ӘОЖ 621.313.13
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЖЕЛ ЭНЕРГЕТИКА САЛАСЫН ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ
Қайназарова А., Бұтабаева Қ.
Жел энергетикасы - жел энергиясын жылу,электрнемесе механикалық энергиясына түрлендірудің теориялық негіздерін, әдістері мен техникалық құралдарын жасаумен айналысатын энергетиканың саласы.
Жел энергетикалық қондырғы - жел ағынының кинетикалық энергиясын энергияның басқа түріне түрлендіретін техникалық құрылғылар жиынтығы.
Қазақстан жел ресурсына бай. Қазақстан шекарасының 50 пайыз аймақтарында желдің жылдамдығы 4-5 м/с , кей жерлеінде 6 м/с, сондықтан жел энергетикасын қолдануға өте қолайлы деп шешілген. Желдік аймақтар: Касспий маңы, Орталық, Солтүстік Қазақстан және Оңтүстік, Оңтүстік-Шығыс екені белгілі.
Қазақстан мамандары Германияның мамандарымен бірлсесе отырып, төмендегідей факторларды қарастырып, талдау жасады:
-
Электр беру торабы мен қосалқы станциялар арқылы қуатты берудің қол жетімділігі;
-
Жердің топографиясы және теңіз жеңгейінің биіктігі;
-
Көлік коммуникацияларының бар болуы;
-
ЖЭС салу мүмкіндігі;
-
Энергия пайдалагушылардың бар болуы;
-
ЖЭС салу үшін алдын ала талқылаулардың жасалуы.
Жел энергетиканы қолданудың себептері:
-
Барлық жерде таралған қайта қалпына келетін энергетикалық ресурс;
-
Жабдық және сервистің дамыған әлемдік нарығы;
-
Электр энергиясының кұны мен ЖЭС-сы дәстүрлі энергетикамен тығыз байланысты;
-
Энергетикалық қауіпсіздікпен пен тәуелсіздікті қолдау;
-
Парникті газдардың шығуларын қысқарту жайлы халықаралық міндеттемелердің орындалуына салынған салым;
Қазақстан - жел энергетика нарығын дамудың
б

астамасы Қазақстанның бiрнеше өлкелерiндегi
8 орындарындағы жел потенциалдың бақылауымен
жүзеге асырылады; жел энергетиканың дамуын
ұлттық бағдарламаның жобасының әзiрлеуiмен
жүзеге асырылады; жаңартылатын көз қуаттары
үшiн жобаны әзiрлеуiн жүзеге асырылады;
Қазақстанда 5 МВт пилоттық ЖЭС-ты құрылыстың
әзiрлеуiн жүзеге асырылады деп белгіленіп отыр.
Жобаның жалпы құны 2 643 000 АҚШ долларын
құрайды.ГЭФ қаржыландыру құны 2,25 млн АҚШ
долларын құрайды.
Жел энергетиканың перспективалық дамуына
қарағанда 2024 жылға қарай ЖЭС-ның қуаты
2000МВт -ты құрауы керек,электр энергиясының
жылдық құрауы-5 млрд кВтч және инвестиция
көлемі-2,5 млрд АҚШ доллары болу керек
деп белгіленіп отыр.
Сурет-1.Біздің Гидро кешеніндегі
жел энергетикалық қондырғы
Достарыңызбен бөлісу: |