«Қазіргі заман тарихын құжаттандыру орталығы» кмм ғаа және құжаттарды пайдалану бөлімі


қыркүйек Семей облыстық тарихи-өлкетану музейінің



жүктеу 0.75 Mb.
бет3/4
Дата04.03.2018
өлшемі0.75 Mb.
1   2   3   4

11 қыркүйек Семей облыстық тарихи-өлкетану музейінің


құрылғанына 135 жыл (1883)

Тарихи-өлкетану музейі – Қазақстан және Батыс Сібір музейлерінің ішіндегі ең ірі ғылыми және мәдениет орталығы болып табылады. Оның негізі 1883 жылы 11 қыркүйекте (ескіше) қаланған.

Оның алғашқы ұйымдастырушылары болып белгілі зерттеуші ғалым Е.П.Михаэлис, П.Е Маковецкий, Н.И.Долгополов, А.А.Леонтьев, П.Д.Лобановский т.б.жер ауып келген келген зиялылар музей ісін дамытуда жарқын істердің ұйтқысы болған. Комитет мүшелері өлкеде географиялық, этнографиялық және экономикалық зерттеу жұмыстарын жүргізе отырып, көптеген мәліметтер жинастырды.

Батыс-Сібір Географиялық қоғамының Семей бөлімшесі шығарып тұрған құнды басылым «Записки…» бүгінгі күнде таптырмайтын асыл қазынаның деректеріне сүйене отырып қала тарихында елеулі орны бар түп нұсқалармен танысуға болады.

Сонымен бірге, ұлы ақын Абай Құнанбаев та осы алғаш құрылған тарихи-өлкетану мұражайын ұйымдастырушылардың бірі болған. Сол мұражайға ақын атамыз 60-қа таяу экспонаттар өткізгенін деректер растайды. Оның көбі этнографиялық бұйымдар. Үлкен ас салатын табақ, қымыз құятын құтылар, қобыз, асатаяқ, шоқпар, айбалта, қамшы, кебеже т.б. – мұның бәрі Абайдың өзі тұтынған, қолымен ұстаған заттар.

Американдық саяхатшы, журналист Дж.Кеннан осы өлкетану мұражайына ерекше көңіл бөлген. Көп жылдар бойы музейде География қоғамының мүшелері Б.Г.Герасимов, А.Баландин, И.Власов, Г.Корнилов, жергілікті өлкетанушылар ағайынды Болослюдовтар еңбек еткен.

Музей қаланың ортасында бұрынғы Губернатордың үйінде орналасқан. Бұл ХІХ ғасырдың аяғындағы архитектуралық ескерткіш өзінің тарихи әсемдігімен көз тартады.

Музей экспозициялары алғашқы бесжылдықтар кезіндегі өңіріміздің

халық шаруашылығы салаларының құрылып қалыптасуын және даму барысынан сыр шертеді. Стахановтық қозғалыстың алғашқы қолдаушылары Түрксиб темір жолы, ет-консерві комбинаты, кеме жөндеу заводы сияқты алып құрылыстардың салыну тарихымен, еңбек ерлерімен таныстырады.

Мұнда соғыс жылдарының қасиетті ескерткіштері де көптеп кездеседі. Жерлес батырларымыздың жеке заттары, киім-кешектері, қару-жарақтары, сирек кездесетін фотосуреттері мен басқадай документтер кімді болсын толғандырмай қоймайды.

Музей экспозицияларында соғыстар кейінгі бесжылдықтар кезеңін, алға қойған міндеттерді орындау жөніндегі облыс еңбекшілерінің еңбек жетістіктерін баяндайтын мәліметтер мол. Өңіріміздің ғылымы мен мәдениетінің кешегісі мен бүгіні жайында да құжаттар тың деректер береді. Музей тақырыптық экспозицияны жетілдіру, музей қорын толықтыру, кештер, кездесулер өткізу, түрлі тақырыптарда лекциялар оқу тәрізді шаралар жүргізеді.
Әдебиеттер:
ИсинА. "Семейгетарихмұражайыкерек" // Ертісөңірі . - 2010. - 8 қыркүйек. -8 б.

МұхаметқалиқызыА. Ұлыақынныңқайраткерлікқызметі // Семейтаңы. - 2003. - 10 қазан. – 4 б.

НұрабаеваА. Кешажарынкіргізді // Семейтаңы. - 2006. - 28 қыркүйек. -5 б.

ОспановД. Зергерлікөнеркөрмесі // Семейтаңы.-2004.-23 сәуір.-6 б.

ЫбыраеваА.Семеймұражайытарихынан // Қазақтарихы.-1999.-№ 2.-27-32 б.

23 қыркүйек М. Әуезов атындағы Семей педагогикалық колледжінің құрылғанына 115 жыл (1903)
Іргетасы сонау 1903 жылы қаланған, 110 жылдық тарихы бар білім шаңырағында ұлтымыздың ұлылары М.О. Әуезов, Ж. Аймауытов, Қ. Сәтбаев, Ә. Марғұлан, Ш. Айманов білім алған. Оқу орнының жарқын бір беті Қазақ Ғылым Академиясының тұңғыш президенті, геология ғылымының 20 ғасырдағы аса көрнекті ғалымы, академик Қаныш Имнатайұлы Сәтбаевтың есімімен тікелей байланысты.

Қазіргі уақытта колледжде М. Әуезов мұражай-класы ашылған. Бұл мұражайда суреттер мен құжаттар, автографы бар кітаптар, ақындар мен жазушылардың портреттері жиналған. М. Әуезов атындағы педагогикалық колледжі күндізгі бөлімге 9 және 11 сынып, сырттай бөлімге 11 сынып негізінде қазақ және орыс тілдерінде 11 мамандық бойынша даярлық жүргізеді. Колледжде оқу 6 компьютер сыныбында, оқу және әдістемелік құрал-жабдықтармен толық қамтамасыз етілген 60 кабинетте жүргізіледі. Осы жылдар ішінде 60 мыңнан астам мұғалімдер даярлап шығарған. Колледжде әртүрлі қызықты үйірмелер мен спорт секциялары жұмыс істейді. Колледж студенттерінің арасында «Оратор», «Шешен» клубы кең танымал, КТК (КВН) командасы қала және облыс жастарының сүйікті командасына айналған.

Колледждің оқу-материалдық базасы жақсы жолға қойылған. 72 пәндік кабинет, мамандандырылған 6 компьютерлік класс , 2 спорт зал, ритмикалық, тренаржерлік зал, 30 орынды жатахана, Кітапхана, оқу залы, асхана жұмыс істейді.

Колледж жылнамасы:

1903 жылы 1 шілде – мұғалімдер семинариясы 3 негізгі сынып және 1 дайындық сынып ретінде құрылды.

1904 жылы – 5 сыныптық жүйеге ауысып, 4 сынып негізгі, 1 сынып дайындық тобы болады.

1920 жыл – халыққа білім беру институты болып өзгереді.

1922 жыл – оқу орнының негізінде екі педтехникум (қазақ, орыс) ашылған.

1937 жыл – педтехникум базасында екі педучилище құрылады.

1953 жыл – екі педучилище біріктіріліп, К.Д. Ушинский атындағы педагогикалық училище аталады.

1957 жыл – оқу орны жабылып қалады.

1963 жыл – оқу орны қайта ашылады.

1968 жылы – оқу орнына М.О.Әуезов есімі беріледі.

1992 жыл 22 мамыр – Қазақстан Республикасы Білім министрлігі бұйрығының негізінде педучилище педагогикалық колледж болып құрылады.



Әдебиеттер:

Жанаева, Ш. Өткені - тарих, бүгіні - кемел [Мәтін] : Семейдегі М.Әуезов атындағы педагогикалық колледжге - 110 жыл / Ш. Жанаева // Егемен Қазақстан. - 2013. - 24 қыркүйек. - Б. 8.


Мұқанова Б.Ж. Тағылымы терең, дәстүрі кемел // Білім.- 2003.- №4.- б.47

Мұхамедханов Қ. Тамаша тарихы бар техникум : Семей қазақ педтехникумына 70 жыл // Семей таңы.- 1992.- 2 маусым.- б.2

Мұхамеджанов М. «Ұлылардың рухани бесігіне айналған оқу орнын мақтан етемін» // Семей таңы.- 2006.- 15 маусым.- б.5

Мұхамеджанов М. Түлектері ірі тұлғаға айналған // Семей таңы .- 2003.- 22 тамыз.- б.4

Семейдің М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжі // Семей таңы.- 2007.- 26 маусым.- б.11

Нұғманбекова Р. Ұлт болашағы – кемел білімінде // Дидар.- 2008.- 4 қараша.- б.2


3 қазан Шығыс қазақстан облыстық

Абай атындағы әмбебап кітапхананың

ашылғанына 135 жыл(1883)
Кітапхана - 1883 жылдың 3 қазанында (ескіше 20 қыркүйек) Семей өңірінде облыстық санақ комитеті үйінде ашылған тұңғыш кітапхана. Алғашқы ашылған жылы қоғамдық кітапхананың 130 оқырманы, 274 дана кітап қоры болған.

Қоғамдық кітапхананың ашылуына себепкер болған саяси жер аударылушылар, қазақ халқының ұлы ағартушысы Абай Құнанбаевтың сырлас досы, сыйлас ұстазы Евгений Петрович Михаэлис бастаған, А.А. Леонтьев, П.Д.Лобановский, С.С.Гросс, Н.И.Долгополов сияқты орыс интеллигенттер еді. Олар жер ауып келседе кітапхана, музей ашып сәулелі істердің ұйтқысы болған.

Білім-ілім іздегена дамдар мұнда жиікеліп, білім бесігінде басқосатын, ғылым, білім жайлы пікірлер алысатын. 1885 жылы Сібірді зерттеу, жер аударылушылар тұрғандаланы көру мақсатымен Семейге келген белгілі американ журналисі Дж.Кеннан «Сібір және айдау» («Сибирьиссылка») деген кітабында былай деп жазады: «Мен Спенсердің, Бокльдің, Гекслидің, Миллдің, Дарвиннің шығармаларын…, В.Спойттың, С.Диккенстің, Ж.Эмоштың, Ж.Мак-Дональдтың және басқаларының романдары мен повестерін таңқаларлық сезім мен көрдім. Әсіресе, ғылыми шығармалар және саяси экономия бойынша әдебиеттер көп болды. Кітапты бұлайша іріктеу оны жинаушылармен пайдаланушылардың мәдениеттілігімен талғамын танытады». Міне, осы бір шағын үзіндіден ақ сол кездегі ғылымға құштар адамдардың кітапханаға қаншалықты ықыласпен, қамқор сезіммен қарағанын аңғаруға болады.

Сол кездегі өлкетанушылардың, қоғам қайраткерлерінің естеліктеріне қарағанда, бұл кітапхана ең прогресшіл бағыттағы адамдармен тығыз қарым-қатынаста болған. Қалың жұртшылық арасына білім нәрін таратуда елеулі роль атқарған.

Кітапхананың жұртшылық арасында қаншалық беделі жоғары болсада, патша өкімет ітарапынан қаржы бөлінбеді. Ол негізінде қоғамдық ұйымдар мен жеке адамдардың көмегімен жарна есебінен өмірсүрді.

1902 жылы желтоқсан айында Семей қаласында тегін пайдаланатын оқу залы ашылып, оған қайтыс болғанына 50 жыл толуына байланысты орыстың ұлыжазушысы Н.В.Гогольдің есімі берілді.

1906 жылы ақысыз оқу үйімен қоғамдық кітапхана біріктіріліп, Н.В.Гоголь атындағы қоғамдық кітапхана болып аталды.

1902-1911 жылға дейін кітапхана жұмысын басқарған, өлке мәдениетінің дамуына үлес қосқан, кітапхананың дамуына елеулі үлесқосқан алғашқы кітапханашылардың бірі, Батыс Сібір Географиялық қоғамының мүшесі Н.Я.Коншин Семей қаласының тарихын, археологиясын, этнографиясын, табиғат байлықтарын зерттеудеелеулі еңбек сіңірген.

Н.В.Гоголь атындағы облыстық кітапхананың өмірге келуі, алғашқы қалыптасу жылдары қазақ халқыныңұлы ақыны Абай Құнанбаев есімімен тығыз байланысты. Ол кітапхана ісіне белсене араласып, өзі де кітаптар алып тұрақты оқырманы болғанын деректер дәлелдейді.

Орыс зиялыларымен рухани қатынаста болған Абай өзі де бас болып, кітапхананың тұрақты оқырманы бола жүріп, қатар ашылған өлкетану музейіне Долгополов екеуі 50-ден астам экспонат тапсырғаны тарихтан мәлім және бұл ақынның әлем әдебиетінен білімін тереңдеткен мектепке айналып еді.

1991 жылы Кеңестер Одағы ыдырап, еліміздің тәуелсіздік алуына байланысты Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1992 жылының 8 желтоқсандағы № 1035 шешіміне орай, бұрынғы Н.В.Гоголь атындағы облыстық кітапханаАбай атындағы әмбебап ғылыми кітапхана атына ие болды.

Көп жылдар өтседе кітапхана өзінің сирек кітаптар қорын ерекше күтіммен сақтап, келешек ұрпаққа жеткізуде.

Кітапхана қоры Кеңестік дәуірге дейін орыс тілінде шыққан сөздіктердің ең байқорымен: «Брокгауз бен Эфронның энциклопедиялық сөздіктері» (1890 және 1894 жж.), «Толық орыс-француз-неміс сөздігі» (1826 ж.), «Орыс-қырғыз азбукасы» (1914), «Грек-орыс сөздігі» (1848 ж.) т.б. анықтамалар менде бағалы.

Кітапханада өлкеміздің шежіресін шертетін: «Обзоръ Семипалатинской области» (1898), «Советская степь» (1929 ж.), «Екпінді», (1935-1951 жж.) «Еңбекші қазақ» (1931 ж.), Прииртышский коммунар» (1936 ж.), «Социалистік майдан» (1931 ж.), «Приитышская правда» (1929-1962 жж.) т.б. аймақтық басылымдар шыққан кезінен бастап қорда сақтаулы. 1996 жылы «Сорос-Қазақстан» қорының байқауына қатысып, жеңіске жеткен ұжым бүкіл әлемдік Интернет жүйесінің желісіне қосылды. 2000 жылдың қазан айынан бастап оқырмандарға дәстүрлі каталог жүйесімен қатар электронды каталогтар арқылы қызмет көрсетіле бастады.

2002 жылдың қыркүйегінен бастап кітапхана жанынан Интернет орталығы ашылды. Дәлірек айтқанда, Интернет желісі көмегімен электрондық почтамен хабар алып, хабар беру, басқа компьютерлердегі ақпаратпен танысу шалғайдағы теле конференцияларға қатынасу мүмкіндіктері қамтамасыз етілді.

Кітапхана әлемдік үлгідегі осындай озық технология жүйесіне қосылғалы кітапхана оқырмандары үшін құнды деректер жинақталып қалды.

Кітапхана Турция, Норвегия, Оңтүстік Кореяда өткен Халықаралық кітапханашылар конференцияларына белсене қатысты.

Абай кітапханасы заман талабына сай жаңа технологиялардың барлық мүмкіндіктерін пайдалана, меңгере отырып, үздіксіз даму үстінде.


Әдебиеттер:

АязбаеваГ. Ілім мен білім ордасы // Семей таңы.-2003.-3 қазан.-14 б.

Галиев В. Книжное дело в Северо-Восточном Казахстане // Абай.-2005.-№ 1.-37

Елеуғожин Б. Өнер – білім ордасы // Семей таңы.-1977.-27 октябрь.

Зүкенов М. Ежелгі мәдениет ошағы // Дидар.-2003.-9 желтоқсан.

Нұғманбекова Р. Кітапхана – мәдени орталық // Дидар.-2004.-19 қазан.-4 б.

Нұрқасым Қ. Білім дариясының арнасы // Егемен Қазақстан.-2005.-27 сәуір.-7 б.

Тоқсанбай Қ. Полигон емес, поэзияның мекені // Егемен Қазақстан.-2003.-3 қыркүйек.-8 б.

Төлеуғазықызы З. Тарихи кітапхананың жанашырлары // Ертіс өңірі.-2003.-2 қазан.-32 б.

IATP Интернет орталығы // Ертіс өңірі.-2005.-30 маусым.

Чушекова Ж. Парасаттылық ордасы // Семей таңы.-2003.-22 тамыз.-12 б.

5 қараша Цемент зауытының құрылғанына 60 жыл. (қазіргі ЖШС «Семей цемент зауыты») (1958)

Ең алғашқы Семей қаласындағы жылына 1,5 миллион тонна өнім шығаратын цемент зауыты болатын. Цемент зауытының құрылысы Семей қаласында 1952 жылы салынды. Құрылыс аумағы өте ауқымды болды. Сәуір айында 1955 жылы зауыттың жаңа құрылысы қолға алына бастады. 1957 жылы цехтардың корпустары, 19 қазан айында 1958 жылы алғашқы технологиялық жолдар қолданыла бастады. 5 қарашада 1958 жылы алғашқы цемент тартатын мельница қосылып, алғашқы Семейде цемент шығарылды. Бұл күні зауыдтың туған күні болып есептеледі.

Кейіннен зауыдта асбестцементінен бұйымдар силикат кірпіштер, тұрғын үй салатын бетондар шығарыла бастады. 1961 жылы жаңа технологиялармен жұмыс жасау іске қосылды. Алғашқы рет цемент шығару өндірісінде батпақтан шлак (су қосу) жасау қолданыла бастады. 1965 жылы цемент зауытының төртінші жұмыс орны іске қосылды. Жалпы Семей цемент зауытының аты көпшілікке танымал болды. Оның сапасының жоғарылауының арқасында еліміздің әр жерінен сұраныстар келіп түсіп тұрған. Мысалы әскери тапсырыстар, Байқоңырдағы «Боран» космостық корабльінің жолын төсеуге, Қапшағай және басқа ГЭС жасауда, үлкен Алматы каналында гидрпоэлектр станцияларын салуда, Ресей, Иран, Ауғанстан мемлекеттеріне тасымал жасады. Цемент зауытының ұжымы бірнеше рет ҚазССР және КСРО министрлер кеңесінің Қызыл жұлдыздарымен марапатталды. 1980 жылдары кәсіпорынның құлдырауы белең ала бастады, бұған себеп құрылғыларының ескіруі. Пештер 30 жылдай үзбей ыстық режимде болды. Осыған байланысты құрылғыларды жаңарту және жөндеу жұмыстарын жүргізу қажет еді. Кәсіпорынды жойып алмау үшін, жөндеу жұмыстарын үш этапқа бөлуге тура келді. 1987 жылы Семей цемент зауытының пештерінің қызуына 80 мың тонна өндіріс енгізу үшін жаңарту жұмысы бірінші этапқа кіргізілді. Зауыт 1 жылда халықтық шаруашылыққа 1 миллион 230 мың тонна цемент беріп тұрды. 1989 жылдан 1990 жылға дейін ауа атмосферасына цемент қалдығының таралуын төмендету үшін бағдарлама жасалынды. Осы бағдарламаны тексеріп отыру үшін, зауытта арнайы қоршаған ортаны қорғау қызметі құрылды.

КСРО- ның құлдырауы, экономикалық жағдайдың өзгеріске ұшырауы кәсіпорынның төмендеуіне әкелді. 90 жылдардың басында зауыттың жағдайы күр төмендеді. Кәсіпорын қысқартылып, жұмысшылар жұмыстан шығып кетті, қарыздар өсті. 1999 жылы зауыттың қарызы 1 млрд. теңгеге өсті. Осылай ТОО «Семей» цемент зауыты банкротқа ұшырап жабылды. Кейіннен банкроттық шешім кері шығарылып, жаңа жұмысқа кірісуге жағдай жасалынды.

Семей цемент зауыты Ертіс өзенінен өтетін жаңа аспалы көпірдің құрылысына қатысады. 1999 жылы олар жаңа көпірдің салынуына 13 мың тонна цемент өндіру керек болды. Мұндай өнім өндіру алып өнеркәсіп үшін ауыр емес, өйткені жылына үш миллион тонна цемент шығаруға мүмкіндіктері бар. Қазіргі таңда Қазақстандағы шикізат өндіретін бірден бір кәсіпорын болып табылады. Ұжым үнемі сапасы жоғары цемент шығару үшін көптеген ғылыми орталықтармен байланыста отырады. Атап айтсақ, Курчатов қласындағы «Луч», Шымкент қаласындағы «Оргпроектцемент», Москвадағы «НИИ цемент», Новосібірдегі «СибНИИ проект» т.б.

ЖШС «Семей цемент зауыты» Қазақстандағы алыс және жақын шет елдердегі шикізат өнімін шығаратын бірден бір кәсіпорын.



Әдебиеттер:

  1. Абдусалям С. Цемент - хлеб строителей // Я люблю Семей. - 2013. - №09: 21.12.2013. - С.8-11

  2. Касенов Ж. Мы строим будущее страны // Вести Семей. - 2015. - 3 июля. - С.3

  3. Левыкина М. Лучшие в Казахстане! // Спектр. - 2014. - 31 декабря. - С.1

  4. На цемзаводе улучшают экологию // Спектр. - 2014. - 3 декабря. - С.3

  5. Нуруллин Э. Наш цемент - самый лучший // Вести Семей. - 2015. - 3 марта. - С.2

  6. Строим, строим! // Вести Семей. - 2015. - 3 марта. - С.6

  7. Предприятия города Семипалатинска: библиографический указатель / сост. Парфенович М.И., Титова С.К. – Семипалатинск: Талант, 2007. - С.26-30



7 қараша Жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Ырысхан Мұсаұлының туғанына 85 жыл

(1933-2012)

Қаламгер Ырысхан Мұсаұлы Абай ауданының Құндызды ауылында 1933 жылы дүниеге келген. Он жылдық білім алғаннан кейін 1953-58 жылдары Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетінде білім алған. Сол студенттік қызықты шақтық өзінде «Ағасұлтан» деген роман жазуға кірісіпті.

Ырысхан Мұсаұлы еңбек жолын 1958 жылы «Лениншіл жас» газетінде бастайды. Онда бірнеше әңгіме, очерктер жазды. 1965 жылы облыстық «Семей таңы» газетіне ауысып, әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі болды. Сонда қызмет ете жүріп Мәскеудегі Жоғары партия мектебіне оқуға жіберіледі. Сол кезде жүріп те жазады. Оны бітірген соң Маңғыстау облысына қызметке жіберіледі. «Коммунистік жол» деген газеттің іргетасын қалайды. Баспасөзде істеген жылдары жер-жерді аралап, мақала, очерктерді көп жазды.

1977 жылы Семейге қайтып, «Семей таңы» газетіне бас редактор қызметіне кіріседі. Бас редакторлық қызметте жүріп Семей сынды рухани орталықтың рухын көтеріп, халықтың санасын, болмыс-келбетін көтеруде айтарлықтай еңбек сіңірді.

Көп жылдардан кейін 1992 жылы республикалық «Абай» журналына бас редактор болып тағайындалады.1994 жылғы сандарында «Аға сұлтан» романының бір бөлімі жарық көрді. Мұнда XIX ғасырдың орта шеніндегі Қарқаралы ауданында болған қат-қабат оқиғалар суреттеледі. Мұнда оқырмандар Құнанбай, Алшынбай, Тәттімбет, Мұсалармен кездеседі.

Ырысхан Мұсаұлы «Құрмет орденінің», «Қазақстанға еңбегі сіңген қайраткер» атағының иегері. Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі.

Қасиетті Шыңғыстау топырағынан өніп шыққан жазушы Ырысхан Мұсаұлының шығармашылығындағы негізгі тақырып - XX ғасырдағы қазақ халқының тағдыры.

2000 жылы жазушының жарық көрген қос томдық прозалық кітаптары этнографиясы мен тілінің байлығы жағынан оқырмандарға үлкен рухани күш берері сөзсіз. Бірінші кітаптағы «Ағасұлтан» романы тарихи деректерге негізделген. Мұнда Құнанбай қажының күрделі бейнесі берілген. Жазушының соңғы үш томына «Саға» трилогиясы енген. Бұл еңбектерінде Кеңес дәуірінің XX ғасырдағы келбетін көрсетеді. «Саға» трилогиясының үш бөлімі - «Бейуақ», «Құлқынсәрі», «Қызыл іңір» журнал бетінде, сонан соң жазушының үш томында жарық көрді. «Саға» романы автордың өзі туып өскен өңірдің дауылды жылдарын, колхоздастыру кезеңіндегі заман ағымын суреттейді. Колхоздастыру кезеңі (ақ пен қызылдың салған қырғыны) мен ашаршылықты (1931-32 жылғы) суреттеген «Құлқынсәрі» - алдыңғы «Бейуақтың» жалғасы іспетті. Ал «Қызыл іңір» - 1937 жылғы әлемді тітіренткен саяси қуғын-сүргін туралы.

Жазушы трилогиясының кейіпкерлері Санияз, Ғаббас, Доғал, Ешкей, Құлпынай, Лағыл, Дүр т.б. Әсіресе Мәкі мен Санияз кесек тұлғалы кейіпкерлері арқылы адамгершілік болмысты, халық болмысындағы қастерлі қасиеттерді ашуға ден қояды.

Қара дауылы қазақ түңлігін ұшыра соққан сұрапыл XX ғасыр ұлт жадында ешқашан ұмтылмайтын қатал сабағын қалдырды. Жазушының тарихи романдары, оларға әңгіме, очерктері мен абайтану мәселесіне арналған зерттеулері қосылып бес том кітапқа жүк болды. Жарты ғасырдай мерзімде баспасөзде істеген алаш азаматының осындай шығармашылық биікке жетуі үлкен бақыт.

2012 жылы Семей қаласында 17 қазанда қайтыс болды.
Әдебиеттер:
Мұсаұлы Ы. Шығармалар жинағы: Бірінші кітап: Ағасұлтан.- Семей,2003.-352 6.

Мұсаұлы Ы. Шығармалар жинағы: Екінші кітап: Саға. Бейуақ.-Новосибирск:

«Советская Сибиръ»,2000-422 6.

Мұсаұлы Р. Шығармалар жинағы: Үшінші кітап: Саға. Құлқынсәрі. -Семей, 2003.

352 б.

Мұсаұлы Р. Шығармалар жинағы. Саға. Қызыл іңір: 4- кітап.-Семей, 2003.-351 б.



Мұсаұлы Ы. Ұлы ақын еліндегі ұлағатты басылым: («Абай»журналының10

жылдығына орай өткен саптанатты жиналыстан) // Абай .- 2002.-№З.-З-б б.

Мұсаұлы Ы. "Семей таңы" - ұшқан ұям: Газет не туралы не жазып еді? // Семей

таңы. - 2009. - 3 желтоқсан. - 4 б.

Бәшей К. Атамекен азаматы //Ертіс өңірі.-2003.-б қараша.-3 б.

Кемелбаева А. Бұл аға басынан не кешпеген //Дидар.-2003.-4 қараша.-36.

Тайжігіт Б. Елге оралған «Аға сұлтан» //Семей таңы.-2005.- 20мамыр.-36.

Аға сұлтан романының тұсаукесері: жаңа кітап // Үш анық. - 2001. - 12 наурыз

Сапаев, Ғ. Асыл кездік қын түбінде жатпайды // Қазақ әдебиеті. - 2003. - 14 қараша.

- 14 б.


Нұршайықов , Ә. Шыңғыстау перзенті [мәтін] : "Абай" журналының редакторы,

журналист Ырысхан Мусин туралы = Ұлылардың сарқыты : Ы.Мұсаұлына = Көкжиектің арғы жағын көрсететін... = Біз Ырысағаңның шапанынан шыққанбыз // Семей таңы . - 2012. - 23 қараша. - Б. 7



3 желтоқсан Жазушы, аудармашы Жекен Жұмақановтың туғанына

105 жыл (1913-1978)
Жазушы Жекен Жұмаханов Абай ауданы Жүрекадыр ауылында кедей шаруа семьясында 1913 жылы 5 желтоқсанда дүниеге келген. Жекен жастайынан өлең жырға үйір болып, аңыз-ертегілерді жақсы білген. Жас кезінен «бақташы бала» атанып, ауылда қой, сиыр баққан. 1925 жылдан бастап оқыған, алғашында қаладағы 19-орта мектепті, Семей педагогика техникумын, 1935 жылы Алматыда жаңадан ашылған Қазақ коммунистік журналистер институтына түсіп, оны айрықша дипломмен бітірді. Бұдан кейін «Социалистік Қазақстан» газетінің редакциясында ұзақ жылдар меншікті тілші, әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі болып қызмет атқарды.

Бекен Жұмаханов жас кезінен өлең жаза бастаған. 1905 жылғы орыс революциясына қазақ жазушыларының қатысуы туралы естіген, жинаған материалдар негізінде «Ақ бидай» поэмасын жазды. Поэманың үзіндісі 1939 жылы «Әдебиет майданы» журналында жарияланды. Ж.Жұмаханов соғыс жылдарында, одан кейінгі уақыттарда да барлық шығармашылық қабілетін прозалық шығармалар жазуға жұмсады. Ол Ұлы Отан соғысы жылдарында әуелі Калинин, кейіннен 11-Прибалтика майдандарында «Жауға қарсы аттан» газетінің тілшісі, ротаның саяси жетекшісі болып қызмет атқарды. Соғыстан кейінгі жылдары да Әлия, Мәншүк туралы повестер, әңгімелер жазып, жеке кітап етіп бастырды.

Армия қатарынан 1946 жылдың мартында босаған соң, қайтадан журналистика, әдеби өмірге араласты. Жекен жазушы ретінде «Солдат жолы» (1958), «Жазылмаған кітап» (1959), «Келін» (1960), «Қаракөз қарындасым» (1962), «Үш бәйтерек» (1965), «Соқпақ соңы» (1967), «Адам тау қопарады» (1967), «Мен - жұмысшымын» (1972) т.б. көптеген кітаптардың авторы. Бұларда жұмысшы, малшы, жастар өмірінен алынған ауыл тұрмысы шынайы суреттелген. Жазушы драматургиямен де шұғылданды. «Махаббат пен мансап», «Ленинге хат» пьесаларын жазды. Осы елеулі еңбектер қазақ әдебиетінің қажырлы қаламгерлерінің бірі - Жекен Жұмахановтың тіршілігінде тындырғаи игілікті ісі, көзі тірісінде жасап кеткен ескерткіші іспетті. Жекен Жүмақанов Н.Гогольдің «Рим» деген әңгімесін, В.Орловтың «Батыл ой» деген кітабы М.Садовянудың «Митра Кокорь» повесі Морис Торездің «Халық ұлы» деген кітабын қазақшаға аударды. Ж.Жұмахановтың жеке әңгімелері орыс, өзбек, қырғыз, украин, латыш, ағылшын, француз поляк тілдерінде жарық көрді.

Жазушы Қызыл Ту орденімен және медальдармен марапатталған.1978 жылы қайтыс болды.


Әдебиеттер:
Жұмаханов Ж. Делегат: әңгімелер/ құраст. Ә. Бөпебаев.- Алматы: «Жалын», 1983.- 72 б.

Жұмақанов Ж. Қарагөз қарындасым: әңгімелер.- Алматы: «Жазушы», 1979.- 304 6.

Жұмақанов Ж. Махаббат пен мансап: повестер. - Алматы: Жазушы,1970. - 191 6.

Жұмақанов Ж. Мен жұмысшымын: повестер. - Алматы: Жазушы», 1972.- 125 6.

Жұмақанов Ж. Шұбартау таңы: повестер мен әңгімелер. - Алматы, «Жазушы», - 1975. - 150 6.

Бөпебаев Ә. Елмен етене қаламгер // Ақиқат. - 2004. - № 2. - Б.79-81.

Біләлқызы Қ. Ұлы Абайдың немересі Рахиланың үйінде тұрған кезім де болды: [жазушы Ж. Жұмахановтың жары Құралаймен әңгіме.] // Дидар. - 2012. - 24 ақпан. - Б.20.

Біләлқызы К. Жәкеңнен көп нәрсе үйрендім // Дәстүр . - 2011. - № 2. - Б.12-14.

Ескендір Қ. Майдангер мұрасы: жазушы Жекен Жұмақановтың 100 жылдығына орай "Махаббат пен мансап" кітабының тұсаукесері өтті // Егемен Қазақстан. - 2013. - 2 наурыз. - Б.9.

Иманғали М. "Қаракөз қарындасым, құралайым...": // Қазақ әдебиеті. - 2004. - 1 қазан. - Б.10

Иманғалиева М. Жекен Жұмаханов – журналист // Сынып жетекшісі. - 2004. - № 4. - Б.44-46.

Имантаева А. Шығарма шырайы - шеберлік // Ертіс өңірі. - 2004. - 12 ақпан. - Б.27.

Қажмағанбетова Г. Ж. Жұмақанов "Әлиянің ерлігі // Білім технологиялары. - 2012 . - № 3. - Б.13-14.

Нұршайықов Ә. Жекен Жұмақанов // Семей таңы. - 2004. - 9 қаңтар. - Б.4.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет