Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха Алматыдағы жоғары оқу орнында оқитын студенттердің ішіндегі пәк қыздардың тізімі желіге жарияланып кетуі фактісі бойынша әдейі ұйымдастыру анықталмағанын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Үкімет

Министр орынбасарының айтуынша, ІІМ Қылмыстық кодекстің 147-бабы бойынша жеке өмірге қол сұғылмаушылықты бұзғаны үшін қылмыстық іс қозғаған. Бұл бап бойынша қылмысы дәлелденсе,  үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылады. 

“Бұл жерде бірнеше адамның  немқұрайлылығы себеп. Бірнеше адамға қатысты қарастырып жатырмыз. Әзірге әдейі жасалған деуге негіз жоқ, жауапсыздық осыған алып келген. Онда тек тәртіптік жауапкершілік болуы мүмкін. Зерттейміз, — деп түсіндірді Лепеха.

Ақпан айының басында желіге Алматы ЖОО студенттерінің жеке деректері шығып кетті. Сондай-ақ қыздардың жыныстық өмірі туралы ақпарат та көрсетілген.

Осы оқиғаға қатысты парламент депутаттарының арасында мұндай жағдайдан кейін ЖОО басшылығы лауазымнан кетуі тиіс деген пікір білдіргендер болды.

Бұған дейін Алматыдағы жоғарғы оқу орны "пәк" қыздардың тізімін жариялап жібергенін, министр кінәлілер жазаланатынын айтқанын жазған болатынбыз.


Автор: Ербол Нурланов

Ербол — талантливый фотограф, зафиксировавший красоту природы и городской жизни Казахстана. Его работы придают нашим материалам визуальное великолепие.