Қазақтың ұлттық ойындары – тәрбие көзі әдістемелік нұсқау Астана 2011 Пікір жазған



жүктеу 1.36 Mb.
бет8/8
Дата16.09.2017
өлшемі1.36 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8

Ойынның мақсаты: Балалардың дұрыс санау, түсті танытуды жақсы ойналатын ұлттық ойын.

Ойынның шарты: Ойын әуен ырғағымен өтеді. Балалар музыка әуені тоқталған кезде, педагогтің шашқан асықтарын жинап алулары керек. Қызыл асық кімнің қолына түссе, сол ойынды әрі қарай жалғастырады.
8 картотека – «Қамшы тастамақ»
Ойынның мақсаты: Өлең жолдарын айта отырып, дұрыс сөйлеу үлгілерін қалыптастыру.

Ойынның шарты: Ойынға бірнеше бала қатысады, шеңбер жасап тұрады. Жүргізушінің өлең жолдарын айтады.

Аспаймын, саспаймын,

Шеңбердің айнала бастаймын.

Біреудің тұсына келгенде,

Білдіртпей қамшы тастаймын.

Егер біреу сезіп қалса, жүргізушіні қйып жетуі керек. Жете алмаса айыбын төлейді.


9 картотека – «Күн мен түн»
Ойынның мақсаты: Балаларды шапшандылыққа, татулыққа, сыйластыққа тәрбиелеу.

Ойынның шарты: Бұл ойын алаңда ойналады. Алаң ортасына көлденең сызық сызылады да, оған қарама-қарсы екі жағынан әрбір бір метр сайын тағы екі сызық сызылады. Ойыншылар саны жағынан бірдей екі топқа бөлінеді. Топтың біріне «күн», екіншісіне «түн» деп ат қойылады. Мәселен: ойын жүргізуші «күн» деп дауыстаса, «түн» тобындағы ойыншыларды мәре сызығына дейін қуып барады. Ойынның мақсаты қарсыластар тобынан көп адам ұстау.
10 картотека – «Тауық күрес»
Ойынның мақсаты: Балаларды төзімділікке, шыдамдылыққа тәрбиелеу.

Ойынның шарты: Оң аяқты көтеріп тұрып, қолдары арттарында, шеңберде екі бала бір-бірін иықпен қағып шығару. Шеңберден шыққан ойыншы жеңілген болып есептеледі.
11 картотека – «Аударыспақ»
Ойынның мақсаты: Ойынға деген қызығушылықтарын арттарын арттыру.

Ойынның шарты: Аударыспақ – ашық алаңда көгалды ойналатын өте қызықты ойын. Ойынға екі атқа мінген жігіт қатысады. Шабандоздарға белгілі бір уақыт белгіленген дұрыс. Осы уақаттың ішінде екеуі бірін-бірі жеңе алмаса, онда ортаға келесі екі атты ойыншы шығады. Ал, жеңіске жеткен жігіт ойын шарты бойынша келесі жеңімпаз аңықталғанша жалғаса береді.
12 картотека – «Қыз қуу»
Ойынның мақсаты: Ойынды қызығушылықты дамыту және ойын ойнауды үйрену.

Ойынның шарты: Қыз қуу – ашық алаңда жүргізілетін қызықты және әдемі ұлттық ойын. Ойынға атқа мінген қыз бен жігіт қатысады. Алдымен ара қашықтығы 1-2 шақырымдай екі көмбе белгіленеді. Бірінші көмбеде жігіт, ал, қыз оның ат жағында он адымдай жерде тұрады. Берілген белгіден кейін қыз екінші көмбеге қарай шаба жөнеледі. Қыз жігіттің жанынан өте бере, жігіт қызды қуып жетуге қамданады. Егер жігіт қызды қуып жетсе, құшақтап сүйеді. Қыз бен жігіт көмбеге жеткен соң кері қарай шабады.
13 картотека – «Сымсыз телефон»
Ойынның мақсаты: Ойында ой-танымын кеңейту.

Ойынның шарты: Ойынға қатысушылар жартылай шеңбер жасап отырады. Ойын жүргізуші бірінші отырған ойыншының құлағына сыбырлап бір сөз айтады. Ол сөді естіген ойыншы сыбырлап екінші ойыншыға айтады. Осылайша барлық ойыншы сөзді сыбырлау арқылы естігенне кейін соңғы ойыншыдан бастап, қандай сөз естігені сұралады. Сөз қай жерде дұрыс айтылмаса, сол жерден телефон сымы үзілген деп есептеліп, үзген бала ойыннан шығарылады.
14 картотека – «Көкпар»
Ойынның мақсаты: Ойын шартын дұрыс түсіндіре отырып, ойынға деген белсенділігін арттыру.

Ойынның шарты: Ойыншылар белгіленген көмбеде сызықтың бойына қатарға тұрады. Ойын жүргізушінің берген белгіс бойынша он адымдай жерде жатқан көкпарды қай озғандары алып қашып, арасы он қадамдай екінші көмбеге қайсысы бұрын келсе, сол ойыншының ұтқаны. Көкпардың орнына басқа да заттарды пайдалануға болады.
15 картотека – «Аш қасқыр»
Ойынның шарты: Ойынға 10-15 бала қатысуға болады. Ойыншылардың арасынан біреуі аш қасқыр болып сайланады. Ойыншылар – қойлар аш қасқырға жеткізбей қашып, жүгірулері керек. Қай ойыншыға болсын аш қасқардың қолы тисе, ол аш қасқырға айналады да, өзі ойыншыларды қуа жөнеледі.
16 картотека «Сақина салу»
Ойынның мақсаты: Балалардың ойлану, сезім қабілетін дамыту.

Ойынның шарты: Ойын жүргізуші ортаға шығып алақанын қапсыра, қолын отырған ойыншыларға екі алақанының арасындағы сақинаны тастай бастайды. Сөйтіп, бәріне тастап болған соң қайтадан ортаға келіп «ақшамшығымды бер», - деп дауыстады. Осы сәтте сақинаны алған ойыншы «менде», - деп көршісі үшін жауап береді. Сондықтан сақина кімде екенін ешкім білмесе, ойыншылар бірін-бірі ұстап тұрғызбауға тырысады. Егер сақинашы алған ойыншы тұрып кетсе, жазаны сол жағындағы ойыншы тартады, ал тұра алмай қалса өзі тартады.

17 картотека – «Тақия тастамақ»


Ойынның мақсаты: Балалардың сөздік қорын, сезу қабілетін бекіту, назар аударып тыңдауларын, шыдамдылығын дамыту.

Ойынның шарты:

Ойын бар, бір ойын бастамақ,

Аты оның – «Тақия тастамақ»

Шеңбер боп отыра қалыңдар,

Болмасын асығу – сасқалақ

Ақырын, аспаймын – саспаймын,

Шеңбердің айнала бастаймын

Біріңнің тұсына келгенде,

Сіздірмей тақия тастаймын.
18 картотека – «Ақ серек пен көк серек»
Ойынның мақсаты: Ойынға деген балалардың қызығушылыған арттыру, көңіл-күйін көтеру, жылдамдыққа, ептілікке, шапшандыққа үйрету.ойын шартын дұрыс түсіндіре отырып, ойынға деген белсенділігін арттыру.

Ойынның шарты: Ойын ашық алаңда өткізіледі. Ойынға қатысушылар екі топқа бөлінеді. Аралары 30-40 метрдей жерде бір-біріне қарсы орналасады. Қаз қатар қол ұстасып тізіліп тұрады. Жеребе бойынша анықталған ойынды бастаушы топтың балалары әндете өлең айтады:

Ақ, серек те, көк серек

Бізден сізге кім керек?

Екінші тотың балалары:

А, ақ серек те, көк серек

Бізге сізден Еркеназ керек – деп бірінші топтағы баланың атын атайды. Сол кезде аты аталған бала өз тобына қосады. Осылайша ойын жалғаса береді. Қай топ өз ойыншыларынан көп айырылып қалса, жеңілген болып есептелінеді.


19 картотека – «Белбеу тастау»
Ойынның мақсаты: Балаларды белсенді қатысуға баулу, шыдамдылығын дамыту.

Ойынның шарты: Ойыншылар екі топқа бөлінеді, ұл мен қыз араласып ойнауға да болады. 50-60 метрдей қашықта екі топ қарама-қарсы тұрады. Екі топтың дәл ортасындағы сызыққа жалау байлап, түбіне белбеу, не шиыршықталған орамал тастайды. Жеребе бойынша бір топтың басшысы саған бара-бара өз ойыншысының атын атайды. Екінші жақтың басшысы әлгі екі ойыншы ортадағы жалауға қарай жүгіреді, бұрын жетіп белбеуді алуға ұмтылды. Кім бұрын жетсе, ала сап екіншісі ойыншыны кері қуады. Ол өз қатарына қашып жеткенше қанша ұрса, сонша ұпай алады. Қатарына дейін қуып барған соң, қолындағы белбеуді тастаай сап, қуған ойыншы қашады. Енді жанағы ұтылған ұпайларын қайтаруға тырысады. Өстіп кім ұпайды көп жинаса, сол жақ жеңеді.
20 картотека – «Арқан түю»
Ойынның мақсаты: Балалардың секіру дағдыларын қалыптастыра отырып, дұрыс секірулеріне көңіл бөлу. Дененің қимыл жаттығуларын дамыту. Балалардың ынтымақты, ұйымшыл болып ойнауларына көмектесе отырып, белгі бойынша қимыл жасап, байқау білуге үйрету.

Қатысушылар: Ойыншылар



Керекті құрал: Арқан

Ойынның шарты: Ойыншылар шеңбер жаспа дөнгелене тұрғаннан кейін, қолына арқаны бар ойын жүргізуші топ ортасына шығып: «Ойынды бастадым» - деп дауыстайды. Содан соң арқанның түйілмеген басынан ұстап шеңбер бойымен айналдырады. Ал ойыншылар болса, секіріп тұрып арқанды аяқтарының астынан өткізіп жібереді. Кімді-кім арқанды өткізе алмай, аяғына тигізіп алса, онда айып тартады. Көпшіліктің ұйғарумен ортаға шығып өнер көрсетеді және ойын жүргізушімен орын ауыстырады. Ослайша ойын одан әрі жалғаса береді.

Қолданылған әдебиеттер


  1. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан Халқына Жолдауы 6 ақпан, 2008.

  2. Бабаев С.Б. «Бастауыш мектеп педагогикасы», Алматы, 2007.

  3. Бабаев С.Б. Оңалбек Ж.К. «Жалпы педагогика», Алматы, 2007.

  4. Бадел А. – Қазақ этнопедагогикасы – бала дүниетанымын қалыптастыру негізі. – Астана 2009.

  5. 8.Молдагаринов Аскар «Казахские детские игры» Алма-Ата «Жалын» 1987.

  6. «Қазақстан мектебі» журналы № 9-10 2005.

  7. Төтенаев Б. Қазақтың ұлттық ойындары. - Алматы, 1994.

  8. М. Әлімбаев, Қ. Баянбаев. Шынашақ, - Алматы, 1992.

  9. Молдагаринов А. Казахские детские игры. - Алма-Ата, 1987.

  10. ТөтенаевБ. Қазақтың ұлттық ойындары. – Алматы, 1994.

  11. Әбілова З. Ә. Этнопедагогика. – Алматы, 1997.

  12. Қоянбаев Ж.К. Педагогика. – Алматы, 2001.

  13. Жарықбаев Қ., Қалиев С. Қазақ тәлім-тәрбиесі. – Алматы, 1995.

  14. Жұмабекова Ф,Н. Мектепке дейінгі педагогика – Астана, 2007.

  15. Табылдиев Ә. Қазақ этнопедагогикасы – Алматы, 2000.

  16. Білімдегі жаңалықтар журналы - №4, 2004.

  17. Отбасы және балабақша журналдары. №1, 4, 5, 7, 2007.

  18. Қазақстан мектебі журналдары. - № 9,10, 2005.

Каталог: storage
storage -> Перспективы развития угольной промышленности
storage -> Қазақстан Республикасы Үкіметінің
storage -> Техникалыќ жјне кјсіптік білім беретін кјсіптік оќу баєдарламаларын жїзеге асыратын білім беру ўйымдарына оќуєа
storage -> Мектеп жасына дейінгі балалардың таным белсенділігін арттыруда көрнекі құралдарды қолданудың тиімділігі
storage -> Қазақстан республикасының Қосымша білім беру педагогикалық Қызметкерлерінің секциясы «Қосымша білім беру саласын жаңҒырту арқылы білім алушылардың ҚОҒамдық санасын қалыптастыру»
storage -> Бағдарламасы өткізу орны: Астана қ., ҚР инвестициялар және даму министрлігі Өткізу мерзімі: 2016 жылғы 18 қараша
storage -> Нұрсұлтан Назарбаев. Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру 12 сәуір 2017 ж
storage -> Батыс Қазақстан облысы білім басқармасы мектепке дейінгі, жалпы орта, техникалық
storage -> «Пайдалы қазбаларды барлау мен өндіру кезінде жер қойнауын ұтымды әрі кешенді пайдалану жөніндегі бірыңғай қағиданы бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 10 ақпандағы №123 Қаулысы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет