Қазақтың ұлттық ойындары – тәрбие көзі әдістемелік нұсқау Астана 2011 Пікір жазған


Ұлттық ойындарды пайдалана отырып өткізген сабақ үлгілері



жүктеу 1.36 Mb.
бет3/8
Дата16.09.2017
өлшемі1.36 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8

Ұлттық ойындарды пайдалана отырып өткізген сабақ үлгілері
Сабақтын тақырыбы: «Жайлауда»

Сабақтың мақсаты: Балаларға ұлттық ойындарды тәрбие беру, еліне деген сүйіспеншілігін арттыру; Еңбекке, төзімділікке, ертілікке тәрбиелеу, Отанын, жерінің табиғатын сүйе білуге баулу; Ойынның шартын дұрыс орындай білуге, аяғына дейін ойнай білуге дағдыландыру; Ұйымшылдыққ, бір-біріне қамқор бола білуге үйрету.

Сабақ барысында: Балалар әдемі табиғат көрінісімен безендірілген музыка залына келіп,отырған қонақтармен амандасады.

Тәрбиеші: Бүгінгі сабаққа көп келіп қатысып отырғандықтан күнделікті сабақтың ерекше өтетінінайта келіп, бүгін (Қабырғада сүйеулі тұрған ойыншық аттарға қарап:) біз балалар жайлауға шығамыз- дейді.

(Қабырғаға сүйеулі тұрған ойыншық аттарға қарап:)

Міне, біздің арғымақтарымыз әзір тұр. Аттарыңа мініңдер. (Балалар бір-бір ойыншық аттарды алып, мініп, бірінің артынан бірі ретімен тұрып, дайындала бастайды.)

«Сал күрең» күйі естіледі, балалар бір- бір атын басын ұстап шаба жөнеледі.Залдың орталық қабырғасына жеткеннен кейін, бір шенбер айналып өтіп тоқтайды.



Тәрбиеші: - Ал,біз жайлауға келіп жеттік. Айналаға қарандаршы,қандай әдемі таза ауа, көк майса шөп, кәусәр бұлақ, таудан жібек жел есіп тұр.Ал енді аттарымыз терін бассын, біз отырып өзіміз де біраз дем алайық.Табиғатты тамалшалайық.(аттарын белгілі бір жерге қойып, балалар жайғасып отырады)

Осы кезде күйтабақтан Динаның «Тойбастар» күйі орындалып, балалар оны ұйып тындайды.Күй аяқталған соң балаларға сұрақ қойылып, тындалған күй жайлы әңгіме жүргізді.



Тәрбиеші: Жаңағы тыңдаған күйден нені естідіндер?

Балалар: Аттардың шауып келе жатқан дбірін.

Тәрбиеші: Тағы не естідіңдер?

Балалар: Күй артылды.

Тәрбиеші: Күй көнілді ме, көңілсіз бе?

Балалар: Көңілді.

Тәрбиеші: Балалар күйді зейін салып, жақсы тыңдапсыңдар. Расында үйден домбыраның үнің, шауып келе жатқан аттардың дүбірін, қуанышты білдіретін көңілді шаттықты сезуге болады. Мұндайды көңіл-күй адамда қай кезде сезіледі?

Балалар : Той болайын деп жатқанда, қуанғанда.

Тәрбиеші : Өте дұрыс, яғни қуанғанда. Аттың дүбірі – тойға асығып шауып келе жатқан шабарманның дүбірі, домбырадан күй төгіліп, ән шырқалып, тойдың болып жатқаны білінеді. «Тойбастар» күін тыңдадық. Күйді шығарған күйші – сазгер, үлкен әжеміз Дина Нүрпейісқызы.

  • Сонымен балалар, жайлауда үлкен той болып жатыр екен.

  • Қане, біз де тойлайық. Айтыңдаршы балалар, жайлауға жұрт қай уақытта шығады?.

  • Балалар : Жаз шыға, қыс өтіп, қар еріп, шөп шығып, күн жылынғанда.

  • Тәрбиеші :Ал балалар, біз көктем туралы ән білеміз бе?

  • (Осы кезде Қ. Қуатбаевтың «Көктем» әнінің сөзінің мазмұнына сай қимылдарды көрсете отырып, шеңберде жүру арқылы сергіту сәті орындалады).

  • Өлеңді орындап болған кезде, залға асыға басып Алдар Көсе кіреді.

  • Алдар Көсе :Той тойланып, думандатып жатқан кімдер дем, өзіміздің «Қызғалдақ» тобының балалары екен ғой.

  • Сәлеметсіңдер ме балалар? ( балалар амандасады).

  • Алдар Көсе : Иә, тойларың тойға ұлассын!

  • Жайлауға шығып, тамаша табиғаттың аясында тойлап жатыр екнсіңдер. Енді менімен бірге «Қамшы алу» ойының ойнайық.

  • Ойының мақсаты : Балаларды ептілікке, жылдамдыққа үйрету.

  • Ойынын шарты : Балалар шеңбер жасап тұрады да, әр баланың тұсына жерге қамшы қойылады, әуен ойналған кезде немесе тәрбиешінің белгісімен балаларқимылдар жасап, қамшыны айналып жүреді. Әуен тоқтағанда, немесе тәрбиешінің белгісі бойынша 2-3 қамшы алынып тасталады да, қалған қамшыны балалар алып үлгеру керек. Қамшы ала алмаған балалар ойыннан шығады. Қамшыны әр ойын сайын азайтып, бір қамшы қалдырып, ойынды жалғыстыру. Сонғы қамшыны қай бала алса, сол жеңіске жетеді.

  • Алдар Көсе : Сендер өте епті екнсіңдер, мен сендермен ойнағаныма өте риза болдым. Ойын ойнадық, енді балалар сендер би де білетін шғарсыңдар?

  • Топтағы барлық балалар қазақтың халық әуені «Бипыл» музыкасына «Бипыл» биін билейді.

  • Алдар Көсе : Ой, жарайсындар, тамаша билейді екенсіңдер. Енді кім маған көктем туралы тақпақ айтып береді?

Көктемде.

Көктем, көктем, көктемде,

Қүстар келіп жатқанда,

Қуанып бір қаламыз

Әнмен қарсы аламыз.

Өлең: Көктем көркі.

Сансыз көкек сұнқылдап,

Көктем келді ертелеп.

Нәзік үнмен сынқылдап,

Бұйра бұлақ еркелеп,

Көктем бұлттар еркелеп,

Жерге төкті өрмеген.

Өте тамаша оқиды екенсіңдер, балалар. Енді сендердің арғымақтарыңмен «Қыз қуу» ойынын ойнайық. (Ойын «Қыз қуу»).

Барлық бала қосылып Ә. Еспаевтың « Ойлан, тап» әнің әуеніне салып.

Балалармыз көңілді,

Қайғыруды білмейміз.

Біз сүйеміз өмірді,

Ойнаймыз да билейміз.

Зымыраймыз көгалда......

Осы әуенмен шеңбер жасап тұрып, «Сақина салу» ойыны Алдар Көсемен бірге ойналады.

Алдар Көсе : Ал, балалар, тағы қандай өнерлерің бар?

Осы кезде, қыздар тобы ортаға шығып, «Кел билейік» әнін билеп тұрып орындап береді.

Муз. Б. Байкадамовтікі.

Сөзі М.Әлімбаевтікі.

Кел билейік, кел билейік

Неге тұрсын билемей?

Кел билейік, іркілмейік,

Неге отырсың үйренбей?

Жалуғыды білмейміз,

Жабығуды білмейміз,

Жауқазындай көзді тартып,

Жайраң қағып билейміз.

Біз өнерсіз баламыз ба,

Көрсін аға-апалар.

Көсін папа, мамыз да,

Ырза болсын аталар.



Алдар Көсе: Ал,балалар, жайлауға шығып, ән айтып, ойын ойнап, би билеп көңіл көтердік.Жақсы демалдық.Енді сендердің жайлаудан бақшаларына қайтатын мезгіл де таяп қалыпты.

Тәрбиеші: Ал,қане, біздің арғымақ аттарымыз қайда екен?

Бақшамызға қайтайық.

Менің «атым» жоқ. Біреуіне міңгесейін,- деп Алдар Көсе ең алдыңғы баланың атының артына отырып,балаларды бастап, «Сал күрең» күйінің желісімен залдан шығып кетеді.

Ертегі: «Құмырсқа мен көгершін»

Мақсаты: Балаларға көгершіннің бейбітшілік құсы екені туралы түсінік беру және құмырсқаның еңбекқорлығы жайлы түсіндіру. Рольдерді көркемдеп, сюжеттеп бөліп орындауға баулу. Ертегі кейіпкерлері туралы жұмбақ, мақал-мәтел, тақпақтар, сондай-ақ ертегіні мәнерлеп айту арқылы тіл байлықтарын дамыту. Ертегі мазмұны арқылы балаларды адамгершілікке тәрбиелеу.



Әдіс – тәсілдері: Сабақта көрсету, ертегі мазмұнын түсіндіру, сондай – ақ сұрақ – жауап әдісі қолданылады.

Көрнекілік ретінде тиісті суреттер, атрибуттар, ертегі мазмұнына лайық сахналық көрініс пайдаланылады. «Көгершіндер ұшып жүр» - дидактикалық ойыны ойналады. Көрнекілік: Суреттер, атрибуттар, .

Дидактикалық ойын: «Көгершіндер ұшып жүр».

Ойынның мақсаты: ән ырғағына жылдамдатқанда көгершіндер ұшады. Әннің ырғағы баяу ойналған кезде көгершіндер жайылады. Ойын арқылы балалар ән ырғағын тыңдай білуге, қимылдарды ажыратып дұрыс жасай білуге үйренеді.

Сабақтың кіріспе бөлімінде өткен сабаққа тоқталып, еске түсіру, ұйымдастыру мәселері ескеріледі.

Балалар ән ырғағымен залға кіреді.



Тәрбиеші: Өткен сабақта, балалар, біз «Құмырсқа мен көгершін» ертегісін тыңдап әңгімелегеміз. Ал, бүгінгі сабақта осы ертегіні рольдерге бөліп орындаймыз.

1 – ші бөлімде тәрбиеші сурет бойынша ертегіні балаларға әңгімелеп есиеріне салады, бір-екі балаға ертегі мазмұнын айтқызады.

Сабақтың 2-ші бөлімінде тәрбиеші балаларды екі топқа бөледі. 1-ші топ «Құмырсқалар», 2-ші топ «Көгершіндер».

Ал, балалар, біз бәріміз көгершіндерміз, өзенге саяхатқа барайық.. Өзенге келген мезетте су ішуге келген құмырсқаны көреді. Кенеттен толқын болып, құмырсқа суға кетіп қала жаздайды. Сол кезде көгершіндер суға бұтақ тастайды, құмырсқа бұтаққа жабысып, судан шығады. Содан бір мерген тор құрып, көгершінді ұстауды ойлапты. Сонда әлгі құмырсқа мергенге жабысып, аяғын алыпты.

Мерген бұл не?- деп торынтастай бергенде көгершін ұшып кетіпті.

Қане, балалар енді біз де бір сәт көгершінге ұқсап ұшып, сергіп алайық.

Көгершінге ұқсайық,

Қане, қанат жазайық.

Көгершін боп ұшайық,

Ұшып-ұшып алайық.

Тәрбиеші балалардан: - Көгершін қандай қайырымдылық жасады? Құмырсқа көгершінге қалай көмектесті? Мерген не істемекші болды? – деп сұрайды.

Тәрбиеші балалардың жауабына риза болып, оларға жылы лебізін білдіреді. Сонан соң оларға ертегілер елінен Ақ әженің біраз сыйлықтар ала келгенін хабарлап қуантады.

Сабақтың 3-ші бөлімінде көгершін, құмырсқа туралы тақпақтар, еңбекке, достыққа, адамгершілікке баулу тұрғысынан мақал-мәтелдер айтылады. Балалар сұрақтарға толық жауап береді.

Сабақтың соңғы 4-ші бөлімінде балалар «Ақ көгершін» әнін хормен орындайды. Екі топқа бөлініп 1-ші топ көгершін, 2-ші топ құмырсқа бейнелерін ән әуенімен түсті үлгілер мен құрайды. Көгершін деген сөзді алақан соғу арқылы буынға бөледі.

«Ұшты-ұшты» - дидактикалық ойыны ойналады. Ойын арқылы балалар тапқырлыққа, сезімталдыққа баулынады. Қыздар тобы «Көгершін» биін билейді.

Сабақтың соңында жақсы қатысқан балалар мадақталып, ертегі елінен келген Ақ әженің сыйлықтары үлестіріліп беріледі.



Сабақтың тақырыбы:

«Нан дастарханға қалай келеді?»

Сабақтың мақсаты: Нанның дастарханға келу жолын зерттеу. Ақпараттарды жинау арқылы дастарханға жеткенге дейінгі істелетін еңбек мазмұнымен, қолданылатын техникалардың аттарымен танысу. Нанның құрамы және басқа өндірілетін нан тағамдар түрлерін игеру. Нанды қастерлеуге,ас атасы –нан екендігін, нанның адам өміріндегі ең маңызды ас екендігін,оның оңай жолмен келмейтіндігін айтып ұғындыру. Нанның қалай дастарханға келетінін айтып оған көптеген адамдар еңбек еткендігін түсіндіру.Ұлттық ойындар, логикалықойындар арқылы балалардың ой-өрісін кенітіп,тіл байлығын дамытып сабаққа деген қызығушылықтарын арттыру. Мүсіндей отырып балалардың ұсақ қол моторикасын дамыту. Еңбек адамдарын сыйлай, нанды қастерлей, диқаншылардың еңбегімен таныса отырып үлкендердің еңбегін бағалай білуге тәрбиелеу.

Дамытушылық: Балалардың ақыл-ой белсенділігін, есте сақтау қабілеттерін, өлең, мақал-мәтел, тыйым сөздер, сөзжұмбақты шешу, тақпақтар арқылы тіл байлығын жетілдіру, сөздік қорын молайту, шығармашылықтарын дамыту.

Тәрбиелік: Берілген тапсырманы орындауға, еңбекқорлыққа, үлкенді сыйлауға тәрбиелеу, нақыл сөздердің тәрбиелік мәнін түсінуге талпындыру.

Білімділік: Геометриялық денелер туралы ұғымдарын кеңейту, мүсіндеу арқылы қол машықтарын жетілдіру, кеңістікті бағдарлай отырып, қылқаламды қолдана білу, еңбектерінің жемісін көру.

Жаңа сөздер: Наубайхана, диірмен, комбайн, дихан, қырман, масақ.

Әдіс-тәсілдер: «Нан қайдан келді?» сериялық суреттер, нан түрлері, ұн, масақ, бидай, ашытқы, ақ қағаз, қылқалам, сүлгі, тұғыр, тұзды қамыр, тақтайша, таяқшалар, ұлттық ойындардың құралдары, түрлі-түсті қағаздар, дыбыс шығаратын құстың үйшігі.

Көрнекі құралдар: «Нан қайдан келді?» сериялық суреттер, нан түрлері, ұн, масақ, бидай, ашытқы, ақ қағаз, қылқалам, сүлгі, тұғыр, тұзды қамыр, тақтайша, таяқшалар, ұлттық ойындардың құралдары, түрлі-түсті қағаздар, дыбыс шығаратын құстың үйшігі.

Алдын-ала жүргізілетін жұмыс: Пікірлер іздеп, ақпараттарды жинау, ата-аналармен жұмыс.

Сабақтың барысы:

Таңғы жиын

Мен ақылды баламын,

қиындықтан қорықпаймын.

Мен жаспын, қандай әдемімін.

Менің қолымнан көптеген жақсылық келеді

Мен халқыма қызмет етемін.

-жақсы балалар.

Тәрбиеші:


  • Балалар өткенде мен сендерге қандай тапсырма бердім?

Балалар:

  • Нан туралы мәліметтер.

Тәрбиеші:

  • Олай болса бүгінігі біздің іс-әрекетіміздің тақырыбы: «Нан дастарханға қалай келеді?» деп аталады. Қанеки барлығымыз өз орындарымызға отырайық. Балалар «Нан – береке бастауы», «Дастархан көркі – нан» демекші бүгінгі іс-әрекетімізде бірлесе ата-аналармен нан жайлы әзірленген жұмыстарыңды ортаға салып бөлісейік.

1-бала :

- Нан қырманнан, диірменнен, наубайханадан, дүкеннен дастарханға келген. Нан - дастарханның көркі. Олай болса,мына суретке назар аударайық. Ауылда той дастарханының сәні- бауырсақ. Бауырсақты ауылда әжелер мен апалар қара қазанға пісіреді. Қазан маңында бауырсақ жеп жүрген балалар ерекше көңілді.

Балалардың көңілді, әрі қуанышты өмір сүруі үшін дастарханға келетін бір түйір нанға қаншама адамның маңдай тері сіңеді. Енді соған тереңірек тоқталайық.



2 бала:

  • Ерте көктем келісімен адамдар трактормен жер жыртып, дән себеді. Оны күтіп, баптайды. Тыңайтқыштар сеуіп, арам шөптерін жұлып, зиянкестерге қарсы дәрі сеуіп жаз бойы егін басында жүреді.

3-бала :

- Егін піскен кезде адамдар оны комбайнмен жинауға кіріседі. Күн

демей, түн демей егін алқабында егін жинаумен болады. Жиналған

егінді машинаға құйып, диірменге апарады.Диірменде бидайдан ұн

тартады. Ұнның үш сорты болады. Ұнды қапқа салып, вагондарға тиеп,

қалалар мен ауылдарға жөнелтеді. Қапқа салынған ұн наубайханаларға

апарылады.



4-бала:

  • Наубайханада ұнның әр сортынан нан түрлері пісіріледі. Наубайханада ұннан қамыр илеп, қамырдан нанның формасын жасап, пешке салып пісіреді. Наубайханадан дүкендерге жіберіледі. Дүкеннен адамдар сатып алып, дастарханға қояды. Міне, нанның дастарханға келуі үшін қаншама адамның маңдай тері сіңеді.Тек қана қазіргі заманда ғана емес ел басына қатер төнген ауыр да қасіретті күндерде де адамдар егін басында ерінбей, жан аямай еңбек еткен.


5-бала:

  • Өндірген өнімдерін Ұлы Отан соғысына жіберіп отырған. Соғысқа қатысқан аталарымызға ас-суды соғыс кезінде елде қалған әйел-аналар күні-түні жұмыс істеп жіберіп отырған.Соғыс кезінде елде қалған ер азаматтар мен әйелдер жан аямай еңбек еткен. Сондай азаматтардың бірі – Ыбырай Жақаев.

6-бала:

  • Егін басында ер азаматтармен қатар әйелдерде еңбек етті. Атағы бүкіл елге тараған Кәмшат Дөненбаева сынды апаларымыз да бар. Ол - қазіргі кезде немере тәрбиелеп отырған ардақты әже.

7-бала:

-Біздің елімізде көптеген облыстарда бидай егіліп жиналуда. Атап

айтқанда Ақмола, Ақтөбе, Қостанай, Павлодар, Орал облыстарында

бидай егіліп, өндіріледі. Біздің еліміз өте бай. Осы байлығымызды

Қазақстан Республикасының рәміздерінің бірі Елтаңбада көрсеткен.

Нанда 40 пайыздан 50 пайызға дейін углевод, сондай-ақ белок пен

аздаған май бар.Нанның әртүрлі сорттарында 5 пайыздан 8 пайызға

дейін ақуыз бар.



Тәрбиеші:

- Балалар біз қазір ойын ойнаймыз. Тойдың сәні әнменен- демекші ендігі

кезекте нан туралы мақал-мәтел айтайық.

1.Қоныс көркі – там,

Дастархан көркі – ... .

2.Дастарханында наны жоқтың

Тамағының .... жоқ.

3.Нан болса, .. болады.

4.Тістем нанның қадірін,

Тарыққанда ........ .

5.Нан қиқымын шашпаңдар,

Жерде жатса ......... .



Тәрбиеші:

-Ұлттық ойын «Тақия тастау» ойыны- нан түрлерін ата.



1 бала:

  • Нан – ас атасы. Ол бидай ұнынан жасалады. Нанды жерге тастамайды, үстінен аттамайды, үстіне ешбір затты қоймайды. Нанды бір қолмен үзіп жемейді. Қазақтар нанды қасиетті санайды. Мыжыма – ыстық нанды үзіп-үзіп сары маймен шарада араластырып жасайтын тағам. Ашығып келгенде тамақ піскенше мыжыма жеп алсаң, қарның тоқ.

2 бала:

  • Қиықша – қамырын жұқа илеп, жалпақтау әрі қиық-шалап кесіп алып, бауырсақ тәрізді майға пісіреді. Қиық-шамен шай ішсең дәмі қан-дай тәтті десеңші.

3 бала:

  • Шелпек – Айт күндерінде, аруақтарды еске алғанда, ас бергенде пісіріледі. Қамырды жұқалап әзірлеп, майға пісіреді. Шелпек жеті нан, тоғыз нан болады.

4 бала:

  • Таба нан – тапаға салып пісіріледі. Пісірер алдында қамыр бетіне бармақпен басып ойық жасайды. Қалыпқа салып пісірген наннан таба нан әлдеқайда дәмді де құнарлы.

5 бала:

  • Төп – тарының шикі, піскен сөгінен, талқанынан, күріштен әзірленетін дәмді тағам. Қазанға су құйылып, тұз салынып пісіріледі де үстіне шыжық, май қосып әкелінеді.

6 бала:

  • Қазанжаппа - ұннан қа- мыр илеп, оны жұқалап, дөңгелек етіп жасайды да ыстық қазанға жапсырады. Піскен соң үстіне не май, не қаймақ жағады. Жарма – қуырылған бидайды, піскен сөкті диірменге өте ұнтақтамай тартып, жарма жасап, сүтке, қаймаққа, майға, айранға былғап әзірлейді.

7 -бала:

  • Күлше – қатты иленген қамырды домалақтап, сопақшалап қызуы мол қоламтаға көміп, 15-20 минуттан соң алып, жейді.


8 -бала:

  • Төңкерме – қызған қа-занға бидай ұнын себелеп қуырып, басқа ыдысқа салып алып, қазанға мал майын турап шыжғырып, үстіне су, сүт құяды. Қуырылған ұнды қосып, тұз салып, араластырады да дастарханға қояды. Быламық – ұннан, тал-қаннан, бидай жармасынан жасалатын тағам. Ұнды, жарманы қазанға аздап қуырып алып, қойдың шыжғырылған іш майын қосып, үстіне су құйып, үздіксіз араластырып жасайды. Көбінесе қарттарға, сәбиге береді.

9-бала:

  • Нан салма – етке салатын 2-3 нан жайманы суға қайнатып пісіріп алады да алдын-ала сары майға қуы-рылған жұмыртқаны үстіне салып дайындайды. Қолдама – сүтке немесе сорпаға иленген нанды майлы сорпаға салып пісіреді.

10-бала:

  • «Сылқ етер» - жайма наннан жасалады. Суға піскен жұмыртқаны үстіне турап салып, әкеледі. Бүркеме – жаңа піскен ақ ірімшікті қамырға орап, бетіне май жағып, табаға салып, қоламтада пісіреді.

11-бала:

  • Ботқа – дәнді дақылды суға қайнатып жасайды. Олар: күріш, бидай, жүгері, қарақұмық, лобия, тары, ноқат т.б. Бір немесе бірнеше дән түрлерінің қою қайнатысынан әзірлейді. Бауырсақ – бидай ұнын ашытып, әртүрлі үлгіде жасап майға пісіреді. Қазақтың той, мереке дастарханында міндетті түрде бауырсақ болуға тиісті. Ыстық бауырсаққа сары ма жағып жесең, өте дәмді. Құймақ - ұнға жұмыртқа, қант, май, сүт қосып, суға араластырып, сұйық күйінде қазандағы майға пісіріп әзір-лейді. Оны шаймен жейді. Қонаққа құймақ құйып берсең, қатты риза болып қалады. Боза – дәнді дақылдардан ашытып жасайтын сусын. Олар: жас боза, қорланған боза, уытсыз, жай ашытылған мақсым боза.

Әр бала тұрып өз жұмыстарын сипаттап, әңгімелейді – масақ пен бидай туралы.

Тәрбиеші:

  • Ұлттық ойындар «Арқан тарту». Тыйым сөздер мен мақал-мәтелдерді айтқызу.

  • Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей.

  • Жалқаудың жаны тәтті, еңбектің наны тәтті.

  • Ас адамның арқауы.

  • Ас атасы –нан.

  • Нан болса, ән болады.

Тәрбиеші:

  • Өте жақсы, нан туралы көп мәлімет жинапсыңдар. Олай болса, Айгул Абдықасымқызымен бірлесе отырып нан түрлерін мүсіндейік.

(Балалар мүсіндей отырып, тақпақтарын айтады).

1 бала:

Нан –ардақты адал ас,

Кәрі-жас одан аттамас.

Нандай жоқ қой асыл дән,

Жеп үйреген жасыңнан.

Дастарханнан нан кетсе,

Береке кетер асыңнан.

2 бала:

Ей, балалар, балалар,

Болмаңдар,сірә, нанға тар.

Өмірдің алтын арқауы,

Бар қасиет нанда бар.

3 бала:

Даланың арынан,

Даланың таңынан,

Даланың жанынан өседі,

Нан – жемісі ол кешегі.

Нан-өмір,

Жеміспен алып келген кешегі.

Нанға пірім деп,

Жырым деп табынам.

4 бала:

Нанда өмірдің иісі мен дәні бар,

Нанда адамның еңбегі мен ары бар.

Нан - өмірдің ана сүті, арқауы,

Нансыз жерде қай өмірдің сәні бар.

6 бала:

Нан қиқымын шашпаңдар,

Жерде жатса баспаңдар.

Теріп алып қастерлеп,

Торғайларға тастаңдар!

7 бала:

Еліміздің құдіретін асырып тұрған

Менің де,

Сенің де,

Оның да мерейін үстем қып тұрған

Ол - Нан!

Хормен:

Нанды кім қорлайды,



Аштықтан сол сорлайды.

Рефлексия. Балалар шеңберге тұрып.



Тәрбиеші:

  • Ал балалар мен сендарге мен сөзжұмбақ айтайын, сендер маған жауабын айтыңдар.

  1. Астық неден алынады?

  • Астық бидайдан алынады.

  1. Механизатор әйелді ата.

  • Камшат Доненбайевна

  1. Нан қайда пісіріледі?

  • Нан наубайханада пісіреді.

  1. Ұнның қандай сорттары бар?

  • Бидайдын ұныңнан үш сортты алады: 1,2, жоғары сорты.

  1. Ұнды шығаратын жерді қалай атайды?

  • Ұнды шығаратын жер дейірмен.

Тәрбиеші:

  • Балалар бүгін біз «Нан дастарханға қалай келеді?» атты тәрбие сағатымызды қорытындылай келе «Ас атасы - Нан» демекші қонақтарымызды дастарханға шақырайық бауырсақтың дәмін татсын. Біз сендермен «Қазақы дастарханым» әнін орындап тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.



Модуль: «Жыл мезгілі»

Сабақтың тақырыбы: «Ару Көктем»

Сабақтың мақсаты: Жыл мезгілі көктем туралы түсініктерін кеңейту, ерекшеліктерін ажырата білуге үйрету. Дидактикалық ойындар арқылы, мақал – мәтелдер, тыйым сөздер, жұмбақтар арқылы бала тілін дамыту. Іс тәжірибе жүргізу арқылы судың қасиетімен таныстыру және зерттеу. Саусақ икемділіктерін дамыту. Балалардың шығармашылық қасиеттерін арттыру, еңбектенуге, ұқыптылыққа үйрету. Сабаққа, зерттеуге деген қызығушылықтарын ояту.

Сабақтың көрнекілік құралдары: Сиқырлы шеңбер, сары түсті қалың қағаз, желімдер, қайшылар, шүберек, таяқшалар, ермек саздар, қылқалам, бояулар, мальберттер, үлгі суреттер, сүрткіш қағаз, түрлі-түсті қағаздар, көктем мезгілінің сюжетті суреттері, дидактикалық ойындар, орамал, су, қант, тұз, май, сүлгі, қасық, ыдыстар.

Сабақтың әдіс - тәсілдері: Үш орталық: Көркем әдебиет орталығы;

өнер орталығы;

ғылым орталығы;

Сұрақ – жауап, түсіндіру, көрсету, үйрету, зерттеу, жапсыру, мүсіндеу, ойындар.



Ұйымдастыру сәті

Тәрбиеші: Балалар, бүгін бізге көп қонақтар келіпті, оларды құрметтеп қарсы алайық.

Балалар: Арайлап бүгін атты күн!

Шашып бізге шапағын.

Тілейміз сізге ақ танның,

Қуанышын, шаттығын.

Қайырлы таң, қайырлы күн.

Қуанышты күн бүгін.

Сәлеметсіздер ме, қонақтар!

Шаттық шеңбер:


  • Әрқайсыларынның алдарында сиқырлы дөңгелектер жатыр, оларды алып, артын аударып қарасаңдар сиқыр табасындар онда бір – біріңмен қалай сәлемдесу керектігінің сиқырын көресіңдер. Егер күлкі бейнеленсе, онда бір – бірімізге күлімдей қарайық, алақан суреттенсе қолымызды қысып, амандасайық, жүрек бейнеленген болса – құшақтасайық, күн бейнеленген болса – жақсы сәлемдесейік.

Тәрбиеші: Қазір мен сендерге бір өлең оқып беремін, сендер оны мұқият тыңдап, не туралы екенің айтып бересіңдер:

Көктем шығып кар еріп,

Жадырайды қыр басы.

Ақ қайында бүр жарып,

Жарасады сырғасы.


Каталог: storage
storage -> Перспективы развития угольной промышленности
storage -> Қазақстан Республикасы Үкіметінің
storage -> Техникалыќ жјне кјсіптік білім беретін кјсіптік оќу баєдарламаларын жїзеге асыратын білім беру ўйымдарына оќуєа
storage -> Мектеп жасына дейінгі балалардың таным белсенділігін арттыруда көрнекі құралдарды қолданудың тиімділігі
storage -> Қазақстан республикасының Қосымша білім беру педагогикалық Қызметкерлерінің секциясы «Қосымша білім беру саласын жаңҒырту арқылы білім алушылардың ҚОҒамдық санасын қалыптастыру»
storage -> Бағдарламасы өткізу орны: Астана қ., ҚР инвестициялар және даму министрлігі Өткізу мерзімі: 2016 жылғы 18 қараша
storage -> Нұрсұлтан Назарбаев. Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру 12 сәуір 2017 ж
storage -> Батыс Қазақстан облысы білім басқармасы мектепке дейінгі, жалпы орта, техникалық
storage -> «Пайдалы қазбаларды барлау мен өндіру кезінде жер қойнауын ұтымды әрі кешенді пайдалану жөніндегі бірыңғай қағиданы бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 10 ақпандағы №123 Қаулысы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет