«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының инсайдерлік ақпараты туралы ереже



Дата26.10.2017
өлшемі123.59 Kb.
#5051


«Қазақстан темір жолы»

ұлттық компаниясы»

акционерлік қоғамы

Басқармасының

2011 жылғы 9 қарашадағы

шешімімен (№02/39 хаттама)



бекітілген

«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы»

акционерлік қоғамының инсайдерлік ақпараты туралы ереже



Астана қаласы, 2011 жыл

I. Жалпы ережелер


  1. Осы «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының (бұдан әрі – Қоғам) инсайдерлік ақпараты туралы ереже (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасының заңнамасына, Қоғамның Директорлар кеңесінің 2011 дылғы 13 қыркүйектегі шешімімен (№5 хаттама) бекітілген Қоғамның корпоративтік жүйесін жетілдіру жөніндегі 2011 жылға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес әзірленді.

  2. Осы Ереженің мақсаты заңнаманың, халықаралық құқық нормаларының, Қоғам қызметін реттейтін іскерлік айналым дәстүрлерінің сақталуын қамтамасыз ету, Қоғамның Жалғыз акционерінің құқықтары мен заңды мүдделерін сақтау және қорғау, сондай-ақ Қоғамның іскерлік беделі мен тұрақтылығын сақтау, қолдау және деңгейін арттыру болып табылады.

  3. Осы Ереже инсайдерлік ақпаратты реттеуге бағытталған және оған:

  1. инсайдерлік ақпаратты анықтау;

  2. инсайдерлік ақпаратты пайдалану тәртібі;

  3. инсайдерлік ақпаратты заңсыз пайдаланудан қорғау шаралары;

  4. инсайдерлік ақпаратты заңсыз пайдаланудан қорғауға бағытталған жекелеген рәсімдер жатады.


II. Осы Ережеде қолданылатын негізгі терминдер мен ұғымдар


  1. Осы Ережедегі инсайдерлік ақпарат дегеніміз Қоғамның эмиссиялық бағалы қағаздары және олар бойынша жасалған мәмілелер туралы, сондай-ақ Қоғам және ол жүзеге асыратын қызмет туралы, үшінші тұлғаларға мәлім емес, оны ашу осы бағалы қағаздардың немесе осы бағалы қағаздар олардың базалық активі болып табылатын туынды бағалы қағаздардың нарықтық бағасына айтарлықтай әсер етуі мүмкін кез келген ақпарат.

Инсайдерлік ақпаратқа мыналар:

  1. коммерциялық құпияны құрайтын ақпарат, ол ашылған сәтке дейін;

  2. бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамаға сәйкес ашуға жататын ақпарат, егер өзгесі заңнамада көзделмесе, ол ашылған сәтке дейін;

  3. Қоғамның қызметі, Қоғамның бағалы қағаздары және олар бойынша жасалған мәмілелер туралы жалпыға бірдей қол жетімді болып табылмайтын және оны ашу Қоғамның бағалы қағаздарының нарықтық құнына айтарлықтай әсер етуі мүмкін өзге ақпарат жатады.

  1. Ашылған немесе бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған ақпарат, сондай-ақ бағалы қағаздар құнының және (немесе) Қоғамның мүліктік жағдайының жалпыға бірдей қол жетімді ақпарат негізінде жасалған бағасы бар мәліметтер инсайдерлік ақпарат болып табылмайды.

  2. Осы Ереже тұрғысында бағалы қағаздарға Қоғамның акциялары, облигациялары, опциондары, қамтамасыз етілмеген борыш міндеттемелері, депозитарлық қолхаттары және өзге бағалы қағаздары жатады.

  3. Қоғамның қызметі немесе Қоғамның немесе бағалы қағазды сатып алу, сату немесе сақтау туралы шешім қабылдаған кезде парасатты инвестор мұндай мәліметтерді маңызды деп есептеу мүмкіндігі оларға қатысты айтарлықтай болатын Қоғамның кез келген еншілес ұйымының бағалы қағаздары туралы мәліметтер, фактілер немесе деректер не болмаса аталған мәліметтер, фактілер немесе деректер бағалы қағаздың нарықтық бағасына/бағасын белгілеуге айтарлықтай әсер етуі мүмкін болатын жағдайда айтарлықтай ақпарат болып танылады.

  4. Айтарлықтай ақпарат оң немесе теріс болуы мүмкін және іс жүзінде Қоғамның шаруашылық қызметінің кез келген аспектісіне қатысы болуы мүмкін, мыналарға:

  1. дивидендтерге;

  2. акцияларды бөлшектеуге немесе біріктіруге немесе акцияларды сатып алу бағдарламаларына;

  3. бағалы қағаздарды шығаруға;

  4. Қоғамның бағалы қағаздарының шығарылымын болмады немесе жарамсыз деп тану рәсімін бастауға;

  5. Қоғамды қайта ұйымдастыруға;

  6. Қоғамның кірістеріне немесе кірістерінің болжамына;

  7. бірлескен қызметке;

  8. мүлікті, мүліктік кешендерді, мүліктік құқықтар мен міндеттемелерді, зияткерлік меншік объектілерін сатып алуға немесе иеліктен шығаруға;

  9. келісім-шарттарды жасасуға, міндеттемелерді орындамауға (дефолттарға) немесе қолда бар келісім-шарттарды бұзуға;

  10. қарыз алуға немесе қаржыландыруға;

  11. жаңа сот процестерін бастауға немесе қазіргі сот процестеріне байланысты оқиғаларға;

  12. басшылықтағы өзгерістерге немесе Қоғамды басқару құрылымындағы өзгерістерге;

  13. Қоғамның аудитін жүзеге асырушы ұйымның ауыстырылуына немесе Қоғамның аудитін жүзеге асырушы ұйымның қорытындысына Қоғам сенбеуі тиіс деген хабарламаға;

  14. үкіметтің немесе құзырлы мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық немесе өзге актілеріне;

  15. өтімділікпен немесе ақша қаражатымен немесе қарыздар бойынша ықтимал дефолттармен болатын проблемаларға қатысты мәліметтерді қоса алғанда (бірақ шектелмей).

  1. Айтарлықтай ақпараттың Қоғамның шаруашылық қызметіне немесе Қоғамның бағалы қағаздарына тікелей қатысы болмауы мүмкін. Айтарлықтай ақпаратқа сондай-ақ Қоғамның еншілес ұйымдары туралы ақпарат та жатады. Айтарлықтай ақпаратқа сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға және орналастыруға дайындалған мақалалар, рейтингтер және басқа ақпарат жатуы мүмкін.

  2. Үшінші тұлғалар үшін қол жетімді емес, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы таратылмайтын, жалпыға бірдей мәлім емес және шеңбері шектелген тұлғаларға олардың Қоғамда қызметтік, басқару немесе бақылау функцияларын орындауына, сондай-ақ Қоғам алдында шарттық міндеттемелерді орындауына байланысты осы тұлғаларға қол жетімді болған Қоғам және Қоғамның бағалы қағаздары туралы мәліметтер, фактілер және деректер немесе осы ақпаратты жария етпеу шартымен алынған кез келген өзге ақпарат жария етуге жатпайтын ақпарат болып табылады.

  3. Егер ақпарат жалпы алғанда және тұтастай кез келген мүдделі тұлғаға қол жетімді ететін тәсілмен кеңінен таратылса, ақпарат жалпыға бірдей қол жетімді болып саналады. Өсек тарату, тіпті ол шын болса да, бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланса да, шын мәнінде жұртшылыққа тарату болып табылмайды.

  4. Инсайдерлік ақпараттың негізіндегі сауда-саттық – бағалы қағазды сатушының немесе сатып алушының немесе сатушының немесе сатып алушының тапсырмасы бойынша әрекет етуші өзге тұлғаның иелігінде оны ашу бағалы қағазды сатып алу (сату) туралы шешімді қабылдауға не болмаса сатып алудың (сатудың) мәні болып табылатын бағалы қағаздың нарықтық құнына айтарлықтай әсер етуі мүмкін инсайдерлік ақпарат болған кезде Қоғамның бағалы қағазын сатып алу немесе сату.

  5. Бағалы қағаздарды сатып алу (сату) – бағалы қағазды сатып алуға (сатуға) кез келген келісім-шартты жасасу не болмаса бағалы қағазды өзгеше сатып алу (иеліктен шығару), конверсиялау (айырбасу, алмасу), акцияларға опциондарды беру және жүзеге асыру.

  6. Инсайдер – Қоғамның немесе оның аффилиирленген тұлғасының акцияларын иеленуге, Қоғамның немесе оның аффилиирленген тұлғасының басқару органдарының мүшесі болуына, Қоғаммен немесе оның аффилиирленген тұлғасымен еңбек шартын немесе азаматтық-құқықтық шартты жасасуына, мемлекеттік органның лауазымды тұлғасы ретінде оған берілген өкілеттіктерге байланысты инсайдерлік ақпаратқа қол жеткізе алатын тұлға.

  7. Осы Ереженің 14-тармағында көрсетілген негіздемелердің болуына қарамастан:

  1. Қоғамның Директорлар кеңесінің мүшелері;

  2. Қоғам басқармасының төрағасы мен мүшелері;

  3. басқарушы директорлар;

  4. Бас бухгалтер;

  5. Қоғамның құрылымдық бөлімшелерінің (департаменттердің, Ұйымдастыру-бақылау инспекциясының, Кеңсенің, дербес басқармалардың, филиалдардың, өкілдіктердің, соның ішінде Қазақстан Республикасынан тысқары жерлердегі) басшылары;

  6. Қоғамның аудитін жүзеге асырушы ұйым, соның ішінде өз лауазымдық міндеттерін орындауына байланысты Қоғам туралы ақпаратқа қол жеткізе алатын Қоғамның аудитін жүзеге асырушы ұйымның қызметкерлері;

  7. Қоғамның заңдық, қаржылық және өзге консультанттары Қоғамның инсайдерлері болып табылады.

  1. Инсайдерлік ақпараттың адресаты - осы Ереженің 14-тармағында көрсетілген негіздемелерсіз инсайдерлік ақпаратқа қол жеткізе алатын және осы Ереженің 15-тармағында көрсетілмеген тұлға, соның ішінде инсайдерлердің отбасы мүшелері, сондай-ақ инсайдерлердің және инсайдерлік ақпараттың басқа адресаттарының заңға қарсы әрекеттерінің негізінде инсайдерлік ақпаратқа қол жеткізген тұлға.

  2. Инсайдерлік ақпаратты пайдалану – инсайдерлік ақпаратты пайдалану арқылы немесе соның негізінде инсайдерлер және инсайдерлік ақпараттың адресаттары жүргізген кез келген әрекеттер.

  3. Инсайдерлік ақпарат Қоғамның мүддесіне, Қазақстан Республикасының заңнамасында, Қоғамның Жарғысында, лауазымдық нұсқаулықта не болмаса Қоғамның өзге ішкі құжатында (ережелер, регламенттер, бұйрықтар, өкімдер және Қоғамның өзге ішкі құжаттары) көзделген мақсаттарда, сондай-ақ Қоғаммен жасалған шарттың негізінде Қоғамның өндірістік-шаруашылық, қаржылық қыхметін және қызметінің өзге түрлерін қамтамасыз ету үшін пайдаланылған жағдайларда инсайдерлік ақпаратты заңды пайдалану орын алады.

  4. Инсайдерлік ақпаратты заңсыз пайдалану – осы Ереженің 18-тармағында көрсетілген белгілерге қайшы келетін кез келген әрекеттер, соның ішінде:

  1. инсайдерлердің осы Ереженің 18-тармағында көрсетілген мақсаттар мен мүдделерге жауап бермейтін мақсаттарда жасалған әрекеттері;

  2. инсайдерлік ақпарат адресаттарының Қоғаммен келісілмеген әрекеттері, тіпті егер бұл әрекеттер, осы тұлғалардың пікірінше, Қоғамның мүддесіне бағытталса да;

  3. инсайдерлік ақпаратты инсайдерлердің, инсайдерлік ақпарат адресаттарының және үшінші тұлғалардың жеке мүддесіне пайдалану, мыналарды қоса алғанда (бірақ шектелмей):

  1. сауданы инсайдерлік ақпараттың негізінде жүзеге асыру;

  2. Қоғамның бағалы қағаздарын сатып алу, сату, сақтау туралы инсайдерлік ақпараттың негізінде үшінші тұлғаларға ұсынымдар беру;

  3. инсайдерлік ақпаратты үшінші тұлғаларға сыйақыға немесе сыйақысыз беру;

  4. инсайдерлік ақпаратты өзгеше жариялау немесе тарату.

  1. Ақпараттық бақылаушы – құзыретіне инсайдерлік ақпаратты пайдалану тәртібінің сақталуына бақылауды жүзеге асыру және оны жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды дайындау жататын тұлға немесе жеке құрылымдық бөлімше.

III. Инсайдерлік ақпаратты пайдалану, инсайдерлік ақпаратты қорғау жөніндегі құқықтар мен міндеттер


  1. Қоғамның аудитін жүзеге асырушы ұйым, Қоғамның лауазымды тұлғалары мен қызметкерлері инсайдерлік ақпаратты тек Қоғамның мүддесіне және осы Ереже мен Қоғамның өзге ішкі құжаттарына сәйкес пайдалануға міндетті.

  2. Осы Ереженің 21-тармағында көрсетілген тұлғалардың инсайдерлік ақпаратты пайдалану тәртібін сақтауын қамтамасыз ету мақсатында Қоғам мына әрекеттерді жүзеге асыруға:

  1. ішкі құжаттарда, еңбек және өзге шарттарда инсайдерлік ақпаратты пайдалану тәртібін сақтау жөніндегі міндеттерді, сондай-ақ аталған тәртіпті бұзу үшін жауапкершілік шараларын көздеуге;

  2. аталған тұлғаларды инсайдерлік ақпаратты пайдаланудың белгіленген тәртібімен және оны бұзғаны үшін жауапкершілік шараларымен таныстыруға;

  3. аталған тұлғаларға олардың инсайдерлік ақпаратты пайдаланудың белгіленген тәртібін сақтауы үшін қажетті жағдай жасауға;

  4. инсайдерлік ақпаратты пайдалану тәртібін бұзған тұлғаларға жауапкершілік шараларын қолдануға, сондай-ақ аталған тұлғаның инсайдерлік ақпаратты пайдалану тәртібін бұзуы нәтижесінде Қоғамға келтірілген залалдың өтелуін талап етуге (соның ішінде сот тәртібімен);

  5. инсайдерлік ақпаратты пайдалану тәртібін қамтамасыз етуге бағытталған өзге әрекеттерді жүзеге асыруға құқылы.

  1. Инсайдерлік ақпаратты қорғау мақсатында осы Ереженің 21-тармағында көрсетілген тұлға:

  1. инсайдерлік ақпаратты пайдаланудың белгіленген тәртібін орындауға;

  2. егер «Бағалы қағаздар нарығы туралы» Қазақстан Республикасының Заңында, өзге нормативтік актілерде немесе мемлекеттік және өзге органдардың негізделген талаптарында өзгесі көзделмесе, инсайдерлік ақпаратты жария етпеуге, оны үшінші тұлғаларға бермеуге және Қоғамның келісімінсіз оны өз мүддесіне пайдаланбауға;

  3. Қоғаммен жасалған еңбек немесе өзге шарт тоқтатылған соң инсайдерлік ақпаратты жария етпеуге;

  4. аталған тұлғаның инсайдерлік ақпаратты пайдалану тәртібін бұзуы нәтижесінде Қоғамға келтірілген зиянды өтеуге;

  5. Қоғаммен жасалған еңбек немесе өзге шарт тоқтатылған немесе бұзылған кезде инсайдерлік ақпараты бар қолдағы материалдық ақпарат тасығыштарды Қоғамға тапсыруға;

  6. заңда, өзге нормативтік актілерде, Қоғамның Жарғысында, осы ережеде және Қоғамның өзге ішкі құжаттарында көзделген өзге талаптарды сақтауға міндетті.

  1. Қоғам инсайдерлік ақпаратты пайдалану тәртібі туралы, сондай-ақ аталған тәртіпті бұзғаны үшін жауапкершілік шаралары туралы ережелерді контрагенттермен жасалатын шарттарға енгізуге құқылы.


IV. Инсайдерлік ақпаратты заңсыз пайдаланудан қорғауға бағытталған жекелеген рәсімдер


  1. Қоғам инсайдерлік ақпаратты заңсыз пайдаланудан қорғауға бағытталған арнаулы рәсімдерді енгізуге құқылы. Аталған рәсімдер:

  1. инсайдерлік ақпаратты пайдалану тәртібінің сақталуын қамтамасыз ету, соның ішінде инсайдерлік ақпаратқа заңсыз қол жеткізуді болдырмау және оны Қоғамның аудитін жүзеге асырушы ұйымның, Қоғамның лауазымды тұлғалары мен қызметкерлерінің және үшінші тұлғалардың оны Қоғамның мүддесіне емес пайдалануынан қорғау арқылы;

  2. инвесторлар мен серіктестер тарапынан Қоғамға сенім деңгейін арттыру үшін енгізіледі.

  1. Осы Ереженің 25-тармағында көрсетілген мақсаттарға қол жеткізу үшін Қоғам, сондай-ақ өз өкілеттіктерінің шегінде Қоғамның Жалғыз акционері, Қоғамның лауазымды тұлғалары инсайдерлік ақпаратты қорғау және оны заңсыз пайдалану мен таратуға жол бермеуге қолдан келетін барлық шараларды қолдануға міндетті, келесі рәсімдерді қоса алғанда (бірақ шектелмей):

  1. Қоғамның қызметкерлері арасында мақсаты инсайдерлік ақпараттың қорғалуын және оның таратылмауын қамтамасыз ету қажеттілігін түсіндіру, инсайдерлік ақпаратты жария етпеу жөніндегі міндеттерді және инсайдерлік ақпаратты заңсыз пайдаланғаны үшін жауапкершілік шараларын түсіндіру болуы тиіс түсіндіру және кеңес беру жұмысын жүргізу;

  2. іскерлік және қоғамдық іс-шараларды инсайдерлік ақпаратты қасақана емес жария ету қатерін болдырмайтын тәсілмен өткізу;

  3. құжаттарды іскерлік және қоғамдық іс-шараларды инсайдерлік ақпаратты қасақана емес жария ету қатерін болдырмайтын тәсілмен қорғау;

  4. жалпыға қол жетімді жерлерде инсайдерлік ақпараты бар құжаттармен уәкілеттігі бар тұлғалардың құжаттарға қол жеткізуіне жол бермейтін тәсілмен ғана таныстыру;

  5. инсайдерлік ақпараты бар құжаттарға (соның ішінде компьютерлік файлдарға) қол жеткізуді жеке тұлғаларға беруді тек қана қызметтік қажеттілік қағидаты негізінде шектеу (соның ішінде құжаттар мен құжаттар жобаларының таратылуына бақылауды қамтамасыз ету арқылы);

  6. инсайдерлік ақпараты бар құжаттар болуы мүмкін аймақтарға қол жеткізуді шектеу;

  7. инсайдерлік ақпаратты қолданумен байланысты жұмысты өзге жұмыстар жүзеге асырылатын аймақтан бөлек аймақтарда жүзеге асыру.

  8. Қоғамның инсайдерлері мен қызметкерлерінен инсайдерлік ақпаратты жария етпеу туралы жазбаша міндеттемелер алу;

  9. жұмыс орындарын және құжаттар сақталатын орындарды рұқсат етілмеген қол жеткізуден қорғау және қадағалау рәсімдерін енгізу;

  10. ақпаратты жоғалтудан және байланыс арналары бойынша ақпаратқа рұқсатсыз қол жеткізуден сақтайтын ақпараттық-техникалық жүйелерді қорғау жүйесін қолдану;

  11. Ақпараттық бақылаушыны тағайындау.



V. Инсайдерлік ақпаратты заңсыз пайдалану үшін жауапкершілік


  1. Инсайдерлік ақпаратты заңсыз таратқаны және (немесе) пайдаланғаны үшін Қоғамның инсайдерлері қолданыстағы заңнамаға, сондай-ақ Қоғаммен жасалған шарттардың ережелеріне сәйкес қылмыстық, әкімшілік, азаматтық-құқықтық немесе тәртіптік жауапкершілікке тартылуы мүмкін.

  2. Инсайдерлік ақпаратты заңсыз таратқаны және (немесе) пайдалану туралы ақпарат болған кезде инсайдер Ақпараттық бақылаушының бұзушыны жауапкершілікке тарту туралы мәселеге Қоғам Басқармасының алдында бастама көрсетуге құқығы бар.

  3. Қоғам инсайдерлік ақпаратты заңсыз пайдалануға және таратуға кәнілы инсайдерлерден аталған заңсыз әрекеттермен Қоғамға келтірілген залалдардың өтелуін талап ете алады.

  4. Инсайдерлік ақпаратты заңсыз пайдалану немесе тарату нәтижесінде зиян келтірілген үшінші тұлғалар келтірілген залалдардың өтелуін кәнілы тұлғалардан сот тәртібімен талап ете алады.

  5. Егер мүдделі тұлғалар инсайдерлік ақпараттың адресатында ақпараттың инсайдерлікке жатқызылғандығы туралы, сондай-ақ мұндай ақпаратқа қол жеткізу және оны пайдалану шарттары мен тәртібі туралы мәліметтің болғандығы дәлелденген жағдайда ғана инсайдерлік ақпараттың адресаттары инсайдерлік ақпаратты заңсыз пайдаланғаны немесе таратқаны үшін жауапқа тартылуы мүмкін.

  6. Халықаралық құқық нормаларында, Қазақстан Республикасы қатысушы болып табылатын халықаралық шарттарда, пактілер мен конвенцияларда көзделген жағдайларда инсайдерлік ақпаратты заңсыз пайдалануға және таратуға кәнілы тұлға халықаралық немесе қолданылатын құқық нормаларына сәйкес жауапқа тартылуы мүмкін.


VI. Ережені бекіту және оған өзгерістер енгізу


  1. Қоғамның Басқармасы осы Ережені бекітеді, сондай-ақ өзгеріс енгізеді.

  2. Ереже мен оған өзгерістер олар бекітілген сәттен бастап күшіне енеді.

__________________________________


Каталог: sites -> default -> files
files -> «келісемін» Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі Министрі
files -> 016 жылдың тоқсанында Солтүстік Қазақстан облысы Әділет департаментімен тіркелген жергілікті өкілді және атқарушы органдарының нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі
files -> 016 жылдың және 31 қаңтар аралығында бсұ Санитарлық және фитосанитарлық шаралар бойынша Комитетпен жарияланған, хабарлама тізімі
files -> Ќазаќстан Республикасыныѕ мемлекеттік ќўпияларын ќорєаудыѕ
files -> Заң жобаның ғылыми құқықтық сараптаманың
files -> Беткі сулардың сапасын талдау: НҰра өзені алабының мысалында
files -> Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен 2012 жылдың қаңтарда тіркелген
files -> Этносаралық Үйлесімділік жүйесіндегі саяси-мәдени механизмдердің орны әлеуметтік ғылым магистрі, аға оқытушы Сыздықова С. М


Достарыңызбен бөлісу:




©kzref.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет