Қазақтың кіндік қаласы. Мақсаты жаңа сабақты меңгерту. Білімділігі



жүктеу 43.28 Kb.
Дата21.04.2019
өлшемі43.28 Kb.
түріСабақ

Қазақтың кіндік қаласы.
Мақсаты жаңа сабақты меңгерту.

1.Білімділігі: оқушылардың туған жер туралы,республикамыздың қалалары туралы,соның ішінде Астана қаласы туралы білімдерін тірек-сызбалар,схемалар арқылы толықтыру.

2.Дамытушылығы: оқушылардың танымдық қабілетін ой-өрісін,ойлау қабілетін дамыту.

3.Тәрбиелілігі:оқушыларды елін,жерін,бас қаламыз Астананы сүйетін, халқының адал азаматы болуға,адамгершілікке тәрбиелеу.

Әдісі:өз бетінше іздену арқылы жұмыс істеу-іздену сабағы.

Көрнекілігі:Қазақстан Республикасының картасы,астана болған қалалардың,Елордасы Астананың суреттері.

Пәнаралық байланыс:Қазақстан тарихы,Қазақстан географиясы.
Сабақтың барысы:оқушыларға Мемлекеттік әнұранды орындату,сабақтың мақсатын түсіндіру.
І.Ұйымдастыру кезеңі:

а)оқушылардың сабаққа дайындығына,сынып тазалығына назар аудару;

ә)оқушыларды түгендеу.
ІІ.Жаңа сабақ.

Қазақстанның астанасы Алатау бауырынан Сарыарқаға қоныс аударды.Тарихи қысқа мерзім ішінде Астана Отанымыздың жүрегіне айналды.Бүгінде оны бүкіл дүние жүзі біледі.

ЮНЕСКО-ның шешімімен Астанаға 1999жылы «Бейбітшілік қаласы» атағы берілді.Астана қазір алып құрылыс алаңына айналған.Мұнда жүздеген құрылыс-монтаж кәсіпорындары мен ұйымдары өз міндеттерін атқаруда.

Есіл бойы-қазақтың ежелгі мекені,Абылай хан ақ ордасын тіккен,батырларымыз ат ойнатқан қазақтың кіндік қаласы жасай берсін!

Еңсең биіктей берсін,Елорда!
ІІІ. Ізденіс арқылы Астана қаласы туралы мағлұмат алу,тарихын білу.

-Балалар,жалпы Қазақ елінің,Қазақстанның қанша астана қалалары болған екен,келесі тірек-сызбаны пайдаланып,сөйлемдер құрастырып, мәтін ретінде әнгімелейік.


Астана


Алматы

Астана




Орынбор


Қызылорда



(Ақ мешіт)

1.Қандай қала?

2.ХІХ ғасырда (Ақмешіт бекінісі) қалай аталды?

3.Қай жерде орналасқан? (қай жылдары астана болды?)

(1926-1929)

4.Қызылорда деп қай жылы қайта аталды?

(1925)

1.Алматы қандай қала?

2.Ол қашан салынды?

3.Қай жылдары

Верный аталды?

(1867)

4.Алматы қаласы деп қайта қашан аталды? (1829)



5.Көрікті жерлерін атап айт.

1. ХІХ ғасырда қалай

аталды?


2.1961-1992 жылдары қалай аталды?

3.1998 жылдан бұл қала қалай аталды?

4.Астананың болашағы қандай?

5.Қандай көрікті жерлері бар?




2. Енді «Астана» деген сөзге кластер құрайық.


Ақорда.




Мұражай.

Кіндік қала.




Океанариум.


Бәйтерек.





Конгресс холл.

Есіл.

Әдемі.

Бейбітшілік пен

түсіністік Сарайы.



  1. Тірек-сызба.

ІV. Сергіту сәті. Астана туралы өлең.

Астана арман қала,

Бағы бір жанған қала.

Тұрады ол-жас болып,

Мен үлкен болғанда да.

Төкті оған нұрын дала,

Астана сұлу қала.

Біз оны анамыздай,

Сүйеміз шынында да.

Жүректе сақтап атын,

Жүретін салтанатым.

Астана биігіміз,

Биіктер күнге жақын. (Т.Молдағалиев)

V. «Эстафета» ойынын ойнау арқылы «Кім жылдам,дұрыс?».Астана туралы білімдерін толықтырып бекіту.

1.Біздің Астана қалай аталады?

2.Ол қай ғасырда құрылған?

3.Ол қай жылы Ақмола деп аталды?

4.Қай жылы Целиноград деп аталды?

5.Қай жылы Астана,еліміздің кіндік қаласы болып таңдалды?

6.Астана қай жерде орналасқан?

7.Астананың болашағы қандай?


VІ.Деңгейлік тапсырмалар орындау.

І деңгей..


1.Астана сөзіне синоним сөздер жаз.

2.Қазақстанның астанасы болған қалаларды тізбекткеп жазып шық.




ІІ деңгей..


1. Мына сөздерді аудар:

-мұражай;

-көрікті жерлер;

-болашағы зор.

2.Астана қаласындағы жоғарғы оқу орындарын ата.


1.Мына зат есімдердің қай септікте тұрғанын айт.

Астанада,Алматыға,Қызылордамен,қаланың,көшелерде,оқу орындарында.

2.Астана туралы мәтін құрастыр.

ІІІ деңгей..

VІІ. Сабақты қорытындылау.

1.Жаңа тақырыпты қорытындылап,оқушылардың жауабын бағалау.



2.Үйге тапсырма беру: «Астана-Қазақстанның кіндік қаласы» тақырыбына мәтін құрастырып келу.
Каталог: uploads -> doc -> 0c1e
doc -> Пєн атауы: Математика
doc -> Сабаќтыњ тарихы: ХІХ ѓасырдыњ 60-70 жылдарындаѓы ќазаќ халќыныњ отарлыќ езгіге ќарсы азаттыќ к‰ресі
doc -> 1 -сынып, аптасына сағат, барлығы 34 сағат Кіріспе (1 сағат)
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы
0c1e -> Сабақ жоспары Күні: 13. 04. 2016ж Тобы: с-14-9 Пәннің аты: Сумен жабдықтау
0c1e -> Сабақ жоспары Пән: қазақ тілі
0c1e -> Сабақтың тақырыбы : Табиғи ресурстары


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет