Украинаның Қазақстандағы бұрынғы елшісі Петр Врублевскийді Ресей билігі экстремистер мен террористер тізіміне енгізді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі ТААС басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Ақпаратта Росфинмониторинг жүргізетін террористер мен экстремистер тізіміне Украинаның Қазақстандағы бұрынғы елшісі Петр Врублевскийдің енгізілгені айтылады.

Еске салайық, 2022 жылы Врублевский ресейліктерді өлтіруге шақырған мәлімдемесінен кейін Қазақстанда сынға ұшыраған. Қазақстан халқы ассамблеясы украин елшісінің ресейліктерге қарсы қоқан-лоққысын айыптап, дипломат ҚР Сыртқы істер министрлігіне шақырылып, кейіннен белгілі болғандай, ол мәлімдемесі үшін кешірім сұраған еді.

  • "Ресей Қазақстанның мемлекетілігін құрметтеуі тиіс": Мәжіліс депутаты Мария Захарованың мәлімдемесіне жауап берді
  • "Тина, жарайсың": Әлеуметтік желіде "Тина Канделаки мен Нұрлан Сабыровтың әңгімесі" жазылған аудиожазба тарады

2022 жылдың 4 қазанында Қазақстан елшісі Ермек Көшербаевтың Ресей сыртқы істер министрлігіне Украина елшісі Петр Врублевскийдің мәлімдемесіне қатысты шақырылғаны белгілі болды. 5 қазанда Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Украина елшісі Петр Врублевскийдің украин тарапының шешімімен Қазақстаннан кететінін мәлімдеген.

Нәтижесінде Врублевский Украинаның Қазақстандағы елшісі қызметінен кетті.


Автор: Айгерим Жумабаева

Айгерим — опытный редактор с богатым опытом в изучении и письме о культуре и истории. Ее страсть к языкам и письму помогает создавать увлекательные тексты.