«Қазақстанның коллекторлар одағЫ» Заңды тұлғалар бірлестігінің «КӘсіби әдебінің кодексі»



жүктеу 140.31 Kb.
Дата25.04.2019
өлшемі140.31 Kb.
түріКодекс

«Қазақстанның коллекторлар одағы» Заңды тұлғалар бірлестігінің

мүшелердің жалпы

жиналысының шешімімен

БЕКІТІЛДІ

№ 5 хаттама

2019 жылғы «12» наурыз

«ҚАЗАҚСТАННЫҢ КОЛЛЕКТОРЛАР ОДАҒЫ»

Заңды тұлғалар бірлестігінің

«КӘСІБИ ӘДЕБІНІҢ КОДЕКСІ»

Алматы


  1. Жалпы талаптар



    1. «Қазақстанның коллекторлар одағы» Заңды тұлғалар бірлестігі кәсіби әдебінің кодексі коллекторлық қызметтің мәселелерін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасын толықтырып, этикалық стандарттарын және мінез-құлықтың ережелерін, сонымен қатар мерзімі өткен берешегін қайтаруға бағытталған қызмет барысында «Қазақстанның коллекторлар одағы» Заңды тұлғалар бірлестігінің әр мүшесімен орындауға міндетті борышкерлермен және кредиторлармен өзара әрекеттесудің қағидаларын орнатады.




    1. Кодексте бекітілген негізгі қағидалар, жалпы стандарттар және ережелер «Коллекторлық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын (бұдан әрі – Коллекторлық қызмет туралы заңы», «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңын қоса алғанда, Қазақстан Республикасының (ҚР) заңнамасының әрекеттегі талаптарын, мерзімі өткен берешектерді қайтаруға бағытталған қызметі саласындағы халықаралық стандарттарын есепке алумен әзірленген және мінез-құлықтың іскерлік әдебінің жалпы моральдық нормаларда және ережелерде негізделген.




    1. Кодексте пайдаланатын ұғымдар Коллекторлық қызмет туралы заңына сәйкес келтірілген және түсіндірілу қажет.




    1. Одақ мүшелерінің, Одақ мүшелері қызметкерлерінің және Одақ органдары мүшелерінің құқықтарын және мүдделерін бұзылуына әкелетін жосықсыз бәсекені қоса алғанда, қызметті немесе әрекеттерді жүзеге асыруға болмайды.




    1. Осы Кодекстің ережелері Одақтың барлық мүшелерімен орындауға міндетті.




  1. Негізгі қағидалар, стандарттар және Одақтың мүшелерімен коллекторлық бизнесті жүргізудің ережелері

2.1 Одақ мүшелері қызметінің негізгі қағидалары:




  • Ақпарат құпиялықтың қағидасы – коллекторлық қызметті жүзеге асыру кезінде алынған қорғалатын коммерциялық құпияны немесе басқа құпияны құрайтын құпиялық ақпараттың сақтауын сақтау.

  • Мәдениет қағидасы және борышкермен коммуникациялар – борышкермен өзара әрекеттесу кезінде мінез-құлықтың мәдениетін сақтау, оның құқықтарына құрметпен қарау, проблемалық борышы бар оқиғаны оптималды шешу мақсатында көмек және қолдау көрсету.

  • Еркін және әділ бәсекелестіктің қағидасы – клиенттерді тарту және ынтымақтасу кезінде этикалық нормаларды және оң коммерциялық практиканы сақтау, коллекторлық қызметі пасық және айлакерлік субъекттерінің бар болу тәуекелін алып тастау мақсатында шараларды қабылдау.

  • Кәсіптік деңгейін арттыру қағидасы – кәсіпқойлықты арттыру, динамикалық даму, біліктіліктің деңгейін арттыру және жаңа білімге бағыттану, тәжірибемен алмасуды жүзеге асыру, оң практиканы енгізу және тыйым салынған практиканы болдырмау.

2.2 Одақ мүшелерінің кәсіптік қызметі коллекторлық қызметі, бекітілген тәртіпте ратификацияланған халықаралық құқықтық актілері қатысты қолданылатын Қазақстан Республикасы әрекеттегі заңнамасының, сонымен қатар осы Кодекс ережелерінің талаптарына сәйкес жүзеге асырылу қажет.

2.3 Одақ мүшесінің міндеттері:


  • Коллекторлық қызмет туралы Заңына сәйкес борышкермен және/немесе оның өкілімен өзара әрекеттесу кезінде көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылау.

  • Ол өзінің қызметі барысында байланысатын борышкерлерге және кредиторларға өзі туралы толық және анық ақпаратты ұсыну.

  • Келесі әзірленген және бекітілген құжаттар болу қажет:

- Борышкерлермен өзара әрекеттесу кезінде, соның ішінде жеке сөйлесу және кездесу кезінде, сонымен қатар телефон арқылы келіссөздерді жүргізу кезінде Одақ мүшесі қызметкерлері әрекет етудің негізгі нұсқаулықтары және ережелері;

- борышкерлерге электрондық және телефон байланысы арқылы жолданатын мәтіндік хабарламаларының, дауыстық және басқа ескертулерінің типтік үлгілері;

- борышкерлерге пошталық байланыс арқылы жолданатын ескерту-хабарламалардың/талаптардың типтік үлгілері.

Одақ мүшесінің қызметкерлері коллекторлық қызметті жүзеге асыру кезінде негізгі нұсқаулықтарды және ережелерді сақтау қажет және оларды басшылыққа алу қажет, сонымен қатар мәтіндердің, хаттардың және құжаттардың бекітілген типтік үлгілерін пайдалану қажет.


2.4 Одақтың мүшесіне тыйым салынған:


  • Өзінің атауында Одақ мүшесінің құзыреті қатысты борышкерді адастыратын мемлекеттік органдардың ресми атауларын пайдалану.

  • Құжаттардың атауларында мемлекеттік, соттық органдары ресми құжаттарының атауларын (қаулылар, соттың актілері, шақыру қағаздар, сот орындаушының актілерін және т.б.) пайдалану.

  • Одақ басқа мүшелерінің, Одақ өзінің имиджіне, іскерлік беделдігіне зиянды немесе басқа залалды келтіре алатын, сонымен қатар коллекторлық қызметінің және берешекті қайтару нарығының беделдігіне жағымсыз әсер ете алатын әрекеттерді жасау.

2.5 Одақ мүшесінің қызметкерлеріне тыйым салынған:




  • Борышкерлермен байланыстырылу кезінде мемлекеттік, құқық қорғау және сот органдарының қызметкері, сот орындаушыларымен немесе жергілікті билік органының өкілі ретінде өзіңді ұсыну.

  • Жеке кездесу кезінде, телефон арқылы, құжаттар түрінде хабарламаларды және ескертулерді жолдау кезінде борышкерді адастырып, басқа заңды тұлғаның қызметкері/өкілі ретінде өзіңді ұсыну.

2.6 Одақтың мүшесі және оның қызметкерлері Коллекторлық қызмет туралы Заңымен оларға қатысты бекітілген талаптарға сәйкес болу қажет.





    1. Одақтың мүшесі тұрақты негізде оқыту іс-шараларды (семинарларды, тренингтерді) өткізу, қажетті білімді алу үшін тәжірибемен алмасу бойынша іс-шараларды ұйымдастыру жолымен өзінің қызметкерлерінің кәсіпқойлығын және біліктілігін арттыруын қамтамасыз ету қажет; сонымен қатар қызметкерлер өз бетімен кәсіпқойлығының және біліктілігінің деңгейін арттыру үшін оларды ынталандырудың шараларын енгізу қажет.




    1. Одақтың әр мүшесі өзінің әрекеттерімен коллекторларға әлеуметтік сенімділігінің және құрметінің жетуіне жағдай жасау қажет.




    1. Коллектор кәсібінің беделі және мәртебесі, абыройды және намысты сақтау туралы қамы Одақ әр мүшесінің өнегелілік борышы болып табылады және коллектор өзінің бірлестігінің абыройын және намысын үнемі қолдау қажет. Қызметті атқару кезінде олар мүшелер болып табылатын Одағы имиджінің абыройын түсіретін немесе дискредитацияға әкелетін қандай болса әрекеттерді жасамау қажет.




  1. Ақпаратың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің жалпы стандарттары және бизнес-үдерістері

3.1 Одақтың мүшесі ақпарат құпиялығының қағидаларын сақтауға, коммерциялық құпия болып табылатын мәліметтің және заңнамамен анықталған басқа мәліметің қорғауын қамтамасыз етуге міндетті. Одақтың мүшесі ақпаратты құқықсыз қол жетуден, жоюдан, түрлендіруден, оқшаулаудан, таратудан және басқа заңсыз әрекеттерден қорғауға кепілдік береді.


3.2 Қазақстан Республикасының заңнамасын және жасалған шарттардың талаптарын бұзуы бар жеке тұлғалардың жеке деректерін, сонымен қатар жеке тұлғалардың жеке өмірі қатысты мәліметті ашуға тыйым салынған. Одақтың мүшесі клиенттерден/кредиторлардан және борышкерлерден өздерінен алынған жеке тұлғаның жеке деректері бойынша ақпараттың құпиялығын және тиісті қорғауын қамтамасыз етуге міндетті.
3.3 Одақтың мүшесі клиентпен/кредитормен жасалған шарты шеңберінде жұмыс істеу кезінде алынған; сонымен қатар берешекті қайтару бойынша коллекторлық қызметті жүзеге асыру барысында оған белгілі болған құпиялық ақпараттың қауіпсіздігін және қорғауын қамтамасыз етуге міндетті.
3.4 Одақтың мүшесі заңнамамен рұқсат етілген шеңберінде ақпаратты алуға, ұсынуға, жіберуге және таратуға құқылы. Тұлғалардың белгісіз тобы үшін Интернет желісінде орналастырылған жалпыға мәлім ақпаратты пайдалануға рұқсат етілген.
3.5 Одақтың мүшесі борышкер және оның берешегі туралы қол жетуге мүмкіндігі бар әр қызметкерімен құпиялық туралы келісімді жасауға міндетті. Құпиялық ақпаратты хабарламау туралы шарттары қызметкердің қолы қойылған бөлек міндеттемесінде көрсетілу қажет немесе қызметкермен жасалған еңбек шартының тарауында/тармағында анықталу қажет.
3.6 Барлық қызметкерлер олардың пайдалануындағы және қарауындағы ақпараттың құпиялығы үшін жеке жауапкершілікті көтереді, сонымен қатар лауазымнан босатылғаннан кейін осы құпиялықты қамтамасыз ету бойынша өзінің міндеттемелерін сақтау қажет.
3.7 Коллекторлық қызметті жүзеге асыру үшін арналған ақпараттық базалар/жүйелер, бағдарламалық жасақтамасы және жабдығы Коллекторлық қызмет туралы Заңының 15 бабымен бекітілген талаптарға сәйкес болу қажет.
3.8 Одақ Одақтың мүшесінен Одақтың Жарғысымен және осы Кодекспен бекітілген жағдайларда Одақ ішкі органдарының (Одақ Кеңесінің, комитеттердің, жұмыс топтарының) жұмысы үшін қажетті ақпаратты Одақ мүшелігінің талаптарына Одақтың мүшесінің сәйкестігін бекіту үшін талап етілетін мәліметті сұратуға құқылы, егер осы ҚР заңнамасының талаптарын бұзбайтын болса. Ақпарат электрондық нұсқадағы немесе қағаз тасымалдаушыда құжаттардың үзінді көшірмелері ретінде ұсынылу мүмкін.
3.9 Одақ мүшесінің қызметкерлерінде жұмыс істеу кезінде клиенттерді/кредиторларды және борышкерлерді адастыруға құқығы жоқ, борышкермен байланыстырылу кезінде Одақ мүшесінің толық атауы туралы ақпаратты ұсыну қажет. Жұмыс барысында Одақтың мүшесі клиенттерге/кредиторларға және борышкерлерге өзі және өзінің қызметі туралы тек қана расталған ақпаратты ұсынады.
4. Борышкерлермен өзара әрекеттесу кезінде Одақ мүшесі мінез-құлығының әдебі
4.1 Берешектерді қайтару бойынша іс-шаралар барысында Одақтың мүшесі міндетті:

  • Борышкермен мәдениеттің және байланыстырудың қағидаларын сақтау, адал ниетпен және ақылды әрекет ету;

  • Борышкерлермен ҚР заңнамасына қайшы болмайтын тәсілдермен өзара әрекеттесу.

4.2 Борышкермен байланыстырылу кезінде Одақ мүшесінің қызметкері міндетті:



  • Қатынасудың іскерлік және сыпайы стильді сақтау, «Сіз» деп әдепті сөйлесу, келіссөздерді тек қана құрметпен жүргізу, дөрекі сөйлесуді және балағат сөздермен сөйлеуді болдырмау.

  • Борышкерге сөйлесудің мақсатын түсіндіру, барлық түсініксіздіктерді және шүбәларды анықтау және шешу. Жұмыстың өркениетті талаптарын, әдістерін және формаларын пайдалану. Борышкерге оптималды шешім табу және проблемалық берешекпен байланыстырылған оқиғадан шығу мақсатында мәдениеттің нормаларына сәйкес ашық және адал ниетпен сөйлесу.

  • Борышкердің берешегі туралы, оны өтеудің тәсілдері және мерзімі туралы толық және расталған ақпаратты ұсыну. Тек қана өзінің құзыреті шеңберінде әрекет ету.

  • Борышкер жағынан ықтималды әрекеттер және арандатулар кезінде осы Кодекстің ережелерін, сонымен қатар тиісті мінез-құлқы бөлімінде Одақ мүшелерінің ішкі ережелерін есте сақтау және бұзбау.

4.3 Коллекторлық әрекеттерді жасау кезінде бекітілген құқықтық нормаларға қайшы келетін әдістерді және тәсілдерді пайдалануға болмайды.


Атап айтқанда, келесі әрекеттерге тыйым салынған:

  • күшті, қауіпті пайдалану, қадір-қасиетті кемсіту немесе адамның жеке адамгершілігін қорлау;

  • борышкердің қадір-қасиетті және жеке адамгершілігін қорлайтын балағат сөздерді немесе фразаларды пайдалану;

  • берешек туралы ақпарат, сонымен қатар коллекторлық әрекеттердің барысы туралы ақпаратты уәкілетті емес үшінші тұлғаларға, соның ішінде борышкер отбасының кәмелетке толмаған мүшелеріне хабарлау;

  • өзінің мәртебесі, біліктілігі немесе кәсіптік өкілеттіктер туралы жалған ақпаратты, яғни басқа коллекторлық агенттігінің атынан әрекеттерді жасау туралы жалған ақпаратты немесе біліктілік туралы жалғанған ақпаратты және заңды өкілеттіктер саласында жалған ақпаратты ұсыну.

4.4 Одақ мүшесінің қызметкерлері коллекторлық қызметті жүзеге асыру кезінде келесі тұлғалармен өзара әрекеттесуге құқылы емес:



  • инфрақұрылымының стратегиялық маңызды объектілермен, соның ішінде денсаулық сақтау, білім ұйымдармен егер олардың жұмыс тәртібін бұзу мүмкіндігі болған жағдайда немесе тұлғалардың белгіленбеген тобының денсаулығына зиян, сонымен қатар материалдық залалды әкелетін салдар пайда болу мүмкін жағдайда;

  • кәмелетке толмаған балалармен және әрекет қабілеттілігі шектелген тұлғалармен.

4.5 Одақтың мүшесі және оның қызметкерлері құқығы жоқ:



  • берешек, жеке деректер туралы мәліметті үшінші тұлғаларға хабарлау, соның ішінде әлеуметтік желілер арқылы хабарлау, егер басқасы Қазақстан Республикасының заңнамасымен және Шарттың талаптарымен қарастырылмаған болса;

  • борышкерлерде және басқа тұлғаларда олар мемлекеттік органдарды ұсынатыны және олардың лауазымдық тұлғалары болып табылатыны немесе олардың атынан тапсырма бойынша әрекет ететіні екендігі туралы қорытындыны және көзқарасты құру.

4.6 Борышкермен сөйлесуі/келіссөздер мемлекеттік және орыс тілдерінде немесе борышкердің берешегі пайда болған шарттың нем есе басқа құжаттың тілінде жүзеге асырылу қажет.


4.7 Одақтың мүшесі борышкердің жазбаша талабы негізінде оған Одақ мүшесінің немесе клиентті/кредитордың ішкі құжаттарына немесе олар арасында жасалған шартына сәйкес борышкердің берешегін қайтаруға бағытталған әрекеттерді жасауға Одақ мүшесінің өкілеттілігін растайтын ақпаратты және құжаттардың көшірмелерін ұсыну қажет.
4.8 Одақтың мүшесі борышкерге пошталық жолданатын хаттарында оның Одақтың мүшесімен коллекторлық қызметті жүзеге асыру кезінде пайда болатын мәселелер бойынша Одаққа жүгінуге құқығын көрсетуге құқылы.


  1. Одақтың мүшелері және кредиторлар арасындағы өзара қатынастың әдебі




    1. Кредиторлармен ынтымақтасу шеңберінде қызметті жүзеге асыру кезінде Одақтың мүшелері ҚР әрекеттегі заңнамасының талаптарын және өндіріп алу туралы жасалған шарттың талаптарын сақтауға міндетті, осы шарт бойынша өзінің міндеттемелерін білікті және адал орындау.




    1. Кредиторлармен ынтымақтастық адалдықта, өзара тиімділікте және өзара жауапкершілікте негізделу қажет.




    1. Одақтың мүшелері кредитордың борышкерлерімен жұмыс істеудің әдістерін пайдалану кезінде жоғары этикалық қағидаларды сақтауға міндетті.




    1. Одақтың мүшелерімен кредитормен жасалған өндіріп алу туралы шартымен байланыстырылмаған басқа қызметті жүзеге асыруы олардың кредитормен өзара қатынастарға жағымсыз әсер етпеу қажет.




    1. Одақтың мүшелерінде кредитордың іскерлік беделдігіне/имиджіне зиян келтіре алатын әрекеттерді жасауға құқығы жоқ.




    1. Одақтың мүшелері, кредитордың мүдделерін сақтауға міндетті және бизнес-этикасы және құпиялық негізінде әрекет етіп, борышкерлермен жұмыс істеу үшін кредитордан алынатын құжаттардың және ақпараттың құпиялығын сақтауды қамтамасыз етуге міндетті.




    1. Кредитормен келіспеушіліктер және даулы сәттер пайда болған кезінде Одақтың мүшелері келіссөздердің жолымен оларды конструктивті шешу үшін барлық қажетті шараларды қабылдауға міндетті.


6. Бәсекелестер жайында Одақ мүшелері мінез-құлығының ережелері
6.1 Одақтың мүшелері ҚР Кәсіпкерлік кодексімен бекітілген адал бәсекелестікті қамтамасыз ету бөлігінде талаптарды сақтауға, еркін және құрмет бәсекелестіктің қағидаларын сақтауға міндетті.
6.2 Басқа коллекторлық ұйымдармен ынтымақтастық нарықта пасық және айлакерлік әрекеттерді жүзеге асыратын коллекторлық қызмет ететін субъектілерінің пайда болуымен байланыстырылған тәуекелді төмендету мақсатында жүзеге асырылу қажет.
6.3 Одақтың мүшесі бәсекелестер қатысты ақпаратты тек қана заңмен қарастырылған тәсілдермен және бейілділіктің қағидаларын және оң коммерциялық практикасын пайдалана отырып алуға міндетті. Клиенттердің/кредиторлардың тартуы оң коммерциялық практикасына қайшы келмейтін тәсілдермен жүзеге асырылу қажет.
7. Одақтың мүшелерімен өтінімдерді, шағымдарды және жүгінулерді қараудың тәртібі және есептеудің тәртібі
7.1 Одақтың мүшелері келіп түсетін өтінімдердің, шағымдардың және жүгінулердің есебін жүргізу қажет, олардың ішінде мазмұндалған фактілерді, сипатты және мәселелерді заңнаманың талаптарын, коллекторлық қызметті жүзеге асырудың, соның ішінде осы Кодекспен бекітілген стандарттарын және ережелерін бұзу мәніне талдау қажет.
7.2 Одақтың мүшелері жүгінуден келіп түскен кез келген ақпаратты құпия ретінде сақтауға міндетті, бүкіл шағымдарды бүкіл бар жағдайларды есепке алумен әділдікпен, әр жақты және уақытында қарастыруға міндетті. Олардың жауаптары дұрыс, дәлелді болу қажет және толық және расталған ақпаратты қамту қажет.
7.3 Одақтың мүшелерімен осындай бұзушылықтарды жою және болдырмау, осы сектордағы мерзімі өткен берешекті тиімді өндіріп алу және нәтижесінде шағымдардың санын қысқарту бойынша шараларды қабылдау қажет.
7.4 Одақтың мүшелерімен жүгінулердің саны және сипаты, сұрақтардың негізділігі бойынша, оларды талдау барысында анықталған бұзушылықтар және қабылданған шаралар бойынша мәліметті көрсетіп, келіп түскен өтінімдер, шағымдар туралы тиісті есептер құрастырылу қажет. Көрсетілген жауапты талдаудың қорытындысы бойынша Одақтың мүшесі бұзушылықты жою қажет.
7.5 Одақ Одақтың мүшелері заңнамамен бекітілген талаптарын, сонымен қатар осы Кодекспен қарастырылған ережелерін сақтау мәніне тексеру/талдау үшін жүгінулер бойынша, атап айтқанда, шағымдардың саны және сипаты бойынша ақпаратты сұратуға құқылы. Одақтың мүшесі Одақтың сауалында бекітілген мерзімі ішінде қажетті ақпаратты ұсынуға міндетті.
8. Кодекстің талаптарын бұзу кезінде жауапкершілік
8.1. Осы Кодекспен бекітілген талаптардың, стандарттардың және ережелердің бұзуы анықталған жағдайда, Одақтың мүшесіне әсер етудің тиісті шаралары, соның ішінде анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсынымдар, талаптар/нұсқаулар қолдану мүмкін, Одақта мүшелігі тоқтатылу мүмкін немесе мүшелігін шығарылу мүмкін.
9. Қорытынды ережелер
9.1 Кодекс коллекторлық қызметтер нарығының барлық қатысушыларымен таныстыруы үшін ашық құжаты болып табылады. Кодекстің сақтауы коллекторлық қызмет шеңберінде қызметтерді кәсіптік, құзыретті көрсетуге жағдай жасайды, сонымен қатар осы саланың беделін арттыруға жағдай жасайды.
9.2 Кәсіби әдептің мәселелері осы Кодекспен және Одақтың Жарғысымен реттелмеген жағдайларда, Одақтың мүшелері қолданыстағы заңнамасына, моральдың және құлықтылықтың жалпы принциптеріне сәйкес келетін қалыптастырылған салттарды және дәстүрлерді сақтауға міндетті.
9.3 Одақтың әр мүшесі Кодекстің ережелерін бұзуын алдын алу үшін барлық қажетті шараларды уақытында қабылдау қажет.
9.4 Одақтың мүшелері қиын жағдайда әрекеттер бойынша түсініктерді алу үшін және мінез-құлықтың әдебі қатысты ақпарат алу үшін Одаққа жүгінуге құқылы.
9.5. Кодекстің ережелері түпкілікті болып табылмайды және бекітілген тәртіпте Одақтың Жарғысымен және Одақ Жалпы жиналысының шешімдерімен қарастырылған нормалармен толықтырылу мүмкін.
Каталог: wp-content -> uploads -> 2018
2018 -> Алтын күз Атырау облысы Атырау қаласы Махамбет ауданы Алға орта мектебінің Шағын орталық топ
2018 -> Ысқақова Айнұр Жанболатовқызы, СҚО, Ақжар ауданы, Айсары ауылы, «Айсары негізгі мектебі»
2018 -> Қуыршақты шомылдыру
2018 -> Жарманың өнімдерінің құрамында
2018 -> Мектеп: №46 жобб мектебі Мерзімі: 5. 01. 2018ж №7 Мұғалім Митанова г сынып «Г» Оқушылар саны 12 Тақырып
2018 -> Сабақ тақырыбы: «Дәнекерлеудің мәні қызметі және түрлері»


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет