«Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған



жүктеу 460.87 Kb.
бет3/4
Дата21.04.2019
өлшемі460.87 Kb.
1   2   3   4

Жалаң етістіктерге түбір етістіктер және жұрнақ арқылы жасалған туынды етістіктер жатады. Мыс: ек, жек, оқы, жаз, кел т.б. Жалаң етістіктер, сөйтіп құрылымына қарай түбір етістіктер және туынды етістіктер деген екі топқа жіктеледі.

Түбір етістіктер деп арнаулы морфологиялық бөлшектері жоқ, демек қазіргі кезде морфологиялық жағынан түбір және жұрнақ деп бөлшектеуге болмайтындай етістік формалары аталады. Туынды етістіктерге, әдетте, түбірлерден арнаулы жұрнақтар арқылы жасалған етістіктер жатады.

Етістік сөзжасамында аналитикалық тәсіл өте белсенді қызмет атқарады. Аналитикалық тәсіл арқылы жасалған күрделі етістіктерге тіліміз өте бай. Көне замандардан бері қолданылып , тілді күрделі етістіктермен байытқан бұл тәсіл арқылы жасалған күрделі етістіктердің өзіндік ерекшеліктері мол. Етістіктің аналитикалық тәсіл арқылы жасалуы деп екі етістіктің бір-бірімен тіркесіп, бір күрделі қимыл ұғымын білдіріп, бір күрделі етістік жасауы аталады. Алдымен күрделі етістіктер күрделі қимыл ұғымын білдіреді. Күрделі қимыл ұғымы деп екі түрлі қимылдың біртұтас қимыл-әрекет мәніне ие болған түрін айтамыз.

Күрделі етістіктердің басым көпшілігі күрделі қимыл ұғымын білдіреді, бәрі де осындай деуге болмайды. Бұл ретте құранды етістіктер ерекшеленеді.

Күрделі етістіктер барлық күрделі сөздер сияқты сөйлемнің бір мүшесі болады да, біртұтас ырғақпен, бір екпінмен айтылады. Оның сыңарларының арасында басқа сөз түсе алмайды. Күрдеоі етістіктер бір сөз болғандықтан , сөйлемдегі сөз тұлғасын түрлендіруші қосымшалар етістіктің соңғы сыңарына ғана жалғанады. Мыс: келіп кетті, кіріп шыққан.

Күрделі етістіктің сыңарлары толық сөздерден ғана болады, өйткені олардан күрделі етістіктегі күрделі қимыл ұғымы жасалады. Бұл заңдылыққа құранды етістіктер ғана бағынбайды. Мыс: қызмет ет, құрмет ет, Адам бол т.б. Бұлар көмекші етістіктер арқылы жасалады. Басқа жағдайдың бәрінде күрделі етістіктің құрамы толық мағыналы етістіктерден құралады.

Күрделі етістіктердің бірнеше түрі бар. Олар:



  1. кіріккен күрделі етістіктер;

  2. Тіркескен күрделі етістіктер;

  3. Құранды етістіктер;

  4. Қосарланған етістіктер;

  5. Тұрақты тіркес етістіктері.

Осы аталған күрделі етістіктерге жеке-жеке толық тоқталу керек.

Бақылау сұрақтары:

  1. Етістіктің рай категориясы

  2. Етістіктің шақ категориясы

  3. Етістіктің рай категориясы

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. Алматы: Ана тілі, 1991.

2. Оралбай Н. Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы. Алматы: Інжу-Маржан, 2007
25, 26 -дәріс

Үстеулердің морфологиялық белгілері, жасалу түрлері

14-семинар. Үстеу

1. Үстеу жалпы түсінік.

2. Үстеудің мағыналық түрлері

3. Үстеудің жасалу жолдары

4. Үстеудің сөзжасамдық жұрнақтары.

5. Біріктіру арқылы үстеудің жасалуы.


Үстеудің сөзжасамы деп үстеудің сөзжасамдық бірліктерінің белгілі сөзжасамдық тәсілдер арқылы туынды үстеулер жасауы аталады. Мысалы: балаша қуанды, қыстай оқуда болды.

Үстеудің басқа сөз таптарындай күрделі сөзжасамдық жүйесі болмаса да, өзіндік ерекшелігі бар, белгілі заңдылықтары мен шағын сөзжасамдық бірліктері бар, тілдің сөзжасамдық тәсілдерінің бәрі дерлік қызмет ететін сөзжасамдық жүйесі бар.

Үстеудің сөзжасамдық жүйесінің басқа сөз таптарынан ерекшелігі – олардың жалғаулардың түбірге кірігіп, көнеруі арқылы туынды үстеудің жасалуы. Мыс: алға, бірге, әзірге, күнде т.б. сияқты үстеулер түбір сөздерге барыс, жатыс, шығыс, көмектес септік жалғауының кірігіп көнеруінен жасалған. Бұл тілдік құбылыс басқа ірі сөз табтарында жоқтың қасы. Тек сын есімде өзге, басқа сияқты жекелеген сөздер ғана осы жолмен қалыптасқан. Үстеудің сөзжасам жүйесінде бұл тәсіл арқылы аумақты бір топ туынды үстеулер жасаған. Сондықтан оны үстеу сөзжасамының өзіндік ерекшелігі деп тану керек.

Үстеу де - өзінің құрамын басқа сөз таптары арқылы толықтыратын сөз табы. Үстеудің жасалуында басқа сөз табтарының лексикалық бірліктері негіз сөз қызметін атқарады, өзі де ол қызметке қатысады. Олардың үстеудің өзінен басқа мына сөз таптарын атауға болады. Зат есім, сын есім, сан есім сөздер мен есімдіктер. Тілде қалыптасқан сөзжасамдық тәсілдеріне толық тоқталу.



Бақылау сұрақтары:

1. Үстеудің мағыналық түрлері

2. Үстеудің жасалу жолдары

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. Алматы: Ана тілі, 1991.

2. Оралбай Н. Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы. Алматы: Інжу-Маржан, 2007

27-дәріс

Еліктеу сөздер

1. Еліктеуіш сөздердің семантикалық сипаты.

2. Еліктеуіш сөздердің фонетика, морфологиялық сипаты.

3. Еліктеу сөздердің синтаксистік қызметі.

Тілімізде семантикалық ерекшелігі жағынан да, грамматикалық сыр-сипаты жағынан да, фонетика-морфологиялық құрылымы жағынан да өзге сөз таптарынан оқшауланып тұратын, соған сәйкес, өз алдына дербес сөз табы ретінде қаралатын бір алуан сөздер еліктеу сөздер деп аталады.

Мысалы: арс, гүрс, дүрс, қорс, тарс, күңк, сарт-сұрт т.б.

Еліктеу сөздер дегеніміз - өзіне тән лексика-семантикалық мағынасы, морфологиялық тұлға-тұрпаты бар, дара түрлеріне де, қосарланған түрлеріне де көптік, тәуелдік, септік, жіктік жалғаулары тікелей жалғанбайтын, сөйлемде әрқашан сын-қимыл пысықтауыш болатын және бастапқы түбірлерінен жұрнақтар арқылы туынды есімдер және етістіктер жасалатын сөздер.

Бейнелеуіш сөздер деп табиғаттағы құбылыстар мен заттардың және неше алуан жан-жануарлардың сыртқы сын-сипаттары мен әрекет-қимылдарын көру қабілеті арқылы қабылданған бейне-көріністердің атауларын, яғни атаулары ретінде қызмет ететін сөздерді айтамыз. М/ы: маң-маң, жапыр-жұпыр, жалт-жұлт, тарбаң-тарбаң, едірең-едірең т.б.



Бақылау сұрақтары:

1. Еліктеуіш сөздердің семантикалық сипаты.

2. Еліктеуіш сөздердің фонетика, морфологиялық сипаты.

3. Еліктеу сөздердің синтаксистік қызметі.



Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. Алматы: Ана тілі, 1991.

2. Оралбай Н. Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы. Алматы: Інжу-Маржан, 2007
28,29 -дәріс

Көмекші сөздер. Шылаулар.


  1. Көмекші сөздер

  2. Көмекші есімдер

  3. Көмекші етістіктер

Көмекші сөздер деп нақтылы лексикалық мағыналары я әр түрлі дәрежеде солғынданып, я бүтіндей жоғалып, сөйлегенде жеке дара тұлға есебінде қолданылмай, тек толық мағыналы сөздермен тіркесіп қана жұмсалып, оларға жәрдемші болып қызмет атқаратын сөздерді айтамыз.

Көмекші сөздер көмекші есімдер және көмекші етістіктер болып екіге бөлінеді.

Шылаулар – сөз бен сөздің немесе сөйлем мен сөйлемнің араларын байланыстыру, құрастыру үшін қолданылатын, өздері тіркескен сөздерінің ұғымдарына әр қилы реңктер үстеп, оларға ортақтасып, тұлға жағынан тиянақталған, лексика-грамматикалық мағынасы бар сөздер. Грамматикалық сипаттарына қарай шылаулар 3 жікке бөлінеді: олар- септеуліктер, жалғаулықтар, демеуліктер.

Жалғаулықтар өзара тең бірыңғай сөздердің, бірыңғай сөйлемдердің араларындағы әр қилы қатынастарды білдіреді. Жалғаулық шылаулар салаластырғыш жалғаулықтар және сабақтастырғыш жалғаулықтар болып екіге бөлінеді.

Салаластырғыш жалғаулықтар:

1.Ыңғайластық: мен(бен, пен), және, тағы, әрі, да,(де, та, те),әм

2. Талғаулықты: біресе, әлде, я, бірде, яки, не, немесе, болмаса, не болмаса, құй, мейлі.

Сабақтастырғыш:



        1. Қарсылықты: бірақ, алайда, әйтсе де, дегенмен, әйтпесе, әйткенде, әйтпегенде, сонда да, сүйтсе де.

        2. Себептік: себебі, өйткені,

        3. Салдарлық: сондықтан, сол себепті

        4. Шарттық: егер, егер де, алда-жалда

        5. Айқындағыш: яғни, демек

        6. Ұштастырғыш: ендеше, олай болса, ал ендеше.

Септеуліктер деп обьекті мен обьектінің не предикаттың арасындағы түрлі грамматикалық қатынастарды білдіру үшін қолданылып, белгілі бір септік жалғауын меңгеріп тұратын көмекші сөздерді айтамыз.

Атау септік: сайын, үшін, сияқты, туралы, арқылы,

Барыс септік: қарай, таман,салым, тарта, жуық, шейін, дейін

Шығыс септік: гөрі, бері, кейін, соң, бұрын, бетер

Көмектес септік: қатар, қоса, бірге

Демеуліктер деп өздері тіркесетін сөздерге әр қилы қосымша реңктер жамайтын сөздерді айтамыз.

1.Сұраулық демеуліктер: ма (ме, ба, бе, па, пе), ше


  1. Күшейткіш демеуліктер: -ау, -ай, -ақ, да (де, та, те)

  2. Нақтылық демеуліктер: қой, (ғой), -ды(-ді, -ты, -ті)

  3. Шектік демеуліктер: қана, ғана, -ай

  4. Болжалдық демеуліктер:-мыс, (-міс), -ау

  5. Болымсыздық демеуліктер: түгіл, тұрсын, тұрмақ

  6. Қомсыну демеуліктер: екеш

Бақылау сұрақтары:

  1. Шылаулар деген не?

  2. Демеулік шылауларға мысал келтір.

  3. Жалғаулық шылауларға мысал келтір.

  4. Септеулік шылауларға мысал келтір.

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. Алматы: Ана тілі, 1991.

2. Оралбай Н. Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы. Алматы: Інжу-Маржан, 2007


30-дәріс

Одағайлар. Одағайлардың түрлері.


  1. Одағайлар.

  2. Одағайлардың түрлері.

Одағайлар - өз алдына ерекшеліктері бар сөздер.

Одағайлар негізгі және туынды болып екіге бөләнеді.

Негізгі одағайларға: ау, әй, е, уа, уау, уай, я, пай, оһо, аһа, беу т.б.

Туынды одағайлар: мәссаған, бәрекелді, әттегенай, масқарай, о тоба, япырмай, о дариға т.б.

Бұлардан басқа тілімізде адамға арнай айтылатын: кәні, міне, әні, мә, жә, әйдә, әй, тек, тәйт сияқты одағайлар бар. Бұлар кейбіреулері көрсету,я нұсқау, кейбіреулері ұсыну, кейбіреулері тыю мағыналарын береді. Бұларды ишарат одағайлары деп атаған дұрыс.

Бақылау сұрақтары:


  1. Одағайлардың ерекшелігі.

  2. Одағайлардың түрлері, мысалдар келтіру.

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. Алматы: Ана тілі, 1991.

2. Оралбай Н. Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы. Алматы: Інжу-Маржан, 2007.



Тәжірибелік сабақтар







  1. Сөз және оның морфологиялық құрылымы.

Негізгі грамматикалық ұғымдар және оларды анықтау жолдары

1

1. А.Ысқақов. Қазіргі қазақ тілі. Алматы: Ана тілі, 1991.

2. Грамматикалық категориялар

1

1. Қазіргі қазақ тілінің грамматикасы. І-бөлім. 1967 .

2. С.Исаев. Қазіргі қазақ тіліндегі негізгі грамматикалық ұғымдар. Алматы, 1992 .



3. Сөздің морфологиялық құрамы мен жасалу жолдары. Морфемалар мен жұрнақтар

1

1. А.Ысқақов. Қазіргі қазақ тілі. Алматы: Ана тілі, 1991 ж.

4. Жалғаулар. Көптік, септік, тәуелдік, жіктік жалғаулары

1

1. Н.Оралбай. Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы.

5. Күрделі сөздер. Күрделі сөздерді топтастыру. Біріккен сөз. Кіріккен сөз. Қос сөз. Қысқарған сөз.

1

Шәкенов Ж. Қзақ тіліндегі күрделі сөздер мен күрделі тұлғалар. Алматы: Ана тілі, 199. – 120 б.

6. Зат есімнің жалпы сипаттамасы. Зат есімнің лексика-грамматикалық сипаты, морфологиялық сипаты, синтаксистік сипаты.

1

2. А.Ысқақов. Қазіргі қазақ тілі. Алматы: Ана тілі, 1991.

7. Сын есім. Сын есімнің семантикалық топтары. Морфемалық құрамдары.

1

1. А.Ысқақов. Қазіргі қазақ тілі. Алматы: Ана тілі, 1991.

8. Шырай түрлері


1

1. А.Ысқақов. Қазіргі қазақ тілі. Алматы: Ана тілі, 1991.

  1. Сан есімнің лексика-семантикалық өзгешелігі. Семантика-морфологиялық топтары

1


1. Н.Оралбай. Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы.

2. А.Ысқақов. Қазіргі қазақ тілі. Алматы: Ана тілі, 1991.



10. Есімдіктер туралы жалпы сипаттама


1

1. Н.Оралбай. Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы.

11. Етістіктер. Етістіктің лексика-семантикалық сипаты. Морфологиялық сипаты. Жасалу тәсілі.

1

1. Е.Маманов. Қазіргі қазақ тіл. Етістік. Алматы: 1966 (11-32беттер).

2. А.Хасенова. Етістіктің лексика-грамматикалық сипаты. 1972.



12. Етістіктің грамматикалық категориялары. Етістіктің негізі. Салт, сабақты етістік. Етістер. Есімше. Көсемше. Рай категориясы. Шақ категориясы.

2

1. Е.Маманов. Қазіргі қазақ тіл. Етістік. Алматы: 1966 (11-32беттер).

2. А.Хасенова. Етістіктің лексика-грамматикалық сипаты. 1972.



13. Үстеулердің морфологиялық белгілері, түрлері, жасалу жолдары, мағыналары.

1

Н.Оралбай. Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы. 2007.

14. Көмекші сөздер. Шылаулар. Жалғаулықтар. Септеуліктер. Демеуліктер.

1

1. А.Ысқақов. Қазіргі қазақ тілі. Алматы: Ана тілі, 1991.

15 сағат









5. СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ТАҚЫРЫПТАРЫ


СӨЖ

Тексеру формасы.

1.Қазіргі қазақ тіліндегі мәндес қосымшалар

Жаттығу жұмыстары

2. Қосымша морфемалардың ерекшеліктері

Конспект

3. Қосымшалардың құрамы

Реферат

4. Сөздің морфологиялық құрамы

Реферат

5. Сөзді топтастыру принциптері

Конспект

6. Күрделі етістіктер және олардың жүйесі

Реферат

7. Туынды етістіктің семантикалық құрылымы

Конспект

8. Сөз формалары және олардың жасалу тәсілдері

Реферат

9. Жіктік жалғаудың жалғану жүйесі мен формалары

Жаттығу жұмыстары, конспект

10. Септік жалғаудың қызметі және мағыналары

Реферат


Студенттің оқытушы жетекшілігімен орындайтын өзіндік жұмыстары


1.

Грамматикалық ұғымдардың түрлеріне сипаттама беру.

Грамматикалық мағыналарды, сөздердің арасындағы әр түрлі қатынастарды көрсететін грамматикалық тәсілдерді тестен тауып, бір-бірінен ажырату.



2.

Әр вариантта қолданылған сөйлемдердің грамматикалық мағынасын жасаушы морфемаларды көрсетіп, олардың қай сөз табының қосымшалары екенін, неше түрлі грамматикалық мағына беретінін анықтау.

3.

Тілдің грамматикалық құрылысындағы сөздердің лексикалық мағынасы мен грамматикалық мағынасының сан мөлшеріне қарай ерекшелендіру.

4.

Текст-варианттардағы сөздердің лексикалық және грамматикалық мағыналарына талдау жасау.

5.

Сөздің синтетикалық және аналитикалық формаларының сөз тудырушы жұрнақпен ұқсастығы мен айырмашылығын тиісті тілдік фактілерді салыстыру.

6.

Тексте қолданылған етістіктің аналитикалық формаларының қалай жасалғанын, олардың негізгі сөзі мен көмекші сөзін анықтау.

7.

Қазақ тіліндегі сөздердің морфемалық құрамын анықтау. Негізгі түбір мен туынды түбірді анықтау.

8.

Түбір морфема мен қосымшалар морфемасының мағыналары және қызметтері, бір-бірінен айырмашылық-тарын анықтау.

9.

Жұрнақ пен жалғауды мағыналары мен қызметтеріне қарай бөлінуіне тоқталу.

10.

Сөздерді морфемалық құрамына қарай талдап, ондағы қосымша морфемалардың түрлерін көрсету.

11.

Тәуелдік жалғау мен жіктік жалғау формалары, олардың мағыналары және функциялық ерекшеліктерін анықтау. Аталған екі жалғаудың бір-бірінен айырмашылығы мен ұқсастық жақтарын айыру.

12.

Текстердегі сөздер құрамынан тәуелдік, жіктік жалғауларды тауып, олардың морфология-лық көрсеткіштеріне жан-жақты анықтама беру.

13.

Қазақ тіліндегі сөз тудыратын тәсілдердің негізгі ерекшеліктері мен өзара қарым-қатынастары және тіліміздің лексикалық, грамматикалық жүйелерімен байланыстыру.

14.

Текстердегі сөз тудырушы тәсілдер арқылы жасалған сөздерді тауып, оларды тұлғалық құрамына қарай талдау жасау.

Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Ќазаќстан республикасыныњ білім жєне ѓылым министірлігі
umkd -> Ќазаќстан Республикасы Білім жєне ѓылым министрлігі
umkd -> Бағдарламасы «Мектептегі атыс дайындығы»
umkd -> Семей мемлекеттік педагогикалыќ институты
umkd -> «Кәсіптік қазақ тілі» ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Ќазаќстан республикасыныѕ білім жјне єылым министірлігі
umkd -> Ќазаќстан республикасы
umkd -> «Инженерлік-технологиялыќ факультеттіњ»
umkd -> Ќазаќстан республикасыныњ білім жєне ѓылым министрлігі
umkd -> «Таңдап алған спорт түрінің техникалық, тактикалық және дене дайындығы» пәні бойынша


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет