Қазақтың ұлттық ойындары – тәрбие көзі әдістемелік нұсқау Астана 2011 Пікір жазған


Тәрбиеші: Балалар бұл өлеңде не туралы айтылған? Балалар



жүктеу 1.36 Mb.
бет4/8
Дата16.09.2017
өлшемі1.36 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8

Тәрбиеші: Балалар бұл өлеңде не туралы айтылған?

Балалар: Көктем туралы.

Тәрбиеші: - О, тамаша бізге «Ару Көктем» келді.

Келді көктем арайланып,

Жер жұмақтай шырайланып.

Сағынышпен ару көктем,

Қарсы аламыз өзінді құшақ жайып.

Көктем бас иіп:- Амансындар ма балалар?

Бір – бірімізге қол беріп,

Айтамыз жақсы сөз жөн көріп.

Қалмаймыз текке іркіле,

Сыйлаймыз жылы күлкі де, – дегендей сендердің жақсы көңіл – күйлерін маған жетті. Сендерге мен қонаққа келдім.

Тәрбиеші: Қош келдіңіз ару көктем.

Ару Көктем: Қазір қандай жыл мезгілі? Неше жыл мезгілі бар?

Балалар: 4 жыл мезгілі бар. Қазір көктем.

Ару Көктем: Көктем айларын атап беріңдерші?

Балалар: Наурыз, Сәуір, Мамыр.

Ару Көктем: Рахмет балалар! Енді сендердің білімдеріңді сабақтан байқаймын.

Тәрбиеші: Дұрыс, балалар біздің бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «Ару Көктем» деп аталады. Әрі қарай өз білімдерімізді жетілдіру үшін үш орталықта жұмыс істейміз. Олар:

Өңер орталығында, жапсыру, мүсіндеу сабағы.

Көркем әдебиет орталығында, тіл дамыту сабағы.

Ғылым орталығы.

Қазір карточкаларды алыңдар бірінші қыздар, кейін ұлдар алады.



Тіл дамыту орталығы

Сабақтың тақырыбы: «Көктем»

Сабақтың мақсаты: Балалардың көктем мезгілі туралы түсініктерін кеңейту. Әңгімелеу арқылы түсінік бере отырып, балаларды сабаққа топтастыру, қойылған сұраққа толық жауап алу. Мақал-мәтелдер, жұмбақтар, дидактикалық ойындар арқылы бала тілін дамыту, қызығушылықтарын ояту. Табиғатқа деген сүйіспеншіліктерін арттыру, табиғатқа қамқор болуға, еңбексүгіштікке тәрбиелеу.

Сабақтың барысы:

Тәрбиеші: Балалар мен бір өлеңнің жолдарын оқып беремін сендер мұқия тыңдаңдар: Төңірек тегіс көктеді.

Төсіне қырқа тақты гүл.

Даламның көркем көктемі.

Дабылын қайта қақты бір.



Тәрбиеші: Балалар бұл өлеңде не туралы айтылған?

Балалар: Көктем туралы.

Тәрбиеші. Қазір ұлттық ойын: «Орамал тастау» ойнайық. Кімнің алдына орамал тасталса, сол бала орамалды алып, жұмбаққа немесе сұраққа жауап береді.

Тәрбиеші: Жұмбақ:

Ақ қар еріп, су көбейіп, сай салаға толады,

Ағаш басы бүршік шәшіп,

Гүл бәйшешекке толады,

Бұл қай кезде болады?

(Көктем)


Бала: Көктемде.

Тәрбиеші: Көктем екенің қалай білдің?

Бала: Көктемде бәйшешек гүлі шығады.

Тәрбиеші: Көктемде қандай өзгерістер болады деп ойлайсын?

Бала: Қар ериді.

Жер көгере бастайды.

Ағаштар бүршік жарады.

Тәрбиеші: Айтындаршы көктемде қандай алғашқы құстар ұшып келеді?

Бала: Бозторғай, қарлығаш, су құстары, аққу, қаз, үйрек.

Тәрбиеші: Құстар туралы өлең білесің бе?

Бала: Келіп көктем құстары,

Бау-бақшада ән салды.

Оларды жас достары,

Ұя жасап қарсы алды.



Тәрбиеші: Өте жақсы, балалар қазір тағы бір дидактикалық ойын ойнаймыз. Ойынның аты «Сөзді аяқта» деп аталады.

Қар еріді ....... (суға айналды)

Ағаштар бүршік ......... (жарды, шашты)

Көктем айлары ......... (наурыз, сәуір, мамыр)

Көктем мерекелері ......... (8 наурыз аналар күні, 22 наурыз жыл басы, 9 мамыр жеңіс күні, 7 мамыр отан қорғаушылар күні)

Өте жақсы, енді көктемге қатысты мақал-мәтелдер білесіңдер ме?



Бала: Сәуір болмай, тәуір болмас.

Сәуірдегі жауын,

Сауып тұрған сауын.

Сәуір болса күн күркірер,

Күн күркіресе, көк дүркірер.

Тәрбиеші: Енді мен сендерге жұмбақ жасырамын:

Ақ сандығым ашылды,

Ішінен жібек шашылды.

(Күннің көзі)

Терезеден есіреді,

Қаранғыны көшіреді.

(Сәуле)

Қайталап атымды,



Ән салып аламын.

Кез келген ұяға,

Жұмыртқа саламын.

(құс)


Тәрбиеші: Балалар енді мына жаққа назар аударыңдар. Суретке қарап әңгіме құрастырамыз: «Міне көптен күткен көктем келді. Бұл мезгіл қандай тамаша! Жылы жаққа ұшып кеткен құстар қайтып оралған. Қызылды – жасылды көбелектер ұшып жүр. Мен көктем мезгілін ұнатамын. Күн жылынды, жерді жасыл шөп жапты».

1. Саған көктем мезгілі ұнайды ма?

2. Ұнаса несімен ұнайды?

3. Оның ерекшеліктері қандай?

Тәрбиеші: Тағы бір, балалар дидактикалық ойын ойнаймыз. «Жыл мезгілдерін ажырат» деп аталады.

Көктемде адамдар жер жыртып, егін егеді, ағаштар отырғызылады, гүл өсіреді. «Еңбек – түбі береке» дегендей еңбек нәтижесі арқылы гүлдер мен азықтар көп еңбектің арқасында келеді екен.



Тәрбиеші: Балалар еңбек туралы қандай мақалдар білесіңдер?

Бала: Жақсы бала еңбекшіл,

Жаман бала себепшіл.

Еңбек ерлікке жеткізеді,

Ерлік елдікке жеткізеді.



Тәрбиеші: Өте жақсы. Сондықтанда әр қашанда үлкендердің еңбегін бағалап құрметтеңдер, табиғатты қорғандар.

Тәрбиеші: Сабақ сендерге ұнады ма?

Сабақта не туралы айттық?

Ендеше кім өзі сұрақтарға жауап бере алдым деп ойласа раушан гүлін алады. Ал кім қиыншылық туды, кім сұрақтарға жауап бере алмадым дегендерің жапырақ алады. Өз өздеріңді дұрыс бағалаңдар. Енді карточкаларыңды алып шеңберге тұрыңдар.

Сергіту сәті: Тербеледі ағаштар,

Алдымнан жел еседі.

Кіп – кішкентай ағаштар,

Биік болып өседі.



Өнер орталығы

Сабақтың тақырыбы: «Көктем гүлі – бәйшешек»

Сабақтың мақсаты: Көктем гүлдері туралы түсініктерін кеңейту, оларды ажырата білуді үйрету. Қалаған ісін таңдай білуге дағдыландыру. Қайшымен, желіммен, ермексазбен ұқыпты жұмыс істей білуге жаттықтыру. Саусақ икемділіктерін жетілдіру. Бастаған ісін аяқтауға дағдыландыру. Табиғатқа деген қамқорлыққа тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: Сары түсті қағаз әр балаға, желім, су, қылқалам оны қоятын тұлғалар, қайшы, жасыл бояу, сүлгі.

Сабақтың барысы: Жұмбақ жасыру.

Жыл мезгілі шуақты,

Жердің беті нұрланған.

Сайды қуып су ақты,

Гүлдер өсті оралған.

(Көктем)


Тәрбиеші: Бұл өлеңде не туралы айтылған?

Бала: Көктем туралы.

Тәрбиеші: Балалар қазір қандай жыл мезгілі?

Көктемде қандай өзгерістер болады?



Балалар: Көктемде қар ериді.

Көктемде күн жылынады.

Көктемде алғашқы құстар ұшып келеді.

Көктемде адамдар қысқы киімдерін тастап, жеңіл киінеді.



Тәрбиеші: Көктем келгенде қандай гүлдер шығады?

Сендер қандай гүлдерді білесіңдер?



Балалар: Бәйшешек,

Қызғалдақ,

Жауқазын.

Тәрбиеші: Өте жақсы балалар, рахмет. Бүгін біз бәйшешек гүлін жасаймыз.

Бәйшешек гүлінің сүйретін көрсету.

Балалар кәне ойланып көріндерші, осы бәйшешек гүлін көргенде қандай сөздер айтуға болады?

Балалар: Бәйшешек нәзік,

Бәйшешек хош иісті,

Бәйшешектің түсі ақ,

Бәйшешектің жапырағы,

Бәйшешектің сабағы жасыл,

Бәйшешек әдемі.



Тәрбиеші: Балалар бұл гүлді жасағанда хош иісі тұратындай болсын.

Қазір гүлді жасауға кірісеміз:

Бәйшешекті жасау үшін сабағын жапсырамыз, жана өздерің айтқандай бәйшешектің сабағының түсі қандай? Енді екі жапырағын жапсырамыз. Қиып сабағының астына шөбін келтіреміз. Ақ қағазды бүріп үстіне жапсырамыз. Бәйшешек гүлінің түсі ақ.

Балалар седер гүлдер туралы өлең білесіңдер ме?



Балалар: Құлпыра берші кең дала,

Гүлінді мен терейін.

Жапырағынмен жасыршы,

Құшағына енейін.



Тәрбиеші: Тағы қандай гүлдер туралы өлең білесіндер?

Балалар: Күн қандай қызық көктемде ,

Күн шуағын төккенде .

Гүл тереміз алуан.

Шығып алып көк белге.



Тәрбиеші: Балалар біздің топта, ғылым орталығында гүлдер бар ма?

Гүлдер әдемі, әсем болу үшін не істеу керек?



Балалар: Еңбектену керек.

Гүлдерді күту керек.

Су құйып отыру керек.

Тәрбиеші: Сонымен біз не жасадық?

Балалар: Біз бәйшешек гүлін жасадық.

Тәрбиеші: Бүгін сендерге сабақ ұнады ма? Бәйшешек жапсырғанда, мүсіндегенде, қиналмай, тез жасадым дегендер раушан гүлін алсын. Ал егер қиыншылық туып үлгере алмадым дегендер жапырақ аласыңдар.

Тәрбиеші: Карточкаларынды алып, шеңберге тұрындар.

Сергіту сәті: Биік болып өсейік,

Жапырақтай жайқалған.

Шетімізден шеберміз,

Жауқазындай жайқалған,

Әдемі гүлдей болып өсейік.

Ғылым орталығы

Тақырыбы: Табиғат тіршілік көзі – су.

Сабақтың мақсаты: Балалардың іс - тәжірибе жүргізу арқылы судың қасиетімен түсі, дәмі, иісі туралы зерттеу жұмыстарын жүргізу. Олардың зерттеуге деген қызығушылықтарын ояту. Тыйым сөздер, жұмбақтар арқылы бала тілін дамыту, суды қастерлеуге тәрбиелеу. Туған табиғатқа сүйіспеншілікпен, мақтаныш сезіммен қарауға баулу.

Тәрбиеші: Су сергітер денеңді,

Онымен дос болғайсын,

Судан кейін сен енді,

Ісіңді оңай жалғайсын.



Тәрбиеші: Бұл өлең шумағында не туралы айтылған?

Бала: Су туралы

Тәрбиеші:Судың қажеті не?

Балалар: Шөлдегенде судан сусынымызды қандырамыз,

Сумен өсеміз.

Сумен жуынамыз.

Сумен тамақ ішеміз.



Тәрбиеші: Су туралы қандай тыйым сөздер білесіңдер?

Балалар: Суға дәрет сындыруға болмайды

Суға түкіруге болмайды.

Суды үнемдеп жұмсау керек.

Сусыз тіршілік жоқ.

Суды бей берекет жұмсама.

Тәрбиеші: Өте жақсы. Су тазалық пен денсаулық кепілі. Атам қазақ судың шығып жатқан жерін «әулие бұлақ» деп атаған, бұл сөзге қарағанда су – киелі.

Енді зерттеу жұмысын жүргіземіз.

Судың түсі қандай?

Балалар: Түссіз.

Тәрбиеші: Судың иісі бар ма?

Балалар: Жоқ.

Тәрбиеші: Судың дәмі қандай? Ішіп көріңдер.

Балалар: Дәмі жоқ.

Тәрбиеші: Қазір бұл суға қант салайық. Дәмі қандай болды? Қант еріді ме? Судың түсі өзгерді ме?

Балалар: Дәмі тәтті.

Суда қант еріп кетті

Түсі өзгерген жоқ.

Тәрбиеші: Екінші ыдысты алып, оған тұз қосайық. Дәмі қандай болды? Түсі өзгерді ме?

Балалар: Дәмі ащы.

Түсі өзгерген жоқ.



Тәрбиеші: Дұрыс, тұз қосылған суды іше алмайды екенбіз. Тұзды тамақ дәмді болу үшін, тамаққа қосылады екен.

Балалар бұл сұйық май. Енді майды қосамыз. Майлы суды іше аласың ба?

Май суда не болып тұр?

Май қосқанда судың иісі бар ма?



Балалар: Май суда еріген жоқ, бетінде қалқып жүр.

Майлы судың иісі бар.

Майлы суды іше алмайды екенбіз.

Тәрбиеші: Май қосылған суды іше алмайды екенбіз. Енді бір ыдысты алып алдарыңда тұрған екі бояудың біреуін қылқаламмен алып, суға араластырыңдар. Судың түсі өзгерді ме?

Бала: Судың түсі бояу қосқанда өзгерді.

Тәрбиеші: Балалар бүгін біз суға қантты, тұзды, майды, бояуды қосып зерттегенде сумен не болғаның көрдік.

Енді су туралы жұмбақ білесіңдер ме? Білсеңдер бір-біріне жұмбақ жасырып көріңдерші.



Балалар: Сұп – сұйық,

Сұп – суық,

Тап – таза,

Тұп – тынық. Ол не?

(Су)

Дәмі де жоқ, түсі жоқ,



Пайдаланбас кісі жоқ. Ол не?

(Су)


Ыдыспенен ішесің,

Шайнамайсын, жұтасын. Ол не?

(Су)

Жыл жүреді, ай жүреді,



Тез жүреді, жай жүреді.

Сыңғырлайды, күнгірлейді,

Былдырлайды, міңгірлейді. Ол не? (Су)

Тәрбиеші: Ал балалар су туралы қандай мақал мәтелдер білесіңдер?

Балалар: Судың да сұрауы бар.

Сумен жайық әдемі,

Ескегімен қайық әдемі.

Судың басы – бұлақ,

Сөздің басы – құлақ.

Сулы жер – нұрлы жер,

Бұлақты жер – тұрақты жер.

Тәрбиеші: Өте жақсы. Балалар «кім тез айтады» деген ойын ойнайық мына суретке қараңдар, сұрағыма толық жауап беріп отырыңдар. Адамға су қалай қажет екенің айтып беріңдер.

Балалардың жауабы.



Тәрбиеші: Сонымен балалар сусыз адам өмір сүре алмайды екен. Су адамға өте қажетті зат екен.

Балалар сабақ сендерге ұнады ма?

Сендер зерттегенде қиналмай, сұраққа жауап бере алдым дегендер, «раушан» гүлін алыңдар, ал егер қиналып, жауап бере алмадым дегендер «жапырақ» алыңдар. Енді карточкаларыңды алып шеңберге тұрыңдар.

Рефлексия.

Тәрбиеші: балалар бүгін болған орталықтағы жұмыстарын өздеріне ұнады ма?

Балалар: Ұнады. (қолдарымен ұнағанын көрсету).

Тәрбиеші: Қай орталықтағы жұмыс ұнады?

Ұнаса несімен ұнады?

Өнер орталығында қандай жұмыс, не істедік?

Балалар: Бәйшешек гүлін жасадық., жапсырдық, мүсіндедік.

Тәрбиеші: Тіл дамыту орталығында не істедіңдер?

Балалар: Сурет қарастырдық, көктем жайлы әңгімелестік.

Тәрбиеші: Ғылым орталығында не істедіңдер?

Балалар: Судың қасиетімен танысып, оны зерттедік.

Ару Көктем: Ал көктем туралы өлеңдер білесіңдер ме?

Бала: Жазғытұры қалмайды қыстың сызы,

Масатыдай құлпырар жердің жүзі.

Жан – жануарлар, адамзат анталаса,

Ата – анадай елжірер күнің көзі.

( Абайдың сөзі)

Бала: Қары еріп даланың,

Арықтардан су ақты.

Ақ жүзіндей ананың,

Көктем келді шуақты.



Ару көктем: Балалар сендер әрқашанда биіктен көріне беріңдер. Сау болыңдар!

Тәрбиеші: Бүгін барлығын сабаққа белсеңді қатыстыңдар. Сендерге көп рахмет айтқым келеді. Осымен сабақ аяқталды!

Ұлттық ойындарды ұйымдастыру барысында қолданатын өлең-жырлар

Аула ойындары
Татуласу

Әкел, досым,қолынды,

Татуласқан орынды.

Өкпелесіп не таптық,

Көрсет, кәне, соныңды.

Енді араздаспаймыз,

Енді әдептен аспаймыз.

Бұрынғыдай бірлесіп,

Жаңа ойын бастаймыз.
Баққа бірге кірейік,

Қол ұстасып жүрейік.

Татулықтың белгісі,

Кел, қосылып күлейік;

Ха, ха, ха, ...
Ойын бастау
Кел, ойынды бастаймыз,

Ортаға таяқ тастаймыз.

Қағып алып әуеден,

Кезектесіп ұстаймыз.


Кімге келсе ең ұшы,

Деп білеміз жеңісі,

Сол бастайды ойынды,

Алайық солай келісіп.


Жүзік жасырмақ
Алақанды беттестіріп қуыстап,

Отырыңдар құр ауаны уыстап.


Бір-ер жерде кідіріңкіреп қалған боп,

Бір жүзікті бәріне шығам салған боп.


Сездірмейді берік болса сырға кім,

Уысында құпия жүзік тұрғанын.


Білесің де өзіңше түр-түсінен,

Сұрайсың жүзік осы алды-ау деген кісіден.


Тауып алсаң сездірген адам айыыпты,

Таппай қалсаң жазаға сенсің лайықты.


Қақпақыл
Тауып жұмыр бес тасты,

Кел, ойнайық, қақпақыл.

Бес тас ойнап достасты,

Екі құрбы тапты ақыл.


Орындары сая бақ,

Орталары тап-тақыр.

Достары ойын бақылап

Кезек күтіп сапта тұр.


Тастар бейне қоз, лақ

Қорасына қамады.

Қол сыртынан қағып ап,

Қарсыласқа ұпай салады.


Ұнатқан оны көбейсін,

Қырағы, епті болады.

Икемсіз, олақ демейсің

Қақпақылшыл баланы.


Ақсерек – Көксерек
Бөлінейік екіге,

Тұрайық жолдың шетіне.

Қол ұстасып алайық,

Ажырамастай бекіне.


Бірінші топ:

Ойынға бала көп керек,

Қалмасын ешкім өкпелеп.

Ақсерек – Көксерек,

Сіздерге бізден кім керек?
Екінші топ:

Мықты біздің шебіміз,

Бұздырмаймыз, тегі, біз.

Болса сынап көріңіз,

Күшіңіз бен ебіңіз.

Біздің берік араны, -

Екпінмен соғып қалады.

Бұзса олжа алады,

Бұзбаса тұтқын болады.

Шақырамыз сынаққа,

...... – деген баланы.
Сөз сайыс
Сөзді А-дан басталар

Ортаға біреу тастайды.

Сөз тауып сондай басқалар,

Кезекпен дереу қостайды.


Қайталамай айтқанды,

Жаңа сөз әркім табады

Кім А-дан сөз білмесе,

Ойыннан шығып қалады.


А-дан сөз кім бөгелмей

Туып бірін алайық.

Сөйткен пайда табады,

Сөздік қоры молайып.


Кім көп есім біледі?
Ұл айтып қыздың есімін,

Қыз айтып ұлдың есімін,

Мәреге қарай жүреді,

Тоқталса жоқ кешірім.


Екі-үш аттан аса алмай,

Екі-үш аттап баса алмай,

Бәрі де жатты жеңіліп,

Ду күлкіден қаша алмай.


Жаңыл қыз шықты, саспады,

Жеті атадан бастады.

Жаңылмай айтып көп атты,

Қол соқты құптап жас-кәрі.


Жеті ата үшін біразы,

Болып еді наразы.

Тапқырлық, - деп төреші,

Жаңылға ел болады разы.


Тақия тастамақ
Ойым бар бір ойын бастамақ,

Аты оның «Тақия тастамақ».

Шеңберді айнала бастаймын.

Бірінің тұсыңа жеткенде,

Сездірмей тақия тастаймын.
Ақырын, аспаймын, саспаймын,

Шеңберді айнала бастаймын.

Бірінің тұсыңа жеткенде,

Сездірмей тақия тастаймын.


Қайтадан келгенше оралып,

Түк сезбей отырсаң омалып.

Тақиямен төмпештеп қуамы,

Маубасқа керегі сол анық.


Сездірсем ебімнің жоқтығы

Іске жан болғаным жоқ қыры.

Орныңа жеткенше жүгіріп,

Өзіңнен аламын соққыны.


Шығасың тақия тастауға,

Ойынды басынан бастауға.

Сезімтал балаға күлкі боп,

Тағы кім сұрар деп бас сауға.



Бұғынбақ
Бұғын, бұғын, бұғынбақ,

Тамаша екен бүгін бақ.

Жасырын деп тасама,

Ағаштар тұр сыбырлап.


Бұғын, бұғын, бұғынбақ,

Кімдер қайда тығылмақ.

Көрсем қайда тығылмақ.

Көрсем айтып қоям деп,

Торғайлар жүр шырылдап.
Бұғын, бұғын, бұғынбақ,

Болсаң мені ұғынбақ,

Болсаң мені ұғынбақ,

Кімге келсе сөз соңы,

Көз жұмын артқа бұрылмақ.
Алтыбақан
Алтыбақан тебеміз,

Жеткенше көкке төбеміз.

Көтеріліп биікке,

Алыстарды көреміз.


Кім қызықса «кел» - дейміз,

Кезектесіп тербейміз.

Бірімізге-біріміз,

Көмектесіп өрлейміз.


Көкке жетіп төбеміз,

Алтыбақан тебеміз.

Бірімізге-біріміз,

Түсіп орын береміз.


Бес саусақ
Бас бармақ, балалы үйрек, ортан терек,

Бұларды ұмытпайсың болсаң зерек.

Шылдыр шүмек, кішкене бөбенк мынау,

Әрнені бес саусақтай білу керек.


Кешікпе іздеп қалар,

Сен қызметке бар,

Сен басқа елге бар,

Сен әскерге бар.

Сен оқуға бар,

Сен осында қал.


Әзірлеп тәтті тамақ,

Күтесің келсе қонақ.


Мына жерде шай бар,

Мына жерде май бар,

Мына жерде ет бар,

Мына жерде сүт бар.

Мына жерде қатық бар,

Мына жерде қытық бар.


Қытық, қытық....
Соқыртеке
Ортамыздан біреуімізді сайлаймыз,

Орамалмен көзін мықтап байлаймыз.


Қалғанымыз оны түртіп қашамыз,

Тым қырағы, сақ боламыз аса біз.


Ұмтылады іздеп оң мен солына

Тырысамыз түспеуге оның қолына.


Кім ұсталса соның көзі байланар,

Бейғамды іздеп енді ол маңды айналар.


Ақсүйек
Аты ойын болса да,

Бұл да баба мұрасы

Лақтырады бір бала

Жеткенінше құлашы.


Жүгіреді сол жаққа,

Ақсүйек тауып алмаққа.

Кім алдымен табар, деп,

Қой маңайды барлап та.

Көріп қалсаң, білдірмей,

Жақындай түс бір-бірлей,

Тез жет-тағы ала қаш

Өзгелер қалсын үлгірмей.


Бұл бәріңе ұнайды,

Бастарыңды құрайды.

Қырғысың ба, қағылез,

Жүйріксің бе сынайды.


Етек-етек
Ал, ұстаңдар етектен,

Айрылмаңдар жетектен,

Біз балапан боламыз,

Алдымызда анамыз.


Келе жатыр қарақұс,

Қорғайды одан анамыз.

Анамыз қалай бұрылса,

Біз сол жаққа барамыз.


Кім айрылса етектен,

Шығып қалса жетектен.

Соны ұстайды қарақұс,

Сол болады құсқа жем.


Ал, ұстаңдар етектен,

Айрылмаңдар жетектен.

Ұрынады қатерге,

Ана сөзін екі еткен.


Тепкеншек
Жасалған қылдан тепкішек,

Атамақты аяқ ойыны.

Демейді: - болды, жетті шек,

Үйренгеннің жоқ тойымы.


Ойнаудың бар сан түрі,

Кезектесіп тебеді.

Екі аяқ арқылы

Қозғайды бүкіл денені.

Еріксіз белі бұраңдап,

Екі қолы ербеңдер.

Мойыны, басы қиқандап,

Қозғалар кез келген жер.


Тебудің сан түрі бар,

Аяқтың алды, артымен.

Тіземен теуіп тұрып ал,

Теп секірген қалпыңмен.


Бірі ойнап, көбі дем алса,

Бақылап оны көреді.

Түсірмей кім көп тебе алса,

Бұл ойынды сол жеңеді.


Тоғызқұмалақ
Ойлы ойын тоғызқұмалақ,

Ойнағандарға ұнамақ.

Бір ұядан тарайды

Ұяларға құмалақ домалап.

Өзге ойындарды кетеді

Тоғызқұмалақ мың орап.

Ол үшін айтсақ жетеді

Өзгесін қойып мынаны-ақ.

Қандай деп ойы, есебі

Ойыншыны ол сынамақ.

Әр ұяға жұп етіп,

Құмалақты құрамақ.

Салғандары тақ болса,

Ұтылар оңбай тұралап.

Үлесін кім тез қамтылса,

Сол жеңер түбі уралап.


Дойбы
Ежелгі ойын дойбы,

Кеңітер қиял-ойды,

Балалардың ғана емес,

Үлкендердің де ойын.


Жасайды бақайшықтан

Қолының барлар ебі.

О баста бізден шыққан

Ол шахматтың тегі.


Тобық жасыру
Туған күн, тойда, қонақта

Тобық болса табақта.

Бір бала мұжып, тазалап,

Жар саладыалапқа:


Жасырады кім тобық,

Көніп келісім-шартына?

Жататын ойын бұл толық

Ата-баба салтына.


Сұрағанда тобықты,

Мә, - деп берсе табанда.

Жеңеді болып ол мықты,

Жеңілемін мен ал онда.


Сұрағанда тобықты,

Таба алмаса табанда.

Боламын онда мен мықты,

Жеңіледі ол ал онда.


Шарт бойынша жеңгенге,

Жеңілген сыйлық береді.

Ойнайды екеу енді өңге,

Бәріңе кезек келеді.


Доп
Жуас түйені шөктіріп,

Жүндейміз жүнін көп қылып.

Шиыршықтап әбден қолменен

Жасаймыз шағын доп қылып.


Ойынның тобын құрамыз,

Көп бала қатар тұрамыз.

Бірімз допты лақтырып,

Қалақпен біріміз ұрамыз.


Біріміз дереу қашамыз,

Біріміз допты қуамыз.

Допты тез алып, үлгіріп,

Қашқанда доппен ұрамыз.

Сөреге жетпей тигізсек,

Біз жеңімпаз боп шығамыз,

Алмасақ допты тигізе

Қашуға біз бет бұрамыз.


Тигізсе, бізді ол жеңеді.

Мүлт кетсе егер біз ұтып,

Айыпқа оны жығамыз.

Өзге істің бәрін ұмытып,

Күн ұзын сауық құрамыз.

Айыптың түрі сондай көп,

Ұшады кейде шалғай доп,

Допты алып келер жеңілген

Дем алмай «үлі,уәлләй» деп.

Зырылдауық
Жасайды қатты ағаштан

Үшкірлеп жонып бір жағын.

Арнаулы қамшы қолға алсаң,

Ұнайды оған ұрғаның.


Көргендер тіпті қалар таң,

Қарашы, - деп, зырлауын?!

Болады ермек бір қауым.
Үй ішінде ойналар,

Шағыны да болады.

Кімдікі көп айналар

Бәйгені сол алады.



Каталог: storage
storage -> Перспективы развития угольной промышленности
storage -> Қазақстан Республикасы Үкіметінің
storage -> Техникалыќ жјне кјсіптік білім беретін кјсіптік оќу баєдарламаларын жїзеге асыратын білім беру ўйымдарына оќуєа
storage -> Мектеп жасына дейінгі балалардың таным белсенділігін арттыруда көрнекі құралдарды қолданудың тиімділігі
storage -> Қазақстан республикасының Қосымша білім беру педагогикалық Қызметкерлерінің секциясы «Қосымша білім беру саласын жаңҒырту арқылы білім алушылардың ҚОҒамдық санасын қалыптастыру»
storage -> Бағдарламасы өткізу орны: Астана қ., ҚР инвестициялар және даму министрлігі Өткізу мерзімі: 2016 жылғы 18 қараша
storage -> Нұрсұлтан Назарбаев. Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру 12 сәуір 2017 ж
storage -> Батыс Қазақстан облысы білім басқармасы мектепке дейінгі, жалпы орта, техникалық
storage -> «Пайдалы қазбаларды барлау мен өндіру кезінде жер қойнауын ұтымды әрі кешенді пайдалану жөніндегі бірыңғай қағиданы бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 10 ақпандағы №123 Қаулысы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет