Ќазаќстан Республикасыныѕі білім жјне єылым министрлігі


Пән бойынша тапсырмаларды тапсыру кестесі



бет3/5
Дата07.03.2018
өлшемі0.69 Mb.
#20242
1   2   3   4   5


3. Пән бойынша тапсырмаларды тапсыру кестесі



п/п

Жүмыс түрі

Тапсырманың мақсаты мен міндеті

Әдебиеттер

Орындалу мерзімі

Балл

Бақылау формасы

1

Выподнение СОӨЖ орындалуы

Теориялық сұрақтарға жауап

  1. Қ. Сатпаева «Адам физиологиясы»

:

Апта сайын

0.1

Ауызша жауап

3

З СӨЖ орындалуы

Практикалық сабақтардың орындалу нұсқауларының мазмұнын білі

Керімбеков


Апта сайын

0.1

Нұсқауларды түгелдей дәптерге жазу,

4

Тест сұраұтарына жауап

Теориялық сұрақтарға жауап

  1. Қ. Сатпаева «Адам физиологиясы»

.

Апта сайын

2

Варианттар бойынша тест сұрақтарына жауап


4 Пәннің әдебиеттермен қамтамасыз етілу картасы




кафедра

кітапханада

Студенттердің қамтылу пайызы







Сатпаева Қ.Қ Адам физиологиясы

7

10

100







Рақышеа А. Адам анатомиясы

2

4

20







Нұрғалиев Н. Гистология

1

-

1







Гальперин Г.А. «Анатомия и физиология человека», М., «Просвещение», 1961 г.

2

-

10







Кабанов А.Н. «Физиология человека», М., «Просвещение», 1959 г., 1965 г.

8

2


5

50







Маркосян А.Н. «Физиология», М, 1955 г.

1

6

30







Воробьева Г.А. «Анатомия и физиология», М., «Медицина», 1975 г.

1

6

30







Шульговский В.В. «Основы нейрофизиологии», М., «Аспект», 2000 г.

1

8

30







«Физиология человека», М, «Мир», 3-х томник, 2000 г.

4

8

50







«Физиология человека», (под ред. Шмидт Р., Тевс), М, «Мир», 1986 г.

10

10

50

























Ноздрачев А.Д. «Общий курс физиологии человека и животных», 2-х томник, М,. «Высшая школа», 1991 г.

7

10

50







«Основы физиологии» (под ред. Ткаченко Б.И.), Сант-П., 2-х т., 1994 г.

2

2

50

























Практические занятия

Векликанова






20

100







Васильев Д.А., Ветюков В.Д., «Большой практикум по фчж», М., 1961 г.

2

1

20







Кабанов А.Н. «Руководство к лаб. занятиям по фчж», М., «Просвещение», 1966 г.

1

12

100







Рустенов А.Р., Завадская Л.Н. «Практикум по фчж», Уральск 1995 г.

15

1

100







Гуминский А.А. «Руководство к лаб. занятиям по общей и возр. физиологии», М., «Просвещение», 1990 г.

12

10

100












































5. Дәріс сабақтарының конспектері

Дәріс 1

Дәріс тақырыбы: Адам анатомиясы пәніне кіріспе:
Дәріс мазмұны:

1. Адам анатомиясы пәні

2. Анатомиялық зерттеу әдістер

3 Анатомия пәнінің бөлімдері


Негізгі түсініктер:

Анатомия, анатомиялық әдістер: толтыру (иньекциялық), ыдырату (коррозиялық), жидіту (мацерация), қақтау (бальзамдау, фиксациялау), микроскопиялық, антропометрия, рентгенология.


Дәрістің кысқаша мазмұны

1.Анатомия морфология ғылымының саласы. Пәннің аты латынша тілінің аудармасы.

Анатомия пәнінің алғашқы даму кезеңінде зерттеу, қазіргі кезде зерттейу бағыты. Анатомия салалары: топографиялық, функциональдық т.б.

2. Анатомияның ғылыми зерттеу әдістері. Толтыру (иньекциялық) әдісі. Ыдырату әдісі ( коррозиялық). Жидіту (мацерация) әдісі. Қақтау (бальзамдау, фиксациялау) әдісі. Микроскопиялық. Рентгеноскопиялық әдіс. Ауторадиографиялық әдіс (радиоактивті изотоптар жәрдемімен). Антропометриялық әдіс



Әдебиеттер:

Дайырбекова М.М.4-7 бет

Рақышев А.Р. 10-11бет

Курепина М.М. 3-5бет


Дәріс 2

Дәріс тақырыбы: Қаңқаға жалпы сипаттама

Дәріс мазмұны:

1.Қанқаның сүйек және шеміршек бөлімдері. Сүйек ұлпаларының түрлері

2.Сүйектің тығыз және кемік заттары

3.Остеондардың құрылысы. Остеобласттар.



Негізгі түсініктер:

Тірек-қимыл аппараты, сүйек ұлпасы, тығыз зат, кемік зат, остеон, остеобласт,



Дәрістің кысқаша мазмұны.

1.Тірек-кимыл аппаратына туралы түсінік. Шеміршек және сүйек ұлпасы — дәнекер ұлпаның бір түрі. Шеміршек ұлпасының шеміршек жасушалары: хондробластар мен хондроиттерден түрады. Шеміршек ұлпасының үш түрі

Сүйек ұлпасының механикалық қасиеттері. Сүйек жасушаларының орналасуы.



2. Сүйектің тығыз заты, орналасуы, қалыптасуы.Сүйектің кемікті заты, орналасуы, қалыптасуы.

3. Сүйекті сырқы дәнекер ұлпасы (сүйек қабы). Сүйектің қан тамырлары мен жүйке талшықтарының сүйек ішіне орналасуы. Остеондар құрылысы. Остеобласт жасушаларының орналасуы, атқаратын қызметі.


Әдебиеттер:

Дайырбекова М.М.11-14 бет

Курепина М.М. 23-25, 26,27бет
Дәріс 3

Дәріс тақырыбы: Қаңқаның онтогенезі туралы түсінік

1. Сүйектің дамуы, өсуі, қайта құрылуы

2. Сүйектену түрлері. Жілікті және кемік сүйектердің диафиздары мен эпифиздарының сүйектенуі.

Негізгі түсініктер:

Перихондралды, эндесмолды, периосталды сүйектену.



Дәрістің кысқаша мазмұны

1.Сүйектердің пайда болуы. Жасына қарай өзгеруі, ұзына бойы өсуі, жуандануы. Сынықтар, олардың бітіліп жетілуі.

2. Сүйектену түрлері.Перихондралды эндесмолды, периосталды сүйектену. Жілікті және кемік сүйектердің диафиздары мен эпифиздарының сүйектенуі.

Әдебиеттер:

Рақышев А.Р. 75-80бет


Дәріс 4

Дәріс тақырыбы: Дәріс тақырыбы: Миология бұлшық еттер ілімі.

1. Бұлшық ет түрлері. Пішіндері және құрылысы.

2. Бұлшық еттердің жұмысы.

3. Бұлшық еттердің қосалқы бөліктері.

1. Бас және мойын еттері.

2.Тұлға бұлшық еттері (беткей және терең ). Іштің ақ сызығы.


Негізгі түсініктер:

Фасциялар, сфинктер, синергистер, антогонистер



Дәрістің кысқаша мазмұны

1. Бұлшық ет мүше ретінде.Жалпы түсінік. Құрылысы.

2. Бұлшық бөлімдері. Бірынғай салалы және көлденен жолақты бұлшық ет. Қызыл, ақ бұлшық ет талшықтары.

3. Бұлшык, еттердің жұмысы.Синергистер, антогонистер, фиксаторлар. Қимылсыз (статикалық) және қимылды (динамикалық) бұлшық еттер.

4. Қосалқы бөліктер туралы түсінік. Кілегейлі калталар, кілегейлі қынаптар, катпарлар, дән тәрізді сүйекгер (сесам сүйектері), ет шандыры. Еттердің шандырлы жапқыштары (фасциялар), жалпы және меншікті.

5. Шандыр жапқыштар жеке еті немесе еттер тобын (бүгетін, жазатын) және дененің ет бөліктерін қаптаптаулары. Шандырлардың қызметі.

6. Тұлга еттерін терең, беткей еттері. Меншікті (аутохтонды) бұлшық еттер. Бұлшық еттердің орналасуына байланысты жіктелуі (топографиялық).
Әдебиеттер:

Дайырбекова М.М. 73-74бет

Рақышев А.Р. 236-239бет

Курепина М.М.77-78 бет


Дәріс 5

Дәріс тақырыбы: Ас қорыту жүйесіне жалпы сипаттама.

1. Ас қорыту жүйесінің мүшелері.

2. Ас қорыту жүйесінің онтогенезді дамуы.

3. Ас қорыту түтүгінің гистологиялық құрылысы, жалпы және бөлімдерінде



Негізгі түсініктер:

Энтодерма, басішек, тұлға ішек, висцералды, париеталды құрсак.



Дәрістің кысқаша мазмұны

1. Ас қорыту жүйесінің мүшелері. Жалпы ас қорыту түтүгінің құрылысы.

2. Ас қорыту жүйесінің онтогенезді дамуы. Ас қорыту түтүгінің энтодермадан пайда болуы. Бас және тұлға ішектер. Париеталдды және весцералды құрсықтың пайда болуы.

3. Ас қорыту түтүгінің гистологиялық құрылысы Кілегейлі, бірыңғай салалы ет және сірі қабаттарын түзуші ұлпалар. Кілегейлі қабатының без жасушалары.

.Өңеш. Құрылыс ерешеліктері. Нәрестенің және ересек адамның өңеші.

2.Асказан құрылыс ерешеліктері. Асқазан кіреберіс (карфиальды), түбі (фундальды), денесі және шыға-беріс (привратник) бөліктері. Сиымдылығы.

Асқазанның сырт пішіні . Асқазан қабаттары.

3 Асқазанның кілегейлі кабаты. Негізгі түтікше бездер. Сырты қоршаушы без жасушалары. Шырыш бөлуші жасушалар.



Әдебиеттер:

Дайырбекова М.М. 115-118 бет



Дәріс 6

Дәріс тақырыбы: Тыныс алу жүйесі.

1. Тыныс алу жүйесіне жалпы сипаттама.

2. Мұрын қуысы, құрылысы, қызметі.

3. Көмекей құрылысы, қызметі.



4. Кеңірдек жән бронхалар құрылысы

5. Өкпе құрлысы мен қызметі.

Негізгі түсініктер:

Тыныс жолдары, кеңсірік, танау, ортанғы перде



Дәрістің кысқаша мазмұны

1. Тыныс алу жүйесі: тыныс жолдары, тыныс алу мүшесі. Олардың атқаратын қызметі.

2. Мурын қуысын түзетін сүйектер мен шеміршектер. Мұрұнның сыртқы жабындысы, ішкі құрылысы. Мұрын қуысының қабырғалары. Атқаратын қызметі. Бездері. Иіс сезу бөлімі .

3.Кеңірдек жән бронхалар құрылысы

4.Өкпе құрлысы мен қызметі, жетілуі. Өкпе көлемін анатомиялық өлшеу.

5.Кеңірдек және бронхылар. Кеңірдектің орналасуы, жартылай сақиналы шеміршектерден түзілуі, ұзындығы. Кеңірдектің жұмсақ бөлігі. Кеңірдекгің кілегейлі беті. Бронхиалды терек. Бірінші, екінші, үшінші...қатарлы бронхтар. Оң және сол бронхтардың айырмашылығы. Альвеолдар, олардың құрылысы. Саны.

6.Өкпе көкірек қуысында орналасуы. Оң және сол өкпенің айырмашылығы. Адамның жасы мен атқаратын жұмысының өкпе көлемі мен пішініне әсері. Ацинус.Өкпе қан айналым шеңберлері. Қабығы (висцеральды, париетальды). Атқаратын қызметі. Ацинус, альвеола, жартылай сақиналы шеміршек, бронхтар, висцеральды өкпеқап, париетальды өкпеқап
Әдебиеттер:

Дайырбекова М.М. 129-130 бет



Дәріс 7

Дәріс тақырыбы: Зәр шығару жүйесі

1.Зәр шығару органдарына сипаттама.

2.Бүйрек оның құрлысы мен қызметі, даму динамикасы.

Негізгі түсініктер:

Бүйрек, несепағар, қуык, несеп жолы, алғашқы бүйрек, тұрақты бүйрек



Дәрістің кысқаша мазмұны

1. Зәр шығару жүйесі мүшелері: бүйрек, несепағар, қуык және не-сеп жолы. Ағзада орналасуы. Маңызы. Жыныс аппаратымен байланыстығы.

2.Бүйрек эмбриогенезі. Пішіні. Салмағы. Орналасу ерекшелігі. Жынысына қарай ерекшелігі. Сыртқы қабы. Қыртысты қабаты, милы қабаты.

3 Қуық құрылысы, қызметі.

4. Несеп каналы.

5 Куықтың жамбас куысында орналсуы, жынысына қарай ерешеліктері.

Қабырғалар құрылысы: ішкі кілегейлі, ортанғысы бірыңғай салалы ет және сыртқы дәнекер. Сиымдылығы.

6.Несеп жолы. Ерлердің несеп жолы. Ұзындығы. Бөлімдері.Ерешеліктері.

Әйелдің несеп жолы. Еркектің несеп жолына карағанда айырмашылығы. Несеп жолы қабырғалар құрылысы.

Негізгі түсініктер:

Қуық, Купер безі, сфинктер


Әдебиеттер:

Дайырбекова М.М.137-138 бет


Дәріс 8

Жыныс мүшелері

1. Аталық жыныс мүшелері жалпы сипаттама.

2. Аталық жыныс бездірінің құрылысы, ішкі аталық мүшелер.

3.Аналық жыныс мүшелеріне жалпы сипаттама.

4. Аналық жыныс құрылысы.

5. Жатыр түтігі.

6. Жатыр. Құрылысы атқаратын қызметі



Дәрістің кысқаша мазмұны

1.Аталык, жыныс мушелерінің жіктелуі. Ішкі мүшелері: шәует шығаратын өзек, шәует көпіршіктері, қуық түбінің безі; сыртқы жыныс мүшелері: сыртқы жыныс мүшесі, несеп жолы, ен, үма. Ммаңызы, атқаратын қызметі.

2. Ішкі аталық жыныс бездірі. Атабез: сырт пішіні,салмағы, орналасуы, құрылысы, қызметі. Атабез косалқысы. Шәует қуықшасы. Шәует шығарар өзек. Куық түбінің безі.Бадана (Купер) бездері .

3Аналык жыныс мүшелері, олардың жіктелуі. ішкі ағзаларына әурет, жатыр, жатыр түтікгері, қынап, ал сыртқысына үлкен және кіші жыныс еріндері, қынаптың ауызы және несеп жолы жатады.

4. Анабез жұп ағза. Аралас без ртіндегі қызметі. Ағзада орналасуы. Құрылысы.

5.Жатыр түтігі (Фаллопий түтігі) Ағзада орналасуы. Құрылысы.

6. Жатыр. Ағзада орналасуы. Қабырғалары: периметриум, миометриум, эндаметриум. Жасына қарай өзгеруі.

Негізгі түсініктер:

Жұмыртқа жасушасы, етеккір, жалбыршақтар, Фаллопий түтігі


Әдебиеттер:

Дайырбекова М.М. 142 -146 бет


Дәріс 9

Дәріс тақырыбы: Ішкі секреция бездері.
1. Эндокринды жүйенің жалпы сипаттамасы.

2. Онтогенетикалық дамуына қарай бездердің жіктелуі.



Дәрістің кысқаша мазмұны

1.Ішкі секрециялық бездер. Эндокринология. Гормондар, олардың маңызы. зат алмасу, даму, өсу, жыныстық жетілуіне т. б. процестерге тигізер әсері.

2.Эндокринді бездер топографиялық жатқан жағдайларына, шығу тегіне қарай бес топқа белінуі..Нейрогенді бездер тобы: гипофиз, эпифиз. Бронхиогенді бездер тобы: қалқанша безі, айырша без, қалқансерік бездері. Хромофинді немесе адреналинді бездер тобы: бүйрекүсті безі Қарынасты безінің эндокринді бөлігі.

3. Қалқанша және қалқансерік бездері

4. Айырша без

5. Бүйрекүсті безі.

6.Қалқанша безі. Орналасуы. Салмағы. Құрылысы. Түзетін гомондары. 7.Калқансерік бездері. Сырт пішіндері, саны. Орналасқан жері. Түзетін гормоны.

8 Айырша төс аймағында орналасуы. Жасына қарай дамуы. Құрылысы. Бөлетін гормоны.

9 Бүйрекүсті безі. Орналасу ерікшелігі. Қыртысты, милы қабаттары, олардың құрылысы , бөлетін гормондары. Олардың адам ағзасына әсері.

10 Жасына қарай өзгеруі.

Негізгі түсініктер:

Гормондар, эндокринология. Нейрогенді реттелу.


Әдебиеттер:

Дайырбекова М.М. 148-149 бет


Дәріс 10

Дәріс тақырыбы: Дәріс тақырыбы: Тамырлар жүйесі.Ангиология
1. Тамырлар жүйесіне жалпы шолу.

2. Қан тамырлары, жіктелуі.Қабырғаларының құрылысы.

3. Капилляр тамырлары, ерешеліктері.

4. Лимфа жүйесінің ерешеліктері.

5. Лимфа бездері

Әдебиеттер:

Дайырбекова М.М.195-162 бет (1998 ж)

Дайырбекова М.М.187-190 бет (1998 ж)

Негізгі түсініктер:

Ангиология, интима, медия, адвинтиция



Дәрістің кысқаша мазмұны

1.Тамырлар жүйесіне түсінік. Ангиология ғылымы. Тамырлар жүйесі: жүрек, қан және лимфа тамырлары, қан жасайтын ағзалар (талақ, сүйек майы, лимфа бездер). Тамырлар жүйесінің қызметі..

2.Тамырлардың атқаратын қызметіне қарай жіктелуі. Тамырлардың көлеміне қарай жіктелуі. Артериялар мен веналардың қабырға құрылыстарымен үқсастығы. Ішкі (интима), ортаңғы (медия), сыртқы (адвинтиция) қабаттарының құрылысы.

3. Қылтамырлар ( капиллярлар). Құрылыс ерешеліктері. Атқаратын қызметі.



Әдебиеттер:

Дайырбекова М.М.155-156 бет

Күзенбаева Ә. 112- 114 бет
Дәріс 11

Дәріс тақырыбы: Жүрек

1.Жүрек, ересек адамның ағзасында орналасуы.

2.Жүрек қабы. Камералары.

Негізгі түсініктер:

Жүрекше, қарынша, жүрекше құлақшасы, қолқа, өкпе артериясы, перикард.



Дәрістің кысқаша мазмұны

1.Жүрек. Ересек адамның көкрек құысында орналасуы. Негізі, ұшы. Сиымдылығы, салмағы.

2. Жүрек қабы. Құрылыс ерекшелігі. Жүректің оң және сол жақ бөліктері. Камераларының жеке құрылысы. Жүрекшелердің құлақшалары.Жүрек қақпақшалары: жақтаулы, айшық; олардың мыңызы.

3. Жүрек қаңқасы. Оның құрылысы, сіңірлі сақиналар туралы түсінік, олардың орналасуы. Маңызы.

4. Жүректің өткізгіш жүйесі. Миокард қалыңдығында орналасқан түйіндер мен шоғырлар. Олардың құрылысы, атқаратын қызметі. Жүректің автоматизмі туралы түсінік.



Негізгі түсініктер:

Сіңірлі сақина; синус (Кис-Флака, сино-атриалдық) түйіні; жүрекше- қарынша (Ашоф-Товар, атрио-вентрикулярлық) түйіні; Гис шоғыры; Гисс аяқшалары; автоматизм.



Әдебиеттер:

Дайырбекова М.М.165-167 бет (1992 жылғы басылымында)

Курепина М.М.185-187 бет
Дәріс 12

Дәріс тақырыбы: Жүйке жүйесі

1. Жүйке жүйесіне жалпы сипаттама. Эволюциялық дамуы.

2. Жүйке жүйесінің негізгі морфологиялық элементтері. Сұр және ақ заттары.

3. Жұлын. Құрылысы , қызметі.



Негізгі түсініктер:

Нейрон, нейроглия, орталық, шеткі жүйке жүйесі;



Дәрістің кысқаша мазмұны

1. Жүйке жүйесіне жалпы сипаттама. Жүйке жүйесінің орналасуына , атқаратын қызыметіне қарай жіктелуі. Жұлын мен бас миының эволюциясы.

2. Жүйке жүйесінің негізгі морфологиялық элементтері. Нейроглия: макро-, микроглия. Нейрон. Милардың сұр және ақ заттары.

3. Жұлын. Орналысу ерекшелігі. Ұзындығы, салмағы. Құрылысы , қызметі.


Әдебиеттер:

Дайырбекова М.М.192-197 бет (1992 жылғы басылымында)

Курепина М.М. 221-225, 281-285 бет
Дәріс 13

Дәріс тақырыбы: Ми бөлімдері
Негізгі түсініктер:

вегететивті, соматикалық жүйке жүйесі, ганглиялар, жүйке түйіні


Дәрістің кысқаша мазмұны

1. Артқы ми.

2 Көпір

3.Мишық.


4. Ортаңғы ми.

5. Сопақша ми

6. Аралық ми

8. Шеткі жүйке жүйесі


Әдебиеттер:

Дайырбекова М.М. 194-269бет



Дәріс 14

Дәріс тақырыбы: Көру Есту анализаторлары
1. Көру анализаторы, құрылысы.

2. Көздің қосымша аппараты.

3. Көру ақпараттарының жүру жолдары.

4. Есту анализаторы жалпы құрылысы.

5. Сыртқы құлақ.

6. Ортаңғы құлақ.

7. Ішкі құлақ

Әдебиеттер:

Дайырбекова М.М. 270-280бет



Негізгі түсініктер:

Көз алмасы, соқыр нүкте, қарашық; ұрлы, талшықты, тымырлы қабық;



Дәрістің кысқаша мазмұны

Көру анализаторы, құрылысы.. Көздің қосымша аппараты. Көру ақпараттарының жүру жолдары. Есту анализаторы жалпы құрылысы.. Сыртқы құлақ.Ортаңғы құлақ. Ішкі құлақЕсту мүшелерінің орналасуы. Атқаратын қызыметіне қарай бөлінеуі. Сыртқы құлақ ,ортанғы құлақ, ішкі құлақ. Тепе-тендік мүшесі.

Сыртқы құлақ: құлақ қалқаны, дыбыс жолы, дабыл жарғағы. Орналасуы, атқаратын жұмысы.

Ортаңғы құлақ: дабыл қуысы, есту сүйектері: балғаша, үзенгі, төсше. Орналасуы, атқаратын жұмысы.

Ішкі құлақ. Лабиринт. Құрылысы. Атқаратын қызыметі. Тепе-теңдік мушесі


Каталог: dmdocuments
dmdocuments -> Халыќаралыќ экономика курсы бойынша баѓдарлама
dmdocuments -> Бқму-да оқу үрдісінде ақпараттық және білім беру технологияларын пайдалану
dmdocuments -> Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы
dmdocuments -> Барлығы – 180 сағат
dmdocuments -> Барлығы – 135 сағат
dmdocuments -> Жаратылыстану-математика факультеті деканы
dmdocuments -> Семинар 30 сағат Оқытушының жетекшілігімен студенттің өзіндік жұмысы (ожсөЖ) 60 сағат СӨЖ 60 сағат
dmdocuments -> Тақырып: Ауыл шаруашылығы тарихы
dmdocuments -> Бастапқы әскери мамандығы бойынша Оқу әдестімілік комплекстік пәні бойынша арналған Атыс дайындығы
dmdocuments -> Бастапқы әскери мамандығы бойынша Оқу әдестімілік комплекстік пәні бойынша арналған Атыс дайындығы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©kzref.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет