Қазақтың ұлттық ойындары – тәрбие көзі әдістемелік нұсқау Астана 2011 Пікір жазған



жүктеу 1.36 Mb.
бет6/8
Дата16.09.2017
өлшемі1.36 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8

Тәрбиеші : Жүгіре қойшы, құлыным,

Желбіресін тұлымын

Елгезек бол, еріңбе

Ілгере бас, шегінбе – деп Айболға баламызға айтқым келеді.



Әже : шашу шашады.

Тәрбиеші : Осымен бүгінгі «Қызғалдақ» тобында өткен, «Тұсаукесер» дәстүрімізді аяқтаймыз.

Келіп көргендерінізге рахмет.

Сау болыңыздар. Тойға той ұлассын.

Қимыл – қозғалыс ойындары

Үрпек төбет

Балалардың біреуі төбетті бейнелейді. Ол алға қойылған екі қолының үстіне басын қойып, еденде жатады. Қалған балалар тыныш қана мына тақпақты айтып, оның қасына келеді.

Алдыңғы екі аяққа басын сұғып,

Мінекей, үркек төбет жатыр сұлық.

Белгісіз жатқан ұйықтап, яки қалғып,

Момақан, сырт пішіні жуас, салғырт.

Оятайық, жақындап барайық та,

Қайтер екен содан соң, қарайық та.

Балалар оған еңкейіп, атын атап, алақандарын шапалақтап, қолдарын сермеп, төбетті оята бастайды. Төбет ұшып тұрады да қатты үреді. Балалар тым – тырақай қаша жөнеледі. Төбет олардың артынан қуып, біреуін ұстап алғысы келеді. Балалар бәрі бет – бетімен қашып кеткенде және тығылып қалғанша төбет қайта орнына келіп, жерге жатады. Ойын қайта жалғасады. 3-4 рет қайталанады.

Нұсқау.

Егер төбетті тәрбиеші бейнелесе, онда ол орындықта немесе орындықта отырып ұйықтайды.



Мекиен мен балапандар

Ойынға қатысушы балалар – балапандарды, тәрбиеші – тауықты бейнелейді. Балапандар ұябасармен үйлерінде (тіреулердің немесе орындықтың арасында 35-40 см биіктікке жіп тартып, қоршалған орын). Бір шетте үлкен құс тұрады. Ұябасар жіптің астынан еңбектеп, жем іздеуге аттанады. Ол «ко-ко-ко-ко» деп балапандарын шақырады. Оның шақыруы бойынша балапандар жіптің астымен еңбектей өтіп, ұябасарға қарай жүгіреді. Тауықпен бірге серуендейді, жем іздейді, еңкейеді, жүрелейді. Тәрбиешінің «Үлкен құс ұшып келеді» деуі бойынша барлық балапан тез қашып кетіп, үйге тығыла қалады. Ойын 3-4 рет қайталанады.



Нұсқау

Балапандар үлкен құстан қашып барып, үйге келгенде, тәрбиеші жіпті сәл жоғары көтереді, өйткені балалар жіпке тиіп кетпеуі керек. Одан арғы уақыттарда ұябасардың рөлін балалардың өздері де орындай алады.



Жоғары лақтыр

Бала допты мүмкіндігінше басына асырып, тура лақтыруға және оны қағып алуға тырысады. Егер бала допты ұстай алмаса, онда оны еденнен көтеріп алып, қайтадан барынша жоғары лақтырады.



Нұсқау

Баланың допты бір қолмен де, екі қолмен де лақтыруына болады.



Допты қағып ал

Балаға қарама – қарсы одан 1,5-2 м қашықтықта үлкен адам тұрады. Осы допты балаға лақтырады, бала оны қайта лақтырады. Осы уақытта ересек адам: «Ұста, лақтыр, түсірме!» дейді. Әр допты лақтырумен қатар айтылады. Сөзді бала допты қағып алып, асықпай лақтыратындай етіп, жайлап айту керек.



Нұсқау

Допты қағып алу мен лақтыру дағдыларын меңгеруіне қарай бала мен үлкен адамның ара қашықтығын алыстатуға болады. Егер екі бала ойнайтын болса, үлкен адам олардың допты жақсылап лақтыруын және қағып алғанда кеуделеріне қысып тұрмауларын қадағалауы керек.



Кімнің даусы екенін тап

Балалар шеңбер бойымен ортадан теріс қарап тұрады. Тәрбиеші шеңбердің ортасында тұрады, үй жануарларының бірінің немесе құстың даусына келтіріп айтады. Бұдан кейін балалардың барлығы беттерін шеңбердің ортасынан қаратып бұрылады. Тәрбиеші кімге тап десе, кімнің даусы екенін сол таюады. Ойынды жүргізуші жаңадан тағайындалады. Ойын 5-6 рет қайталанады.



Нұсқау

Егер бала қандай жануардың немесе құстың даусын салуға қиналса немесе құстың даусын салуға қиналса немесе білмесе тәрбиеші оған көмектеседі.



Жасырулы тұрған не?

Балалар шеңбер бойымен қатарласа сап түзеп тұрады. Тәрбиеші балалардың көзінше 3-5 затты (кубик, жалау, сылдырмақ, доп және бақа заттар) еденге қояды да, оларды естерінде сақтауды өтінеді. Бұдан соң ойнаушылар тәрбиешінің белгісі бойынша шеңбердің ортасына арқаларымен немесе беттерін қабырғаға қаратып тұрады. Тәрбиеші әлгі заттардың бір – екеуін жасырады да: «Қараңдаршы!» - дейді. Балалар шеңбердің ортасына бұрылады да, заттарға зер сала қарап, қайсылары жоқ екенін естеріне түсіреді. Тәрбиеші кейбір балаларға кезекпен жақындайды да, ал олар қай заттардың жасырылғанын сыбырлап айтады: Ойнаушылардың көпшілігі тығылған заттарды дұрыс атаған кезде, тәрбиеші олардың атын дауыстап айтады. Ойын 4-5 рет қайталанады.



Нұсқау

Егер ойынға ойыншықтар пайдаланылса, онда бір тектес ануарларды немесе құстарды я болмаса ағаштарды бейнелейтін бір тектес ойыншықтарды іріктеп алған дұрыс. Ойынға негізгі түстерді айыра бөлуді де алуға болады. Бұл үшін әр түсті кубиктерді, жалаушаларды, сақиналарды таңдап алады. Ойынды былай да жүргізуге болады: тәрбиеші бір затты алып ұстағанда, бір бала теріс қарайды, ол қандай заттың жасырылғанын анықтайды. Басқа ойыншылар оған сыбырламауы керек.



Бәйге
Ойынның мақсаты: Балаларды ойын арқылы шапшандықты, қиындықты жеңуге тәрбиелеу, төзімділікті баулу.

Ойынның шарты: Бәйге – қызіргі кезде өте жақсы дамыған, әлемге әйгілі ойынның бірі. Бәйге ойының бірнеше түрі бар. Олар: той жарыс (1-2 жасар тайлар жарысы), құнан жарыс (2-ден 3 жасқа дейінгі аралықтағы құнандар жарысы), топ бәйге (3-4 жасар кез-келген жылқы, дөнен-дер жарысы), аламан бәйге (ұзын қашықта жүргізілетін жарыс).

Бәйге ойыны кез-келген жазық жерлерде өткізіле береді. Шабандоздардың санына шек қойылмайды.



Ойынды жүргізу үшін ара қашықтық белгіленеді. Бәйгешілер бір сызықтың бойына қатарға тұрады. Берілген белгіден кейін, олар келесі көмбеге қарай шаба жөнеледі. Көмбеге алғаш шауып келген шабандоз жеңімпаз атанып, ол адамға сыйлық беріледі. Бұрыңғы кездерде күн бұрын ойынға қатысатын аттарды бәйгенің басталар орнына керешілер айдан апаратын болған. Сол жерде аттар кері қарай жарыса шауып келетін межені «Қарауыл төбе» деп атаған.


«Ханталапай»
Ойынның мақсаты: Балаларды дұрыс санау, түсті танытуды жақсы ойналатын ұлттық ойын.

Ойынның шарты: Ойын әуен ырғағымен өтеді. Балалар музыка әуені тоқталған кезде, педагогтің шашқан асықтарын жинап алулары керек. Қызыл асық кімнің қолына түссе, сол ойынды әрі қарай жалғастырады.


Қыз қуу
Ойынның мақсаты: Ойынды қызығушылықты дамыту және ойын ойнауды үйрену.

Ойынның шарты: Қыз қуу – ашық алаңда жүргізілетін қызықты және әдемі ұлттық ойын. Ойынға атқа мінген қыз бен жігіт қатысады. Алдымен ара қашықтығы 1-2 шақырымдай екі көмбе белгіленеді. Бірінші көмбеде жігіт, ал, қыз оның ат жағында он адымдай жерде тұрады. Берілген белгіден кейін қыз екінші көмбеге қарай шаба жөнеледі. Қыз жігіттің жанынан өте бере, жігіт қызды қуып жетуге қамданады. Егер жігіт қызды қуып жетсе, құшақтап сүйеді. Қыз бен жігіт көмбеге жеткен соң кері қарай шабады.



Тауық күрес
Ойынның мақсаты: Балаларды төзімділікке, шыдамдылыққа тәрбиелеу.

Ойынның шарты: Оң аяқты көтеріп тұрып, қолдары арттарында, шеңберде екі бала бір-бірін иықпен қағып шығару. Шеңберден шыққан ойыншы жеңілген болып есептеледі.


Аударыспақ
Ойынның мақсаты: Ойынға деген қызығушылықтарын арттарын арттыру.

Ойынның шарты: Аударыспақ – ашық алаңда көгалды ойналатын өте қызықты ойын. Ойынға екі атқа мінген жігіт қатысады. Шабандоздарға белгілі бір уақыт белгіленген дұрыс. Осы уақаттың ішінде екеуі бірін-бірі жеңе алмаса, онда ортаға келесі екі атты ойыншы шығады. Ал, жеңіске жеткен жігіт ойын шарты бойынша келесі жеңімпаз аңықталғанша жалғаса береді.


Орамал тастау
Ойынның мақсаты: Балалардың ойынғы деген қызығушылықтарын арттыру, ойын арқылы тапқырлыққа және шапшандыққа тәрбиелеу.

Ойынның шарты: Ойынға қатысушылардың санына шек қойылмайды. Олар шеңбер жасап дөңгеленіп отырады. Ойын жүргізуші қолына түйілген орамалды ұстап, шеңберді айнала жүгіріп жүріп, кез-келген бір ойыншының артына орамалды байқатпай тастайды. Өзі шеңберді айнала жүгіріп ойыншының қасына отыра қалады. Ойыншы жүргізушінің тастаған орамалын байқап қалса, оны қуып, орамалмен дәлдеп ұрады. Ал байқамаса ортаға шығып, өз өнерін көрсетеді.



Асық ойындары
Ойынның мақсаты: Шапшаңдық пен жалпы төзімділікті, мақсатты дамыту. Балалар тапқырлыққа, ептілікке, батылдыққа тәрбиелеу.

Ойынның шарты: Асық ойындарына қой, арқар, еліктің асықтары пайдаланады. Олар түрлі бояулармен боялып, ірі қара малдың асықтары сақа етіп алынады. Асықты жерге иірген кезде төрт түрлі қалыпта түседі: алшы – асықтын тік тұрғандағы иректеу болып біткен ойық беті, тәйкі – асықтың тік тұрғандағы алшыға қарама-қарсы томпақтау беті, шік – бүкке қарама-қарсы асықтың екпетінен жатқан ойық жағы.


Күн мен түн
Ойынның мақсаты: Балаларды шапшандылыққа, татулыққа, сыйластыққа тәрбиелеу.

Ойынның шарты: Бұл ойын алаңда ойналады. Алаң ортасына көлденең сызық сызылады да, оған қарама-қарсы екі жағынан әрбір бір метр сайын тағы екі сызық сызылады. Ойыншылар саны жағынан бірдей екі топқа бөлінеді. Топтың біріне «күн», екіншісіне «түн» деп ат қойылады. Мәселен: ойын жүргізуші «күн» деп дауыстаса, «түн» тобындағы ойыншыларды мәре сызығына дейін қуып барады. Ойынның мақсаты қарсыластар тобынан көп адам ұстау.


«Қол күрес»
Ойынның мақсаты: Жылдамдық – күш сапасын мақсатты дамыту. Балаларды құрбыларының қимылдарын бағалауға үйрету.

Ойынның шарты: Ортаға екі ойыншы шығып, кілемнің үстіне жамбасынан жатады. Олар бас бармақтарын айқастыра қолдарын жымдастыра тік ұстайды, қолының күші көп ойыншы қарсыласының қолын жерге тигізуі керек.


Арқан тарту
Ойынның мақсаты: Балалардың ойынға деген қызығушылықтарын арттыру ептілікке, сыйластыққа тәрбиелеу.

Ойынның шарты: Арқан тарту – топ болып ойнау. Оған қатысушылар теңдей екі топқа бөлінеді. Арқанның қақ ортасынан белгі үшін түйін түйіледі. Ойынға қатысушылар өз топтарымен бірге екі жақтан арқанды белге салып өз жағына қарай тартады. Ортадағы көлденең сызықтан қай топ бұрын сүйреп өткізсе, солар жеңіп, жүлде алады. Ойынды жеңіске жету үшін қара күшпен қатар әр топтың қозғалысындағы бірыңғайлық, ұйымшылдық қажет.

Шаңырақ
Ойынның мақсаты: Ойын арқылы киіз үйдің құрамымен таныстыру. Дұрыс сөйлем құрастыру дағдыларын қалыптастыруда ойналатын ұлттық ойын.

Ойынның мазмұны: Балалар шеңберде тұрып мына өлең жолдарын айтады:

Қолымыздан ұстайық,

Керегені жазайық.

Уық болып иіліп,

Шаңырақты құрайық. (әркім өз қолына қандай түсті лента ұстағанын айтады)



Тауық күрес немесе итеріспек
Үлкен шеңбер сызылады да ортаға екі ойыншы шығады. Олар қолдарын артына ұстап, бір аяқтарын көтеріп, иықпен бірін-бірін итереді. Егер, бір аяқпен секіріп жүріп, екі ойыншының біреуі екінші аяғын жерге тигізбестен қарсыласын шеңбердентиеріп шығарса, жеңгені. Аяғын жерге тигізіп алса, жеңілгені.

Ойнаудың бар сан түрі

Кезектесіп келеді.

Екі аяқ арқылы



Қозғайды бүкіл денені.

Тымақ ұру
Серуен кезінде аулада ойнайды. Бір метрлік шыбықты жерге қадайды да, басына кез-келген бас киімді іледі. Сөйтіп, 20 адым жерде ойынға қатысушы баланың көзін таңып, қолына белбеу ұстады. Ойынның шарты: шыбық басына кигізілген тымақты (бас киімді) ойыншы қолындағы белбеумен қағып түсіруі қажет. Белбеумен үшке дейін рұқсат етіледі.

Орамал тастау
Ойыншылар екі топқа тең бөлінеді де, арсаы он адымдай екі сызықтың бойыны қарама-қарсы қатар жасап тұрады. Ойын жүргізушісі қолындағы ормалын бірінші топтағы өз жағындағы шеткі ойыншыға береді. Ол орамалды қарсы қатардағының біреуіне тастайды да: - Қа, - деп дауыстайды, ал орамал тасталған ойыншы оны қағып алып – Ғаз, дейді, болмаса – Ла, дейді. Сонда қағаз, қала т.б. сөздер шығады. Айтылған сөз екі буыннан тұруы керек. Орамалды қағып алған ойыншы айта алмай қалса ойыннан шығады. Солай ойын жалғасып қай топта көп бала қалса сол топ жеңеді.


Қазан доп
Шеңбер сызылады да сәл ортасына қазанға ұқсас шұңқыр тұрады. Қазан шұңқыр мен шеңбердің арасы жарты метрдей болуы тиіс. Шеңберде тұрған балалардың қолында үлкендігі орташа жұмсақ доп болуы тиіс. Ал, бір бала қазанды қорғап, оған допты түсірмеуге тырысады. Ал, шеңберде тұрған балалар қазанды дәлдеп допты қазанға дәл түсіруі керек. Қазанға доп көп түссе шеңберде тұрған балалар жеңіске жетеді! Солай ойын жалғаса береді.



Сақина салу
Ойынның мақсаты: Балалардың ойлану, сезім қабілетін дамыту.

Ойынның шарты: Ойын жүргізуші ортаға шығып алақанын қапсыра, қолын отырған ойыншыларға екі алақанының арасындағы сақинаны тастай бастайды. Сөйтіп, бәріне тастап болған соң қайтадан ортаға келіп «ақшамшығымды бер», - деп дауыстады. Осы сәтте сақинаны алған ойыншы «менде», - деп көршісі үшін жауап береді. Сондықтан сақина кімде екенін ешкім білмесе, ойыншылар бірін-бірі ұстап тұрғызбауға тырысады. Егер сақинашы алған ойыншы тұрып кетсе, жазаны сол жағындағы ойыншы тартады, ал тұра алмай қалса өзі тартады.


Асықтар мен оюлар
Мақсаты: Балаларды қазақ халқының ұрпақтан-ұрпаққа мұра болып келе жатқан асығы мен оюын қолдарына еркін ұстап көру. Түстерге ден қою. Оюдың артында жасырынған сөзді оқып, соған толық жауап беру. Ұлттық ерекшеліктеріді, салт-дәстүрін білуге үйрету, тілдерін еркін дамытуға үлкен үлесін қосатын ойын түрі. Балалар шеңбер жасап тұрады. Тәрбиеші бес баланың көзін байлап, қолындағы асықтарды түсін айтады. Тәрбиеші сол асықтың түсіне ұқсас оюды тауып әкелуін өтінеді. Оның артында мынандай сөздер болады:

Қызыл ою – ұлттық бас киім,

Сары ою – жеті қазына,

Көк ою – жеті қару,

Жасыл ою – қазақтың үш биі,

Қоңыр ою – төрт түлік.

Әр бала өз қолындағы асықтың түсіне қарап, оюдағы сөздердерге жауап береді. Бұл ойынды өз тәжірбиемнен қосып отырмын. Балалардың қазақ тілінде оқыту тәсілдеріне үлкен үлесін қосады деп ойлаймын.

Теңге алу

Ойынға қатысушылар тепе-тең екі топқа бөлінеді. Әрқайсысы жеке-жеке шыбық мінеді.

Ойынды бастаушы жүргізеді. Ойын кезегі басталатын жерге сызық сызылады. Одан әрі 20-30 метрдей жерден тереңдігі бір қарыстай шұңқыр қазылады. Шұңқырға 10-10 тас салынады. Содан екі топтан екі сайыскер шығады да, сызыққа келіп қатарласып тұрады. Бастаушының белгісі бойынша шыбық аттарын құйғытып шаба жөнелді. Сол беттерімен әлгі шұңқырға жетіп, қол сұғып жібереді да тасты іліп алып, әрі өтіп кетеді. Шұңқыр тұсында бөгелуге болмайды. Ұпай әр сайыскердің іліп алған тастарының санына қарай есептеледі. Қай топ көп ұпай жинаса, сол топ жеңеді.

Тақия тастау

Балалар шеңбер жасап кілемшенің үстіне отырады. Ойынға бірнеше бала қатысады. Бір бала шығып, қолына тақия ұстап, мына өлең жолдарын айтады:

Аспаймын, саспаймын!

Шеңберді айнала бастаймын!

Біреудің тұсына келгенде,

Білдіртпей тақия тастаймын!

Егер тастаған бала сезіп қалса, жүргізушіні қуып жетуі керек, жүргізуші бос орынға келіп отыра қалады. Қолында тақия бар бала ойынды әрі қарай әндетіп жалғастыра береді.


Қамшы тастау

Ойынның мақсаты: Өлең жолдарын айта отырып, дұрыс сөйлеу үлгілерін қалыптастыру.

Ойынның көрнекті құралдары: Қамшы.

Ойынның мазмұны: Ойынға бірнеше бала қатысады, шеңбер жасап тұрады. Жүргізуші өлең жолдарын айтады.

Аспаймын, саспаймын,

Шеңберді айнала бастаймын.

Біреудің тұсына келгенде,

Білдіртпей қамшы тастаймын.

Егер біреу сезіп қалса, жүргізушіні қуып жетуі керек. Жете алмаса айыбын төлейді.



Аш қасқыр
Ойынның шарты: Ойынға 10-15 бала қатысуға болады. Ойыншылардың арасынан біреуі аш қасқыр болып сайланады. Ойыншылар – қойлар аш қасқырға жеткізбей қашып, жүгірулері керек. Қай ойыншыға болсын аш қасқардың қолы тисе, ол аш қасқырға айналады да, өзі ойыншыларды қуа жөнеледі.
Қыз қуу
Ойын жүргізуші арасы екі шақырымдай жерде көмбе белгілейді. Аттың орнына шыбық ат пайдаланылады. Қыз бала атпен бір көмбеден екінші көмбеге қарай шабады. Ер бала қыз баланы көмбеге жеткізбей, қуып жетуі керек. Егер қуып жете алмаса, келесі көмбеге дейін қыз бала ер баланы қуады.

Көріп қалса білдірмей,

Жақындай түс бір-бірлей.

Тез арада жет дағы ала қаш

Өзгелер қалсын үлгермей.


Қазақша күрес

Ойын алаңының ортасына кілем төселеді.ортаға екі бала шығып күш сынасады. Белбеу арқылы біреуі екіншісіне кілем үстіне құлатып, жауырынын жерге тигізу керек. Жауырыны жерге тиген ойыншы жеңілген болып есептеледі. Күрес кезінде әдіс-айла төбелеске ұқсамау керектігін ойын жүргізуші қатаң бақылау керек.

Топ ішінде ойналар,

Шағыны да болады.

Кімдік көп айналар

Бәйгені сол алады.





Алшы
Ойын басталар алдында әрбір ойыншы сақасын иіреді. Кейде барлық ойыншылардың бір бала уыстап алып жерге шашады. Кімнің сақасы алшы түссе, сол ойынды бірінші бастайды. Ойынға қатысушылар әр ойыншы үш-төрт асық тігіп, кезегімен ата бастайды. Сақа мен асық иірген кезде бірдей жағымен түскен болса, асықты алып әрі қарай ата береді. Сақа алшысынан түсіп, асық басқаша де асықты алады. Сақа мен асықтың жатсы сәйкес болса, асықты алуға болмайды. Кезегін келесі ойыншыға береді. Осылайша жердегі асық таусылғанша ойын жалғаса береді.

Күші көрнеу басымы,

Қарсылас қолын жығады.

Алшы түсіп асығы



Жүлде алып көңілі тынады.


Асық ату
Аумағы 2-3 қадамнан тұратын шеңбер сызылады. Ортасына әр ойыншы келісім бойынша екі-үш асықтан тігеді. Сақасын иіру арқылы кезек алған ойыншылар 5-7 қадамдай жерде тұрып, тігілген асықтарды сақамен ата бастайды. Ойыншы сызықтың сыртына шыққан асықты ғана алады. Егер ойыншы бірдей-бір рет асықты шеңбермен шығара алмаса, ойыннан шығады.Ойыншылардың бәрінің кезегі біткенде ойын қайта жалғасады.


Сыңарын табу
Бұл ойында открыткаларды түрлі формамен екіге боліп қияды да, араластырып, ойын басқарушы көпшілікке таратып береді. Ойынның шарты: әркім өз қолындағы открытка қиындысының екінші бөлегін іздейді, ол адамды тапқан соң екеуі бірігіп өлең айтады, иә би билейді.

Тауық күрес
Ойынның мақсаты: Ойын тәртібін сақтау, балалардың сөздік қорын молайту.

Ойынның көрнекілік құралдары: Ойынға ыңғайлы киім, шеңбер.

Ойынның мазмұны: Жерге аумағы 2-3 метрдей шеңбер сызылады. Ойынға қатынасушылар сол шеңбердің ішінде екі-екіден күш сынасады.қолдарын артына ұстап, бір аяқтарын көтеріп, иықпен, кеудемен тіресіп, қарсыласын шеңберден шығарып жіберуге тырысады. Қайсысы шеңбер шетін басып немесе шеңбер сыртына шығып қалса, сол ұтылады. Жеңімпаз келесі ойыншымен айқасады.





Хан алшы
Ойынның мақсаты: Санамақ айта отырып, балалардың тілін жетілдіру, дұрыс сөйлеу дағдыларын қалыптастыру.

Ойынның көрнекілік құралдары: Асықтар

Ойынның мазмұны: Ойынға 5-10 балаға дейін қатыса береді. Асық көп болуы кеерек. Асық ішінен үлкеніек біреуін қызыл түске бояйды. Оын асық «Хан» деп аайды. Тізулі тұрған асықтарды дәлдей атып тигізулері қажет. «Хан» асықты кім дәлеп атса, сол жеңіске жетеді.

Желілі – рөлді ойын:

Бесікке салу
Ойынның мақсаты: ұлттық салт-дәстүрді қастерлеуге тәрбиелеу.

Ойынның көрнекті құралы: Бесіктің құрал-жабдықтары

Ойынның мазмұны: Әже балалармен әңгімелесе отырып, кішкентайды бесікке салады. Әр бала өзінің тілектерін айтады. Әже бесікті не үшін аластайтынын айта, көрсете отырып, жастығының астына керектігін салады. Балалар өз білгендерін қысылмай жеткізе отырады. Бәрі бесік жырын орындайды.




Қуыр, қуыр, қуырмаш
Ойынның мақсаты: ойын арқылы балалардың тілін дамыту, сөз қорын байыту, ойынға деген қызығушылықтарын арттыру.

Ойынның шарты: Оң қолдың бес саусағын бір жерге түйістіреді де, сол қолмен оны бүктемелеп, саусақтардың басын көрсетіп ғана қапсыра ұстайды. Қасындағы балаға:

  • Ортан қолымды тапшы, - дейді. Екінші бала бір саусақтың басынан шымшып:

  • Міне, мынау, - деп көрсетеді. Егер ортан қолды таба алмаса, мына ережелерді орындайды.

Бас бармақтан бастап, шынашаққа дейін саусақтарын аттарын атап, жұмылдыра береді.

Қайтадан бас бармақтан бастап мына сөздерді пйтып, жазады.



  • Сен тұр, қойыңа бар;

  • Сен тұр, түйеңе бар;

  • Сен тұр, жылқына бар;

  • Сен тұр, сиырына бар

  • Ал сен кішкентай бөбек, әді жас екенсің, қазанның қаспағын қырып жеп, жыламай отыра тұр.

Енді осы шынашақтың өзін алақанның шұңқырына бүгі, тұқырта ұстайды да:

Қуыр, қуыр, қуырмаш,

Балапанға бидай шаш,

Әжен келсе, есік аш,

Қасқыр келсе, мықтап бас, - деп шынышақты шыр айналдырып, баланың алақаның қытықтайды. Оларды істеп бола беріп:


  • Мына жерде қой бар, - деп баланың білезігін түртеді.

  • Мына жерде түйе бар, - деп баланың білегін түртеді.

  • Мына жерде жылқы бар, - деп білектің жоғарғы жағын түртеді.

  • Мына жерде түлкі бар, - деп қолтығына барады да тездете түседі.

  • Мына жерде күлкі бар, - деп қытықтай бастайды. Қытық, қытық!




Каталог: storage
storage -> Перспективы развития угольной промышленности
storage -> Қазақстан Республикасы Үкіметінің
storage -> Техникалыќ жјне кјсіптік білім беретін кјсіптік оќу баєдарламаларын жїзеге асыратын білім беру ўйымдарына оќуєа
storage -> Мектеп жасына дейінгі балалардың таным белсенділігін арттыруда көрнекі құралдарды қолданудың тиімділігі
storage -> Қазақстан республикасының Қосымша білім беру педагогикалық Қызметкерлерінің секциясы «Қосымша білім беру саласын жаңҒырту арқылы білім алушылардың ҚОҒамдық санасын қалыптастыру»
storage -> Бағдарламасы өткізу орны: Астана қ., ҚР инвестициялар және даму министрлігі Өткізу мерзімі: 2016 жылғы 18 қараша
storage -> Нұрсұлтан Назарбаев. Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру 12 сәуір 2017 ж
storage -> Батыс Қазақстан облысы білім басқармасы мектепке дейінгі, жалпы орта, техникалық
storage -> «Пайдалы қазбаларды барлау мен өндіру кезінде жер қойнауын ұтымды әрі кешенді пайдалану жөніндегі бірыңғай қағиданы бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 10 ақпандағы №123 Қаулысы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет