптар (талапкер және жауапкер) табылады,

d) азаматтық іс жүргізу құқығы субъектілерінің айрықша тобын прокурор мен мемлекеттік органдар және жергілікті өзін-өзі басқару органдары құрайды;

e) адвокаттар, заңи кеңесшілер (юрисконсульттар) және сот орындаушылары.



12. Талаптық іс жүргізудегі іске қатысушы тұлғаларды атаңыз?

a) тараптар, үшінші жақтар, куәлар;

b) сот, прокурор, адвокат;

c) сот, талапкер, жауапкер және олардың өкілдері;

d) сарапшы, аудармашы, сот отырысының хатшысы;

e) тараптар, үшінші жақтар, прокурор, заңда көрсетілген жағдайлар басқа тұлғаның құқықтарын қорғайтын мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдары, ұйымдар және жекелеген азаматтар.



13. Іске қатысушы тұлғаларға тән белгілерді атаңыз:

a) олар сотта өздерінің субъективтік құқықтарын қорғайды;

b) олар сотқа істің шындыққа сәйкес мән жайларын анықтауға көмектеседі;

c) олардың арызы бойынша сотта іс қозғалады;

d) олар бірінші сатыдағы сотта іс қараған кезде қатысады;

e) олар іске өз аттарынан қатысады, өздерінің субъективтік құқықтарын немесе басқа тұлғалардың құқықтарын қорғайды, іске мүдделі өздерінің процесуалдық әрекеттерімен істің қозғалуына, оның іс жүргізудің бір сатысынан екініші сатысына өтуін, сондай-ақ оның қысқартылуына ықпал етеді.



14. Не себептен тараптар талаптық іс жүргізудегі істерге қатысушы тұлғалардың тізімінде бірінші болып аталған?

a) тараптар – бұл процестің негізі қатысушылары;

b) олардың арасында құқық туралы дау туындағандықтан;

c) тараптар – құқықтық қатынастың болжамдалатын субъектілері;

d) олар іс жүргізу құқықтық қатынастарының субъектелері болып табылады;

e) тараптар іске мүдделі, олардың атынан сотта іс жүргізіледі, сот тараптардың құқықтары мен міндеттері туралы дауды қарайды, сот шешімінің заңды күші оларға тарайды, олар іс бойынша сот шығыстарын алып жүреді.



15. Азаматтык процесте тараптар кімдер болып табылады.

    1. Адвокат мен прокурор.

    2. Талап коюшы мен жауапкер.

    3. Талап коюшы мен судья.

    4. Жауапкер мен судья.

    5. Жауабы жок.

  1. Азаматтық іс жүргізудегі тараптарға түсінік беріңіздер:

a) тараптар – бұл даулы материалдық құқықтық қатынастың субъектілері;

b) тараптар - бұл азаматтық іс жүргізудің негізі субъектілері, оларсыз іс жүргізу мүмкін емес;

c) тараптар – бұл қарама – қарсы мүддедегі тұлғалар;

d) тараптар – бұл талаптық іс жүргізудегі істерге қатысушы тұлғалар, олардың құқықтары мен міндеттері туралы дауды шешеді;

e) барлық аталғандар.


  1. Қашан азаматтық іс жүргізу құқық қабілеттілігі туындайды?

a) 16 жасқа толғаннан бастап;

b) азаматтарды 14 жасқа толғаннан бастап;

c) 18 жастан;

d) туылған кезде бастап;

e) жеке тұлғаларда туылған кезден бастап, заңды тұлғаларда оларды тіркелген сәттен бастап пайда болады.


  1. Қашан азаматтық іс жүргізу әрекет қабілеттілігі туындайды?

a) спирт ішімдіктеріне және есірткі заттарға құнықққан тұлғалар сотпен әрекет қабілеттілігі шектеулі деп танылады;

b) жүйке ауруы немесе ақыл-есінің кемдігінен зәбір шегуші тұлғалардың әрекет қабілеттілігінің толық жоқ болуы;

c) азаматтарда туған кезден бастап;

d) азаматтық, еңбек, отбасылық, кооперативтік, әкімшілік және басқа да құқықтық қатынастардан және тапқан табысына немесе кәсіпкерлік қызметтен түскен кірістеріне билік етуге байланысты мәмілерден туындайтын істер бойынша 14 жасқа толған тұлғаларда іс жүргізу әрекет қабілеттігі пайда болады, 14 жастан 18 жасқа дейінгі кәмелетке толмғанадардың өз құқықтары мен заңды мүдделерін өз басы қорғауға құқықтары бар;

e) жалпы ереже ретінде іс жүргізу әрекет қабілеттігі жеке тұлғаларда 18 жасқа толғанда туындайды, ал заңды тұлғаларда іс жүргізу құқық қабілеттігі және әрекет қабілеттігі оларда тіркелген сәттен бастап бір мезгілде пайда болады.


  1. Тараптарға тән белгілерді атаңыз:

a) олардың атынан сотта іс жүргізіледі;

b) олар азаматтық іс жргізу құқықтық қатынастың міндетті субъектілері болып табылады;

c) олар өздерінің әрекеттерімен іс жүргізудің нәтижесіне ықпалын тигізеді;

d) олар іске мүдделі;

e) тараптар өз атынан өздерінің субъективтік құқықтарын қорғайды, іске мүдделі, өздерінің процесуалдық әрекеттерімен сотта істің нәтижесіне ықпалын тигізеді, олардың атына сот шешімдері шығарылады, олар сот шығыстарын алып жүреді.


  1. Талапкер деп кімді атайды?

a) басқа тұлғаның құқығын қорғау үшін арызбен жүгінген прокурор;

b) талапкер – бұл даулы материалдық–құқықтық қатынастың субъектісі;

c) талапкер болып даудық пәніне дербес талап мәлімдейтін үшінші жақ табылады;

d) арызы бойынша сотта іс қозғалған тұлға;

e) талапкер – бұл даулы материалдық–құқықтық қатынастың болжамдалатын субъектісі, ол өзінің субъективтік құқығын немесе заңмен қорғалатын мүддесін қорғау туралы сотқа талаппен жүгінеді.


  1. Азаматтық іс жүргізудегі тараптарға қандай іс жүргізу құқықтары берілген?

a) прокурордың іс жүргізу құқықтары талапкердікіне қарағанда ауқымды;

b) талапкердің іс жүргізу құқықтары жауапкердікіне қарағанда ауқымды;

c) жауапкердің іс жүргізу құқықтары ауқымды, өйткені азаматтық құқықта жауапсыздық презумпциясы, әрекет етеді;

d) тараптарға ауқымды іс жүргізу құқықтары берілген;

e) тарапатар бірдей құқықтарды пайдаланады, оларға ауқымды іс жүргізу құқықтары берілген, заңмен олар жалпы және арнайы болып бөлінеді.


  1. Талапкердің арнайы құқықтарын атаңыз:

a) талапты негіздейтін дәлелдемелер ұсынуға құқылы;

b) сот жарыссөздеріне қатысуға;

c) іс материалдарымен танысуға құқылы;

d) судьяға, прокурорға сарапшыларға қарсылық жариялауға;

e) талап қою, талаптан бас тарту талап пәнін немесе негіздемесін өзгерту, жауапкермен бітімгершілік келісім жасау, шешімнің орындалуын талап ету құқығы.


  1. Жауапкердің арнайы құқықтарын атаңыз:

a) дәледемелер ұсыну;

b) сот жарыссөздеріне қатысу;

c) сотта өзінікінің ақиқат екендігін қорғау;

d) сарапшыға, судьяға, аудармашыға қарсылық жариялау;

e) қарсы талап қою, талапты толығымен немесе ішінара мойындау, сот шешіміне шағымдану, талапкермен бітімгершілік келісім жасау.


  1. Азаматтық сот ісін жүргізудің қандай қағидасының мазмұны тараптардың жалпы құқықтарын құрайды?

a) объективтік шындық қағидасының;

b) заңдылық қағидасының;

c) барлық тұлғалардың заң мен сот алдындағы теңдігі қағидасының;

d) сотта қорғану қағидасының;

e) тараптардың айтысуы, тең құқықтылығы және азаматтардың заң мен сот алдындағы теңдігі қағидасының;


  1. Тараптардың қандай құқықтары диспозитивтілік қағидасының мазмұнын құрайды?

a) сот жарыссөзіне қатысу;

b) сотта өзінікінің ақиқат екендігін қорғау құқығы;

c) істі қарау кезінде туындайтын барлық сұрақтар бойынша өзінің пікірін айтуға және өтініш беруге;

d) сот отырысына қатысу құқығы

e) сотта қорғану, сот шешімін шағымдану, сот ісін жүргізудің кез келген сатысында бітімгершілік келісім жасау құқығы және т.б.


  1. Кімді іс бойынша тиісті талапкер деп атайды?

a) арызы бойынша іс қозғалған тұлғаны;

b) құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін іс қозғаған тұлғаны;

c) тұлғаны, ол тұлғаның тұжырымы бойынша оның құқығы бұзылған;

d) даудың пәнінен дербес талаптар мәлімдейтін үшінші жақты;

e) даулы материалдық құқықтық қатынастың субъектісі болып табылатын және талап ету құқығы тиісті тұлғаны;


  1. Кім тиісті жауапкер болып табылады?

a) талап қойып отырған тұлға;

b) талапкердің талап арызында жауапкер ретінде көрстеліген тұлға;

c) талапкердің негіздеуі бойынша оның құқықтарын бұзған тұлға;

d) жұмысшыны жұмыстан заңсыз босатқан лауазымды тұлға;

e) даулы материалдық құқықтық қатынастың субьектісі болып табылатын, талап бойынша жауап беруге тиіс тұлға.


  1. Тиісті емес жауапкерді ауыстырудың тәртібі мен шарттарын атаңыз:

a) жауапкерді ауыстыру тек қана бірінші сатыдағы сотта жүргізіледі;

b) жауапкерді ауыстыру жоғары тұрған сот сатыларында жргізілуі мүмкін;

c) жауапкерді ауыстыруды талапкер мен жауапкердің келісімімен сот жүргізеді.

d) сот талапкерді немесе жауапкерді өзінің қарауы бойынша ауыстыруға құқылы;

e) сот істі дайындау үстінде немесе бірнеше сатыдағы сотта оны қарау кезінде талап бойынша жауап беруге тиісті емес тұлғаға талап қойып отырғанын анықтаса, істі тоқтатпай талап қоюшыны өтініші бойынша тиісті емес жауапкерді ауыстыра алады. Тиісті емес жауапкерді ауыстырғаннан кейін істі дайындау және қарау басынан бастап жүргізіледі.


  1. Процессуалдық тең қатысу дегеніміз не?

a) іске екі немесе бірнеше талапкерлердің немесе жауапкерлердің қатысуы;

b) дербес талап мәлімдейтін үшінші жақтың жауапкер жағында іске қатысуы;

c) егер талапкер жауапкерді басқа тұлғамен ауыстыруға келіспесе, онда бұл тұлғаны сот екінші жауапкер ретінде іске тарта алады;

d) талапкердің және оның өкілінің іске қатысуы;

e) бұл даудың пәнінен дербес талап мәлімдейтін үшінші жақтың іске қатысуы;


  1. Процессуалдық тең қатысушылық түрлерін атаңыз:

a) соттың бастамасы бойынша;

b) прокурордың бастамасы бойынша;

c) талапкердің қалауы бойынша бірге қатысу;

d) талапкердің адвокатпен бірге қатысуы;

e) міндетті (қажетті) немесе факультативті тең қатысушылық.


  1. Тең қатысушыларға қандай іс жүргізу құқықтары берілген?

a) олар тараптардың барлық іс жүргізу құқықтарын пайдаланады;

b) олардың іс жүргізу құқықтары шектелген;

c) олар сотқа дербес қатысады;

d) олар істі жүргізуді тең қатысушылардың біреуіне тапсыруға құқылы, бұл жағдайда онымен жасалған процессуалдық іс-әрекеттер қалғандары үшін міндетті мәнге ие болады;

e) апелляциялық шағым берген тұлға жағында іс жүргізуге тең қатысушы берілген шағымға қосылуға құқылы.


  1. Процессуалдық тең қатысушылық болып табылады:

a) талапкердің және оның өкілінің қатысуы;

b) даудың пәніне дербес талап мәлімдейтін үшінші жақтың қатысуы;

c) жауапкер жағында үшінші жақтың қатысуы;

d) талапкердің құқығын қорғаушы мемлекеттік басқару органының қатысуы,

e) мұраны бөлу туралы іске мұрагерлердің қатысуы.


  1. Міндетті тең қатысушылықтың негіздерін атаңыздар?

a) сот шешімдерінің тұрақтылығын қамтамасыз ету;

b) регресстік талап қоюдың мүмкіндігі;

c) істе құқықтары қозғалатын тұлғалардың қатысуымен істі бірге қараудың тиімділігі;

d) процессуалық үнемділікке қол жеткізу;

e) ортақ құқықтардың немесе міндеттердің бар болуы.


  1. Міндетті тең қатысушылық институтын қарастыра отырып заң шығарушы қандай ой-пікірлерді басшылыққа алған?

a) істі қарауға сотта тиісінше дайындық жүргізуді;

b) дәлелдеу процесінің жеңілдейтіндігін;

c) бір сот отырысында істі қарауды;

d) процессуалдық үнемділікті;

e) істің дұрыс шешілуіне кепілдік беретіндігін, қарама–қайшы шешім шығаруды болдырмайтындығын және сот шешімін орындауды қамтамасыз ететіндігін.


  1. Не себептен даудың пәнінен дербес талап мәлімдейтін үшінші жақ тең талап қоюшы болып табылмайды?

a) оның талабы бастапқы талапкердің талабын жоққа шығаратындықтан үшінші жақтың талабы талапкер мен жауапкерге қойылғандытан,

b) тең талап қоюшылар жауапкерге талап қойғандықтан;

c) тең талап қоюшының талабы басқа тең талап қоющылардың талаптарымен бірге қосылатындықтан;

d) заң олардың іске кіру тәртібін әртүрлі регламентациялағандықтан;

e) іске кіруінің құқықтық салдарынада да айырмашылықтар бар болғандықтан.


  1. Процессуалдық құқық мирасқорлық дегеніміз не?

a) бұл әрекет қабілеттілігі жоқ тұлғаның қамқоршысының істі жүргізуі

b) бұл соттың тиісті емес тарапты тиісті тараппен ауыстыруы;

c) бұл істі жүргізуді адвокатқа тапсыру;

d) бұл істі жүргізуді тең қатысушылардың біреуіне тапсыру;

e) бұл даулы немесе шешіммен белгіленген құқықтық қатынастардан тараптардың біреуінің шығып қалуы;


  1. Процессуалдық құқық мирасқорлықтың негіздерін атаңыз:

a) тараптың әрекет қабілеттілігін жоғалтуы;

b) заңды тұлғаның таратылуы;

c) азаматтың қайтыс болуы;

d) талап ету құқығын беру, борышты ауыстыру, азаматтың қайтыс болуы, заңды тұлғаны қайта құру және материалдық-құқықтық қатынаста тұлғалардың басқа да өзгеру жағдайлары;

e) тиісті емес тарапты тиісті тараппен ауыстыру.


  1. Процесстің қай сатысында процессаулдық құқық мирасқорлығына жол беріледі?

a) апелляциялық іс жүргізу сатысында;

b) сот отырысы кезінде;

c) іс жүргізудің кез келген сатысында;

d) істі сотта қарауда дайындау кезінде;

e) атқарушылық іс жүргізуде.


  1. Бастапқы құқық иеленушінің құқығы құқық мирасқорына өтеме және ол оның әрекеттеріне дауласуға құқылы ма?

a) жоқ;

b) иә;


c) бастапқы құқық иеленушінің құқықтарын өзінің қарауы бойынша пайдалана алады;

d) оның құқықтарын соттың рұқсатымен пайдалана алады;

e) бастапқы құқық иеленушінің барлық құқықтары оның құқық мирасқорына өтеді, оның бастапқы құқық иеленушімен жасалған әрекеттерді дауласуына құқығы жоқ.


  1. Процессуалдық құқық мирасқорлықтың тиісті емес тарапты тиісті тараппен ауыстырудан айырмашылығы неде?

a) құқық мирасқорлық іс жүргізудің кез келген сатысында орын алуы мүмкін;

b) іске кіруді немесе кірмеуді өзінің қарауы бойынша шешеді;

c) тарапты алмастыру сотпен жүргізіледі;

d) құқық мирасқор бастапқы құқық иеленушінің әрекеттерімен байланысты;

e) тарапты алмастыру бірініші сатыдағы сотта қана жүргізіледі, тиісті емес тараптың іс жүргізілу құқықтары тиісті тарапқа өтпейді және іс оның қатысуымен жаңадан бастап жүргізіледі.

ІІІ АПТА

Азаматтық іс жүргізудегі үшінші тұлғалар. Азаматтық процеске прокурордың қатысуы


  1. Заң үшінші тұлғаларды азаматтық іс жүргізу құқықтық қатынастарының субъектілерінің қай тобына жатқызған:

a) іс әрқашан, олардың қатысуымен қарала бермейді;

b) олар процесстің негізгі субьектілері;

c) басталып кеткен процеске қатысатын тұлғалар;

d) үшінші тұлғалар мүдделі тұлғалар болып табылады;

e) заң оларды іске қатысушы тұлғалар қатарына жатқызады, өйткені үшінші тұлғалар іске мүдделі және өздерінің құқықтары мен мүдделерін қорғайды.


  1. Даудың пәніне дербес талаптар мәлімдейтін үшінші тұлғалардың процеске кіруінің негізі:

a) істің дұрыс шешілуіне мүдделі болуы;

b) дәл осы даудың пәнінен тараптардың да бар болуы;

c) даудың пәніне талапкер өзінің құқықтарын мәлімдейді;

d) даудың пәніне дербес талаптың бар болуы;

e) дау пәнінің іс бойынша жауапкерді ұстап қалуы


  1. Каталог: cdo -> OBSOJ


    Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет