«Қазіргі заман тарихын құжаттандыру орталығы» кмм ғаа және құжаттарды пайдалану бөлімі



жүктеу 0.75 Mb.
бет1/4
Дата04.03.2018
өлшемі0.75 Mb.
  1   2   3   4

«Қазіргі заман тарихын құжаттандыру орталығы» КММ

ҒАА және құжаттарды пайдалану бөлімі

Сіздердің жаңалықтарды білуге

деген құмарлықтарыңызды

қолдаймыз және көмектесеміз!

Шығыс Қазақстан облысының

Семей аймағында 2018 жылы

аталып өтілетін және еске алынатын күндер тізбегі

Семей – 2017 ж.

Алғы сөз
Қазіргі заман тарихын құжаттандыру орталығы КММ 2018 жылы аталып өтетiн және еске алынатын күндер тiзбегiн құрастырып шығарды.

2018 жылы ақын, жазушы, философ, тарихшы, композитор Шәкәрім Құдайбердіұлының туғанына 160 жыл, Семей қаласының негізі қаланғанына 300 жыл. Семей топырағында дүниеге келген мерейгер танымал тұлғалардың, ақын-жазушылардың т.б аталып өтетін күндердің тізімі беріліп отыр.

Көрсеткiштiн мақсаты -туған өлкемiздiң тарихымен, экономика және мәдениет саласында еңбегi сiңген белгiлi жеке жазушылардың өмірі мен шығармашылығымен танысқысы келетiн оқырмандарға кеңінен таныстыру.

Осыған байланысты құрастырылған тізбек үш бөлімнен тұрады. Негiзгi бөлімге аталып өтiлетiн оқиғалар мен жеке тұлғалардың өмiрi мен қызметі туралы мәлiметтер және әдебиеттерi берiлген. Екiншi бөлімге айы, күнi белгiсiз жазушылар мен жеке тұлғалар туралы анықтамалар мен әдебиеттер тiзiмi кiргiзiлген. Үшінші бөлiмге анықтамалар мен әдебиеттерi берiлмеген, еске алынып өтiлетiн оқиғалар тiзбегi берiлген.

Берiлген әдебиеттер әрiптiк ретпен орналастырылды. Енгiзiлген мәлiметтер хронология тәртiбiмен орналастырылған.

Күнтiзбе аталып өтетiн есiмдердiн әрiптiк көрсеткiшiмен берілген.

Күнтiзбе туралы айтар пiкiрлерiңіз, ұсыныстарыңыз болса, бiздiң мекен-жайға хабарласуларыңызды сұраймыз:

Күнтізбе Абай кітапханасымен бірлескен түрде жасалды.

490050,Семей қаласы

Абай көшесі, 84-үй

Қазіргі заман тарихын құжаттандыру орталығы КММ

ҒАА және ҚП бөлімі



Телефон: 8(7222) 52 06 07

E-mail: kgu-cdni@rambler.ru



1 қаңтар

Сазгер, Қазақстан Комсомол сыйлық лауреаты  Жолан (Жолдыбай) Дәстеновтiң туғанына 75 жыл (1943-1991)


10 қаңтар

Әнші, сазгер, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Болат Сыбановтың туғанына 80 жыл (1938-1998)


28 қаңтар

Ғалым, ақын, аудармашы, әдебиет зерттеуші Мұрат Рахымжанұлы Сұлтанбековтың туғанына 80 жыл (1938)

8 ақпан

Өлкетанушы, журналист, қаламгер, Қазақстан Республикасының еңбегі сіңген қайраткері, Семей қаласының және Абай ауданының құрметті азаматы Балтабек Бәзілұлы Ерсәлімовтің туғанына 80 жыл (1938)

15 наурыз

Семей қаласында Невзоровтар мұражайының ашылғанына 30 жыл (1988)





19 наурыз

Журналист, әдебиеттанушы, ақын, композитор Сейтмұхамет Табариковтың туғанына 90 жыл. (1928-2016)


17 сәуір

Мемлекеттік өрт сөндіру қызметінің құрылғанына 100 жыл. (1918)

28-29 сәуiр

Семей қаласындағы былғары заводының iске қосылғанына 90 жыл (1928)

25 мамыр

Мәдениет қайраткері, дәстүрлі әнші Келденбай Раузаұлы Өлмесековтің туғанына 65 жыл (1953-2011)

4 маусым

Жазушы, драматург, қоғам қайраткерi Орынбек Бековтың туғанына 120 жыл (1898-1937)

25 маусым

Қоғам және мемлекет қайраткері Кешірім Бозтаевтың туғанына 85 жыл (1933-1999)

20 шілде

ҚР мәдениет қайраткері, суретші Мұратбек Жанболатұлының туғанына 70 жыл (1948-2006)

20 шiлде

Жазушылар Одағының мүшесі, Т.Айбергенов атындағы сыйлықтың лауреаты Тыныштыкбек Әбдiкәкiмовтiң туғанына 65 жыл (1953)


24 шiлде

Ақын, жазушы, философ, тарихшы, композиторШәкәрiм Құдайбердиевтiң туғанына 160 жыл (1858-1931)


5 тамыз


Семей қаласының негiзi қаланғанына 300 жыл (1718)


28 тамыз

Ғалым,физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Ыдырысұлы Амановтың туғанына 95 жыл (1923-1978)

11 қыркүйек

Семей облыстық тарихи-өлкетану музейiнiң ашылғанына 135 жыл (1883)


21 қыркүйек

Семей қаласының Мемлекеттік Медицина университетінің ашылғанына 65 жыл (1953)

23 қыркүйек

М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжінің құрылғанына 105 жыл (1903)

3 қазан

Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кiтапханасының ашылғанына 135 жыл (1883)

20 қазан

Халық әртiсi Сiләмбек Қыдыралиннiң туғанына 110 жыл (1908- 1983)

5 қараша

Семей цемент заводының iске қосылғанына 60 жыл (1958)


7 қараша

«Құрмет орденінің» иегері, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, жазушы Ырысхан Мұсаұлының туғанына 85 жыл (1933-2012)

25 ноября

55 лет со дня ввода в строй завода Силикатного кирпича (ныне ТОО «Силикат») (1958)

3 желтоқсан

Жазушы, аудармашы Жекен Жұмақановтың туғанына 105 жыл (1913-1978)



Айы, күнi белгiсiз атаулар:
қаңтар

7 қараша



1873

Алаш қайраткері Отыншы Әльжановтың туғанына 145 жыл (1873 - 1918)

1878

Облыстық Статистика Комитетінің құрылғанына 140 жыл (1878)

1883

Өлкетанушы, этнограф Виктор Белослюдовтың туғанына 135 жыл (1883-1916)

1888

Белгілі қазақ әншісі Әміре Қашаубаевтың туғанына 130 жыл (1888-1934)

1898

Ақын Иса Биназаровтың туғанына 120 жыл. (1898-1964 )

1903

Мұғалімдер семинариясының құрылғанына (қазіргі М.Әуезов атындағы колледж) 115 жыл.(1903)



Анықтамалар және әдебиеттер берiлмеген, еске алынатын күндер тiзбегi



1788

Знаменский Собор құрылғанына 230 жыл. (24 қыркүйек 1788 г.)

1858

Семейдегі типографияның ашылғанына 160 жыл (1858)

1913

Семейдегі алғаш «Ярыш» футбол командасының құрылғанына105 жыл.

1918

Семейдегі халықтық білім беру бөлімінің құрылғанына 100 жыл

(22 наурыз 1918)



1923

Семей метерологиялық қызметінің құрылғанына 95 жыл (1923)

1933

«Алтайзолото» тау-кен барлау комбинаты құрылғанына (қазіргі «Алел» қаржы-инвестиция корпорациясы) 85 жыл (1933)

1938

Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі Бикен Мұхамеджанованың туғанына 75 жыл. (1938-1999)



Кеңес Одағының батырлары:



1898

Кеңес Одағының Батыры Виктор Васильевич Буториннің туғанына 120 жыл. (1898-1974)

1918

Кеңес Одағының Батыры Лут Николай Евсеевичтің туғанына 100 жыл.(1918-1944)

1918

Кеңес Одағының Батыры Федор Яковлевич Серединнің туғанына 100 жыл. (1918-1943)

1918

Кеңес Одағының Батыры Матвей Кузьмич Меркуловтың туғанына 100 жыл (1918-2000)

1918

Кеңес Одағының Батыры Вениамин Михайлович Милецскидің туғанына 100 жыл. (1918-1993)

1918

Кеңес Одағының Батыры Петр Филиппович Железняковтың туғанына 100 жыл. (1918-1951)

1923

Кеңес Одағының Батыры Григорий Селиверстович Окуневтың туғанына 95 жыл. (1923-2002)

1923

Кеңес Одағының Батыры Юрий Федорович Зарудиннің туғанына 95 жыл (1923)

1923

Кеңес Одағының Батыры Михаил Михайлович Медведевтың туғанына 95 жыл.(1923-1977)

1923

Кеңес Одағының Батыры Дмитрии Тимофеевич Камоликовтың туғанына 95 жыл (1923-1977)

1923

Кеңес Одағының Батыры Петр Григорьевич Карелиннің туғанына 95 жыл (1923-1944)

1923

Кеңес Одағының Батыры Иван Васильевич Косенковтың туғанына 95 жыл.(1923-2015)

1923

Кеңес Одағының Батыры Иван Тихонович Гулькиннің туғанына 95 жыл. (1923-1945)

1923

Кеңес Одағының Батыры Сергей Алексеевич Елистратовтың туғанына 95 жыл. (1923-1947)



1 қаңтар Сазгер, Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығы

лауреаты лауреаты Жолан (Жолдыбай) Дастеновтiң

туғанына 75 жыл (1943-1991)
Жерлесіміз, сазгер Жолан Дәстенов Бесқарағай ауданы, Өндіріс селосының түлегі. Болашақ сазгер қарапайым жұмысшы отбасында туған. Семияр орта мектебін тәмамдаған соң, Семей музыка училищесіне түсіп, өмірдегі орнын дәл болжап, түпкілікті бағдарлайды.

Басында баян класында оқыған Жолан кейіннен өз ыңғайын байқап музыка теориясы бөлімшесіне ауысады.

Осыдан кейін Алматыдағы Құрманғазы атындағы мемлекеттік консерваториясына түседі. Онда профессор Қ.Қожамияровтың композиция класын бітіреді.

Консерваторияны бітірген Жолан Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясында бір жылдай лекторлықпен шұғылданады. Енді бір жыл өткенде Композиторлар Одағына мүшелікке қабылданады.

Кешегі шәкірт өзі де ұстаз атанып, көп ұзамай 1971 жылдан бастап консерваторияда сабақ береді. Бұдан соң біраз жылдар қазақ теледидары мен радиосында бас редактор қызметін атқарады. Жерлесіміздің біраз еңбек еткен жері - өзінің Семейі. Сол кезде Композиторлар одағының Ертіс өңірі бөлімшесі құрылып, оның төрағалығына Жолан Дәстенов сайланады. Кейіннен қайта Алматыға оралып, Композиторлар одағы басқармасының хатшысы болып қызмет етеді. Жолан қазақтың музыка өнерін насихаттауда қанша елді шарлады.

Қазақ, орыс тілінде телевидение мен радиодан 400-ден аса материалдарды оқыды. Осындай қызметтерден басқа сазгердің шығармашылығы өз алдына бір сала еді. Композитордың оркестр мен виолончельге арналған концерті, оркестр үшін жазылған екі концерті, бірнеше симфониялық поэмалары, «Абайды еске алу» дейтін фортепианалдық трио әндері, хорлары, романстары т.б. бар.Композитор драмалық спектакльдерге де сөз жазған. «Тоқта мерген» атты мюзиклдің авторы Ж.Дәстенов болатын. Сазгердің ең бірінші балаларға арнап жазған операсы «Қаңбақ шал» 1979 жылы жарық көрді.

1976 жылы Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығы лауреаты атағын алды.

Шығармашылық өнерде Жолан ежелгі фольклорға да ден қойды. Шығыстың саз мәдениетіне тән ортақ қасиеттерді бедерлендіре отырып, қазақ, өзбек, тәжік, ұйғыр халық музыкасының әуендерін үндестіре білген.Сазгердің ең соңғы ірі шығармасы Абайдың аттас поэмасы бойынша жазылған «Ескендір» симфониялық поэмасы.


Әдебиеттер:
Дәстенов Ж. Автромда; Айболитті күткен тасбақа; Көңілді қонжықтар // Балалар альбомы: Фортепианоға арналған пьесалар.Бірінші жинак,//Құраст. А.Б.Байсақалова. - Алматы, 1986. - Б. 23-26.

ДәстеновЖ. Кішкентай машинист; Кешкі ертегі:/Фортепианоға арналған арналған миниатюралар/ Құраст.Ә.Бабыкова.-Алматы: 1982.-Б.21-23.

Дәстенов Ж. Семейім: (Өлеңі Қ.Ыдырысовтікі) // Семей таңы.-1977.- 5 ноябрь.

Аужанова М. Асу: (Сазгер жайлы) //Қазақ әдебиеті.-1976.-30 июль.

Елеуғожин Б. Танымал шығармалар авторы //Семей таңы.-1986.-11 апрель.

Жанияров О. Ғұмыры қысқа болғанмен: (Сазгердің туғанына 50 жыл толуына орай) // Семей таңы.-1993.-16 қаңтар

Жұманиязов Б. Биік талғам: (Сазгер Ж.Дәстенов) //Мәдениет және тұрмыс.-1977.- И10.-8 б.

Жолдыбай Дәстенов // Егеменді Қазақстан.-1991.-12қазан.



10 қаңтар Болат Сыбанов, әнші, сазгер, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі  туғанына 80 жыл

(1938-1998)
Әнші, сазгер Болат Сыбанов Жаңасемей ауданы, Изатолла ауылында туған. 1957 жылы Семей облыстық музыкалық драма театрына қызметке алынып, көптеген ірілі-ұсақты рольдерді сомдады.

Б.Сыбановтың сазгер ретінде халыққа кең тараған «Таң самалым», «Жан ана», «Әке туралы», «Отан туралы», «Жауынгер сағынышы» атты әндері халықтың сүйіп орындайтын әндері. Кейіннен тіл туралы, достық, туыстық, ел бірлігі туралы әндер шығарған. Болаттың 30-ға жуық әндері шабытты көңілден туған шынайы әндер еді. Оның орындауындағы Б.Тәжібаевтың "Ақбұлағы" күнде радиодан орындалып жататын. Республика ән әуесқойларының назарына ілігіп, астанадағы үлкен коцерттерге қатыса бастады. Оның дауысын байқаған атақты әнші Ғ.Қүрманғалиев: "Өзіңнің дауысың ешкімге ұқсамайды екен. Әншіге таптырмайтын ең басты қасиет"- деп бағалаған болатын. Болат әр концерттен олжалы оралып, ән тарландарынан тиісті бағасын алып жатты.

Болат Сыбановтың орындауындағы қазақ қауымына кең тарап кеткен «Жұлдызым» әншінің ән табиғатындағы көңіл кернеуін, үн деңгейін, тербеліс ырғағын сәтті сезінгендігін және өзіне лайық әнді талғай алар қабілетті белгісін білдірсе керек. Сонымен қатар «Таң самалы» да сазгердің елеулі табысы.

Музыка мөдениетін танытуда сіңірген зор еңбегі үшін 1987 жылы "Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі" атағы берілді.Сазгердің әндері Моңғолия, Түркия қазақтарына да таныс. Б.Сыбанов Орта Азия кәсіби әншілері конкурсының лауреаты. Әншінің «Өмірім-өнерім» атты кітабы шықты. Семей өңірінде ғана емес, Қазақстанға танымал белгілі әнші, сазгер Болат Сыбановтың әндерін шет жерде жүрген қандастарымыз да сүйсіне шырқайды.

1990 жылдан бері Семей қаласындағы жалғызбасты зейнеткерлер мен ардагерлерге қызмет көрсететін аумақтық өлеуметтік орталығының рухани демеушісі. 2004 жылы «Хабар» агенттігінің шақыруымен «Алматы - менің бірінші махаббатым» атты VI ретро-фестиваліне қатысып, дипломант атанды.
Әдебиеттер:
Ережепұлы Е.Ауданның даму қарқыны // Семей таңы. - 2013. - 26 ақпан. - Б. 5

Ибрагимов Т. Домбыралы ән // Толқын толғау.-Алматы: Өнер, 2011. - 311-315 б.

Иманбаева А. Сағынды елің үніңді // Мәдениет. - 2011. - №4. - С. 32-33

Кәкімұлы Қ. Аққұдықтан "Ақбұлаққа" дейін...: Болат Сыбанов - 75 // Семей таңы . - 2012. - 17 сәуір. - 5 б7

Кеңесбай, Т. Әкесінің қанаты // Ертіс өңірі. - 2014. - 19 ақпан. - Б. 12

Мұхаметқалиқызы А. Тума талант // Семей таңы . - 1999. - 29 сәуір. - Б. 4

Рахымов Т. Сөнбейтін шамшырақ: (Әнші-сазгерді еске алу) // Үш анық.-1999.-№8 (мамыр)

Сейсенов Д. "Әнім -бақытым" // Семей таңы. - 1975. -13 август.

Сейсенұлы Д. Әнші-сазгерді еске алды //Егемен Қазақстан.-1999.-25 мамыр.
28 қаңтар Жазушы, ақын, аудармашы

әдебиет зерттеуші Мұрат Рахымжанұлы Сұлтанбековтың

туғанына 80 жыл (1938)
Ақын, аудармашы Мұрат Сұлтанбеков Семей қаласында1938 жылы 28 қаңтарда дүниеге келді. Ақын Сұлтанбеков - орыс, қазақ тілдерінде бірдей тамаша жазатын, екі тілдің құпия сырларын жетік ұғатын ақын. Ұлы Пушкин музасы мен туған тілден нәр алған Мұрат байтақ республикамыздың кемелді әдебиетінде өз үнін, жүрек сырын орыс тілінде өрнектеп жүрген санаулы қаламгерлердің бірі.

1960 жылы Семей педагогикалық институтын бітіре сала Мәскеу қаласындағы аспирантурада оқыған кезеңі де, 1962 жылы халықаралык жағдайдың шиеленісуіне орай кенеттен әскер қатарына шақырылған жылдары да поэзияға деген құштарлығын ортайта алмады. 1969 жылы «Жазушы» баспасынан шыққан алғашқы өлеңдер жинағының жарық көруі осы ізденістің арқасы. Орыс тілді қазақ ақыны 1970-80 жылдары да поэзия саласында өнімді еңбек етті. Таза ақындық жүректен төгілген лирикалық өлеңдері мен «Окно однокласницы» атты поэмасында жырлаған шынайы сезім кімді де болса баурап алары анық. Осы жылдары ақын ғалымдық жолын да мұрат етті. «Вопросы литературы», «Дружба народов», «Простор» журналдарында ғылыми-публистикалық мақалалары жарияланып жатты. Мерзімді баспасөзде шығармалары жиі жарияланып тұрады. 1971 жылы филология ғылымының кандидаты дәрежесін алған. Ақынның «Новые стихи», «Иртышский остров», «Акылбай Кунанбаев. Дагестан», «Всю жизнь с Абаем», «Поэтическое вдохновение: Абай», «Шакарим и Мухтар», «Шакарим. Казах в зеркальном отражении» сияқты жыр жинақтары мен аударма кітаптары жарық көрген.

«Абай поэмалары» атты тақырыпта кандидаттық диссертациясын ойдағыдай қорғап шыққан Сұлтанбеков шығармашылығының қомақты бөлігі- Абай, Шәкәрім, Мұхтар мұраларын зерттеу еңбектеріне тоқталсақ «Дағыстан» поэмасынан басталған Абай тақырыбының желісі Мұрат шығармашылығынан үзілген жоқ. Оның абайтану іліміне қосқан үлесі Абайдың он өлеңін, 45-қарасөзін, Абай баласы Тұрағұлдың «Әкем туралы» естелігін аударғанын айтуға болады. Мұрат Сұлтанбеков Шәкәрімнің екі бірдей поэмасын «Қалқаман-Мамыр» және «Еңлік-Кебек» поэмаларын, Ғ.Мүсіреповтің «Жалбыр» пьесасын орыс тіліне үлкен шеберлікпен аударды.

Сұлтанбеков әр жылдары Семей педагогикалық институтында аға оқытушы, Талдықорған Мемлекеттік педагогикалық институтында кафедра меңгерушісі, Семей малдәрігерлік институтында аға оқытушы, облыстық білім басқармасында инспектор, Семей облыстық әкімшілігінде аудармашы, республикалық «Абай» журналында аға ғылыми қызметкер болып қызмет атқарды.

2003 жылы Семейдің облыстық Абай атындағы сазды-драмалық театры «Жұлдызды аспан» - «Звездное небо» атты пьесасын қазақ және орыс тілдерінде сахнаға шығарған. Ақын, аудармашы, драматург көптеген Құрмет грамоталармен марапатталған.
Әдебиеттер:
Сұлтанбеков М. Синий меридиан. Алашорда. Аттила. - Семей: ПК "Семей-Печать", 2013. - 325 с.

Сұлтанбеков М. Чайка Прииртышья: Өлеңдер, поэмалар және аудармалары.-Семей, 2011.-446 б.

Сұлтанбеков М. Әдебиет пен тарих үзеңгілес еді ғой ... // Қазақ әдебиеті. - 2010. - 24-30 қыркүйек. - Б.4.

Еспенбетов А. Бәрімізге ортақ орыс тілінде: М.Сұлтанбеков-50 жаста // Семей таңы. - 1988. - 28 январь.

Жанболатов М. «Жалбыр» Кремль сахнасында қойылғанда: ғалым, ақын, аудармашы М.Сұлтанбеков-60 жаста // Үш анық. - 1998. - қаңтар.

Жолымбет Қ. "Көк меридиан" деректермен құнды // Семей таңы. - 2013. - 10 қыркүйек. - Б.6

Жолымбет Қ. Қос алыптың әлемін айшықтаған туынды: Ғалым М.Сұлтанбековтің "Абай и Шакарим в ХХІ веке" атты тың жинағы жарық көрді // Семей таңы. - 2015. - 27 қазан. - Б.6

Кәріпбаев С. Өмірден орнын тапқан // Семей таңы. - 2013. - 1 наурыз. - Б.7

Кемелбаева А. Шәкәрімнің үш поэмасын аударған ақын // Қазақ әдебиеті. - 2009. - 22 мамыр. - Б.5.

"Ләйлі-Мәжнүн" орыс тілінде жарыққа шықты // Семей таңы. - 2011. - 12 тамыз. - Б.2


8 ақпан Өлкетанушы, журналист, қаламгер,

Балтабек Ерсәлімовтіңтуғанына 80 жыл (1938)
Балтабек Ерсәлімов өлкетанушы, журналист, қаламгер, Қазақстан Республикасының еңбегі сіңген қайраткері, Семей қаласының және Абай ауданының құрметті азаматы, «Абай» қорының президенті Балтабек Бәзілұлы Ерсалимов 1938 жылы 28 ақпанда қарапайым отбасында дүниеге келген. Нағашы атасы Ахметбек Ысқақұлы оқыған, көзі ашық сауатты адам болған. Сол кездегі аты шыққан зиялы қауыммен тығыз байланыста болғанын дәлелдейтін тарихи құжаттар, естеліктер кездеседі. Ысқақтың баласы Ахметбек туралы деректер аз болғандықтан, «Сен осы Абай атамызға қалай жиенсің?» деген сауалды жиі қояды. Балтабек ағамыздың оған жауабы да дайын: «Ысқақтан Ахметбек, Ахметбектен Қапиза туады. Қапизаның соңында қалған жалғыз тұяқ мен Балтабекпін. Сонда мен Абай мен Ысқаққа жиеншар. Ысқақтың баласы Ахметбекке туған жиен боламын»,-дейді екен. Балтабек Бәзілұлының анасы Қапиза Ахметбекқызы ұлы Абайдың інісі Ысқақ Құнанбайұлының баласы. Анасы кішкене кезінде аталары Абай мен Ысқақты көзімен көріп, сол кездегі Абай, Ысқақ ауылындағы адамдардың өмірі мен есімін жадына тоқыған аса шежірешіл адам болған. Анасы көп құрсақ көтерсе де артында қалған жалғыз тұяқ Балтабек аға ғана болды. Балалық шақпен ерте қоштасқан Балтабек анасымен бірге семья тауқыметін бірге көтерісті. Өмірдің қиындығын татып өскен бозбала өмірдің күрес, оны еңбекпен жеңу керек екенін білді. Әкесінің жоқтығын білдіргісі келмеді. Сөйтіп, облыстық «Прииртышская правда» газетіне курьер (қағаз тасушы) болып түнгі жұмысқа орналасты. Күндіз оқып, түнде жұмыс істеді. Алматының КазГУ-нің журналистика факультетін сырттай бітіріп, редакцияға журналист болып оралды. Сол бір өткен балалық шағын ойласа, өзін тек анасы ғана емес, соынмен бірге бүкіл мектеп коллективі, баспаха мен редакция коллективі тәрбиелеген екен. Сондықтан да Балтабек аға бар болмысымен жұмысшы табы қауымына жақын.

Семейдегі Абайқорын алғаш ұйымдастырушылардың бірі. 1992 жылы Республикалық «Абай» журналының қайташыға бастағанына 10 жыл толу мерейтойына байланысты, «Абайдың, Шәкәрімнің және Мұхтар Әуезовтің рухани мұрасын насихаттауға сіңірген ерекше еңбегі, белсенді қоғамдық қызметі үшін», «Абай» қорының президенті Балтабек Ерсәлімұлына 2002 жылы «Семей қаласының құрметті азаматы» атағы берілді.


Әдебиеттер:
Елшібек, М. Асылдың сынығы // Қазақ әдебиеті. - 1999. - 18 маусым; Дидар. - 1998. - 12 наурыз.

ЕрсәлімұлыБ. Ұлыларымыздыәспеттейік // Қазақәдебиеті.-2006.-20 қазан.-10-11 б.

ЕрсәлімовБ. Қажытұрғызғанқасиеттішаңырақ // Семейтаңы.- 2001.- 26 қазан.- Б.2

ЕрсәлімұлыБ. Көргенім, көңілдегі: Естелік.- Алматы, Дәуір.- 1997.- 208 б.

Елеуғожин Б. Талабымен танылған // Семей таңы.- 1991.- 6 желтоқсан

Ерсәлімов Б.Екейбай: [ҰОС-ның ардагері Қашағанов Екейбай жайлы] // Егемен

Қазақстан. - 2012. - 10 мамыр. - Б. 7.

Ерсәлімов Б.Ақылдасқанның айыбы жоқ // Егемен Қазақстан. - 2016.- 13 мамыр. - 4 б.

Ерсәлімов Б.Халықтың игілігіне жаратылады // Егемен Қазақстан . - 2016.- 27 мамыр. - 6 б.

Еспенбетов А. Ел үмітін ақтар "Етжеңді"! // Ертіс өңірі. - 2009. - 20 мамыр. - Б. 8-9

Омаров А. Семейдің Балташы // Семей таңы.- 2003.- 21 ақпан.- 12 б.

Омаров, А. Балташтың бағы мен бақыты // Егемен Қазақстан. - 2003. - 1 наурыз. - С. 4

Хасенов Р.Б. Ерсәлимовтың кітабы хақында бірер сөз // Өмір өткелдері.-Семей, 2010.-112 б.
15 наурыз Невзоровтар отбасы мұражайының ашылғанына 30 жыл (1988)
Қазақстандағы көркемсурет құндылықтарын жинаған ірі мәдениет орындарының бірі – Семей қаласындағы Невзоровтар отбасы атындағы Шығыс Қазақстан облыстық бейнелеу өнері мұражайы 1985 жылы ең алғаш өзінің жұмысын тарихи-өлкетану музейінде ғылыми-көркем бөлімі ретінде бастаған. 1988 жылы Қазақстан Республикасының Министрлер Советінің шешімімен жеке мұражай ретінде таныла бастады. Мұражайдың бітім болмысын революцияға дейінгі орыс өнері айқындайды. Мұражай коллекциясы отбасы Невзоровтар атынан сыйлыққа келген 500-ден астам орыс, шетел туындыларынан жинақталды. Оның ішінде ХУІІІ-ХХ ғасыр аралығында дүниеге келген сурет және кескіндеу өнерінің бір топ тамаша туындылары, С.Щедрин, К.Лебедев, К.Брюллов, И.Шишкин сияқты атақты қылқалам шеберлерінің өшпес туындылары бар. Невзоровтар отбасының коллекциясы өзіндік тарихын тереңнен, сонау ХІХ ғасырдан бастайды. Өнерді терең бағалай білетін отбасы Юлий Владимирович көп жылдарғы жинақтаған мәліметтерін мұражай қорына тапсырды. 1991 жылы мұражайға Невзоровтар отбасы атауы берілді. Мұражай коллекциясының қатарын қазақстандық Ә.Қастеев, А.Ғалымбаева, Г.Исмаилов, С.Мәмбеев, Е.Сидоркин, М.Айтбаев, Б. Түлкиев сынды қас шеберлердің туындылары толықтыруда. Мұражай қорында 3600 өнер туындылары, соның ішінде 1000 экспонат Қазақстан бейнелеу өнері жайында баяндайды.

Мұражай қызметкерлері де үлкен ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізіп, соның нәтижесінде тұңғыш каталог жинағын баспаға әзірледі. Мұражайдың шығармашылық туындылары тек облыс көлемінде ғана емес, Астана, Алматы, Павлодарда да көрермендер назарына ұсынылуда. Мұражай жанында лекторий, балалардың көркем сурет студиясы жұмыс істейді, классикалық музыка кештері өтеді. 1995 жылы Қазақстан мәдениетін дамытудағы зор еңбегі бағаланып Ю.В.Невзоров Елбасының Жарлығымен «Парасат» орденімен марапатталды.


Әдебиеттер:
Ескенқызы А. Өнердің ғажап әлемі: (Невзоровтар мұражайы туралы) // Дидар.-2004.-17 қаңтар.-6 б.

Кемербаева, Г. Мұражайлардың тарихи маңызы // Семей таңы . - 2013. - 1 қазан. - Б. 4

Қасымжанұлы С. Бейнелеу өнерінің өқнды мұрасын қалдырған : Ю.Невзоровтың 100 жылдығы аталып өтілді / С. Қасымжанұлы // Семей таңы. - 2013. - 4 маусым. - Б. 1

Сейсенұлы Д. Әсемдік әлемнің хан сарайы // Егемен Қазақстан.-2001.-30 мамыр.

Шығыс Қазақстан облыстық Семей қаласындағы Невзоровтар атындағы бейнелеу өнері мұражайы: Жолкөрсеткіш.-Семей: «Тенгри», 2003.-203 б

19 наурыз Журналист, әдебиеттанушы, ақын композитор Сейтмұхамет Тәбәріковтың туғанына 90 жыл.

(1928-2016)

Тәбәріков Сейтмұхамет журналист, әдебиетші, ақын, композитор. Тәбәріков Сейтмұхамет 1928 жылы 19 наурызда Семей облысы (қазіргі Шығыс Қазақстан облысы) Абралы ауданында дүниеге келді.

Владивосток педагогикалық институтын аяқтаған соң, еңбек жолын туған жерінен бастайды. Ұзақ жылдар бойы ауыл мектептерінде мұғалім боп қызмет жасайды. С.Тәбәріков 25 жыл Новошульба аудандық атқарушылық комитетін басқарды. Сонымен қатар Семей облысының Ақсуат, Шұбартау аудандарында басшылық жасады. Он бес жыл ішінде С.Тәбәріков жеті кітап жазды. Оның барлығы тарихи деректерден сыр шертеді. Олар: «Течение времени» – об Абае, Шакариме и их современниках, «Жанақ Ақын». Екі шығармасы «Семей таңы» газетінің редакторы Маннан Тұрғанбаевқа арналады.

80- жылдары Абай Құнанбаевтың шығармашылығы, өмір баянын зерттеумен айналыса бастайды. С.Тәбәріков бір қатар зерттеулерін жазды. «Кенженің білігі», «Уба форпостағы Абай ұрпақтары», «Ақын Жанақпен Абай». Ұлы Абайдың шығармашылығын зерттегені үшін С.Тәбәріковке әдебиет үздігі премиясы берілді. С.Тәбәріков 2016 жылы дүниеден озды.



Әдебиеттер:

  1. Табариков С.Т Судьба. - Алматы, 2010. - 157 с.

  2. Табариков С.Т. Деятели Алаша. Кайран Маннан. - Алматы, 2004. - 174 с.

  3. Тәбәрікұлы С. Алаштың алтын көпірлері. - Семей, 2011. - 320 б

  4. Тәбәрікұлы С. Газет бастауында- үш алып // Семей таңы. - 2009. - 3 желтоқсан



  1. Исин А. Книга ветерана // Семипалатинские вести. - 2003. - 28 февраля. - С. 4.

  2. Найманов Б. Встреча с земляками // 7 дней. - 2011. - 10 февраля. - С.3

  3. Начаркин И. Семь книг за пятнадцать лет // Спектр. - 2003. - 14 марта

  4. Пархоменко Е. Писатель, журналист, гражданин // Арна. - 2003.- 21 марта. - С.2

  5. Силина Э. О чем говорят документы? // Наше дело. - 2003. - 28 марта.

  6. Судьба" С.Табарикова: книжная полка // Вести Семей. - 2011. - 12 апреля. - С.3

  7. Часнык Л. «Кайран Маннан» // Спектр. - 2002. - 11 октября. - С. 2



17 сәуір Мемлекеттік өрт сөндіру қызметінің құрылғанына 100 жыл. (1918)

Кеңес Одағының аумағында өрт сөндіру қызметінің бастауы 17 сәуір 1918жылы Халықтық комиссарлар кеңесі «Мемлекеттік өртке қарсы» декретінің шыққан кезінен бастау алады. Өрт сөндіру күзеті 1804 жылы 15 сәуірде алғаш Семей қаласында еске алына бастады. Алғашқыда өрт сөндірушілер өздерін ерікті түрде сезінді, өрт бола қалған жағдайда олар бірлесіп өртті бірге сөндіруге өз күштерін жұмсап отырды. Қалада сол кезде көптеген өрт болған. 14 қыркүйекте 1790 жылы қаланың жартысын алатын үлкен өрт орын алады. Бұл өрт бүкіл шеттегі қарағайды жалмады.

19 ғасырдың ортасында өрт сөндіру күзеті полиция управасының құрамында болған. Ал Полиция құрамы өрт қызметінің дамуына аса көңіл бөлген жоқ. Құрылған команда өрт сөндіруге қалып қойып жүрді, насостары істен шығуына байланысты. Өрт сөндірушілер күндіз, түні қызметте жүрген, олар басшылардың бұйрығынсыз жұмыс қызметтерін тастап кете алмаған. Осы өрт сөндіру қызметтерінен басқа оларды су тасу, ағаш кесу, көшелерге шам орнату және қаңғыбас иттерді аулауға т.б жұмыстарды жасауға жегіп отырған. Осындай қиын жағдайларға қарамастан олар өрт сөндіру дәстүрін жойған жоқ. Өрт сөндіру қызметінің жақсы бастау алуына, өз ісіне берілген фанат өрт сөндірушілердің еңбегі үлкен әсер етті. 1867 жылы 8 желтоқсанда алғаш рет алғашқы брандмайор (неміс тілінен аударғанда «бранд» от деген мағына береді) С.А.Колмаков бастаған өрт сөндірушілер пайда болады. Осы жылы ең алғашқы ағаштан жасалған өрт сөндіру каланчасы тұрғызылады. Сол замандағы жарқын тұлғалардың бірі Григорий Леонидович Новоделов, ол өзінің еңбек жолын жай жұмысшыдан бастап, Семей облысы өрт сөндіру күзеті басқармасының басшысы және Қазақстан өрт сөндіру басқармасының басшысы қызметіне дейін көтеріледі. 1938- 1945 жылдары бұл адам қаламыздың дамуына үлкен үлесін қосқан. Ол кісінің еңбегі арқасында каланча қызметі 50 жылдарға дейін тоқтаған жоқ. Ұзақ жылдар бойы өрт сөндіру қызметінде М.Н.Бушин және И.И.Пипенко еңбек етті, осыған орай біздің өрт сөндіру қызметі 1951 жылы Қазақстан тарихында алғаш рет Республикада бірінші орын алды.

1990 жылдары өрт сөндіру қызметі көптеген қиындықтарды басынан кешірді. Техниканың жоқтығы, жанар майдың жетіспеушілігі, жалақының төленбеуі т.б себептерден білікті қызметкерлері жұмыс орнын тастап кетуге мәжбүр болады. 1997 жылдан бастап Семей облысы мен Өскемен облыстарының бірігуінен өрт сөндіру қызметінде жаңарулар орын ала бастады. Владимир Канштың басшылығымен қызмет жоғары деңгейде көріне бастады. 1997 жылы өрт сөндіру қызметі ҚР төтенше жағдайлар агентствасына қосылды, бұған дейін ол ІІМ құрамында болған еді. Ал 2003 жыл қаңтар айынан бастап құтқарушылар бөлімшесі құрыла бастады. Қазіргі таңда өрт сөндіру қызметінде жоғары, білікті мамандар жұмыс жасайды. Өрт сөндіру қызметінің тарихында, өрт кезінде жанын құрбан еткен есімдер мәңгілікке қалады.



Әдебиеттер:

  1. 17 апреля - 85 лет Государственной противопожарной службе // Иртыш сегодня. - 2003. - 18 апр. - С.4

  2. Байбуров Б. Служба ЧС: готовность - номер один / беседовала Мархабат Шыбынтаева // Спектр. - 2017. - 24 мая. - С.5

  3. Бейсембаев Д. Вечный боевой пост // Спектр. - 2015. - 9 декабря. - С.8

  4. Гузеева М. Солдаты, ведущие битву с огнем // Наше дело. - 2003. - 25 апреля. - С.9

  5. Гуляева Е. День труда // Наше дело. - 2016. - 29 сентября. - С.2

  6. Насыров Т. К пожарным на огонек // Вести Семей. - 2016. - 31 мая. - С.4

  7. Пархоменко Е. История семипалатинских огнеборцев // Арна. - 2004. - 25 июня. - С.6

  8. Смирнова Д. В полной готовности // Семипалатинские вести.- 2007.- 17 мая. - С.


28-29 сәуір Семей былғары-мех зауытының іске

қосылғанына 90 жыл (1928 ж)
Семей қаласында 1928 жылы тері зауыты пайдалануға берілді. Былғары комбинаты қайта құрылды. 1936 жылы былғары комбинаты қайта құрылды. Ұлы Отан соғысы жылдарында Совет Армиясының қажеті өтеді. 1950-59 жылдары тері зауыты кеңейтілді. 1964 жылы тері комбинатының құрамына № 1 филиалы деп аталатын мех комбинатымен біріктіріліп, Семей былғары-мех өндірістік бірлестігі деп аталды. 1983 жылы қой терісінен жасалатын өндірісі пайдалануға берілді.

Қазіргі уақытта бұрын жабылып қалған өнеркәсіп орындарының ішінде «Семей-тері» былғары комбинатының өнімдері, атап айтқанда – тон бұйымдарын шығара бастады. Комбинаттың әсем бұйымдары шетелге де шығарыла бастады. Қазіргі уақытта мұнда түрлі үлгідегі бас киімдер мен әскери қызметкерлердің арнаулы киімдері де шығарыла бастады. Бүгінгі күні мұнда жұмыс істейтіндер саны 783 адамға жетіп отыр. Кәсіпорын өндірістік қуатын күн өткен сайын арттыра түсіп келеді.



Әдебиеттер:
Ахметұлы Т. Біздің шегірен былғары және шетелдік етік: Экономика // Дала мен қала. - 2007. - 6 сәуір. - Б. 10

Әлханова Ш. Былғары-мех жұмыс істей бастады // Семей таңы.-1997.-28 маусым.

Жанатұлы, Е. Түрік инвесторлары ынта білдірді // Семей таңы. - 2013. - 26 ақпан. - Б. 1

Мұқатай Ж. Түркияның емес, Семейдің тоны // Дидар.-2001.-29 желтоқсан.

Өз тауар өндірушілерімізді тани білейік // Семей таңы.-2004.-17 қыркүйек.-3 б.

Рахымғалиев Ж. Семей сыйы // Егемен Қазақстан.-2001.-30 мамыр.-7 б.

Смайлов Е. Спилоктың құны – 250 млрд. тенге // Ертіс өңірі.-2006.-16 тамыз.
25 мамыр Мәдениет қайраткері, дәстүрлы әнші Келденбай Өлмесековтің туғанына 65 жыл (1953-2011)
Шығыс Қазақстан облысы, Күршім ауданының Құйған селосында 1953 жылы 25 мамырда туған. 1988 жылдан бастап Шәкәрім шығармасына бет бұрған Келденбай лекция-концертті бірге жүргізе білді. Бала күннен әнге әуес әнші Алматыдағы эстрада студиясын 1977 жылы бітірген. Атақты әншілер Жүсіпбек Елебеков пен Бекен Жылысбаевтардан дәріс алған әнші еңбек жолын Өскемен филармониясынан бастап, 1978 жылы Әміре Қашаубаев атындағы Семей филармониясында жалғайды. Мәдениет Ешекеевтей, Болат Сыбановтардай әншілердің көшіне ерген Келденбай репертуарында 300-ге жуық халық композиторларының әндері бар.

1980 жылдардың соңында Төкен Ибрагимовтей арналы ағалардың ақылымен Шәкәрімдей шалқар теңіз тамшысының дәмін татты. Кәусар бұлақтан сіміріп, бойына сіңіре білген Келденбай көп ізденуді де білді. Шәкір Әбенов, Ахат Құдайбердиев, Ниязбек Алдажаров, Қабыш Керімқұловтай ақсақалдардың алдын көрді.

Келденбай ұғымында өнерге қиянат жасамау, жалтармау ерекшелігі қалыптасқан. Өзінің тек өнерді шын пейілімен сүйгендігімен, жеке басын күйттемей бір ұстаныммен ғана жүрген Келденбай Қазақстанның төртбұрышын жаяу аралады.

2003 жылы республикалық Абай мұражайында әншінің "Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек" деген шығармашылық кеші өтті. Әншінің Қазақстанды шарлай жүріп берген лекция-концертінің саны 15 жылдың ішінде әлдеқайда көп екені белгілі. Келденбай Раузаұлы тек әнші ғана емес, шәкәрімтанушы. Шәкәрімнің 20-дай әнін әнші талмай жүріп ізденіп, реперуарына енгізді. Ол өзінің әнге де бай, әңгімеге де жетік екенін көпшілік алдында тағы да бір дәлелдеп берді. Өнерден өз жолын тапқан Ә.Қашаубаев атындағы филармония әншісі Келденбай Өлмесековтың 2001 жылы "Мәдениет қайраткері" белгісімен марапатталуы әншінің талай істі тындыра алғандығының белгісі.

Құрмет грамотасының иегері, Әміре Қашаубаев атындағы республикалық байқаудың лауреаты әнші Келденбай Өлмесековтің орындауында «Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек…» дискісі 2007 жылы жарыққа шықты.
Әдебиеттер:
Өлмесеков К. «Кейде мен де «Халық әндері өліп кете ме» деп қорқамын...» / Р.Рақымқызы // Ертіс өңірі.-2010.-28 шілде.-13 б.

Ибрагимов Т. Толқын толғау. - Алматы: Өнер, 2000. - 343-3476.

Иманбаева А. Шәкәрім мұрагері // Ертіс өңірі.-2011.-12 қазан.-10 б.

Келденбай Өлмесеков // Шәкәрім.-2012.- № 1.-95 б.

Оспанов М. Өрісін тапқан өнерпаз // Абай .-2003.-№ 2.-11 б

4 маусым Жазушы, драматург, қоғам қайраткерi

Орынбек Бековтың туғанына 120 жыл

(1898-1937)
Жазушы, драматург, қоғам қайраткері - Беков Орынбек Семей губерниясында қазіргі Қарағанды облысы, Шет ауданында ауыл батырағының отбасында туған. 1903 жылы оның үй іші Спасск зауытына көшіп барады. Екі кластық училищені бітірген соң, 1912 жылы зауытта түрлі қара жұмыстар істейді. Ақпан революциясынан кейін зауыттың саяси өміріне белсене араласады. Совдеп төрағасының орынбасары, еңбек бюросының төрағасы болады.

1919-1922 жылдары ревком төрағасы және жұмысшылар депутаттары Спасск зауыт советі мен БК (б)П Спасск аудандық комитетінің мүшесі, хатшысы қызметтерін атқарды. 1923 жылы Қарқаралы уездік милициясының бастығы, одан соң Семей губерниялық атқару комитетінің бөлім меңгерушісі болады. 1925 жылы БК(б)П Өлкелік Комитетінің шешімі бойынша Еңбек халық комиссариаты аппаратына қызметке ауысады. 1928 жылы Алматыда шығатын «Тілші» газетінің редакторы, ал 30-жылдары қазақ драма театрының директоры болды.

Әңгімелері мен өлеңдері республикалық газеттер мен «Жаңа әдебиет» журналының беттерінде жариялайды. 1928 жылы «Ұлы істің игілігі үшін» атты публицистикалық мақалалары, 1931 жылы «Советбике» повесі жеке кітап болып шықты.

Орынбек Беков пен Мұхтар Әуезов бipiгiп «Қазақ мемлекеттік театрының жеті жылдығы» мақаласын жазды. Қазақстан Жазушылар Одағының тұңғыш съезінде ұлттық театр өнерінің хал-ахуалын жақсарту жайлы баяндаманы Орынбек пен Мұхтар жасады. Әділетті, шындықты айтты. Орынбек Мұхтар Әуезовтың «Еңлік-Кебегін» дайындап, жарыққа шығарды.

Қазақ ауылдарын ұжымдастыру, Кеңес өкіметін орнату мәселесі автордың келесі туындыларынан көрініс тапқан: «Ұлы жолға бір қасық қан» (1926), «Талай қорлық көрдік-ау», «Жазықсыз жапа шеккендер» т.б. Қаламгер шығармашылығынан «Советбике» повесі өзінің тартымды сюжетімен, көркемдігімен ерекше орын алған.

1937 жылдың 30 мамырында Орынбек Беков тұтқындалып, 1938 жылғы 11 наурызда ату жазасына кесіледі. Орынбек Беков жазықсыздан жазықсыз кеңестік тоталитарлық жүйенің құрбаны болғандықтан, 1958 жылғы 20 наурызда СССР Жоғарғы соты Әскери алқасының шешімімен толық ақталды.


Әдебиеттер:
Беков О. Жалықпасаң жау жеңесiң; Үкiбас жалшы ақысын қалай алды?. - Қызыл-Орда, 1927. - 39 б.

Беков О. Ауылды кеңестендiру деген не?. - Қызыл-Орда, 1928. - 24 б.

Беков О. Талай қорлық көрдiк-ау: әңгiме // Әйел теңдiгi. - 1928. - № 7. - Б.57-60.

Беков О. Советбике: повесть // Жаңа әдебиет. - 1929. - № 10. - Б.2-12; № 11.- Б.19-29; № 12. - Б 25-32; 1930. - № 2. - Б.19-27; № 6. - Б.10-13.

Беков О. Керiмбек: әңгiме // Жаңа әдебиет. - 1930. - № 2. - Б.72-74.

Айтбаева А. Жазықсыз жапа шеккендер: [саяси қуғын –сүргін құрбаны О. Беков туралы] // Қазақстан - ZAMAN. - 2013. - 12 желтоқсан. - Б.8



25 маусым Қоғам және мемлекет қайраткері Кешірім Бозтаевтың

туғанына 85 жыл (1933-1999)
Кешірім Бозтаев - 1933 жылдың 25 шілдесінде бұрынғы Семей облысы Аягөз ауданының Ақшатау ауылында дүниеге келген. К.Бозтаев Шығыс Қазақстан және Семей облыстары өнеркәсібінің дамуына зор үлес қосты. 1989 жылы 20 ақпанда СОКП Орталық Комитетінің Бас хатшысы М.Горбачевтің атына шифрограмма жолдап, Семей сынақ полигонында ядролық сынақтардың тоқтатылуын талап еткен тұңғыш азамат. КСРО әскери - өнеркәсіптік кешенінің қарсылығына қарамастан, полигонды жабу жолында 1991 жылға дейін үздіксіз күрес жүргізді. Өзі Қазақстан Компартиясы Семей обкомының бірінші хатшысы бола отырып, 80 – жылдардың соңында құрылған «Семей – Невада» қозғалысына қолдау көрсетті. КСРО Қорғаныс министрлігінен ядролық сынақтардың радиациялық салдарлары туралы материалдарды жариялауын және бұл ақпараттарды Қазақстанға беруін, Семей полигонының маңайында орналасқан елді мекендерге қаржылық көмек көрсетілуін, тұрғындардың әлеуметтік – экономикалық жағдайының жақсартылуын, сондай-ақ өнердегі радиоэкологиялық жағдай мен тұрғындардың денсаулығын тексеретін комиссияның құрылуын талап етті.

Кешірім Бозтаев – Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 18 желтоқсанда қабылданған «Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтар салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау» туралы Заңының, ядролық сынақтар салдарынан зардап шеккен тұрғындарды медициналық оңалту бағдарламасының авторы.

1996 жылы Қазақстанның белгілі қоғам қайраткерлерімен бірге Халықаралық «Полигон – 29 тамыз» қоғамдық қайырымдылық қорын құрды. 2002 жылы бұл қор БҰҰ Экономикалық және әлеуметтік кеңесінде консультативтік статусқа ие болды.

К.Бозтаев -үш мәрте Еңбек Қызыл Ту орденімен, медальдармен, көптеген Құрмет Грамоталарымен марапатталған. Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қызметкері. 1997 жылдан Ұлттық қауіпсіздік мәселелерін зерттеу академиясының (Мәскеу) толық академик – мүшесі, «Экология» халықтық академиясының академигі, Семей мемлекеттік медициналық академиясының Құрметті профессоры, Семей қаласының Құрметті азаматы


Әдебиеттер:
Қабышұлы Ғ. Ақиқат - анық айтылса ғана ақиқат // Қазақ әдебиеті. - 2011. - 8 сәуір.

– 10 б.


Пигаваев В. Есімі еске алуға әбден лайық // Егемен Қазақстан. - 2011. - 23 тамыз. –

2 б.


Сейсенұлы Д. Полигон кімге зардап...: К.Бозтаевтың"Қайнар синдромы" атты

кітабы туралы // Егемен Қазақстан. - 1995. - 22 қыркүйек.

Сәрсеке М. Шығыс елі риза саған, Кешірім // Семей таңы. - 2009. - 20 тамыз. - 4

б.; Семей таңы. - 2009.; 13 тамыз – 4 б.






Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет