Қазіргі дәуірдегі қазақ әдебиетінің даму бағыттары Мақсаты



жүктеу 82.81 Kb.
Дата21.04.2019
өлшемі82.81 Kb.

Қазіргі дәуірдегі қазақ әдебиетінің даму бағыттары


Мақсаты: жас кітапханашыларға қазақ әдебиетінің туу, қалыптасу, өркендеу жолдарымен, кезеңдерімен, қазіргі заман қазақ ақын-жазушыларының шығармалары жөнінде түсінік беру.
«Сырлас» кітапханасының тарихы жайында
«Сырлас» әдеби қонақжайы Қарағанды облысы бойынша жалғыз таза мемлекеттік тілде кітап қоры жиналған Балқаш қаласынағы ерекше кітапхана. Алғаш ашылу тарихына тоқталсақ белгілі дүлдүл Шашубай ақынның І25 жылық мерей тойы қарсаңына І990 жылы І4 қыркүйекте ашылды.

Ашылмас бұрын қаламыздағы зиялы қауым. Елім,жерім,тілім деп жанкештілік жасап,Кеңес заманының тар құрсауынан әлі сытыла алмай жатқан қиын кездерде І987 ж алғаш «Тіл заңы» қаулысы-дүр сілкініс беріп ,ерен еңбектің арқасында қазақшалануды қолға алу науқанының бастамасы болды десе де болады. Сол кезде жалындап тұрған,қайсар да қайратты,қайтпас қайраткер жерлестер

Хасенова Тұрсын Хасенқызы, Сардарбекова Күләш Ыбжанқызы, Қызылбаева Гүлмара Қызылбайқызы,Шопанаева Ләззат Әменқызы, Башар Жанболат Башарұлы, Тоқтамысов Төлеуқадыр тағы басқаларда ат салысты. Сөйтіп, тас тескен тамшыдай қаланың қақ ортасы: бұрынғы К.Маркс, қазіргі Ш.Уалиханов көшесінен «Сырлас» әдеби қонақ-жайы орын тепті.

Одан кейін 2015 жылы М.Хамзин атындағы Мысшылар сарайына көшірілді. Қазіргі таңда 13,5 мыңдай кітап қоры бар. 2000 дай оқырман, кітап берілімі 38000 ды құрайды.

Кітапхана қызметінде қала тұрғындарына ақпараттың қандай да түрлеріне қажеттілігін, мұқтаждығын қанағаттандыру, қажетті мүмкіндіктерді тиімді пайдаланып, әлеуметтік мәдени ақпарат беру.

Қазіргі таңда сүйікті Балқаш қаламыз күннен күнге көркейіп,безендіріліп жатқанын көрген жастар,жақсы мақсаттар жетегінде. Тәрбиелі жастарымызда аянбай өз үлестерін қосудан жалыққан емес. Атап өтсек кітапханамызда Рухани жаңғыру аясында өткен іс шаралар,Елбасының жолдауына байланысты « Төртінші өнеркәсіптік революция» дөңгелек үстел, Бір ел бір кітап акциясы бойынша «Жол табалық ақылмен » поэзиялық кеш, Латын әліпбиіне байланысты Р.Қошқарбаев атындағы техникалық колледжінде откен «Латын әліпбиіне көшу-уақыт талабы» дөңгелек столға қатысу «Елін сүйген азамат»шолу,»Тіршілік тірегі-татулық»- тәрбие сағаты, Көптеген тақырыпта көрмелер.

«Ата заң әділет шыңы», «Ана тұлға-ана жыр», «Президент жолдауы-халық жағдайын қолдауы», «Болашақ жастар қолында»және де басқа іс шаралары өткізіліп жатады.

2018 жыл- Балалар әдебиетінің жылы жеп қабылданған болатын. Оған арнайы кітап көрмелерін ұйымдастырдық.

Әрине кітапхана ісі бұнымен ғана шектелмейді- сыртта « Жылжымалы кітапханалар»- жұмыс істейді. Онда белгілі кітап сүйерлер Атап өтсек «Балдырған» балабақшасымен жұмыс істейміз.

Қалымбергенов, Б.Қабылов, Ж.Башар.балқаш өңіріне атақты танымал тұлғалар бастаған қаншама оқырмандарымыз бар.

Негізгі тақырыбымызға келетін болсақ:

Қазір қаншама жаңа кітаптар лек легімен келіп жатыр. Кітапхана қоры өте бай десек те болады. Мысалға айтатын болсақ «Бабалар сөзі», «Сарыарқа кітапханасы», «Ақындар аманаты»,Шығыстың ұлылары», «Балалар әдебиеті», «Әдеби жәдігерлер», «Алаш мұрасы»т.б сериялармен толықтырылған. Сөздіктер де жаңартылған.

Ал балаларға базарлық та аз емес. Қызылды жасылды түрлі түсті көркемсуреттермен безендірілген кітаптар көптеп келіп жатыр. Оның ішінде энциклопедиялар, логикалық ойындар, боямақ, Саяхатшы Дара 3-5 жас аралығына көптеген кітап журналдар бар

Ал бұларды насихаттауда біздің жеке «Сырлас кітапханасы»деген фейсбук парақшамыз өте үлкен рөл атқарады деп айта аламын. 2016 жылдан бері келе жатқан парақшамыз небір кітаптарды, ақын жазушылардың шығармаларын, пайдалы кеңестер, видеолар, әндер т.. насихаттайды.

Халық өмірінің белді кезеңдері, дәуір тудырған әлеуметтік, қоғамдық-саяси тартыстар, психологиялық шытырман ахуалдар көркем әдебиетке де негіз болатыны белгілі. Осы тұрғыдан келгенде, әдебиет ұлттық жадыны сақтау құралы ретінде аса маңызды қызмет атқарады. Еліміздің тәуелсіздік алуы ұлттық әдеби өмір шежіресінде жаңа тарихи кезеңнің бастау алуына себеп болды. Қазіргі қазақ әдебиеті – көркем мазмұн мен пішін тұрғысында да, идеялық концептуалдық тұрғыда да жаңарған, толысқан әдебиет. Ұлттық рухтың жаңғыруы әдеби әлемде игі өзгерістер мен құбылыстарға жол ашты.

Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасында алдағы уақытта атқарылатын мәселелерді санамалай келіп: «Алтыншыдан, ұлт мақтанышы біздің бұрынғы өткен батыр бабаларымыз, данагөй билеріміз бен жырауларымыз ғана болмауға тиіс. Мен бүгінгі замандастарымыздың жетістіктерінің тарихына да назар аударуды ұсынамын. Бұл идеяны «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасы арқылы іске асырған жөн. Еліміздің Тәуелсіздік жылнамасы жазыла бастағанына небәрі 25 жыл болды. Бұл – тарих тұрғысынан қас қағым сәт десек те, еліміз үшін ғасырға бергісіз кезең. Әрине, жасалған жұмыстардың маңызы мен ауқымына ешбір күмән жоқ. Дегенмен, осы қыруар істі атқарған, ел дамуына зор үлес қосқан азаматтардың өздері мен олардың табысқа жету тарихы әдетте құрғақ фактілер мен цифрлардың тасасында қалып қояды. Шын мәнінде, Қазақстанның әрбір жетістігінің артында алуан түрлі тағдырлар тұр»

Осы пікірге сүйенетін болсақ, қазіргі қазақ әдебиетіне бір топ жас қаламгерлер келіп қосылды. Ұлттық әдебиет жаңа кейіпкерлермен толықты. Ал, ақын-жазушылардың шығармаларын насихаттау, оларды оқырманға таныстыру – әдебиеттанушы ғалымдардың міндеті. Ұсынылып отырған монографияда қазіргі әдебеттің жетістіктері жан-жақты сараланып, ұлттық әдебиеттің қол жеткізген табыстары бағамдалған. Осы тұрғыдан келгенде, бұл еңбек болашақта жүзеге асатын «Қазақстандағы 100 жаңа есім» атты жобаның алғашқы баспалдағы болмақ.

Тәуелсіздік тұсындағы қазақ поэзиясын жаңа биікке көтерген Қ.Мырзалиев, Т.Молдағалиев, Ф.Оңғарсынова, М.Шаханов, К.Ахметова, С.Жиенбаев, И.Оразбаев, Т.Медетбеков сияқты ақындардың қатарын бүгінде Г.Салықбаева, С.Нұржанов, Б.Үсенов, Б.Жақыпов, Т.Көпбаев, Ж.Әскербекқызы, Т.Досымов, О.Тұржанова тәрізді ақындар толықтырды. Өткен ғасырдың 5 сексенінші жылдары әдебиетке келген бұл буын өкілдері бүгінде ұлттық поэзияны жаңа белеске көтеруде. 1991 жылы Кеңестік империяның таратылуы, Қазақстанның тәуелсіздігінің жариялауы қоғамның барлық саласына, соның ішінде ұлттық әдебиетке де өзінің оң ықпалын тигізді. Елміздің егемендік алуы ел басына күн туған қиын-қыстау заманда туған жерден үдере көшіп, әртүрлі себептермен шекаралас жатқан елдерде мекендеп қалған қандастарымыздың Отанына оралуына мүмкіндік туғызды.

Осы уақыт аралығында Елбасының жүргізген көші-қон саясаты жырақта жүрген бауырларымыздың туған жерге оралуына жол ашты. Соңғы жиырма жылдан астам уақыт аралығында Өзбекстан, Қарақалпақстан, Қырғызстан, Монғолия, Қытай Халық Республикасы тәрізді елдерден туған жерге келген миллионнан астам бауырларымыз қоғамның әр саласында қызмет етіп жатса, олардың бір парасы ұлттық әдебиет төңірегінде өнімді еңбек етіп келеді. Сондай қаламгерлер қатарында Жақсылық Самитұлы, Зейнолла Сәнік, Тұрсынхан Зекенұлы, Тұрсынәлі Рыскелдиев, Армиябек Сағындықұлы, Алмасбек Ахметбек, Нұрхан Сұлтанбайұлы, Құл-Керім Елемес, Ерболат Баят, Дәулетбек Байтұрсынұлы, Бақытбек Бәмішұлы, Дүкен Мәсімханұлы, Ғалым Қалибекұлы, Бекқожа Жылқыбек, Иманғазы Нұрахметұлы, Ләззат Игісін, Мұрат Шаймаран, Мағиза Құнапияқызы тәрізді ақын-жазушылардың есімі соңғы ширек ғасырдағы ұлттық әдебиет туралы сөз еткенде аталуға тиіс. Тәуелсіздік тұсындағы қазақ әдебиетіне қосылған бұл жаңа есімдер ұлттық әдебиетті мазмұны мен түрі жағынан байытып, әр жанрға өз үлестерін қосып келеді. Қазақ әдебиеті соңғы ширек ғасырда біраз белестерді бағындырды.

Тәуелсіздік тұсындағы қазақ прозасына белсенді араласып жүрген Ш.Мұртаза, М.Мағауин, Қ.Жұмаділов, Т.Рыскелдиев, Ә.Сараев, Т.Тілеуханов, Т.Нұрмағамбетов, Ұ.Доспамбетов, Н.Дәутайұлы, Ә.Асқаров, С.Асылбек, Ж.Шаштайұлы, Р.Отарбаев, Қ.Түменбай, Н.Ақыш, М.Байғұт, К.Рахымжан, А.Кемелбаева, Ж.Қорғасбек, А.Алтай, Д.Амантай, Д.Рамазан тәрізді жазушылардың қатары Мәдина Омарова, Лира Қоныс, Мақсат Мәлік, Дархан Бейсенбек, Арман Әлмембет, Алмас Мырзахмет, Әлібек Байбол, Алмас Нүсіп, Әсем Қоспағарова, Үміт Зұлхарова, Мирас Мұқашев, Айнұр Шамшейтова, Аягүл Мантаева, Бейбіт Сарыбай, Ерболат Әбікенұлы, Мәлік Отарбай, Мәди Алжанбай, Қанат Әбілқайыр, Қанат Тілеухан, Нұрлан Қабдай, Мерей Қосын сынды жас жазушылармен толысты.

Осылайша ұлттық әдебиетке жаңа есімдер келіп қосылды.

1.Қазақ әдебиеті өзінің өсіп-өркендеуін бірнеше рет бастан өткерді. Кеңес дәуірің өзінде-ақ әдебиеттің дамуынада басты-басты кезеңдер орын алды. Атап айтқанда ХХ ғасырдың 20-шы жылдарында қазақ әдебиеті саласында проза өткен ғасырларға қарағанда ерекше дамыды.

2.Қоғамдағы келеңсіздікерді қыздары мен әйелдердің әлеуметтік теңсіздігі әдебиеттің әсіресе прозаның тақырыбына айналды. Бұл сауаттандыруда білімнің жоқтығында әйелдердің бас бостандығының шектеулігінде деп түсінді. Сол кезеңнің жазушылары және зиялы қауымы қоғамды сауаттандыруға және әйел бостандығы қамтамасыз етілді.

Міржақып Дулатұлы - "Бақытсыз Жамал"Жүсіпбек Аймауытов - "Ақбілек "Мұхтар Əуезов - "Қорғансыздың күні" Ғабит Мүсірепов - "Ұлпан "
Дінге шектеу қоюы

Ұлттық драматургия ХХ ғасырдың жиырмасыншы жылдарындағы жаппай ашаршылық, отызыншы жылдардағы жаппай қудалау .Аштыққа шыдай алмай шет елдерге кетіп қалуы.(Бұны Қабдеш Жұмаділовтың Соңғы көш романынан аңғаруға болады) Ақан Нұрманов «Құланның ажалы»(1916жылғы ұлт азаттық көтеріліс), Семей полигоны М.Шаханов, Олжас Сүлейменов, Асқар Алтай.



«Дегелеңдегі қызыл күн» атты әңгімесіндегі Асқар Алтай Семейдегі атом бомбасы жарылысын аңдаусызда көзбен көріп, суқараңғы болып қалған Қажымұрат атты баланың аянышты тағдырын суреттейді.

Мұхтар Шахановтың 1986 ж желтоқсан көтерілісі Табей К. Мұзда жанған алау. –Журналистер одағы сыйлығының лауреаты, бірнеше республикалық баспасӛз конкурстарының жүлдегері, журналист-жазушы Коммунар Табейдің бұл кітабы 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасына қатысты деректер мен ақпараттарға негіздел. Фантаст жазушы Ильмаз Нұрғалиев «Дастан мен Арман», Талап Сұлтанбеков «Ғажайып планета»
Енді сіздердің назарларыңызға «Ұлттық әдебиетке келіп қосылған жаңа есімдер» атты слайдты ұсынамын.























«Қазақстан жазушылары туралы не білеміз?» атты викториналық ойыны


























Каталог: files -> userfiles
userfiles -> Д. А.ҚОнаевтың туғанына 105 жыл толуына орай «ДӘуір данасы» даналық баспалдағының Өткізілу сценарийі
userfiles -> «Тәуелсіздік» алаңы 20. 09. 2014 ж сағ. 12. 00
userfiles -> Жылдың басты оқИҒалары
userfiles -> «балалар әдебиетін зерттеу» АҚпарат сағаты
userfiles -> Экранда слайд көрсетіліп тұрады
userfiles -> Семинар «современные формы библиотечной работы как способы активации продвижения чтения»
userfiles -> Бағдарламасы осакаровка 2015 мазмұны №
userfiles -> «Қарттарым – асыл қазынам» атты аталар мен әжелер сайысының Өткіщілу сценарийі
userfiles -> Общие сведения о городе Караганды


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет