Қасым-Жомарт Тоқаев кездесу барысында Башқұртстанның Астана мен Мәскеудің екіжақты байланыстарын нығайтуға елеулі үлес қосқанын атап өтті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: aqorda_resmi

Башқұртстан Республикасының басшысы Радий Хабировты қабылдаған мемлекет басшысы кездесудің маңызын атап өтті.

“Қазақстан мен Ресей арасындағы жан-жақты қатынастарға тың серпін беру тұрғысынан алғанда бүгінгі сапарыңыздың мәні зор. Біз индустрия, агроөнеркәсіп кешені және гуманитарлық салалардағы байланыстарымызды әртараптандыру үшін барынша күш саламыз”, – деді Мемлекет басшысы.

Президент бірқатар келісімнің, соның ішінде үкіметтер деңгейінде қол қойылған Ынтымақтастықтың 2023-2024 жылдарға арналған жол картасының табысты жүзеге асырылып жатқанына назар аударды.

Мемлекет басшысы еліміздің өңірлері мен Башқұртстан арасындағы тауар айналымының қарқына оң баға берді.

“Былтырғы 11 айдың қорытындысы бойынша сауда-саттық деңгейінің көрсеткіші 350 миллион доллардан асты. Бұл ретте Қазақстан Башқұртстан Республикасының жетекші сауда серіктестерінің үштігіне кіреді”, – делінген хабарлама.


Автор: Гульжан Оразбаева

Гульжан — исследовательница жизни и достижений знаменитых личностей Казахстана. Ее статьи позволяют читателям взглянуть на страну через призму вкладов ее ярких представителей.