Украина президенті Владимир Зеленский медициналық каннабисті заңдастыру туралы заңға қол қойды. Заң бойынша каннабисті тек медициналық, өндірістік және ғылыми қызметте пайдалануға болады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Униан сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: pixabay

"Канабис тұқымдас өсімдіктердің медициналық, өндірістік мақсаттағы айналымын, ғылыми және ғылыми-техникалық қызметке пациенттердің қажетті медициналық көмекке қол жеткізуін кеңейту үшін жағдай жасау туралы құжатқа мемлекет басшысы 13 ақпанда қол қойды.

2023 жылы 28 маусымда Владимир Зеленский парламентте елде психикалық және физикалық сауықтыру саласын дамыту қажет екенін айтты.

Шілде айында Украинаның Жоғарғы радасы медициналық каннабисті заңдастыру туралы үкіметтік заң жобасына бірінші оқылымда дауыс берді.

Денсаулық сақтау комитетінің орынбасары Ольга Стефанишина қазіргі уақытта сарбаздарға, соғыс кезіндегі жарақаттан кейінгі күйзеліске шалдыққан науқастарға, сондай-ақ онкологиялық науқастарға көмектесу маңызды екенін атап өтті. Желтоқсан айының соңында депутаттар заңды екінші оқылымда мақұлдау үшін дауыс берді.

Марихуананы көңіл көтеру мақсатында тұтыну үшін тарату қылмыс болып саналады және оны полиция қудалайды, тек тиісті құжаттары бар заңды тұлғалар ғана өсіре алады. Медициналық каннабис негізіндегі дәрілерді тек электронды түрде алуға болады.


Автор: Даулет Байгонусов

Даулет — природовед и путешественник. Его увлечение природой Казахстана и исследования вносят неповторимый вклад в наше издание.