Қазақтың ұлттық ойындары – тәрбие көзі әдістемелік нұсқау Астана 2011 Пікір жазған



бет5/8
Дата16.09.2017
өлшемі1.36 Mb.
#1020
1   2   3   4   5   6   7   8

Ұшты-ұшты...
Ұшатын нәрсе айтылса,

Ойыншылар қол көтерер.

Ұшпайтын нәрсе айтылса,

Келесіге, - дер,- өте бер.


Ұшт-ұшты кептер ұшты,

Ұшт-ұшты дәптер ұшты.

Ұшт-ұшты сызғыш ұшты,

Ұшт-ұшты қызғыш ұшты.

Ұшт-ұшты қарлығаш ұшты,

Ұшт-ұшты қарындаш ұшты.

Ұшт-ұшты тегене ұшты,

Ұшт-ұшты бөденеұшты.

Ұшт-ұшты тарғақ ұшты.

Ұшт-ұшты қармақ ұшты.


Көз қадасу
«Көзім, көзім, көз – айна,

Көзімде бар шоңайна.

Шоңайнасы кіреді,

Жұм көзіңді, абайла!»


Көзім өткір, келіскен,

Көзіме шықты теріскен.

Теріскені кіреді

Көп қадалып көріссең, -


Деп бір-бірін қорқытып,

Өз жанарын зор тұтып.

Көз қадаса қалады,

Сезімді іштей толқытып.


Көзің кетті қызарып,

Кірпігің кетті ұзарып,-

Деп бір-бірін қайрайды, -

Қасақана ыза қып.


Көзің кетті жасаурап,

Иыққа түмті бас аунап.

Көз жасыңды көрсетпей,

Оңашаға қаш аулақ.

Бір-бірін көзбен кеміріп,

Отырады емініп.

Кірпік қақса кім бұрын,

Сол қалады жеңіліп.


Қол күшін сынау
Төрешіге бағына,

Білектерін түрініп.

Столдың екі жағына

Отырады қарсы жүгініп.


Шынтақты тіреп столға,

Алақандары ұстасып.

Бірі оңға жықпақ, бірі солға,

Білектерінде күш тасып.


Бірі иісе, бірі қайырып,

Оңайлықпен беріспес.

Орындықтан дене айырып,

Көтерілуге келіспес.


Күші көрнеу басымы,

Қарсылас қолын жығады.

Алшы түсіп асыға

Жүлде алып көңілі тынады.


Арқан тарту
Бірі артық, бірі кем

Болмайтындай көрініп.

Ойыншылар тепе-тең

Тұралы екі бөлініп.


Ортаға сызық сызылып,

Ұзын арқан тасталды.

Екі жақ ұстап тізіліп,

Арқан тартубасталды.


Аяқтары жер тіреп,

Тартты арқанды қолдары.

Әр жақты әр ел тілеп,

«Беріспе» деп қолдады.


Таяп бір жақ шалқалап.

Батты ел-жұрт қызыққа

Өз жағын демеп әр тарап.
Ойын бұл еш залалсыз,

Күш басым жаққа тиді ерік.

Жеңіліп бір жақ амалсыз

Сызықтан өтті сүйреліп.


Күрес
Шықты да тең-теңімен

Екі бала күресті.

Ұстап белбеулерінен,

Алдымен иық тіресті.


Бірі еніп кетті ішке,

Енді еріксіз белдесті.

Күшене салып тек күшке,

Оңға, солға серместі.


Аспандатып біреуі

Көтермек болды бар күшпен.

Ал, анау жер тіреді,

Екіншісі шалды іштен.


Екеуі де етті гүрс,

Төрешілер байқаған:

Болды, - деп, - бұл ит жығыс,

Күрестірді қайтадан...


Қайда кетті Монданақ?
Шеңбер жасап айнала,

Отырар ұл, қыз жайлана.

Аяқтарын көсіліп,

Бастауға ойын сайлана.


Ортаға шығып бір бала,

Тізелеріңді сәл бүк, - дейді,

Тізелеріңнің астына

Қолдарыңды тық, - дейді.

Қолдан-қолға жасыр, - деп,

Береді бір орамал.

Тырысар «бұл асыл» деп,

Көрсетуге оны солар.


Әне кетті Монданақ,

Міне кетті Монданақ.

Айту керек іздеуші

Орамал қай қолда нақ.


Тапқан бала жеңіліп.

Жеңілген ән сап береді,

Не би билеп тебініп.
«Мысық» пен «Тышқан»
Бір бала «Мысық» болады,

Бір бала «Тышқан» болады.

Қол ұстасып қалғаны

«Тышқанды» қоршап алады.


«Мысық» сыртта қалады,

«Тышқанның» мықты қамалы.

«Мысық» ішке енуге

Бар айла, күшін салады.


«Мысық» кірсе есіктен,

«Тышқан» шығар тесіктен.

Ұстай алмай «Тышқанды»

«Мысық» қатты өшіккен


Ойыншылар қозғалып,

Қимылға көшіп, сөз қалып.

Денелері шынығар

Шуласып, күліп, мәз болып.


Асық ойындары

Асық ойыны
Шүкімейтті алмай кіл,

Асықты да таңдай біл.

Айыр бүге-шігесін

Маманданған жандай бір.


Тексеріп көр жан-жақты,

Сақаң болсын салмақты.

Сүйсінтіп ол толтырсын

Сұқ саусақ пен бармақты.


Асығыңа бұйыр сен

Алшы түссін иірсең.

Тәйкесі мен шоңқайын

Көрме, әсте, бұйым сен.


Өзіңді әбден баптағын,

Ұшсын көздеп атқаның.

Тек ойын боп жүрмесін

Тапқаның мен баққаның.


Асық ату
Әр бала бір-бір асықтан

Межелі жерге тігеді.

Белгіленген қышықтан

Атуға белін бүгеді.


Сақасын қолда иіріп,

Асықпай асық көздейді.

Балалар тұрғын жиылып:


  • Атсаңшы, бол тез! – дейді.

Сақасы тисе асыққа

Асықты ұтып алады.

Тимесе сол қашыққа

Екінші бала барады.
Хан сайлау
Бестен бе, әлде оннан ба,

Әр бала асық қосады.

Жиналып бәрі болғанда,

Бір бала жерге шашады.


Бір асықты отадан

Қарсылас хан ғып сайлайды.

Біткенше ойын ал оған

Тиіспеу жағын ойлайды.


Алшыны атып алшыға,

Тигізсе бірін алады.

Тигізбесе қарсыға

Кезегінбере салады.


Тәйке, бүге-шігені

Осылай ата береді.

Кім көп тигізе біледі

Сол бала түбі жеңеді.


Ат ойындары

Бәйге
Кекілін буған шоқшалап,

Жараған атта жоқ тағат.

Желпінер жиі жер тарпып,

Дегендей ұшар соқ сағат.


Құйрығын түйген күлтелеп,

Салсын деп назар жұрт елеп.

Жабулап бала мінгізген

Бәйге аттар шықты бір бөлек.


Жүйрікке зор сын жатты алда,

Жасқанбас одан бап барда.

«Жигули», «Волга» жүйткиді

Қызмет етіп аттарға.


Өзге күй тыйып басқа әнді,

Айналма бәйге басталды.

Қалың ел шықты далаға

Қаптаған үйлер бос қалды.



Көкпар
Тізгіндер тиіп қолдарға,

Қалың ел атқа қонғанда.

Ақ үйді алған ортаға,

Ұқсады қара орманға.


Аттар да қалған табысып,

Алайық дей ме жарысып.

Атылып көкке шапшиды,

Ауыздықтармен алысып.


Тұяқтар қағып барабан,

Бір дүрбі жерден тараған.

Үзеңгілер де үн қосты,

Тебінген кездеәр адам.


Бір желік бітіп денеге,

Кеудені қуат кере ме.

Елеңдеп ерлер е десті,

Еріксіз қозып делебе.


Ұшқындап көзден тұрды оттар,

Тізгінін тартқан тыңды аттар.

Ортаға тойдың иесі

Лақтырды үйден көкпар.


Аударыспақ

Көлденең тістеп қамшысын,

Қалт етпей бағып қарсысын.

Дебейлеп атын тебініп,

Қолына жиып бар күшін.
Жабысты белге шап беріп,

Шапшыды көкке ат келіп.

Шалқалап бірі түзелді,

Бәріміз бірден «қап» дедік.


Қайрылып қайта ұстасты,

Арпалысқаннан күш қашты.

Тартына жүріп тап берген

Әдісқой ойы іске асты.

Танытып күшін тасыған,

Асырып аттың басынан.

Тайқыды, жерге тастай сап

Алақан қағып жас ұлан.


Қол соқты қауым ұрандай,

Аты да шұлғып сылаңдай.

Жеңілген жігіт жер болып,

Орнынан жатты тұра алмай.


Жамбы алу

Құйындап қатты шауып

Келе жатып,

Сырыққа ілген жамбыны

Алар атып.

Құйындап қатты шауып

Келе жатып,

Жерге иіліп жамбыны

Алсаң

Бақыт.
Оқу-тәрбие үрдісінде қолданылатын ұлттық ойындар



Тәрбиенің қайнар көзі – халықтық педагогика. Балаларды халықтық салт-дәстүрді,әдет-ғұрыпты қастерлеп, құрметтеуге үйреткен, тәрбиелеген

абзал.


Балалардың тіл дамыту мен көркем әдебиет пәндеріне деген қызығушылығын арттыру үшін жарыс,сайыс сабақтарын ұлттық ойын түрлерін қолдана отырып балаларымды ізденімпаздыққа баулимыз.Сабақ барысында ойындар,мақал-мәтелдер,шешендік сөздерді қолдану арқылы болашақ ұрпаққа жақсы тәрбие бере отырып, олардың ұлтын,тілін,дінін,салт-дәстүрін сүюге жол ашамын.

Ойын арқылы өткізген сабақтарда балалар өздерін еркін ұстап, олардың білуге деген белсенділігі артатыны байқалады. Ойын үстінде бала өзін-өзі ұмытып, іс-әрекетке ден қойып,өзгелермен еркін ынтымақтасып, бірге еңбек етуге құштар болатындығы байқалады. Осы тәжірибелердің негізінде ойын элементтерін сабақ үстінде барынша кең қолдануға көше бастадым.

Мысалы, «Сауат ашу»сабағында өткенде түрлі ойын арқылы тақырыпты балаларға қызықты етіп түсіндіруге болады. «Әріптер» мен «Буындар» түсіндіргенде,жарыс ойындары қолданылады. Тәрбиеші суреттерді тақтаға бір жол етіп іледі де,балалар суретке тиісті сөздерді тауып, екінші қатарға жазуды талап етеді. Ойынның тәртібі бойынша берілген сөздерді кім бөгелмей дұрыс және көп айтса, сол ұпай алады. Ұпайды көп жинаған қатар жеңіп шығады.

Мысалы: Биік-аласа; үлкен- кіші; күн-түн; жуан -жіңішке; суық-жылы; жарық- қараңғы; қатты –жұмсақ; кен –тар т.б. ойын жалғаса береді. Белгілі уақытта балалар орындарын ауыстырады. Бөгелмей дұрыс жауап қайтарған бала ұпайды көп алып, жеңіске жетеді.

Кеңістікті өткен кезде ,санамаққа байланысты халқымыздың дәстүрлі айтыс өнеріне орай «Айтыс» ойынын өткізуге болады. Сабақта сан тақырыбына өткенде бала сан ойлап айтады да, екінші бала оның айтқан сан есіміне ұқсайтын күлкілі сөз тауып, жауап қайтарады. Ойынға бүкіл топтағы балалар қатынасады. Бірінші бала «Бір» дегенде;екіншібала: «Топқа тез кір» дейді. Ойынды балалар жалғастыра түседі.


  • Екі.

  • Қашып кетті үйден ешкі .

  • Үш.

  • Жинап алдым көп күш.

  • Төрт.

  • Ол жанып тұрған өрт.

  • Бес.

  • Үлкен адам қателеспес.

  • Алты.

  • Қыз ұзату салты.

  • Жеті.

  • Қуыршақтың аппақ беті.

  • Сегіз.

  • Көршіміз ағайынды егіз.

  • Тоғыз.

  • Мынау сиқырлы қара қобыз.

  • Он.

  • Сыйлыққа тарттым тон, т.б.

Ойынның өткізудегі тәрбинешінің мақсаты –балаларды еркін сөйлей білуге, айтайын деген ойын тез, әрі жүйелі жеткізуге, ойлау қабілетін дамытуға, тіл байлығын арттыра түсуге жету.

Балалардың ойлау қабілетін дамыту мақсатымен «Кім жылдам?» ойынын ұйымдастыруға болады. Ол үшін шеңбер сызылады да, ол тең бөліктерге бөлініп, әрбір бөлікке бір-бірден әріп жазылады. Кейде шеңберді бірнеше қабат етіп, топтағы балалардың санына лайықты сызуға да болады. Айталық,топта үш команда болса, шеңберді үшеу етіп сызып, әр шеңбердің ішіне бір-бірден зат қойылады. Осы шеңбердің ішіндегі затты қай топтың балалары бұрын айтса , солар жеңген болып табылады. Бұл ойын баланың ұшқыр ойлауына,тапқырлықтарын ұштай түсуіне негіз қалайды. Ойынды жұмбақтарды өткен кезде ойнатуға болады.

Тәрбиеші:


  • Кейбір балалар үлкен адамдармен сөйлескенде дөрекі сөйлеседі. Әдеп-

пен сөйлесуді білмейді .

  • Ойынға да, жұмысқа да бос, болбыр болса, ондай баланы кім дейміз?

Жауабы :

Талапты ерге нұр жауады.

Басы аманның малы түгел.

Қарманған қарап қалмас.

Бос белбеу, - дейміз деп жауап берді бала.

- Көрінгеннен қорқатын баланы кім дейміз?

- Сужүрек дейміз,- деп жауап берді бала.

Бұл ойын арқылы балалардың тұрақты сөз тіркестерін жеңіл игеріп,

ұққандарын байқадық.

Балалар «Баян ауылы» және «Бурабай ауылы» деп екі топқа бөлінеді. Топ басшылары сайланады.Сөздер арқылы бір-біріне сәлем жолдайды. Осыдан кейін балаларға ауылға сыйлы қонақтар келгенін хабарлаймын да, сұрақтар қоямын.

Тәрбиеші: 1-топқа. Келген қонақтарға қандай сусын түрлерін ұсынамыз?

Балалар: Қымыз, шұбат, айран, т. б.

Тәрбиеші: 2- топқа. Одан кейін қандай сый –құрмет көрсетеміз?

Балалар:: Мал сойып, сый табақ түрлерін көрсетеміз.

Тәрбиеші: Сый табақтың қандай түрлерін тартамыз?

Балалар: Бас табақ,құда табақ, жай табақ,қыз табақ, күйеу табақ.

Ойын « Табақ тарту». Үстел үстіне бас табақ жасалынып(қойдың басы,

жамбас, асықты жілік салынған), кеселерге қымыз, шұбат,айран құйылып қойылған.Әр мүше мен сусындардың қасына карточкалар қойылған.

«Баян ауылының» үш бала шығып,карточканы алып, қасындағы мүшенің атын атап, сұраққа жауап береді.

1-карточка (бас) Сан дегеніміз не ?Санамақ айтып бер.

2-карточка (жамбас) Дауысты дыбыс, дауыссыз дегеніміз не?

Мысал келтір.

3-карточка(асықты жілік). Тыйым сөздерді айт.

Ал «Бурабай ауылының» үш бала кеседегі сусындарды атап, карточкалардағы мына сұрақтарға жауап береді.

4-карточка (қымыз) Негізгі Әріп дегеніміз не? Мысал келтір.

5-карточка ( шұбат) Сөйлем құра.

6-карточка ( айран) Мақал-мәтелдерді айт.

Әрине, әр сабақты тақырыпқа байланысты түрлендіріп отыру- әр тәрбиешінің шеберлігі. Сонда балалардың ана тіліне деген қызығушылығы мен ықылас-ынтасын арттырамыз,ұлттық ойын түрлерін ,ауыз әдебиеті үлгілерін сабақта пайдалана отырып, ұлттық дәстүрге деген балалардың саналы көзқарастарын қалыптастыратын боламыз.



Арынды арқан
Ойнаушылар дөңгелене шеңбер құрып тұрады. Бір ойыншы арқанның екінші бір жақ ұшын ұстап, шеңбер ортасында тұрады. Екінші ойыншы арқанның екінші ұшына таяқшы байлап, шеңбер бойымен айналдырады. Ал балалар секіріп арқанды аяқтарының астынан өткізіп тұрулары керек. Кімде-кім арқаннан секіре алмай қалса, сол бала ойыннан шығады да, көпшіліктің ұйғаруы бойынша ортада өнер көрсетеді.

Немесе, былай да ойнауға болады: арқаннан секіре алмай қалған бала ойыннан шығып қалады, осылайша бір ойыншы қалғанға дейін арқанды айналдыра беруге болады, соңғы қалған бір ойыншы жеіңмпаз атанады.

Ойынның екінші түрінде командаға бөлініп ойнауға болады. Белгіленген уақыт аралығында қанша бала қалады, солардың санына байланысты. Қай команданың балалары көп қалса, сол команда жеңімпаз атанады.

Сақина жасыру
Бұл ойын жасөспірімдер арасында ойналады.

Ойынды өткізу үшін басқарушы және сақина іздейтін кезекші белгіленеді. Қалған ойышылар дөңгелек шеңбер бойымен отырады тізелерін көтеріп, оның үстіне алақандарын ашып қояды. Ойын жүргізуші қарсы жұмған алақанның ішіне қолына сақина алып, әр ойыншының қолына қолын кіргізіп, сақинаны бірінде қалдырады. Басқаруша жұмулы қолын әрбір ойыншының қолына салысымен, олар алақанын жаба қалады. Сақина жасырылғаннан кейін, ойын жүргізуші күні бұрын сайланған кезекшіден «Сақина кімде» деп сұрайды, осы кезде барлық ойыншы тынышталады. Кезекші сақинаның кімде екенін табуы керек. Егер кезекші сақинаның кімде екенін тапса, онымен орын ауыстырады, ал егер таба алмаса, өлнң айтып, би билеп т.б. көрсетеді де, өз қызметін қайтадан атқарады.


Бұғнай
Ойын жүргізуші ойынға қатысушыларды айнала отырғызып жүріп, бірінші «бұғнай», екінші «бұғнай», үшінші «бұғнай» т.б. деп бас-басына реттік санмен атап шығады да, кез-келген бірін, мәселен он жетінші бұғнайды дауыстап шақырады. Ата аталған бұғнай орнынан ұшып тұрып, келесі біреуін шақыруы керек. Әдетте малдасын құрып не жүресінен отырған балалар бірден тез тұра алмай қалады, ал кейбір сасқалақ ойыншы аты аталмаса да, орнынан атып тұрады. Мұндай ойыншылар айыпты саналып, көпшіліктің ұйғаруымен ортаға шығып, өнер көрсетеді.
Дауыста, атыңды айтам
Ойнаушылар қол ұстасып дөңгелене шеңбер жасайды. Көзі байлаулы бір ойыншы шеңбердің ортасында тұрады да, қолындағы таяғын шеңбер бойында тұрған ойыншылардың кезкелгеніне ұсынып – дауыста, атыңды айтам,-дейді. Таяқтың екінші ұшынан ұстаған ойыншы атын біліп қоймас үшін әдейі дауысын бұзып шығарады. Шеңбер бойындағы ойыншылар белгілі бір бағытпен үнемі қозғалыста болады. Көзі байланған ойыншы бірінші таяқ ұсынған ойыншының атын дұрыс тапса, сол ойыншымен орын ауыстырады. Таба алмаса, таяғын екінші ойыншыға ұсынады, оны таба алмаса, келесіге ұсынады, осылайша үш ойыншының атын анықтай алмаса, ойыннан шығып қалады.
Жаяу тартыс
Ойынға қатысушылардың ішінен екі ойыншы ортаға шығады да, екі басы біріктіріліп түйілген тұйық арқанды мойындарына іліп қолтық астынан өткізіп, екі жаққа қарай тартады. Ойынның мақсаты – ойыншылардың бірін-бірі тартып белгіленген мезеге дейін жеткізу. Қайсысы бұрын жеткізсе, сол ойыншы ұтқан болып есептеледі. Осылайша ойнаушылардың барлығы қатысып болғаннан кейін ғана жеңіске жеткен ойыншыны жариялайды.
Жаяу аударыспақ
Мұнда балалар «Батырлар соғысы» деп те атайды. Ойынға қатысушылар екі топқа бөлінеді. Әркім бір-бір баланы ат қылып мінеді де, соның үстінде отырып тартысады. Астындағы балалар тыныш тұрады. Аударысқандардың қайсысы құлап қалса немесе аяғы жерге тиіп кетсе, сонысы жеңіледі.
Жаяу көкпар
Ойын – күні бұрын белгіленген жерде өткізіледі. Ойынға қатысушылардың санына шек қойылмайды..

Ойнаушылар көмбеде бір сызықтың бойында қатарға тұрады. Ойын жүргізушінің белгісі бойынша көмбеден 10 адымдай жерде жатқан көкпарды екі, төрт жүз әрі кеткенде бір шақырымдай жердегі екінші көмбеге кім бұрын әкелсе , сол ұтқан болады.

Егерде екінші бір ойыншы жол ортада қуып жетіп басып озатындай шамасы болса, көкпарды қарсыласының қолынан алып кете береді. Ал көкпарды алып келе жатқан ойыншының мұндай жағдайда қарсыласуына болмайды. Көкпардың орынна түйілген орамалды пайдалануға болады.
Жаяу көкпар

/екінші түрі/
Ойынның бұл түрінде екі немесе одан да көп топқа бөлінеді де, енді көкпарды көмбеге бұрын әкелген ойыншының өзі емес, сол ойыншының тобы жеңімпаз атанады. Ойын қайталанған жағдайда басқа ойыншылар қатысады.

Көрші
Ойнаушылар екі-екіден отырады да, бір ойыншы жалғыз қалдырылады. Ойын жүргізушінің мақсаты – сыңар қалған ойыншыға көрші іздеу.

Ойын жүргізуші: - саған кімнің көршісі керек?-деп сұрайды.. егер ол аразбын десе, сыңар ойыншыға келіп көрше болады. «Татумын» десе тату болғаны үшін, яғни көршісін бермегені үшін жаза тартады, сыңар ойыншының ұйғаруымен көпшілік алдында өнер көрсетеді. Ал сыңар қалған ойыншы көрші іздейді. Осылайша ойын жалғасады.



Салт-дәстүрді таныстыру барысында қолданылатын ұлттық ойын

Мақсаты: Ұлттық ойын арқылы балалардың бітімінің дұрыс қалыптасуына жетілдіру, тілін дамыту, ой танымын кеңейту. Ата-бабамыздың ерекше дәстүріне, бай мәдени мұрасына қамқорлықпен қарау, халқымыздың тұрмыс тіршілігіне байланысты дүниеге келген киіз үйдің ұлттық мақтаныш екенің бала санасына жеткізу. Балаларды туған еліне сүіспеншілік сезімдерін, татулыққа, сыйластыққа тәрбиелеу.

Салт – дәстүр: «Тұсау кесу»

Мақсаты : Ұлттық ойын арқылы балалардың бітімінің дұрыс қалыптасуына жетілдіру, тілін дамыту, ой танымын кенейту. Ата- бабамыздың ерекше дәстүріне, бай мәдени мұрасына қамқорлықпен қарау, халқымыздың тұрмыс- тіршілігіне байланысты дүниеге келген киіз үйдің ұлттық мақтаныш екенің бала санасына жеткізу. Туған еліне сүйіспеншілік сезімдерін тәрбиелеу.



Кіріспе : Ән - күй залына кіру.

Тәрбиеші : Құрметті қонақтар, Ата-аналар, тәрбиешілер, балалар.

Казір « Қызғалдақ» тобынын балалары «Тұсаукесер» - салт-дәстүрін көрсетеді.



Тәрбиеші: Балалар сендер қандай салт-дәстүрлерді білесіңдер?

Балалар: Шілдехана

Ат қою


Бесікке салу

Қырқынан шығару

Тұсаукесер

Сүндетке отырғызу

Тілашар

Қыз ұзату



Әже : Отағасы, бүгін немереміздің Айболдың тұсауын кесетін күн ғой, кімге кестіреміз ?

Ата : Ия, тұсауын кесіп, алғашқы қадамына, арнап елді шақырып той өткізу керек.

Әже : Ендеше бәйбішелер көп қой, сол бәйбішелерге сайыс- өткізу керек. Сайыста жүн түтеді, жүнді бірінші түтіп берген бәйбіше тұсауын кеседі.

Ата : Дұрыс айтасын, онда бәйбішелерді сайыстырған соң, сайыста кім женеді, соған тұсауын кестіреміз. Ұлкен немерем Ануар қайда ?

Бар, қонақтарды шақыр, той болады деп.



Ануар : Сүйінші, сүйінші, бүгін біздің үйде той болады, бауырым Айболдың тұсауын кеседі – деп (кіреді). Келіндер, келіндер біздің үйге.

Сөзге ұста,

Ойға нық,

Атам біраз ойланып : «Шақыр» - деді, - келсін тез,

«Тұсаукесер» тойға жұрт – деп барып Айболдың қасына отырады.

Қонақтар келеді.



Сайыс : Жүн түту.

3- Бәйбішілер шығады, Аида бәйбіше, Алима бәйбіше, Амина бәйбіше.



Тәрбиеші: «Тұсаукесер» - рәсімін, сәбиді қаз тұрғаннан кейін тез жүріп кетсін деген тілекпен жасалатын ғүрып, ырым.

Ол үшін арнайы ала жіп дайындалады. Сол ниеттен баланың аяғын жылдам басатын әйелге қидырады.

Сүріншек, жайбасар адамға кестірілмейді. Тұсауы кесілген баланы қолынан ұстап тез жүгіртеді, шашу шашады. Баланың ата- анасы кесушінің кәдесін береді. «Тұсаукесердің» арнайы жыры бар, жібін дайындаудың бірнеше түрлері, жолдары, сенімдері де бар.

Көбейіп, көгере берсін деп – көк шөптен есіп жасайды.

Бай болсын деп малдың тоқ ішегінен де өреді.

Адал болсын деп ала жіптен де жасайды.Өмірдегі кездескен қиыншылықты женіп, қойған мақсатына жетсін- дейді.

Ерте кезде «Тұсаукесер» өткен соң балаға Ат пен ертоқым сыйлыққа тартылған екен, балаға

Енді «Тұсаукесер»- рәсімің бастаймыз.

Аида бәйбіше мен болдым – деп айтады

Әже : келінім Назым әкел қайшынды, әкел ақ матанды, ала жібінді бер – ала жіппен кессе адал болады – деп айтатын үлкендеріміз. Назым келініқайшы, ала жіп әкеледі.

Баланың аяғын ала жіппен, тұсайды.



Аида бәйбіше : Қаз – қаз , балам, қаз балам

Қадам бассан мәз болам.Күрмеуінді шешейін

Тұсауынды кесейін деп (қайшымен ала жіпті қияды.

Қаз-қаз балам, қаз балам.

Тақымынды жаз балам.

Қадамынды қарайын.Басқанынды санайын

Қаз- қаз балам жүре ғой

Балтырынды құрай Балтырыниды түре ғой – деп (балана 3-4 рет аттатады).



Ата: Е- құлыным.

Қаз-қаз балам жүре ғой

Балтырынды түре ғой

Тай- құлын боп шаба ғой

Озып бәйге ала ғой.

Қаз- баса ғой, қарағым

Құтты болсын қадамын

Өмірге аяқ баса бер

Асулардан аса бер.

Әже: Тәй- тәй балам, тәй балам,

Жүре қойшы жай, балғын

Қарыс сүйем қаз бастың

Қадамыңнан айналдым.



Назым келін : Құйылғандай көктен нұр,

Ғажап дәстүр екен бұл

Тұсау үзген

Құлындай


Мәз – мейрам боп бөпем жүр.

Тәрбиеші :Ал құрметті қонақтар бүгінгі салт- дәстүріміз «Тұсаукесер» кімнің қандай тілегі бар?

Диана : Сары тісті болсын,

Ақ шашты болсын,

Өмірін ұзақ болсын,

Уайымын аз болсын.



Альтаир : Ала биен құлындап

Ала тауға сыймасын

Қара биен құлындап

Қара тауға сыймасын.



Дайана : Туған елді,

Туған жерді даттама,

Туған тілден безгендерді

Мақтама


Қазақ ұлы деген атқа сай болып

Ұлттық әдет, салт- дәстүрден аттама.



Тәрбиеші: Рахмет, қонақтар тілектерініз қабыл болсын.

Енді ауылдың екі ауыз өленің айтайы

Әнсіз- тойдың сәні келе ме?

Ән : « Дастархан»


  1. Ей, халайық, халайық

Бар өнерге салайық

Ас ұсынып бас тартқан

Жайнап тұр дастархан.

Қайырмасы : Дастархан – ау, дастархан

Берекелі дастархан,

Мерекелі дастархан, ей-ей.

2. Жақсы келсе құт болар

Жаман келсе жұт болар

Жолаушылар біз деген

Асыл мұра іздеген.

Қ-сы

3. Айналайын ағайын



Үміт отын жағайын

Уайым қағы жоқ болсын

Қуанышымыз көп болсын.

Тәрбиеші : Енді қонақтар ұлттық ойындар ойнайық «Күш-сынасу»

Ата : Ал енді батамен ел көгерер, жанбырмен жер көгерер- дегендей ақсақал Ғаламат, ақсақал Сардар бата беріңіздер мына немере Айболға.

Ғаламат ақсақал : Біс-міл-лә, рах-ман- и- ра –хим.

Шынға өрле-

Тартыңба да алқынба,

Шындық үшін

Ақ алмастай жарқылда.

Сүйіндір де,

Сүініш бол еліңе,

Сүрігенде-

Арқа сүйе халқына!

Аумин!


Сардар : Отырған жерің орда болсын,

Барған жерің базар болсын

Жүзін жарқын болсын!

Тілін ұзын болсын.

Жортқанда жолын болсын!

Денсаулығын мықты болсын!

Берген батам осы болсын.

Аумин!


Каталог: storage
storage -> Перспективы развития угольной промышленности
storage -> Қазақстан Республикасы Үкіметінің
storage -> Техникалыќ жјне кјсіптік білім беретін кјсіптік оќу баєдарламаларын жїзеге асыратын білім беру ўйымдарына оќуєа
storage -> Мектеп жасына дейінгі балалардың таным белсенділігін арттыруда көрнекі құралдарды қолданудың тиімділігі
storage -> Қазақстан республикасының Қосымша білім беру педагогикалық Қызметкерлерінің секциясы «Қосымша білім беру саласын жаңҒырту арқылы білім алушылардың ҚОҒамдық санасын қалыптастыру»
storage -> Бағдарламасы өткізу орны: Астана қ., ҚР инвестициялар және даму министрлігі Өткізу мерзімі: 2016 жылғы 18 қараша
storage -> Нұрсұлтан Назарбаев. Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру 12 сәуір 2017 ж
storage -> Батыс Қазақстан облысы білім басқармасы мектепке дейінгі, жалпы орта, техникалық
storage -> «Пайдалы қазбаларды барлау мен өндіру кезінде жер қойнауын ұтымды әрі кешенді пайдалану жөніндегі бірыңғай қағиданы бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 10 ақпандағы №123 Қаулысы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©kzref.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет