Павлодарда 48 жастағы ер адам көп қабаттың үйдің оныншы қабатынан құлап, мерт болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Астана телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото видеодан алынған

Ер адам дәрігерлер келгенге дейін оқиға орнында көз жұмған. Ақпаратты жедел жәрдем қызметінің баспасөз қызметі растады.

Ер адамның жоғарыдан құлаған сәтін сол маңнан өтіп бара жатқан тұрғындардың бірі видеоға түсіріп алған. Видеодан оның сымға ілініп біраз уақыт тұрғанын байқауға болады. 


Автор: Жанара Кенжебекова

Жанара — исследовательница культуры и традиций. Ее статьи поднимают важные темы многообразия культур Казахстана.