Жерасты дүмпулерін сейсмикалық станциялар желісі 2 сәуірде Астана уақытымен 08:56-да тіркеген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: www.google.com

"Жер сілкінісінің эпицентрі Алматыдан шығысқа қарай 108 шақырымда Қазақстан аумағында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 9,1, MPV магнитудасы – 4,4", – делінген Қазгидромет хабарламасында.

Қазақстан аумағында жер сілкінісі сезілмегені айтылды.

  • "Жаңа үйлердің іргетасы қозғалмалы": Жапонияда тұратын қазақ қызы халық жер сілкісінен қалай сақтанатынын айтты
  • "Көшу "не вариант": Мадина Сәдуақасова жер сілкінісінен кейінгі өмірінің қалай өзгергенін айтты

Еске салайық, 23 қаңтарда Алматыда жер сілкінісі болды. Астана уақытымен 00 сағат 09 мин 02 секундта алматылықтар қатты жер сілкінісін сезді. Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше жер асты дүмпуінің эпицентрі Алматының оңтүстік-шығысында, 264 шақырым жерде тіркелді. Магнитудасы – 6,7 балл. Бұдан соң тұрғындар қалада тағы да бірнеше жер сілкінісі сезілгенін хабарлады. Ал ТЖД дерегіне сәйкес алдағы уақытта қуатты жер сілкінісі болмайды, сондықтан дүрлігудің қажеті жоқ.


Автор: Даулет Байгонусов

Даулет — природовед и путешественник. Его увлечение природой Казахстана и исследования вносят неповторимый вклад в наше издание.